Философия, саясаттану


Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы



жүктеу 1.14 Mb.
Pdf просмотр
бет18/20
Дата15.03.2017
өлшемі1.14 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
да, оның бүгінгі заман үшін ұсынған тарихилық қағидалары-
ның өнегелілік мәртебесін түйсінеміз.
Қазақстанның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тарих 
толқынында»  кітабында  былай  дейді:  «Біздің  бәріміздің  де 
мақтаныш етуімізге тұрарлық мол мұрамыз бар. Өйткені ата-
бабаларымыз  адамзат  тарихында  өшпес  із  қалдырып  кеткен, 
Евразия  құрылығындағы  халықтардың  тағдырына  орасан 
зор  күшті  әсер  еткен.  Біздің  еліміздің  халықтары  ұлы  ата-
бабаларымызды мақтаныш етуге құқықты, ал Бумын, Естемін, 
Білге  қаған,  Күлтегін  сияқты  алғашқы  қағандардың  есімдері 
ежелгі ерте заманның өзге ұлы қолбасшыларының және мем-
лекет  қайраткерлерінің  есімдерімен  әбден  қатар  тұра  алады, 
олардың атқарған істері басқалардың атқарған істерінен артық 
болмаса, еш кем емес» [39, 94–95 бб.]. Олардың  өнегелі өмірі 
мен  қызметі,  артына  қалдырған  салиқалы  сабағы  мен  өсиет-
тері  бүгінгі  еліміздің  егемендігін,  мемлекетіміздің  тәуелсіз-
дігін,  халқымыздың  еркіндігі  мен  ынтымақ-бірлігін,  бақыты 
мен шаттығын ардақтауды және қастерлеуді ғибраттайды жә-
не үлгі етеді. 
Ислам  діні  түркі  даласы  мен  қаласына  Халифат  ор-
ныға  салысымен  ене  бастағанымен,  Х  ғасырда  ол  түркі 
халықтары  арасына  кеңінен  жайылып  таралды.  Осы  кезден 
бастап  исламның  саяси  және  әлеуметтік  ілімдері  негізінде 
қоғам  мен  мемлекетті,  саясат  пен  әлеуметті  зерттеу  –  оны 
нормативті-құқықтық және этикалық-философиялық тұрғыда 
қалыптастырды.  Нормативті-құқықтық  бағыт  мұсылмандық-
құқықтық  теорияға  сүйенді  және  басқа  ілімдердің  ықпалын 
сезінбеді.  Философиялық-этикалық  бағытта  зерттеушілер 
гректің саяси философиясының дәстүрлеріне сүйенді және оны 
мұсылман мемлекеті – Араб халифатының ерекшеліктеріне қа-
рай бейімдеп пайдаланды. Бұл дәуірдегі әлеуметтік-этикалық 
және саяси-құқықтық ойға түркілік дәстүрлі дүниетанымның 
да әсері болғанын теріске шығаруға болмайды. Оның жарқын 
мысалын  шыққан  тегі  түркілік  Әбу  Насыр  әл-Фарабидің 
бақытты қоғам мен идеалды мемлекет туралы көзқарастарын 
талдағанда байқауға болады. 
Саясат пен мемлекет, билік пен бақыт арасындағы айыр-
машылықтарға көңіл бөлмеген араб философтары бұл ұғым-

 
 
 
                      
                                                  173
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт метафизикасы
дарды  синонимдер  ретінде  бағалап,  саясат  пен  әлеуметтік-
саяси  ілімнің  басқа  нұсқаларын  ұсынды.  Саясат  мәселелерін 
қарастыруда  араб-мұсылман  философиясы  көп  жағдайда 
грек  философиясына,  әсіресе  Платон  мен  Аристотельдің 
көзқарастарына сүйенді және саясат, олардың көпшілігі үшін 
өздері  «қайырымды  қала»  деп  ат  қойған  идеалды  мемлекет 
істері туралы ғылым болып саналды. Мұндай қалалар ретінде 
олар  бірге  қатар  өмір  сүретін,  мақсаттары  бір,  бір  басшы-
лыққа  бағынған  шағын  қауымнан  бастап  Араб  халифатына 
дейінгі  адамдар  қауымдастығын  түсінді.  Бұл  мәселедегі  грек 
дәстүрлерін  мұсылманның  саяси  өмірімен  байланыстыру 
араб-мұсылман философиясының барлық тармағында өз бел-
гісін қалдырды. 
Араб  саяси  философиясының  атасы  атанған  әл-Фараби 
саяси билік тұжырымдамасының исламдық түбірлерін жақсы 
білді [141, 253 б.]. Ол саяси теория бұқара халықты қайырымды 
басқаруды  сақтау  мен  оны  ұйымдастырудың  тәсілдерін,  қала 
тұрғындарына қайырымдылық пен игіліктің қалай келетіндігін 
және бақытқа қандай жолмен жетуге болатындығын үйретеді 
деп атап көрсетті. Әл-Фарабидің әлеуметтік және саяси фило-
софиясына  сәйкес,  адам  бақытқа  және  өзінің  жетілуіне  тек 
қана  қоғамда  (бұл  жағдайда  мадинада,  немесе  қалада)  және 
адамдар  арасында  қалыптасқан  қатынастар  жүйесі  арқылы 
жетуі мүмкін. «Бұл дегеніміз, – дейді зерттеуші Г. Қоянбаева, 
–  әрбір  индивид  өзінің  табиғи  бейімділігін,  мінез-құлқын, 
темпераментін  қоғам  талаптарымен  және  оның  жүйесімен 
салыстыруы  керек...  «Адамдардың  бірге  тұруы»  талаптары 
адамды тәрбиелеу қажеттілігіне себеп болады, оған табиғатпен 
берілмейтін  қасиеттердің  қалыптасуына,  адам  мәдениеті 
әлемімен тәрбиеленуіне, яғни адамды тек қана талап-тілегіне 
сай емес, борышын өтеуге де итермелейді» [132, 297 б.]. 
948  жылы  Мысырда  жазылған  «Қайырымды  қала  тұр-
ғындарының  көзқарастары  туралы  трактат»  –  әл-Фарабидің 
кемел  туындыларының  бірінен  саналады.  Ол  бұл  еңбегінде 
қала  тұрғындарының  бақытты  өмірге  қол  жеткізуіне  жағдай 
жасайтын  жоғары  билік  пен  басқару  өнеріне  көбірек  көңіл 
бөледі.  Ізгілікті  қаланың  қайырымды  билеушісі  туралы  айта 
келіп, әл-Фараби қала тұрғындарының игілікті өмір сүруі билік 

174 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
өнеріне тікелей қатысты деп ой түйеді. Ол өзінің қарамағында 
халыққа  философияның  ақиқат-анық  қағидаларын  ұғындыра 
білетін  данышпан  философ  басқаратын  ежелгі  грек  ой-
шылдарының  «қайырымды  қала  туралы»  ілімін  (мысалы, 
бұл  ой  Платонда  «Мемлекет  туралы»  еңбегінде  де  кездеседі) 
исламдық негізде одан ары дамытты. 
Әл-Фараби  өзінің  бұл  трактатында  қала  тұрғындарын  бес 
топқа  бөледі.  Оның  ойынша,  «қайырымды  қала  ең  құрметті 
адамдардан,  шешендерден,  өлшеушілерден,  жауынгерлерден 
және байлардан тұрады» [100, 219 б.]. Қала бөліктерінің бірігуі, 
әл-Фарабидің  ойынша,  сүйіспеншілік  пен  әділеттілік  арқа-
сында  болады.  Ол  сүйіспеншіліктің  үш  түрін  атап  көрсетеді: 
1) қайырымдылыққа қатысы бойынша сүйіспеншілік; 2) пайда 
табу үшін; 3) ләззат алу үшін. Қайырымды қалада сүйіспеншілік 
ізгілікке қатысы бойынша пайда болады. Бұл туралы отырарлық 
ойшыл  былай  дейді:  «Бастамасы  жөніндегі  көзқарастардың 
үйлесуі – теңдесі жоқ Алла тағала туралы және рухани тектер 
туралы,  өнеге  болатын  ізгілер  туралы,  әлемнің  және  оның 
бөліктерінің қалай пайда болуы, адамның қалай пайда болуы 
туралы,  онан  кейін  әлемнің  бөліктерінің  қатарлары  туралы, 
олардың  өзара  қатысы  туралы,  олардың  тәңірі  мен  рухани 
тектер  жөнінде  алатын  орны  туралы  көзқарастардың  үйлесуі 
болады. Бастама міне осындай. Соңы дегеніміз – бақыт. Олардың 
арасында  тұрған  нәрсе  –  бақытқа  жеткізетін  әрекеттер»  [100, 
223 б.]. 
Сүйіспеншілікпен  қатар,  басқару  өнерінде  қала  тұрғын-
дарының арасында ортақ игіліктердің тең бөлінуін білдіретін 
әділеттілік  ерекше  рөл  атқарады.  Бұл  игіліктерге  аман-
саулық,  байлық,  қадір-құрмет  жатады.  Қала  тұрғыны  өзінің 
еңбегіне тең емес үлес алғанда, оның өзіне қатысты немесе қала 
тұрғындарына қатысты әділетсіздік туады. 
Әділеттілік  туралы  мәселе  қызмет  түрлерін  бөлуді  де 
қамтиды.  Қайырымды  қалада  әрбір  адам  ортақ  кәсіп  немесе 
жалпы жұмыспен шұғылдануы керектігін ескеру керек, өйткені 
1) әрбір адам кез келген емес, нақ бір белгілі жұмысқа жарамды 
болады;  2)  әрбір  адам  өзін  жұмысқа  толығымен  арнағанда 
оның  шебері  болып  шығады;  3)  белгілі  бір  жұмыстардың 
орындалатын белгілі мерзімдері болады. 

 
 
 
                      
                                                  175
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт метафизикасы
Ал әкімнің негізгі міндеттерінің бірі бұқара халықты немесе 
қала  тұрғындарын  тәрбиелеу  –  тәрбиеленуші  адамдардың 
бітім-болмысына  қарай  ізгілік  жолымен  немесе  мәжбүрлеу 
арқылы жүргізіледі. Әкім тәрбиелеуді әр түрлі әдістермен жүр-
гізеді. Әл-Фарабидің пікірінше, адамдарға жаратылысынан әр-
қилы күштер мен қабілеттер берілгенімен, олардың барлығы 
бақыттың  не  екенін  бірдей  түсіне  бермейді.  Бұл  үшін  оларға 
ұстаз және жетекші керек. Қоғамның барлық мүшелері үшін 
шынайы бақытты табуды мақсат етіп қойған ізгілікті қаланың 
әкімі ең жоғарғы жетекші болып табылады. 
Мінсіз  әкім,  әл-Фарабиге  сәйкес,  кемелденген  адам  бей-
несіне  көбірек  жақын  келеді,  ал  платондық  әкім  философқа 
көп ұқсайды, ол туралы Фарабидің өзі «Бақытқа жету туралы» 
трактатында  айтады.  Әл-Фараби  әкімдерді  төрт  топқа 
бөледі.  Бірінші  топқа  ол  нағыз  әкімді  жатқызады  және  оның 
бойында  даналық,  барынша  пайымдағыштық,  сендіре  білу 
қабілеті,  қиялының  ұшқырлығы,  қолбасшылық  қасиеті  және 
денсаулығының  мықты  болуы  сияқты  алты  қасиет  ұштасуы 
керек.  Осының  бәрін  өз  бойына  ұштастырған  адам  барлық 
уақытта  кімге  еліктеу  керек  екенін,  кімнің  айтқан  сөзі  мен 
ақылына  құлақ  қою  керек  екенін  көрсететін  үлгі  болады. 
Мұндай адам мемлекетті қалауынша басқара алады. 
Бірінші басшының қасиеттері туралы әл-Фараби «Ізгілікті 
қалада» да жазады және онда ол туа бітті он екі қасиетті атап 
өтеді: 1) дене мүшелері мен ағзасының мінсіз болуы; 2) түсіну 
мен  қабылдау  қабілетінің  жоғарылығы;  3)  жады  мен  есінің 
сақтау қабілетінің тиянақтылығы, ұмытшақтықтан ада болуы; 
4) көреген де зерек болуы; 5) шешендік өнерді меңгеруі; 6) бі-
лім мен танымға құштар болуы; 7) тағамға, ішімдік ішуге және 
сұхбат құруға ұстамдылық танытуы; 8) шындық пен оны жақ-
таушыларға сүйіспеншілігі; 9) ар-намысын ардақтау; 10) тобыр-
лық  өмірдің  атрибуттарын  жеккөру;  11)  әділеттік  сезіміне 
ие болуы және оны айналасына көрсете білуі; 12) қажетті істі 
атқарғанда табандылық танытуы.
«Қайырымды қалада» әл-Фараби екінші басшының қасиет-
тері туралы сұрақты қарастырады, олар бірінші басшыға қажет 
алғашқы  бес  немесе  алты  қасиетпен  шектеледі.  Бұл  шарттар 
мыналар: 1) дана болу; 2) бірінші имамдар белгілеген заңдар-

176 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
ды, ережелер мен әдет-ғұрыптарды жадында сақтау; 3) тиісті 
заңдар  сақталмаған  жағдайда,  бірінші  имамдар  үлгісімен, 
«шығармашылық» таныту; 4) зерек те тапқыр болу; 5) заңдарды 
орындауға  адамдарды  сөзбен  бағыттай  білу;  6)  әскери  істерді 
жүргізе  білу  үшін  тәндік  қуатқа  ие  болу.  Фараби  ары  қарай 
әкімдердің  үшінші  және  төртінші  топтарын  «Мемлекет  қай-
раткерінің  нақыл  сөздерінде»  кеңінен  қарастырады.  Алайда 
«нақыл сөздерде» антикалық философтардан алынған немесе 
антикалық еңбектердегі үзінділермен үндесетін тезистер де аз 
емес. Бұл жерде Платон мен Аристотель шығармалары аталып 
өтіп,  Сократ  еске  алынады.  Жалпы  алғанда  «Мемлекеттік 
басқару  өнері  немесе  бақыт  философиясы»  деп  аталатын 
еңбектің  авторы  А.  Қасымжанованың  айтуынша,  әл-Фараби 
қоғамды антропологиялық қырынан сипаттайды, «сондықтан 
ойшыл зерттеуді қажет ететін мәселе – «адамның ең жоғарғы 
кемелденуі» мәселесіне ерекше көңіл аударады. «Бақыт» ұғы-
мы  жеке  адамдық  қасиеттердің  жүзеге  асыруы  тұрғысынан 
зерделеніп,  «бақытты»,  «пайдалы»  және  «жағымды»  түсінік-
терінің арақатынасы ерекшеленеді» [142, 147 б.]. 
Әл-Фараби  қаланы  билеудің  алқалық  түрін  де  жоққа 
шығармайды. Биліктің бұл түрі туралы ол былай деп жазады: 
«Жақсы  қасиеттердің  бәрін  өз  бойына  ұштастыратын  адам 
болмаса,  бірақ  бұл  қасиеттер  бір  топ  адамдардың  арасында 
жеке-дара дарыған болса, онда бұл топтың мүшелері бірлесе 
отырып, әкімнің орнына ие болады, оларды жұрт жақсы бас-
шылар  және  қадірлі  адамдар  деп  атайды,  ал  олардың  бас-
қаруы қадірлі адамдардың басқармасы деп аталады. 
Әл-Фараби  қоғамды  мемлекеттен  бөліп  қарамайды.  Қо-
ғам-ның  өзі  адамның  ағзасы  сияқты  «Қайырымды  қала»  дене 
мүшелерінің  бәрі  де  тіршілік  иесінің  өмірін  сақтау,  оны  ана-
ғұрлым  толыққанды  ету  үшін  бір  бірін  толықтырып  тұратын 
адамның сау тәні сияқты көрінеді. Өйткені қоғам да оның толық-
қанды мүшелерінен тұрады және олар да бірін бірі қажетсінеді. 
Адамдардың  әлеуметтік  теңсіздігі  туралы  айтқан  әл-Фараби 
«адамдардың  әуелден  тоқымашы  немесе  хатшы  болып  тумай-
тыны сияқты қайырымдылық пен жаман әрекеттер де әуелден 
жаратылысынан  дарымайды»,  олар  адамдардың  бір-біріне  де-
ген үстемдік құруға ұмтылысынан пайда болған деген ой түйеді. 

 
 
 
                      
                                                  177
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт метафизикасы
«Қайырымды  қала»  трактатында  әл-Фараби  әлеуметтік 
әділеттілік  пен  еркіндікті  орнықтыратын  –  ізгілікті  қоғам 
туралы  ой  қозғайды.  Мұндай  қоғамды  ұлы  ойшыл  «әрбір 
адам екінші адамның өмір сүруіне қажетті үлесін беретін, бір-
біріне  көмектесетін  адамдарды  біріктіру  арқылы  ғана  адам 
өз табиғатына сай жету дәрежесіне ие болатын» қоғам түрін-
де  елестетеді.  Халықтың  аз  қамтамасыз  етілген  топтарын 
мемлекеттік  қолдау  туралы  бұдан  мың  жылдан  астам  бұрын 
айтылған  ғұлама  идеясы  бүгінгі  күні  де  мемлекеттік  ішкі 
саясатындағы  басты  міндеттердің  бірінен  саналады.  Осындай 
«жетілдірілген  қоғамда,  әл-Фарабидің  айтуынша,  бір- 
бірімен  қарым-қатынас  жасау,  көмектесу,  қолдау,  ұжымдасу 
адамдардың  өмірлік  қажеттілігіне  айналады».  Әл-Фараби 
мұндай қоғамды тумысынан табиғат берген он екі қасиеті бар, 
ақылды,  білімді,  сабырлы,  иманды,  рухани  билікті  ізгілікті 
билікпен ұштастыратын, адам қасиеттерін бағалауға қабілетті 
адам басқаруы керек дейді. 
Әрбір  отбасын  қоғамның  кішкене  бөлшегі  ретінде  қарас-
тырған  әл-Фараби  оның  өзінің  жеке  мақсаты  болады,  бірақ 
бұл мақсат қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуі тиіс, 
яғни  адамдар  өздерінің  жеке  мүдделерін  қоғамның  жалпы 
мүдделеріне бағындыруы керек дегенді айтады. «Мемлекеттік 
билеушінің  нақыл  сөздерінде»  ол  отбасы  мүшелерін  (Арис-
тотель  сияқты)  бірнеше  бөлікке  бөледі.  Олар  ері  мен  әйелі, 
қожайыны мен қызметшісі, ата-ана мен балалары, мал-мүлкі 
және оның иелері. Үйдің өзіне тән мақсатын қала белгілейтін 
ортақ  мақсатқа  жұмылдыруын  әл-Фараби  адамдардың  адам-
гершілік қасиеттерінің көрінісі деп есептейді. Ал адамдардың 
көздеген  мақсаттарына  жетуі  оның  өзіне  ғана  байланысты, 
шын ақыл-парасатқа, ізгілікке, игілікке тек адам ғана қабілетті, 
бұл адамның қолы жете алатын ең биік меже деп ой қозғайды 
отырарлық ойшыл. 
Адамның  шын  бақытқа  қол  жеткізуі  оның  осы  дүниедегі 
іс-әрекеттері  мен  амалдарына  байланысты  екендігіне  назар 
аударған  әл-Фараби  адамдар  өзін  өзі  жетілдіруі  және 
қиындықтан  қашпауы  тиіс  дейді.  Оның  айтуынша,  адам 
өміріндегі  «жақсылық»  пен  «жамандық»  тағдырдан  екен-
дігіне  қарамастан,  оған  Жоғарыдан  ерік  берілуі  себепті  бұл 

178 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
адамдардың күнделікті іс-қимылына да байланысты. Адамның 
табиғи  қабілеті  жақсы  әдетті  де,  жаман  әдетті  де  істеуге  бір-
дей мүмкіндік береді, ал оны таңдау адамның ізгідікті немесе 
зұлым  мінез-құлқына  келіп  тіреледі.  Сондықтан  да  адамның 
жақсы істерге үйір болуы оның мінез-құлықтық жетілуіне де 
тәуелді.
Бүкіл  араб  саяси  философиясында  саясатқа  көзқарас, 
батыстық  саясатпен  салыстырғанда,  адамгершілік  мазмұны-
мен сипатталады. Осы жағынан алып қарағанда саясат «саяси 
адамгершілік философиясы немесе этикасы» ретінде көрінеді. 
Сондықтан  әл-Фараби  саясаттың  басты  мақсаты  адамдарды 
бақытқа жеткізу, игілікпен қауыштыру деп санайды. 
Қайырымды  қаланың  орнығуында  әл-Фараби  мұсылман 
құқығының  ұстындарын  да  ескереді,  оны  ақыл-парасаттың 
дамуы және қайырымдылықтың нығаюымен байланыстырады. 
Ол тұжырымдаған жағдайдың бәрінде мұндай қала билеуші-
лері исламдық құндылықтар мен моральдық-этикалық қалып-
қа  сай  болып  келеді.  Араб  халифаты  заманында  өмір  сүрген 
әл-Фараби  өзінің  зерттеулерінің  тақырыптық  шеңберінде 
саяси-әлеуметтік  философияны  діни  догматикамен,  фыкhпен 
–  мұсылман  құқығы  доктринасымен  бір  қатарға  қояды.  Грек 
философиясының ықпалын терең сезінгенімен ол бұл бағытта 
исламнан түбірлі бетбұрыс жасай алмайды керісінше оны осы 
жаңа арнада дамытады. Әл-Фарабидің саясат пен этика туралы 
айтқан  құнды  ойлары  тек  Араб  Шығысы  мен  Орталық  Азия 
елдерінде ғана емес, Мағриб елдеріне, сол арқылы Еуропаға да 
өз ықпалын тигізіп, ол жерлердегі әлеуметтік философияның 
дамуына  өзіндік  үлесін  қосты.  Оның  саяси-құқықтық  және 
этикалық  идеялары  ортағасырлық  және  жаңа  замандық 
әлемдік ойшылдардың еңбектерінде көрініс тапты. 
Сонымен,  тарауды  қорытындылайтын  болсақ,  күнделік-
ті  әңгімеде  өте  көп  қолданылатын  бақыт  терминінің  фило-
софиялық  мәні  мен  мағынасы  өте  кең  әрі  терең  де  күрделі 
болып  шықты.  Барлық  адамзаттың  арманына  айналған  бұл 
феноменнің ортағасырлық түркі философиясындағы талдануы 
осыны дәлелдейді. Бақыт бір қырынан алғанда адам мен әлем 
арасындағы  рухани  қатынастан  аңғарылатын  объективті  бір 
сипатта  болса,  келесі  қырынан  қарағанда  адамның  өзінің 

 
 
 
                      
                                                  179
Ортағасырлық түркі философиясында 
бақыт метафизикасы
субъективті рухани жетілуін білдіреді, ал үшінші бір маңызды 
қыры  –  ол  адамның  өзінің  әлеуметтік  жаратылысымен  бай-
ланыстағы  қоғамдық  сипаты.  Біз  бұл  тарауда  ортағасырлық 
түркі  ойшылдарының  тұжырымдауындағы  бақыт  ұғымының 
осы маңызды қырларын талдау арқылы бұл күрделі феномен-
нің метафизикасын ашып беруге тырыстық.

180 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен,  ортағасырлық  түркі  дәуірінде  өмір  сүріп,  ар-
тына  мол  рухани  мұра  қалдырған  ойшыл  бабаларымыздың 
– Бумын мен Естеми қағандардың, Тоныкөк пен Күлтегіннің, 
Қорқыт  ата  мен  Әбу  Насыр  әл-Фарабидің,  Жүсіп  Баласағұн 
мен  Махмұд  Қашқаридің,  Қожа  Ахмет  Иасауи  мен  Ахмет 
Иүгінекидің және тағы басқаларының бақыт туралы толғаған 
ой-толғаулары  әлемдік  рухани  мәдениеттің  қазынасына 
қосылған  үлкен  үлес  болды.  Әрқайсысы  бір  таусылмас  кен 
тәрізді  бұл  данышпандардың  ілімдері  іс-түзсіз  жоғалып 
кеткен  жоқ.  Керісінше,  тәлім-тәрбиенің  үлгі-өнегесін  көрсе-
тіп, осы Орталық Азияны мекен еткен түркі тілдес халықтар-
ға, оның ішінде қазақ халқының рухани дамуына өзінің ора-
сан зор әсерін тигізді. 
Түркілік  бұл  ғұламалардың  тарихи  тағлымы  мен  рухани 
сабақтастығының  айқын  белгісі  бірнеше  ғасырдан  соң  түбі 
бір  түркі  тайпаларының  айырылысып,  әрқайсысы  өз  алдына 
мемлекеттілігін  айқындап  жеке  отау  тіге  бастаған  тұста  көш-
пелі  қазақтардың  әлеуметтік  бақытты  қоғамын  құруды  аң-
сап, аңсап қана қоймай, тікелей практикалық тұрғыда жүзеге 
асыруға  тырысқан  Асан  қайғының  «Жерұйық»  ілімінен  аңға-
рылды. Халқының болашағына алаңдаған сәуегей қарт қазақ-
тың Қорқыттан кейін қадірлейтін абызына айналды. 
Туған  жері  мен  атамекенін  қастерлейтін  қазақ  және 
түркі  халықтарында  мұндай  әлеуметтік  тұрғыдағы  бақытты 
қоғамды  белгілі  бір  мекендермен  байланыстыратын  да  үрдіс 
бар:  «Өтікен»,  «Ергенеқон»,  «Жиделі-Байсын»,  «Еділ-Жайық» 
және т. б. Ортағасырлық түркі философиясындағы негізгі мәсе-
лелердің  бірі  болған  бақыт  тақырыбы  кейінгі  Қазақ  хандығы 
тұсындағы жыраулардың шығармашылығында қазақ бақытын 
іздеумен  байланыстырылды.  Қилы  заманда  қазақтың  қамын 
жеген  бұлардың  қатарына  Дайырқожа,  Қазтуған,  Доспамбет, 

 
 
 
                      
                                                  181
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Шалкиіз, Жиембет, Марқасқа, Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей 
және  Бұқар  тәрізді  ұлттық  рухтың  туын  биік  ұстаған  батыр-
жыраулар мен дана-жырауларды жатқызамыз. 
Қазақ халқы құрған рухани құндылықтардың ішінде ақын-
жыраулар  шығармашылығы  маңызды  орын  алады.  Жырау-
лар  мен  ақындар  түркілік  кезеңнен-ақ  өз  шығармаларында 
мәңгілік  философиялық  мәселелерді  жырлады.  Осыдан 
шыға  отырып,  біз  ақын-жыраулар  шығармашылығының 
тек  қалыптасу  кезеңіне  ғана  тоқталуды  жөн  көрдік,  олар 
халық  даналығымен  сусындаған.  Оларға  әлеуметтік-саяси, 
адамгершіліктік,  философиялық  көзқарастарды  көрсететін 
ертедегі  түркі  ескерткіштерін,  мақалдар  мен  мәтелдерде 
көрініс берген халық ауыз әдебиетін жатқыза аламыз. Дүние-
танымның  қалыптасуына  исламға  дейінгі  және  исламнан 
кейінгі діншілдік көп әсер етті. 
Ақын-жыраулардың  көзқарастарының  калыптасуының 
маңызды  қайнар  көзі  көнетүркі  жазбалары  болып  табылады. 
Ең  көне  Орхон-Енисей  жазба  ескерткіштерінде  табылған 
халыққа, Отанға деген сүйіспеншілікті жырлаған, еркіндік пен 
тәуелсіздікті аңсаған жазбаларға басқа ешбір ескерткіш тең келе 
қоймас.  Көнетүркілік  кезеңдегі  адамгершіліктік  ұстанымдар 
ата-бабаларымыздың  ойлау  деңгейін  ақын-жыраулардың 
этикалық  көзқарастарымен  салыстыруға  мүмкіндік  береді, 
адамгершіліктіктің  дамуына  байланысты  сабақтастықтың 
болуын қарастырады.
Одан  кейінгі  бақыт  туралы  түсініктің  трансформациясы 
қазақ  халқының  тәуелсіздігін  жоғалтып,  отаршылдыққа 
түсуімен  байланысты  еді.  Ұлт-азаттық  күрестегі  өршіл  рух 
Махамбеттің, Шернияздың, Нысанбайдың поэзиясында көте-
рілгенімен,  зар-заман  ақындары  Дулаттың,  Мұраттың  және 
Шортанбайдың  шығармаларында  шарасыздық  бой  көр-
сетеді.  Жалпы  қазақтың  барлық  ақын-жырауларының,  би-
шешендерінің,  көптің  алдындағы  көсемдерінің  барлығының 
дерлік  туындыларында  сонау  ортағасырлық  түркі  ойшыл-
дарынан  мирас  болып  қалған  өмірмәндік  сипат  пен  этика-
лық бағдар ерекше байқалып тұрады. Ал терең діни астардағы 
этика  Абай  мен  Шәкәрімнің,  Мәшhүр  Жүсіп  пен  Ғұмар 
Қараштың шығармашылығында айшықты көрініс тапты. 

182 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
Көне  заманнан  бастап  қазақ  халқы  мәдениетінің  өзіндік 
ерекшелігі осы мәдениеттің мазмұны болып табылатын руха-
нилық  мәселесі  еді.  Қазақтардың  мәдениетінің  өзіндік  ерек-
шелігін түсіну олардың қауымдастығы мен өмірлік мәндеріне 
негізделген  дербестігі  мен  сапалы  қоғамды  анықтай  алуымен 
сипатталады.  Мұнда  қоғамдық  болмыстың  түрлі  жақтары, 
қоғамдық  сананың  онтологиялық,  гносеологиялық  қырлары, 
дамудың ішкі қайнаркөздері жинақталған. Өзіндік ерекшелік 
тарихтың  қозғаушы  күші,  мәдениеттің  өмірлік  негізі,  қоғам 
дамуының динамикалық принципі болып табылады. 
Түркілік  мәдениет,  кейінгі  қазақ  қоғамы  тұлғааралық 
қатынастарға,  рухани  құндылықтарға  негізделген.  Ол  эконо-
микалық  қатынастардан  асып  түсетін  тұлға  аралық  қаты-
настармен сипатталады. Бұл қоғамға рухани өзара байланыс-
тағы жалпы құндылықтар тән. Мұндай тәсіл Шығысқа тән, орта 
ғасырда  пайда  болған  философиямен  айналысудың  универ-
ситеттік  түрі  де,  рационалдық  түрі  де  болмаған.  Философия 
мәдениеттің философиялық негіздерін бағамдай отырып жаңа 
мәнде көрінеді, әмбебаптарды бейсаналықтан шығарып, яғни 
философиялық  ұғымдар  мен  категорияларды  құрады.  Бірақ 
Шығыста  философиялық  емес  пікірлердің  болуына  байла-
нысты бұл ұғымдар әдеби не діни түрде құрылған мәтіндердің 
дәстүрлі түрлеріне сіңіп кетеді. Бұл философиялық жүйелерді 
әлеуметтік  мәдени  контексінде  құруға,  философемалардың 
дүниетанымдық түрдегі мәтіндерден шығаруға алып келеді.
Түркілердің  болмыс  шындығына  жақындығы,  әлемді 
қабылдаудағы сезімдік қатынасы уақытты, кеңістікті, адамның 
ішкі  әлемін,  болмыс  мәнін,  адамгершілік  ұстанымдарды 
түсіну  арқылы  көрінді.  Осының  бәрі  қазақтардың  қоғамдық 
болмысында  бар,  осыдан  ешқандай  дүниені  түсінумен 
ауыстыруға  келмейтін  әлемнің  ұлттық  бейнесі,  дүниетанымы 
пайда болады.
Бірнеше  ғасырларға  созылған  бодандық  пен  тоталита-
ризмнен  кейінгі  тәуелсіздікке  қол  жеткізген  Қазақстанның 
бүгінгі жағдайында бірегейлікті қалыптастыру үшін де тарихи 
өзіндік  сананы  жаңғыртып,  мәдени  мұраны  игеру  өзектілік 
пен  маңыздылыққа  ие  болып  отыр.  Өткеннің  мәдени  және 
рухани  мұрасы  ұлттық  бірегейліктің  жүйе  құраушы  ықпалы 
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет