«Философия»



Дата22.11.2022
өлшемі14,02 Kb.
#51853

Философияны біріңғай түрінде түсіндіретін болсақ,ол танымның ерекше нысаны және шындықтың (болмыстың) жалпы сипаттамалары, ұғымдары мен принциптері туралы, сондай-ақ адам туралы, адам мен оны қоршаған әлемнің қарым-қатынасы туралы білім жүйесі.

Ғасырлар бойы философияның міндеттеріне дүние мен қоғам дамуының заңдылықтарын зерттеу де, таным мен ойлау процесінің өзін зерттеу де, моральдық категориялар мен құндылықтарды зерттеу де кірді. Соңғы философиялық сұрақтардың қатарына, мысалы: «Біз әлемді біле аламыз ба?», «Құдай бар ма?», «Шындық деген не?», «Не жақсы,не жаман?», «Адам дегеніміз не?», «Өмірдің мәні неде?» және басқа сұрақтар философия пәнінің зерттеу нысаны болып табылады.


Философия мен ғылым өзара байланысты, себебі адамдардың ғылымдағы ашуларының барлығы өмірді тану мақсатымен жасалды. Мен кіммін? мен қандаймын ?мені қоршаған орта ол не? деген сұрақтарға жауап іздеу барысында адам әлемді , өмірді тани бастады.Осы сұрақтарға жауап іздеу барысында адамда сана мен ой қалыптаса бастады.




«Философия» ұғымының анықтамасы көп жағдайда бұл сөздің грек тілінен аударылуынан басталады.  Және бұл осылай жасалады: философия - грек тілінен. филео - махаббат, софия - даналық, философия - даналыққа деген сүйіспеншілік.


Рефлексия (латынның reflexio – «өткенге көз тастау» деген сөзінен шыққан) – субъектінің ішкі психикалық актілер мен күйлерді танып-білу үрдісі. Рефлексия ұғымы ең алғаш рет философияда пайда болды және индивидтің жүріп жатқан нәрселерді өз санасында ойластыру үрдісі дегенді білдірді. Рефлексия – бұл субъектінің өзін-өзі тануы немесе түсінуі ғана емес, сонымен қатар басқалардың оны қалай түсінетіндігін, оның тұлғалық ерекшеліктерін, эмоциялық реакциялары мен когнитивтік (танымға қатысты) қабілеттерін қалай білетіндігін аңғару. Мұндай аңғару мазмұны бірлескен іс-әрекет нысанасына айналып, рефлексияның ерекше формасы – нысаналық-рефлексиялық қатынастар дамиды .

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет