Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты



Pdf көрінісі
бет14/32
Дата22.12.2016
өлшемі1,87 Mb.
#30
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32

 
 
Əдебиеттер 
1. Радлов В.В. «Опыт словаря тюркских наречий» 4том 
2.  Рүстемов  Л.З.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  араб-парсы  кірме 
сөздері. Алматы, 1982  
3. К.Ш.Құсайынов Радлов и казахский язык 
4.  Исаев  С.  Қазақтың  мерзімді  баспасөз  тілінің  дамуы. 
Алматы, 1983. 
 
 
Ермағамбетова Л.Н. 
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ 
Алматы, Қазақстан 
 
ЖАЙ СӨЙЛЕМДІ ІЗГІЛЕНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Бүгінгі  жаңа  ақпараттық  қоғам  жағдайының  өркениетті, 
прогресшіл  бағытына  сай,  терең  білімді,  өзгерісті  жағдайға  тез 
бейімделгіш,  өзін-өзі  саналы  игеретін,  тұлға  бойынан  ізгілікті 
қасиеті көрінетін, өзге елдердегі замандастарымен тең дəрежеде 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
146 
бəсекелесе  алатын  биік  өрелі,  азаматтық-тұлғалық  бет-бейнесі 
бар  ұрпақты  тəрбиелеуді  қоғамның  өзі  қатаң  талап  етіп  отыр. 
Мемлекетіміз  осының  бəрін  ескеріп,  бүгінгі  таңда  оқушыға 
білім беру жүйесін ерекше дамытуға, оны дүниежүзілік деңгейге 
көтеруге мəн беруде. Қазіргі мемлекеттік “Білім” бағдарламасы 
жалпы  білім  беретін  мектептердің  даму  жолдарын  анықтай 
отырып,  мұғалімдер  бойында  тамыры  тереңге  кеткен  əлемдік 
жəне 
қазақстандық 
педагогикалық 
мұраларды, 
ізгі 
педагогикалық  ойларды  қалыптастыруда  мақсатты  жұмыстың 
қажеттілігін  алға  тартады.  Мектепте  жалпы  ізгілік  бағыттары, 
адамзаттық  құндылықтарды  оқыту  қажеттілігі  бүгінгі  таңда 
пайда болып отыр. Сондықтан да заман талабына сай білім беру 
мен  тəрбиенің  мазмұны,  мақсаты,  қағидалары  мен  міндеттерін 
қайта қарастырып, жаңарту қажет. 
Қазіргі мұғалім шығармашыл тұлға болуы керек. Ол мектеп 
алдында тұрған мақсат, міндетті толық түсініп жүзеге асырады. 
Ол  оқу-тəрбие  процесіндегі  олқылықтардың  себеп-салдарын 
анықтап,  кемшілікті  жоятын,  басқарудың  тиімді  жаңа 
технологиясын қолдана білетін педагог болуы тиіс. 
Жалпы қазақ халқы ерте кезден-ақ тəрбие барысында бала 
бойына  халықтық  жырлар  мен  əңгімелер,  ертегілер  арқылы 
мынадай ізгі қасиеттерді сіңіре білген. Олар: біріншіден, тəрбие 
басы  əдептілікке  үйретуді  көздеген,  əдепті  бол  дегенді  басты 
міндет  етіп  қойған.  Екіншіден,  мейірімді  болуға  тəрбиелеген. 
Үшіншіден,  тіл  алғыш  елгезек  бол  деп  үйреткен.  Бұл  еңбекке 
баулудың  алғашқы  көрінісі.  Төртіншіден,  адалдық  пен 
шындыққа баулуды көздеген. Бесіншіден, білгір бол, ұстаз бен 
ғалымның,  көпті  көргендердің  сөзін  тыңдап  бойына  сіңіруді 
мақсат  тұтқан.  Алтыншыдан,  үлкенді,  ата-ананы  сыйлауға 
үйреткен. Жетіншіден, кісі айыбын бетіне баспа , – дейді халық 
тəрбиесі.  Бұл  табиғи  дене  мүшелерінде  кемдігі  барды  көзге 
шұқып қорлама деген сөз. Сегізіншіден, ел қорғаны батыр бол, 
халық  алдында  қызмет  ет,  бар  өнегеңді  соған  жұмса  дегенді 
айтады. Яғни, балаға тəрбие берудегі осы басты мəселелер қазақ 
тілінің  жай  сөйлем  саласын  меңгертудегі  білім  беруді 
ізгілендіру технологиясының тиімділігін арттырады.  
 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
147 
 Жалпы  қазақ  тілі  жəне  оның  əрбір  саласы,  яғни  жай 
сөйлем  синтаксисі  тарауларының  мазмұны  білімнің  тəрбиелік 
сипатымен  айқындалады.  Жай  сөйлем  жəне  оның  түрлерін 
талдау  барысында  оның  құрылымы  мен  мазмұны  жеке 
тұлғаның  ізгілікті,  рухани  дүниесін  бойлайтындай,  сөйтіп 
өзіндік пікір туғызатындай деңгейде ұйымдастырылғанда ғана 
жеке  тұлғаның  рухани  адамгершілігінің  дамуына  мүмкіндік 
туады.  Ол  үшін  оқушының  бойындағы  жалпы  адамзаттық 
құндылықтар қатарының артуына ықпал ететіндей бағытты 
ұстанған  дұрыс.  Жай  сөйлемді  түсіндіріп  талдауға  дайындық 
процесінің 
өзі 
білімнің 
негізі 
тəрбиеде 
жатқандығын 
аңғартады. 
Жеке  тұлғаның  рухани  адамгершілігін  дамыту  оның 
когнитивті  жəне  сезімдік,  рационалды  жəне  практикалық, 
адамзаттық  жəне  жеке  дара  ерекшеліктерінің  диалектикалық 
бірлігін 
ескеруді 
талап 
етеді. 
Жалпы 
адамзаттық 
құндылықтарды  оқыту  негізін  өзара  байланысты  үш  аспект 
құрайды:  білім,  дағдылар  жəне  құндылықтар  жүйесі.  Олардың 
қатысуы жəне өзара іс-əрекеті білім беру əдіснамасында бір жіп 
ұшына  байланған.  Осы  əдіснама  –  білім,  дағды,  құндылықтар 
жүйесін дамытудың ең тиімді əрі сенімді тəсілі. Сондай-ақ, оқу 
үрдісінің тиімділігі де үш жақты іс-əрекет: мұғалім, оқушы, ата-
аналарға  тəуелді  болады  жəне  адами  құндылықтар  үш  негізгі 
орган: бас, жүрек, қол жұмысы нəтижесінде қалыптастырылады. 
Қалыптастырылатын дағдыларға тұлға сапасын дамытудың 
мынадай  бағыттары  кіреді:  интеллектуалдық,  тұлғалық, 
физикалық, əлеуметтік, эмоционалдық аспектілері. 
Қазақ  тілінен  теориялық  білім  мен  практикалық  дағды 
беруде  мұғалім  дидактикалық  принциптер  мен  əдістемелік 
заңдылықтарға сүйенеді. 
Сондықтан  жай  сөйлемді  меңгертуде,  ізгі  жақсы 
қасиеттерді  қалыптастыруда,  жеке  тұлғаның  өнегелі  өмірдің 
үлгісін сезінуіне баса көңіл бөле отырып педагогиканың негізгі 
ұстанымдары басшылыққа алынды. Осыған байланысты педагог 
ғалымдардың: М.Жұмабаев [1], Ж.Аймауытов [2], Р.М.Қоянбаев 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
148 
[3],  Б.П.Есипов  [4],  Р.К.Төлеубекова  [5],т.б.  əдіскерлердің 
еңбектеріне сүйенуге болады. 
Классикалық  дидактикада  жалпыға  танылған  оқыту 
ұстанымдары 
төмендегідей 
көрсетіліп 
жүр: 
оқытудың 
дамытушылық,  жан-жақты  тəрбие  берушілік  ұстанымы; 
оқытудың мақсаттылық ұстанымы; оқыту үрдісі мазмұнының 
ғылымилық  ұстанымы;  оқытудың  саналылық  пен  белсенділік 
ұстанымы;  оқытудың  көрнекілік  ұстанымы;  оқытудың 
түсініктілігі  ұстанымы;  оқытудың  жүйелілігі  мен  бірізділігі 
ұстанымы; жас шамаға лайықтылығы ұстанымы; теория мен 
практика арасындағы байланыс ұстанымы; оқытудың саралау 
ұстанымы.  Осы  ұстанымдардың  барлығы  оқыту  процесінде 
мақсат  пен  міндетті  шешу,  оқу  мен  оқытуды  басқару  жəне 
реттеу,  нəтиже,  бағалау  сияқты  элементтерге  тұтастық, 
сабақтастық берді. 
К.Д.Ушинский  оқыту  ұстанымының  жүйесіне  негіздеп, 
əрқайсысының дидактикалық орнын ғылыми тұрғыдан дəлелдеп 
берді. Мысалы: көрнекілік принципі туралы: “... егер де педагог 
баланың  ісінде  бірдемені  берік  қалдыруды  көздейтін  болса,  ол 
көз,  құлақ,  дауыс  бұлшық  ет  сияқты  сезім  органдарын  тіпті 
мүмкін  болса,  иіс  жəне  дəм  сезімдерін  де  есте  сақтап  қалу 
аспектісіне көбірек қатыстыруға тырысуы керек”, – десе [6, 29], 
жүйелілік  ұстанымы  туралы:  “Ғылымдар  қалай  болса,  солай 
мектепте өндіріле салмайды. Оның өзіндік дидактикалық жүйесі 
бар. Ол арқылы оқыту процесінде белгіленген белгісізге, жайдан 
күрделіге,  жақыннан  алысқа,  жеңілден  қиынға  көшу  сияқты 
оқытудың  аса  қажетті  дидактикалық  тəртібі  іске  асады”,  –  деп 
жазды [6, 31].  
Сонымен  білім  саласындағы  кейінгі  кездері  оқыту 
барысында  көп  айтылып  жүрген  ізгілендіру  ұстанымы 
негізінде  оқу  процесінде  адамның,  яғни  оқушының  жеке 
ерекшелігін  ескеру,  олардың  ынта-жігерін  қолдау,  білімге 
құштарлығын ояту, мақтау-мадақтау, шəкірттің бір пəнді ұнатуы 
жəне  ұстаздың  өз  пəніне  деген  сүйіспеншілігі  негізге  алынуы 
керек.  Оқу  процесінде  мұны  жүзеге  асырудың  жолдары: 
оқытудың (шəкірттің) жеке-дара ерекшелігін ескеру; оқушының 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
149 
ынта-жігерін қолдап, мадақтап отыру; оның жеке басына деген 
құрмет  көрсету;  оқу  материалын  мектеп  оқушысы  өз  бетінше, 
өзіне лайықтысын таңдап алатындай жағдайда болуы сөзсіз. 
Оқытуда  жүйелілік,  бірізділікті  ұстанымын  жүзеге 
асыруда  оқушылардың  мектеп  табалдырығын  аттаған  кезден 
бастап  алған  білімін  тексеріп  жүйелі  түрде  бағалап  отырудың 
маңызы  зор.  Я.А.Коменскийдің  “Бүгінгі  меңгерілген  білім 
өткенді бекітуге, жаңа жол ашуға негіз болуы керек” [7 ] деген 
дидактикалық  тұжырымы  білімнің  үздіксіз  бірізділікпен 
берілуін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге оқу-тəрбие үрдісінде 
мұғалім  баланың  дарынын,  талабын,  қабілетін  ескере  отырып, 
бірізді, жүйелі бағдарламамен жұмыс атқарса, оның бойындағы 
қасиеттерді  аша  түседі.  Жəне  жүйелілік  ұстанымы  жеке 
тұлғаның  ізгілікті  рухани-адамгершілігін  қалыптастыруға, 
оқыту  процесінде  баланы  үнемі  өз  бетімен  жұмыс  істеуге, 
күнделікті  сабақтарға  жауапкершілікпен  қарауға  үйретеді  жəне 
тəрбиелейді.  Бұл  ұстанымның  баланың  рухани  дамуында, 
адамгершілік  қасиеттерінің  қалыптасуындағы  маңыздылығы 
тəжірибелік  –  эксперименттік  жұмыс  барысында  анық 
байқалады.  
Бұл  ұстаным  оқушы  меңгеретін  білім  мен 
біліктердің  жеңілден  ауырға,  қарапайымнан  күрделіге  қарай 
дамытылып отыруын қажет етеді. 
Көрнекілік ұстанымы – дидактикада ертеден келе жатқан 
ұстанымдардың бірі. Мұның негізін де Я.А.Коменский қалаған. 
Оқыту  процесінде  көрнекі  құралды  пайдалану  сабақтың 
тиімділігін  арттырады.  Көрнекілікті  қолданудың  негізгі       
мақсаты  –  игерілетін  материалдың  мазмұнын  айқындай  түсу, 
оны  оқушының  санасында  берік  қалдыруға  мүмкіндік  жасау. 
Көрнекілік құрал оқытушының оны орынды қолдана білгенінде 
ғана  тиімді  болатыны  сөзсіз.  Көрнекі  оқу  құралдары 
кескінделген  жəне  экранды-дыбыстық  болып  екіге  бөлінеді. 
Кескінделетін оқу құралдарына кесте, сызба, сұлба, өрнек, фото-
сурет,  сурет,  оқиғалы  картиналар,  т.б.  үлестірме  дидактикалық 
карточкалар 
жатады. 
Экранды-дыбыстық 
құралдарға 
кинофильм, 
диапозитив, 
таспа  жазулары, 
күйтабақтар, 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
150 
кодоскопқа  (жазылған)  арналған  транспаранттар,  үлестірме 
қағазы, схема, компьютер жатады. 
Көрнекілік  ұстанымы  білімді  ізгілендіруде  оқушының 
гуманистік  табиғатына  көрнекілікпен  берілген  эстетикалық 
сурет  т.б.  арқылы  сұлулықты,  əсем  бейнелілікті  тануға,  көруге 
мүмкіндік жасайды т.б.  
 
Көрнекі 
құралдың 
жаңа 
жанрларының 
бірі 
– 
мультимедиалық 
энциклопедия, 
электронды 
оқулықтар,     
сондай-ақ  дыбыстық  бейнежазба  материалдарын  қолдану. 
Көрнекіліктердің  сабақ  мақсатына  сай  таңдалып,  эстетикалық 
сапасының  жоғары  болуы,  білімдік,  танымдық  мазмұнының 
мұғалім  сөзімен  ыңғайлас  келуі  ескеріледі.  Көрнекіліктің  мəні 
оқушының білімі мен біліктілігін жетілдіруге тигізетін үлесімен 
өлшенеді.  
Біріншіден,  қазақ  тілінің  жай  сөйлем  жəне  оның  түрлерін 
оқытуда  түрлі  персонаждардың  көмегімен  оқушының  өзін 
ситуацияға толық енгізу арқылы оның тілін дамытып, ой-өрісін 
кеңейтуге,  өзіндік  көзқарасын  қалыптастыруға,  қоршаған 
ортасына ізгілік қатынасын орнатуға болады.  
Екіншіден,  оқушылардың  өз  шығармаларын  талдату 
арқылы  өзін  өзі  тануына,  өзіндік  қабілетін  ашуына  мүмкіндік 
туғызып,  сондай-ақ  өзгелердің  еңбегін  бағалауға  үйретуге 
болады.  
Үшіншіден,  пайдаланылатын  көрнекіліктің  педагогикалық, 
психологиялық  жəне  əдістемелік  талаптарға  сай  болуымен 
қатар,  оқушының  қызығушылығын  төмендетіп,  жалықтырмас 
үшін  түрлендіріліп  отырылуы  тиіс.  Ендеше,  көрнекіліктің  жай 
сөйлем жəне оның түрлерін меңгертуде маңызы мен тиімділігін 
былай тұжырымдауға болады: 
- көрнекілік мазмұнын байыта түседі; 
- есту арқылы алған білімін көру арқылы бекіте түседі; 
-  көрнекіліктер  оқушының  ойлау,  таным  белсенділіктерін, 
көркем тілін дамытады 
- баланың эмоциясына əсер етеді; 
-  алған  білімдерін  тілдік  қарым-қатынаста  жүзеге  асыруға 
жетелейді.  

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
151 
Оқытудың  саналылық  жəне  белсенділік  ұстанымын 
жүзеге  асыруға  мынадай  жағдайда  қол  жеткізуге  болады: 
сабақта  жағымды  уəж  туғызу,  оқу  материалының  оқушының 
тілек-мақсаттарына  сай  болуы  (танымдық  қызығушылығы), 
мəселелік  жағдаяттар  туғызып,  өз  бетімен  орындауға  үйрету, 
оқытудың  тиімді  əдістерін  қолдану  (дидактикалық  ойындар, 
пікірсайыс, т.б.). Мұндай жағдайда оқушының оқу белсенділігін 
былайша  арттыруға  болады:  оқу  іс-əрекетінің  мақсат, 
міндеттерін  анық  білу;  маңыздылығын  түсіндіру;  танымдық 
əрекеттің  барлық  түрлерін  қолдану  қажет,  яғни  талдау  мен 
жинақтау,  индукция  мен  дедукция,  байланыстыру,  салыстыру 
т.б.  оқушылардың  бір-бірімен  өзара  байланыс  əрекетін 
пайдалану,  оқытудың  ұжымдық,  топтық,  жұптық,  жеке 
формаларын  өзара  əрекетте  қолдану;  шығармашылық,  өнімді 
тапсырмаларды жиі орындау. 
Оқыту  үрдісінде  білімді  шəкірттердің  саналы  игеруі, 
олардың  əрбір  сабақта  белсенділік  көрсетуі  –  оқушылардың 
шеберлігін  шыңдай  түсетін  алғы  шарттардың  бірі.  Мектеп 
оқушыларының  оқу  пəндерін  игеру  барысында  оның  мақсат-
міндеттерін білуі, өзі алдына мақсат қойып, оны шешудің амал-
тəсілдерін  таба  білуі  оның  таным  шегінің  кеңеюіне  жағдай 
жасайды.  Осы  тұрғыда  Л.В.Занков  оқыту  процесінде  білімді 
саналы  түрде  игеруде  алдымен  теориялық  білім  берудің  басым 
болуы  ұстанымдарын  жүзеге  асырудың  маңызы  зор  екендігін 
айтады. Мұғалім қазақ тілі мен əдебиет сабақтарында жағымды 
мотивация  туғызу,  оқушының  ынта-ықыласы,  танымдық 
сұранысын  ескеру,  проблемды  жағдаяттар  жасай  отырып, 
жаттығу-  тапсырмаларды  өз  бетімен  орындай  білуге  үйрету, 
оқытудың  адам  психологиясына  негізделген  ұжымдық  түрі 
“интерактив  əдістерді  (дебат,  пікірсайыс,  ойтолғау,  “дөңгелек 
үстел”,  рөльдік  ойындар,  симуляция,  релаксация,  мульти-
медиалық 
бағдарламалар) 
қолдану 
барысында 
үлкен 
нəтижелерге қол жеткізуге болады. 
Баланың  ізгілікті  рухани-адамгершілігін  дамыта  оқытуда 
басқа  ұстанымдармен  бірге,  түсініктілік  ұстанымы  басты 
назарда  болды.  Түсініктілік  ұстанымы  білім  мазмұнына  мəні 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
152 
толық  анықталған  материалды  ендіруді,  мектеп  оқушылары 
меңгере алатындай ғылыми ұғымдар мен терминдерді (яғни жай 
сөйлемге  қатысты)  дұрыс,  ұтымды  пайдалануды  көздейді.  Бұл 
ұстаным  баланың  ізгілікті  адмгершілігін  қалыптастыруда 
оқушының  дайындық  деңгейіне  сай,  олардың  өзіндік  пікірін 
туғызатындай жағдайда ұйымдастыруды талап етеді.  
Түсініктілік  ұстанымында  жай  сөйлем  синтаксисіне 
қатысты оқу материалының оқушы даярлығына үйлесімді келуі 
талап  етіледі.  Сабақты  ұйымдастырудың  өн  бойында  бұл 
жағдайлар ескеріліп, оқушылардың əрі дұрыс, əрі жеңіл түсінік 
алуы  үшін  тиімді  əдістер  қолданылады.  Бірақ  жай  сөйлем 
синтаксисіне  қатысты  материалды  жеңіл-желпі,  оны  не 
ықшамдауға,  не  үстірт  өтуге  болмайды.  Себебі  жай  сөйлем 
синтаксисі  өте  күрделі  материал  жай  сөйлемнің  теориялық 
материалын бақылау, жаттығу жұмыстары арқылы практикалық 
тұрғыда  меңгереді.  Сонымен  бірге  қазақ  тілі  жай  сөйлем 
синтаксисін жаңа технология арқылы оқытуда бұл ұстанымның 
алатын  орны  ерекше.  Бұл  ұстаным  арқылы  оқушыларда  өзара 
сыйластық, түсініктік қасиеттері қалыптасады . 
Ал  оқытудың  берік,  тиянақты  болу  ұстанымы  – 
оқушылардың  өрелі  ой-санасын  ғылыми  негізде  дамыту  үшін, 
олардың  меңгерген  білім  дағдылары  тиянақты  болуы  қажет. 
Оқушының  дүние  тану  жөніндегі  көзқарасын  қалыптастыруда 
білімді  тиянақты,  берік  меңгертудің  маңызы  зор.  Оқылған 
материалды  жан-жақты  меңгерту,  есінде  берік  сақтату,  құрғақ 
жаттауға  жол  бермеу,  білгенді  ұмытпау  үшін  қайталау,  білімін 
бағалап отыру сияқты жұмыстарды жүргізу қажет.  
Білімнің  беріктік,  тиянақтылық  принципін  жүзеге  асыруда 
жаттығу  жұмыстарын  жүйелі  ұйымдастыру  да  шешуші  рөл 
атқарады.  Түрлі  жаттығу  жұмыстары  оқушының  іскерлігі  мен 
дағдысын жетілдіре түседі. 
Ал  оқытудың  ғылымилық  ұстанымы  баланың  таным 
қабілетінің 
дамуына, 
дүниеге 
көзқарасы 
мен 
ізгілік, 
адамгершлік  қасиеттерінің  қалыптасуына  əсер  етеді.  Жай 
сөйлем  жəне  оның  түрлерін  ізгілендіру  технологиясы  арқылы 
оқытуда  ғылыми  ұстанымды  іске  асыру  үшін  мынадай 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
153 
талаптардың  орындалуы  көзделеді.  Біріншіден,  кешенді 
жаттығулар мен тапсырмалар жүйесінің мазмұнының танымдық 
жағына  көп  көңіл  аударылуы  тиіс.  Екіншіден,  орындалатын 
жұмыстарды  талдау  барысында  оқытушы  тілдік  заңдылықтар 
мен  ұғымдарды  мысалдар  арқылы  дəлелдеп  отыруы  тиіс. 
Үшіншіден, 
ұйымдастырылған 
кешенді 
жұмыстарды 
оқушыларға  игертуде  ескеріліп  отыру  қажет.  Төртіншіден,  жай 
сөйлем,  оның  түрлеріне  байланысты  айтылған  түсініктемелер 
ғалымдардың 
ой-пікір, 
тұжырымдарымен 
дəлелденіп, 
салыстырылып отырғаны дұрыс. 
Ендігі  тоқталуды  қажет  ететін  ұстанымдарының  бірі  – 
оқушылардың бойында ізгілік қасиеттерді қалыптастыруда жай 
сөйлем  жəне  оның  түрлерін  оқытуда  білімді  өмірмен 
байланыстыру  ұстанымы  маңызды  орын  алады.  Өйткені  өз 
бетімен  өмір  сүруге  икемді,  өзіндік  көзқарасы  қалыптасқан, 
жан-жақты  жетілген  азаматты  тəрбиелеп  өсіру  –  бүгінгі  қоғам 
талабы.  Айтулы  педагогтардың  (М.Жұмабаев,  А.Байтұрсынов, 
Ж.Аймауытов)  еңбектерінен  орын  алған  оқытудың  мазмұнын 
өмірмен  байланыстыру  мəселесінің  бүгінгі  күні  маңызы  арта 
түсуде. 
Күнделікті 
сабақтың 
мектеп 
оқушыларының 
айналасындағы  өмірмен  тікелей  байланыста  өтуі  оның  өмірге 
қызығушылығын  арттырып,  сабаққа  деген  ынтасын  туғызады 
жəне шығармашылық шабытын оятады.  
Жоғарыда  аталған  ұстанымдардың  қай-қайсысы  да  қазақ 
тілінің жай сөйлем синтаксисін жаңа технология арқылы оқытуда 
маңызы  зор  деп  айтуға  болады.  Сонымен  аталған  дидактикалық 
ұстанымдарды  мектеп  қабырғасындағы  оқушыларға  қазақ  тілін 
оқыту  үрдісінде  пайдалану  олардың  ынтасын,  қызығушылығын 
тудырғанда,  шығармашылық  негізде  жұмыс  істеуге  қабілетінің 
болуы секілді талаптар орындалғанда ғана жүзеге асады.  
 
Əдебиеттер 
1.
 М.Жұмабаев. Шығармалары. – Алматы:Жазушы, 1989. 
2.
 Ж.Аймауытов. Психология. – Алматы: Анатілі, 1995. 
3.
 Р.М.Қоянбаев. Педагогика. – Алматы:Ғылым, 1998. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
154 
4.
 Б.П.Есипов.  Основы  дидактики.  -  Москва:  Педагогика, 
1967. 
5.
 Р.К.Төлеубекова.  Қоғам  дамуының  жаңа  кезеңінде 
адамгершілік  тəрбиесінің  теориялық-əдіснамалық  негіздері.-
Алматы: Мектеп, 2001. 
6.
 К.Д.Ушинский.  Толық  шығармалар  жинағы,  8-том.  –
Алматы: Ана тілі, 1950 
7.
 Я.А.Коменский. Избранные педагогические сочинение. –
Москва: Педагогика, 1982.  
 
 
Ерменбаева Лəйлə 
ҚМЭБИ 
Алматы, Қазақстан 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ ОҚЫТУ 
ƏДІСТЕМЕСІ ЖƏНЕ МУЛЬТИМЕДИА МƏСЕЛЕЛЕРІ 
 
Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту жəне қазақ тілін шетел 
тілі  ретінде  оқыту  əдістемелерінде  жаңа  технологияларды 
белсенді  қолданудың  тиімділігі  қазіргі  жаһандану  заманында 
өзекті мəселелердің бірі болып табылары сөзсіз.  
Соның  ішінде  өзге  ұлт  өкілдеріне  қазақ  тілін  оқыту 
əдістемесінде мультимедиа құралдарды белсенді түрде қолдану 
қолдана  білу  біліктілігі  қазақ  тілі  оқытушыларына  қойылатын 
бірден бір талаптардың бірі.  
Мультимедиа  құралдарын  қолдана  отырып,  қазақ  тілін 
екінші тіл ретінде жəне шетел тілі ретінде оқыту əдістемесінде 
өте маңызды мəселе - қатысым феноменін сыни тұрғыдан түсіну 
əрі  сонымен  қатар  студенттің\  тіл  үйренушінің  сыни 
автономиясы.  
ХХ  ғасырдың  60-ыншы  жылдарынан  бастап,  ЮНЕСКО 
бүкіл  əлемдегі  медиабілім  қозғалысын  қолдауда.  “Медиабілім 
(media  education)  делінген  ЮНЕСКО  құжаттарында,  (баспа, 
графикалық, 
дыбыстық, 
экрандық 
жəне 
т.с.с.) 
түрлі 
технологиялармен  байланысты;  ол  бұқаралық  қатысымның 
қоғамда  қалай  қолданылатынын  түсінуде,  басқа  адамдармен 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
155 
қатысымда  медиа  қатысымды  пайдалану  мүмкіндіктерін 
үйренуде өте маңызды.  
Медиа  білімді  барлық  мемлекеттердің  ұлттық  оқу 
жоспарларына,  қосымша,  формальді  емес  жəне  “ғұмыр  бойы” 
білім алу жүйесіне енгізу ұсынылады”, делінген.  
ЮНЕСКО-ның 1982 жылы Грюнвальдта өткен Медиабілім 
беруге  байланысты  Халықаралық  симпозиумында  19  ұлт 
өкілдері бірауыздан Декларация қабылдаған.  
Ал 
ЮНЕСКО-ның 
1999 
жылғы 
декларациясында 
медиабілім мен медиабіліктілікті барлық мемлекеттердің ұлттық 
оқу  жоспарларына,  қосымша,  формальді  емес  жəне  “өмір 
бойғы” білімдену жүйесіне енгізу ұсынылған. 
Медиабілім  дегеніміз  -  ол  белсенді  зерттеу  үрдісі. 
“Медиабілімнің” 
(media  education) 
медиа  жəне  басқа  да 
технологиялардың  түрлерімен  (баспа  жəне  графикалық, 
дыбыстық, экрандық жəне т.б.) тығыз байланысы бар.  
Ол  адамға  1)  медиамəтіндерді  сыни  тұрғыдан  түйсінуге 
жəне өзінің медиамəтіндер жасауына, оларды талдай алуына; 
2) 
медиамəтіндердің  дереккөздерін  білуге,  олардың 
танымдық, тəрбиелік, мəдени контекстілерін білуге;  
3)  медиамəтіндерге  жəне  оның  құндылықтарына  интер-
претация жасай алуға; 
4)  аудиторияны  қызықтыратын  медиамəтіндерді  сұрыптап 
алуға жəне сабақта тиімді пайдалануға;  
5)  əдіскерлердің  медиамəтіндер  дайындауына  жəне  өз 
өнімдерін жарыққа шығаруларына көмектеседі деген ойдамыз.  
Осы  айтылғандарға  қоса,  қазір  білім  беру  жүйесінде 
медиабіліктілікпен  қатар  медиасауаттылық  деген  ұғым 
қалыптасқан.  Бұлар  бірінсіз  бірі  жоқ:  өз-өзінен  табиғи 
байланысты ұғымдар.  
Медиа  сауаттылық  (media  literacy)  дегеніміз  –  бұл  тіл 
үйренушілерге  аудио жəне  визуалды  мəтіндердің  мəдени  мəнін 
түсінуге, бағалауға көмектесуге, аудио жəне визуалды мəтіндер 
жасауға бағытталған қозғалыс.  
Жоғарыда  аталған  ұғымдар  қазақ  тілін  оқыту  əдістемесіне 
қандай ықпал жасауы мүмкін?  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет