“Ғұн” (сюнну)атауы пайда болды. Алтай,Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан аумағында “ғұн” деген атпен белгілі тайпа одағы қалыптаса бастады. Ғұндар-көшпелі халық.Ғұндар тәңіршілдік дінді ұстанып,түркі жазуын пайдаланған



Дата30.11.2022
өлшемі5,79 Mb.
#53761

Ғұндар
Ғұн империясы
Ғұндар Байкалдан Оңтүстікке қарай және Ордосқа дейінгі жерлерді қамтыды (б.з.б I мың)
Астанасы-
Қытай деректерінде б.з.б ІІІ-IV ғ “Ғұн” (сюнну)атауы пайда болды.Алтай,Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан аумағында “ғұн” деген атпен белгілі тайпа одағы қалыптаса бастады. Ғұндар-көшпелі халық.Ғұндар тәңіршілдік дінді ұстанып,түркі жазуын пайдаланған.Сөйлеу тілі де түркі тілі болған.
Ғұн державасының негізін қалаушы-Б.з.б. 203 – 202 жылдары Мөде Саян, Алтай және Жоғарғы Енисей тайпаларын бағындырып, өз мемлекетінің солтүстік шекарасын түбегейлі орнықтырды. Ғұндар б.з.б. ІІІ ғасырдың соңы мен б.з.б. ІІ ғасырдың басында Еуразия құрлығындағы бірден-бір ірі мемлекетке айналады.
Ғұн тайпалары құдіретті Мөденің кезінде бір мемлекетке біріккен, гүлденген. Халық саны 300 мыңнан асқан. Оның жасаған әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырды.Ғұндар Қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю-Банды б.з.б. 188 жылы жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етті. Хань әулеті Мөде шаньюйдің билігін толық мойындады. Қытай императоры ғұндарға жыл сайын жібек маталар, мақта, күріш, әшекей заттар жіберіп, алым-салық төлеп отыруға және қытай ханшасын Мөде шаньюйге әйелдікке беруге мәжбүр болған.
Мөде б.з.б. 174 жылы қайтыс болды. Мөденің мұрагері Лаушан тәңірқұты тұсында Ғұн мемлекетінің құдіреті күшейді. Ғұндардың жауынгерлік құдіретінен сескенген Цинь патшалығы өзінің шекарасын қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салды.
Б.з.б. І ғасырдың орта шеніне қарай империяға айналған Ғұн мемлекеті әлсірей түсті. Б.з.б. І ғасырдың ортасында Ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді.
Ғұндардың мемлекеттік құрылысы мен шаруашылығы
  • Ғұндардың мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, сол, орталық, оң қанат болып үшке бөлінген
  • Ғұндардың жоғарғы билеушісі «тәңірқұт» деп атаған. Оны қытай деректерінде «шаньюй» деп атаған
  • Мемлекеттің шаньюйден кейінгі басты тұлғалары «түменбасы» деп аталатын бекзадалар болған
  • Ғұндар 24 руға бөлінген және әрқайсысына 10 000 әскер бекітті оларды осы бекзадалар биледі.

Шаруашылығы
Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты рөл атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау, егіншілік дамыды.
Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.Олар малдың барлық түрлерін өсірген. Ғұндардың негізгі баспанасы киіз үйлер болған. Ғұндарда бұйымының бетіне түрлі түсті заттарды жапсыру стилі пайда болды, тарихта ол полихромдық стиль деп аталған. Осы стиль Орталық Қазақстанда дамыған. Зерлеу әдісімен пайдаланды. Бұйымдарды безендіру үшін негізгі бейне жабайы аңдар болған.
Аттила Верди Ғұн императорын Италияны Рим қыспағынан азат еткен даңқты қолбасшы бейнесінде дәріптейді. Құлдық қоғамды жойған, Еуропаға дала демократиясын дарытып, дамудың жаңа кезеңіне ғұмыр берген өз дәуірінің көрнекті реформаторы еді дейді. Ержүрек қолбасшы ретіндегі дара қасиеттерін ашып көрсетумен бірге өз заманының дана дипломаты болғанын да дәлелдеген
Аттила(400-453)Батыс Ғұн империясының аты аңызға айналған әйгілі билеушісі, адамзат тарихында өзіндік орны бар тарихи ірі тұлға. Оны Еуропа тарихшылары «Атилла», «Атил», «Эттли», «Этцел» деп те атайды.
Қытай қорғаны
Ғұндардың шайқасы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет