Философия, саясаттану


Ортағасырлық түркі философиясында



жүктеу 1.14 Mb.
Pdf просмотр
бет10/20
Дата15.03.2017
өлшемі1.14 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт ұғымының пайымдалуы
Аббасидтер  халифаты  саяси  тұрғыдан  ыдырағанымен,  руха-
ни  ықпалы  жағынан  әлі  де  қуатты  болуының  нәтижесінде 
ислам  діні  Сирия,  Мысыр,  Солтүстік  Африка,  Испания,  Еділ 
бойы,  Шығыс  Түркістан,  Шығыс  Азия,  Үндістан,  Иран-Сасан 
өлкелеріне  кеңінен  тараған  болатын.  «Құран  мен  Хадис  негі-
зінде  қалыптасқан  ислам  мәдениеті  өзінің  таралуы  кезеңінде 
түрлі дүниетанымдық мәдени қабаттардағы халықтардың құн-
дылықтары  арқылы  біртұтас  ислам  өркениеті  ретінде  қуатты 
даму, жаңғыру сатысына көтерілгендігін айтуымыз керек» [65, 
35  б.].  Осылайша  ислам  тек  бір  ұлттың  ғана  емес,  исламды 
қабылдаған ұлттардың мәдени-дүниетанымдық әлемін игеріп, 
ортақ дін сипатына еніп, ислам өркениеті ренессанс сатысына 
көтерілді. Өзіндік ерекшеліктерге ие дәстүрлі түркілік дүние-
таным  әмбебаптық  ислам  өркениетінің  қалыптасуының  құра-
лы ретінде қалып қоймай, ислам діні негізінде жаңаша түлеп, 
рухани  бірлік  деңгейінде  өзіндік  түрік-ислам  мәдениеті  мен 
өркениеті  көкжиегіне  көтеріле  білді.  Түрік-ислам  мәдениеті 
мен өркениеті XІ–XІІ ғасырлардағы Қарахан мемлекеті кезіндегі 
түрік  тілінде  жазылған  еңбектер  арқылы  өз  болмысын  нақты 
көрсете  бастады.  Бұл  дәуір  өзде-рінің  тілін  араб  және  парсы 
тілінен  төмен  санап,  менсінбей  жүрген  «ғұламаларға»  қарсы 
дәстүрлі түркілік мәдениет пен дүниетанымның айнасы – түрік 
тіліне  маңыз  берген  жаңа  рух  дәуірі  болатын.  Міне,  Иасауи 
дәуірінің  өзі  кез  келген  мәдениеттің  өзінің  дамуы  мен  жаңғы-
руын  төл  тілі  арқылы  ғана  жүзеге  асыратындығын  көрсететін 
түркілік ренесеанс дәуірі болатын.
Ахмет  Иасауидің  ілімі  мен  хикметтері  түрік-ислам  мәде-
ниетінің ең айтулы үлгісі, мирасы ретінде бүгінге дейін маңыз-
дылығы мен өзектілігін сақтап келеді. Ахмет Иасауидің өз дәуі-
рінің  ең  қуатты  білім  ордалары  мен  сопылық  мектептерінде 
араб,  парсы  тілдерінде  тәлім-тәрбие  көргенін  барлық  тарихи 
дерек  көздері  растайды.  Бірақ  Иасауи  түрік  перзенті  ретінде 
ілімін  ана  тілінде  жазды.  Өйткені  хәл  ілімінің  мәні  бойынша 
оның бар мақсаты – өз халқымен тұтастыққа, шындыққа ұласу 
болатын. Иасауи «мені танысын» дегендердің емес, «халқымды 
таниын»  дегендердің  ұстазы  болатын.  Шындығында,  оның 
хикметтерінен ислам мен түркілік дүниетаным қабаттарының 
біте  қайнасып,  өріліп  жатқанын  байқауға  болады.  Иасауидің 

94 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
бақыт туралы түсінігі оның жоғары тараушада қарастырылған 
хәл  ілімінен  туындайды.  Иасауи  тариқатынан  көптеген  мың-
даған мүрид-шәкірттер өтті. Олар тек атажұрт – Түркістанда 
ғана емес, Анадолыға өтіп кеткен түрік-селжүктердің арасын-
да да исламның таралуына кең ықпал етті. 
Ортағасырлық  түркі  ойшылдарының  ішінде  бақыт  ұғы-
мына арнайы тоқталғандардың қатарына әлемдік мәдениетке 
үлкен үлес қосқан он бірінші ғасырдың екі рухани алыбы Жүсіп 
Баласағұн  мен  Махмұд  Қашқариді  жатқызамыз.  Түрік-ислам 
мәдениеті мен өркениет көкжиектеріне алғаш болып жол сал-
ған  бұл  дәуірдің  атақты  данышпаны,  мемлекеттік  қайраткері 
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн (шамамен 1017/1021–1075) – ақын, 
ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Өмірі туралы мәліметтер 
аз  сақталған.  Замандастары  мен  өзінен  кейінгі  ұрпақтарға 
дарынды  ақын  ғана  емес,  ғалым  ретінде  де  танымал  болған. 
Философия,  математика,  медицина,  астрология,  өнертану, 
әдебиеттану, тіл білімі, т. б. ғылым салаларының дамуына зор 
үлес  қосқан.  Жүсіп  Баласағұнның  есімі  әлемдік  әдебиет  пен 
мәдениет  тарихында  «Құтадғу  біліг»  («Құтты  білік»)  дастаны 
арқылы  қалды.  Ол  бұл  дастанды  хижра  есебімен  462  жылы, 
қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылы жазып бітірген. Дастан-
ды «хандардың ханы» – Қарахандар әулеті мемлекетінің билеу-
шісі Табғаш Буғра Қарахан Қаған Әбу Али Хасан бин Сүлейман 
Арсланға  тарту  етеді.  Сол  үшін  хан  өз  жарлығымен  Жүсіп 
Баласағұнға  «хас  хажиб»  –  «бас  уәзір»  немесе  «ұлы  кеңесші» 
деген  лауазым  берген.  Дастанның  бізге  жеткен  үш  көшірме 
нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласында 1439 жылы көне ұйғыр 
жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада 
сақтаулы),  екіншісі,  XIV  ғасырдың  бірінші  жартысында  Еги-
петте  араб  әрпімен  (Каирдың  Кедивен  кітапханасы  қорында) 
көшірілген. Ал Наманган қаласынан табылған үшінші нұсқасы 
XII ғасырларда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба 
Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. 
Ғалымдар осы үш көшірме нұсқаның әрқайсысына тән өзіндік 
ерекшеліктерді жинақтай отырып, «Құтты білік» дастанының 
ғылыми  негізделген  толық  мәтінін  жасап  шықты. 
Кітаппен 
танысқан  адамдардың  әрқайсысы  өз  талап-тілектеріне  сай, 
қай  жақта  немесе  қандай  жағынан  қарастырылуына  орай 

 
 
 
                      
                                                  95
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт ұғымының пайымдалуы
әр  түрлі  аталды.  Мәселен,  «Мемлекет
 
құттылығы»,  «Әмірші 
әкімшілігінің ережелері», «Бақытқа бөлену ғылымы», «Әмірлер 
тәжі» және т. б.
Дастанның  көне  қолжазбасы  табылғанын  әлемге  тұңғыш 
рет  хабарлап,  1823  жылы  «Азия»  журналында  (Париж)  Вена 
нұсқасынан  үзінді  жариялаған  француз  ғалымы  Жауберт 
Амадес еді. Венгер ғалымы Германи Вамбери «Құтты біліктің» 
бірнеше  тарауын  неміс  тіліне  тәржіма  жасап,  1870  жылы 
Инсбрук  қаласында  жеке  кітап  етіп  бастырып  шығарды. 
Бұл  шығарманы  зерттеу,  ғылыми  мәтінін  дайындау  және 
аударма  жасау  ісімен  орыс  ғалымы  В.  Радлов  жиырма  жыл 
бойы  үзбей  айналысты.  «Құтты  білік»  дастанын  К.Каримов 
өзбек  тіліне,  Н.  Гребнев  пен  С.  Иванов  орыс  тіліне, 
А. Егеубаев қазақ тіліне, бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне 
(Пекин,  1984)  тәржіма  жасады.  Дастанның  әдеби,  тілдік, 
тарихи  тұрғыдан  ғылыми  мәні  ерекше.  Бұл  шығарма  бертін 
келе  қазақ  халқының  этникалық  құрамын  қалыптастырған 
ру-тайпалардың  орта  ғасырлардағы  тұрмыс-тіршілігін, 
наным-сенімін,  әдет-ғұрпын,  сөз  өнерін,  тілін  зерттеп  білу 
үшін  аса  қажетті,  құнды  мұра.  «Құтты  білік»  поэмасы  түркі 
тіліндегі  энциклопедиялық  шығарма.  Оны  жазуда  автор  сая-
си  сарынды  басшылыққа  алғандығын  аңғару  қиын  емес.  Ол 
Қарахандар  жоғары  дамыған  Мәуреннахр,  Шығыс  Түркістан 
тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. 
Шығарма  тек  саяси  трактат  көлемінде  қалып  қоймай,  орта 
ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам 
тағдыры,  өмірінің  мәні,  орны  мен  әлемдегі  рөлі  жайындағы 
мәселелер,  сондай-ақ  бақыт  пен  ізгілік  мәселелері  де  қара-
лады.  Сонымен  бірге  Баласағұн  философиялық  тұрғыда 
исламдық  дүниетанымда  болды.  Философияны  поэзия 
арқылы  жеткізу  орта  ғасырлық  шығыстық  үрдіс  еді.  Кітапқа 
көшпенділер  тұрмысы  мен  аңшылық  өнерін  көрсететін 
нақыл    сөздер,  мақал-мәтелдер,  тұрақты  сөз  тіркестері    де  
енген.    Қазақ    ғалымдары    Б.  Кенжебаев,    Ә.  Дербісәлиев,
Ғ.  Айдаров,  Ә.  Қоңыратбаев,  М.  Мырзахметов  еңбектерінде 
бұл көне жәдігер әдеби, тілдік, стильдік, философиялық, педа-
гогикалық, текстологиялық, әлеуметтік, тарихи, саяси, мәдени 
тұрғыдан зерттелді. Соның ішінде Жүсіп Баласағұнның қазақ 

96 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
халқы мәдениетінің қалыптасуына, қазақ жерінде ақыл-ойдың, 
даналықтың  дамуына  тигізген  ықпалы  мен  тәлім-тәрбие 
мәселелерін көтерудегі рөлі, көптеген халық даналықтарының 
ұқсастықтары  мен  сабақтастықтары  да  ғалымдар  назарынан 
тыс қалмады. 
6654 бәйіттен тұратын бұл еңбек әл-Фарабидің исламдық 
«маша‘ийун» (перипатетизм) философиясы негізінде жазылған 
саясатнама  әрі  адамзат  бақытына  жетелейтін  моральдық-
дидактикалық шығарма болып табылады. Жүсіп Баласағұн да 
әл-Фараби сияқты парасатты мемлекеттік басқару жүйесін төрт 
кісінің  сұхбаттары  арқылы  беруді  мақсат  еткен.  «Бұл  дәуірде 
ғылым  тілі  арабша  және  парсыша  болғанына  қарамастан 
еңбектің түркі тілінде жазылуын ислам өркениетіндегі түркілік 
дүниетаным  мен  мәдениеттің  жаңа  белесі  әрі  тәуелсіз  ел 
болудың алғышарты ретінде бағалауға болады» [65, 37 б.]. 
Философиялық және дүниетанымдық ойлауды поэзиялық 
әдістермен  жеткізу  Баласағұн  шығармашылығына  үлкен  ық-
пал  жасады.  Жалпыға  маңыздылығымен  және  шындыққа 
негізделген  ғылыми  еңбегінің  айқындығымен,  суреткерлік 
шабытпен  ішкі  арпалысын  бір  бойына  сыйғыза  білген  терең 
ой,  қуатты  қисынмен  құнды  пікір  түйіндеген.  Ең  бастысы 
–  өмірге  асқақ  тұрғыдан  қарап,  оның  терең  құпияларына 
үңіле  білуі  керек,  яғни  мұның  мәні  бостандыққа  ұмтылыс 
болмақ.  Егер  ғылыми  пайым  жасау  қажеттіліктен  туындаса, 
ал көркем шығармашылық шабыт құдіретін айқын танытады, 
бар  мүмкіндіктердің  ішінен  тандауға  еріктілікті  білдіреді. 
Шығармада адамның бақыты өзімшілдіктің шеңберінен тысқа 
шығып, Аллаh разылығы үшін көпке қызмет етумен байланыс-
тырылады.  Күнтуды  Одғұрмышты  өз  халқының  мүддесіне 
қызмет жасауға, тақуалық жолдан шығуға шақырады. Өйткені:
Жараспайды кезбе өмір сүргенің,
Тек ораза, намаз ұстап жүргенің...
Құлшылық қып өз жаныңды бағыпсың,
Өзін-өзі күйттеген жан бақытсыз 
[7, 146 б.]

Ғалам  құрылымының  орталығы  –  жер,  одан  әрі  жеті 
планетаның  жұлдыздар  орналасқан  белдеуі  бар.  Жер  сияқты 
олар  да  қимылсыз.  «Құтты  білікте»  Сакантір  (Сатурн),  Оңай 

 
 
 
                      
                                                  97
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт ұғымының пайымдалуы
(Юпитер), Құрұд (Марс), Иашик (Күн), Сәбит (Венера), Арзу 
(Меркурий),  Иалчик  (Ай)  сияқты  жеті  жұлдыздың  атауы 
берілген.  Ай  шарасы  әлемді  жер  мен  көкке  бөледі,  барлығы 
да үйлесімді, бағыныңқылы субординацияда тіршілік құрады. 
«Бұл Ай астындағы әлемге адамзат қоғамы да кіреді. Бұл қоғам 
да  қатаң  иерархия  қағидасына  құрылды.  Космологиядағы 
төрттаған Баласағұнның әлеуметтік философиясына ауысады. 
Бірақ  олар  әділет,  бақыт,  ақыл  және  қанағат  ретінде  аталды 
және «Құтты біліктің» төрт кейіпкерінің бойына жинақталды. 
Егер  бүгінде  экология  мәселесінде  табиғат,  қоғам  және  адам 
қарастырылса, ойшылдың ғалам, қоғам және адам мәселелерін 
зерделеуі  адам  өмірі  мен  табиғат  заңдарының  ортақтығы 
жайлы, олардың қатар өмір сүруге мүдделілігі жайлы еріксіз 
ой туғызады» 
[103, 146 б.]

Келесі  көрнекті  түркілік  ойшыл  Махмұд  Қашқари  (толық 
аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед) (1029–1101) – 
түркі тілдерінің тұңғыш сөздігін құрастырушы, энциклопедист-
ғалым,  атақты  «Диуани  луғат-ат-түрік»  еңбегінің  авторы. 
Қашғарда туып, Баласағұн қаласында өмір сүрген. Қарахандар 
ақсүйектері ортасынан шыққан. Әкесі Құсайын Мұхаммед Ма-
уреннахрды жаулаушы Боғыраханның немересі. Ол Қашғарда 
білім  алып,  Бұхара  мен  Бағдадта  оқуын  жалғастырған.  Түркі 
халықтарын  түгелге  жуық  аралап,  заң  ілімі,  арифмети-
ка,  Құран,  шариат  пен  хадис  бойынша  білім  алды.  Араб-
парсы тілдерін, әдебиеті мен мәдениетін меңгерді. XI ғасырда 
«Диуани луғат-ат-түрік» еңбегін жазып, түркі тілдерінің мәр-
тебесін  көтерді.  Кітапта  тек  түркі  сөздерін  теріп  жазып,  өзге 
тілден  енген  сөздерді  қолданбаған.  Ғалым  бұл  кітапта  Бағдад 
оқымыстысы Әбдірахман әл-Басридың (VIII ғ.) «Китабул айни» 
атты  еңбегі  негізінде  түзген.  Сөздіктің  түпнұсқасы  жоғалған. 
А.  Абулфатхтың  1266  жылы  жасаған  көшірмесі  1915  жылы 
Ыстамбұл  базарында  ескі  заттарды  сатушының  арбасынан 
табылған. Қазір Ыстамбұлдағы Фатих кітапханасында сақтаулы 
тұр. 3 томнан, 8 кітаптан тұратын еңбекте 6800 түркі сөзі ғылы-
ми жүйеге түсірілген. Ғалымның бұл кітабы ерте орта ғасыр-
лық  түркі  халқының  энциклопедиясы  сияқты.  Ол  түркітану 
тарихында тұңғыш рет тарихи-салыстырмалы әдісті қолданып, 
диалектология ғылымының негізін салды. Түркі тайпаларының 

98 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
ерекшеліктерін сақтай отырып, тіл байлығын зерделеу, айтылу, 
жазылу,  заңдылықтарын,  қолдану  аясына  қатысты  айырым 
белгілерін зерттеу ғалымның басты ұстанымы болды. Сөздерге 
түсінік  беруде  242  бәйіт  пен  262  мақал-мәтелді  пайдаланды. 
Ауыз  әдебиетінің  жоқтау  («Алып  Ер  Тоңға  өлді  ме?»),  айтыс 
(«Жаз  бен  қыстың  айтысы»)  үлгілерін  де  қамтыды.  Кітапта 
ерлік істерді мадақтаған, табиғат көріністері мен ғашықтықты 
жырлаған  жыр  шумақтары  кездеседі.  Түркі  топырағында 
Иасауиден  басталады  деп  танылып  келген  сопылық  поэзия 
үлгілерін  Махмұд  Қашқаридің  сөздігінен  табуға  болады. 
Ғалым  өз  сөздігінде  29  тайпаның  этноним,  топонимдерін, 
туыстық атаулары мен киім-кешек, тағам аттарын, салт-дәстүр 
ерекшеліктерін  атап  көрсетіп,  ұсақ  рулардың  таңбаларына 
дейін  сипаттайды.  Сол  кездегі  түркі  халықтарының  дүниені 
қабылдауы,  этикалық  нормалары  мен  құндылықтары, 
өзін-өзі  ұстау  әдеті  тілге  тиек  етіледі.  Әртүрлі  тайпалар 
арасындағы тарихи-мәдени байланыстар, Қазақстан мен Орта 
Азия  аумағында  болған  кейбір  тарихи  оқиғалар  жайында 
(Мәселен,  Ескендір  Зұлқарнайын  жорығы  туралы)  құнды 
мәліметтер келтіріледі. Ғалымның дөңгелек картасы ең ежелгі 
түркі картасы ретінде белгілі. Мұнда ол түркі халықтарының 
таралым  аймағын  көрсетеді.  Кітапты  түзуде  бірнеше  жылын 
сарп етіп, 1072–1078 жылдары Бағдад қаласында жазып бітірген. 
Бұл кітап 1997–1998 жылдары қазақ тілінде жарық көрді. Ау-
дарып,  баспаға  әзірлеген  А.  Егеубаев.  Махмұд  Қашқаридың 
«Түркі сөздігінен» басқа «Китап-и-джавахир ан-нахв фи луғат 
ат-түрік»  («Түркі  тілдері  синтаксисінің  құнды  қасиеттері  ту-
ралы»)  атты  еңбегі  болған,  бірақ  кітап  біздің  заманымызға 
жетпеген. Ғалым өзінің кітабы туралы «Түркі тілін үйренудің 
қажеттілігін өмір талабы мен ақыл таразысы әбден дәлелдейді. 
Түрік,  түрікмен,  оғыз,  жігіл,  яғма,  қырғыздардың  сөздері 
мен  сөйлеу  мәнерлерін  зерттеп,  қажеттісін  пайдаландым. 
Әрқайсысының  тілі  мен  салты  санама  әбден  қалыптасты.  Со-
ларды  мұқият  зерттеп,  арнайы  әліппелік  тәртіпке  келтірдім. 
Мәңгілік  ескерткіш  әрі  таусылмас  әдеби-көркем  мұра  боп 
қалсын деген  ниетпен түркі елдерінің  сөздігін жасап, кітапқа 
«Түркі  сөздерінің  жинағы»  деп  ат  қойдым.  «Жинақты»  сегіз 
бөлімге  топтастырдым.  Әрбір  тайпаның  тілінен  сөз  жасауға 

 
 
 
                      
                                                  99
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт ұғымының пайымдалуы
болатын  түбір  сөздерін  ғана  алдым.  Түркі  халықтарының 
бәйіт-жырлары мен мақал-мәтелдерінен мысалдар келтірдім. 
Бұл  кітапты  пайдаланғандар  кейінгілерге,  олар  өздерінен 
кейінгілерге жеткізсін деген ниетпен тағы біраз табылмайтын 
тіркестерді пайдаландым. Сөйтіп, бұл кітап ұрпақтан ұрпаққа 
халықтық  мұраны  қаз-қалпында  жеткізу  мақсатымен  қиянға 
қанат  қағып,  әсемдік  әлем  мәңгілік  өмірге  біржола  жолдама 
алдым», – деп жазды [104, 14 б.]
.
 ЮНЕСКО 2008 жылды ғұлама 
ғалымның туғанына 1000 жыл толуына орай «Махмұд Қашқари 
жылы» деп жариялаған болатын. 
Ж. Баласағұн сияқты М. Қашқари да имандылық мұратта-
рын  іздеп,  адамды,  оның  қалыптасу  жолдарын  қарастырады. 
Дүниетаным  көзқарастарының  негізінде  этикалық  бастау  жат-
ты.  Олардың  түсінуі  бойынша,  кез-келген  қоғамдық-саяси 
қызмет  моральдық-адамгершілік  қағидаға:  даналыққа,  әділет-
тілікке,  мейірімділікке,  бейбітшілікке,  қонақжайлыққа  т.  б 
негізделуге тиіс.
М.  Қашқаридың  әлеуметтік-имандылық  көзқарастары  – 
халқы туралы, оның әділеттілік пен бақытқа лайық өмірі туралы 
ойларынан  туындайтын  жалпы  дүниеге  көзқарасының  құрам-
дас бір бөлігі. Адам баласының бәріне бейбіт өмір, тыныштық 
пен бақыт тілейтіндіктен қонақжайлық ұғымын дәріптейді.
Қонақ келсе, құт келер.
Құт-береке қонақпенен бірге келеді: 
қонақ жақсылықтың белгісі, нышаны.
Қонақты қарсы алғын, асыңды күттірме,
Қуана жар салғын, бір затын зыттырма.
Қонақты құт деп білген ерлер кетті өмірден,
Қалыпты жаны жаман, пейілі қар көмірден [104, 38, 74, 82 бб.]
.
Бұл  өлеңдерде  қонақ  бақыт  пен  құт-береке  әкелуші 
ретінде көрінеді. Қонақ жақтырмайтын адам қоғамдағы негізгі 
адамгершілік  қағидасын,  этикалық  мінез-құлық  ережесін 
өрескел бұзады, сондықтан қандай да айыптауға лайық.
«Құт»  сөзі  молшылықпен  бірге  бақыт  идеясы  дегенді 
білдіреді.  Бұл  ұғымның  шығу  тегі  өте  ежелден  бастау  алады 
және дүниетанымның түрлі аспектілерін қамтиды» [105, 41 б.]. 

100 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
М. Қашқари кісі бақыты – байлықпен, материалдық жағдаймен 
(белгілі  бір  дәрежеде  маңызы  болса  да)  өлшенбейді,  адамның 
ішкі  жан-дүниесіның  байлығында  және  адамгершілік  іс-
әрекеттерінде  деп  санайды.  Кісіге  зұлымдық  жасаған  адам 
бақытты бола алмайды. Адам бақыты Алла еркіне тәуелді деп 
есептейтін,  алған  беттен  қайтпайтын  (ортодоксалды)  діндар-
лардан  бөлек  М.  Қашқари  ақыл-ой  мен  білім  арқасында  ғана 
адам бақытқа қол жеткізе алады деген пікірде.
Байлық – берген абырой – жайлаудағы қоңсыдай,
Опа жаққан әйелдей, тұрақтамай ол шырай.
Алтыныңа, малыңа масаттанба, ағайын,
Күн мен түнің бәрібір өте шығар жолшыбай.
Артық бұйым, адамзат, жауың болар түбінде.
Байлық деген топан су тау боратар
Ол иесін түбінде төмен қарай құлатар [104, 92 б.]
.
 
М.  Қашқари  еңбекті,  қоғам  мен  адам  өміріндегі  еңбектің 
жасампаздық  рөлін  жоғары  бағалады.  Еңбек  пен  бақыт  бір-
бірімен  өзара  тығыз  байланысты.  Ал,  жалқаулық,  жұмысы 
жоқтық  ащы  сынға  ұшырап,  мазаққа  айналады.  «Еңбек 
ешқашан  еш  кетпес»,  «Еккен  адам  ғана  өнім  жинайды», 
«Жазда  қатты  қимылдаса,  қыста  сүйсінер»,  «Еріншекке  есік 
те  (табалдырық  та)  асу  болар»,  «Еңбекқордың  еріні  майлы, 
жалқаудың  басы  қанды»,  «Жалқауға  бұл  (көлеңкесі  де)  жүк 
болар» [104, 33, 36, 41 бб.]
.
Кейінгі  буын  өкілдерінің  дүниеге  көзқарас  негізін  құрай-
тын мынадай мақал-мәтелдерден рухани сабақтастықты аңға-
руға болады: «Еңбек етпеген жігіт, басы бірікпеген халық бақыт-
ты бола алмайды», «Бақытқа бастар жол – еңбекте». Осылайша 
еңбек – құт, бақыт, өмірдің қайнар көзі болып табылады.
Ортағасырлық  түркі  философиясының  келесі  көрнекті 
өкілдерінің  қатарына  «Атабат-ул-Хақайиқ»  атты  еңбегімен 
танымал  Әдиб  Ахмет  Иүгінекиді  және  «Қиссас-ул-Әнбийа» 
сияқты  діни-этикалық  еңбектің  авторы  Рабғузиды  жатқызуға 
болады.  Көне  түркі  тілінде  жазылған  «Атабат-ул-Хақайиқ» 
(«Ақиқат  сыйы»)  түркі-ислам  мәдениеті  негізінде,  діни-
мораль  саласында  назым  жанрымен  жазылған  тәлімдік 

 
 
 
                      
                                                  101
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт ұғымының пайымдалуы
«насихатнама»  ретінде  танылады.  Бұл  еңбекте  аят  пен 
хадистер  арқылы  түркілерге  үйретілуі  тиісті  моральдық, 
діни  тәрбиенің  құндылықтық  негіздері  берілген.  «Атабат-ул-
Хақайиқ» сонымен қатар енді ғана теориялық тұжырымдамасы 
қаланып  келе  жатқан  сопылық  дүниетанымның  «Ахлақи 
Суфийана»  (сопылық  мораль)  кітаптарына  да  негіз  болды. 
Еңбектегі  «...дүниенің  зұлымдық  пен  жамандыққа  толуы, 
құлшылықтың  риякерлікке  айналуы,  мұсылмандардың 
көр  еліктеушілікке  (тақлит)  салынуы,  мешіттердің  қаңырап 
қалуы,  шарапханалардың  толыптасуы,  ғалымдардың  амал-
істен,  захидтердің  күнәдан,  даналардың  (арифтердің)  «ракс 
пен самадан» (зікір салудан) қолы тимеуі, жамандық-індеттің 
жайылуы» сияқты наразылықтары мен жан айқайы сол дәуір-
дің саяси-әлеуметтік тұрақсыздығынан көрініс береді [65, 42 б.]
.
Бiз  «Ақиқат  сыйы»  мәтiнiне  сүйене  отырып,  Ахмед 
Иүгінекидiң  адам  туралы,  адамның  өмiрлiк  мақсаты  мен 
мiндеттерiн атқаруға не кедергi, не көмекшi болатынын, адам 
құлықтары  мен  әрекеттерi  және  бақыты  туралы  ойларына 
тоқталып,  оларды  бiр  жүйеге  келтiруге  тырысайық.  Олай 
болса, бiз ең алдымен осы мәселелер тiнiне тереңдеп ену үшін 
мәтiндi саралап, әр сөздiң бағамына зер салуымыз қажет.
Бiрiншi  сөзiн  ойшыл-ақын  жалпы  бiлiмнiң  пайдасын, 
надандықтың  зиянын  сипаттауға  арнаған.  Бiлiмнiң  ең  басты 
қажеттiлiгi  немесе  пайдасы  адамға  бақыт  жолын  бiлдiруi. 
«Бақыт  жолы  бiлiм  арқылы  бiлiнедi»,  –  дейдi  Әдиб  Ахмед. 
«Бiлiм ал, бақыт жолын iзде». Бiлiм жолына түскен адам бақыт 
жолына түскендiкпен тең:
Ашылар бiлiмменен бақыт жолы,
Бiлiм ал, жолға түсiп бақыт толы, [106, 42 б.] – 
дей  келе,  бiлiмдiнi  бағалы  алтын  динармен  салыстырып, 
бiлiмсiздi  қара  бақырға  теңейдi.  Бұл  жердегi  бiлiм  түсінігi 
қасиет сияқты, бiлiмдi мен бiлiмсiз теңелмейдi: бiлiмдi тiрiсiнде 
ерлiк етедi, бiлiмсiз тiрiсiнде де, көрде де жатқан өлiкпен тең, 
бiлiмдiнiң  өзi  өлгеннен  кейiн  де  аты  қалады,  наданның  тiрi 
кезiнде де аты өлiк; бiлiмдi адам жоғары өрлейдi, ал бiлiмсiз 
төмен  қарай  құлдырайды.  Сондықтан  пайғамбардың  «бiлiм 

102 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
кiмде болса соны iзде!» деген сөзiне iлесiп, жалқаулыққа бой 
алдырмай, үйренiп бiлiм алу керек:
Атақпен бiлген өтер iрi жүріп,
Бiлместi «өлген» – дей бер тiрi жүріп.
Бiлгеннiң өзi өлгенмен аты өлмейдi,
Аты өшер бiлмегеннiң құры жүріп.
Бiлiмдi бiлiмсiздiң мыңын жеңер,
Ол бiлiп бiлiм iзiн, теңiн теңер,
Көр байқап, оқы, сына: бiлiм – пайда,
Бiлмесең – басқа не бар, сенiң нең ер?
Бiлiммен ғалым өсiп, көкке жетер,
Адамды наданшылық төмен етер.
Ерiнбе бiлiм iзден, Расул хақ
«Қадiрле бiлгендердi» [106, 72 б.], – деп көрсетер.
Сондықтан да бiлiмнiң теңеуi не өлшемi жоқ. Ол – жақсы-
лықтың  көзi,  тiптi  жақсылықтың  өзi  деуге  болады.  Бiлiмнiң 
қажеттiлiгiн Ахмед әдиб қарапайым, әр адамға түсініктi тағы да 
мынандай салыстырмалар арқылы жеткiзедi: «Сүйекке – май, 
адамға – бiлiм керек. Ердiң көркi – ақыл, сүйектiң көркi – май. 
Бiлiмсiз (кiсiнiң) жайы, майы жоқ сияқты»… Әдиб Ахмедтiң бұл 
нақыл  сөздерi  мақал  тәрiздi.  Мақалдар  осы  нақыл  сөздерден 
бұрын  пайда  болып,  кейiн  нақыл  сөзге  айналды  ма  (үбiлектi 
бiрдi  жығады,  бiлiмдi  мыңды  жығады»,  –  үбiлiмдi  бiр  (кiсiге) 
бiлiмсiз  мың  тең  келе  ме?)  [106,  51  б.],  әлде  Әдиб  Ахмедтiң 
бұл  нақыл  сөздерiнен  кейiн  түркi  халықтарында  осындай 
мақалдар  пайда  болып  қалды  ма,  бұл  тiл  мамандарының  iсi. 
Бiз үшін ақиқаты – Әдиб Ахмедтiң түркi халқынан (қазақтан) 
шыққандығы, ол осы мысалдардан-ақ айқын көрiнiп тұр.
Тағы бiр осы жерде айтып кететiн жағдай – ол Ахмед Әдиб-
тiң  бiлiм  туралы  айтқан  сөздерiнiң  одан  бұрын  осы  өңiрде 
дүниеге  келiп,  өмiр  сүрiп,  кейiн  барлық  адамзаттың  Екiншi 
Ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидiң немесе одан 5–6 ғасыр 
кейiн өмiр сүрген қазақ хакiмi Абайдың бiлiмнiң маңыздылы-
ғы  мен  қажеттiлiгi,  пайдасы  туралы  айтқан  ағартушылық 
сөздерiмен  дәлме-дәл  келдi.  Әсiресе,  әл-Фарабидiң  «бақыт 
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет