Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты



Pdf көрінісі
бет13/32
Дата22.12.2016
өлшемі1,87 Mb.
#30
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
136 
жоғарыда  айтылғандардың  бəрін  негізге  ала  отырып, 
төмендегідей бағыттарды жүзеге асыруға болады: 
-  Болашақ  мамандарға  қазақ  тілін  меңгерте  отырып, 
ұлтжандылық қабілетін қалыптастыру; 
-  Студенттердің  патриоттық  сезімін  оятып,  ұлттық  рухын 
жандандыру: 
 Өз  ана  тілін,  елін,  жерін  сүйе  білуге,  құрметтеп қастерлей 
білуге тəрбиелеу; 
 - Мемлекетіміздің ұлттық құндылықтарын сақтап, бағалау; 
 - Өнер, білім, еңбекке баулу; 
 -  Əрбір  қазақ  тілінің  оқытушысы  өз  сабағында  осы 
тақырыпта тəрбие сағатын өткізу; 
-  Əр  дəрісхананың  бір  бұрышын  осы  мəселе  бойынша 
көрнекті, көркем сөздермен безендіру; 
- Елге сыйлы азаматтарды, яғни ұлтжанды, еліне жанашыр 
қоғам  қайраткерлерін,  зиялы  қауым  өкілдерін  1-2  сағатқа 
студенттерге  арнайы  тақырыпта  лекция  оқуға  шақыруды 
ұйыдастыру; 
- Мемлекеттік тіл мен ұлттық мəдениетімізді қандай дəрежеде 
білетінін анықтау жəне үйрету мақсатында жарыстар өткізу; 
- Қосымша оқу құралдарын шығару; 
-  Əр  ұстаз  сабақ  арасында  осы  мəселені  жиі  көтеріп, 
студенттерге  ұлы  адамдардың  өз  ана  тілін  білу,  құрметтеу 
жөніндегі өсиеттері мен нақыл сөздерін айтып отыру қажет. 
Үлкен өркениеттің көшіне ілесер жан-жақты жетілген, ұлттық 
санасы биік, тəрбиелі ертеңгі қоғам иесі, заман талабына сай тұлға, 
жанашыр елжанды ұрпағын тəрбиелеу - біздің ұлы мұратымыз.  
 
Əдебиеттер  
1.  Ш.  Бағиева.  Басқа  ұлт  оқушыларын  Қазақстандық 
патриотизмге  тəрбиелеу.  17  бет.  «Қазақ  тілі  мен  əдебиеті  орыс 
мектебінде». Алматы. 2004. № 5. 
2. «Ұлағат» Н. Шакузадаұлы. КАТЕВ халықаралық қоғамдық 
қоры. 31 бет. 
3.  А.  Мекебаев.  Зиялы  қауымның  қаруы  –  мемлекеттік  тіл.         
27 бет. «Жаңа ғасыр» Алматы. 2006. № 9. 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
137 
4.  Р.Төлеубекова.  Рухани-эстетикалық  тəрбиенің  педагогика-
лық негіздері. «Қазақстан мектебі». Алматы. 2007. №  
5.  А.Əлімқұлова.  Ұлттық  мəдениет  жəне  тəуелсіздік. 
«Атамекен-Ай». А. 2006/2. 
 
 
Бердиллаева М.Б. 
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ 
Алматы, Қазақстан 
 
В.В. РАДЛОВТЫҢ «ТҮРКІ ТІЛДЕР СӨЗДІГІН ЖАСАУ 
ТƏЖІРИБЕСІ» СӨЗДІГІНДЕГІ ҚАЗАҚ ЛЕКСИКАСЫНА 
ЕНГЕН КІРМЕ СӨЗДЕР 
 
Қазақ  тіліндегі  араб-парсы  элементтері  дегенде  алдымен 
мынадай жағдайды ескеру керек. Л.З.Рүстемов «түп төркіні иран 
тілдес  болып  келетін  сөздердің  түркі  халықтарының  тіліне 
ауысуы, парсы жəне түркі тілдерінің өзара инфильтрация жасау 
процесі  ертеректе,  арабтар  мұнда  келмей  тұрған  кезде,  араб 
мəдениетінің  гүлденуінен  əлдеқайда  бұрын  басталған»  дейді 
(44-45б) 
С. Исаев та осы пікірді қоштайды: «...араб, иран тілдерінің 
əсері дегенде иран тілдерінің əсері араб тілдерінен гөрі ертерек 
басталатынын да жоққа шығармаймыз», - дейді (112-б) 
Л.З.  Рүстемов  араб,  иран  тілінен  енген  кірме  сөздердің 
қазақ  тіліне  өту  мерзімін  екі  кезеңге  бөліп  қарайды:  бірінші 
кезең  –  XV  ғасырға  дейінгі  шақ,  екінші  кезең  –  XV  ғасырдан 
Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңді қамтиды. 
«Түркі  тілдер  сөздігін  жасау  тəжірибесі»  сөздігіндегі  орыс 
сөздеріне қарағанда араб, парсы сөздерінің кеңінен қолданғанын 
көруге  болады.  В.В.Радловтың  айтуына  қарағанда,  өткен 
ғасырдың  екінші  жартысындағы  араб,  парсы  сөздерінің  тілге 
көбірек  енуі  дін  туралы  кітаптардың  таралуына  жəне  көпшілік 
жағдайда  Орталық  Азия  мен  Ресейдің  шығысындағы 
саудагерлер  немесе  мұғалім,  проводник  не  болмаса  қазақ 
жерінде  қашқын  ретінде  жүрген  татарлар  арқылы  сөздердің 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
138 
араласқанын  айтады  (Фонетика  43-б)  Бұл  сөздердің  тілімізге 
араласып, кірме сөз ретінде енуі барлық жерде бірдей еместігіне 
де  тоқталады.  Араб-парсы  сөздері  негізінен  Қызылорда, 
Жамбыл,  Шымкент  облыстарында  Қазақстанның  солтүстік 
жақтарына қарағанда басым болғандығын айтады. Бұл құбылыс 
қазіргі  уақытта  да  байқалады.  В.Радлов  сөздікте  ең  алдымен 
сөздің  қай  тілге  жататынын  көрсеткеннен  кейін,  егер  ол  кірме 
сөз болса, қай тілдің сөзі екендігін де жазады. Біз кірме сөздерді 
тек  ғалымның  көрсетуі  бойынша  белгіленген  сөздерді  ғана 
жазып алдық. Кейбір тілімізге сіңісіп, ғалымның назарынан тыс 
қалып  қалған  сөздер  болуы  да  мүмкін.  Радловтың  қолданған 
араб сөздерінің саны – 209 екені анықталды.  
Кірме  сөздер  құрамы  жағынан  əр  алуан.  Біразы  үй 
тұрмысына, басқа да шаруашылыққа байланысты болса, енді бір 
алуаны мəдени жəне ғылыми, діни ұғымдарды білдіреді. 
Сөздікте  кездескен  сөздерді  мағыналары  бойынша  жіктеп, 
бөліп көрдік. Алдымен араб сөздерін мысалға келтірейік:  
Дінге  байланысты  сөздер:  аруақ  араб  1)  души  умерших, 
предков,  призрак  əй,  Қозы  Көрпеш  пен  ата-бабаңның 
аруағымын  эй,  Козы  Корпеш,я  душевная  сила  твоих  предков!      
2)  скелет  3)  невидимая  сила,  благословение,  защита  Божества 
Аруақтар  оған  болысты  –  ему  помагали  святые  (282), 
қапыр(кəпір) араб гяурь, неверный, неверующий; а, қара кəпір! – 
ах, ты черный неверный! (412), қоран араб коран(551), обал араб 
1) грех құдайға обал екен! – это грешно перед Богом!; обал емес 
– это не грешно 2) несчастие (последствия которого ощущают и 
виновник и другие) (1158), ыбадат араб – ибадат(1403), қажы 
араб  богомолец,  идущий  в  Мекку(399),  мағраж  араб  ночное 
восхождение  Мухаммеда  на  небо  (2002);  мынажат  араб 
молитва  (2140);  қалал  араб  дозволенный  законом,  чистый 
безвинный,  святой;  қалал  ас  –  чистая  пища(231),  қаш  араб 
путешествие  в  Мекку(389);  қауым  араб  народ,  люди, 
последующие  одной  вере(55);  пəтір  араб  милостыня  во  время 
поста(1248); қадыр араб 1) могучий, влиятельный; қадыр Алла – 
всемогучий  Бог;  Бұл  іске  қадыр  болмадым  –  я  этого  не  мог 
сделать;  2)  прекрасный,  добрый(325);  мағраж  араб  ночное 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
139 
восхождение  Мухаммеда  на  небо(2002);  құбыла  араб  сторона 
молитвы, запад(1039), шайтан араб чорт(928); малғұн араб злой 
дух, черт(2101), айт – араб праздник после Рамазана айт айы – 
месяц Рамазан(43), қадір араб 1)могущество, великолепие; қадір 
түн  –  последние  ночи  перед  окончанием  поста(1138),  кəлімет 
(зат)  араб  знание,  вера(1120),  айт  сөзі  кеңес  өкіметі  кезінде 
архаизм  сөзге  айналып,  бұл  діни  мерекенің  жоғалып  кеткені 
мəлім.  Қадыр  сөзінің  варианты  ретінде  қадір  деп  те  алынады. 
Сондай-ақ  пəтір-  пітір,  қалал-  халал,  қоран-  құран  сөздері  де 
Радлов сөздігінде жарыса қолданылған. 
Мəдениетке, ғылымға байланысты сөздер: қаріп араб буква, 
азбука(1097),  əріп  араб  буква  (773),  əліп  араб  1)первая  буква 
арабской  азбуки  əліппені  білесің  бе?  –  знашь  ли  ты  азбуку? 
2)образец  əлібің  жаман  –  ты  нехорошего  происхождения, 
дурной на вид(819), əлім араб ученый əлім қуанба – не радуйся 
потому,  что  ты  ученый(820),  қалам  араб  перо;  қолыма  қағаз 
жаздым  қалам  қалам  алып  –  в  руку  я  взял  и  написал 
грамоту(234);  
Дерексіз  ұғымдарды  білдіретін  сөздер:  қам  араб  забота, 
печаль;  бұл  кісінің  қамын  жеді  –  он  заботился  об  этом 
человеке(478);  қирамат  араб  вина,  поступок(698),  қиянат  араб 
вероломство,  низость(712);  қажат  араб  желание,  мольба, 
молитва(399);  қасиет  араб  достоинство,  цена(352),  қанағат  араб 
довольство  малым;  қанағат  қыл  –  будь  довольным!  (110),  мырат 
(зат)  араб  желание(2141),  ақиқат  верно,  действительно(108) 
ақиқат  естідім  –  я  это  действительно  слышал,  бейіл  араб 
мышление, образ мышления, характер, поступок, нрав(1570), 
Сөздіктегі пайғамбарлар мен періштелер аты: қор араб қор 
қызы  Гури(549),  мір  араб  эмирь,  господин;  алда  мір  –  господ 
бог(2158); 
Сауда-саттыққа байланысты сөздер: 
қисап  араб  число,  мера;  қисабын  ал!  –  читай  их!  Қисабы 
жоқ – безчисленно(699), қарыз араб долг, заем ; қарызға алды – 
он делал долги, он взял в долг(177); қарыз араб долг(207)  
Адамның  мінез-құлқын,  қадір-қасиетін  білдіретін  сөздер: 
қияпат  араб сердце,  склонность,  намерение;  қияпатың  жаман  – 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
140 
у  тебя  злое  намерение!,  қабағат  араб  в  изобилие,  чрезмерный; 
қабағат жақсы кісі – добрейший человек(439); 
Əлеуметтік  текті  білдіретін  сөздер:  қаріп  араб  нищий, 
калека, бедный(1097),  
кіріптар  араб  1)пленник;  2)добыча;  кіріптар  болды  –  он 
взять в плен(745);  
қасар араб несчастный, бедный, нищий(349) id 
Аймақты,  ауданды,  ел-жұртты  білдіретін  сөздер:  уалаят 
араб  страна,  округ  (1681),  қалық  араб  народ(249),  қала  араб         
1)  крепость,  укрепление;  2)  город;  3)  деревня;  орыс  қаласы  – 
русская  деревня,  Бұл  қалада  ноғай  көп  –  в  этой  деревне  живет 
много татар (224);  
Сын  есімдер:  қас  араб  действительный,  настоящий;  қас 
патшадай  –  как  истинный  князь  (345);  қас  араб  1)  злое 
намерение, злость; қасы жоқ кісі – человек незлобивый, добрый 
человек; 2) сердитый, возбужденный (347);  
мəлім  араб  1)  известный;  2)  приметный(2100);  қарам  араб 
нечистый,  противозаконный;  қарам  ас  –  нечистая  пища, 
запрещенная пища(165);  
мекер араб притворяющийся, хитрый(2072); арам (сын) араб 
нечистый,  запрещенный  шариатом,  возбраняемый  арам  ат  – 
поганое  мясо(263),  кəміл  араб  верный,  сделанный  как  следует; 
кəміл шариғат – верное, справедливое решение(1207), əдемі араб 
прекрасный,  превосходный,  отличный;  əдемі  кісі  екен  –  он 
прекрасный человек (853), əділ араб 1) справедливый əділді кісі – 
справедливый  человек(857),  əзіл  араб    1)  шутливый  əзіл  сөз  – 
шутливое слово; əзіл өлең – шутливая песня; 2) разговор, беседа, 
шутка əзіз араб сильный, могучий, сердитый (898)  
Басқа да əр түрлі сөздер: əуе араб небо, воздух, погода əуеге 
шықты – он поднялся к небу(1177), əуел араб первоначальный; 
əуелгі  заманда  –  в  прежния  времена  (1177),  ыза  араб  досада, 
гнев(1397), ыба (иба) араб почтение(1403), ыбрат араб пример, 
модель(1403), уəзір араб везир (1593), уапа араб верность (1593), 
керемет араб 1) благородство, милость; 2) чудо (1094),  
Парсы  тілінен  енген сөздер  араб сөздеріне қарағанда  саны 
аздау.  В.Радловтың  сөздікте  көрсетуі  бойынша  қолданған 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
141 
сөздерінің  саны  –  100  сөз  болды.  Қазіргі  уақытта  араб,  парсы 
тілінен  енген  сөздер  тілімізге  əбден  сіңісіп,  қазақ  тілінің  төл 
сөздері  қатарына  бірігіп  кеткен.  Бұл  сөздер  күнделікті 
қолданысты жиі қолданылатын сөздердің біріне айналды 
Дерексіз  ұғымдар:  үміт  парсы  1)  надежда  үмітім  үзілді  –          
у  меня  нет  надежды  (1912),  арман  (зат)  парсы  1)  желание, 
стремление арманым қалмады – мне ничего не осталось больше 
желать арманда қалдым – я сожалею 
2) далекий арман жүр, кет! – иди, подальше! (340)  
Тұрмыстық-шаруашылық заттары: таж парсы венец (944), 
тастырқан  (дастарқан)  парсы  скатерть(923),  таба  парсы 
сковорода(960),  қорек  парсы  пища(1251),  айна  (парсы))                  
1)  стекло,  зеркало;  айнаға  қара  –  смотри  в  зеркало;  айна  бас  – 
гладкая, плешивая голова (после болезни) 2) ласкательное слово: 
менің  айнам!  душа  моя!  (17),  масақана  (зат)(маса+хана)  парсы 
полог от комаров(2052),  
Тағам атаулары: нан хлеб; парсы ақ нан – белый хлеб; қара 
нан – черный хлеб (645), қант парсы сахар, леденец; ақ қант – 
сахар рафинад; қантпен шай ішеді – он пьеть чай с сахаром(121)  
Дінге  байланысты  сөздер:  бейіс  парсы  рай(1574),  бесін 
парсы  вторая  молитва(1628),  қожа  парсы  учитель,  мулла, 
духовное лицо, потомок пророка(646), 
Сауда-саттыққа  байланысты  сөздер:  дүкен  парсы  лавка, 
торговля,  завод,  кузница(1729),  нарқа  парсы  цена(650);  құн 
парсы плата за убийство и за увечье; өлтірген ер кісі үшін жүз 
ат құн береді – за убитого мужщину платять сто лошадей(908) 
Ғылымға,  мəдениетке  байланысты  сөздер:  ұстат(1)  (зат) 
парсы 1)учитель; 2) умный, хитрый(1752 
Киім  аттары:  орамал  парсы  платок,  пеленка  мойын 
орамалы  – головной  платок;  бет  орамалы  –  полотенца; орамал 
жасыру – киргизская игра; 
осы  орамалға  салып  берейін  –  я  хочу  его  завернуть  в  этот 
платок(1052)  
Кейбір  зат  есімдер:  өнер  парсы  искусство,  ловкость, 
ремесло;  өнер  үйренді  –  он  выучился  ремеслу(1215),  адамзат 
(адам+зат)  парсы  человек  Зеңгі  қызын  адамзат  алған  емес  -

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
142 
никогда не женился человек на девиц Зенгиев(487), ақын парсы 
певец, победиель при состязаний певцов; үлкен(жүйрік) ақын – 
импровизатор(98), астар парсы 1) подкладка(550), аспан парсы 
небо аспанға шықты – он поднялся к небу бір қоянға міндім де 
аспанға ұштым – я сел на зайца и полетел на небо(554), 
Ойын аттары: ұңқа парсы стоячая бабка (при игре) (1625), 
жедеш душка (кость) парсы жедеш ойнады – игра: два человека 
ломают  душку;  если  впоследствии  один  другому  что-нибудь 
дает, то он должен говорит «есімде!» если он этого не скажет, то 
первый  говорит  «жедеш»  и  второй  обязан  ему  поднести 
подарок(83);  
Сын  есімдер:  арамза  парсы  нечистый,  зломысленный 
Аңқау  елге  арамза  молда  –  просто  грамотный  человек, 
выдающий  себя  среди  народа  за  муллу,  плут,  обманщик  (264), 
өнербет парсы художник, ремесленник, ловкий(1215),  
арзан  парсы  дешевый  (329),  кем  парсы  1)мало,  небрежно, 
недостоточный; 2)малость, пренебрежение(1204); кемтар парсы 
бедный,  неимущий(1213),  бейшара  парсы  бедняга,  сирота, 
вдова(1574); 
Салт-дəстүрге байланысты сөздер: қат-құдайшылық парсы 
брак  между  лицами  первой  молодости(по  верованию  киргизов 
супруги,  соединившиеся  в  молодости,  не  будут  разлучены  и 
после смерти) (1128),  
Адамның  мінез-құлқын  білдіретін  сөздер:  зерек  парсы 
понятливый, 
смышленный, 
догадливый, 
спасобный, 
умный(914),  азар  парсы  злой,  худой,  негодный(560),  кербез 
парсы  франт,  щеголь(1107),  мешер  парсы  худощавый, 
слабый(2114);  надан  парсы  незнающий,  невежественный, 
глупый,  необразованный,  дерзкий,  грубый(654),  намыс  парсы 
1)слава,  честь,  репутация;  намысыңды  берме!  –  не  поддавайся! 
2)стыд, срам; қоянды қамыс өлтерер, ерді намыс өлтірер – айца 
убивает  камыш,  мужа  стыд(665),  кінə  парсы  мстительность, 
злопамятность; 
кінə 
сақтайтұғын 
кісі 
– 
злопамятный 
человек(1346), байғұс парсы бедный, несчастный, бедняжка(1414) 
К.Ш.Құсайынов «Радлов и казахский язык» атты кітабында 
«Түркі  тілдер  сөздігін  жасау  тəжірибесі»  сөздігіндегі  орыс 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
143 
тілінен  енген  сөздер  «Түркі  тайпаларының  ауыз  əдебиеті 
үлгілерінен» алынған дейді (140-б) Бұл сөздіктің сапалық жəне 
сандық құрамын белгілейді. 
Екі ғасырдан аса қарым-қатынас кезінде қазақ тілі мен орыс 
тілі  арасында  біржақты  ғана  ауысу  болмаған.  Қазақтар  ғана 
орыс тілінен сөз қабылдап қоймай, орыс тіліне де қазақ тілінен 
талай  сөздер  енгені  белгілі.  Бұл  сияқты  сөз  алмасу  басқа 
тілдерде де кездесіп отырады.  
«Түркі  тілдер  сөздігін  жасау  тəжірибесі»  еңбегінде  орыс 
тілінен  енген  сөз  автордың  белгілеуі  бойынша  34  сөз.  Кейбір 
сөздер ғалымның назарына ілікпей қалған болуы мүмкін. Бірақ 
ондай  сөздер  сөздікте  онша  көп  емес.  Мысалы,  орыс,  стол 
сөздерінде  орыс  сөзі  екені  белгіленбеген.  Біз  бұл  сөзді  қоса 
жазып  алдық.  Сонымен  сөздікте  орыс  тілінен  енген  сөздер               
37 сөз болды.  
К.Ш.  Құсайынов  В.В.  Радловтың  сіле  сөзін  орыс  тілінен 
енген  сөз  ретінде  алғанын  айтады.  Ғалымның  бұл  пікіріне 
біріншіден,  қазақ  тіліндегі  сілем  құрыды  деген  тіркес  пен 
екіншіден,  Будаговтың  сіле  сөзін  орыстың  сила  деген  сөзі 
ретінде қарастырғанынан дейді (142-б)  
талан  орыс  счастье;(талант)  (881)  сөзін  талант  деген 
сөзден шыққан дейді. Ғалымның бұл пікірін қоштай алмаймыз. 
Себебі, талант деген сөздің мағынасы мүлде басқа. Сондай-ақ 
тұз(1) (зат) орыс тус (в картах) (1502)  
сөзін  де  Радлов  бір  жақты  алған,  яғни  картадағы  тұз 
сөзімен  салыстырады.  Бұл  пікір  де  біржақты.  Бұл  сөздер 
Н.И.Ильминскийде қолданылмаған.  
Қалған  сөздердің  орыс  тілінен  енген  сөздер  екендігі  дау 
тудырмайды.  Сөздікте  орыс  сөздерінің  аз  болуы  себебін 
К.Ш.Құсайынов  біріншіден,  ғалымды  қызықтырған  түркі 
тілдерінің  төл  сөздері  болғандығын,  (тілді  білу  үшін  алдымен 
сол  тілдің  төл  сөздерін  білу  керек),  екіншіден,  ХІХ  ғасырдың 
екінші  жартысындағы  орыс  тілінен  енген  сөздер  қазіргі 
кездегідей  маңызды  қызмет  атқармағандықтан,  Радлов  ол 
сөздерге көп көңіл бөлмеген болуы керек деп түсіндіреді (145-б)  

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
144 
В.В.Радлов  қазақ  тіліне  орыс  тіліне  сөздер  енуі  барлық 
жерде бірдей болмағандығын айтады: оңтүстік облыстарда араб-
иран сөздері аралас өзбек тілінің əсері, ал солтүстүк аймақтарда 
орыс  тілінің  əсері  болғандығын  айтады  (Образцы  Спб.,  1870,        
т. 3, с. 18)  
Ғ.Ғ.Мұсабаев  «Современный  казахский  язык»  деген 
кітабында орыс сөздерінің қазақ тіліне енуін төрт кезеңге бөліп 
көрсетеді. 
Бірінші кезеңге, шамамен көне дəуірден XVII ғ. бас кезіне 
дейінгі  кезеңді  жатқызады.  Бұл  кезде  қазақ  жеріне  орыс 
қоныстанушыларының  əлі  келмеген  кезі  еді.  Сондықтан  орыс 
сөздері онша кіре қоймаған кез еді. Оған, біріншіден, тілдердің 
əр түрлі жүйеге жататындығын, екіншіден, дін айырмашылығы 
себеп болғанын дəлел етеді. 
Екінші  кезеңге  XVII  ғасырдан  ХІХ  ғасырдың  екінші 
жартысына  дейінгі  аралықты  жатқызады.  Бұл  кезеңде 
Қазақстанның  Ресей  империясына  өз  еркімен  кіру  процесі 
басталған  болатын.  Қазақ  жеріне  орыс  қоныстанушылары 
жаппай  келе  бастап,  екі  ел  арасына  өзара  қарым-қатынас  бола 
бастады.  Бұл  кезеңде  тілдердің  араласуына  қолайлы  кезең 
болды.  
Үшінші  кезеңге  ХІХ  ғ.екінші  жартысынан  қазан 
төңкерісіне  дейінгі  уақытты  жатқызады.  Бұл  кезеңде  алдыңғы 
екі  кезеңге  қарағанда  жемістірек  болды.  Бұл  уақытта  үш  жүз 
толығымен Ресей құрамына кірді. Ресейдегі дамып келе жатқан 
капитализм,  қайнаған  сауда,  ақша  айналымы,  екі  халық 
арасындағы  мəдени  байланыстар  қазақ  тіліне  орыс  сөздерінің 
көптеп кіруіне себеп болды (47-48б) 
Орыс  сөздерінің  қазақ  тіліне  енуінің  төртінші  кезеңіне 
қазан төңкерісіне дейінгі уақытты жатқызады. 
Қазақ  тіліне  енген  орыс  сөздері  В.В.Радлов  кезеңінде 
лексикамен ғана шектелген.  
Ғалымның  алған  сөздері  саудамен,  кəсіпкерлікпен, 
отырықшылдықпен  т.б  байланысты.  Саудаға  байланысты 
сөздер:  көпес  орыс  купец(1311),  сома  орыс  сумма,  торговый 
оборот(563), бырақ орыс дурной, негодный; бырақ болды – это 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
145 
негодно(1728),  шабадан  орыс  чемодан(988),  шірет  орыс 
очередь(1005),  бөшке  орыс  бочка(1706),  опайка  орыс  (опойка) 
черная кунгурская кожа(1155), шотқа (щетка) орыс киргизская 
кисть  для  окрашивания  кожи(1031),  указнай  орыс  указный 
мулла  (1609),  ұстырық  орыс  стругь  ұстырық  тарт  – 
стругать(1753), ылаука орыс лавка(1374)  
 Отырықшылдықпен байланысты сөздер: көрөт орыс город 
(1252),  бекет  орыс  пикет(1576),  остолба  (зат)  орыс  «столб» 
столб  для  привязывания  лошадей(1142),  беш  орыс  печь, 
каминь(1635), 
меш 
орыс 
печь(2113), 
бодан 
орыс 
подданный(1677),  берен  орыс  перина(1596),  бесір  орыс 
писарь(1628), бошта орыс почта(1691); 
Сөздікте  кездескен  орыс  сөздері  Н.И.Ильминский 
сөздігінде қолданылмаған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет