Филология кафедрасы



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата22.12.2016
өлшемі1,13 Mb.
#74
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Дәрісті бекіту сұрақтары: 

1.Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы.  

2.Тырнақшаның қойылуы 

 

9-тақырып.  Бастауыш пен баяндауыштың  арасына қойылатын сызықша. 1 сағат. 



Дәрістің негізгі сұрақтары: 

1.Бастауыш пен баяндауыштың  арасына қойылатын сызықша. 

2.Қыстырма сөздерден кейін қойылатын тыныс белгі. 

3. Мақал -мәтелдерде, афоризмдерде, өлеңдерде қойылатын сызықшаның орны. 



Қысқаша мазмұны:  

   


 

  

1.Бастауыш пен баяндауыштың  арасына қойылатын сызықша. 

Бастауыш зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан жасалып баяндауышта атау 

тұлғадағы зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан болса бастауыштан кейін сызықша 

қойылады: 

1)Тіл-  қоғамдық құбылыс.2) Қаһарлы мұзды мұхит- үстінен құс ұшпаған қырқасын жан 

баспаған жапан түз. 3)Жастар- біздің болашағымыз.) Соңғы келген үшеудің ортасындағысы - 

құнанбайдың тағы бір тоқал шешесінен туған Жақып. 4) Бүгін - сапарға атанатын күн.) " кейін" - 

демеулік шылау.) "тарақ" деген сөздегі "рақ" - бітеу буын, "А" - ашық дауысты дыбыс

  Атау тұлғадағы бастауыш. Не баяндауыш не екеуі де тәуелдік, көптік жалғаулы болуы мүмкін.Ол 

күнде де бастауыштан кейін сызықша қойылады: 



 

 

2)Монолог  -бір адамның пікір түйе сөйлеген сөзі.2 Әкесінің баласы -адамның дұшпаны. 

Адамның баласы - бауырың 3 Адамның ішкі сезімінің айнасы - көз 

Бастауыш  та  баяндауыш  та  бір  сөздің  қайталануынан  жасалуы  мүмкін  ,  бұл  жағдайда  да 

бастауыштан кейін сызықша қойылады. 1 Ар жазасы  -бар жазадан ауыр.2 Ғашықтың тілі - тілсіз 

тіл. 3 Әліде беделі - бедел.4 Күлкі -қыздың күлкісі 

    

Баяндауыштың  алдында  не  артында  шылаулар  тұрса  сызықша  қойыла  береді,Қаланың 



қасында  көз  толатын  табиғат  шалқар  көл  ғана.Даланы  билеп  алған  жалғыз  үн  күн  сайын  қатая 

түскен күзгі желдің уілі ғана. 



    

Ескетулер Бастауыш атау тұлғадағы зат есімнен баяндауыш жатыс септіктегі зат есіменен 

болғанда бастауыштан кейін сызықша қойылады. 



  

Бүркітші тау басында, қаіушы ойда.Мектеп уйі колхоз селосының қақ ортасында. 

Бастауыш  зат  есімнен  баяндауыш  сын  есімнен  болғанда  екеуінің  арасында  сызықша 

қойылмайды: 

Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл

Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат. 

Бастауыш  зат  есімнен,  баяндауыш  атау  не  жатыс  тұлғадағы  сан  есімнен  болғанда,  бастауыштан 

кейін сызықша қойылмайды: 

1. 1936 жылы Жамбылдан жазылып алынған жырдың саны он алты

Бастауыштан  кейін  оған  тете  сұрау есімдегі  келген  сөйлемдерде  баяндауыш  атау  тұлғада 

да зат есім болғанымен баяндауыштан кейін сызықша қойылады: 

Мен -тауда ойнаған қарт марал.Сен -тоты құс бақта журген. 

Бастауыш  та,  баяндауыш  та  атау  тұлғадағы  сын  есімнен  жасалғанда  бастауыштан  кейін 

сызықша қойылады: 

Жақсы  -ісімен жақсы.Сұлу - сұлу емес сүйген - сұлу.  

Бастауыш  та,  баяндауыш  та  сан  есімнен  болғанда  екеуінің  арасына  сызықша  қойылады: 

Үш жердегі үш тоғыз.Екі бесіміз он. 

Бастауыш  ол,  бұл,  мынау  ,сонау,  анау  деген  сілтеу  есімдіктерінен  жасалып,  баяндауыш 

атау  тұлғадағы  зат  есім  немесе  зат  есім  маіынасындаіы  басқа  сөз  табы  болғанда  сілтеу 

есімдіктерінен кейін сызықша қойылады:  

 Сонау біздің бие.Анау емен ағашы. 

Соғысты біз сүймейміз ел жылатқан 

Ол ісі қан құмардың қаріыс атқан. 

Бастауыш тұйық етістіктен не тұйық етістік араласқан тізбектен жасалса, баяндауыш атау 

тұлғадағы  зат  есімнен  немесе  тұйық  етістіктен  және  керісінше  болғанда  бастауыштан  кейін 

сызықша қойылады: 

Бұған таяу отырған Ыбырайдың Ысқағы.Алтын орден алғаным терең жырдың тиегі.Ән шырқаған 

сол. 


Бастауыш тұйық етістіктен не тұйық етістік араласқан тізбектен жасалса, баяндауыш атау 

тұлғадағы  зат  есімнен  немесе  тұйық  етістіктен  және  керісінше  болғанда  бастауыштан  кейін 

сызықша қойылады: 

Бұған таяу отырған Ыбырайдың Ысқағы.Алтын орден алғаным терең жырдың тиегі.Ән шырқаған 

сол.  

Бастауыш  зат  есімнен  не  сілтеу  есімдігінен  баяндауыш  есімшеден  боліанда  екеуінің 



арасына сызықша қойылмайды: 

 Мектеп уйі жаңадан салынған.Сол екі жігіт абайды таңдандырған. 

 Ал  баяндауыш  болып  турған  есімше  зат  есім  мағынасында  қолданылған  болса 

бастауыштан кейін сызықша қойылады: 

 Осы кездік - саған тартқаным.Енді осы  - тоқтатқаны. 

  

Бастауыш  бірі,  біреуі,  біріншісі,  екіншісі,  алдыңғысы,  соңғысы  деген  заттанған  сан  ,  сын 



есімдерден және көбі деген сөзден бастауыш атау тұлғадағы зат есімнен не тұйық етістіктен және 

керісінше болғанда бастауыштан кейін сызықша қойылады: 

  

1.Пьесада бір біріне қарсы екі түрлі идея түйіседі: оның бірі - көнбістікті, төзе берушілікті 



уағыздайтын  аяушылық  идеясы,  екіншісі  -  адам  күшіне  сену,  оны  өмір  үшін  күреске  шақыру 

идеясы.2\Жаяу Мұса - Біржан басқша таған Арқадағы әншілер тобының көрнектілерінің бірі. 

    


 ЕСКЕРТУ:  Бастауыш  бірі,  біреуі,  біріншісі,  көбі  деген  сөздерден  баяндауыш  атау 

тұлғадағы  зат  есім  мен  тұйық  етістіктен  басқа  сөз  таптарының  бірінен  болса  бастауыштан  кейін 

сызықша қойылмайды. 

Ойыл екеу: бірі ащы. Бірі тұщы. 



 

 

2.Қыстырма сөздерден кейін қойылатын тыныс белгі.  



Баяндауыш  өз  ішінен  сөйлем  мүшелеріне  ажыратылатын  күрделі  сөз  тіркестері  болып 

келсе бастауыштан кейін сызықша қойылады. 

Біздің жауабымыз - Оралбайды білмейміз.Сор дейтінім - сабақ оқытатын молданы мен жақсы 

білем.Сенің білмегенің - мен жаңа кеп қосылып отырмын. 

    


Сөйлемнің бір бөлігі мұның себебі , оған себеп деген сияқты сөздерден жасалып , екінші 

бөлігі  тұтас  сөйлем  болып  келетін,  жағдайларда  да  осы  ережеге  сәйкес  келеді.Мұндайда  да 

сөйлемнің екі бөлігі бір бірінен сызықша арқылы айырылады: 

-Кесіп айтайын ашық шахтаға рұқсат берілмейді 

-Себеп? 

-Бірінші  себеп  -  Қарағанды  жағдайында  ашық  шахта  бола  алмайды.Екінші  себеп  -бола  алған 

күнде оны біз емес, жергілікті отын өндірісі министерствосы ашу керек. 

Бастауыш өзінен кейінгі сөзбен тіркесіп, сөйлемнің басқа бір мүшесімен шатасып кететін 

болса,одан кейін сызықша қойылады .Айтуда бастауыштан кейін пауза болады.Мысалы: 

1.  Жазушы  -Шойын,  комсомолец  Болат  арқылы  партияның  саяси  ықпалымен  санасы  оянған 

жалшының образын жасауға ұмтылды. 

2. Отыз - алтыға қалдықсыз бөлінеді. 

Бастауыш  зат  есім  не  заттанған  басқа  сөз  табынан  болса  баяндауыш  болымсыздықты  білдіреді 

емес сөзі тіркескен есімдердің бірінен болса бастауыштан кейін сызықша қойылады: 

1.Туысым -аталасым емес,өзіммен мұңы бір, бейнеті бір жатақтар. 

(М.Әуезов.)2\ Сұлу- сұлу емес, сүйген  -сұлу.3\Эпопеядағыдай, бұларда үстем болып отырған   -

оқиға емес, драмадағыдай адам.    

     Бастауыш  алд  (ы)  ,  арт(  ы),  жан(  ы),  қас(  ы),  үст(  і)  ,  аст(  ы)  сияқты  көмекші  есімдердің 

жалаң өзінен болып, бастауышта есім сөзден болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады:1\  

Адасқанның алды -жөн арты -соқпақ.2\ Үстім- көк ,астым -теңіз, атым -кеме. 

    Бастауыштан  кейін  сызықша  қойылуы  тиісті  сөйлемдердегі  баяндауышқа  еді,  екен,  болды, 

болады, болып табылады сияқты көмекші етістіктердің бірі тіркессе бастауыштан кейін сызықша 

қойылмайды: 

1.Тіл қоғамдық құбылыс болып табылады.2\ Орысша киінген жігіт Досанов Асқар еді

 Бастауыштан  кейін  сызықша  қойылуға  тиісті  сөйлемдерде  бастауыштан  кейін  қыстырма  сөздер 

тұрса,сызықша қойылмайды: 

1.  өмірді  осындай  революциялық  даму  жолымен  көрсету,  негізінен  алғанда,  социалистік 

реализмге  тән  қасиет.2\  Пьесадағы  жағымды,  жағымсыз  кейіпкерлер  арасындағы  күрес, 



дұрысында ескі дүние мен жаңа дүниенің арасында болып жатқан таптық күрес. 

  

 3. Мақал -мәтелдерде, афоризмдерде, өлеңдерде қойылатын сызықшаның орны. 



Мақал мәтелдерде, афоризмдерде, өлеңдерде сөйлемнің баяндауышы түсіріп, ықшамдалып 

айтылады..Мұндай сөйлемдер түсінікті болу үшін, бастауыштан кейін сызықша қойылады:  

 1.Ер-егесте, нар - кешуде.2\Астан -тастан, ақыл -жастан.3\Қой - қозыдан. 

Ол ол ма, бұрынғы бұрынғы ма, бұл бұл ма сияқты қыстырма сөз тіркестері де өз алдына сөйлем 

құрылысы бар ол бастауыш, ол ма баяндауыш тізбек ретінде араларына сызықша қойылады. 

  1.Бұрынғы -бұрынғы ма, оның салтанаты тіпті артып кетеді.2\Ол - ол ма, әңгіме одан да күшейе 

түсті. 


    

Бастауышш  пен  баяндауышты  байланыстырушы  дегеніміз,  деген  деген  сөз  тұрса, 

бастауыштан кейін сызықша қойылады: 

1. Сөйлем дегеніміз - тиянақты ойды білдіретін бір сөз я бірнеше сөз тіркесі. 

2.Мия  дегеніміз  -  қоймалжың  қорыс  батпақ.3\Гипотеза  дегеніміз  -  ғылыми  жорамалдар.4\ 

Қарағанды деген - байлық қой жатқан.5\Көрдім деген-  көп сөз. 

                           Оқу оқы, білім ал, 



                          Жөн ал деген осы заң. 

                          Еңбек ет те, міндет ет. 

                          Демал деген осы заң. 

                                                             \ Жамбыл\ 



Де  етістігінің  алдына  келетін,  бірақ  төл  сөз  емес  құрылыс  өз  алдына  сөйлем  болса,  оның 

баяндауышы мен бастауышының арасына сызықша қойылады. 

1.Горький  өз  шығармаларында  қоғамдағы  зұлымдықты  жоя  алатын  күш  -адамның  өзі  деп, 

еңбекші халықтың күшіне сенім білдірді.



Дәрісті бекіту сұрақтары:

 

1.Бастауыш пен баяндауыштың  арасына қойылатын сызықша 



2.Қыстырма сөздерден кейін қойылатын тыныс белгі 

 

 

3. Мақал мәтелдерде, афоризмдерде, өлеңдерде қойылатын сызықшаның орны 



 

10-тақырып.  Бірыңғай мүшелер мен жалпылауыш сөздердің тыныс белгілерін оқыту.   

Дәрістің негізгі сұрақтары: 

1. Тыныс белгілерін қоюға келгенде, бірыңғай мүшелерді үш топқа бөліп қарау.  

2. Бірыңғай мүшелерлердің тыныс белгілері. 

3. Жалпылауыш сөздердің тыныс белгілері. 



Қысқаша мазмұны:  

   


 

1. Тыныс белгілерін қоюға келгенде, бірыңғай мүшелерді үш топқа бөліп қарау.  

Тыныс белгілерін қоюға келгенде, бірыңғай мүшелерді үш топқа бөліп қарауға болады: а) 

араларында  жалғаулық  жоқ  бірыңғай  мүшелер;  ә)  араларында  жалғаулық  бар  бірыңғай  мүшелер 

және  б) жалпылауыш сөзбен қатар келетін бірыңғай мүшелер.  

Жалғаулықсыз  келген  дара  бірыңғай  мүшелердің  араларына  үтір  қойылады.  Бірыңғай 

мүшелердің санынан үтір санының біреуі кем болады. Мысалы:     

1)

 



Әр  ел  тұс  тұсындағы  Ақбайтал,  Көлденең,  Жігітек, 

Шатқалаң,  Бөкенші  сияқты  асу  асуларға  қарай  беттеді.  2)  Абай  қажымай,  жалықпай,  ылғи  ғана 

ынтыға тыңдайтын. (М. Әуезов.) 3) Оля Иванцова салмақты, ауыр мінезді, үндемейтін қыз еді. (А. 

Фадеев.)   

Жалғаулықсыз  келген  дара  күрделі  (жайылмалы.)  бірыңғай  мүшелердің  араларына  да  үтір 

қойылады:     

1)  Боржабай  орта  ғана  бойлы,  жуантық  денелі,  дөңгелек  бетті,  қалың  ерінді,  жасаураған  кішірек 

қоңыр  көзді,  ұйысқан  қысқа  қара  жирен  сақалды,  таңқита  басқан  сирек  мұртты,  домалақтау 

мұрынды, қоңыр өңді кісі еді. (С. Мұқанов.) 2) Бірнеше орындық, көйлек көншек салатын комод, 

оның  үстінде  кішкентай  айна,  киім  кешек  салынған  сандық,  қабырғада  ілулі  сағат,  бұрышта  екі 

бұрқан міне, бар мүлік осы. (М. Горький.) 3) Осы кезде дөңгелек жүзді, қызыл шырайлы, сарғылт 

жылтыр  шашын  құлағынан  асыра  қайырған,  жасы  он  сегіздерге  не  жетіп,  не  жетпеген  жас  қыз 

келіп кірді. (А. С. Пушкин.)    

Жайылма  бірыңғай  мүшелердің  әрқайсысының  (немесе  бірқатарының)  өз  іштерінде  үтір 

кездесетін болса, бірыңғай мүшелердің жігіне нүктелі үтір қойылады. Мысалы:    

      


Қала  деген  аты  ғана  болмаса,  Н...  қаласы  екі  қабат  үлкен  үйлер  көшелерінде  ғана  бірен 

саран кездесетін; өзге үйлерінің көбі бір қабат қана қарағай үйлер болатын; шет жақтарында ағаш 

үйден  шым  үй  көп  кездесетін;  өзге  үйлерінің  көбі  бір  қабат  қана  қарағай  үйлер  болатын;  шет 

жақтарында  ағаш  үйден  шым  үй  көп  кездесетін;  азғана  жаңбыр  себелеп  өтсе,  көшелерінен  адам 

батпақтап  жүре  алмайтын;  бірақ  етек  жеңі  мол;  таусылмақ  мақтау  жерге  жалпая  салынған; 

Сибирьде көп кездесетін үлкен бір деревня еді. (С. Мұқанов.)     

           2. Бірыңғай мүшелерлердің тыныс белгілері. 

Бірыңғай  мүшелердің  алдыңғыларының  жалғаулары  түсіп  қалып  айтылуы  мүмкін.  Онда  да 

араларына үтір қойылады:    

1)

 



Бөкенші, Борсақ, Қызылшоқы, Қыдыр, Көлқайнарға жаппа тігіп қонды да, көшпей отырып 

алды  Бөкенші,  Борсақ,  Қызылшоқыға,  Қыдырға,  Көлқайнарға  жаппа  тігіп  қонды  да,  көшпей 

отырып  алды.(М.  Әуезов.)  2)Жамбыл  айтыс.  жырларында  өз  заманындағы  ақындардың  көбінен 

озық  екенін  танытады  –Жамбыл  айтыстарында  және  жырларында  өз  заманындағы  ақындардың 

көбінен  озық  екенін  танытады.  3)Ақын,  жазушылар  өз  шығармаларында  шындық  өмірді 

суреттейді- Ақындар және жазушылар өз шығармаларында шындық өмірді суреттейді.    

Ескерту:  Алдыңғысының  жалғауы  түсіріліпайтылатын  екі  бірыңғай  мүшені  сол  типтес  қос 

сөздермен  шатастырмау  керек.  Мұндай  сөздер  жалпылық  мағынада  айтылған  болса,  қос  сөз 

болады. Мысалы:   

1)

 



Мектебімізде  ән-  күй  үйірмесі  бар  (мұнда  әңгіме  бір  үйірме  туралы,  сондықтан  ән-  күй- 

жалпы  атақ).  Мектебімізде  ән,  күй  үйірмелері  құрылды  деп  үтір  қойып  жазсақ,  ән  үйірмесі  бір 

бөлек, одан басқа күй (домбырашылар) үйірмесі құрылғандығы көрінеді.   

Егер алдыңғы сын есім тікелей зат есімнің сынын білдірмей, өзінен кейінгі тұтас тіркестің сынын 

білдіретін болса, араларына үтір қойылмайды. Мысалы:    

1)

 



Мен жап жаңа алтын сағат сатып алдым, Мұнда жап жаңа деген сын есім алтын сағат деген 

тіркесті  анықтап  тұр.2)  Колхозымызда  қуатты  су  электр  станциясы  салынды.  Мұнда  да  әңгіме 

жалпы  станция  емес,  электр  станциясы  туралы.  Электр  станциясы  дегеннің  анықтауышы-  су.  3) 

Әдебиетімізде  жаңа  реалистік  шығармалар  көбеюде.  Мұнда  әңгіме  жаңа  жалпы  шығарманың 

көбеюі туралы емес, реалистік    шығармалардың көбеюі туралы .    


 

 

Мұндайда  бірыңғай  емес  анықтауыштардың  алдыңғылары  өзі  анықтайтын  сөздің  сыны  емес, 



келесі анықтауыштың құрамындағы басқа сөздің сыны болып кететін қауіп болса, араларына үтір 

қойылады. Мысалы:    

              Төңіректің  бәрі  де  бірінен  бірі  биік,  қарағай  жамылған  ақ  бас  шыңдар.  Мұнда  үтір 

қойылмаса  бірінен  бірі  биік  болып  тұрған  шыңдар  емес,  қарағай  болып  шығады.  Ал  дұрысында 

шыңдар  бірінен  бірі  биік  және  олар  қарағай  жамылған.  Кейде  жазушы  инверсия  жасап, 

анықтауыш  пен  анықталушы  сөздердің  араларына  басқа  сөздерді  қосып  жібереді.  Ол 

анықтауыштардың  өзіне  жалғас  тұрған  сөздің  анықтауышы  емес  екені  жазуда  үтірмен,  айтуда 

дауыс  кідірісімен  көрсетіледі.  Мысалы:  Барлық,  үйге  сатырлап  тиген  қамшы,  шоқпар  уық, 

керегені  шатырлата  сындырып  барады.  (М.  Әуезов).  Мұндағы  анықтауыш  пен  анықталушылар 

барлық  үй  деген  сөздер  емес,  бір  үйге  тиген  барлық  қамшы,  шоқпар  деген  тізбек.  Егер  үтір 

қойылмаса  және айтуда дауыс кідірісі болмаса, сөз жоқ барлық деген анықтауыш үй деген сөзді 

анықтайтын  болады.  2)Ана,  төренің  Кертаңдағынмін  де  бар.  Мұнда  ана  деген  анықтауыш  төре 

деген сөзге емес, Кертаңдақ деген сөзге қатысты. Үтір қойылмаса, мына төре емес, ана төре деген 

мағына шығар еді де, анықтауыш төре деген сөздікі болар еді. 3)-Неғып тұрсың?-  

Шабайын  деп  ем!-  Кімді?-  Әлгі,  Кенжетайды  ұратын  төрені.  Мұнда  да  әлгі  деген  сөзден  кейін 

қойылған үтір ол сөздің Кенжетай деген сөзге емес, төре деген сөзге қатысты екенін көрсетеді.   

               Бір  деген  белгісіздік  есімдігі  мен  соған  жалғас  келген  анықтауыштың  арасына  үтір 

қойылмайды:    

1)

 

Жиренше таңертең Құнанбай аулына бір әдемі тарғыл тазы ертіп келді. (М.Әуезов.) 2)Осы, 



саған бір айтатын сөзім бар.   

Егер бір деген есімдік екі бірыңғай анықтауыштың арасында тұрса, ол өзінен кейінгі анықтауыш 

құрамына енеді де, үтір алдынан қойылады:   

      Баяғыда айлакер, бір қу түлкі болыпты. (Ертегіден.)    

                Бірыңғай  мүшелердің  арасында  қайталамайтын  мен,  және  жалғаулықтары  тұрса,  үтір 

қойылмайды.  Бұлар  екі  бірыңғай  мүшенің  арасында,  немесе  бірнеше  бірыңғай  мүшенің  ең 

соңғысының  алдынан,  я  болмаса  жұп  жұп  болып  тұрған  екі  бірыңғай  мүшенің  арасында 

қолданылады: Мысалы:  

1)Бұлардың  артында  Ербол  мен  Баймағамбет  бір  бөлек  келеді.  (М.Әуезов.)  2)Махаббат,  қызық, 

мал  мен  бақ  көрінуші  еді  досқа  ортақ.(  Абай.)  3)  Ол  да  Байжанға  ауданның  қазіргі  және 

болашақтағы шаруасын білетін адам боп көрінді. (С. Мұқанов.) 3)Ырғақ- ой мен сезімнің, жан мен 

тәннің қосылып салар әні. (Ғ. Мүсірепов.)   

 Да шылауы қайталамай, екі бірыңғай сын есім, үстеулерден болған мүшенің арасында келсе, үтір 

қойылмайды. Мысалы:   

1)

 

Тәжік- қатал да тағы табиғаттың бермесін еңбегімен еріксіз алып өскен ел. 2)Дененің бар 



қозғалысы  белгілі  бір  еңбек  ырғағын  тауып,  тез  де  өнімді  қимылдайды.  (Ғ.Мүсірепов.)  3) 

Қызғанышқа жеңгізген жас жүрек кінәшіл да әділетсіз.(М.Әуезов.)    4) Даусы ащы да қатал, зілді 

де кекті шығады. (Ғ.Мүсірепов.)    

Да  шылауы  екі  етістіктен  болған  бірыңғай  баяндауыштың  арасында  қайталамай  келсе,  да  дан 

кейін үтір қойылады. Мысалы:   

1)

 



Таныды  да,  таң  болды.  2)  Жабыларсың,  таларсың  да,  жерсің!  3)  Бұның  балдызына 

үйленген жандарал төрені сүйетін де, сүйейтін. (М. Әуезов.) 4) Сайра да, зарла, қызыл тіл. (Абай.)    

      Ескерту.  Құрмаласқа  енген  жай  сөйлемдерді  байланыстырып  тұрған  да  шылауынан  кейін  де 

үтір қойылады. Мысалы:   

                Бір  жерлерге  келгенде,  Биденко  мен  Горбунов  ескі  тамның  түбіне  бой  тасалап  отыра 

қалады да, Ваня ілгері барып жер шолып келеді. (В. Катаев.)    

               Бір мағынаны беретін, бірақ екеуі де ашық райда айтылатын күрделі етістіктің арасында 

келген  да  шылауынан  кейін  үтір  қойылмайды.  Ол  етістіктер  бірыңғай  мүшелер  болып 

табылмайды: олардың соңғысы өз алдына лексикалық мағынасы жоқ көмекші етістік болады да, 

алғашқысын көсемше формасына салып айтуға келеді. Мысалы:    

1)

 

Сол кезде сен егеуді ал да жөнел. («Ер Төстік») 2) Сол кезде сен егеуді ала жөнел. Дауыл 



көтерілдіде, төңірек ұйытқыған қалың қар болды да кетті ( С.Мұқанов.).-  

Дауыл  көтерілді  де,  төңірек  ұйытқыған  қалың  қар  болып  кетті.  3)Жат  та  қой,  бар  болғаны  сол. 

(«Ер Төстік».) – Жатып ал, бар болғаны сол. 4) Шал шанасынан секіріп түсіп, жүгіре басып жаяу 

жүрді де отырды. (Ертегіден.)- Шал шанасынан секіріп түсіп, жүгіре басып, жаяу жүріп отырды. 5) 

Мың  жылқым  қатар  тұрып  су  ішетін  суат  ойылды  да  қалды.  (Ертегіден.)-  Мың  жылқым  қатар 

тұрып су ішетін суат ойыла қалды.   

      Да жалғаулығы әр бірыңғай мүшеден кейін қайталап келгенде, үтір қойылады:   


 

 

      1)Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да. (Абай.)   



      2)Жер де, көк те тұп- тұнық, қап- қара. (С. Мұқанов.)   

      3)Бала қыран алғыр да келеді, албырт та келеді. (Ғ. Мүсірепов.)   

      Не, немесе, я, яки, әрі, әлде жалғаулықтары әр бірыңғай мүшенің алдынан қайталап келгенде, 

бірыңғай мүшелердің араларына үтір қойылады. Мысалы:   

      1)Теріскейден  соққан  желдің  екпіні  әрі  күшті,  әрі  суық.  (С.  Мұқанов.)  2)Я  алшымнан,  я 

тәйкемнен  түсетін  күннің  есігі  бүгін  ашылғандай.  (Ғ.  Мүсірепов.)  3)Айтып  тұрғаның  әлде  шын, 

әлде  өтірік.  4)Ендеше,  әрі  сұлу,  әрі  ірі,  әрі  жорға  бурыл  атты  мініп  жүру  қандай  тамаша!  (С. 

Мұқанов.)    

      Не,  немесе,  я,  яки,  әрі,  әлде,  жалғаулықтары  қайталанбай  екі  бірыңғай  мүшенің  арасында 

тұрса, үтір қойылмайды. Мысалы:   

      1) Есін жиғанын не оянғанын Асқардың өзі де білмейді. (С. Мұқанов.) 2) Бұл жердің топырағы- 

құнарлы  әрі  қара  топырақ.  3)  Бүгін  біз  киноға  немесе  театрға  барамыз.  4)Ана  оның  сөзін 

қорқынышпен әрі құмарланып тыңдады. (М. Горький.)   

     Ескертулер. 

1.Бұл  ережені  немесе,  яки  жалғаулықтарының  оңашаланған  мүшенің 

құрамындакелген жағдайдағы тыныс белгісімен шатастырмау керек   

     2.  Бұл  жалғаулықтар  қайталамай,  құрмалас  сөйлемдегі  екі  жай  сөйлем  арасында  тұрса, 

алдарынан үтір қойылады. Мысалы:   

     Мұндағылар егін басына барады, немесе егін басындағылар мұнда келеді.   

Бір  сөз  бірдей  не  әр  түрлі  тұлғада  қайталап  айтылса,  араларына  үтір  қойылады;  олар  қатар  да, 

араларына сқз салып та келе береді.   

    1)Лаула, жан, костерден от, лаула, лаула! Келіңдер, кел, балалар, от, жағуға! 2)Жүйткиді поезд, 

жүйткиді. (Н. Байғанин.) 3)Жантақ- ай, бері келші, бері. (Ғ. Мүсірепов.) 4)Малға апарып салсам, 

сиыр  екеш,  сиыр  да  мұрнын  шүйіріп  жемейтін.  («Аяз  би»  ертегісінен.)  5)Жоқ,  үйінде  отырса, 

отырсын.  6)Солай  болса,  болсыншы.  7)Молдадан  оқымасаң,  оқымай  ақ  қой,  шырағым. 

(С.Мұқанов.)   

     Ескерту. Бұларды дефиспен жазылатын қос сөздермен шатастырмау керек.   

 

Екі бірыңғай мүшенің арасында келетін бірақ, дегенмен, алайда, сонда да 



деген  жалғаулықтар  мен  сондай  ақ,  сонымен  бірге  деген  тіркестердің  алдынан  ұтір  қойылады. 

Мысалы:    

   1)Абай  өлеңдерінде,  сондай  ақ  публицистикалық  әңгімелерде  баланы  тәрбиелеу  деген  мәселеге 

үлкен  мән  берді.  2)Ұлы  Октябрь  революциясы  еліміздің  тарихында  сонымен  бірге  бүкіл  адам 

баласы  тарихындағы  жаңа  заманға  жол  ашты.  («Қазақ  әдебиеті».)  3)Дала  тақыр,  бірақ  тығыз 

бетегемен жайнаған. (М. Әуезов.)     

Бірыңғай  мүшелердің  әрқайсысынан  кейін  сұраулық  шылаулары,  болсын  деген  сияқты  сөздер 

қайталап келе береді, мұндайда бірыңғай мүшелердің араларына үтір қойылады.   

    1)  Көркем  әдебиет  саласында  да  позицияларды  жеңіп  алу  ісі  ерте  болсын,  кеш  болсын  факт 

болуға  тиіс.  (В.  И.  Ленин,  10-том.)  2)Тал  терегі  болсын,  тау  қайыңы  қисықша  қызыл  қайың 

болсын-  барлығы  да  көктеп,  жайнап  тұр.  (М.  Әуезов.)  3)Желдің  бе,  қасқырлардың  ба, 

«аруақтардың» ба- әлдененің ұлыған үні жер көкке сыймай тұрған сияқтанды. (С. Мұқанов.)    

   Үн  жоқ,  түн  жоқ;  ұзын  арқау,  кең  тұсау;  бір  сырлы,  сегіз  қырлы;  апы  кіріп,  күпі  шығып;  алты 

аласы,  бес  бересі;  күн  демей,  түн  демей;  о  жақ,  бұ  жағы  сияқты  күрделі  қос  сөздердің  арасына, 

бірыңғай мүшедегідей үтір қойылады. Мысалы:   

   1)Ол  бір  сырлы,  сегіз  қырлы  жігіт  еді.  2)Әңгіменің  о  жақ  бұ  жағынан  бір  шығып  отыр.  3)Қос 

салт атты үн жоқ , түн жоқ жүріп келеді.     

                 3. Жалпылауыш сөздердің тыныс белгілері. 

Жалпылауыш  сөз  бірыңғай  мүшелерден  бұрын  тұрса,  жалпылауыш  сөзден  кейін  қос  нүкте 

қойылады. Біыңғай мүшелерден кейін сөйлем аяқталмаса, бірыңғай мүшенің ең соңғысынан кейін 

сызықша қойылады:   

   1)Үш ақ нәрсе- адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. (Абай.) Бұл сөйлемнің 

дұрыс конструкциясы- Адамның қасиеті- үш- ақ нәрсе: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. 

Жалпылауыш  сөз-  үш-  ақ  нәрсе  (баяндауыш);  бұл  сөйлем  бірыңғай  баяндауыштармен  аяқталып 

тұр.  2)Үй  мүліктері:  патефон,  чемодан,  биік  стол,  орындықтар-  көрінеді.  3)-Бұл  үйдің  жаны 

нешеу?- деді Итбай сөз бастау үшін.    

     -Үшеу: балтабек, қатыны, қарындасы,- деді Бүркітбай. (С. Мұқанов.)    

                            Сөйледі Жамбыл бәріңе:  

                            Жасың менен кәріңе.    

                                                                        (Жамбыл.)   



 

 

     Ескерту.  Жалпылауыш  сөзді  бірыңғай  баяндауыштардың  алдынан  келген  бастауышпен 



шатастырмау керек. Сырт қарағанда жалпылауыш сөз сияқты болып кқрінетін бастауыштан кейін 

қос  нүкте  қоюға  болмайды.  Ол  үшін  сөйлемнің  бастауышы  мен  баяндауышын  іздестіру  керек. 

Мысалы,  Көмірдің  көп  шығатын  жерлері  украинадағы  Донбасс,  Шығыс  Сибирьдегі  Кузбасс, 

Қазақстандағы  Қарағанды  еліміздің  байлығы  болып  табылады  деп  өзгертсек,  бұл  сөйлемде 

жерлері  жалпылауыш  сөз,  оданкейінгілер  бірыңғай  бастауыштар,  баяндауыш  байлығы  болып 

табылады.  Сондықтан  алғашқы  мысалда  баяндауыштары  да  атау  тұлғадағы  зат  есімнен 

жасалғандықтан,  жерлері  деген  атау  тұлғадағы  бастауыштан  кейін  сызықша  қойылады.  Екінші 

мысалда  жерлері  деген  жалпылауыш  сөзден  кейін  қос  нүкте,  бірыңғай  мүшелердің  аяқталған 

жеріне сызықша қойылады.    

      Жалпылауыш  сөз  бірыңғай  мүшелерден  кейін  келсе,  жалпылауыш  сөзден  бұрын  сызықша 

қойылады.  Бірыңғай  мүшелерден  кейін  жалпылауыш  сөз  болып  келетіндер,  көбінесе,  бәрі, 

барлығы, барша деген есімдіктер және сан есім аралас басқа есімдер болады. Мысалы:   

      Ортасында  Құнанбай,  Бөжей,  Байсал,  Қаратай,  Сүйіндік,  Майбасар  бәрі  бар.  (М.  Әуезов.) 

Жылаған Тоғжан, жылаған Бөжей қыздары, барлық қаралы көш, ...қаралы  

киім, тұл ат баршасы осы барлық қауымның қайғысын да Абайға өзгеше терең  

түсіндірді. (М. Әуезов.) Жандармдар қораны, шарбақты бірін қоймай тінте бастады (М. Горький.)      

     Жинақтаушы  мәнде  қолданылған  кейбір  зат  есімдер  де,  оның  ішінде  мөлшерлі  сан  есіммен 

келгендері де, жалпылауыш сөз бола алады. Мысалы:    

                              Солтүстік пен оңтүстк,   

                              Батыс, шығыс әлемде   

                              Балдан тәтті сөзінің    

                              Дәмін алған ұнатқан.    

                                                                                          (Жамбыл.)     

                                Екі ақсақ, бір жел аяқ    

                                Үш боздақ енді базарға қарай бет алдық.   

                                                                                  (Ғ. Мүсірепов.)   

    Ескерту. Жалпылау  сан  есімдерінен  болған  жалпылауыш  сөзден  бұрын  сызықша  қойылмайды: 

1)  Ішінде  отырған  Мәкіш,  Салтанат,  Ербол  үшеуі  Абайға  қарсы  қуана  ұмтылысты.  2)  Мәкіш, 

Ербол екуі Абаймен құшақтасып амандасты. (М. Әуезов.)  

         Бірыңғай  мүшелер  мен  олардан  кейін  келетін  жалпылауыш  сөздің  арасында  қыстырма  сөз 

тұрса, қыстырма сөзден бұрын сызықша, соңынан үтір қойылады. Мысалы:   

         Электр  станциясының  салынып  біткен  мерекесіне  арналған  митингіге  жас  та,  кәрі  де, 

оқушылар да, бөбектер де- қысқасы, ауыл адамдарының бәрі тегіс келді.   

          Бірыңғай мүшелерден бұрын тұрған жалпылауыш сөзден кейін мысалы, атап айтқанда деген 

сөздер келсе, олардың алдынан үтір, соңынан қос нүкте қойылады. Мысалы:    

        Бірсыпыра  ірі  өзендеріміз,  мысалы:  Лена,  Обь,  Енисей-  Солтүстік  Мұзды  мұхитқа  құяды. 

Адам  баласының  тамаша  қасиеттері,  атап  айтқанда:  табандылық,  ерлік,  қайсарлық  -совет 

жауынгерінің бойынан табылады.     

        Көбінесе  бірыңғай  мүшелерден  кейін  келетін  тағы  басқалары,  тағысын  тағылар,  тағы 

сондайлар  деген  сөздердің  толық  не  қысқарған  түрі  келсе,  бұлардан  бұрын,  яғни  олар  мен  ең 

соңғы  бірыңғай  мүшенің  арасына  үтір  қойылмайды.  Бұл  сөздердің  алдында  және  жалғаулығы 

тұруы да мүмкін. Мысалы:    

   1)  В.  В.  Радлов,  Н.  Ф.  Катанов,  С.  Е.  Малов  т.б.  ғалымдар  түркі  тілдерін  топтауда  құнды 

еңбектер берді. (К. Аханов.)  2)Мыналар элемент болады; оттегң, темір, күкірт, сынап, мыс тағы 

тағылар. («Химия».) -Мыналар элемент болады: оттегі, күкірт, сынап, цинк,  мыс және т.б.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет