Философия, саясаттану



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата03.03.2017
өлшемі1,65 Mb.
#6364
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
нің  негіздерін  анықтау  (ассоциация,  елестету,  қиял,  рефлек-
сия, шабыт, күйзеліс, эмпатия, интуиция, интенция) әлеуметтік 
тәжірибеде  қазіргі  заман  адамының  эстетикалық  санасының 
қалыптасу  құрылымының,  оның  тектік  мәнінің  байлығының 
анықталуына  себін  тигізеді,  оның  одан  ары  дамуын  анықтауға 
мүмкіндік  береді,  сонымен  қатар  шынайылықты  эстетикалық 
жолмен игеру үрдісін тереңірек түсінуге себін тигізеді. Адамдар 
қоғамдық  тәжірибе  барысында  алдыңғы  кездерде  жинақталған 
білім мен тәжірибеге негізделеді. 
Эстетикалық таным генезисі мен табиғатының мәселесі жал-
пы  философияның  пайда  болуымен  сәйкес  келеді.  Аталмыш 
тақырып алғаш рет Платон және Аристотель теорияларында кон-
цептуалды түрде дамиды.
Платон  эстетикалық  сананы  негізінен  ғажайып  ғаламның 
біртұтастығы  мен  тәртібін  көрсететін  Игілік,  Ақиқат  және 
Махаббаттың  тұтастығы  болып  келетін  «көркемдік  идеясы» 
ретінде  түсіндіреді.  Дегенмен,  эстетикалық  танымды  рационал-
ды-жасампаз ретінде жоғары бағалай отырып, антикалық ойшыл 
оның іс жүзінде, яғни көркем шығармашылық әрекетінде көрініс 
табуына  теріс  көзқарас  танытты.  Ол  оны  дамымаған,  табиғатқа 
мағынасыз еліктеу деп қарастырды, себебі ол көркем және кере-
мет идеялар әлемінің өңсіз, бұрмаланған көрінісі болып табыла-
ды деп түсінді [29].
Аристотель, керісінше, эстетикалық танымның дәл «еліктеу-
шілік» қырына үлкен мән беріп, оны табиғатқа көркем жолмен 
еліктеуге,  яғни  мимесисеге  негізделген  адам  қабылдауының  туа 
біткен қасиеті деп сипаттады [30]. Ол керемет форманы әлемнің 
саналы,  үйлесімді  дүниеқұрылысының  негізінде  жатқан  сим-
метрия  мен  жүйелік  деп  түсінгендіктен,  мимесисті  адамның 
табиғи қабілеті мен таным деңгейлерінің бірі деп анықтады. Со-
нымен қатар Аристотель эстетикалық жақтың моральдық қырын 
да  басып  айтып,  оны  адамгершілік  тазарудың  құралы  ретінде 
түсіндіреді (катарсис) [31].
Эстетикалық  сананы  негізінен  гносеологиялық  тұрғыдан 
қарастыру  ортағасырлық  кезеңде  де  жалғасады,  бұл  дәуірде 
сұлулықты ғаламның керемет тәртібімен теңестірудің антикалық 
дәстүрі сақталады, дегенмен, ол діни-метафизикалық сипатқа ие 
болады. Мәселен, Августиннің ілімінде сұлулық құдайдың нұры-
ның  көрінісі  ретінде  түсіндіріліп,  оның  рухани  қыры  бірінші 

 
 
 
                      
                                                  21
1   Эстетикалық сана мен эстетикалық 
танымды ұғымдық талдау
орынға  шығады  [32].  Фома  Аквинский  де  сұлулықты  құдай 
тәртібінің  көрінісі  деп  қарастырады.  Осылайша,  эстетикалық 
сананың  негізі  Құдай  болып  табылады,  ал  оның  өзі  құдайды 
танудың  түрі  ретінде  қарастырылады  (әлемнің  үйлесімділігі 
арқылы Құдайдың үйлесімділігі танылады) [33].
Шығыс  перипатетизмінде  әл-Фараби  мен  оның  жақтаушы-
ларының пікірлерінше керемет идеал – ол әлемдік дененің икемді 
және  игі  құрылысында  бекітілген  Алғашқы  мән  мен  ғаламдық 
үйлесімділіктің  сұлулығы.  Осындай  идеалда  аса  маңызды  эсте-
тикалық  категория  «керемет»  пен  сұлулық  көріністерінің  бірі 
«үйлесімділік» бір-бірімен тығыз байланысты. 
Адам әмбебап үйлесімділік қағидатына негізделген кереметті 
түсіне  алған  жағдайда  ғана  бақытқа  жете  алады.  Материалды 
әлемнің  сұлулығы  сол  заттар  табиғатынан  шығады  және  оның 
тіршілік  етуі  адам  санасына  байланысты  емес.  Алайда,  табиғат 
сұлулығы тек оны адам танығанда ғана керемет болып табылады. 
Әл-Фарабидің көзқарасына сәйкес, табиғат сұлулығы адамдарда 
белгілі бір эмоционалды сезімдерді туындатып, игілікке бөлейді, 
олардың  рухтарын  жұмсартып,  толғаныс,  қуаныш  пен  үрейге 
толтырады.  Адамзат  қоғамынан  тыс  сұлулық  пен  табиғаттың 
қайталанбас  әсемділігінің  эстетикалық  мағынасы  жоқ.  Табиғи 
үйлесімділік  жүйесіндегі  кез-келген  заттың  құрамында  әлемнің 
әмбебап әсемділігінің бөлігі бар. Әл-Фарабидің пікірінше, әсем-
дік, сұлулық және кез-келген мәні бар тіршілікті көркемдеу өзінің 
болмысын  барынша  жақсарту  және  өзінің  толық  кемелділігіне 
жету болып табылады [34].
Қайта Өрлеу дәуірінде осындай гносеологиялық аспект сақта-
лады,  алайда  өзгеше  мағыналық  сипатқа  ие  болады.  Дж.  Бруно 
еңбектерінде адамның басты мақсаты – шынайы табиғатты тану 
екендігі  басып  айтылады  [35].  Бұл  аспектіде  эстетикалық  сана 
алдыңғы орынға шығады және бірінші кезекте, оны игерудің бір 
жолы  ретінде  қарастырылады.  Мәселен,  Л.  Да  Винчи,  суретші 
–  бұл  табиғат  туындысы  екендігін  айтады,  сол  себептен  де  ол 
табиғаттан бәрін үйренуі тиіс [36].
Эстетикалық сана мен ақылдың бірлігі Жаңа Заман дәуірін-
де  бекітіліп,  өзекті  бола  бастайды,  бұл  жерде  дұрыс  талғамды 
үйрету  (ақыл  тұрғысынан)  Ағартушылық  кезеңнің  маңызды 
міндеттерінің  бірі  болып  табылады.  Эстетикалық  мазмұн 
тұңғыш  рет  ғылыми  тұрғыдан  қарастырылып,  қабылдаудың 

22 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
физиологиялық-психологиялық  ерекшеліктерінен  шығарыла   
бастайды.  Мәселен,  Дидро  сұлулық  «ақылда  қатынастар  идея-
сын  туындатады»,  ол  тек  белгілі  бір  абстракциялық  байланыс-
тарды емес, «ақыл біздің сезімдеріміз арқылы табатын шынайы 
қатынастарды анықтайды [37].
Негізгі  өкілдері  И.  Кант  және  Г.  Гегель  болып  табылатын 
неміс классикалық философиясы эстетикалық сананы зерттеудің 
маңызды  сатысы  болып  табылады.  Кант  өзіне  дейінгі  ойшыл-
дардың  жинақталған  теорияларын  жалпылап,  тұжырымдап, 
алғаш эстетикалық мазмұн жөнінде жүйелі және нақты теория-
ны  қалыптастырады.  Ол  оны  индивидуалды  талғам  мен  әлемді 
объективті  жолмен  қабылдауды  біріктіретін,  сезімдік  толқу  – 
«мақсатсыз мақсаттылық» деп анықтайды. Автор индивидуалды 
және  жалпыға  ортақ  диалектикасын  эстетикалық  қабылдаудың 
маңызды сипаттарының бірі ретінде басып айтады [38].
Гегель  эстетикалық  сананы  сезімдік  формада  берілген 
Абсолюттік Идеяның дамуының бір сатысы деп есептеді. Оның 
өзін  өзі  тануы  деп  түсіндіреді  [39].  Өнерді  жалпыадамзаттық 
және  таптық  бастаулардың  өзара  әрекетінің  жемісі  ретінде 
қарастырып, ол дегенмен, эстетикалық сананың қоғамның шы-
найы өмірмен байланысын теріске шығарып, оны Әлемнен тыс 
Рухтың метафизикалық логикасына бағындырады.
Оның  отандасы  Ф.  Шиллер,  керісінше,  эстетикалық  сана-
ны тарихи және ұлттық шеңбердегі шарттармен негізделген деп 
түсінеді.  Ол  алғашқы  қауымдық  (антикалық)  өнерге  қатысты 
қызық пікір ұсынады, ол оны өзіндік бір уақыттан тыс идеал, ой 
мен сезім біріккен, адамгершілік пен сұлулық біріккен тұтастық 
деп қарастырады [40]. Сол себептен, автор шынайы өнерді (осы 
идеалға жақын) адам болмысын үйлесімді етудің құралы, адамның 
сыртқы бөлшектенуі мен қоршаған орта және адам болмысының 
ішкі бөлшектенуін еңсеру деп есептейді.
  Эстетикалық  танымның  гносеологиялық  функциясы  Шел-
линг философиясында кеңінен қарастырылады. Ол эстетикалық 
қабылдауды  философия,  ғылым  және  дінді  біріктіретін  және 
шығармашылық интуиция арқылы материя мен рух арасындағы 
алшақтықты  жеңуге  қабілеті  бар  танымның  ең  жоғарғы  түрі 
ретінде түсінеді [41].
Эстетикалық  танымның  тарихи  және  әлеуметтік  шарттар-
мен  негізделетінін  жүйелі  түрде  қарастыру  К.  Маркске  тиселі. 

 
 
 
                      
                                                  23
1   Эстетикалық сана мен эстетикалық 
танымды ұғымдық талдау
Қоғамдық сананы жалпы материалдық практика мен материяның 
ұйымдасуының  әлеуметтік  түрлерінің  қалыптасуының  нәтижесі 
ретінде  қарастырған  ол  эстетикалық  сананың  негізі  адамның 
әлемді  практикалық  жолмен  игеруі  деп  түсінді  [42].  Осы 
жағдайда табиғатты түсіну адамның өзін-өзі түсінуін негіздейді. 
Нәтижесінде,  эстетикалық  қабылдау  барысында  адам  өзін  «кез-
келген  тіршілік  иесі  ретінде  әрекет  етуге»  қабілетті  әмбебап 
тіршілік иесі ретінде таниды. Сонымен қатар Маркс эстетикалық 
сананы  абсолютті  түрде  әлеуметтік  болмыс  анықтайды  деп 
тұжырымдамайды: себебі, оның байқауынша, өнердің шарықтау 
шегі қоғам дамуының аса жоғары емес деңгейіне де сәйкес келуі 
мүмкін.
Иррационалды  философия  өкілдері  неміс  классиктеріне 
қарама-қайшы  «эстетикалық  таным  эгалитарлы  болып  келеді» 
деген қарсы пікір айтады. А. Шопенгауэр теориясында эстетика-
лық  таным  жеке  дара  болып келеді  және  ол тікелей «кемеңгер-
дің»  іс-әрекетімен  байланысты  [43].  Фридрих  Ницше  эстетика-
лық  танымды  «қалаулылардың  құқығы»,  ол  жоғарғы  танымдық 
сала  және  ешқандай  тәжірибелік  іс-әрекетпен  болмайды  деп 
түсінген [44].
Эстетикалық  сананы  әлеуметтік  шарттармен  негізделген 
құбылыс ретінде қарастыруды позитивизм бағыты жалғастырып 
келеді,  алайда  әлеуметтік  қырын  биологиялық  қырына  балап, 
эстетикалық  танымның  негізі  ретінде  адамның  биологиялық-
психологиялық  мәнін  бөліп  көрсетеді.  Позитивистерде  әлеу-
меттілік түсінігі эстетикалық компонентке ең аз көңіл бөлінетін 
статистикалық  және  психикалық  фактілердің  жиынтығына  сай 
келеді. О. Конт өнерді өзіндік әлеуметтік факт, қоғам дамуының 
белгілі  бір  сатысының  жемісі  ретінде  қарастырып,  оны  табиғи 
жүйенің өзіндік аналогы ретінде, ал суретшінің іс-әрекетіне пси-
хологиялық  заңдылықтар  негіз  болады  деп  түсіндіреді  [45].  Сол 
себептен,  позитивизм  бағыты  эстетикалық  танымның  біртұтас 
және жүйелі теориясын қалыптастыра алмайды.
Позитивизм философиясы Ипполит Тэннің (Taine) теориясы-
мен үйлеседі, оның авторы өнер дәуірдің «адамгершілік күйінде» 
көрініс тапқан әлеуметтік және тарихи факторларға бағынышты 
деп есептейді. Мәдениеттің индивидуалды және қайталанбас құ-
былыстарының  бейберекетсіздігін  тұтастай  қамту  формуласын 
табуға ұмтылған Тэн өнердегі өзгерістер қоғамдық сұраныстарға, 

24 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
болмысқа, дәстүрлер мен түсініктердің өзгерісіне байланысты де-
ген идеяны ұсынды. Ол өнерді қоғамдық тұтастықтың үйлесімді, 
құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, белгілі бір тарихи кезеңдегі, 
белгілі  бір  ұлттық  мәдениет  аясындағы  өнердің  ерекшелігін 
айқындайтын  әлеуметтік  факторларды  бөліп  көрсетті.  Тэннің 
пікірінше, аталмыш факторлар төмендегідей:
- нәсіл темперамент пен дене тұлғасының құрылысымен ты-
ғыз байланысты туа біткен және ұрпақ арқылы берілетін қасиет-
тердің жиынтығы;
-  елдің  географиялық  орналасуын,  халқының  адамгершілік 
түсініктерін,  саяси  құрылымның  болмысы  мен  түрін  қамтыған 
қоршаған орта;
-  белгілі  бір  мәдениеттің  уақыт  шеңберіндегі  өмір  сүруінің 
деңгейін көрсететін тарихи кезең [46].
XX ғасырда эстетикалық сананың табиғаты жөнінде көптеген 
түсініктер  болды,  алайда,  біртұтас  жүйелік  теория  болған 
жоқ.  Мәселен,  психоанализ  оны  адам  психикасының  бейса-
налы  бастауларының  бір  көрінісі  деп  қарастырса;  символизм 
–  мәдениеттің  рәміздік  түрлерінің  бірі  деп  қарастырады;  фе-
номенология  эстетикалық  сананы  түрлі  қарым-қатынастар 
мен  байланыстар  саласынан  тыс  жатқан  толыққанды  құбылыс 
деп  қарастырады;  X.  Ортега-и-Гассет  элитаризмі  –  өмірден 
алшақтаған әлеуметтік зиялы қауымның артықшылығы деп есеп-
тейді [47]. Структурализм теориясы (К. Леви-Строс [48], Р. Барт 
[49])  эстетикалық  сананы  мәдениеттің  әмбебап  құрылымдық 
қағидаттарының  көрінісі  деп  талдайды,  дегенмен,  өнерді  ги-
пертекс  ретінде  қарастыру,  оны  іске  асырған  қағидаттар  оның 
эстетикалық  мағынасынан  «алшақтауға»  алып  келеді.  X.-Г.  Гада-
мер  эстетикалық  танымды  негізінен  адамның  дара  тұлғасымен 
негізделген  «түсініктердің  таза  ойыны»,  еркіндіктің  көрінісі 
ретінде қарастырды [50].
Эстетикалық  танымды  әлеуметтану  тұрғысынан  анықтаған 
ғалымдар  Т.  Адорно  және  Э.  Фромм  болды.  Т.  Адорно  қазіргі 
таңның  басым  эстетикалық  құндылығы  ретінде  ұсқынсыздықты 
ерекше зерттеді [51]. Автор бұның себебін зиялы қауым құнды-
лығына  қарсы  (ұсқынсыздыққа  тегі  ұмтылыстың  себебі  осыдан 
шығады)  маргиналды  әлеуметтік  топтардың  наразылығында 
көрініс тапқан күрделі әлеуметтік қайшылықтан көреді (Э. Фромм 
эстетикалық сананы позитивті шығармашылықта өзін-өзі дамыту 

 
 
 
                      
                                                  25
1   Эстетикалық сана мен эстетикалық 
танымды ұғымдық талдау
арқылы әлеуметтік алшақтауды еңсерудің құралы ретінде қарас-
тырады, шындығында, бұл жерде зерттеуші негізінен өнер сала-
сын меңзеп отыр) [52].
Орыс  эстетикалық  ойының  ерекшелігі  оның  дәстүрлі  түрде 
көркем  саланы  этика  мен  эстетиканынің  бірлігінде  қарастыру. 
В.Г.  Белинскийдің  пікірінше,  философия  мен  эстетика  метафи-
зиканың  жоғарғы  қабаттарынан  жерге  түсуі, «өмірге  қайта ора-
луы»  тиіс.  Бұл  дегеніміз,  эстетика  өнерге  ойдан  шығарылған 
схемалар  мен  идеалдарды  таңбауы  тиіс,  ол  өзі  нақты  көркем 
тәжірибеге сүйенуі, өнер туындыларын оның ішкі заңдылықтары 
тұрғысынан,  көркемдігі  тұрғысынан,  сонымен  қатар  қоғамдық 
өмір аясында зерттелуі қажет. Эстетикалық білімнің құндылығы 
мен  шынайылығы  осылайша,  оның  шынайы  өмірге  деген 
қатынасымен тексеріледі [53].
Н.Г.  Чернышевский  бүкіл  неміс  трансцендентальді  филосо-
фиясын  өмірдегі  шынайы  адамдармен  емес,  елестермен  ай-
налысты  деп  айыптады.  «Әсемдік  ол  өмір»  деген  формуланы 
ұстана отырып, ол адамның түсініктеріне сай келесі тұжырымды 
негіздейді: «адамға оның өмірді қабылдауына сай құбылыс немесе 
тіршілік керемет болып көрінеді, ал керемет зат – оған өмір туралы 
есіне салатын зат болып табылады. Чернышевскийдің пікірінше, 
өмір өзінің ең жоғарғы үйлесімді түрінде адамда көрінеді, сол се-
бептен, адам кез келген сұлулық көрінісінің өлшемі, ол белгілі бір 
деңгейде әсемдіктің идеалы мен қалған әлемде жалпы әсемдікті 
анықтайтын  субъект  болып  табылады.  Өмірдің  толықтығы 
әсемдік  мәнін  қамтып,  эстетикалық  қабылдаумен  («қуаныш») 
анықталады, яғни, субъективті фактор негізінде: «әсемдік дегеніміз 
ол бізді шаттандыратын, біздің өмірді қабылдауымыз».
Біздің  өмірдің  толықтығы  туралы  түсінігімізге  сәйкес 
келмейтін  заттардың  бәрінің  әсемдікке  қатысы  жоқ,  ал  бұрма-
ланған  түрдегі  бақытсыздық  пен  көріксіздік  ол  ұсқынсыз  нәрсе 
ретінде бағаланады. Ол өмірді толыққанды жүзеге асыруға кедер-
гі келтіретін белгілі бір сәтсіз оқиғалардың нәтижесінде пайда бо-
лады. Сол себептен «органикалық табиғатқа енетін өмірге деген 
құлшыныс сонымен қатар әсемдікті туындатуға деген құлшыныс 
болып табылады» [54].
Эстетикадағы  Чернышевскийдің  ізбасарларының  бірі 
Д.И. Писарев болды. Ол «өмір өнерден де жоғары» және «өнер өз-
өзіне мақсат болмауы тиіс» деп тұжырымдады ( «таза өнердің» қас 

26 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
дұшпаны болды). Өнерден ол реализмді талап етті және сол ар-
қылы әлеуметтік-саяси мәселелерді шешуде өнердің нақты пай-
дасын  көрді  (әсіресе  әдебиет),  мәселен,  «жалпыадамзатқа  ортақ 
ынтымақтастық идеясын жүзеге асыру үшін» немесе «халықтың 
игілігі үшін» қызмет ету. Дегенмен ол үлкен арманға мақсат алған 
шеберлерді  аса  жоғары  бағалады  («қиял  титандары»),  әсіресе, 
ол бірінші кезекте, әділетті қоғам құрылымы туралы «арманды» 
меңзеді.  Позитивистік  және  материалистік  идеялардың  ықпа-
лының  әсерімен  ол  пайданы  сұлулыққа  қарсы  қойып,  «адам 
жарық дүниеде ұзақ өмір сүрген сайын ақылдырақ бола бастайды, 
алада, таза сұлулыққа немқұрайлы бола бастайды, әрекеттік күші 
мен шынайы игілігі бар адам тұлғасының қасиеттерін бағалай бас-
тайды, сұлулықта объективтілік жоқ, ол субъективті талғамдар мен 
әуестікке  негізделеді,  сол  себептен,  қазіргі  заман  адамы-ғылыми 
білім алған реалистке қызықсыз болып келеді» [55].
Л. Н. Толстойдың пікіріне сәйкес, өнердің міндеті ол адамзат 
жинақтаған  ең  керемет  және  ең  мықты  сезімдерді  жеткізу  [56]. 
Ф.М.  Достоевский  әсемдікті  сұлулық  пен  қайырымдылықтың 
біртұтас    христиандық  идеалының  бір  құрамы  ретінде  қарас-
тырады [57].
Қазақстандық  философияда  эстетикалық  таным  мәселесі 
алғаш  Б.Р.  Қазыханованың  «Қазақ  халқының  эстетикалық  мәде-
ниеті»  атты  монографиясында  көтерілді  [58].  Монографияда 
қазақ  халқының  эстетикалық  мәдениетінің  қалыптасуы  жөнінде 
біртұтас  зерттеу  жүргізуге  әрекет  жасалды.  Бұл  жерде  автор 
өзінің басты назарын ақындық шығармашылық пен эстетикалық 
мәдениеттің  дамуына  зор  үлестерін  қосқан  танымал  ойшылдар 
мен суретшілердің шығармашылығына аударады. Олар: Қорқыт 
ата, Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Бұхар-жырау, Қалқаманұлы 
және т. б. 
Абай  Құнанбаевтың  көркем  мұрасының  үлкен  эстетикалық 
құндылығы  бар,  оның  мұрасында  ақынның  әлем  мен  адамзат 
өмірін эстетикалық қабылдаудың ерекшелігі, көркем танымның 
мақсаты  мен  әлеуметтік  рөлі,  өнер  мен  поэзия,  олардың 
қоғамдық  өмір  мен  қоршаған  шынайылықпен  тығыз  байланы-
сы  жөніндегі  идеялары  жарқын  көрінеді  [59].  Қазақ  халқының 
рухани  мәдениетінің  қалыптасып,  дамуында  Абай  рөлі  мен 
маңызы өте зор, баға жетпес, олар: халықтық, поэзия реализмі, 
ақын  шығармашылығының  халық  өмірімен  тығыз  байланы-

 
 
 
                      
                                                  27
1   Эстетикалық сана мен эстетикалық 
танымды ұғымдық талдау
сы,  терең  гуманизм  мен  адамгершілік,  табиғи  жомарттық  пен 
дарындылық,  ақынның  жан-жақты  энциклопедиялық  ойла-
уы.  Абай  пікірінше,  эстетикалық  идеал  бұл  этикалық  және 
эстетикалықтың мазмұнның бірлігі болып табылады, атап айтар 
болсақ, адамгершілік кемелділік, рухани кемелдену, физикалық 
кемелдену, дамыған көркем талғам мен гуманистік сана. 
Бұдан  былай  кеңес  зерттеушілері  негізінен  эстетикалық  са-
наның осы түсінігін ұстанды. Олар оны адамның қабілеттері мен 
оның қоршаған табиғи және әлеуметтік әлемнің заңдылықтарын 
танудың  арақатынасы  адамның  табиғатты  тәжірибе  жүзінде 
игеру  үрдісі  мен  өзін  өзі  танудың  көрінісі  деп  түсіндіреді.  Де-
генмен,  олар  эстетикалық  танымның  әлеуметтік  қызметтерінің 
ерекшелігін  түсінуді  айтарлықтай  тереңдете  түседі.  Олардың 
ішінде Столович Л.Н., Гальперин М.П., Гольдентрихт С.С., Кру-
тоус В.П. сынды және т.б авторларды атап өтсе болады.
Л.Н.  Столович  өзінің  эстетикаға  қатысты  еңбектерінде 
қоғамдық болмыстағы эстетикалық танымның ерекше рөлін ба-
рынша  кең  ашады:  «Эстетикалық  қатынас  тұлға  мен  қоғамды 
көзге  көрінбейтін  заттармен  байланыстырады»  және  әсемдік 
категориясының  ерекше  рөлі  жөнінде:  «Эстетика  алғашқы  өзі-
нің пайда болуынан бастап әсемдік философиясы болып табы-
лады» [60].
Гольдентрихт С.С. эстетикалық танымды қоғамдық сананың 
бір бөлігі ретінде қарастырып, оның басты белгісі – ішкі тұтастық 
пен  тікелей  тәжірибемен  байланысы  деп  көрсетеді.  Автордың 
тұжырымдауына  сәйкес,  «эстетикалық  сезім  бұл  табиғаттан 
берілген қабілет емес, ол қоғамдық-саяси тәжірибенің ажырамас 
бөлігі ретінде қалыптасады» [61].
B. П. Крутоус «Сұлулықтың шығу тегі» атты монографиясында 
әсемдік түсінігінің дамуындағы әлеуметтік жағын талдайды. Атал-
мыш  категорияның  семантикасы  әлеуметтік-философиялық  си-
паттан гөрі гносеологиялық сипатқа жақын: адам әлемді таныған 
және  өзгерткен  сайын  өзі  көтеріле  бастайды,  қажеттілік  билігі-
нен босап, жоғарғы деңгейдегі «тәжірибеден тыс» мақсаттылық – 
әсемпаздыққа жетеді [62].
Эстетикалық  мәселеге  И.В.  Малышев  жаңа  көзқараспен 
қарауға  ұмтылады,  ол  этикалық  және  эстетикалық  мәселені 
біріктіріп,  әлеуметтік-аксиологиялық  қырда  қарастырды.  Игілік 
пен  зұлымдықтың  интегралды  әлеуметтік  құндылықтары 

28 
        
Қазақ эстетикасының 
құндылықтық-мағыналық негіздері
эстетикалық  құндылықтың  мазмұнын  құрайды.  Автор  олар 
мазмұн  көрінісінің  құралы  болып  табылатын  форманың 
әсемдігінің  «ерекше  құндылығымен»  толықтырылатынын  атап 
өтеді.  Ол  эстетикалық  сана  мен  әлеуметтік  болмыс  динамика-
сына қатысты өзінің теориясын анықтауға ұмтылады. Қоғамның 
таптық  бөлінуіне  негізделген  бұл  теория  эстетикалық  сананы 
әлеуметтік тәжірибені құндылықтық тұрғыдан жалпылау, «жал-
пы  игіліктің  синтетикалық  себебі»  деп  түсінеді.  Таптың  әрбір 
тарихи  кезеңінде  эстетикалық  құндылықты  түсінуде  белгілі 
бір  бағыт  басым  болады.  Осы  құндылықтарды  «мәнерлеу» 
(әсемдіктің  немесе  ұсқынсыздықтың,  жоғары  санадан  тыс, 
күлкілі  немесе  қайғылының  басым  болуы)  таптың  әлеуметтік 
жағдайына  байланысты  (билік  етуші,  қаналушы,  өз  құқықтары 
үшін  күресуші  немесе  тарихи  «жеңіліске»  ұшыраған)  [63].  Бұл 
теория  эстетикалық  сананың  әлеуметтік  және  тарихи  дамуын 
түсіндірудің  алғашқы  түсініктемелерімен  салыстырғанда  жаңа 
анықтаманы ұсынғандар үшін қызық болып келеді. Автор өнерді 
игіліктің интегралды бейнесі ретінде суреттейді, ол көркем образ-
ды  мазмұнында  шынайылықтың  нақты  құбылыстарының  инте-
гралды  құндылықтарын  түсіну  мен  шынайылықты  эстетикалық 
қабылдау  арасындағы  үздіксіз  шиеленісте,  «диалектикалық 
бірлікте»  дамиды.  Эстетикалық  қажеттілік,  автордың  пікірінше, 
қоғамның  нақты  жағдайы  мен  форманың  сұлулығына  деген 
әлеуметтілік  қажеттіліктен  туындайды.  Дегенмен,  бұл  идеяның 
қолданысының  тарихи  шеңбері  тар.  Мәселен,  ежелгі  кездерде 
эстетикалық  құндылықтардың  қалыптасу  заңдылықтары  нақты 
бір таптың жағдайына байланысты болған емес. Сонымен қатар 
оны қазіргі заман шынайылығына да қолдануға келмейді, себебі, 
қазіргі таңдағы таптарға бөліну мен олардың қарсыластығы нақты 
көрініс тапқан жоқ.
Эстетикалық  танымның  тарихи-генетикалық  талдауына, 
оның мифологиялық дүниетаныммен өзара байланысы мен оның 
әлеуметтік шарттармен негізделгені туралы жұмыстар қатарына 
Лосев  А.Ф.,  Веселовски  А.Н.,  Лукач  Д.  сынды  зерттеушілердің 
еңбектері жатады. 
А.Ф.  Лосевтің  еңбектері  мифологиялық  және  эстетикалық 
сананың  өзара  байланысы  мәселесіне  қатысты  философиялық 
тереңдігімен  ерекшеленеді.  Зерттеуші  эстетикалық  танымды 
«әлеммен  қарым-қатынас  жасаудың»  өзіндік  әмбебап  жолы  деп 

 
 
 
                      
                                                  29

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет