Философия, саясаттану



Pdf көрінісі
бет1/34
Дата12.03.2017
өлшемі1,97 Mb.
#8950
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

 
 
 
                      
                                                  1
 К І Р І С П Е
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ  
ЖӘНЕ ДІНТАНУ ИНСТИТУТЫ
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
XV–XIX ғасырлардағы қазақ философиясының
тарихи сипаттамасы
2-том
Алматы
 2014


        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
ӘӨЖ 1/14
КБЖ  87.3
Қ  17
ҚР БҒМ Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану 
институтының Ғылыми кеңесі баспаға ұсынған
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, 
профессор З.К. Шәукенова және философия ғылымдарының докторы
профессор С.Е. Нұрмұратовтың 
жалпы редакциясымен 
Рецензенттер:
Д.С. Раев, философия ғылымдарының докторы, профессор
А. Сағиқызы, философия ғылымдарының докторы, доцент 
М.З. Изотов, философия ғылымдарының докторы, профессор 
Авторлық ұжым:
Нысанбаев Ә.Н., ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, 
профессор  (авторлық  топтың  жетекшісі)  –  Кіріспе  және  қорытынды,  2.2.,  4.2.; 
Нұрмұратов  С.Е.,  философия  ғылымдарының  докторы,  профессор  (авторлық 
топтың жетекшісі) – Кіріспе және қорытынды, 3.3., 4.2.; Барлыбаева Г.Ғ., фило-
софия ғылымдарының докторы – 1.1., 4.3.; Әлжан Қ.Ұ., философия ғылымдары-
ның кандидаты – 1.2., 3.1.; Ошақбаева Ж.Б., философия ғылымдарының канди-
даты  –  1.3.,  3.1.,  4.3.;  Сатершинов  Б.,  философия  ғылымдарының  докторы  – 
2.1.,  2.3.;  Қасабек  А.,  философия  ғылымдарының  докторы,  профессор  –  2.2.; 
Мейірманов А.Д. – 2.3., 3.4.; Ғабитов Т.Х., философия ғылымдарының докторы, 
профессор  –  2.4.;    Қармыш  Ж.,  философия  ғылымдарының  кандидаты  –    2.4.; 
Қоңырбаева К.М., философия ғылымдарының кандидаты – 3.2.; Бижанова М.А., 
философия  ғылымдарының  кандидаты  –  3.3.;  Жетпісбаева  М.,  философия 
ғылымдарының кандидаты – 4.1.
Қ  17  Қазақ  философиясы  тарихы  (ежелгі  дәуірден  қазіргі  заманға  дейін)
XV–XIX  ғасырлардағы  қазақ  философиясының  тарихи  сипаттамасы
/ З.К. Шәукенова және С.Е. Нұрмұратовтың жалпы редакциясымен. – Алматы: 
ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2014. 
ISBN – 978-601-304-015-8
2-том. – 304 б.
ISBN – 978-601-304-017-2 
Бұл  томда  қазақ  халқының  этногенезімен  қатар  қалыптасқан  философиялық 
көзқарастар жүйесі талдаудан өткізіледі және олар заманауи құндылықтық бағдар-
лар  тұрғысынан  пайымдалады.  Авторлар  қазақ  халқының  хандық  дәуірдегі  дүние-
танымдық бағдарларын өзіндік жүйеге келтіреді. Дәстүрлі қоғам түсініктерінің кейін-
гі тарихи кезеңмен рухани сабақтастығы мен қайшылықтары сараптаудан өткізіледі.
Оқырмандарға  ұсынылған  кітап  философия  тарихы  мен  қазақ  мәдениетінің 
ерекшеліктерін  зерделеуге  ұмтылатын  мамандарға,  сонымен  қатар  жоғары  оқу 
орындарының  гуманитарлық  саласының  оқытушылары  мен  студенттеріне,  PhD 
докторанттарына арналған.
ӘӨЖ 1/14
КБЖ  87.3
ISBN – 978-601-304-017-2  (Т. 2) 
                    © ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану
ISBN – 978-601-304-015-8  (ортақ)                             және дінтану институты, 2014

 
 
 
                      
                                                  3
 К І Р І С П Е
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................................... 4
І тарау. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ 
                БІРЕГЕЙЛЕНУДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақ хандығы дәуіріндегі әлеуметтік-мәдени ахуал және ұлттық 
философиялық пайымдау типі....................................................................... 11
1.2 Асан Қайғы пайымдауларының халықты ұлттық топтастырудағы 
құндылықтық мәні............................................................................................. 17
1.3 «Бабырнама» және этнофилософияның түркілік үрдістері.................... 33
ІІ тарау.  ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ
                 ТАРИХИ ҮДЕРІСТІҢ ЗЕРДЕЛЕНУІ
2.1 М.Х. Дулати – қазақ тарих философиясының негізін 
қалаушылардың бірі.......................................................................................... 46
2.2 Қадырғали Жалайырдың тарих философиясының 
айшықтары........................................................................................................... 75
2.3 Әбілғазының «Түрік шежіресі» шығармасы және 
қазақ тарихының философиясы..................................................................... 116
2.4 Құрбанғали Халид Аягөзидің «Тауарих хамса» атты кітабындағы 
тарихи-философиялық мәселелер................................................................. 143
III тарау.  ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ     
                   ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1 Қазақ ақын-жыраулары дүниетанымының этикалық негіздері.............. 152
3.2 Қазақ би-шешендерінің гуманистік философиясының құндылықтық 
ерекшеліктері............................................................................................................ 177
3.3 Қазақтың халық философиясындағы этикалық-эстетикалық 
дәстүрлер............................................................................................................... 201
3.4 Адамгершілік мәселесінің қазақ хандығы дәуіріндегі ойшылдар 
дүниетанымында алатын орны....................................................................... 214
IV тарау. ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ЕРКІНДІК ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ    
               ЭТНИКАЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМНЫҢ ІРГЕТАСЫНА АЙНАЛУЫ
4.1 Көшпелі қазақ қоғамының тарихи санасы және оның дүниетанымдық 
мәселелері.................................................................................................................. 244
4.2 Махамбет дүниетанымы және құндылықтар әлемі................................... 264
4.3 Зар-заман ақындары шығармашылығының философиялық мәні........... 277
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................................. 293
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану 
институты туралы мәлімет....................................................................................... 298
Информация об Институте философии, политологии 
и религиоведения Комитета науки Министерства образования 
и науки Республики Казахстан................................................................................ 300
Information about the Institute for Philosophy, Political Science 
and Religion Studies of Science Committee of the Ministry 
of Education and Science of the Republic of Kazakhstan....................................... 302


        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
КІРІСПЕ
Жұмыстың  негізгі  мақсаты  –  қазақ  философиясының  көп 
ғасырлық  тарихында  орын  алған  дүниетанымдық  әмбебаптарға, 
дәстүрлерге  бойлау  және  оларды  рухани  мағынада  игеруге 
тәуелсіздік  феномені  ауқымында  ғылыми  түсініктердің  көкжиегін 
кеңейту, оқырманды сұхбатқа шақыру, жастарды шығармашылыққа 
баулудың жолдарын анықтау болып табылады. Қазақ дүниетанымы 
үшін  ондай  қазақ  хандығы  дәуірінде-ақ  негіз  болған  әмбебап 
ұғымдар  болғаны  осы  талдамалық  еңбекте  кеңінен  айтылады. 
Мәселен,  қазақтың  дүниетанымдық  әлемі  этикалық  принциптерді 
негізінен адамаралық қатынастарда асқар биікке қойып, оны барлық 
бағдарлардан  жоғары  қоятындығы  атап  көрсетіледі  және  осы 
ұстаным  зерттеулердің  басымдылық  танытатын  методологиялық 
қағидасына айналған.
Тәуелсіздікке  қол  жеткізгеннен  кейінгі  заманда  халқымыздың 
құндылықтар  жүйесі  көптеген  өзгерістерге  еніп  жатқаны  белгілі. 
Қазіргі  модернизациялану  кезеңінде  философияның,  жалпы  гума-
нитарлық  білімнің  негізгі  субъектісі  болып  қоғамдағы  адам  болып 
есептеледі. Сондықтан қоғамдағы рухани құндылықтар негізінде тек 
адамның жетілуіне, кемелденуіне, үйлесімді өмір сүруіне қызмет етуі 
тиіс.  Қазақстандағы  қазіргі  философияның алдында  жаңа  әлеумет-
тік және саяси шындықтың күрделі мағынасын ашу, өтпелі кезеңнің 
қайшылықтары мен ерекшеліктерін анықтау, тәуелсіз Қазақстанның 
өркениетті,  дамыған  отыз  елдің  қатарына  енудің  мәдени-тарихи, 
дүниетанымдық алғышарттарын байыптау сияқты қиын да күрделі 
міндеттер тұр. Міне, осы мақсатқа жету – жұмыстың негізгі ғылыми 
бағдары, методологиялық ұстанымы болып табылады.
Жалпы ұлттық қауіпсіздіктің қайнар көзі болатын Қазақстан хал-
қының рухани бірлігі мәселесі осы ұлттық философияның қалыпта-
суы мен дамуы, яғни халқымыздың руханиятының үйлесімді өрбуі 
құбылыстарымен тікелей астасып жатады. Халқымыздың этнофило-
софиясының  мазмұнды  тұстарын  жақсы  көрсете  білген  сайын 
ұлтымыздың  рухани  әлемі  байи  түседі.  Ол  өз  кезегінде  еліміздің 
әрбір азаматының жеке дүниетанымында сапалы өзгерістер әкеліп, 
оларды  даналық  әлеміне  де  жақындата  түседі.  Сондықтан  ұлттың 

 
 
 
                      
                                                  5
 К І Р І С П Е
өзіндік  философиялық  жасампаз,  руханиланған  даналық  әлемін 
игере  түскен  сайын  еліміздегі  өркениетті  және  орнықты  дамудың 
іргетасын нығайта түсеміз, мәдениеттер арасында көпір орнатамыз. 
Жалпы  еңбектегі  деректер  ежелгі  түркі  әлемінде  қалыптасқан 
дүниетанымдық үлгілерден бастап қазіргі кезеңдегі кәсіби филосо-
фиялық деңгейге дейінгі аралықты қамтиды. Жұмысты қалыптасты-
ру  барысында  қазақтың  философиялық  ойының  сан  қырлы  бей-
нелеу  формалары  сараптаудан  өткізілді.  Кейбір  бөлімдер  тарихи 
тұлғалардың дараланған дүниетанымындағы ерекшеліктерді ашып 
көрсетуге арналса, біршама бөлімдерде қазақ халқының тарихи сана-
сындағы айрықша белгілерге философиялық сипаттамалар беріледі. 
Ұлттық философия адамзат тарихында ғасырлар бойы қалыптас-
қан әлемдік философияның ажырамас құрамдас бөлігі екені белгілі. 
Күні кешеге дейін бұл тақырыппен байланысты мәселелердің бар-
лығы  мұқият  бақылауда  болып,  көбісі  тыйым  салынған  дүниелер 
қатарында келгені баршаға аян. Өйткені, социализмнің принциптері 
тек  бір  коммунистік  идеяның  төңірегіне  шоғырланғандықтан  оған 
сәйкес келмейтін басқаша түсініктердің барлығын жоққа шығарып 
отырды. Сондықтан халықтың рухани өміріндегі өткені мен қазіргі 
замандағы әлеуметтік-рухани кеңістіктер арасындағы өзара түсініс-
тікті білдіретін іргелі байланыстар үзіліп қалған болатын. 
Жалпы тоталитарлық қоғам ұлттық философиямен, оның ішін-
де  қазақ  философиясымен  айналысамын  деген  азаматтардың  осы 
мақсатта ұлттық ойлау жүйесін жандандыруға ұмтылған әрекеттерін 
идеологиялық  бағалаулармен,  ұстанымдармен  шектеп  отырды. 
Міне,  осындай  рухани  әлемдегі  идеологиялық  тұмшалаудың  арқа-
сында  тарих  сахнасында  әр  түрлі  рухани  тереңдіктердегі  өздерінің 
даналыққа толы тұжырымдарын бұқара халыққа жеткізген ойшыл-
дардың шығармаларының мәтін түрінде қоғамда кең тарамай және 
ғылыми зерттеулер кейпінде өз бағалауларын алмай ондаған жылдар 
бойы  уақыт  өткізгені  белгілі.  Қазіргі  тәуелсіздік  орнығуы  үрдісінің 
арқасында осындай көптеген құбылыстарға түзетпелер енуде, яғни 
тарихи сананың адекватты пайымдалуы басталғаны байқалады.
Ал,  енді  міне  қазіргі  уақытта  жаңа  заманның  тарихи  кезеңі 
келді,  рухани  дүние  де  біршама  демократиялана  бастады,  яғни 
осыған  орай  ойлау  еркіндігінің  ұстанымдары,  жаңа  құндылықтық 
бағыт-бағдарлары  қоғамдық  санада  беки  түсуде.  Сөйтіп,  тарихи 
дәуірлердің  философиялық  даналығының,  қазақ  халқының  және 
басқа  да  халықтардың  ой-тұжырымдарының  тарих  доңғалығының 
астында жоғалып кетпеуі маңызды. Олар халықтың рухының терең 
тамырларында бойлай орналасқанын, өмір сүргенін байқатты. 


        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Мәңгіге  жабылған  шығар,  енді  олар  Ақиқат  әлемінен  орын 
теппес деген тарихтың «ақ таңдақтарының» өзі бірте-бірте ғылыми 
кеңістікте  мамандар  үшін  ізденістер  ауқымы,  нысаны  ретінде  күн 
санап  ашылу  үстінде.  Сол  рухани  күштердің,  тарихи  деректердің 
еркіндікке шығу кереметін, яғни басқаша айтқанда халық рухының 
шабыттық  асқақтауын  қазіргі  заманда  өз  көзімізбен  көріп,  оның 
куәсі болып отырмыз. Бұл құбылыстар шын мәнінде қазіргі тарихи 
кезеңнің  дәуірлік,  шынайы  тарихи  сипаттамасы  болып  табылады, 
этникалық жаңғыруымыздың бастамасы болары хақ.
Ал,  енді  түркілік  және  қазақ  философиясының  толыққанды 
зерттелуі үшін және оған қатысты ғылыми ізденістердің өрбуі үшін 
елімізде  тәуелсіздік  алған  уақыттан  бері  қолайлы  кезеңдер  орнай 
бастағаны белгілі. Сонау тарихтың қойнауында жатқан рухани мұра-
ларымызды, тарихи тұлғаларымызды қайта жаңғыртудың арқасында 
Қорқыт,  әл-Фараби,  Қожа  Ахмет  Ясауи,  Хусамеддин  Сығнаки, 
Сүлеймен  Бақырғани,  Асан  қайғы,  Жалайыри,  Дулати,  Әбілғазы, 
Рабғузи, қазақ жыраулары мен би-шешендері және тарихтың берідегі 
«Зар-заман ақындары», Махамбет сияқты есімдердің философиялық 
мағынада  халықтың  жадында  жанданғаны  белгілі  және  олардың 
дүниетанымдық  дәстүрлер  тұрғысынан  қазіргі  кезеңде  жан-жақты 
зерделеулерден өткізілу заңды құбылыс. 
Осы ғұламалардың шығармашылығына қарап қазақ халқының 
басқа халықтар сияқты философиялық ойлау жүйесі тарихи маңыз-
ды құбылыс ретінде қалыптасқанын және оның қайталанбас өзіндік 
ерекшеліктері бар екендігін айтуға болады. Ал сонымен қатар халық-
тың  әлем  туралы  терең  рационалдық  және  көркем  образдары  мен 
түсініктерінен қалыптасқан дүниетанымына қарап, оның тарихи про-
цесте  әр  түрлі  қиындықтарға  телініп  қалмайтын  ұлттық  рухы  мен 
ділінің биік өзіндік қайталанбас деңгейі болғаны тұжырымдалады. 
Қазақтардың  түркілік  дәуірі  кезеңінде  дәстүрлі  дүниетанымы 
болғаны мамандарға белгілі. Қазақ хандығы дәуірінің ақын-жырау-
лары  мен  би-шешендері  осы  орнықты  қалыпты  әрі  қарай  рухани 
сабақтастықпен  жалғастырады.  Жобаның  ауқымында  осы  қазақ 
этносының дүниетанымның сан қырлы сипаттамасы мен дәстүрлері 
талданады.  Жұмыстың  мәтіні  қазіргі  заманның  талаптарына  сай 
жаңа  әдіснамалық  ұстанымдарға  сүйенеді  және  жалпы  оқушы 
қауымға  теориялық  және  практикалық  тұрғыдан  көмегін  тигізетін 
мақсаттарға негізделген.
Түркілік  дәстүрлі  дүниетанымның  этикалық,  онтологиялық 
және антропологиялық мәселелерін зерттеудегі ғылыми нәтижелері 
болашақта еліміздегі сапалы оқулықтарды, оқу құралдарын қалып-

 
 
 
                      
                                                  7
 К І Р І С П Е
тастыруда, қазақ философиясы мен мәдениетінің тарихы бойынша 
арнайы курстарды дайындауда, сонымен қатар этникалық болмыс-
тың  рухани  қалыптасуы  мәселесін  ашуда  пайдалануға  болады. 
Жоспарланған мәселені зерттеу барысында авторлық ұжым алдымен 
нақты  тарихи  үдерістегі  философиялық  ойды  жүйелі  тұтастанған 
тұрғыда қарастыруға арқа сүйеді. Ол тарихи-философиялық мәселені 
гуманитарлық  білімнің  әртүрлі  салаларымен  өзара  байланыста 
қарастыруға мүмкіндік береді. 
Шынтуайтына келгенде түркі бабаларымыздың даналыққа толы 
құштарлығы мен тұжырымдары тек қана қазақ халқы үшін ғана емес, 
жалпы  түркі  тілдес  халықтарға,  бүкіл  түркі  әлеміне,  одан  кеңірек 
алсақ  барлық  адамзат  баласына  рухани  бағдар  болып  табылады. 
Сонау Орхон-Енисей жазбалары мен Абайдың кісілік философиясы, 
Шәкәрімнің  ар-ұят,  ұждан  философиясы  аралығында  игерілмеген, 
өзінің толық философиялық тұжырымдамасын жеткілікті деңгейде 
ала  қоймаған  дүниелер  әлі  де  жеткілікті.  Мәселен,  халықтың  діни 
сенімдері мен ұлттық ділі арасындағы өзара астарласу мәселесі өзі-
нің тыңғылықты философиялық зерделеуін алуға тиісті мәселелер-
дің қатарына жатады. Қазақтың әлемді қабылдауы батыстық үлгілер-
ден айырықша ұстындарға негізделген. Бұл да өзінше философиялық 
зерделеудің түрі. Ол даналықты, саз бен сөзді жоғары қоюшы жүйе 
десе де болғандай. Ал қазақ халқының даналық тағылымдары аталған 
тарихи  үлгіні,  мәдени  парадигманы  сабақтастықпен  жалғастырып 
келе жатқан бірегей мәдениет болып табылады.
Қазақ халқының жоғарғы кісілік және тұлғалық философиялық 
мәдениетіне мән беріп, назар аударған ғалымдардың көбісі халықтың 
дәстүрлі дүниетанымында «көркем образдар» әлемі үстемдік ететінін 
байқайды. Шыныменде, қазақтар әлемді ұғымдық мағынада шегелеп 
көрсетуден гөрі, көркем бейнелермен астарлап өрнектегенді қалап 
келген  халықтардың  қатарына  жатады.  Оның  бұл  ерекшелігі  оның 
кемшілігі  болып  есептелмейді,  керісінше,  ақынжанды  халықтың 
арманшылдығын,  ақкөңілділігін  және  даналығын  білдіреді.  Деген-
мен сан ғасырлар бойы ділге әсер еткен ауыр психологиялық соққы-
лар  мен  саяси  қыспақтар  бұл  ерекшелікті  біршама  көмескілеп, 
тұмшалап тастағаны байқалады.
Ал  қазіргі  кезеңде  жаһандану  үдерістері  алып  келген  сұрық-
сыздық, тұтынушылық психологиясы мен дарашылдық, өзімшілдік 
философиясы қазіргі замандасымыздың санасына енбей қоймайды. 
Міне,  сондықтан  бұрынғы  кісілікті,  ізгілікті,  қайырымдылықты, 
құтты, төзімділікті бәрінен жоғары қоятын халықтың санасы өзгеріс-
терге,  яғни  трансформацияға  ұшырауда.  Сөйтіп,  жаңа  тұрпайы 


        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
материалистік, прагматистік, тіпті, утилитарлық сипаттағы құнды-
лықтар жүйесі қоғамдық санада беки түсуде. Мұндай теріс мағына-
дағы  үдерістер  Жер  бетіндегі  барлық  халықтардың  тағдырына 
қатысты  екені  байқалады.  Қазақтар  сол  тұтастықтың  бір  бөлігі. 
Осыған  орай  қазақ  халқының  тағдыры  абстрактілі  мәселе  емес,  ол 
сол  халықтың  әрбір  өкілінің  бақытты  өмірімен,  дүниетанымымен 
астасып жататынын айтуға болады. Ал әрбір тұлға бақытты болуы 
үшін халықтың ғасырлар бойы қордаланған даналыққа толы рухани 
байлығын игеруі тиіс және әлеуметтің әрбір ғылыми мәселесін жан-
жақты  әдіснамалық  тұрғыда  зерделеу  әріптестеріміздің  қасиетті 
парызы.
Жалпы философияның өзі адамдардың еркін ойлау мәдениетін 
қалыптастыруға  бағытталған  ілім.  Оның  құрылымынан  догмалық 
түрде  қатып  қалған  көзқарастарды,  түсініктерді  іздеу  жаңсақтық. 
Ол үнемі ағып жатқан өзендей түрленіп жаңғырып отыруы тиіс. Тек 
тоталитарлық  қоғамда  ғана  философияның  аясы  тарылып,  белгілі 
бір  идеологиялық  қалыптардың  ауқымдарымен  шектеліп  отырыл-
ды. Әрине, ол дегеніңіз белгілі бір іргелі ұғымдар болмайды деген сөз 
емес. Қазақ дүниетанымы үшін ондай базалық негіз болған әмбебап 
ұғымдар бар екені белгілі. Мәселен, қазақтың дүниетанымдық және 
құндылықтық  әлемі  этикалық  ұстындарды,  негізінен,  адамаралық 
қатынастарда  өзектеп,  биікке  шығарып,  оны  барлық  бағдарлардан 
жоғары  қоятындығы  анық  көрсетіледі  және  осы  ұстаным  қазіргі 
зерттеулердің  басымдылық  танытатын  әдіснамалық  қағидасына 
айналған. Сонымен, өзара түсінісу философиясы қазіргі көпэтносты 
қазақстандық  қоғамның  рухани  келісімінің  дүниетанымдық  және 
әдіснамалық негізі болып табылады.
Қазіргі  кезеңде  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  ұсынған  және  елімізде 
іске  асып  жатқан  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы [1]  негізінде  өзінің 
болашағын, рухани бағыт-бағдарын анықтау үстінде, сонымен бірге 
әрбір қазақстандықтың көңілінде жатқан көптеген сұрақтардың ше-
шімі  табыла  бастауы  заңды.  Осы  Стратегияда  «біз  мемлекеттілігі-
міздің  рухани  мәселелері  экономикалық,  материалдық  мәселелер-
ден ешбір кем бағаланбайтын даму кезеңіне келіп отырмыз» [1, 51 б.] 
деп  орынды  көрсетіледі.  Демек,  халқымыздың  тарихи  өткенінде 
қордаланған  зияткерлік  байлығымызды  толығымен  болашақ  үшін 
қолдануға  тиістіміз.  Ол  қоғамымыздың  рухани  және  материалдық 
тұрғыдан дамуына өзінің игілікті ықпалын тигізетініне сенімдіміз.
Ал, енді «экономиканы, әлеуметтік мәселелерді бір жүйеге кел-
тіру  арқылы  қоғамға  тиімді  рухани  құндылықтар  жүйесін  қалып-
тастыруға болады» деген үстірт пікір кейбір замандастар арасында 

 
 
 
                      
                                                  9
 К І Р І С П Е
кездеседі.  Бұл  жаңылыс  пікір  болып  табылады.  Себебі,  руханилық 
қолайлылықтан  туындамайды.  Керісінше,  ол  қиындықты  адамдар 
жұмыла  отырып  бірге  жеңе  білуге  үйрену,  ешкімді  шыққан  тегі 
мен  түр-түсіне,  өмір  сүру  салтына  қарап  шеттетпеуден  басталады. 
Ал,  биік  деңгейдегі  руханилық  пен  мәдениет  орныға  бастаған 
қоғамда  құндылықтар  әлемі  өзінің  нағыз  шынайы  бейнесінде,  өз 
формасында болмысын көрсетеді және адам үшін қызмет етеді, жеке 
тұлғаны бұл өмірде бақыттылыққа жеткізеді. Қазақ ойшылдарының 
шығармашылығында  еркін  ойлауға  негізделген  осындай  бағыттағы 
озық даналық үлгілері көптеп кездеседі. Қазақтың, Абайдың кісілік 
философиясының мәні мен маңызы да осында. 
Тарихи  үдерістің  үздіксіздігін  қамтамасыз  ететін,  рухани 
сабақтастыққа,  бірлікке,  ынтымақтастыққа  негіз  болатын  рухани 
құндылықтар еркіндік пен шығармашылықтың, қайырымдылық пен 
ізгіліктің  арқасында  қалыптасады  және  дамиды.  Адамның  әлемге 
қатынасын  айқындаушы  факторлар  Ақиқаттың  заңдылығымен, 
оның үйлесімділікке толы ұстанымдарымен астасып жатады. Ал енді 
бір кезеңдерде өткен көшпелі мәдениетке сай құндылықтар жүйесі 
өзінің  ділінде  адамның  табиғатпен  үйлесімділігін  дәріптеумен 
ерекшеленеді.  Дәстүрлі  қоғамның  рухани  құндылықтары  көбінесе 
адамды тұрақтылыққа, әсемдікке жетелейді, оның бойындағы бояу-
лар  нәзік  лирикамен  көмкерілген,  техногендік  прагматизмнен, 
утилитаризмнен  алыстау  болып  келеді.  Сондықтан  қазіргі  заман-
ның өркениетті бағдарлары, ақпараттық технология мен нанотехно-
логияға  бетбұрған  постиндустриалдық  дамуы  дәстүрлі  қоғамның 
рухани байлығын тұтастай жоққа шығармауы тиіс, оны тиісті жерін-
де бейімдеп, рухани қажетіне жаратып пайдалана білгені жөн.
Енді  қазақ  хандығы  дәуіріндегі  әлеуметтік-мәдени  ахуал  мен 
ұлттық философиялық пайымдау типіне тоқталу үшін ә
діснамалық 
жағынан алғандағы негізін келесі тәсілдер қалыптастырады: жүйелі 
талдау тәсілі, аксиологиялық тәсіл, тарихи реконструкциялау (қайта 
жаңарту)  тәсілі  және  т.  б.  Әдіснамалық  құралдар  ретінде  тарихи-
лық  пен  логикалықтың  өзара  байланыс  әдісі,  салыстыру  тәсілі, 
жалпылау  және  типтендіру,  тарихи-философиялық  және  мәдени-
философиялық талдаудың ұстанымдары мен тәсілдері философия-
лық  герменевтика  мен  философиялық  компаративистика  әдістері 
қолданылады.  Зерттеу  пәнінің  ерекшелігі  кешенді  зертеуді  талап 
етеді және ол зерттеудің әртүрлі тарихи-философиялық тәсілдерін 
жасампаздықпен қолдануды қажет етеді. 
Ғылыми  мағынадағы  жұмыстың  теориялық  маңыздылығы 
тұтастанған  тұрғыда  ежелгі  заманнан  қазіргі  кезеңге  дейінгі  қазақ 

10 
        


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет