Физика – техникалық факультеті Психикалық процестер

бет1/5
Дата25.11.2023
өлшемі401,46 Kb.
#126834
  1   2   3   4   5
Байланысты:
12 лекция

12 дәріс. Эмоция және сезім. Ерік

1. Эмоция жөнiнде түсiнiк 2. Эмоцияның қызметтерi
3. Эмоцияның формалары және негiзгi түрлерi 4. Сезiмдердiң психологиялық сипаттамасы 5. Жоғары сезiмдер
6. Ерiк

Эмоция дегеніміз – адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер.

“Эмоция” ұғымы– “емовера” деген латын сөзінен, “эмоцион” дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні – тітіркендіру, толқу. Бұл – жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, каһалану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі.

1. Эмоция жөнiнде түсiнiк

Эмоция – адамдар мен жануарлар дүниесінде де көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтижелерге жеткізеді немесе көңіл-күйін жабырқатып, іс-әрекетін бейберекетсіздікке ұшыратады.

Iс-əрекетке ықпал жасау тұрғысынан эмоциялар стеникалық жəне астеникалық болып бөлiнедi. Стеникалық эмоциялар адамға қуат берiп, iс-əрекетке ынталандырады. Бұл жағдайда адам "тау қопаруға" дайын тұрады.

Керiсiнше, кейде толғаныстан адамның аяқ алысы байланады, енжарлық басады - бұл астеникалық эмоция көрiнiсi. Осыдан, жағдайға, дара ерекшелiктерге орай эмоция адам қылығына əртүрлi ықпал жасауы мүмкiн. Мысалы, қорқыныш сезiмiнiң саналы болуынан адам өзiн жинақтап, қатерге қарсы шабуылға шығады. Ал сол қорқыныш адамды үрейлендіріп, "тiзесi қалтырайтын" дəрежеге де келтiредi.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет