Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты



Pdf көрінісі
бет10/32
Дата22.12.2016
өлшемі1,87 Mb.
#30
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32

Драматизация əдістемесі. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
102 
Бұл əдістемені де сабақта  орнымен жиі  қолдануға  болады. 
Студенттерге  «Билер  сөзі»,  «Шешендік  сөздер»,  «Алматыға 
саяхат», 
«Кедендегі 
жағдай» 
сияқты 
тақырыптарды 
таныстыруда  студенттердің  өз  іс-əрекетімен  істеуінің  маңызды 
екендігін  алға  тартады.  Ойын  түрінде  білім  беру  мақсаты 
студенттердің қызығушылығын арттырады. Олар кейіпкер сөзін, 
іс-əрекетін  өз  қабілеттерінше  қайталап,  мимика,  қозғалыс, 
дыбыс,  іс-əрекет  арқылы  қарым-қатынасқа  түсті.  Мысалы, 
«Мемлекеттік  тілде  іс  жүргізу»  пəні  бойынша  Ақпараттық 
технологиялар тобында өткен «Кеден декларациясы» сабағында 
студенттер кеденші жəне жолаушы болып ойнау арқылы сөйлеу 
іс-əрекетінің  тілді  меңгеруде  4  түрін  де  қолданды.  Мұнда 
«кеденші» студент кеден, кедендік тəртіптерді, ҚР құқық қорғау 
заңдылықтарымен  таныстырды,  түсіндірді,  ал  екінші  кеденнен 
өтіп  бара  жатқан  «жолаушы»  студент  сұрақтар  қою,  өз  іс-
əрекетімен  əртүрлі  қозғалыс  жасау  арқылы  тілді  меңгеруге 
тырысты. Бұл əдістемені оқытушылар сабақ тақырыбына сай өз 
орнымен қолдана білсе нəтижелі болмақ. 
Соңғы  уақытта  оқытуға  коммуникативтік-іс-қимылдық 
тұрғыдан  келу  (коммуникативно-деятельностный  подход)  жəне 
оқытуға 
жеке 
адамның, 
ұжымның 
мүмкіндіктерінің 
белсенділігін  арттыру.  (метод  активизации  возможностей-
личностей  коллектива)  деген  əдістеме  кеңінен  дамытылды.  
Бұл 
əдісті 
жалғастыра 
дамытқан 
психолог-ғалымдар                       
С.Л.  Рубинштейн,  И.А.  Зимняя,  А.Н.  Леонтьев.  Бұл  əдістің 
ерекшелігі  -  барлық  оқу  материалдары  жəне  əрбір  сабақта 
алған  білімді  күнделікті  коммуникативтік  қызметте,  табиғи 
тілдік қарым-қатынаста пайдалануға бағытталған;  
-  Барлық  мəтін  материалдары,  лексика-грамматикалық 
минимум кəсіби бағдарлық жағынан маңызды болуға тиіс; 
Сондай-ақ,  оқыту  процесі  екінші  тіл  арқылы  қарым-
қатынас  жасау  негізіне  құрылады.  Сөйтіп,  коммуникативтік 
уəждеме 
(коммуникативная 
мотивация) 
жасалды. 
Ал 
коммуникативтік  уəждеме  дегеніміз  –  сабақты  өту  барысында 
кəсіби  бағдарлық  сипатты  үйренушілердің  бір-бірімен  жəне 
мұғаліммен тілдік қарым-қатынас жасауы. 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
103 
Бұл  əдістің  кейбір  белгілері  А.  Алдашева  «Қазақ  тілі»,                  
К.  Сариев  «Говорим  по  –  казахский»,  З.  Күзекова,                                    
Ш. Құрманбайұлы, С.Жусанбаева «Қазақ тілі» оқулықтарынан 
байқалады. Осы əдістемелерді басшылыққа ала отырып, қазіргі 
уақытта  кафедрада  пайдаланып  отырған  əр  мамандықтарға 
байланысты оқу-əдістемелік кешендерді сұрыптап, мəтіндерін, 
лексикалық-грамматикалық минимумдарын бір жүйеге келтіру, 
жетілдіру  мəселесі  жүргізілуде.  Өйткені  9  институтқа 
жинақталған:  Геологиялық  барлау,  Тау-кен,  Мұнай-газ, 
Ақпараттық  технологиялар,  Автоматтандыру  жəне  басқару, 
Экономика  жəне  бизнес,  Сəулет-құрылыс,  Металлургия  жəне 
полиграфия,  Машина  жасау,  Жаратылыстану-гуманитарлық 
деп 
аталған 
мамандықтарға 
қатысты 
материалдарды 
студенттерге  оқытуда  озық  əдістемелерге  жүгініп  оларды 
басшылыққа ала отырып əр оқытушының іскерлік, əдістемелік 
шеберлігін ұштау қажет ететіні айқын. 
«Тұғырлы  кəсіп  –  тұрақты  нəсіп»  демекші,  мемлекеттік 
тілді  жетік  меңгерген  жастар  келешекте  биік  тұғырдан 
көрінеріне, өз Отанына берері мол боларына күмəніміз жоқ. 
 
 
 
Ахметбаева Ұ.Д. 
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ 
Алматы, Қазақстан 
 
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ҒЫЛЫМИ-
ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІ ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ 
 
Бүгінгі  таңда  тіліңді  мамандықпен  байланыстыра үйретуге 
көп көңіл бөлінуде. Техникалық жоғары оқу орындарының орыс 
бөлімдеріне  қазақ  тілін  мамандыққа  қатысты  тілді  үйрету, 
негізінен, қарым-қатынастық тұрғыда меңгеріледі. Мамандыққа 
бейімдеп  оқытудағы  талаптар  төмендегідей  ерекшеленеді:                
а)  лексикалық  минимумды  анықтау;  ə)  кəсіби  терминологияны 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
104 
қамту;  б)  кəсіби  мазмұндағы  мəтіндерді  жинақтау,  жасау;           
в)  берілген  мəтіндер  мен  тапсырма-жаттығулар,  лексикалық 
минимум 
арқылы 
жоғары  коммуникативтік 
уəждемені 
қалыптастыру;  г)  мамандыққа  қатысты  оқыту  түрлері  мен 
əдістеріне  жəне  ғылыми  стильге  үлкен  талап  қою;  д)  қостілді 
(аударма)  сөздіктермен  қатар,  түсіндірме  сөздіктерді,  қазақша-
орасша  терминологиялық  сөздіктерді  қолдану;  е)  мамандық 
тілін  терең  жəне  жан-жақты  игеру;  д)  оқу  материалдарын 
практикалық бағытта негіздеу. 
Мемлекеттік  тілді  студенттердің  мамандығына  сай  мына 
бағыттарда жүргізіледі: 
1)  жалпы  ғылым  терминдері  бойынша  ғылыми  ұғымдарды 
қалыптастыру жəне одан ары қарай жетілдіру; 
2)  техникалық  терминдер  негізінде  студенттердің  техника-
лық ұғымдарын қалыптастыру; (ортақ терминдер бойынша); 
3)  нақты  мамандығы  бойынша  арнайы  терминдер 
қалыптастыру. 
Студент  алған  білімін  өзінің  болшақ  кəсіби  қызметінде 
пайдаланатын 
дəрежеде 
болуы 
тиіс. 
Сонымен 
бірге 
мамандықтарына  қатысты  ой-пікірлерін  анық,  нақты  түрде 
ауызша  жəне  жазбаша  жеткізу  дағдысы  қалыптасады.  Тілді 
мамандыққа  бейімдеп  оқытуда  тіл  үйренушінің  кəсіби  тілді 
меңгеруіне мүмкіндік туады. 
Тіл үйрету процесінде ең маңызды орын алатын материал – 
лексика.  Белгілі  бір  тілді  үйрету  үшін  лексиканы  оқытудың 
өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Адам  қай  тілде  сөйлегісі  келсе  де, 
сөздік  қордан  өзіне  қажетті  лексикалық  тұлғаларды  білмесе, 
біріншіден,  айтайын  деген  ойын  жеткізе  алмайды,  екіншіден, 
басқа  біреудің  айтқан  сөзін,  ойын  түсінбейді.  Тілді  үйрену 
лексиканы  меңгерумен  тығыз  байланысты.  «Лексика»  деген 
ұғым  лингвистикада  сөзге  қатысты  айтылғанымен,  лексикалық 
материалдар  тек  жеке  сөзден  ғана  құралмайды.  Сондықтан 
лексиканы  меңгеру  –  сөйлеу  процесіндегі  барлық  лексикалық 
тұлғаларды оқып-үйрену деген сөз. 
Тілдің  лексикасында  ғылым  мен  техниканың  алуан  түрлі 
салаларында  қолданылатын  арнаулы  сөздер  терминдер  деп 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
105 
аталады.  Күнделікті  өмірде  барлық  салада  жалпылама 
қолданыла  берілетін  сөздер  ыңғайына  қарай  түрлі-түрлі 
мағынада жұмсалып, көп мағыналы болып келсе, терминдердің 
басым  көпшілігі  дара  мағынасында  жұмсалды.  Дара  мағыналы 
болу  –  терминдерге  тəн,  басты  қасиет.  Мысалы,  нарық,  тауар, 
салық,  бюджет,  баға,  экономика,  бəсеке,  инфляция  деген 
терминдер  қандай  бір  контексте  қолданылсын,  олардың 
əрқайсысы  əрдайым  өзіне  тəн  негізгі  бір  ғана  мағынасында 
ұғынылады.  Терминдерде  эмоциолнальды  бояу,  экспрессивті 
қызмет  дегендер  де  болмайды.  Көп  мағына  білдіретін  термин 
жоқ  деп  тұжырым  жасауға  болмайды.  Кейбір  терминдер  көп 
мағыналы  болып  келеді;  ол  –  терминдердің  кемшілігі.  Егер 
белгілі бір термин көп мағыналы болса, онан кейде қате түсінік 
тууы  да  мүмкін.  Екі  мағына  тудырмау  үшін  əр  уақытта 
терминдердің дара мағыналы болуы көзделеді. 
Терминдер  мен  терминдер  емес  сөздердің  арсында  өз  ара 
алмасу, бірінен-біріне ауысу процесі болып отырады. 
Өндіріс  пен  техниканың,  ғылым  мен  өнердің,  саясат  пен 
дипломатияның  жəне  тағы  басқалардың  əр  саласына  тəн 
терминдердің жиынтығы терминология деп аталады. Əрбір тілде 
шаруашылық пен мəдениеттің, əдебиет пен өнердің алуан түрлі 
салаларының  терминологиясын  жасау  –  əрі  ғылыми,  əрі 
қоғамдық үлкен мəні бар, аса қажетті жұмыс. 
Ғылым  мен  техникада  терминдердің  мəні  күшті.  Ғылым 
мен техниканың белгілі бір саласын меңгеру үшін сол салаға тəн 
терминдердің  мағынасын,  ғылыми  мəні  мен  білдіретін  ұғымын 
жете  түсіну  қажет.  Белгілі  бір  ғылым  саласына  тəн 
терминологияны білмей тұрып, ол ғылымды меңгеру де мүмкін 
емес. 
Терминдер əр түрлі жолдармен жасалады. 
1.  Əдеби  тілде  бұрыннан  бар  кейбір  төл  сөздер  терминдік 
мағына алып, белгілі бір саланың терминалогиясына телінеді де, 
сонда əбден орнығып қалыптасады. 
Мысалы,  қазақ  тіліндегі  айналым  (оборот),  қосымша  құн 
(
прибавочная  стоимость,  жаратылыс  тану  (естествознание), 
өндіргіш  күштер  (производительные  силы),  нұсқау  (инструкция) 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
106 
т.б.  сөздер  білімнің  əр  саласында  қолданылатын  термин  сөздерге 
айналып, қалыптасып кетті. 
Əрбір  ұлт  тілінің  терминалогиясы  белгілі  бір  ғылыми 
негізге,  принципке  сүйеніп  жасалынады.  Мысалы,  қазақ  тіліне 
орыс тілінен енетін терминдер, егер қазақ тілінде сол алынғалы 
отырған  сөздің  мағынасын  бере  алатын  баламасы  болса,  олар 
аударылып 
алынады. 
Жоғарыда 
аталған 
терминдердің 
кейбіреулері осы принцип бойынша жасалып қалыптасқан. 
Ғылым  мен  техниканың  алуан  түрлі  салаларына  қатысты 
терминдердің  ішінде  дүние  жүзіндегі  тілдердің  бəріне  бірдей 
ортақ көптеген  терминдер  бар. Барлық  тілдерге  ортақ  көптеген 
терминдер  сөздердің  халықаралық  қоры (международный фонд 
слов)  болып  саналады  да,  интернационалдық  терминдер  деп 
аталады.  Мысалы:  Демократия,  конституция,  революция, 
циклон,  роман,  поэма,  филармония,  дирижер,  архитектор, 
синтаксис. т.б. 
Қазақ əдеби тілінің ғылыми терминологиясын жасауда қазақ 
тілінде  толық  баламасы  жоқ  шетел  жəне  орыс  тілдерінен  кірген 
интернационалдық  терминдер  аударылмай  қабылдансын  деген 
принцип  басшылыққа  алынды.  Орыс  тілінен  жəне  орыс  тілі 
арқылы  басқа  тілдерден  енген  интернационалдық  терминдердің 
орыс тіліндегі қалпы сақталынып алынды. Орыс халқының тілінің 
игілікті  əсерінің  натижесінде  қазақ  тілі  лексикасы  ғылыми-
техникалық терминдермен толығып байи түсті. 
Терминдердің  туынды  түрлерін  қабылдау  қажет  болғанда, 
олардың түбір тұлғасы аударылмай, сол қалпында қабылданады 
да, ал кейбіреулерінің орыс тіліндегі қосымшаларының орнына 
қазақ  тілінде  сайма-сай  келетін  қосымшалар  жалғанады. 
Мысалы:  экономический  –  экономикалық,  механизация  – 
механикаландыру,  аграрный  –  аграрлық,  редактировать  – 
редакциялау, наградить – наградтау. 
Мамандыққа  қатысты  сөздік  қорын  дамыту  дегеніміз  – 
мамандыққа қатысты лексикалық единицалар мен терминдердің 
толық түсінігін қалыптастыру. 
Мамандыққа  қатысты  сөздік  минимум  қазақ  жəне  орыс 
тілінде түзіліп, сөздіктегі сөздер мен терминдердің түсіндірмесі 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
107 
екі  тілде  берілу  шарт.  Сөздік  жұмысы  қазақ  тілінде  жиі 
колданылатын сөздермен жұмыс істуден басталып, мамандыққа 
арналған  сөздер  мен  терминдерді  игерумен  жалғасуды  көздеу 
керек.  Сөздерді  студенттер  жадында  сақтау  арқылы  сөз  қоры 
байып,  дамиды,  соның  негізінде  сөздікпен  жұмыс  істей  білу 
қабілеті  дамып,  сөз  жаттау  қасиеттері  қалыптасады  да  жүзеге 
асырылады. 
Техникалық  жоғары  оқу  орындарында  мемлекеттік  тілді 
мамандыққа сəйкес қатынас құралы ретінде үйрету барысында, 
олардың сөздік қорын байытуға арналған əр түрлі тапсырмалар 
жүргізіледі. 
Мысалы,  терминдерді  түсіндіру,  игерту  мақсатында 
студенттердің өзара тілдік қатынас жасауы төмендегідей сөйлеу 
түрлері арқылы жүзеге асады:  
1)  ұжымдық  сөйлеу;  2)  екеуара  сөйлеу;  3)  жеке-дара 
сөйлеу. 
Студенттердің  мамандығына  сай  сөздік  қорын  молайту 
олардың  болшақ  мамандығы  бойынша  өндіріс  орындарында 
қазақша тілдік қатынас жасауына мүмкіндік береді. 
Мемлекеттік  тілді  техникалық  жоғары  оқу  орнында 
меңгертуде  жаттығулардың  алар  орны  ерекше,  себебі 
мамандыққа  қатысты  өте  жиі  қолданылатын  сөздер  мен 
терминдерді  қатынас  құралы  ретінде  үйретуде  фонетикалық, 
орфоэпиялық,  орфографиялық,  грамматикалық  заңдылықтарды 
сақтаудың  маңызы  зор.  Тілдік  қарым-қатынасты  жүзеге 
асырудың  түп  негізі  грамматикаға  тіреліп  келеді.  Сондықтан 
тілдің  грамматикалық  ерекшеліктерін  сөйлеу  процесінде  жете 
үйрену  керек.  Грамматика  –  тілдегі  барлық  материалдардың 
өзегі.  Белгілі  тілде  сөйлей  білу  үшін,  грамматика  жеке  дара 
бөлінбей, сөйлеудің барлық алғышарттарымен бірге тұтас жүйе 
түрінде  оқытылуы  керек.  Грамматикалық  жағынан  бір-бірімен 
дұрыс байланыспаған сөздер не тіркестер адамның ойын жеткізе 
алмайды. Сондықтан адам тіл арқылы өз ойын біреуге түсінікті 
етіп  жеткізу  үшін,  тілдік  тұлғалардың  тіркесу  амалдарын  білуі 
керек.  Сонда  ғана  дыбыс  та,  сөз  де  белгілі бір  ойды  білдірудің 
маңызды  құралы  бола  алады.  Грамматика  –  дыбыстар 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
108 
құрамынан  тұратын  сөздерді  тілдік  қарым-қатынас  құралына 
айналдыратын  ережелер  жиынтығы.  Тіл  уйретуде  грамматика 
тек  осы  тұрғыдан  оқытылғанда  ғана  оқытушы  өз  мақсатына 
жетеді. 
Мамандыққа  қатысты  сөздер  мен  терминдерді  игерту 
мақсатында жүргізілетін жаттығулар студенттердің мемлекеттік 
тілді мамандықтарына сəйкес игерулеріне мүмкіндік тудыртады.  
Студенттер  бір-бірімен  түсінісу  үшін  жəне  тілдік  қарым-
қатынасқа  қатысу  мақсатында  белгілі  үлгілер  бойынша 
лексикалық, грамматикалық жаттығулар орындайды. 
Тілдік  қатынас  сөз  бен  сөйлем  қолданысын  сөйлесім 
əрекетінде  үйретуді  көздейді:  студент  қандай  да  бір  тапсырма 
орындайды,  өз  ойын  дəлелдейді,  пікірталқыға  түседі,  əңгімелесу-
шіге  жауап  беру  арқылы  оған  қозғау  салады.  Осы  кезде  қажетті 
сөздерді, 
оның 
грамматикалық 
формаларын 
меңгереді. 
Қатысымдық бағыт студентке тілді меңгеру үшін қажет білімдерді, 
ережелерді қамтиды. 
Мемлекеттік  тілді  қатысымдық  тұрғыдан  оқыту  сөйлеу 
əректінің түрлерін жан-жақты меңгерумен байланысты. Сөйлеу 
əрекетінің түрлері: Тыңдалым. Айтылым. Оқылым. Жазылым. 
Қазақ тілін қатынас құралы ретінде техникалық жоғары оқу 
орнында студенттерге үйретуде олардың берілген мəтінді дұрыс 
оқуына,  мəтін  бойынша  берілген  тапсырмаларды  дұрыс 
жазуына,  алынған  ақпараттарды  ұғыныңқы  тыңдауына,  оны 
сыртқы  ортаға  сөйлесім  арқылы  шығаруына  көңіл  бөлінуі 
қажет. Дұрыс оқу қазақ тіліндегі орфографиялық, орфоэпиялық 
ерекшеліктерді ескеріп оқытумен байланысты жүзеге асады. 
Қазақ  тілін  мамандыққа  сəйкес  қатынас  құралы  ретінде 
үйретуде  берілетін  тапсырманың  қарапайымнан  күрделіге, 
жеңілден  ауырға  қарай  сатылай  өсуі;  жүргізілетін  жұмыстардың 
жүйелілігі мен жалғастығы, алған білімдерін тəжірибеде пайдалана 
алуды сияқты ұстанымдар басшылыққа алынуы керек. 
Тілді  қатынас  құралы  ретінде  үйретуде  қолданылатын 
қатысымдық  жаттығулар  студенттердің  сөздік  қорын  байыта 
отырып,  мамандығына  қажетті  терминдерді  меңгеруге;  басқа 
адамдармен ой бөлісіп, пікір алмасуға үйретеді. 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
109 
Жаттығулардың  ақпараттық,  дамытушылық,  қатысымдық 
қызметін  анықтау  тіл  үйренушілердің  мамандыққа  сəйкес 
тақырыпты  меңгеруіне;  болашақ  кəсіптеріне  сай  сабақта  алған 
білімін өмірде пайдалануына мүмкіндік туғызады. 
Кəсіби  лексикалық  минимум  студенттердің  мамандығы 
туралы  білімін  жетілдіреді;  сөздік  қорын  байытады,  сауатты 
жазуға, дұрыс сөйлей білуге дағдыландырады. 
Қазақ  тілін  мамандыққа  сай  қатынас  құралы  ретінде  оқыту 
студенттердің  қызығушылығын  оята  отырып,  мəтін  мазмұнын 
түсінуге көмектеседі; олардың ой толғанысын кеңейтеді; танымдық 
қабілеттерін жетілдіреді, шығармашы-лықпен айналысуына септігін 
тигізеді. 
Фонетикалық,  лексикалық,  грамматикалық  минимумдарды 
жəне  тапсырмаларды  студенттер  қаншалықты  дəрежеде 
меңгергенін,  түсінген-түсінбегенін  білу  үшін,  студенттердің 
арасында тест өткізуге болады. 
Жалпы сөз бен терминдерді үйретудің де, тілдік қатынасты 
іс  жүзінде  асырудың  да,  жауапты  қадағалау  мен  тілдесімді 
бағалаудың да амалдары, жолдары əр түрлі. Оны əрбір оқытушы 
өз тарапынан қажетіне қарай пайдалануы керек. 
 
 
 
Əдебиеттер 
1.  Ақаев  С.  Терминнің  танымдық  табиғаты.  Алматы, 
«Комплекс», 2000. 
2.  Жұбанов  Қ.  Қазақ  тілі  жөніндегі  зерттеулер.  Алматы, 
«Ғылым», 1999. 
3.  Сарыбаев  Ш.  Қазақ  тіл  білімі  мəселелері.  Алматы, 
«Арыс», 2000. 
4. Шаханова Р. Техникалық жоғары оқу орындарының орыс 
бөлімдеріне  қазақ  тілін  оқыту  əдістемесі.  Алматы,  «Ғылым», 
2001. 
5.  Оразбаева  Ф.  Тілдік  қатынас:  теориясы  жəне  əдістемесі. 
Алматы,  Ы.  Алтынсарин  атын.  Қазақтың  білім  академиясының 
Респ. баспа кабинеті, 2000. 
6. Аханов К. Тіл білімінің негіздері.Алматы, «Санат», 2003.  

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
110 
7.  Зуева  Н.  Практическое  пособие  по  развитию  навыков 
научной речи. – Алматы, «Қазақ университеті», 2006. 
8.  Гарбовский  Н.  Сопоставительная  стилистика  профессио-
нальной речи. Издательство Московского университета, 1988. жəне 
т.б. 
 
 
Ахметова А.А. 
С.Сейфуллин атындағы ҚазАУ 
Астана, Қазақстан 
 
ҒЫЛЫМИ СТИЛЬ ЖƏНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ 
 
Əдеби  тіл  -  өте  кең  ұғым,  ол  өзінің  құрамы  жағынан 
бірыңғай  емес,  себебі  оған  бүкіл  ұлтқа  қызмет  ететін  баспасөз 
тілі, əдеби тіл де, ауызекі сөйлеу тілі де, ұлттық сипаты жоқ, тек 
жеке  аймақтарға,  аудандарға  тəн  жергілікті  диалектілер,  жеке 
терминдер  де,  жекелеген  əлеуметтік  топтар  қолданылатын 
ерекше жаргондық сөздер де енеді. Яғни, əдеби тілге əдеби тіл, 
ғылым  мен  техника  тілі,  тілдің  қарапайым  сөйлеу  жəне  əдеби 
сөйлеу формасы, аймақтық - əлеуметтік диалектілер жатады. 
Əдеби тіл дегеніміз - белгілі мөлшерде сұрыпталып, тілдік 
нормалық  бағыты  анықталған,  қолданылу  қызметі  əр  алуан, 
стиль  жағынан  саралануға  бейім,  тілдің  диалектілер  мен 
қарапайым сөйлеу тілінен жоғары тұрған түрі.  
Тілдің  лексикасы  стиль  ерекшеліктеріне  де  байланысты 
болып келеді.  Қазіргі  əдеби  тілдің  қоғамдық қызметінің артып, 
қолданылу аясының кеңеюіне байланысты көркем əдебиет стилі, 
ғылыми  стиль,  публицистикалық  стиль,  ресми  іс-қағаздарының 
стилі  қалыптасты.  Зерттеушілер  қазақ  тілінде  ғылыми  стильді 
негізінен,  ХIХ  ғасырдың  екінші  жартысында  қалыптасқанын 
атап  көрсетеді.  Б.  Əбілқасымов  осы  кезеңде  ғылыми  стильдің 
қандай  дəрежеде  болғанын  көрсетеді:  «ғылыми  стильге  тəн 
баяндау  үлгісі де кездеседі. Мұнда  сөйлемдер ықшам,  түсінікті 
болып  құрылып,  ондағы  сөздер  қарапайым,  өздерінің  негізгі, 
тура  мағынасында  қолданылады.  Бұл  стильге  жататын 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
111 
материалдарда  ғылыми-техникалық  терминдер  орысша  күйінде 
алынып,  қазақша  түсінік  беріліп  отырады.  Мəселен,  «магнит  - 
яғни  темірді  тартып  алатұғын  тас»,  «компас  немесе  сартша 
құбыланама», «мужская гимназия - яғни еркек балалар оқитұғын 
медресе», «метеорит (көктен түскен тас)», «телеграф- яғни сым 
темір»  тəрізді  болып  келеді».  Автор  бұл  алғашқы  ғылыми-
көпшілік əдебиеттердің аударма сипатында жарық көргенін айта 
келіп: «Сөйте тұра олар - сол дəуірдегі қазақ əдеби тілінің жай-
күйін  танытуда,  ғылыми  түсініктерді  жеткізуде  тіліміздің  ішкі 
мүмкіндіктерінің  (сөз  байлығының,  сөз  оралымдарының) 
қаншалық болғанын байқауда аса қажетті материал» - деп дұрыс 
қорытынды жасайды [1, 65].  
Тіл  стильдері  -  тілдің  құрылымдық  -  функциональдық 
варианты,  əр  стиль  түрі  қоғам  өмірінің  алуан  түріне  қызмет 
көрсетіп,  бір-бірінен  тұрақты  ерекшеліктер  жиынтығымен 
ерекшеленеді.  
Белгілі  бір  тілде  ғылыми  стильдің  пайда  болуы  мен 
қалыптасуы - дамыған ұлттық əдеби тілдің көп белгілерінің бірі 
болып  табылады.  Өйткені,  бүгінгі  жан-жақты  дамып  отырған 
қазақ  əдеби  тілінің  əлеуметтік  қызметі  мен  қолданыс  аясында 
ғылым мен техника тілінің атқаратын орны ерекше. Бұл жөнінде 
Ə.  Қайдар  былай  дейді:  «Əдеби  тілдің  əдебилігі  мен 
толыққандылығы «ғылым мен техника» тілі деп аталатын «кіші 
тілдің»  («языковая  подсистема»  мағынасында)  əлеуметтік 
қызметіне  байланысты  болады»  [2,  9].  Ғалым  əдеби  тіл  мен 
ғылым тілі өзара байланысатын, астарласа дамып, қалыптасатын 
құбылыс екенін атап өткен. Сондықтан, ғылыми тілі қалыптаса 
алмаған əдеби тілді толыққанды əдеби тіл деп айтуға болмайды. 
Ғылым  тілі  жалпы  əдеби  ұлттық  тіл  негізінде  туындады  жəне 
дамыды, сондықтан оның негізін жалпы əдеби тілдің лексикасы 
мен  грамматикасы  құрайды.  Осылар  арқылы  ғылым  тілінің 
лексикалық,  грамматикалық  ішкі  жүйесі  құрылады.  Яғни, 
ғылым  тілі  өзіне  ғылыми  стильдің  дəстүрлі  функциональдық 
стильдік  белгілерін  ғана  емес,  сонымен  бірге  тілдің  ішкі 
құрылымдық элементтерін де (лексика, морфология, синтаксис) 
қосады. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
112 
Ғылыми тілдің əдеби тілден өзінің ғылыми терминдерімен 
жəне  терминденген  сөздерімен,  жалпы  тілде  қолданылатын 
сөздерден  арнайы,  «алыстаған»  мағыналарымен,  кейбір 
грамматикалық  формалардың  жанрлық-стильдік  орнығуы  мен 
оның  жиі  қолданылуымен  айырмашылығы  бар.  М.И.Фомина: 
«Ғылыми  стильде  қолданылатын  сөздер  айтылатын  ой-
пікірлердің  дəлелді,  обьектінің  берілуіне  сай  келіп,  дерексіз 
ұғымдарды 
білдіруде 
кеңінен 
қолданылып, 
оларды 
қорытындылап  жинақтау  қасиетіне  лайық  болуға  тиіс»  -  дейді 
[3,  255].  Мысалы,  қозғалыс,  кеңістік,  бірлік,  абстракция  т.б. 
сөздер дерексіз ұғымдарды білдіреді. 
Ғылым  тілінің  аса  күрделі,  көп  қырлы  құбылыс  екендігін 
білеміз. Ғылым тіліне қатысты ғылым тілі, ғылыми тіл, ғылыми 
стиль, ғылыми мəтін деген атаулар тең қолданылады жəне олар 
бір-бірінен  ажыратыла  бермейді.  Ө.  Айтбайұлы  ғылым  тіліне 
мынадай  анықтама  береді:  «Ғылым  тілі  –  ғылыми  негізде 
жасалатын  өзіндік  қалыптасу  принциптері  бар,  стильдік  өңі 
ерекше  əдеби  тілдің  бір  түрі.  Əдеби  тілдің  ғылымға  қызмет 
ететін бір тармағы. Адам, қоғам, табиғат жөнінде ақиқат ақпарат 
беретін,  шындықты  баяндайтын  ғылыми  мəтін.  Ғылым  тілі 
көптеген ғылыми зерттеулерде ғылыми стильмен теңестіріледі» 
[4,88].  Ал  Ə.Қайдар:  «Ғылым  тілі»  мен  «ғылыми  тіл»  деген 
ұғымдар  өзара  байланысты  болса  да,  екеуі  бір  емес.  «Ғылыми 
тіл»  əр  саладағы  ғылымның  өзіне  ғана  тəн  тілдік 
ерекшеліктерінің  белгілі  жүйесі,  қолданыс  тəсілдері.  Бұл 
терминдерді көбінесе «ғылыми стиль» деп те атайды. «Ғылыми 
тілге»  қарағанда  «ғылым  тілінің»  мағынасы  əлдеқайда  кең, 
ауқымы  зор.  Өйткені  «ғылым  тілі»  деген  ұғым  жалпы  əдеби 
тілдің  атқаратын  əлеуметтік  қоғамдық  қызметінің  үлкен  бір 
саласын  қамтиды»  деп  саралайды  [2,  9].  Ө.Айтбайұлы  мен  Ə. 
Қайдар өз пікірлерінде ғылым тілін жалпы əдеби тілдің бір түрі 
екенін атап көрсетеді. 
Ғалым  С.Əлісжанов  өз  еңбегінде  ғылыми  тіл,  ғылыми 
стиль,  ғылым  тілі  жөнінде  былай  дейді:  «Ғылыми  тіл  адам 
қызметіндегі ғылыми сфераны қамтамасыз ететін тілдің бір түрі, 
осы  саланы  сипаттайтын  мəтіннің  жиынтығы.  Ғылыми  стиль 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
113 
функциональды,  бұл  термин  тілдің  ғылыми  мəтіндердегі 
синтезделу  заңдылықтарын  қарастыру  үшін  қолданылады. 
Ғылым  тілі  ұғымы  ғылыми  стильдің  ядросы  мен  шеткері 
аймағын  құрайтын  таңбалық  бірліктердің,  қолданыстардың 
грамматикалық  жəне  семантикалық  құралдарының  тұтас 
жүйесі» [5, 11]. Ғалым бұл ұғымдардың өзара тығыз байланыста 
жəне  контекстік  синонимдер  ретінде  қолданылатынын  айтып 
өтеді.  
Ғылым  тілі  мен  ғылыми  стиль  əр  түрлі  аспектілерде 
қарастырылады.  Бұл  жөнінде  П.Н.Денисов  өз  еңбегінде: 
«Біріншіден, 
əлеуметтік 
лингвистикалық 
аспект, 
яғни 
жалпыұлттық  əдеби  тілдің  қалыптасуында  ғылым  тілінің  рөлі 
туралы, əлеуметтік (кəсіби) жаргондар мен ғылым тілінің өзара 
əсері,  жасанды  тілдердің  (көмекші  ретінде)  қолданылуы, 
ғылыми-техникалық тілдің дамуына қоғамның ықпалы (мысалы, 
терминологияны  реттеу  мен  біріздендіру  мəселелері  туралы) 
жəне  т.б.  қарастыру.  Екіншіден,  психологиялық  аспект,  яғни, 
оқыту  үрдісі  мен  білімді  жеткізуде,  сондай–ақ  ғылым 
шығармашылығында  жасанды  белгі  (искусственная  символика) 
мен  табиғи  тілдің  рөлі  туралы  мəселелерді  қарастыру. 
Үшіншіден,  логикалық–лингвистикалық  аспект,  яғни,  есептеу 
машиналарын  қолданумен  байланысты,  машиналы  аударманың 
алгоритмін  құру,  тілдің  жəне  ақпараттық  –  іздеу  жүйелерін 
құрастыру  мəселелері  туралы»  -  деп  айқындап  [6,  63-66], 
терминдерді  қоғамдық  өмірде,  қарым-қатынаста  қолдануын, 
əлеуметтік лингвистикамен байланысын дəлелдейді.  
Ғылым  тілін,  ғылыми  стильді  белгілі  бір  жүйеге  түскен 
терминологиялық 
лексика 
құрайды. 
Тіл 
жүйесіндегі 
терминологияның  орнын  анықтау  үшін  оның  тілдік шындыққа, 
ұлттық  тілге,  əдеби  тілге,  ғылым  мен  техника  тіліне, 
функциональды  стильге  қалайша  жататындығын  ұғыну  қажет. 
Ғылым тіліне тек «таза» ғылым мен техника атаулары ғана емес, 
сонымен  қатар  оған  ғылыми  негізде  дамып  отырған  бүкіл 
рухани,  мəдени  өміріміздің  сан  алуан  құбылыстардың  мəн-
мағыналарын 
жүйелі 
түрде 
анықтайтын, 
саралайтын, 
түсіндіретін, 
лексикалық 
байлығымыз 
да 
жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет