Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Мырзалы



Pdf көрінісі
бет18/44
Дата19.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#69088
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44
 
 
Бақылауға жəне өзін-өзі тексеруге
арналған сұрақтар мен тапсырмалар: 
 
1. Ақпарат дегеніміз не жəне тілдің ақпарат алмасудағы рөлін анықтап 
беріңіз. 
2. Тіл белгілік жүйе ретінде дегенді талдап, түсіндіріңіз.
3. Белгі жəне белгілердің түрлерін анықтаңыз. 
4. Сигнал, индекс туралы түсінікті ақпарат теориясы тұрғысынан 
сараптаңыз. 
 
 
 


40 
3.2 Ақпараттың семиологиялық табиғаты:
тіл, мəтін, интермəтін, дискурс мəселесі 
 
 
Ақпарат мəселесі, ақпарат теориясы тілге, таңбаға қатысты 
ізденістердің басын қосатын семиологиялық ізденістерге жүгіну 
қажеттілігін танытады. Семиология – семиотика терминімен, 
яғни таңбалар туралы ілімді білдіретін терминмен қатар 
қолданылатын термин. Ол тіл теориясын жəне оның басқа да 
белгілер жүйесімен байланысын білдіреді. Енді семиотика мен 
семиология арасындағы өте нəзік айырмашылыққа тоқталатын 
кез жетті. Сонымен, семиотика белгілер туралы жалпылама 
теориялық ғылыми пəн болса, семиология – қоғам шеңберінде 
белгілер өмірін зерттейтін ғылым. 
Семиология терминін Ф. де Соссюр енгізген болатын. 
Семиологияны дамытуға Р. Барттың да шығармалары көп əсер 
етті. Олардың түсіндіруі бойынша, ақпарат алмасудың табиғи 
тілден басқа да көптеген белгілер жүйесі бар. Мəдениеттің 
алуан түрлі бөліктерінің əрқайсысын өзіндік бір тілдік жүйе деп 
тануға болады. Тағам, азық-түлік, киім-кешектен бастап əде-
биет, кино, архитектура жəне т.б. – мəдениеттің тілдік жүйелері 
болып табылады. Тіпті, мəдениеттің өзін де метатіл деп тануға 
болады, өйткені мəдениетті таңба-белгіден тысқары, яғни тілдік-
белгілік жүйелерден бөлек қарастыруға болмайды. Тілдік 
құрылымдар мен олардың белгі-нышандары мəдениетте бар 
көптүрлі жүйелерді туындататын схемалар ретінде қарас-
тырылады. Сөйтіп, тіл, өнер, мəдениет қалған жүйелер үшін 
негізгі аналогиялар ретінде алынады.
Семиологияны формалар туралы ғылым деп те анықтай 
аламыз, өйткені ол мағынаны оның мазмұнынан тəуелсіз түрде 
зерделейді. Р. Барт айтпақшы, семиология метафизикалық 
қақпан емес, басқа ғылымдар қатарында орналасқан қажетті 
ғылым, бірақ оның жалғыз өзінің күші белгі сынды сусымалы 
шындыққа жетпесі анық. Сондықтан оған көмекке лингвистика 
келеді. Лингвистика табиғи тілден тұратын хабарлама нəтиже-


41 
сіндегі коммуникация түрін зерттейді. Лингвистика – сол жалпы 
ғылымның бір ғана бөлігі: семиология ашатын заңдардың 
лингвистикаға да қатысы болады. 
Семиология белгілер мен белгілер жүйесінің ең жалпы: 
"белгі дегеніміз не?", "белгі қандай заңдарға бағынышты?" деген 
мəселелерімен айналысатын ғылым болғандықтан, семиология 
мен лингвистиканың шешетін сұрақтарының өзара байланысты 
екендігі күмəнсіз. Бірақ, Соссюрдан кейін қалыптасқан осы бір 
дəстүрлі тұжырымға Р. Барт лингвистика белгі туралы жалпы 
ғылымның бір бөлігі, тіпті, ерен тұрған бөлігі бола алмайды; 
керісінше, семиологияның өзі лингвистиканың бөліктерінің бірі 
деп қарсы шығады, өйткені семиологияның зерттейтін объект-
белгілері қандай болса да (ишарат, дыбыс, сурет жəне т.б.), оны 
танып-білу тек қана тіл арқылы жүзеге асатындығы сөзсіз. 
Сонымен, тіл кең мағынада алынған семиотика-семиология-
лық процесс (“дискурс”) болып табылады. Семиотика-семиоло-
гия тілді жəне басқа да белгілерді лингвистикалық тəсілді 
қолдана отырып зерттейді. Семиотикалық процестің біртұтасты-
ғында тіршіліктің толығымен салыстырмалы рөлі сахнадағыдай 
“ойналып шығады”. 
Тіл туралы болсын, сол тілге түгелдей негізделген мəдениет 
туралы болсын семиотикалық тұрғыдан қарау заңды, өйткені 
адами əрекеттің қай түрінен болсын таңба-белгілік, рəміздік 
табиғатты көруге болады. Оның басты себебі тілдің, яғни таңба-
лық жүйенің айнала қоршаған шындықты құрастыратындығын-
да болып тұр. Кезінде Л. Витгенштейн менің тілімнің шекарасы 
менің өзіндік əлемімнің шекарасы болып табылады деген еді. Ол 
формуланы таза өмірлік утилитарлы тиімділік тұрғысынан адам 
қаншалықты көп тіл білсе, соншалықты көп əлем ашады деп 
тұжырымдауға болады. Сонымен қатар, ол формуланың 
бейпрагматикалық, яғни философиялық мəні бар екендігін де 
айта кету керек. Ол қоршаған нақты шындықтың тілмен 
жанамалай негізделетіндігі туралы, тілдің объективті шындықты 
өз жүйесінің ішінде бөлшектеп, қайта құрастыратындығы 
туралы, сөйтіп барып белгілі бір мəдениетке, белгілі бір тілге 
ғана тəн əлем бейнесін жасап шығаратындығы туралы тұжы-


42 
рым. Əрине, бұл – тіл физикалық шындықты да өзі құрап шыға-
ды деген сөз емес, бұл – тілдің əлгі шындықты социумға бағыш-
тайтындығында деген сөз. Демек, тілді адам өмірінің жеке 
мəселелерін – қарым-қатынас пен ойлау мəселелерін шешетін 
құрал деп қана емес, одан кеңірек, яғни өзімізді қоршаған 
шындықты бізге түрлендіре жеткізуші, біз бен нақты əлемнің 
ортасын белсенді қатынасымен жалғастырушы таңбалық жүйе 
деп қарастыру керек. Тіл дəйектері сол тілде сөйлеушілер үшін 
олардың күнделікті тəжірибесінің бір бөлігін құрастырады жəне 
сондықтан да ол тексеру мен сыни көзқарас елегінен өтпейді. 
Ендеше, кімде кім, табиғи қисындылыққа сүйене отырып, зерде 
туралы, логика туралы жəне дұрыс ойлау ережелері туралы 
пайым құратын болса, ол, əдетте, оның өз тіліндегі немесе тіл-
дер тобындағы оның күнделікті тəжірибесінің бір бөлігі болып 
табылатын таза грамматикалық фактілер желісіне еріп отырады. 
Бірақ оның басқа тілдер үшін де дəл солай болуы міндетті емес, 
демек, ойлаудың ортақ негізі бола алмайды деген сөз.
Алдында семиологияның семиотикамен синонимдес табиға-
ты жайлы айтып кеткен болатынбыз, енді соған тарата тоқтала-
тын болсақ, семиотика – семиозис туралы ғылым, ал семиозис – 
таңбалау түрлері (қоғам, ойлау жəне т.б.) мен таңбалау заңдары. 
Ендеше, семиозис деп əлденебір нəрсенің белгі, таңба ретінде 
тіршілік ету процесін айтады.
Семиотика тəсілі – аксиоматика тəсілі, яғни оны не дəлдеп 
болмайсың, не жоққа шығара алмайсың, бірақ негіздеп беруге 
болады. Құрылымдық-семиотикалық талдау ұстанымдар сан-
алуандығы мен мəтінді талдаудың бəсекелестігі жағдайын 
моделдеуді мақсат тұтады. Семиотика, Ю. Кристеваның түсіні-
гінде, толықтай модель өндірісі болып табылады. 
Ғылым əлеміндегі көптеген концепциялар тек қана шындық-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет