Г.Қ. аЙҚынбаева оҚуШылаРДыҢ беЙІнДІк ҚабІлетІн аныҚтауДа психологиялыҚ- пеДагогикалыҚ ӘДІс-тӘсІлДерді қолДануДыҢ еРекШелІктеРІ



Pdf көрінісі
Дата19.01.2017
өлшемі368,96 Kb.
#2248

6

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

г.Қ. аЙҚынбаева  

оҚуШылаРДыҢ беЙІнДІк ҚабІлетІн аныҚтауДа психологиялыҚ-

пеДагогикалыҚ ӘДІс-тӘсІлДеРДІ ҚолДануДыҢ еРекШелІктеРІ

Features of application of psiholog-pedagogical techniques at revealing profile abilites at 

learning senior classes. The biased education is one of the forms of training of future specialists. 

The article regards the features of the biased education of High school students. The author 

describes the major directions of education (mathematics, technical, language) and also gives 

recommendations on the organization. 

Тәуелсіз  Қазақстанды  әлемдегі  алдыңғы  қатарлы  елдермен  терезесі  тең  іргелі 

мемлекетке  айналдыру,  әлемдік  дәрежеге  көтеру  бүгінгі  жастардың  үлесіне  тиетіні 

анық.  олай  болса,  біздің  басты  міндетіміз  жаңа  заман  үрдісіне  сәйкес  экономикалық 

әлеуметімізді молайту үшін қажыр-қайрат көрсете білетін, ғылымның мол жетістіктерімен 

қаруланған,  бейіндік  қабілеті  шыңдалған  оқушы  тәрбиелеу  болып  табылады.  Әлемдік 

тәжірибе  мектеп  бітірушінің  әлеуметтік  және  қоғамдық  өмірдегі  тұрақты  өзгерістерді 

ескере отырып, қоғам өміріне еркін енуіне дайындығын қамтамасыз ететін жалпы орта 

білімді дамытудың қарқынын арттыру қажеттілігін көрсетіп отыр. 

Қазақстан  ғасырлар  тоғысында  тәуелсіз  елге  айналып,  саяси,  әлеуметтік    және 

экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы- білім беру ұйымдарында 

бейіндік оқытуды ұйымдастырумен ерекшеленеді, содықтан да оқушылардың бейіндік 

қабілетін  анықтаудағы  психолого-педагогикалық  әдіс-тәсілдерді  дұрыс  қолдана  білу 

ерекше маңызды болып табылады. 

Қазақстан республикасы Президентінің 2006 жылғы халыққа Жолдауында әлемнің 

алдыңғы қатарлы дамыған 50 елдің қатарына қосылу міндеті қойылған [1]. оны жүзеге 

асырудың бір өлшемі- еліміздің білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, бәсекелестікке 

қабілетті мамандар даярлау болып табылады. Білім  беруде қазіргі таңда өзекті болып 

отырған  бейіндік  оқыту  аталған  мәселені  шешудің  бір  жолы  болып  табылады.  оны 

жүзеге  асыру  Қазақстан  республикасының  2002  жылғы  жалпы  орта  білім  берудің 

мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (БмЖмс), сондай-ақ 12 жылдық білім беруге 

көшу аясында «Қазақстан республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылға 

араналған  мемлекеттік  бағдарламасы»  негізінде  даярланатын  стандарттарға  сәйкес 

жүргізілуі қажет  [2,3].

елбасымыз алдыға міндет етіп қойғандай өзіндік өмір өрнегін жасай алатын, өзіндік 

даму арнасын белгілеп, өмірдің қиыр көкжиегіне батыл қадам басатын бүгінгі бәсекенің 

қатал заңына икемді ұрпақтың тұғыры мектептен басталады. оның алғы шарты оқушы 

бойында өмірлік бейімділіктерді қалыптастырумен орындалады [4]. 



ЖоҒаРы мектеп пеДагогикасы

пеДагогика высШеЙ Школы

7

№ 1 (74) 2010

Бүгінгі  таңдағы  әлеуметтік-экономикалық  жағдайлардың  күрделенуі,  ақпараттар 

ағымының  қарқындауы,  бәсекелестіктің  артуы  сияқты  жағдаяттар  білім  беру 

ұйымдарының  түлектеріне  елеулі  жоғары  талаптарды  жүктейді.  Бұл  жағдайда  жалпы 

білім беру мақсаты көп міндетті құзырлармен, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесімен 

қаруланған,  бүгінгі  өзгермелі  жағдайларда  бағдарлана  алуға  дайын  тұлғаны  дамыту 

болып табылады.

Қазақстан  республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 

тұжырымдамасында  «Білім  берудің  мақсаты-  жылдам  өзгеріп  отыратын  дүние 

жағдайларында  алған  терең  білімнің,  кәсіби  дағдыларының  негізінде  еркін  бағдарлай 

білуге,  өзін-өзі  іске  асыруға,  өзін-өзі  дамытуға  және  өз  бетінше  дұрыс,  адамгершілік 

тұрғысынан  жауапты  шешімдер  қабылдауға  қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру» 

делінген [5]. Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып Қазақстанда ұлттық және 

жалпы  адамзаттық  құндылықтарды,  тарихи  тәжірибелерді,  сан  ғасырлық  мәдени 

ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар 

қоя  отырып  ұлттық  рухта  болашақ  ұрпаққа  бейіндік  оқыту  мен  тәрбие  беру,  әрі  оны 

психолого-педагогикалық тұрғыдан алдын-ала анықтау қажет деп санаймыз.

ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау жұмысын жүзеге асыру үшін 

оқушының  қабілетін  анықтау  мен  оны  бейіндік  бағытта  оқытудың  орны  ерекше.  ХХІ 

ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелуі анық. Біз болашақтың жоғары 

технологиялық және ғылыми қамтылған өндірістер үшін кадрлар қорын жасақтауымыз 

қажет.  


мектептегі бейіндік оқыту-оқушылардың өздерінің танымдық қызығушылықтарына, 

қабілеттілігіне,  оқудағы  жеткен  жетістіктеріне  және  кәсіби  ниеттеріне  байланысты 

олардың  оқыту  бағдарын  еркінше  таңдап  алуға  негізделген.  ол  оқушылардың  белгілі 

бір тобына қатысты даралық тұрғыдан қарауды жүзеге асыруға бағытталған. Әр топтағы 

оқыту  үдерісі  түрліше  жүреді:  білім  мазмұнымен  ерекшеленеді,  оған  қандай  да  бір 

оқыту  әдістерінің,  түрлерінің  және  формаларының  басымдық  рөлі,  оқушылар  мен 

мұғалімнің  өзара  қарым-қатынас  стилі  өзгереді.  Бейіндік  оқыту-білім  беру  үдерісінің 

құрылымы, мазмұны және ұйымдастырылауына өзгерістер енгізу арқылы оқышылардың 

қызығушылығы,  бейімі  мен  қабілеттерін  толық  есепке  алуға,  оқушыларға  олардың 

кәсіптік  сұраныстары  мен  білім  алуды  одан  әрі  жалғастыру  мүмкіндіктеріне  сәйкес 

оқытуға жағдай жасауға мүмкіндік беретін оқытуды саралау мен даралау құралы болып 

табылады [6].  

оқушылардың қандайда бір пәнді зерделеуіне қатысты арнайы қабілеттіліктерінің 

құрамын  зерделеу  бойынша  педагог-психологтардың  зерттеулерін  талдай  келе,  оның 

кейбір бөліктерін бөліп көрсетейік: 

Әдеби-тілдік бейінділік шығармашылық белсенділік және байқағыштық сияқты 



эстетикалық  көзқарас  жадында  көрнекті  бейнелердің  сақталауы,  шығармашылық 

елестету, сезімталдық және тілдің мәнерлігі анықтайды. 

математикалық  бейінділіктің  ойлау  үрдісінің  жылдамдығы,  терең  әрі  жоғары 



деңгейде талдай алуы, қабылдау математикалық іс- әрекетке қажеттілік, математикалық 

қисын, кеңістікті түсіну сияқты сипаты бар. 

Техникалық  бейінділік-ойлай  алу  мен  түсіністік,  елестету  кіреді.  Техникалық 



байқағыштықпен, іскерлікпен сипатталады. 

Физика,  химия,  биология  ғылымдары  табиғат  құбылыстарын  зерделейтін  яғни 



олардың  қарастыратын  пәндердің  ортақ  екенін  ескерсек  бұл  оқу  пәндерін  зерделеуге 

оқушылар  бейімділігінің  өте  жақын  құрамы  бар  екенін  байқаймыз.  онда  бұл  ретте 

жаратылыстану қабілеттілігі туралы айта аламыз. 


8

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

мектептегі  оқушының  бейіндік  қабілетін  анықтап,  әрі  бейіндік  оқытуға  көшудің 

көптеген себептері бар. олар: 

-  оқушылардың  қызығушылықтары  мен  өмірлік  жоспарларының  саралануы, 

оқушылардың  70  пайызы  жалпы  білім  беретін  пәндерді  негіздер  деңгейінде,  ал 

тереңдетілген деңгейде тек өзінің болашағына қатысты пәндерді оқуға құлық танытып 

отыр;

-  мұғалімдер мен оқушылардың пікірінше қазіргі мектеп болашақ кәсіби іс- әрекетке 



және карьералық өсуге жағдай жасай алмай отыр;

-  болашақ  мамандықты  саналы  таңдау  білім  берудің  экономикалық  тиімділігін 

арттыруы, сол сияқты түлектерді әлеуметтендірудің жетістікті болуына әсер етуі тиіс; 

-  мектеп түлектеріне жоғары кәсіби білім беру мекемелері тарапынан қойылатын 

спецификалық талаптардың күшеюі, жоғары оқу орнына дейінгі даярлықтың келеңсіз 

тұстарын жою. 

осы  қажеттіліктерден  келіп  бейіндік  оқытуға  көшудің  негізгі  мақсаттары 

айқындалады:

-  жекеленген жалпы білім беретін пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету;

-  оқытуды  саралауға  және  даралауға,  оқушылардың  өздерінің  қабілеттері  мен 

қызығушылықтарына сәйкес дара білімдік траекторияларын таңдауға жағдай жасау;

-  оқушыларды  әлеуметтендірудің,  оның  ішінде  түлектерді  кәсіби  өзіндік 

анықталуының мүмкіндіктерін кеңейту;

-  жалпы орта және кәсіби білімнің жалғастығын қамтамасыз ету. 

Бейіндік  оқытудың  негізгі,  жүйе  құраушы  мақсаты  болып  оқушының  әлеуметтік, 

оның ішінде кәсіби өзіндік анықталуы болып табылады. Бұл мақсат бейіндік оқыту мәнін 

анықтауға көмектеседі, ол төмендегілерден тұрады: 

-  бейіндік  мектептің  негізгі  жұмыс  қорытындысы-  жоғары  сынып  оқушысының 

тұлғалық дамудың нұсқаларын өз бетімен құрастыру дағдыларына ие болуы;

-  таңдаудың  негізінде  оқушының  өзінің  қабілеттері  мен  қажеттіліктерін 

сәйкестендіре алуы жатады;

-  бұл  нұсқалардың  саны  оқушы  даралығының  жан-  жақтылығын  ашу  үшін 

жеткілікті болуы шарт; 

-  оқушы таңдаған тұлғалық дамудың нұсқасы тек оның өзі үшін ғана емес, сонымен 

бірге қоғам үшін де маңызды болуы керек; 

-  таңдаған іс-әрекет сферасындағы іскерліктер мен дағдылар, жетістіктер оқушының 

жетістік бумасын құрайды. 

оқушылар есейген сайын олардың мүддесі мен кәсіби ниеті сәйкес келе бастайды. 

Белгілі бір пәнге қызығу мен қабілеттілік көрсеткен оқушы өзіне мамандықты нық таңдай 

алады және тәжірибе көрсеткендей, қандайда бір пәнге қызығу танытпаған оқушылар 

кәсіпті таңдап алуға қиналып, оны жиі өзгертеді. Психологиялық және педагогикалық 

зерттеулер 13-14 жасқа дейін кәсіби ниет пен пәнге деген қызығу арасындағы ешқандай 

байланыс байқалмайтындығын, ал 14 жастан бастап бейімдік таңдау нақты оқу пәніне 

деген қызығуымен айқын байланыса бастайтындығын көрсетеді. Бұл байланыс тікелей 

және  нақты  (мысалы,  физиканы  зерделеуге  қызығатын  оқушы  физик  болғысы  келеді) 

немесе жалпы сипаты (оқушы техника саласында қызмет істегісі келеді) болуы мүмкін.

Әр жыл сайын мектеп бітіруші түлек алдында бірнеше сұрақтар туындайды, ол «кім 

боламын?», «Қандай мамандықты таңдап оқуға барамын?», «15-20 жылдан кейін менің 

таңдаған мамандығыма деген сұраныс болады ма?», «ХХІ ғасырдың орта шегіне қарай 

қоғам мамандыққа қандай талап қояды?»- деген сан алуан сұрақтар шешемін таба алмай, 

оқушы өз таңдауын дұрыс жасайды ма?, әлде таңдауы қате болып шығады ма деген күдік 

әрбіреуін толғандырады. сондықтан да «кім боламын?» деген сұрақ жанында «қандай 



9

№ 1 (74) 2010

болуым керек немесе қажет?» деген сауал туындап отырады. Ал, бүгінгі таңда бәсекеге 

қабілеттті болуы өте маңызды болып табылады. 

Адамның өз мамандығына қаншалықты қанағаттануы мен өз өміріне қаншалықты 

риза  екендігінің  арысында  тікелей  байланыс  бар.  оқушы  өзін  мамандықтар  әлемінде 

табу өзінің қоғамға қажетті адам екенін сезінуі, бір жағынан кісіптік таңдау-болашаққа 

үңілу болса, екніші жағынан ол өзінің ішкі жан дүниесіне үңілу, яғни менің мықты және 

әлсіз жақтарым, мен не істей аламын, табысқа жету үшін маған не қажет деген сауалдарға 

жауабы. Дұрыс таңдалмаған мамандықтың жағымсыз тұстары тек адамның өзіне ғана емес, 

бүкіл қоғамға кері әсерін тигізеді. Ғалымдардың есебі бойынша мамандықты бейініне қарай 

дұрыс таңдау кадрлар тұрақсыздығын 2-2,5 есе азайтса, еңбек өнімділігін 10-15 пайызға 

арттырады да, кадрларды оқытуға жұмсалатын қаржыны 1,5-2 есеге азайтады екен.   

Жоғарғы сынып оқушыларының бейіндік қабілетін анықтауда және кәсіби өзін табу 

бағдарына көптеген факторлар әсер етеді, соның ішіндегі ең маңыздылары: 

-  мамандық және оның қажеттілігі туралы білу; 

-  бейімділіктері (қызығушылығы, еңбек түрткісі, ынтасы);

-  қабілеттері, денсаулығы (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер);

-  ықылас деңгейі мен өзін-өзі бағалауы; 

-  ата-ананың, отбасының көзқарасы;

-  мұғалымдар мен мамандардың көзқарасы; 

-  жеке кәсіби жоспар-адамның кәсіби салада неге және қалай жету керектігі жөніндегі 

пайымдар жүйесі.

Бейіндік сыныптарға арналған оқу бағдарламаларын түзу және оқулықтарды әзірлеу 

кезінде  меңгерілетін  білім  мен  біліктіліктердің  оқушылардың  психикалық  дамуымен 

байланыста  екенін  түсінудің  мәні  үлкен  [7].  осы  себепті  де  мектепте  жоғарғы  сынып 

оқушыларының бейіндік қабілетін анықтауда психолого-педагогикалық зерттеуледі дұрыс 

бағытта  жүргізу,  әрі  қолданудың  маңызы  ерекше,  өйткені  бейіндік  оқыту  барысында 

төмендегідей  мәселелер  қамтылып,  оқыту  мен  тәрбиенің  сапасын  арттыруға  өз  үлесін 

қосары анық, олар: 

1. Жастық деңгейге сәйкес оқушылардың тұлғалық, интеллектуалдық дамуына ықпал 

ету, олардың өзіндік дамуы мен анықталу қабілеттілігі қалыптастырылады.

2. оқушылардың кәсіби бейімділіктері анықталып, оның жан- жақты дамуына жағдай 

жасалады. 

3. мектепте әлеуметтік-психологиялық жағдайдың жақсаруына жағдай туғызуға әсер 

етеді.

4. оқушыларының  тұлғалық,  интеллектуалдық  мүмкіншілігіне  сәйкес  білім 



бағдарламаларын меңгеруде психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету қарастырылады.

5. Әлеуметтік жағдайдың дамуына психологиялық талдау жасау, әрі келелі мәселенің 

туындауының алдын-алу, шешімін табуда құралдар мен жабдықтар пайдаланады.

6. оқушыларының  тұлғалық  дамуының  ауытқуын  анықтау,  профилактикалық 

жұмыстар жүргізу.

7. Психологиялық-педагогикалық  сабақтастықтың  шарттарын  қарастыру,  әрі 

оқушының жан-жақты дамуына жағдай тудырады.

8. оқу-тәрбие  үдерісінде  мұғалімдерді,  оқушыларды,  ата-аналарды  психологиялық 

ғылыми- әдістемелік іс-әрекетпен қамтамасыз етеді

9. Таным белсенділігі мен деңгейлері жеткіліксіз оқушылармен қосымша коррекциялық 

жұмыстар жүргізіледі. ж.т.с.с.

оқушылардың  бейіндік  қабілетін  анықтауда  психолого-педагогикалық  зерттеу 

жұмыстарын жүргізудегі басты мақсат  болып:

1. Тұтас педагогикалық үдерісті психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету;



10

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

2. мектептегі  оқушылардың  жеке-бастық,  психологиялық,  әлеуметтік  дамуына 

жағдай жасауын негіздеу;

3. оқушылардың  таным  белсенділіктері  мен  психологиялық  процестерінің  даму 

динамикасының өсуіне жағдай жасауға ықпал ету; 

4. оқушылардың  бейіндік  ерекшеліктерін  анықтау  мен  оның  дамуына  жағдай 

жасау болып табылады.

оқушының бейіндік қабілетін анықтауда қолданылатын психолого-педагогикалық 

диагностикалық  әдіс-тәсілдер  қатарына:  сұрақнама,  сауалнама,  тест,  іс-әрекет 

нәтижесіне  талдау,  сұхбат,  байқау  және  тағы  басқа  да  зерттеу  әдістерін  жатқызуға 

болады. 

Психологиялық  тұрғыдан  алғанда  оқушылардың  бейіндік  қабілетін  анықтап, 

соның негізінде бейіндік сыныптарда оқыту келесідей көрсеткіштерге қол жеткізуде 

мүмкіндік  береді:  біріншіден,  сыныптағы  оқушының  барлығы  бірдей  тереңдетілген 

пәнді  оқуға  бұрын  міндетті  болса,  енді  белгілі  блоктық  жүйенің  бірін  таңдап,  бала 

қалауымен  оқуға  мүмкіндік  алады.  Екіншіден,  бейіндік  пәндерлі  таңдау  бойынша 

қабілеті есепке алына оқытылғандықтан, мұндағы оқыту үрдісі де тиімді, үйлесімді, 

сапалы болып шығады. Тереңдетіле құрылған бағдарламаны жақсы игеруге мүмкіндік 

алды. оқыту сапасы артады. Үшіншіден, тек жақсы оқитын оқушылар ғана емес оқу 

қабілеті  орта  оқушылар  да  өз  мүмкіндігіне  қарай  белгілі  бір  мамандықтың  біріне 

бейімделе оқытылады. Төртіншіден, мұндай қалауымен  біріккен топты оқыту мұғалім 

еңбегіне  жеңілдік  береді,  әрі  оқушының  қызығушылығы  ескеріліп,  оның  бейімділігі 

арта түседі. сөйтіп болашақта жоғары оқу орнында оқуға мүмкіндігі бола бермейтін 

шәкірттерге  сұранысқа  ие  алғашқы  кәсіптік  білім  беру  қолға  алынады.  оқушының 

өмірден өз орнын таба аларлық мүмкіндікке ие болуының әлеуметтік мәні бар екені 

көрінеді [8]. 

Бүгінгі бейіндік оқыту бәсекеге қабілетті жастарды мынадай мақсаттарды шешуге 

көздейді: 

1. оқушыларға бейіндік оқытудың бір бағыты бойынша білім меңгерту;

2. өзгермелі қоршаған ортаға бейімделуге ықпал ететін әлеуметтік, кәсіптік өзін- 

өзі анықтау, білімін жетілдіруге арналған құзіреттерін қалыптастыру;

3. жүйелі ойлау, қорыту қабілеті жоғарылай түсуі; 

4. өзіндік бағалау негізінде дұрыс таңдау жасай алуы;

5. білім алуға байланысты құндылықты бағдарларының айқындығы; 

6. ақпараттық дайындығы;

7. жеке мақсаттарының таңдалған бағытымен байланыстылығы; 

8. мамандықты саналы таңдауға жағдай тудыру;

9. оқушылардың  қызығушылығы  мен  мүмкіндіктеріне  сәйкес  білім  мазмұнын 

саралау, жеке оқу бағдарламаларын құру т.с.с.

Қазіргі жағдайда білім мазмұнындағы бейіндік саралауды ұйымдастыру тәсілдері, 

оның  мүмкіндіктері  мен  міндеттері  туралы  түсініктерінің  біртұтастық  сипаты  жоқ. 

Бейіндік  оқытуға  оқушыларды  тестілеу,  қабылдауға  арналған  бақылау  жұмыстары, 

әңгіме  жүргізу  негізінде  анықталады.  оқушылар  дұрыс  таңдау  жасау  үшін,  өзінің 

қабілеттері,  қызығушылығы  мен  бейімі,  мінезі  мен  темпераменті  туралы  не  білуі 

керек? Өзінің кім екенін, кім бола алатынын, кім болғысы келетінін, кім болуы керек 

екенін және алға қойға мақсаттарын қалай іске асыру керек екендігі туралы білуі үшін 

келесідей әдіс-тәсілдерді қолдануына болады:

-  «сенің кәсіби ниетің?» сауалнама;

-  «мамандық туралы не білесің?» сұрақнама;

-  «Табандылықты зерттеу» әдісі; 



11

№ 1 (74) 2010

-  «Д.Голландтың тұлға типтерін анықтау» тестісі;

-  «кәсіби қызметтегі басым ынтаны зерттеу сұрақнамасын»;

-  Қызығушылық картасы;

-  Дифференциалды диагностикалық сауалнама;

-  мамандықтар туралы сауалнама;

-  е. климовтың мамандық түрін таңдау сауалнамасы;

-  Жетістікке жетуге деген  қажеттілік; 

-  мамандыққа деген көзқарас сауалнама;

-  математикалық ақыл-ой деңгейiн анықтау тестiсi;

-  Басса – Даркидiң эмоциялық тестi;

-  коммуникативтік  және ұйымдастырушылық қабілетті анықтау сұрақнамасы;

-  оқушының жеке басы мен кәсіптік мүмкіншілігін тіркеу картасы;  

-  оқушының әлеуметтік – тұрмыстық жағдайын бақылау каратасы;

-  Психологиялық  ой-өрісі  көрсеткіштері  мен  мінез-құлық  ерекшеліктерін 

сараптау, талдау картасы;

-  оқушы мен ата- ананың «кім боламын» сауалнамасы;  

-  т.с.с.

  Жоғарғы  сынып  оқушыларының  бейіндік  қабілетін  анықтау,  олардың  кәсіпке 

қызығуы  мен  білімге  қажеттіліктерін  анықтайтын  психолого-педагогикалық  әдіс-

тәсілдер  нәтижесі  оқушының  білімін  жалғастыруын  және  тереңдетуін,  сондай-ақ 

бейіндік оқыту бағытын анықтайды, әрі кәсіпалды дамуын қамтамасыз етеді.   

Жоғарғы  сынып  оқушыларының  бейіндік  қабілетін  анықтауда  психолого-

педагогикалық  әдіс-тәсілдердің  нәтижесін  қолдану  мектепте  келесідей  мәселелердің 

шешімін табуға ықпал етуі қажет, ол: 

-  бейіндік  оқыту  мәселесін  тереңнен  зерттеуді  ұйымдастыру  (педагогикалық 

кеңес, әдістемелік кеңес арқылы), оқушылар мен ата- аналар арасында жүргізу;

-  білім беру мен білім алуға деген сұрасынтарға диагностика жүргізу;

-  белгілі бейімділікке байланысты оқытуда арнайы кабинеттер мен оқу орындайын 

даярлау, құрал- жабдықтармен қамтамасыз ету.

-  оқушылардың кәсіби бейімділіктерін анықтау, психодиагностикалық жұмыстар 

жүргізу, соның негізінде қажетті әдебиеттерді алу; 

-  элективтік курстарды ұйымдастыру;

-  әр  оқушының  бейімін  ескеру  мен  оның  жан-  жақты  дамуына  психологиялық, 

әлеуметтік тұрғыдан жағдай жасау.

Қорыта  келгенде  жоғарғы  сынып  оқушыларының  бейіндік  қабілетін  дер  кезінде 

анықтау,  шыңдау  мен  дамытуда  психолого-педагогикалық  әдіс-тәсілдерді  дұрыс 

бағытта  қолдана  білу  кәсіби  анықталудың  негізі  болып  табылады  деп  түйін  жасауға 

болады. 

паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР 

1.  Қазақстан  республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 

жолдауы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында». -Астана, 2006.-43б.

2.  Қазақстан республикасының 2002 жылғы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға 

міндетті стандарты. -Астана, 2002. -41 б.

3.  Қазақстан  республикасында  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға  арналған 

мемлкеттік бағдарламасы //егемен Қазақстан. -2004. -16 қазан. –б.3-4

4.  рахимжанов  А.м.  Профильное  обучение:  проблемы  перехода  и  создание  эффективной 

образовательной среды //Білімдегі жаңалықтар. -№1, 2006.


12

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

5.  Қазақстан республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы //

орталық Қазақстан. -2003. -27 желтоқсан.

6.  мұқатаев  А.А. Бейіндік оқытуды ұйымдастыру. -Қарағанды: Қарму, 2007. -103 б.

7.  Ағыбай р.м. Бейіндік оқытуды ұйымдастыру жолдары  // 12 жылдық білім.  -2006. -№4. –

б11-12.


8.  Айсмонтас Б.Б. Педагогическая психология. -москва: Феникс, 2002. -117-119 б.  

 

редакцияға 21.10.2009 қабылданды.                                                                            



                                                                                                     

Д.а. аЙылЧиева, г.е. муканова 

о мотиваЦии уЧения стуДентов

In the given work as object of research are students of KU at whom the motivation of 

the  doctrine  of  students  in  the  HIGH  SCHOOL  was  examined,  consisting  in  formation  of 

corresponding motivation to the doctrine. The researchers, who study problems of motivations, 

mark, before students enter in a higher educational institution, the motivation is defined as a 

new social role. In this connection in the given work the problem of adaptation of a graduate 

of school is examined to system of training in higher educational institution. Components of 

motivational sphere and also cognitive interests in works of known psychologists are analysed.

в  настоящее  время  наблюдается  большая  зависимость  современной  цивилизации 

от тех способностей и качеств личности, которые закладываются в процессе обучения 

в  образовательном  учреждении.  На  ХХ  сессии  Генеральной  конференции  ЮНеско 

был  определен  новый  подход  к  пониманию  образования  как  процесса  и  результата 

совершенствования  способностей  и  поведения  личности,  при  котором  она  достигает 

социальной  зрелости  и  индивидуального  роста.  современная    система  образования 

призвана  внести  свой  вклад  в  становление  целостности  личности  обучаемого,  его 

мировоззренческих и нравственных качеств, способностей,  необходимых ему в будущем. 

рассматривая стратегическую важность образования на современном этапе развития, 

Президент республики казахстан Н.А.Назарбаев особо отметил: «конкурентоспособность 

нации в первую очередь определяется уровнем ее образованности»[1]. в связи с этим 

важной  задачей  национальной  системы  образования  является  создание  и  внедрение 

конкурентоспособной  модели  образования,  соответствующей  требованиям  времени  и 

потребностям  развития личности. 

цель  политики  развития  казахстанского  образования  в  перспективе  состоит  в 

обеспечении конкурентоспособности казахстана на мировом уровне. Намечающийся в 

связи с этим переход республики  казахстан к экономике высоких технологий предполагает 

реализацию  образовательными  учреждениями  социального  заказа  на  подготовку 

специалистов, имеющих соответствующий уровень профессиональных знаний, умений, 

компетенций,  способных  к  активной  творческой  деятельности,  умеющих  быстро 

сориентироваться в постоянно меняющейся научно-технической среде. Формированию 

таких  специалистов  способствует  готовность  людей  к  профессиональному  обучению 

в течение всей жизни, развитием мотивации к которому необходимо заниматься уже в 

стенах образовательного учреждения. 

Проблема  развития  мотивации  подрастающего  поколения  к  профессиональному 

обучению  сегодня  решается  как  в  школьных  учреждениях,  так  и  высших  учебных 

заведениях.  вместе  с  тем,  следует  отметить,  что  особенно  актуальной  она  является 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет