«Физика» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



Дата14.03.2023
өлшемі0,8 Mb.
#73950

«Физика» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

  1. Контейнерге толтырылған судың биіктігі 15 м. Төменнен 10 м биікте орналасқан түтікше суретте көрсетілгендей ашылады. Су түтікшеден қандай жылдамдықпен ағып шығады? (g = 9,8 м/с2)

    1. 9,9 м/с

    2. 14,1 м/с

    3. 15,0 м/с

    4. 17,3 м/с {1]

  2. Тыныштықта тұрған доп вертикаль төмен құлайды. 1 с-тан соң горизонталь жазықтықтан серпіледі және қайтадан жоғары көтерілгенше бастапқы мезеттен 1,5 с уақыт өтеді.

  1. Графикті пайдаланып, доп жылдамдығының өзгерісін сипаттаңыз.

___________________________________________________________________________[1]

  1. Доп бастапқы орнымен салыстырғанда 1,5 с ішінде қандай орын ауыстыру жасағанын есептеңіз. ___________________________________________________________________________[2]

  1. Ұзындығы L= 4 м біртекті сырықтың бір ұшынан d=1 м қашықтықта тірек қойылған. Осы шетінен салмағы W=25 Н жүк ілінгенде сырық тепе-теңдікте болады.

  1. Сырықтың тепе-теңдік шартын жазыңыз.

___________________________________________________________________________ [1]

  1. Сырықтың массасын анықтаңыз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[2]

  1. Биік төбеден горизонталь бағытта 8,2 м/с жылдамдықпен лақтырылған доптың траекториясы суретте берілген (ауа кедергісі ескерілмеген).

  1. Доп жылдамдығы Р нүктесінде горизонтпен 60º бұрыш жасайды. Осы кезде оның жылдамдығы қандай болады?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [2]

  1. Суретте бастапқы горизонталь жылдамдығы келесі мәндерге ие болған жағдайлар үшін доп траекториясын сызыңыз:

    1. жылдамдығы 8,2 м/с-тан үлкен және ауа кедергісі ескерілмейді. Бұл траекторияны В әрпімен белгілеңіз;

_______________________________________________________________________________________________________[1]

    1. жылдамдығы 8,2 м/с-ке тең және ауа кедергісі ескеріледі. Бұл жағдайда траекторияны С әрпімен белгілеңіз.

____________________________________________________________________________________________________________________[1]

  1. Ж іпке байланған тас горизонталь жазықтықта 5.1-суретте көрсетілгендей тұрақты жылдамдықпен шеңбер бойымен қозғалады.

  1. Тас қозғалысының бірқалыпты не үдемелі болатындығы туралы қорытынды жасап, түсіндіріңіз.

_____________________________________________[1]
(b) Тастың салмағы 7,0 Н. Жіп вертикальмен 350 бұрыш жасаған кездегі жіптің керілу күші T-ға тең. Тасқа әрекет ететін қорытқы күш мәнін есептеңіз.
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[3]

  1. Массасы 50 г металл шар вертикаль серіппеге 6.1-суретте көрсетілгендей құлайды.

Серіппе ұстатқышқа вертикаль бекітілген. Шар серіппеге 2,8 м/с жылдамдықпен соғылады. Шар құлаған соң серіппе шармен бірге төмен қарай сығылады.

  1. Серіппеге соғылар алдында шардың кинетикалық энергиясы 0,16 Дж болғандығын дәлелдеңіз. _______________________________________________________________________________________[1]

  2. Сығылу кезінде серіппеге әсер еткен күштің х деформацияға тәуелділігі 6.2-суретте берілген. Серіппенің максимал сығылуы , қатаңдығы 900 Н/м.

6 .2-суретті пайдаланып серіппенің максимал
(i) ХВ сығылуын анықтаңыз.
_____________________________________________________________________________________________________________[2]

    1. Шардың кинетикалық энергиясы толығымен серіппенің потенциалдық энергиясына айналмайтынын дәлелдеп, себебін түсіндіріңіз.

______________________________________________________________________________________________________________________[2]

  1. Вентури құбыры сұйық пен газдың ағу жылдамдығын өлшеу үшін қолданылатын құрылғы. Құрылғы өзара жалғанған аудандары 𝑆1, 𝑆2 түтікшелерден тұрады.


Түтікшелердің аудандары сәйкесінше = 5см2 және = 3см2. Вертикаль түтіктердегі сұйықтар биіктіктерінің айырмашылығы 20 см.


Анықтаңыз:

  1. құбырдың тар бөлігіндегі судың ағу жылдамдығын.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________[3]

  1. құбырдың кең бөлігіндегі судың ағу жылдамдығын.

_ __________________________________________________________________________[1]

  1. Төменде белгілі бір планетаның гравитациялық өрісі кернеулігінің планета центрінен қашықтыққа тәуелді өзгерісі берілген. Планета массасы – М.

  1. Графикті пайдаланып, қисықтың градиентін анықтаңыз. Анықтау жолын толық көрсетіңіз.

___________________________________________________________________[2]

  1. Планетаның массасын есептеңіз.

____________________________________________________________________[2]

  1. Радиусы екі есе үлкен, тығыздығы бірдей планета үшін жоғарыда берілген график қалай өзгеретінін түсіндіріңіз.

___________________________________________________________________________[2]
Жалпы балл: 30



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет