Философия ғылым. Ол ғылым ұлттық шеңберде немесе белгілі бір ағым аясында тұйықталып қалмайды. Ол қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениеттің, рухани мәдениеттің ажырымас бөлігі



Дата21.02.2023
өлшемі17,42 Kb.
#69814

Философия – ғылым. Ол ғылым ұлттық шеңберде немесе белгілі бір ағым аясында тұйықталып қалмайды. Ол қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениеттің, рухани мәдениеттің ажырымас бөлігі. Әрине, оған әр халықтың өзіндік (біреудің көп, біреудің аз) үлесі бар. Әрбір ұлттың өзіндік не физикасы, не химиясы, не басқа ғылымдары болмайтыны сияқты өз алдына оқшау философиясы да жоқ. Философия, менің ойымша, толып жатқан өзендерден нәр алған, тамшылардан құралған үлкен терең ой теңізі. Өзендердің бұлақтардан құралғанындай, философия да әрбір халықтың ой тұжырымдарын, дүниетанымын, қоғамдық көзқарасын бойына сіңірген әрбір ұлттың тарихи және қоғамдық ой-сана даму деңгейінің көрсеткіші. Өйткені, бұл абстрактылы оймен ғылыми өрнек құратын қиын, шым-шытырық құбылыстардың жүйесін табатын, белгілі талдау жасай алатын, болжам айта білетін ілім.
Ең алғашқы дүниетанымдық пікір мифология түрінде пайда болды. Бұл гректердің екі сөзінен құралған: mifos – аңыз, logos – ілім. Мифологиямен бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланады. Ал дін ешнәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Әр нәрсенің себебін білгісі келгендер мұндай ұғымдарға қанағаттанбады, көңілі толмады. Олар әр нәрсенің түбіріне үңіліп, сол туралы әр қилы пікір айтты. Ондайларды философ деп атады. Бұл гректердің ертедегі екі сөзінен құралған ұғым (philio – сүйемін, sophia – даналық, екеуі қосылып «философия» деген сөзді туғызды). Арабтар бұл сөзді тіліне жеңілдетіп «фәлсафа» деп атаған. 
Философия – адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым. Ол біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келді. Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде. Адам баласының ой-өрісі кеңіген сайын философия да тереңдей түсті. Философия — өз алдына ғылым. Ол, ең алдымен, дүниетанымдық, теориялық, методологиялық ғылым. Философия бүкіл әлемді оның басты салалары: табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады, объективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Бұның барлығы бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асты. Орта ғасырлар және қайта өрлеу кезеңдерінің философиясына тоқталсақ… 
Орта ғасырлар және қайта өрлеу философиясы 

Орта ғасырлар деп аталатын кезең Европа тарихында Рим империясының күйреуінен бастап Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі мың жылдан астам уақытты қамтиды. Бұл кезеңде егемендік алған көптеген Европа елдерінде (Италия, Франция, Англия, Германия, т.б.) феодалдық қарым-қатынастар қалыптасып, христиан діні қоғамдық өмірдің барлық салаларында өктемдік көрсетіп, шіркеудің сауаттылықтың, қолжазбалар сақтау ісінің ошағына айналған мезгілі болатын. Осындай мемлекеттік билік қолдаған қатал діни үстемдік жағдайында философия өзінің бар ақыл-ой күшін христиан догматтарын негіздеуге жұмсап, дін ілімінің күңіне айналған-ды. Осы кезеңдегі фолософиялық ілім “схоластика” (мемлекеттік ғылым) деген атаққа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті:


Балауса схоластика(9-12 ғ.). Ғылым, философия, теология (дін ілімі) әлі бір-бірімен біте қайнасып ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді және универсалилерге (жалпылық) байланысты пікір-талас негізінде ақыл-ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің “заңдылығын” дәлелдеуді (Аристотельдің формалық логикасы тұрғысынан) өзіне мақсат қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийский, Пьер Абеляр, Августин Аврелий, т.б.


Кемеліне жеткен схоластика (13 ғ.) Аристотельдің еңбектері латын тілінде болса да көпшілік арасында тарап ,философиялық теологиялық ілімнің қалыптасып кең етек алған кезең болды. Негізгі өкілдері Ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт, т.б.Құлдырау кезеңі (14-15 ғ.) Шынайы-ғылыми және философиялық ойлардың тез қарқында дамуының арқасында (әл-Фараби мен ибн-Рушдтың “екіұдай ақиқат” концепциялары негізінде),теологияның тек бедел мен атаққа табынған , тәжітибеден, өмірден алшақ, керенаулық сарыны басым мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика мүлде нәтижесіз тіл безеген ғылымсымақ ретінде қалыптасты. Негізгі өкілдері:Ульям Оккам, Жан Буридан, т.б. 

Схоластикалық пікірталас үстінде христиандық догмаға сәйкес келе бермейтін көптеген философиялық мәселелер көтеріліп, кейінгі кезеңдерде өз шешімдерін тапты. Августин Аврелий – (354-430 ж.ж.) философ, белгілі католик шіркеуінің уағыздаушысы және саясаткері. Ол – августинизм деп аталған христиан философиясындағы неоплатонизм бағытының негізін қалаушы. Негізгі еңбектері: “Тәубеге келу”, “Құдай қаласы туралы”, т.б.


Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып оның іс-әрекеттері, қылықтары құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойған. Ол белгі игілікке (адам оған лайықты болмаса да) немесе азаптарға (жазықсыз болса да) бағытталған болуы мүмкін. Құдай әлемді жаратқанда, барлық заттардың түрлерінің бастамасын олардың бойына енгізіп, әрі қарай өздері дамитындай мүмкіндік берген. Адамзат тарихы да осы заңдылыққы бағынады. Тарихтың даму негізінде адам санасының өзіне деген сенімділігі (бұл сенімнің негізі – құдай) мен құдайға деген сүйіспеншілігінің деген танымдық күші жатыр. Осы түсінікті басшылыққа ала отырып, Августин адамзат тарихы бір-біріне қарсы екі патшалықтың күресінің нәтижесі деп тұжырымдайды. Ол құдайға қарсы, күнделікті өмірдің қызығын күйттейтіндер мен құдайдың патшалығы арасындағы күрес. Августин құдай патшалығы арасындағы күрес. Августин құдай патшалығы дегенде жердегі оның өкілі – Рим шіркеуін айтады. Шіркеу құдай патшалығы атынан сөйлейтін болғандықтан, оған жердегі пенделердің бәрі де бағынулары керек. 

Августинизм теологиялық-философиялық бағыт ретінде Батыс Европа елдерінде 12 ғасырға дейін үстемдік етті, кейін христиандық аристотилизмнің негізін қалаушылар Ұлы Альберт пен Фома Аквинскийдің ілімдерімен ығыстырылды.Схоластикалық тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теологы-схолосты, философ Пьер Абеляр (1079-1142 ж.ж.) болды. Негізгі еңбегі – “Бар және жоқ”.Абелярдің пікірінше, шынайы өмір сүретін – жалқылар, бірақ олардың өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізде жалпылар ұғымы қалыптасады. Бұл жалпылар шын өмір сүреді, себебі ол құдайдың ақыл-ойында есепте тұр әрі ол жаратқан заттардың үлгісі болып табылады. Олай болса, жалқыларды зерттеп, алған білім де, жалпылардың шын екеніне деген сенім де бір-біріне қайшы келмеулері керек. Адамға ең керекті нәрсе оның іс-әрекеті емес, құдайға деген сенімі.


Абеляр осындай екіұшты пікірлері үшін номиналистер жағынан да, реалисттер жағынан да сынға түсті. 
Христиандық діни ілімді Аристотельдің философиясымен байланыстырып, шіркеудің алғашқы схоластикалық ұстазы болған, 1879 жылдан бастап католик шіркеуінің шешімімен осы шіркеудің ресми теолог-философы деп жарияланған Фома Аквинский 1225-26 ж. туылып, 1274 ж. қайтыс болады. Негізгі еңбегі “Теологияның жиынтығы”, т.б. Ол Аристотельдің іліміне сүйене отырып белсенді түр (реттілік принципі) мен тұрақсыз және қалыптаспаған материаның (болмыстың әлсіз түрі) арасындағы байланысты түсіндіру арқылы Иисус Христостың бойындағы құдайлық (идеалдық) және адамдық (материалдық) қасиеттерін теориялық жолмен негіздеуге тырысады. Құдайдың арқасында қосылған алғашқы бастамалар – түр мен материя жеке заттар әлемін тудырады. Адамның өзі де жан (түр қалыптастыратын принцип) мен дененің қосындысынан пайда болған. Жан “таза түр” ретінде күйреуі, жоғалуы мүмкін емес. Бірақ ол жерде тіршілік пайда болғанға дейін жеке өмір сүрмеген, оны құдай жаратқан. 


Рух пен материяның табиғаты туралы пікірталас жалқылар мен жалпылардың (универсалилер) табиғаты жөніндегі тартысқа айналды. Фома Аквинский Аристотельдің жалпы ұғымдар жалқылардың түр қалыптастыратын принципі ретінде өмір сүреді деген іліміне сүйене отырып, универсалилер ақыл-ойдың жемісі болғанымен, санадан тыс, құдайдың ойында орын алғандықтан, өз алдына жеке дара тіршілік етеді деп есептейді. Осыдан келіп ол универсалилердің үш түрлі өмір сүретіндігін көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет