Философиядағы сана мәселесі



Дата18.02.2023
өлшемі27,24 Kb.
#69036

Философиядағы сана мәселесі
Мазмұны:
1.Сана генезисі. Сананы анықтаудағы негізгі мәселелер.
2.Сананың мәні, құрылымы.
3.Философия тарихындағы бейсаналық концепцияларды салыстырмалы талдау.
4. Философиядағы сана мәселесі. Жан және сана туралы түсініктер



  1. Сана генезисі.Сананы анықтаудағы негізгі мәселелер.

Сана мәселесі философиядағы басты және күрделі, түсіндіруге қиын мәселелердің бірі,себебі сананы көру, өлшеу,сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес,бірақ сана адамның жануарлар дүниесінен ерекшелігін көрсететін факторлардың бірі,сана арқылы адам мен оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс жүзеге ассырылатыны күмәнсіз.
Сананы түсінудегі әртүрлі көзқарастарды біріктіріп,екі үлкен топқа бөлуге болады: 1. Материалистік -сананы материяның дамуында пайда болатын табиғи қасиеті деп түсіну. 2. Идеалистік – сананы материяға жат,одан алғашқы,жаратылыстан тыс пайда болатын рухани субстанция деп ұғыну.
Жаратылыстану ғылымдарының дамуының нақты жетістіктері сананың мәні,генезисі туралы сауалдарға жауап берді деп айтуғаболады.Түйіндеп айтсақ,сана туралы ғылыми көзқарас мынадай: сана ерекше түрде ұйымдасқан материяға – адам миына ғана тән қасиет.Оның дәлелі ретінде адамның миы зақымдалғанда оның ойлау,психикалық қызметі бұзылатынын айтсақ жеткілікті.
Сананың табиғаты қоғамдық,яғни ол тарихи эволюция нәтижесінде қоғамда қалыптасты және сананың дамуы қоғамдық ортада ғана мүмкін болмақ.Сананың қалыптасуының алғышарты ретінде еңбекті атауға болады.Еңбектің арқасында адам өзінің күнделікті өмір сүруіне және табиғаттың дүлей күштерінен қорғануға қажетті нәрселерді жасады.Еңбектің дамуы қоғамда өмір сүріп отырған адамдарды жақындатты,олардың бір-біріне бірдеңе айту қажеттілігі туды,араласу құралы ретінде тіл пайда болды.Еңбек пен тіл адамның миын, сезім орталықтарын дамытты,есту, көру,сезу қабілетін күшейтті,санасын қалыптастырды.
Антропосоциогенездің маңызды аспектісі сана генезисі болды. Сана – әлемді бейнелеудің ең жоғары формасы. Сананың тасымалдаушысы – бұл миы бар адам, ол әлемнің идеалды көрінісін жүзеге асыруға қабілетті жоғары дамыған материалдық жүйе. Сана адамдардың әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде ғана қалыптасады және сондықтан әлеуметтік-тарихи сипатқа ие болады. Сана адамға қоршаған әлемді тануға, оған деген қарым -қатынасты сезінуге, өз қызметін реттеуге мүмкіндік береді. Сана саласында адам әрекетінің мақсаттары (идеалды мақсат қою), ойлау формалары (түсінік, пайымдау, қорытынды және т.б.), сенсорлық-бейнелі және ерікті сәттер қалыптасады. Сананың негізі – ойлау. Бұл санада объективті бейне, әлемнің бейнесі қалыптасады деп ойлаудың арқасында.
Сана генезисі адам мен қоғамның пайда болуы сияқты табиғи-тарихи сипатқа ие. Сана жануарлардың жоғары дамыған психикасы – жоғары приматтар негізінде қалыптасты. Үлкен маймылдар жалпылау және абстракциялау қабілетімен, сондай -ақ басқа индивидтердің білімі мен ниетін бағалауымен сипатталады.
Сана генезисінің негізгі алғышарттары:
Мөлшерінің ұлғаюы және жоғары приматтардың миында сапалық (құрылымдық) өзгерістер;
Еңбек, практикалық қызмет;
Қоғамдық қатынастарды, еңбек бөлінісін, ұжымшылдықты дамыту;
Коммуникативтік, сигналдық белсенділікті, тілді, сөйлеуді дамыту.
Сана генезисінің негізі – құралдарды өндіру бойынша әрекеттер нәтижелерін жалпылау (және ұжымдық шоғырландыру). Сана, ең алдымен, еңбек құралдарын өндіру процесінде ашылатын табиғи объектілердің объективті қасиеттерінің көрінісі ретінде туындайды. Бұл процесс екі (кем дегенде) табиғи объектілердің (тастар, таяқшалар, сүйектер) өзара әрекеттесуін қажет етеді. Олардың өзара әрекетінің нәтижесі (яғни еңбек құралы) осындай табиғи объектілердің объективті қасиеттерімен анықталады. Екі табиғи затты бір -бірімен байланыстыра отырып, адам өзінің объективтік қасиеттерін бөліп көрсету мүмкіндігіне ие болады (бір таспен екіншісіне соғу ағашқа таспен соққаннан гөрі мүлдем басқа нәтиже береді): қаттылық көрінеді). Екі материалдық объектінің бір -бірімен әрекеттесуі олардың объективтік қасиеттерін бөліп алуға мүмкіндік береді, яғни. Бұл объектілерді өзара әрекеттесуге кім қоятынына байланысты емес қасиеттер.
Философиядағы сана мәселесі–философиядағы негізгі мәселелердің бірі. Философияда сана мәселесіне әр түрлі көзқарастар бар, олар физикализм; солипсизм; объективтік идеализм; материализм деп бөлінеді.
Физикализм –сана жеке субстанция ретінде, сана материяның туындысы және тек физика тұрғыдан түсінуге болатынын қарастыратын, сананың мидағы физиологиялық процестермен байланысты екенін пайымдайтын бағыт. Сана– ми қызметінің жемісі. Бұл көзқарас ғылыми жаратылыстану ғылымдардың нәтижелеріне, соның ішінде мына фактілерге негізделген: адамның миы–табиғаттың күрделі «механизмі», материяның жоғары ұйымдасқан деңгейі; ми болмаса әр адамның санасы өмір сүре алмайды, ми-биологиялық орган; адамзат жасанды интеллект жасауға мүмкіндігін алды, ол материалдық объект – машина (компьютер); дәрілердің адамның организміне әсері санада бейнеленуіне әкеледі (мысалы, психотроптық заттарды қолдану). Физикалистердің негізгі мәселесі— ол идеалдық сана: адам ойындағы образдардың материалдық сипаттамасы жоқ, мысалы – массасы, иісі, өлшемдері, формалары жоқ; сана образарды өзгерте алады — үлкейту, кішірейту, өшіру сияқты, ешбір адам басқа адамның санасын «көрмеген» (миге операция жасаған хирург, микроскоптан тек затты — нейрондерды көреді, бірақ ол операция жасаған адамның образдардарын, не ойларын көре алмайды). 

Сана сонымен қатар бейнелеудің жоғарғы формасы.Бейнелеу барлық материя тән қасиет.Обьективті өмір сүретін заттар,құбылыстар,процесстер бірбіріне үнемі әсер етіп отырады және белгілі бір дәрежеде өзгерістерге ұшырайды.Әрбір зат,құбылыс өзі әсер еткен нәрседе өзінің “ізін”, бейнесін қалдырады.


2.Сананың мәні және құрылымы.
Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін әдебиет, философия ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың болмысы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер бұл пікірді мойындамаған.
Сонда сана дегеніміз не? Ол қайда, қалай пайда болады? Өлі материядан қалайша тірі дүние: өсімдіктер, жануарлар, адам пайда болады? Осылардың бәрінің негізінде не жатыр? Оның мәні неде? Сана белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс па, әлде іштен шыққан дүние ме? Әрине, адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік, қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана іштен туған қасиет емес. Ол атадан балаға көшетін қабілет те емес. Сананың миға қатысы бар екенін мойындамай, сана миға сырттан дайын күйінде интроекция арқылы келеді-міс деген жалған пікір таратқан махист Р. Авенариусты В.И. Ленин «Материализім және эмпириокритицизм» деген еңбегінде өткір сынға алған болатын.
Дін иелері сананы материалдан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін, ешқашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жанды ұшып жүретін шыбығын балаған. Халқымыздың «шыбын-жан»деген сөзі осындай ұғымнан туындаған. Діндарлардың пікірінше, адам ұйықтаған шыбын-жанның дүние кезіп жүргендегі көргендері. Кейін ол шыбын-жан қайтып оралғанда, адам ұйқыдан оянады деп түсінген. Ұйықтап жатқан адамды абайлап ояту тәртібі осыдан шыққан болса керек. Өлген кісілерге дұға оқу, құдайы беру, оларды еске алу, бейітті елді мекендерге, жолға жақын жерге салу – осылардың бәрі сол адам жаны мәңгі өмір сүреді деген ұғымнан пайда болған. Сірә, о дүние, жұмақ, тозақ деген діни ұғымдар, әрине, осындай пікірден туындаса керек. Материя емес, мәңгі өлмей өмір сүріп, бірден-бірге көшіп-қонып жүретін рухани дүние – жан деген ұғымнан тотемизм, басқаша айтқанда, өзін түрлі хайуанаттармен, өсімдіктермен тұқымдас деп түсінетін ұғым пайда болған. Бұл — өте ертедегі дәуірде туған түсінік.
Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінеді. Бірақ сананың пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіну де оңайға түскен жоқ. Кейбір материалистер сана балық материяда бар деп түсінген. Мәселен, орта ғасырда өмір сүрген. Д. Скоттың түсінігінше, тіпті тас та ойлай аладымыс. Мұндай бүкіл табиғатты жанды деп қараған ұғымды философияда гилозоизм деп атайды. Бұл ұғым ертедегі гректердің (hule –материя,  zoe – тіршілік деген екі сөзінен құралған). Енді бір материалистер дүниенің бірлігі оның материалығында екенін дұрыс ұғына алмай, сананы да материяға балаған. Мәселен, Фогт, Бюхнер, Молешотг деген немістің жаратылыстану зерттеушілері сана мидың жемісі екенін, бауырдан өттің бөлінетінімен қатар қойып, екеуін бірдей алып қараған. Мәселен, Фогт «ойдың миға қатысы өттің бауырға қатысына барабар, бірдей деп жазды. Әрине, ой да, өт те жеміс, туынды, бірақ ой – мидың рухани жемісі де, өт – бауырдың материалдық жемісі. Бұл екеуін қатар қою материя мен идеяның қарама-қарсы екенін білмегендік немесе білгісі келмегендік. Сондықтан К. Маркс пен Ф. Энгельс мұндай пікірді тұрпайы мате-риализм деп атап, орынды сынға алады.
Ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, ғылымдар сана барлық материяның жемісі емес, тек ерекше ұйымдасқан материя – адам миының функциясы екенін дәлелдеді. Адам миы – күрделі әрі өте нәзік миллиардтаған жүйке клеткалардан (нейрондардан) тұратын аппарат. Ол нейрондардың (клеткалардың) жалпы саны 14-15 миллиардтай. Әрқайсысы сияқты сигналды жеке-дара қабылдап, тиісті шешімге де келе алады. Сондай-ақ, олар өзара тығыз байланыста болып, түрлі операция жасағанда, миллардтаған ақпаратты қабылдап, тиісті шешімге келіп отырады. Мәселен, адам мифы 1020 ақпарат қабылдай алады. Былайша айтқанда, оның Мәскеудегі Мемлекеттік көпшілік кітапханадағы жалпы ұзындығы 300 км созылған кітап сөрелерінде жинақталған миллиондаған томдардың ақпаратын сыйғызып, есінде сақтай алатын мүмкіндігі бар көрінеді. Адам бүкіл өмір бойында мидың сол мүмкіндіктерінің тек 3-4 пайызын ғана пайдалана алады екен. Олай болса, адам миы ешқашан тоқырауға ұшырамайды. Оның мүмкіндігі адам өмірімен салыстырғанда шексіз.
3. Философия тарихындағы бейсаналық концепцияларды салыстырмалы талдау.
Адамның психикасы мен мінез-құлқы туралы ойлана отырып, менің ойымша, сана мен бейсананың өзара байланысы мәселесіне ерекше назар аудару керек. Сана психологияның, философия және барлық антропологиялық ғылымдардың маңызды ұғымы болып табылады. Сондықтан сана мәселесі және оның бейсаналықпен өзара әрекеттесуі оған әртүрлі көзқарастарды, оның жеке аспектілері туралы көптеген көзқарастарды тудырады. Сана-бұл нақты әлемді бейнелеудің ең жоғарғы формасы, тек адамға ғана тән және сөйлеуге байланысты ми қызметі, шындықты әлеуметтік және мақсатты түрде бейнелеуден, іс-әрекеттерді алдын-ала ойластырудан және олардың нәтижесін алдын-ала болжаудан, адамның мінез-құлқын саналы түрде реттеуден және өзін-өзі бақылаудан тұрады.
Жоғарыда айтып кеткенімдей сана - психиканың ажырамас бөлігі.Ол адамның сыртқы әлемін ғана емес, сонымен бірге ойларын, сезімдерін, идеяларын қамтиды.Ал оның басқа бөлігі – бейсаналық болып табылады. Адам өзінің мінез-құлқын саналы түрде басқару үшін сыртқы ортадан да, ішкі органдар мен жүйелерден де келетін сигналдарды қолданады. Сигналдардың көпшілігін адам түсінбейді және олар мінез-құлықты реттеу үшін қолданылатынына қарамастан, бұл сана деңгейінде болады. Субъект қабылдамайтын психикалық құбылыстардың жиынтығы - бейсаналық деп аталады. Бейсаналық - саналы адам мінез-құлқындағы сананың қатысуынсыз, ойламай, дағдыға айналған қасиет арқылы әрекет жасау болып табылады. Бейсаналықтың аймағы үлкен болады. Бұл - адамның сана-сезімі жоқ кезінде психиканың белсенді жұмыс істей беретін жағдайы.
Бейсаналықтың іс-әрекетінің 2 әдісі бар:

  1. Автоматты, рефлекторлық әрекеттер, сананың қасақана немесе табиғи түрде өшірілуімен (түсінде, гипнозбен, қатты мас күйінде, ұйықтаумен, есін жоғалтумен және т. б.) жасалған әрекеттер; 

  2. Субъектінің санасымен қарым-қатынасына тікелей қатыспайтын белсенді психикалық процестер; 

Адамның жеке басындағы бейсаналық - бұл адамның өзіне тән, бірақ санасы қабылдамайтын сезімдер, мүдделер мен тілектер. Олар қабылдау, есте сақтау және қиялмен байланысты әртүрлі еріксіз реакцияларда, әрекеттерде, психикалық құбылыстарда байқалады. Бұл құбылыстардың барлығы "қате әрекеттер"деген анықтама алды. Бейсананың мысалдары: қате жазу, сөздерді дұрыс тыңдамау; адамның жағымсыз эмоцияларын тудыратын есімдерді, уәделерді, оқиғаларды және басқаларды еріксіз ұмытып кету; 
Көптеген шетелдік және отандық ғалымдар бұл мәселені көп уақыт зерттеді және әлі де зерттеп келеді. Шетелдік психологияда Зигмунд Фрейд бейсаналық ілімнің дамуына үлкен үлес қосты. Ол бейсаналық - психикалық өмірді реттеуде жетекші рөл атқарады, ал сана — бұл біздің психикамыздың аз ғана бөлігі дп түсіндірді. Кейіннен оның теориясын г. Юнг дамытып, толықтырды. Ол психиканы динамикалық қарама-қайшылықты бірлік деп санады, сана мен бейсананың өзара әрекеттесуімен олардың арасындағы үздіксіз энергия-ақпараттық алмасумен толықтырады деп тұжырымдады. Л.С. Выготский сана — бұл психикалық функциялардың, қабілеттер мен жеке қасиеттердің бірлестігі екенін атап өтті.
Қазіргі кездегі ғылыми мәліметтерге сәйкес, сана мен бейсаналық арасындағы қарым-қатынас туралы мәселе әлі де ашық және біржақты шешілмейтінін мойындау керек. Мұның басты себебі - санамен, сондай-ақ адамның мінез-құлқымен және оның саналы реттелуімен байланысты бейсаналық психикалық құбылыстардың көптеген түрлерінің болуы. 
4. Философиядағы сана мәселесі. Жан және сана туралы түсініктер
Философиядағы сана мәселесі - философияның негізгі мәселелерінің бірі. Философияда сана мәселесіне қатысты әр түрлі көзқарастар бар:
• физика;
• солипсизм;
• объективті идеализм;
• шикізатшылдық.
Физикализм - бұл сананы жеке субстанция ретінде сана математиканың жемісі және оны тек физика тұрғысынан түсінуге болады, ал сана мидағы физиологиялық процестермен байланысты деп болжайтын ағым. Сана - ми белсенділігінің жемісі.
Солипсизм - индивидтің санасы жалғыз нақты шындық болатын бағыт, ал материалдық әлем оның өнімі (субъективті идеализм - Бекли, Юм, Фихт).
Сана рухани таза жанға тән, сананы жалпы үшке бөлуге болады:
• материалдық шындыққа байланысты физикалық қабылдау;
• ішкі мазасыздық сезімдері;
• Рухани болмысқа жататын алғашқы таза сана - рухани сана.
Сана құбылысына эмоционалды сезімдер, соның ішінде адамның көңіл-күйі, сондай-ақ адамның алдына қойылған мақсаттарға, онымен байланысты талаптар мен әрекеттерге ұмтылу болып табылатын қозу процесі кіреді.
Жан - адамның, жануарлардың (кейде өсімдіктердің) тірі күші. Дәстүрлі идея бойынша жанның материалдық қасиеттері жоқ, сондықтан оны ғылымға сәйкес тану мүмкін емес деп саналды. Алайда, қазіргі заманғы зерттеулерге сәйкес, жан адам ағзасының бүкіл жүйесіне және мидағы нейрондардың қозғалуына тәуелді деп тұжырымдайтын функционализм идеясы қалыптасады. Оның ойынша тірі жасушаның ерекше қасиеттері мен қабілеттері.
Философия адам санасын жүйелі түрде зерттеу және ғылыми зерттеулер жүйесі ретінде көптеген тапқыр ойларды қалдырды. Ежелгі грек философтары Пифагор, Гефалит, Сократ, Платон, Апостол, Плотин және т.б. Олар философия тарихының алдыңғы қатарында. Елші «жанның формасы - дене» деп сенген. Тағы бір философ Плотин «жан дене формасы емес, ол ақыл-ойдың иесі» деген. Оның пікірінше, «ақыл денеде емес, жанда». Философ Ибн Сина өсімдіктерді жан, жануарларды жан, ал жанды адам деп бөлді. Ибн Синаның дүниетанымына сәйкес, ақымақ жан - интуиция, яғни жануардың жаны, ал ақылды жанның иесі - адам. Бұл жағдайда өсімдік жаннан жануарға, одан адам жанына немесе керісінше өте алмайды.
Сана ұғымы философияда негізінен адамның тіршілік ету тұрғысынан, яғни адамзат тарихы мен мәдениетінің сабақтастығын, әлеуметтік процестердің, құбылыстардың әртүрлілігін қамтамасыз ететін әдіс ретінде қарастырылады. Сана әлеуметтік және жеке «өлшемдердің» бірлігіне көбейтіледі. Жеке тұлға іс жүзінде саналы қоғамдағы қарым-қатынаста белсенді.
Сана дегеніміз адамның өмірдегі белсенді болу қабілеті, адамдардың заттармен өзара әрекеттесуі, табиғи және мәдени қатынастары, алыс және жақын адамдармен қарым-қатынасы мен іс-әрекеті, яғни бұл объектілерді өзін-өзі ұстау әдісі ретінде қолдану. Сана ұғымы - бұл психика ұғымы; Психиканың типі деп жанның қоршаған ортамен (сондай-ақ жеке адамға) тікелей жанасу тәсілі, яғни тіршілік әрекетіндегі калькулятор және мультипликатор, жиынтық, табиғи және жер факторларына қатысты ақыл-ой қабілеті қамтамасыз етіледі деп түсінеді. және қабылдау қабілетін алады. 

Пайдаланған әдебиеттер:


1.Рубинштейн Л.С. Самосознание личности // Психология личности: тексты / Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, А.А. Пузырея. – М.: Изд-во Моск. Ун-та, 1982. 
2.Лисина М.И., Силвестру А.И. Психология самопознания у дошкольников. – Кишинев: «Штиинца», 1983.
3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет