Философия, саясаттану



жүктеу 1.14 Mb.
Pdf просмотр
бет19/20
Дата15.03.2017
өлшемі1.14 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
ретінде қарастырыла алады және өткеннің тарихи мұрасы мен 
қазіргінің  үйлесімді  ұштасуы  арқылы  ғана  болашаққа  батыл 
қадам  жасауға  болады.  Жалпы  алғанда  біз  кімбіз  және  таяу 
болашақта  кім  боламыз  деген  мәселенің  басын  ашып  алуда 
халқымыздың  дәстүрлі  даналығын,  сондай-ақ  ортағасырлық 
түркі  философиясының  қалдырған  рухани  мұрасын,  оның 
ішінде бақытқа жету туралы ілімдерін игерудің маңызы зор. 
Қазіргі  өркениет  ғылыми  қауымдастықтың  алдына  адам-
заттың  руханилығы  мәселесін  мейлінше  өткір  қойып  отыр. 
Ішкі жан-дүниеңнің жайлы жағдайын қалыптастырудың, ішкі 
ұмтылыстарды тысқары дүниенің қарама-қайшылықтарымен 
үйлесімге  келтіруді  үйренудің  қажеттілігі  жаңа  дүниетаным 
қалыптастыруға  бағдарланған  философиялық  теорияларды 
алдыңғы  орынға  шығарып,  өмірқамының  құндылықтық 
құрамдастарын  зерттеудің  басымдылығын  айқындайды. 
Сенім  мен  үміт,  сүйіспеншілік  пен  мейірімділік,  ізгілік  пен 
қайырымдылық, даналық пен білімділік, сұлулық пен әсемдік, 
бақыт пен шаттық сияқты әрі қарапайым әрі күрделі рухани 
құндылықтардың  өзектілігі  оларды  зерттеуге  итермелейді. 
Бүгінгі  күні,  біздің  ойымызша,  адамзат  дүниетанымының  ең 
басты құрамдас бөлігі – бақыт туралы көзқарастарды зерттеу 
аса маңызды теориялық және практикалық маңызға ие болып 
отыр.  Бақытты  сезіну,  оның  ішкі  мәнін  ұғыну,  оны  ішкі  жан 
дүниенің  жайбарақат  қалпы  ретінде  түсіну  адамның  бүкіл 
рухани дүниесін өз бойына тартып ұстайтын өмірлік қажеттілік 
ретіндегі бақыт түсінігін тудырады. 
Монографиялық  зерттеудің  мазмұнынан  байқалғандай, 
бақыт феномені өз мәнінің сандық та сапалық та зерттелуінің 
нысанына айналды. Бұл этикалық категорияға қатысты ғылыми 
ізденістердің  шоғыры  аксиологиядан  басталып,  бақыттың 
психологиясы мен социологиясына дейін созылады. Өткеннің 
барлық этикалық философиялық жүйелерінде бақыт түсінігін 
зерделеу  идеалды  күйінде  ғана  қолданыс  табатын  теория-
лық  мәнге  ие  болса,  ал  қазіргі  фелицитологиялық  ілімдер 
бақыттылық  жағдайына  жетудің  практикалық  тәсілдерін 
қалыптастыруды мақсат тұтады. Мұндай эмпирикалық бағдар 
бақыттың мәнін дәстүрлі мәдениет пен дүниетаным тұрғысы-
нан пайымдауға жетелейді. Және бұл халық санасына егілген 

184 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
бақыт  төңірегіндегі  дәстүрлі  этикалық  құндылықтар  (біздің 
жағдайымызда  ортағасырлық  түркілік  фәлсафадағы  бақыт 
түсінігі)  қазіргі  адамның  рухани  әлемінде  дүниетанымның 
жаңа жағымды қалпын қалыптастыруы да әбден мүмкін. 
Сонымен,  зерттеу  жұмысын  қорытындылай  келе,  оның 
мынадай  басты  тұжырымдарын  түйіндеуге  болады.  Бірінші-
ден,  ортағасырларды  қамтитын  мыңжылдық  уақыт  аралығы 
Орхон-Енисей  ескерткіштерінен  белгілі  түркілік  дәстүрлі 
дүниетанымдағы  Бақыт  метафизикасы,  түркі  халықтарының 
ортақ  абызына  айналған  Қорқыт  ата  дүниетанымын,  «Оғыз-
наме»  мен  «Кодекс  куманикус»  ескерткіштерін,  ислам  ренес-
сансы тұсындағы түркі философиясы мен әдебиетін, әл-Фараби 
философиясын,  Махмұд  Қашқари  мен  Жүсіп  Баласағұн  мұ-
расын,  түркілік  ислам  философиясы  мен  теологиясын,  оның 
ішінде Халлаж Мансұр мен Әбу Мансұр әл-Матуриди, Ахмед 
Иүгінеки мен Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани мен 
Хұсамеддин Сығнақи шығармаларын, Насреддин Рабғузи мен 
Хорезмидің,  Хұсам  Кәтиб  пен  Сәйф  Сарайидің,  Құтыптың 
еңбектеріндегі  даналық  тағлымдарындағы  өзекті  тақырып. 
Бұл  ойшылдар  мен  олардың  ілімдерінің  бағыт-бағдары  әр-
түрлі  болғанымен,  оларды  түбі  бір  түркілік  дүниетанымның 
ортақ негізі, сондай-ақ олардағы экзистенциалдық сарын мен 
этикалық бағдар біріктіріп тұр.
Екіншіден,  егер  Батыста  экзистенциалдық  философия 
өмір  философиясына,  феноменологияға,  герменевтикаға  жа-
қын тұрса, ал түркі философиясында, оның ішінде қазақ дана-
лығында  экзистенциализм  этикамен  бірегейленеді.  Ортаға-
сырлық  түркі  философиясында  да  адам  өмір  сүруінің  мәні 
басым көпшілігінде рухани-адамгершілік тұрғыда, метафизика-
лық  және  экзистенциалдық  өлшемдермен  байыпталады.  Ор-
тағасырлық түркілік дүниетанымда, негізінен «құт» ұғымымен 
түсінілетін  және  түсіндірілетін  бақыт  тақырыбы  ең  негізгі 
дүниетанымдық мәселелердің қатарына жатады. Біздің ұлттық 
дүниетанымымыздағы  бақыттың  мән-мағынасы  ортағасырлық 
түркілік  философиядан  бастау  алады  және  олардың  арасында 
терең рухани сабақтастық бар. Қоғамдағы сабақтастық адамдар 
оны сезінсін, мейлі сезінбесін, алдыңғы іс-әрекеттің нәтижелерін 
кейінгі ұрпақтың мұралануы ретінде қызмет етеді. 

 
 
 
                      
                                                  185
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Үшіншіден,  бақыт  әлемге  деген  рухани  қатынастан  туын-
дайды. Барлық діндер орасан зор маңызы бар айғақты бекітіп 
отыр:  адамзаттың  ақыл-ойы  белгілі  бір  сәттерде  тек  сезімдік 
қабылдаулардан  ғана  емес,  логикалық  құрылымдардан  да 
жоғары  көтеріле  алуға  қабілетті.  Бұл  деңгейге  шыға  отырып, 
ол сезімдермен қабылдана алмайтын және логикалық жолмен 
санаға  сіңіріле  алмайтын  айғақтармен  бетпе-бет  келеді.  Дәл 
осы айғақтар әлемнің барлық діндерінің негізінде жатыр. Біз, 
әрине,  оларды  сананың  таразысына  сала  аламыз.  Дегенмен 
де  әлемдегі  барлық  діндер  ақылға  сезімдік  қабылдаулардың 
шектеулілігін ғана емес, сананың шектеулілігін де игере алатын 
қабілет  береді.  Діндер  осы  қабілетті  айғақ  ретінде  алдыңғы 
орынға  шығарады.  Бұл  рухани-лық  болып  табылады.  Ал 
осы  руханилықты  қалыптастырудағы  негізгі  тұжырымның 
бірі  –  адамзаттың  бақытқа  деген  ұтмылысы  мен  оның  бақыт 
төңірегіндегі толғанысы болып табылады.
Төртіншіден,  ортағасырлық  түркі  ойшылдарының
  адам 
туралы  антропологиялық  көзқарасының  жиынтығын  «кемел 
адам»  тұжырымдамасы  арқылы  түсіндіруге  болады.  Жалпы, 
араб  тіліндегі  «камал»  (қазақша  да  камал,  кемел,  кәміл  деп 
айтыла береді) сөзі «жетілген», «толық», «бүтін» деген ұғымдар-
ды  береді.  Және  бұл  кемелдікпен  сипатталатын  жетілу  идея-
сының адамға, «адамшылыққа», арабша «инсанийаға» қатысты 
екендігін  атап  өту  керек,  яғни  «камалун»  сөзі  адамгершілік 
жетілуді  аңғартады.  Жалпы  «әл-инсан  әл-камил»  немесе 
«жетілген адам» тұжырымдамасы ислам мәдениетінде кеңінен 
талқыланған тұғырнамалардың бірі. Инсан-и камил сопылық-
та  «толық  адамды»  білдірсе,  ортағасырлық  фәлсафада  ізгі 
адамды,  философиялық  лирикада  трагедиялық  даналықты 
бойына тұтқан кемел адамды байқатады.
Бесіншіден,  қ
оғамның  рухани  өмірі  ғылымда  белгілі  бар-
лық  жүйелердің  ішіндегі  ең  күрделісі  болып  табылады  және 
оны  зерттеу  қашанда  қомақты  қиындықтармен  сипатталады. 
Өйткені  қоғамдық  немесе  әлеуметтік  өмір  қашанда  қоз-
ғалмалы,  әрбір  халықтың  немесе  елдің  өзіндік  қайталанбас 
тарихы бар. Қоғамдық өмірдегі барлық үдерістер бір бірімен 
өзара  байланысты,  сондықтан  әрқилы  ахуалдарда  анықтау-
шы  мен  анықталушылардың  орындары  алмасып  отырады. 

186 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
Философияның  міндеті  болса,  қоғамдық  өмірдің  іргелі 
негіздемелерін,  оның  жүйеқұраушы  факторларын  айқындау 
болып табылады. Сондықтан бақытты тек тұтастай алғандағы 
әлемнің  ауқымында  ғана  емес,  қоғамның  аясында  да  зерттеу 
барысында  кез  келген  философ  өзіндік  дүниетанымдық 
қондырғыларды жетекшілікке алады. 
Әрине, бақыт сияқты әлі күнге дейін жұмбағы шешілмеген 
әрі өте бір күрделі құбылыстың барлық мәселелерін толығы-
мен бір диссертацияда қамтып шығу мүмкін емес. Дегенмен, 
адамзаттың дәл қазіргідей әлеуметтік-мәдени шапшаң өзгеріс-
тері кезеңінде аталмыш тақырып талай зерттеулердің нысаны-
на айналары даусыз. 
Бұл  жұмыс  өмірдің  мәні  ретіндегі  бақыт  тақырыбын 
ортағасырлық 
түркі 
даналығының 
аясында 
тарихи-
философиялық  тұрғыда  қарастырған  алғашқы  еңбектердің 
бірі  болып  табылады.  Зерттеу  жұмысында  қойылған  мақсат-
міндеттерге қол жеткізу барысында мынадай маңызды ғылыми 
нәтижелер алынды:
–  ортағасырлық  түркі  мәдениеті  түсінігінің  мазмұны 
мәдени-тарихи және ұғымдық-идеялық тұрғыдан анықталып, 
оның  экзистенциалдық  сипаттағы  орта  ғасырлардағы  фәл-
сафаға  тигізген  әсері  мен  ықпалы,  ұлттық  философия  типін-
дегі түркілік ойлаудың ерекшеліктері айқындалды
– батыстық ойлау дәстүріндегі этикалық және экзистенциал-
дық  философияда  бақыт  ұғымының  гедонистік,  эвдемонистік 
және  утилитарлық  қырынан  тұжырымдалуын  сипаттау  бары-
сында  ортағасырлық  түркілік  өмірмәндік  ілімдердегі  бақыт 
ұғымының  пайымдалуының  дүниетанымдық  ерекшеліктері 
зерделенді; 
– бақыт метафизикасының терең астарын ашуда ортағасыр-
лық  түркі  дүниетанымындағы,  түркі  теологиясы  мен  филосо-
фиясындағы бақыттың дүниеге деген діни қатынас пен рухани-
лықты  қалыптастырудағы  негізгі  тұжырым  ретіндегі  ұғымы 
анықталды; 
– философиялық антропологияның негізгі пәнін құрайтын 
адам  мәселесінің  құрамынан  өмірдің  мәні  мен  бақыт  фено-
менінің орнын айқындау негізінде ортағасырлық түркі ойшыл-
дарының  ілімдеріндегі  бақыттың  адамға  өмірлік  рухани  күш 

 
 
 
                      
                                                  187
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
беруші  құбылыс  ретіндегі  түсінігі  тарихи-философиялық  қы-
рынан талданды; 
–  барынша  жетілген  кемелдіктің  негізі  ретіндегі  бақытқа 
жету үрдісі адамның дара оқшаулығымен емес, оның әлеуметтік 
табиғатымен  байланыстырылып,  бақыттың  қоғамдық  әлемді 
құрудағы  мақсаты  мен  жағдайы,  орны  мен  рөлі  әлеуметтік 
және саяси-философиялық тұрғыдан тұжырымдалады. 
Алынған  бұл  нәтижелер  түйінді  тұжырымдар  жасауға 
мүмкіндік береді, мысалы: 
Біріншіден,  этномәдени  алғышарттары  мен  ерекше-
ліктеріне  сай  түркі  халқының  экзистенциалдық  арман-аңсар-
лары  мен  моральдық-этикалық  нормалары  өскелең  ұрпақты 
мақсаттылыққа, ішкі сұраныспен өмір сүру және соған сәйкес 
әрекет ету дағдысын қалыптастыруға, барлық жағдайда иман-
дылық  пен  жоғары  адамгершілік  идеяларды  басшылыққа 
ала  отырып,  оларды  өмірде  іске  асыруға,  оның  бойында 
адамгершілік  пен  парыздылық  сана-сезімінің  қалыптасуына 
көмектеседі.  Батыстық  экзистенциализмде  сары  уайымға 
салынушылық,  өмірден  түңілу,  өз-өзіне  қол  жұмсаушылық 
көп  орын  алатын  болса,  шығыстық,  оның  ішінде  түркілік 
өмірмәндік философияда бұл басқаша рең алады, өлім бақытқа 
жетелейтін  мәңгі  өмірдің  маңызды  бір  баспалдағы  ретінде 
қарастырылады. 
Екіншіден,  түркілік  дәстүрлі  мәдениет  пен  дүниетаным-
дағы бақыт өзінің терең әлеуметтік мәнділігімен сипатталады. 
Түркілік  фәлсафа  негізінде  бақыт  категориясын  зерттеу 
түркі  халықтарының  мәдениетіндегі  ерекше,  мәнқұраушы 
құндылықтарды алдыңғы қатарға шығарып қана қоймай, бұл 
құндылықтардың  түркілік  идеологиялық  қондырғылармен 
қатар,  халықтың  дәстүрлі  ашықтығына,  бейбітсүйгіштігіне, 
төзімділігі  мен  үйлесімділігіне  негізделген  жоғары  қоғамдық 
ұстанымын,  азаматтық  қауымдастығын  тәрбиелейтін  құрал 
екендігі  байқалады.  Көпқырлы,  әрі  қарапайым,  әрі  күрделі 
бақыт ұғымын адам дүниетанымының негізі ретінде зерттеу – 
бұл, сонымен қатар, қазіргі өркениет пен адамның өзі тудырған 
дағдарысты болмыс жағдайынан шығатын жолға да жөн сілтей 
алады.  Ортағасырлық  түркі  ойшылдарының  бақыт  туралы 
ілімдеріне  ислам  діні  мен  мұсылман  философиясының  зор 

188 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
ықпалы болды. Ислам философиясының көркейіп гүлденуіне 
түркілік ойшылдар да өздерінің зор үлестерін қосты. 
Үшіншіден, бақыт мәселесін онтологиялық тұрғыда қарас-
тырғанда ортағасырлық философия мен ислам діні арасындағы 
кейбір алшақтықтардың бар екенін теріске шығаруға болмай-
ды. Шығыстық перипатетизм философиясына ол бір жағынан 
толығымен  тиесілі  болғанымен,  оны  ислами  діни  руханилық 
ортасынан бөліп те көрсететін ішкі әртектілік тән болды. Бұл 
философиялық  жүйенің  қайшылығы  рационалдылықтың 
классикалық  философиялық  бағытын  діни  фидеистік  идео-
логиямен  біріктіруі  тиіс  болған  жағдайынан  туындайтын  еді. 
Сондықтан  оның  мәселесі  бұл  әртүрлі  дүниетанымдардың 
белгілі бір бірігу орны болатындай мәнді ұстанымын табумен 
және  белгілеумен  сипатталды.  Мұндай  біріктіруші  буын 
классикалық  грек  метафизикасынан  және,  әсіресе,  исламдық 
монотеизммен  қосылғандағы  оның  кейбір  теологиялық  эле-
менттерінен  табылды.  Ортағасырлық  түркі  даналығында 
Құран, Жаратылыс және Адам – үшеуін біртұтас қарастырған 
жағдайда, яғни дүниеге деген діни қатынас пен руханилықты 
қалыптастырғанда ғана адамзат шексіз бақытқа кенеледі. 
Төртіншіден,  адам  болмысының  қайшылықтығын  және 
оның  енді  тек  жасампаз  ғана  емес,  қиратымпаз  екендігін  де 
ескере  отырып,  зерттеушілер  адамның  эволюциясындағы 
жағымды  әлеуметтік  өзгерістерді  қоғамдық  қатынастардың 
гуманитарландырылуымен  байланыстырады.  Бұл  тұста 
адамзаттың  бүкіл  өмір  бойы  өз  алдына  қойған  мақсат-
міндеттерін  жүзеге  асыруға  ұмтыла  отырып,  біртұтастық  ре-
тінде үздіксіз дамитынын және екінші жағынан, өз бойына қор-
шаған  әлеуметтік  және  табиғи  ортаның  ықпалын  сіңіретінін 
ескеру керек. Басқаша айтқанда, ол өзінің дамуында әрқашанда 
әрі субъект, әрі объект болып табылады, ал бұл болса, тағы бір 
аса маңызды мәселені – өмірдің мәні мен бақытқа ұмтылудың 
философиялық  мәселесін  алға  тартады.  Осыған  орай,  қазір-
гі  рухсыздану  жағдайында  жалпыадамгершілік  құндылық-
тармен  қатар,  исламның  көркем  мінез  туралы  қағидаларын 
да  бойына  сіңірген  ортағасырлық  түркілердің  «кемел  адам», 
«толық адам» немесе «үлгілі кісі» тұжырымдамаларын қайта 
қараудың әлеуметтік маңызы зор. 

 
 
 
                      
                                                  189
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Бесіншіден, бақыт – рухани және физикалық үйлесімділік 
пен  кемелдіктің  ерекше  жағдайы,  соған  жету  адамзаттың 
өмір сүруінің мәнін құрайтын абсолютті құндылық. Барынша 
жетілген  кемелдік  ретіндегі  бақытқа  жету  адам  өз  бетінше 
оқшау  өмір  сүргенде  емес,  рухани  қарым-қатынас  пен  өзара 
көмек,  еңбек  бөлінісі  орын  алатын  қауымдастықта  өмір 
сүргенде,  ол  белгілі  бір  қоғамның  мүшесі  болғанда  ғана 
мүмкін  болады.  Осы  себепті  де  ортағасырлық  түркі  дүниета-
нымындағы  бақыт  түсінігін  онтологиялық  және  философия-
лық  антропологиялық  тұрғыда  қарастырғаннан  тыс,  оны 
әлеуметтік,  саяси  философиялық  қырынан  талдағанда  ғана 
бақыттың  метафизикасын  толық  ашуға  мүмкіндік  туады. 
Бақытты қоғам құру ұмтылыстарындағы әлеуметтік-этикалық 
сананың көріністерін Орхон-Енисей жазбаларынан, әл-Фараби 
мен  Жүсіп  Баласағұнның  саяси  философиясынан  байқауға 
болады.
Бұл тұжырымдар қазіргі қазақстандық қоғамның жаңару 
және  жаhандану  үдерістерінің  барысындағы  әлеуметтік-
мәдени өзгерістері жағдайында рухани орнықтылықты қалып-
тастырудың  ғылыми  алғышарттарын  бекітуге  өзіндік  үле-
сін  қоса  алады.  Ортағасырлық  ойшылдардың  бақыт  туралы 
көзқарастарының  ғылыми  айналымға  енуі,  өмірдегі  орнық-
тылықты қалыптастыруға септігін тигізеді. 

190 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Аристотель. Никомахова этика / пер. с древнегреч.; общ. ред. 
А. И. Доватура // Соч.: В 4 т. – М.: Мысль, 1983. – Т. 4. – С. 54–108.
2. Аристотель. Большая этика // Соч.: в 4 т. – М.: Мысль, 1983. – Т. 
4. – С. 295–374. 
3.  Сенека.  О  счастливой  жизни  /  пер.  С.  Ц.  Янушевского.  –  СПб.: 
Гермес, 1913. – 35 с. 
4.  Августин  А.  Исповедь  /  пер.  с  лат.  М.Е.  Сергиенко.  –  М.: 
Ренессанс, 1991. – 448 с.
5. Бонавентура. Путеводитель души к Богу. – М.: ГЛК Шичалина, 
1993. – 188 с.
6.  Әл-Фараби.  Қайырымды  қала  тұрғындарының  көзқарастары. 
Азаматтық  саясат.  Бақытқа  жолын  сілтеу.  Бақытқа  жету  жайында 
//  Қазақ  халқының  философиялық  мұрасы.  Жиырма  томдық.  Әл-
Фараби философиясы. – Астана: Аударма, 2006. – 2-т. – 507 б. 
7. Баласағұн Ж. Құтты білік / Көне түрік тілінен аударған, алғы 
сөзін жазған Егеубай А. – Алматы: Жазушы, 1986. – 616 б.
8. Гельвеций К.А. Счастье. – М.: Сов. Россия, 1987. – 480 с.
9.  Фейербах  Л.  Эвдемонизм  //  Избранные  произв.:  В  2  т.  –  М.: 
Госполит-издат, 1974. – Т. 1. – С. 55–201.
10. Милль Дж. С . О свободе // Антология мировой политической 
мысли в 5 т. – М.: Мысль, 1997. –Т.1. – С. 734–744.
11. Фромм Э. Человек для себя. – Минск: ООО «Попурри», 1998. 
– 352 с.
12.  Нысанбаев  Ә.,  Есім  Ғ.  Халықтық  дүниетаным  //  Егемен 
Қазақстан. – 1991, тамыз – 14. 
13. Марксистская этика. – М.: Политиздат, 1986. – 366 с.
14.  Акмамбетов  Г.Г.  Проблемы  нравственного  развития  лично-
сти. – Алма-Ата: Наука, 1984. – 176 с.
15. Бурабаев М.С., Курмангалиева Г.К., Сагадиев А.В., др. Социальные, 
этические взгляды Аль-Фараби. – Алма – Ата: Наука, 1984. – 176 с. 
16.  Габдуллин  Б.Г.  Этические  воззрения  Абая.  –  Алма-Ата: 
Казахстан, 1970 – 104 с. 
17. Уразбеков А. Этическая мысль в Казахстане. – Алматы, 1992. – 
С. 50.
18. Акатаев С. Тереңнен тартқан тамырлар. – Алматы: Жазушы, 
1988. – 160 б.
19. Әбішев Қ.Ә. Философия: жоғары оқу орындарының студенттер 
мен  аспиранттарына  арналған  оқулық.  –  Алматы:  ҚР  БҒМ  ФжСИ 
компьютер орталығы, 1999. – 264 б. 
20. Әлжан Қ.Ұ. Человек и мир в казахской философии ХVIII-ХIХ 
веков. – Алматы: КЦ ИФиП МОН РК, 2006. – 93 с.

 
 
 
                      
                                                  191
Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р
21. Бурбаев Т. Қазақ менталитетінің даму ерекшеліктері. – Астана: 
Елорда, 2005. – 287 б. 
22. Габитов Т. Х. Этика юриста. – Алматы: Данекер, 1999. – 150 с. 
23. Есім Ғ. Сана болмысы. 1-10 кітаптар. – Алматы:  Ғылым, 1994–
2006. 
24.  Касабек  А.,  Касабек  С.  Искание  истины  (о  природе 
национальной философии). – Алматы: Ғылым, 1998. – 144 б.
25. Касымжанов А.Х. Время и пространство великих традиции. – 
Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 315 с.
26. Кшибеков Д. Философия истории и современность. – Алматы: 
Ғылым, 2002. – 306 с.
27. Мырзалы С.К. Модернизация общества: взаимосвязь политики 
и морали. – Костанай, 1998. – 200 с. 
28.  Қазақ  халқының  философиялық  мұрасы.  Жиырма  томдық. 
Ортағасырдағы түркі ойшылдары. – Астана: Аударма, 2005. – 5-т. – 562 б.
29. Нурланова К.Ш. Человек и мир. Казахская национальная идея. 
– Алма-Ата: Қаржы-қаражат, 1994. – 48с. 
30.  Нұрмұратов  С.Е.  Рухани  құндылықтар  әлемі:  әлеуметтік-
философиялық талдау. – Алматы: ҚР БҒМ ФжСИ, 2000. – 180 б.
31. Нұрышева Г. Адам өмірінің философиялық мәні. – Алматы: 
Ақыл кітабы, 2001. – 143 б. 
32.  Орынбеков  М.С.  Ежелгі  қазақтың  дүниетанымы.  –  Алматы:  
Ғылым, 1996. – 168 б. 
33. Нысанбаев А., Сарсенбаева З. О традиционной этике казахов. – 
Алматы: ИФиП МОН РК, 1997. – 120 с. 
34. Хамидов А.А. Категории и культура. – Алма-Ата: Гылым, 1992. 
– 240 с.
35.  Жарықбаев  Қ.,  Алдамұратов  Ә.,  Ғабитов  Т.  Әдеп  негіздері.  – 
Алматы: Мұраттас, 1997. – 125 б. 
36.  Соловьева  Г.  Загадка  счастья:  Опыт  философского 
размышления. – Алма-Ата: Жалын, 1983. – 232 с. 
37. Барлыбаева Г.Г. Счастье в понимании казахских мыслителей // 
Аль-Фараби. – 2003. – №3. – С. 122–127.
38. Омаров Е.С. Бақыт онтологиясы: әл-Фарабиден бізге дейін // 
Қазақ өркениеті. – 2009. – № 3. – Б. 13–18. 
39. Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 
296 б.
40.  Нұрмұратов  С.  Кіріспе  //  Қазақ  халқының  философиялық 
мұрасы  Жиырма  томдық.  Орта  ғасырдағы  түркі  ойшылдары.  – 
Астана: Аударма, 2006. – 5-т. – 562 б.
41. Бүгінгі түркологияның өзекті мәселелері мен келешегі (ортақ 
тіл,  тарих  және  әліппе):  III  халықаралық  түркология  конгресі.  – 
Түркістан: А. Ясауи атындағы ХҚТУ «Тұран» баспаханасы, 2009. – 734 б.

192 
        
Түркі даналығындағы бақыт метафизикасы
42.  Касымжанов  А.Х.  Стеллы  Кошо-Цайдама.  –  Алматы:  ТОО 
«Компания Priting systems», 1998. – 113 с.
43. Кшибеков Д., Кшибеков Т. Речь и письменность: трансформация 
звуко-знаковых систем. – Алматы: Гылым, 2004. – 264 с.
44. Қазақ даласының ойшылдары. – Алматы: Философия және 
саясаттану институтының компьютерлік-баспа орталығы, 1998-2004. 
– 4 кітап.
45. Тәтімов М. Қазақ әлемі. – Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1993. – 
159 б. 
46. Стратанович Г.Г. Проблема «скользящих этнонимов» // В кн.: 
Этнонимы. — M.: Наука, 1970. – С. 53–54. 
47. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің типологиясы: Мәдениеттану 
оқу құралы. – Алматы: Қазақ ун-ті, 1998. – 203 б.
48.  Габитов  Т.  Соображения  о  тюркской  философии  //  В  кн.: 
Тюркская фило-софия: десять вопросов и ответов. – Алматы: КИЦ 
ИФиП МОН РК, 2006. – С. 131–140.
49.  Нысанбаев  А.,  Аюпов  Н.  О  тюркской  фальсафе.  Тюркское 
мировоззрение  и  ислам  //  В  кн.:  Тюркская  философия:  десять 
вопросов и ответов. – Алматы: КИЦ ИФиП МОН РК, 2006. – С. 5–76. 
50. Нұрышева Г.Ж. Қазақ халқының өмірмәндік түсініктері және 
позитивтік  экзистенциализм:  салыстырмалы  талдау  //  Қазақстан 
Республикасы: тәуелсіз дамудың 10 жылдығы: халықаралық ғылыми-
практикалық  конференция  материалдары.  –  Алматы:  ФжСИ  КБО, 
2001 – 2-т. – Б. 58–63.
51.  Сартр  Ж.-  П.  Экзистенциализм  –  это  гуманизм  //  В  кн.: 
Сумерки  богов  /  сост.  и  общ.  ред.  А.А.  Яковлева:  перевод.  –  М.: 
Политиздат, 1989. – С. 319–344. 
52. Камю А. Миф о Сизифе. Эссе об абсурде // Сумерки богов / 
сост. и общ. ред. А.А. Яковлева, пер. с анг. – М.: Политиздат,  1989. 
– С. 222–318. 
53. Къеркегор С. Страх и трепет. – М.: Республика, 1993. – 383 с.
54. Хайдеггер М. Гуманизм туралы хат // Әлемдік философиялық 
мұра. Жиырма томдық. Өмір сүру философиясы. – Алматы: Жазушы, 
2006. – 11-т. – Б. 315–354.
55. Ясперс К. Бүгінгі адам болмысы қалай түсіндіріледі // Әлемдік 
философиялық мұра. Жиырма томдық. Өмір сүру философиясы. – 
Алматы: Жазушы, 2006.– 11-т. – Б. 42–101. 
56.  Марсель  Г.  Быть  и  иметь.  Метафизический  дневник  (1928–
1933). – М.: Caryna, 1997. – 231 с.
57. Ортега-и-Гассет Х. Восстание масс // Вопросы философии. – 
1989. – №3–4.
58.  Сартр  Ж.П.  Бытие  и  ничто:  опыт  феноменологической 
онтологии. – М.: Республика, 2000. – 535 с.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет