Фонетикалық процестер



Дата04.10.2022
өлшемі0,58 Mb.
#41246
түріҚұрамы

Фонетикалық процестер


Орындаған: Жылхайдар Нұргүл
Тобы: КОК-206
Қабылдаған: Сұлушаш Какеновна
20222-2023
Фонетикалық құбылыстар – сөздің құрамында болатын әртүрлі дыбыстық өзгерістер. Олар: протеза, эпентеза, редукция, эпитеза, метатеза, элизия, гаплология, апокопа, аферезис, диэреза,
Протеза – (грек.prothesis – алдында тұру)
Ұйықтап отырған қарулы Рысбекпен аралық тым жақын қалған еді.(Ақ боз үй)С. Елубай, 137 б.
Сөйткенше болған жоқ, үй ішінде тулақ сабағандай әлдене "таңқ" етті де, іле леген даңғырлап есіктен Ждақай атқып шықты.(Ақ боз үй, 9 б)
Ортада тұрған жатаған дөңгелек стол үстіне бірнеше керсен толы қымыз келді.(Ақ боз үй, 68 б)
Эпентеза (грек.epentesis – қыстырылу)
Әзберген құс көпшікті шынтақтап жатқан орнынан конаққа сұсын тікті.(Ақ боз үй, 26 б)
Басында түлкі тымақ, қара пүліш тысты тиін ішіктің белін жалпақ күміс белдікпен шарт буған.(Ақ боз үй, 43 б)
Докторға көмектесіп жүрген жас жігіт брезент қалтадан Асанның аузына су тамызды.(Ақ боз үй, 144 б)
Редукция – (лат.peduktion – қайырылу)
Кекірейген тікбақай қыз, сол тіп-тік қалпы есікті сарт жауып, шығып жүре берді.(Ақ боз үй, 36 б)
Алпауыт нардың үйдей көкірек түкпірінде шым-шымдап бір зор гүркіл бас көтерді.(Ақ боз үй ,41 б)
Содан, Шәкең бақырауық жарбайдың беліне отырып ауылға қайта шапты.(Ақ боз үй, 220 б)
Диэреза – айтуға ыңғайлы болу үшін сөйлеу кезіндегі дыбыстардың бір-біріне әсері, ассимиляция кезінде пайда болады.
Қарындаш тұрақсыз әйел сияқты, жазғаның қазір бадырайып тұрғанымен, біраздан соң із-түзсіз боп өшіп қалады.(Махаббат қызық мол жылдар, 45 б)
Бір көрген қыз бір ауыз жылы сөз айтты деп, желпеңдей кеп жөнеліп едім, өзіме де обал жоқ.(Махаббат қызық мол жылдар, 48 б)
– Жолдастар, бұл снаряд емес, болванка1 болды, мен шығып ары апарып тастайын, – дедім қасымдағыларға.(Махаббат қызық мол жылдар, 51 б)
Эпитеза – протезаға қарама-қарсы, дыбыстың сөздің соңынан қосылуы.
Жарты денесі жарылыстан жұлынып кеткен солдаттың қаны атқылап жүріп, соңғы күшін жинап, бір бума гранатты қолына ұстаған күйі неміс танкінің астына түскенін көрдім.(Б. Әлімжанов «Жүз жылдық толғау» 147 б)
Бір халықтың қасіреті басқа халықтар үшін әрі кеткенде жай ғана тарихи факт екен!(Жүз жылдық толғау, 285 б)
Біресе үстіне төнін келген аюдың тісіндей сақылдаған жау танкі ыстық ұяң окопты таптап, сол өміріне күніне қырық рет қауіп төндірген қырық төртінші соғыс жылының сұрапыл қысы да өтіп бара жатты.(Махаббат қызық мол жылдар ,101 б)
Элизия – (лат.elision – жаншу, итеріп шығару)
Мені құтқарса, тек кездейсоқ жағдай ғана құтқара алады.(Жүз жылдық толғау, 130 б)
Дәрігерлер бір апта әуреленсе де суырып ала алмай, ақыры сол күйі қалдыруға ұйғарды.(Жүз жылдық толғау, 141 б)
Саумалдың иісі мұрнымды қытықтап, қанымды қыздырады.(Жүз жылдық толғау, 9 б)
Метатеза – (грек.metathesis – ауыстырып қою)
Жастары үлкен, өздері ірі, әлдері жетеді, жығып салып тепкілей жөнелді.(Жүз жылдық толғау, 291 б)
Ия-ия, Сәлім екеуміз Мәриям әпкемізге қыдырып барып, Алтын апаның ертегілерін тыңдаған жер!(Жүз жылдық толғау, 151 б)
Адамдардың жүрегіне, жадына фашистік Германияға деген өкпе-реніш пен жек көрушілік терең сіңіп қалған, жылқышы жігіттің таңдауын ешкім қостамайды.(Жүз жылдық толғау, 219 б)
Аферезис – элизияға қарама-қарсы құбылыс, яғни бунақта қатар келген екі дауыстының кейінгісінің түсірілуі.
Бұйрық берсе не істейсің! – деді Николай дауысы қырылдап.(Жүз жылдық толғау, 290 б)
Аяулы ағамыз аман болса екен!(Жүз жылдық толғау, 36 б)
Қазақтың басынан өткен қиындықтар туралы орыс пен неміске әңгімелеп отырып, олар үшін соның маңызы онша емес екенін түсіндім.(Жүз жылдық толғау, 285 б)
Гаплология – сөз ішіндегі біркелкі буындардың бірінің түсіп қалуы
— Иттің балдары! Бұ қайсың! Доғар! — деп қатты жекіп ұмтылды Асан бәлшебек.(Ақ боз үй, 110 б)
Бәрін араластырып, біртұтас советтік социалистік қоспаға айналдырып жіберді.(Жүз жылдық толғау, 222 б)
Балалар сондай маңызды шаруа туралы үлкен бастықтың, өзі орыс, сұрағанына мәз болыпты.(Жүз жылдық толғау, 224 б)
Апокопа – (гр. Қысқарту)
Сол күндердің, сол айлардың, жылдардың бәрінде де мен сендерді бір минут та есімнен шығарған емеспін.(Махаббат қызық мол жылдар ,16 б)
Төкеш пен Тұрсын екеуі пар ат жегіп мені «Ақботадан» жиырма бес километр жердегі Біртөбе станциясына алып жүрді.(Махаббат қызық мол жылдар, 213 б)
Кабинет иесі үстеліне еңкейе түсіп, газет қарап отыр екен.(Махаббат қызық мол жылдар, 289 б)
Пайдаланылған әдебиеттер
Ә. Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар»
С. Елубай «Ақ боз үй»
Б. Әлімжанов «Жүз жылдық толғау»

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет