«Өмір философиясы», Иррационализм, Санасыздық ұғымдарын түйсініп, А. Шопенгауэр, Ф. Ницше ілімдерідегі адам болмысы мен адамзат қоғамы туралы және әлемнің еркі туралы пайымдауларды талдаңыз.
«Философиялық антропология» – адамның әр алуан қабілеттерінің негізінде оған қатысты парасатты ойтолғамдар тәсілдеріне жүгінетін философиялық ғылым екендігін ұғынып, бұл сала – адамның жандық-рухтық қабаттарының негіздерін, адамның өмірлік әрекеттерінің жан-жақты қалыптасу үдерісі мен бүгінгі эволюциядағы көпқырлы жүйесін зерттейтіндігін жетік біліңіз. Оның ХХ ғасырдың басында пайда болған бұл бағыттың мынадай салалары бар екендігін түсіндіріп беріңіз: биологиялық-философиялық антропология (А. Гелен); мәдени-философиялық антропология (Э. Ротхаккер, М. Ландман); діни-философиялық антропология (Г.Э.Хенгстенберг, И.Лотце т.б.).
Хайдеггердің экзистенциализмі болмыстың мағынасы мәселесін орталық түсінікке шығарумен ерекшеленетіндігін және ол өзінің ілімін іргелі онтология деп атағандығын дәйектеңіз. Сондықтан бұл ілімде; «сұрқия», «шешімділік», «ар», «кінә», «өлімге ұмтылған болмыс», «қамқорлық», «өзінділік» т.б. психологиялық түсініктер онтологиялық деңгейге дейін көтерілгендігі, ал кейіннен «болмыс», «ештеңе», «ашық», «негіз», «жерлік», «аспандық», «адамдық», «құдайлық» сияқты ғарыштық-онтологиялық түсініктерді қолдана отырып, өз ілімдерін ұсынғандығын саралаңыз.
Ж.П. Сартр «Болмыс және Ештеңе» туындысында – болмыс дегеніміз не, сана мен әлемнің арасындағы іргелі болмыстық қатынастар қандай; бұл қатынастарға мүмкіндік ашатын сананың онтологиялық құрылымы қандай; нақты, жалғыз, аяқталған адамның онтологиялық конституциясын қандай тәсілмен қалай ашуға, тұжырымдауға, тіркеуге болады деген сауалдар тастағандығын талдап беріңіз.
Әдебиет: Ницше Ф. Так говорил Заратустра М.: 1990.
Энгельс Ф. Анти-Дюринг Маркс К. и Энгельс Ф. соч. Т.20.