ХІХ-ХХ ғасырдағы әлеуметтік болмыс мәселесінің қозғалуы
Әдістемелік ұсыныстар:
Қазақ философиясының арғы тарихы түркілік және көшпелілік мәдениетпен байланысты тұрғыда туындап отыратындығын түйсініп, ұлттық философия түркі халықтарының әлі жеке ұлттарға ыдырамаған кезңінен бастап, өзіндік тұтас жүйені қамтитын кең өрісті дүниетаным болып айшықталғандығын түсіндіріңіз. Этнофилософия халықтың сан мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ой-толғамының тарихи дәстүрлерін және бүгінгі күнге дейін келіп жеткен кәсіби философияны қарастыратындығын дәйектеңіз.
Тәңіршілдік сеніміндегі басты құдайлардың бірі – Ұмай ана. Аңыз бойынша бастапқы Тәңір екіге бөлінгендігін, Біріншісі – ер адамдық сипатта, көктің құдайы – тәңірдің өзі болса, екіншісі – әйелдік тұрпатты, жердің құдайы – Ұмай ана болғандығын, Осыдан «Жер-Ана» түсінігі қалыптасқандығын дәйектеңіз. Ал қосымша құдайлар, мәселен, Алажол күндізгі жол көрсетуші боса, Қаражол түнгі жол сілтеуші, яғни, екеуі де ізгілік құдайы болып есептелгендігін саралаңыз.
Жыраулық дәстүр ХІХ ғасырдағы ақын-жыраулық стильмен және ағартушылық идеялармен жалғасын тауыпп, олар ұстанған бағыт-бағдарына, дүниетаным ерекшеліктеріне, ойларын пайымдап жеткізу үрдістеріне қарай былайша топталғандығын түсіндіріңіз: Ыбырай, Шоқан, Абай сынды «қазақ ағартушылары» деп аталған ойшылдарымыз Ресей мен Еуропаның мәдениетінің озық жақтарына ғана назар аударды, ділі мен психологиясын да сол бағытқа бұрып, ұлттық құндылықтарды да қатар алып жүруге тырысты.
Әдебиеттер тізімі: Алтаев Ж., Касабек А., Мұқамбетәлі Қ. Философия тарихы. Алматы, 2000.
Әуезов М. Шығармалар жинағы. 14-15. Т. Алматы, 1974.
Байтұрсынов А. Ақжол. Алматы, 1974.
Баласағұн Ж. Құтты білік. Алматы, 1998.
Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық. Алматы, 1989.
Бөкейханов Ә. Таңдамалы. Алматы,1995.
Валиханов Ч. Собрание соч. В 5 т. А-Ата, 1985.
Дулатов М. Шығармалары. Алматы, 1994.
Есім Ғ. Фәлсафа тарихы Алматы: Раритет, 2004.
Есім Ғ. Хакім Абай. Алматы, 1996.
Жұмабаев М. Таңдамалы. Алматы, 1992
Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. Алматы, 1999.