Философия кафедрасы Ont 1405 «Онтология»


Семинар №11. Қозғалыс, кеңістік, уақыт категорияларының онтологиялық сипаты



бет9/12
Дата20.02.2023
өлшемі48,42 Kb.
#69366
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Семинар №11. Қозғалыс, кеңістік, уақыт категорияларының онтологиялық сипаты

1.Қозғалыс пен тыныштық мәселесінің тарихи-философиялық негіздері


2.Кеңістік пен уақыт категориясының философиялық тұстары
3. Эйнштейннің, Минковскийдің, Риманның және Евклид пен Лобачевскийдің геомериясындағы кеңістік пен уақыт мәселелері


Әдістемелік ұсыныстар:
Қозғалыс – материяның өмір сүру тәсілі, ажырамас қасиеті ретінде белгілі бүкіл жалпы және әмбебаптылыққа құрылған құбылыс, қозғалыссыз материя болмайтындығын, материясыз қозғалыс та жоқ екендігін түсіндіріңіз.
Кеңістік пен уақыт материяның өмір сүруінің формалары екендігін байыптағанда, кез-келген материя қозғалысы белгілі бір уақыт ішінде жүзеге асып, кеңістік арқылы орындалатындығы басты негізге алынатындығын сарптаңыз. Уақыттан тыс қозғалыс болмайды, қозғалыс болмағаннан кейін материя да болмайды, сәйкесінше, қозғалыс белгілі бір кеңістік өлшемдерін пайдалана отырып, өзін-өзі іске асыратындығын, демек, кеңістіктен тыс қозғалыстың болуы да мүмкін емес, бұндай кеңістіксіз қозғалыстың мүлде болмауы, материяның да мүлде өмір сүрмеуіне алып келетіндігін ұғындырыңыз.
1916 жылы А. Эйнштейндегі абсолюттік қозғалыс, абсолюттік уақыт, абсолюттік кеңістік ұғымдарының салыстырмалылығын ұғындырыңыз. Физикоматематикалық теорияларда 4, 5, 6 тіпті одан да көп өлшемді кеңістіктің болуы мүмкін екендігін түсіндіріңіз. Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы 180º тең болатындығы жөніндегі Евклид геометриясының орнын евклидтік емес геометриялар: Лобачевский геометриясында ол үнемі 180º-тан кем болатындығы дәйектелсе, Риман кеңістігінде ол үнемі асып кететіндігін сарптаңыз. Ал «әлемдік сызық» түсінігіндегі Риман ұсынған төрт өлшемді кеңістіктің қисаюы уақыты жоқ координатқа айналса, Минковский ұсынған әлемде уақыт жоқ, бірақ ол бар, онда бір нәрсенің өтуі де мүмкін емес екендігін дәйектеңіз.
2. Мырзалы С. Философия. А., 2008.
3. Қ.Ермеков. Философия негіздері. А., 2000ж.
4. Тұрғынбаев Ә. Философия. А.2008.
5. Философиялық сөздік. А., 1996ж.
6. Ғабитов Т.Х. Философия. Оқулық. А., 2008 ж.
7. Нұрышева Г.Ж. Философия: Оқу құралы. –Алматы: «Зият Пресс», 2006 ж.
8.Ғарифолла Есім. Даналықа құштарлық: Философия. Методология. Көрнек өнері.-Семей-Новосибирск: «Талер-Пресс», 2007. – 522 б.
9..Кенжетай Д.Т. Қожа Ахмет Иасауи дүниетанымы.-Түркістан, 2004.-341 б.
10.Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. Аристотель философиясы.-Алматы: Жазушы, 2005.- 3 т.- 568 б.


Семинар №12 Табиғат: тіршілік, өмір, қоғам болмысы

1.Табиғаттың түсінігі: құрылымы, жаратылу теориясы


2. Тіршілік – материя қозғалысының жоғарғы формасы
3.Географииялық орта болмысы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет