Фк – 31 тобының «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі» пәнінен курстық жұмыс талдауы



Дата31.12.2021
өлшемі23,71 Kb.
#21561

ФК – 31 тобының «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі» пәнінен курстық жұмыс талдауы.



Аты – жөні, тегі

Тақырыбы

Кіріспе


Теориясы


Практикасы


Қорытындысы


1.

Абельжанов Чингизхан



Шаңғы. Классикалық қозғалыс әрекеттерін үйрету.

Шаңғы спорты – қоғамдағы  жалпы 

мәдениеттің бөлігі, адамның  дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын  нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Балалардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.



Классикалық қозғалыс әрекетінің техникасын үйретудің теориялық негіздері.

Шаңғы тебу техникасына үйренуге оқушыларды дайындау негіздері.

Шаңғымен қозғалудың классикалық тәсілдерін үйрету техникасы мен әдістері.

Оқушыларға  классикалық қозғалыс әрекетінің техникасы бойынша сабақтарды ұйымдастырудың жалпы мәселелері.



Классикалық қозғалыс әрекеттердің

техникасын үйретуде дене шынықтыру

ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.

Классикалық  қозғалыс

әрекеттерінің  техникасы бойынша

сабақтар


жүргізуге  қойылатын  жалпы

әдістемелік ұсыныстар. Классикалық  қозғалыс  әрекетінің

техникасын үйретуде

қолданылатын ойын әдістері.



Сонымен, зерттеуді орындау барысында жұмысымның келесі мақсаттарына жетуге тиіс болатынмын   - мектеп жасындағы балалардың классикалық шаңғы жүрісі барысында техниканы үйрену әдістемесін ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастыру.



2.

Жаскенов Даурен

Жалпы дене дайындығы.

Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербес, ізденімпаз, дені сау, өзгермелі өмір жағдайына белсенді және білімін қажетті жағдайда шығармашылықпен пайдалана алатын жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.

«Спорттық жаттығулар» ұғымы және маңызы

Жалпы дене дайынығы.

Дене жаттығулардың сабақтан тыс түрлері.

Шетелдердегі дене дайындығы.



Жалпы дене дайындығы

Дене шынықтыру негізгі бағыттары.

Спорттық жаттығулардың негізгі мақсаттары.


Қазақстан Республикасының бағыты даму жағдайында дене тәрбиесінің жүйесін жан – жақты жетілдірудің мүмкіндіктері молайды. Жаңа дамып келе жатқан қоғамның құрамдас бөлігі бола отырып дене тәрбиесінің жүйесі жалпыхалықтық, кемелденген әлеуметтік жүйенің барлық белгілерін иемденген.

3.

Минекеев Диас

Шаңғы дайындығы сабақтарының ерекшелігі.

Соңғы жиырма жыл ішінде спорт туралы сонымен қатар шаңғы спортының теориясы мен әдісі жылдам дамып келеді. Егер ертеде ол тәжірибеге аз көмектесіп түсініктемелік функциясының орнын алса, қазіргі уақытта оның рөлі өзгерді. Спорттық жарыстар – бұл командалардың жеке күрестері ғана емес, бұл ұстаз-жаттықтырушының жоғарғы тактикалық ойлауы, спортсменнің күш-қуатының үлгісі.

Кімде-кім шаңғы спортымен айналыса бастап алдына нақты бір мақсат қояды: біреуі – жүлдегер, басқасы – жай қуатты және шыдамды болу, үшіншісі шаңғы көмегінің жүрісімен арықтауды, төртіншісі – еркіндікті бекітеді. Осылардың бәрі болады. Тек қана ешбір ерінусіз жаттығу керек.



Шаңғы спорты

Шаңғы спортының тарихы.

Конькилік жүріс.


Шаңғы дайындығы бойынша коньки жүрісінін түрлері.

Бірмезеттік екі адымды конькилік жүріс.

Жартылай конькилік жүріс.

Бірмезеттік біркелкі конькилік жүріс.

Конькилік жүріс технологиясының жаңа тенденциялары


Айтылған кұрал өсіп келе жатқан ағза үшін маңызды сауықтыру мәнге ие. Бұл біріншіден, дене жаттығуларының арқасында қоршаған ортаның жағымсыз факторлары мен жұқпалы ауруларға ағзаның қарсылығы артатындығымен түсіндіріледі. Басқа сөзбен айтқанда, денесі мықты және шыныққан адам сирек ауырады

4.

Нуралинов Ришат

Дене тәрбиесі сабағында дене қасиеттерін дамыту.

Бүгінгі таңда дене тәрбиесімен спорт құралдары арқылы дағдылар меңгеру-әрбір жас жеткіншектің міндеті. Кез келген елдің болашағы оның халқының, соның ішінде, жастарының денсаулығы мен күш қуатына, тәрбиесіне байланысты. Олай болса қазіргі мектеп оқушыларының денсаулығы елдің де, қоғамның да байлығы, дене қасиеттерін дамыту.

Дене тәрбиесі мен спорт – денсаулық кепілі. Оның құралдары арқылы адам бойына ізгілік, адамгершілік, ақыл-ой қасиеттерін қалыптастырады, денесін шынықтырып, бойына қуат, жігеріне күш-қайрат жинайды. Мүсін әдемілігін, қимыл құдыретін көркемдігін сезінеді. Онымен шұғылданушы тек денесін шынықтырып, жетілдіріп қана қоймай тұлғасын көріктендіріп бойына рухани байлық жинайды. Демек, адам оның әдемілік әлемі арқылы өзін тәрбиелейді. Нәтижеде адамның өмір сүруге деген құштарлығы артып, белсенді еңбек етуге құлшынады, өмір жасының ұзақ болуына кепілдік береді. Салауаттылыққа баулиды.



Дене тәрбиесі сабағын өткізудің әдіс – тәсілдері.

Дене тәрбиесі сабағын өткізудің заманауи әдіс – тәсілдері.

Дене тәрбиесінің әдістерінің түрлері.

Мұғалім сабақ өткізу дайындығы.

Дене тәрбиесінің қағидалары


Дене тәрбиесі сабағында дене қасиеттерін дамыту.

Дене қасиеттерін дамыту бағыталған жаттығулар

әдістері.

Физикалық көрсеткіштер дене тәрбиесі сабағында

дене қасиеттерін дамыту әдістер мен құралдары.

Дене қасиеттеріне дамуына арналған жаттығулар



Дене қимылы дамуы - адам жеке өмірінің үзақ жолында өз дене қызметінің табиғи қасиеттеріне және дене сапалары мен қабілеттеріне негізделе біртіндеп қалыптасуы және өзгеруі занды үдеріс. Дене дамуына тұқым қуалаушылық факторлары, өмір жағдайлары және тәрбие ерекшеліктері айтарлықтай әсер етеді.

      Дене қимылы дайындығы - белгілі бір іс-әрекетке байланысты, мақсатты орындауға бағытталған дене тәрбиесінің мамандырылған үдерісі. Ол жалпы арнайы дене дайындығын танып білуге көмектеседі.  Дене кимылының дайындығы - еңбекке  әзірлеудің, әскерде қызмет етуте дайындықтың бөлінбес қүрамы болып табылады.




5.

Сыздыков Ербатыр

Қозғалмалы және ұлттық ойындардың балабақшадағы балалардың дене дамуына тигізетін әсері.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында Қазақстанның білім саласына ерекше назар аударып келеді. Болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру Қазақстанның одан әрі қарыштап дамуына үлкен үлес қосады. Президент балабақшалардың жетіспеушілігіне де тоқталып, осы бағытта мектепке дейінгі мекемелердегі мәселерді алдағы үш жылда шешуді жүктеді.

Мeктeп жacынa дeйінгі бaлaлapдың қoзғaмaлы жәнe ұлттық oйындapын ұйымдacтыpy жәнe epeкшeліктepі.

Oйын тeopиялapы.

Қoзғaмaлы oйындap жәнe oлapдың epeкшeліктepі.Ұлттық oйындap жәнe oлapдың epeкшeліктepі.


Қoзғaмaлы жaнe ұлттық oйындapдың бaлa бaқшaдaғы бaлaлapдың дeнe дaмyынa тигізeтін әcepі. Қoзғaмaлы oйындapдың бaлaның пcиxoлoгиялық дeнcayлығынa жәнe дeнe дaмyынa тигізeтін әcepі. Ұлттық oйындapдың бaлaның пcиxoлoгиялық дeнcayлығынa жәнe дeнe дaмyынa тигізeтін әcepі.

Тұтас педагогикалық процесте қолданылатын дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалану мектеп оқушыларының сол пәнге белсенділігін арттырады, бағдарламалық материалдарды қажетті деңгейде меңгеруге ықпал етеді. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттері байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психологикалық түсінікпен сезім әрекетіне сүйенеді.Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді.


6.

Хасенов Медет


Дене шынықтыру сабақтары кезіндегі қауыпсіздік ережелері.

Бүгінгі күні білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздіктехниканы қорғау, еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға, балалар мен қызметкерлердің жарақаттануын болдырмауға баса назар аударады. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және оқу процестері, өкінішке орай, әлі де көп нәрсені қалайды.Дене шынықтыру сабағында мектеп оқушылары жарақат алу қаупіне ұшырайды, себебі дене шынықтыру сабағының басқалардан ерекшелігі, оған баратындардың жоғары физикалық белсенділігі, әр түрлі спорттық құрал-жабдықтар, түгендеу материалдарын қолдану.

Дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік техникасы.

Дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік негіздері.

Дене шынықтыру сабағында қауіпсіздіктің негізгі бағытыретінде жарақаттардың алдын алу.

Дене шынықтыру сабағында кіші мектеп жасындағы және жарақаттанудың алдын-алу шаралары.



Дене шынықтыру сабағы кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы түсінік.

Дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан болатын жарақаттарға алғашқы медициналық көмек көрсету.

Оқу алаңдары мен спорттық жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік және санитарлық талаптар.

Практикалық: Эксперименттік жұмыс,зерттеу нәтижелерін талдау.



Дене шынықтыру мұғалімдері, жаттықтырушылар баланың денесінде қаңқаның толық қалыптаспауымен, байлам аппараты мен бұлшықеттерінің әлсіздігімен, жүйке жүйесінің тұрақсыздығымен сипатталатындығын ескеруі керек, сондықтан сүйек сынуы, буын-буын жарақаттары сияқты жеке жарақаттар аппарат, жалпы және спорттық қабілеттілікті ұзақ уақыт жоғалтуға және ауыр психологиялық жарақаттарға, ал кейбір жағдайларда спорттық немесе жалпы мүгедектікке әкелуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет