Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты



Pdf көрінісі
бет8/32
Дата22.12.2016
өлшемі1,87 Mb.
#30
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
78 
Бүгінгі  ұрпақтың  рухани  азғындауына  алаңдаушылық 
білдірген  ғалымның  зерттеу  нысаны  –  ел,  жер,  дін,  діл 
тақырыбы.  Қазақ  халқының  руханиятын  талқандауға  деген 
құлшыныстың қанатын қырқуға қамданған  М. Мырзахметұлының 
қаламы осы мəселелерді де қарпиды. Кеңес үкіметі тұсында жер 
атауын  ауыстыру  арқылы  ұлт  жадынан  тарихи  оқиғаны  сызып 
тастау тəсілі де нəтижесіз болған жоқ. Бұл құбылысты зерттеуші 
«отаршылдық  топонимика»  деп  атайды.  Салдардың  себебі 
нақты  анықталмаса,  құр  долбарлаудың  жақсы  нəтижеге 
жеткізбейтіні  сияқты  бұл  былықтың  басын  ашып  алмай  жатып 
тамырына  балта  ала  жүгіру  бос  əурешілік.  Сол  себепті  ғалым 
туған  жердің  ең  шұрайлы  жерлерінің  зорлықпен  тартып 
алынуының салдары мен зардабын зерттеп, ұлттық рухтағы жер 
атауларының  бастапқы  табиғи  атауларынан  ажырау  себебін 
анықтау үшін тарихтың түкпірін тінтуге кіріседі. Тарихты білуге 
кедергі  жасап  отырған  отаршылдық  топонимдерге  жол  беріле 
бастаған  кезеңнен  бастап  құлдық  таңбасындай  белгі  беріп 
жатқан  отаршылдық  рухтағы  топонимдерді  ұлт  санасынан  да, 
карта  бетінен  де  өшіру  мақсатында  маңызды  мақалаларды 
жариялап  жүр.  Қазақ  əдебиетінің  негізгі  саласы  абайтану 
ғылымының  негізінде  отаршыл  үкімет  ұстанған  миссионерлік 
саясаттың 
түпкі 
мақсатын 
таныған 
ғалым 
ұлттық 
құндылықтарға  қатысты  кез  келген  мəселелерді  өз  қисынына 
салып саралаған.  
Ономастика  саласындағы  аса  қауіпті  де  күрделі  нəрсе 
ғасырлар  бойы  қалыптасып  тұрақты  құбылысқа  айналған 
ұлттық  дəстүрден  қол  үзу,  халықтық  тарихи  жадымыздан  көз 
жазып  қалу  қателіктері  санамызды  мəңгүрттікке  соқтырып 
жатқанда шырылдап ара түскен ғалымның алға тартқан уəжі ─ 
макротопонимдерге  кісі  аты  қойылмайтын  дəстүр.  Ол  рас.  Бұл 
дəстүр  бізге  ресейліктерден  «жұғыпты».  Ресей  бодандығына 
айналған  соң,  отарланған  жерлердегі  макротопонимдерге  кісі 
аттары  қойыла  бастады.  Мысалы,  Павлодар,  Гурьев, 
Петропавел,  Черняев,  Самсонов,  Перовский  т.б.  Бұл  дəстүрді 
ары  қарай  дамыта  түскен  Кеңес  үкіметі  адам  аттарын  қалаға 
теліп,  Ленинград,  Сталинград,  Калинин,  Чалов  т.б.  сияқты 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
79 
топонимикалық  атаулардың  қаулап  кетуіне  тізгін  беріп  алды. 
Міне,  Мекемтас  ағаның  осындай  келеңсіз  құбылыстарды 
қамтып,  əлі  де  толық  шешімін  таппай  отырған  қазақ 
ономастикасының тарихи-əлеуметтік мəселелерін келер ұрпақты 
мəңгүрттендіріп  алмас  үшін  келешекте  оларды  ұлттық  негізде 
қалыптастыруды міндеттеуі ─ заман талабы.  
Сонау  сексенінші  жылдардың  басында-ақ  бірқатар 
басылымдардан  елді  елең  еткізген  мақалаларымен  көпшіліктің 
ықыласына  бөленген  М.  Мырзахметұлы  –  отаршылдық 
ойсыратып  үлгерген  талай  дүниені  қалпына  келтіру  ісіне 
белсене  араласып  жүрген  азаматтырымыздың  бірі.  «Қазақ 
ономастикасының  əлеуметтік  мəселелері»,  «Ономастикада 
отаршылдық  əлі  тұтасып  тұр...»,  «Жат  есімдердің  əлеуметтік 
астары»,  «Түрікбасы»,  «Қазақстан  ономастикасының  тарихи-
əлеуметтік 
мəселелері», 
«Қазақ 
топонимдері 
мен 
антропонимдері  (өткені,  бүгіні,  ертеңі)»,  «Жер  қалай 
орыстандырылды», 
«Отарлау 
топонимдері», 
«Ванновка 
аталуының  сыры  неде?»  сынды  зерттеулері  осының  айғағы. 
Мұнда  қазақ  ономастика  мəселелері,  Ресей  империясынан 
қалған  елді  мекен  атаулары  мен  кісі  есімдеріне  қатысты  ой 
пікірлерін  ортаға  сала  отырып,  публицист  осы  қалдықтарды 
жоюдың жолдарын ұсынады. Бұл мəселе М. Мырзахметұлынан 
да өзге Ə. Қайдар, Е. Керімбаев, Т. Жанұзақов, Қ. Рысбергенова 
сынды зерттеушілердің ғылыми еңбектерінде көтеріліп жатқан. 
Сол  уақытта  бұл  келелі  іске  кіріскен  ҚР  Ұлттық  Ғылым 
Академиясы  А.  Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институт-
ының  ономастика  бөлімдерінің  ғалымдары  жар  құлақтары 
жастыққа  тимей  құрақ  ұшып  кірісіп,  бірқатар  топонимикалық 
атаулар қалпына келтірілді.  
М. Мырзахметұлының қоғамдық ой-сананы оятуға, ел, жер 
тарихын  зерделеуге  бағытталған  ғылыми  маңызды  мақалалары 
баспа  бетінде  жиі  жарияланып,  орыс  отаршылдығының 
зардаптарын тану, бағалау, одан тəуелсіз ел ретінде қорытынды 
шығаруға, жаңа замандағы кейбір келеңсіз көріністерден бойды 
аулақ  ұстауға  бағыттары  сөзсіз.  Зерттеуші  тарапынан  дін 
төңірегінде  өрбіген  ойлары  да  баспасөз  беттерінен  орын  алған. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
80 
«Еліміздегі  діни  таным  өзгерістерінің  үш  кезеңі»  мақаласында 
отаршылдық дəуірдің ұлттық рухымызға тигізген кері əсері сөз 
болады. Мұнда айтылған пікірлері де көңілге қонымды, дəлелді. 
Тарихи жадынан адасып, ділін, дінін, тілін аяққа таптаса, ұлтты 
рухани  құлдыққа  түсіру  оңай  боларын  білген  отаршылдардың 
бұл  пиғылы  халықтар  достығы  ұранымен  бүркемеленіп  жүзеге 
асырылғаны рас. Авторға сөз берсек, «...республикамызда орын 
алып  отырған  діни  өзгерістердің  бет  алысын  ғылыми  тұрғыдан 
терең танып, исламият тарихынан нақтылы байламдар жасап, əр 
құбылысқа  сергек  қарап  отырмасақ  ұтыламыз.  Қоғамдық  ой-
санадағы  мазасызданудың,  түрлі  алып  қашты  пікірлердің  шаң 
беруіне  сергек  те  сақтықпен  қарау  қажеттігі  уақыт  талабына 
айналып отыр» [158, 4 б.] деп көпшілік ойына қозғау салуы да 
ұлт тағдырына деген жанашырлықтың белгісі болса керек. Осы 
іспеттес  «Қазан  төңкерісінен  кейінгі  Қазақстандағы  діни 
танымдағы  өзгерістер»,  «Халықтың  дін  жөніндегі  мақал-
мəтелдері», 
«Каким 
быть 
кафедральному 
собору?», 
«Кафедралық  собордың  иесі  кім?»,  «Ыбырай  жəне  профессор 
Ильминский»  зерттеулерінде  XIX  ғасырдағы  діни  отарлау 
саясаты əшкерелене жазылған.  
 
Əдебиеттер 
1.  Мырзахметұлы  М.  Сұраққа  жауап  //  Əдебиет  айдыны.  - 
2007. - 11 қаңтар. 
2.  Мырзахметұлы  М.  Түрік  халықтарының  рухани  əлемі 
//Ақ жол. - 2007. - 15 қаңтар. 
3.  Мырзахметұлы  М.  Ортақ  жазу,  əлде  ортақ  тіл  ме?  // 
Евразия. - 2007. –17 қаңтар. 
4.  Мырзахметұлы  М.  Біздер  қалай  мəңгүрттендік  //  Ел 
мəдениеті. - 2007. - 30 қаңтар. 
 
 
Айбергенова С.Т. 
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ 
Алматы, Қазақстан 
 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
81 
Т. АЙБЕРГЕНОВ - САҒЫНДЫМ ЖАНЫМ МЕН СЕНІ 
 
Поэзия арқылы парасатты оқырманымыздың жүрегіне жол 
тауып,  оның  сүйіктісіне  айналу,  өлеңінің  өміршең  болуы  əрбір 
ақынның  арманы,  талант  бақыты.  Талантты  ақын  –  ұлттың 
болмысы.Бірақ бұл бақыт кез келгеннің қолына түсе бермейтіні 
баршамызға  аян.  Көбіне  таланттар  өнермен  ғана  өмір 
сүріп,ғұмырын  соған  қияды,  оның  да  нəтижесі  аян:  шеккен 
шынайы  азап,  жан  құлшынысы  бекерге  кетпейді  –  мұраң 
мəңгілік  сөресіне  қойылады.  Төлеген  Айбергеновте  сондай 
мұрасы  келер  ұрпаққа  аманат  болып  қалған  ақындардың  бірі. 
Ақын  өмірі  уақытпен,  замана  екпінімен  өлшенбейді.  Олар  əр 
ұрпақпен  бірге  жасайды.  Мен  мұны  əкем  болғандықтан  емес, 
артында 
қалдырған 
шағын 
болса 
да 
салмағы 
зор 
шығармашылығы арқылы айтып отырмын. 
Төлеген  Айбергеновтің  ғұмыры  қысқа  болса  да  таланты 
ерте  таныла  бастаған  ақын.  Ол  алқалы  топтардың  салтанатты 
президиумдарында  отырып  та  үлгерген  жоқ.  Театрлардың 
самала  залдарында  авторлық  кеш  те  өткізе  алған  емес.  Шын 
ақын  қартаймайды,  ұрпақтар  алмасқан  сайын,  қайта  жаңғырып 
жасарып отырады. Алпысыншы жылдардың басында күнделікті 
баспасөзде  жарияланған  өлеңдері  арқылы  оқырманды  жалт 
еткізіп, бірден өлең сүйер қауымды өзіне қаратты. Өйткені ақын 
өлеңдері  шынайы  сыршыл  сезімге,  əсем  де  өршіл  лирикаға, 
əуезді шумақтарға толы болды. 
Айбергенов  өлеңдерінде,  əсіресе,  сағыныш  лирикасы  өте 
үлкен  орын  алады.  Қай  өлеңін  оқысаңыз  да  ар  жағында 
мұнарланып  сағыныш  тұрады.  Бұл  ақынның  туған  жерге, 
елге,ата-анаға,  досқа,  жарға,  бара  -  бара  бүкіл  адамзатқа  деген 
риясыз ғашықтығы. 
Əрине,  сағыныш  кеудесінде  жаны  бар  əрбір  пендеге  тəн 
сезім десек, ал дүниені ақынша сағыну бұл тіпті бөлек. Өйткені 
ақын оны түйдек-түйдек жыр шумақтарымен айта алады. Өлеңді 
оқып  отырған  оқырманын  да  сол  сезімге  жетелейді,  керемет 
күйге ендіре алады. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
82 
Ал  Т.  Айбергеновтің  басқа  өлеңдерін  былай  қойғанда 
«Сағыныш”  атты  төрт  бөліктен  тұратын  циклды  өлеңі  ақын 
шығармасының  жыр  маржаны.  Бұл  жақсы  жазылған  өлең  ғана 
емес  ,  терең  философия,  болашаққа  тастап  кеткен  өсиет.  Бұл 
ретте  ақын  тереңнен  қозғар  ой  иесі,үлкен  философ,өз  қамынан 
ел қамын жоғары қойған азамат.  
Өлеңді  оқырда  ə  дегеннен  маңдайшасында  М.  Шахановқа 
деген  арнауды  көреміз.  Бұл  өлеңді  ақынның  Мұхтар  інісіне 
арнағандығы  жайдан  жай  емес,  осы  жерде  өз  сөзін  келтіре 
кетсек:  “Жұрт  не  десе  о  десін,  мен  адамға  берілгенде  құлай 
берілуді  құптар  ем  .  Менің  ойымша  құлай  берілу,  ессіз  сүю-
шексіз  адалдықтың  белгісі.  Өмірде  өзінен  басқаға  құлай 
берілмейтіндер  достықта,  жолдастықта,  махаббатта  қателеспеуі 
мүмкін,  бірақ  оның  шын  адал  достарының  аз  екендігіне,  тіпті 
жоқ  та  екендігіне  сенімім  мол.”  Ақын  шынында  да  осы  өз 
қағидасынан  алыс  кетпей  достыққа,  жолдастыққа  қашанда  өте 
адал  бола  білді.  Ал  Мұхтар  інісіне  шын  берілді,  құлай  жақсы 
көрді,талантын  құрметтеді.  Алдағы  өмірде  інісінің  үлкен  ақын, 
ел құрметтейтін азамат боларына сенді. Інісі де сенімін ақтады. 
Ұлтының адал перзенті,халқының мұңын мұңдай алатын, бүкіл 
қазақ халқы бетіке ұстайтын мақтанышы бола білді. Екеуі де бір 
бірінен  алыста  жүргенде  шын  сағынды.  Рухани  іні  қандас 
інілерінен де жақын болды. Бірде ол Мұхтар Шахановқа: “Мен 
сені  інілік  қамқорлыққа алу  арқылы  өзімді  ағалыққа  тəрбиелеп 
жүрмін” деп айтқан екен. Сондықтан да болар ақын “Сағыныш” 
атты  арнау  циклында  Мұхтар  інісіне  деген  сағынышы  арқылы 
ағалық  мінбеден  сөйлеп  оқырманды  да  ойландыратын  көп 
философиялық ой тастады. Мысалы:  
 Үмітке толы, арманға толы əр жерде бір түп қарағай, 
 Сағынбай жүрсе, қалуы мүмкін жамырасуға жарамай, 
 Биікте тұрған таулар да мына мұңына таңның боялған, 
 Сенімен  менің  ғасырлап  күткен  сағынышымнан  оянған  – 
десе, ары қарай 
 Қажет жерінде қатыгездікпен қаталдық керек десек те 
 Адамның заңғар ұлылығын сен сағынышымен есепте  

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
83 
 Онсыз  сен  тіпті  тұлпар  да  болсаң  қосыла  алмайсың 
қатарға, 
 Əуелі əбден сағынып алмай шығушы болма сапарға,  
Жақсылықты  тағзым  тұтып,жамандықтан  алыс  болуға 
кейінгі  ұрпақтарға  ұлағат  айту  халықтық  қасиет  болса  керек. 
Бұл өлеңде ақын өсиетті інісіне айту арқылы барша оқырманға 
да  айтып  отыр.  Ақын  көңілі  шынайы  сезімге,  тазалыққа  іңкəр. 
Ол  адамгершілікті,  адамды  сүюді  ағынан  жарыла,  нəзік 
жырлайды.  ”Бір  сағыныш  мəңгі-бақи  дос  еткен”,  деп  өзі 
айтқандай,  оның  өн  бойын  ылғи  сағыныш  билейді.  Ақын  ары 
қарай: 
Өмірде мынау сағынбағандар бақытсыз, бақсыз, талайсыз, 
Қазақтың жыры Абайсыз. 
Бір  қарағанда  өлеңді  оқып  отырған  адам  “Қазақтың  жыры 
Абайсызы” қалай? деп түсінбей қалуы да ықтимал. Мұнда ақын, 
астыртын ғана  “секілді” немесе  “сияқты” сөзін  оқырманның  өз 
еншісіне  қалдырып  отыр.  Шынында  да  қазіргі  кезде  жетілген, 
кемеріне  келген  қазақтың  жырын  Абайсыз  көзге  елестету 
мүмкін бе?! Əрине жоқ! Ал өлеңнің көркемдігіне келер болсақ, 
мұнда  ақын  сағынышты  Абай  жырымен  қатар  қойып 
əдебиеттегі паралеллизмді өте əдемі қолданып отыр.  
…Ал  нағыз  асқақ  сағыныштарда  араның  балы  бар  тіптен, 
деп  ақын  сағынышқа  дəм  бітіріп,  сағынышты  тəтті  дүние  етіп 
балға теңесе,бірде ақын сағынышты ақ ала басты көк заңғар деп 
биіктікке теңеу арқылы үлкен философиялық ой тастайды. 
-  Мен  мынау  ыстық  жүрегімменен  қара  тасты  да  сағынам 
Қаланып қалса тəртіппен. - деп ақын бір жағынан өз бойындағы 
əдемілікке,  əсемдікке  ынтықтықты  көрсетсе,  екінші  жағынан 
жерге, елге деген ыстық махаббатын паш етеді. Бұл жерде нағыз 
ақынға тəн қасиет - шуаққа деген іңкəрлік, өмірге деген шексіз 
құштарлық.  Əсіресе,ақын  өлеңдерінің  құндылығы  сонда 
жасандылықтан  ада.  Тек  өзіне  ғана  тəн  қасиетпен  шынайы 
айтылуы. 
 Жалғасын  сен  айт  бұл  асқақ  əннің,жабылып  кетсем  егер 
мен 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
84 
 Ғұлама  жылдар  судырлатқанда  парағын,  -  деп  ақын 
болашаққа  аманат  тастайды.  Өмір  диалектикасын  да  шеткері 
қалдырмайды. 
 Ей адамдар айналайын жыр кені, 
 Менің осы қайнарымнан қанып іш. 
 Əкем өлген кезде де бұл мені 
 Өртемеген сағыныш… 
 …Бірақ менің мына мөлдір өз дертім 
Бара  жатыр  тиген  жерін  күйдіріп…деп  жүрегін  күйдіріп 
бара  жатқан  керуен  керуен  сағынышы  мен  сезім  селін  дəл 
осылай,  өзекті  өртердей  етіп  жеткізе  алған.  Үлкен  сезім,  шын 
сағыныш  жоқ  жерде,шынайы  өнер  туындысы  да  жоқ.  Бұл 
жолдардағы  сезім  күйі-əр  сөздің  айтылуынан  да,  өлең 
тармақтарының құбылмалы өрнекті ырғағынан да сезіліп тұр.  
   
 
 
 
  Ақын Т. Молдағалиевтің: 
Бұл сезімді жазу үшін, достарым, 
Жүрек керек, керегі жоқ сияның-деп айтқанындай ақынның 
қай  өлеңін  алсаңыз  да  үлкен  жүрекпен  жазылғаны  көрініп 
тұрады. 
Ақын  өзінің  ешкімге  ұқсамайтын  дербестігімен  ақын. 
Төлеген Айбергенов өзімен бірге қазақ поэзиясына жаңа ырғақ, 
тегеурінді  екпін,  ағыл-тегіл  сезім  иірімдерін  əкелді.  Поэзия 
əлемін тосыннан дүбірлетіп, оның өрлеу жылдамдығын тездетті. 
Қазақ  топырағының  қыруар  жас  ақындары  өз  өлең 
бұлақтарының қайнар көзін Айбергеновтің нөсерлеген жырлары 
арқылы  ашты.  Əдебиетке  келген  əр  жас  ақын  оған  өлең  арнай 
келді.  Ақын  өлеңдері  сезім  толқындарының  жиынтығы. 
Сөзіміздің  соңында  Төлеген  Айбергенов  поэзиясы  біздің 
дəуіріміздің  шындығындай  асау  сезімдерге  бастап,  болашақпен 
бірге жаңарып, жасара берсін демекпіз.  
 
 
Айбергенова С.Т., Төлегенова Р.Т. 
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ 
Алматы, Қазақстан 
                   

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
85 
ОРЫС АУДИТОРИЯСЫНДА ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫН 
ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ 
 
Тіл  бүкіл  халықтық  түсінік.  Ол  ұлттың  жаны.  Халықтың 
тіліне  қиянат  жасау  –  оның  жүрегін  жаралау  (Г.  Лаубе).  Тілді 
мамандар ойлап тапқан жоқ. Оны халықтың өзі жаратты. Тілсіз 
халық  болмайды,  халықсыз  тіл  болмайды.  Егер  біз  өзімізді 
қазақстандықтар,  Қазақстан  халқы  деп  санайтын  болсақ,  онда 
мемлекеттік  тілді  білуіміз  керек.  Оны  меңгеріп,  жетілдіргенде 
ғана тату өмір сүре аламыз. Əрине,тəлім-тəрбие, насихатта өзге 
ұлт өкілдерінің тілдері ұмыт қалмауға тиісті, қамқорлық көрсету 
керек. 
Қазақ  ұлтының  Қазақстаннан  басқа  Отаны  жоқ.  Қазақ  тілі 
басқа  елде,  басқа  жерде  мемлекеттік  тіл  дəрежесіне  көтеріліп, 
мемлекеттік  мəртебеге  ие  бола  алмайды.  Біздер  мұны  дұрыс 
ұғып, тура түсінгеніміз абзал.  
Қазақ  тілін  меңгеру,  білу  қазақстандық  потриотизмді 
қалыптастырудың  да  негізі.  Олай  болса,  мемлекеттік  тілді 
меңгеру  -  Қазақстанды  құтты  қоныс,  мейрімді  мекен  етіп, 
сүйікті Отаным дейтін əрбір қазақстандық ұлт пен ұлыстардың 
азаматтық  əрі  адами  борышы.  Адамдарды  жақындастырып 
топтастыратын  өзара  ұғыстыратын  -  тілдің  өмірде  де,  қоғамда 
да, ортақ үйіміз - Қазақстанда да алатын орны ерекше. Қазақтың 
құндылықтарын бойында сақтап, қазақ тілін меңгергендердің өзі 
азаматтық 
қоғам 
принцпіне 
сəйкес 
келеді. 
Тіліңді 
түсінбейтіннен, ымыңды түсінетін мақұлық артык. 
Халықтың тілін білсең оның жанын сезесің, қуанышы мен 
қайғысына  ортақтасып  бүкіл  адамзатқа  тəн  гуманистік 
идеалдарға  қол  жеткізе  аласың.  Тілді  білмейтіндер  қазақтың 
ұлттық  құндылықтары  мен  қазақ  ұлтына  қырын  қарайды. 
Жоғары  оку  орындарында,  радио-телеарналарында,  ақпарат 
құралдарында  қазақ  тілін  өзек  етіп,  өзге  тілдерді  оның 
төңірегіне  топтастыра,  бірлікте  дамытқанымыз  жөн.  Тəрбиенің 
көзі  де,  ошағы  да  осында.  Онда  тіл  тек  қолданылып  қана 
қоймай,  тіл  мəдениетіне  де  тəрбиелейді.  Тəрбие  бір  күндік 
немесе  науқандық  мəселе  емес.  Ол  күнбе-күнгі  сұраныс. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
86 
Сондай-ақ,  мемлекеттік  тілді  құрметтеуге  баули,  қажеттілігін 
ұғындырудың  да  таптырмас  тəсілдерінің  бірі  окушылар  мен 
студенттерге дəріс беру. 
Қазақ  тілі  -  біздің  жай  өткеніміз  ғана  емес,  бүгініміз  бен 
келешегіміз. Мемлекетіміздің тілін біліп, қадірлеп-құрметтеуге, 
бөтен  тілдің  көлеңкесінде  қалдырмай,табанына  таптатпай, 
мерейі  үстем  етуге  міндеттіміз.  Сонда,  оның  абыройы  артып 
беделі биіктей түсері хақ. 
Қазақ  тілі  қазақтың  байтақ  даласы  сияқты  кең  де  бай. 
Шығыс  тілдерін  терең  зерттеген  академик  В.  В  Радлов: 
“француз  тілі  Еуропа  мəдинетіне  қандай  əсер  етсе,  қазақ  тілі 
түркі мəдениетіне дəл сондай əсер еткен” деуінің өзі қазақ тілін 
даралап тұр.  
Біздің  халқымыз  ертеден-ақ  үш  нəрсені  де,  қадірлей  де, 
қастерлей білген, ол туған жері, елі, ана тілі. Ал, осы үш нəрсені 
ұрпақтың сүйе білуіне баулуда өлеңнің маңызы ерекше. Поэзия 
арқылы жастарды жақсылыққа, ізгілікке, азаматтыққа тəрбиелеу 
ата  дəстүріміз  десек  те  болғандай,  олай  дейтін  себебіміз, 
ежелден-ақ  біздің  халық  сөзге  тоқтай  білген.  Оның  ішінде, 
əсіресе, өлең сөздің құдіреті ерекше. Ақын мен поэзия біртұтас 
ұғым. Ақын қасиетті де, киелі өлең жыр арқылы халқына мінсіз 
қызмет  жасайды.  Ел  сезбегенді  сезіп,  ел  арқаламаған  азапты 
арқалайды.  Ақын  өлеңді  өзі  ғана  оқу  үшін  жазбайды,  сол  өлең 
арқылы  өзгеге  ой  салау,  өлең  арқылы  өзгені  тəрбиелеу  үшін 
жазады. Демек, келер ұрпаққа ақын туралы, өлең туралы айтпау 
мүмкін бе? 
Қазіргі  таңда,  орыс  аудиториясында  қазақ  тілін  оқытуда 
студенттерді  біз  екі  топқа  бөлеміз.  Бірі  тек  қазақ  тілін 
үйренушілер  болса,  екіншісі  ауыз-екі  сөйлеу  тілі  қалыптасқан 
студенттер.  Бұлардың  көпшілігі  дерлік  төл  əдебиетімізді  біле 
бермейді,  білсе  де  тек  мектеп  бағдарламасындағы  аты  белгілі 
ақын - жазушыларды ғана біледі. Бүгінгі біздің мақсатымыз, сол 
студенттерге  қазіргі  поэзияны  оқыту  арқылы  тəрбие  беріп, 
танымдарын  жоғарылату,  ойларын  тереңдету.  Осы  ретте,  кез-
келген  қаламгерді  емес,  кімдердің  шығармашылығын  оқыту 
сараптай  да,  саралай  алынуы  керек.  Сол  шығармашылық 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
87 
арқылы  қызығушылықты  оята  білу  қажет  деп  есептейміз.  Біз 
көбіне  көп  ақын-жазушыларымыздың  өмірбаянына,  көлемі 
қанша, қандай кітап жазғандарына көп тоқталамыз да, соңынан 
бір  екі  өлең  немесе  қысқаша  шығарманың  фабуласын  береміз. 
Ал  дұрысында,  біздің  ойымызша  қаламгерді  таныту  үшін 
бұрынғы  қалыптасқан  шеңберден  кішкене  ауытқу  қажет. 
Оқушыны  шығарма  арқылы,  соны  жазған  авторды  білуге  өзі 
құмар  болатын  дəрежеге  көтере  білу  керек.  Ол  үшін  бірнеше 
ақынның  бір  тақырыпты  қалай  жырлайтынын  салыстырмалы 
түрде беру арқылы қызықтыруға болады. 
Мəселен,  Ақын  үшін  ең  бір  киелі  нəрсе  туған  жер.  Ал, 
əсіресе, қазақ поэзиясында туған жер тақырыбы ең бір ауқымды 
тақырыптардың  бірі.  Осы  туған  жерге  деген  өлеңдерді  оқыту 
арқылы студенттердің патриоттық сезімдерін оятып, атамекенге, 
жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға болады. 
  Мысалы:  
  Не сыйласын, несін берсін ел маған ?!  
  Тұрақ екен елім де аман, мен де аман. 
  Таулар - менің таусылмайтын бақытым,  
  Ал ырысым - ұланғайыр кең далам. 
  Немесе: 
  Қазақстан! 
  Пай, пай, пай!  
  Ардағым-ай! 
  Сен менің Шолпанымсың жанған ұдай  
  Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт, 
  Өлмейтін махаббатым, арманым-ай! 
   
 
Бұл - Мұқағали. Мақатаев. 
  Түп-түгел төрт құбыламды түстік етіп 
  Туған жер, мен сен салған құс түлетіп,  
  Дүние-ай, қандай жақсы ед табаныңа. 
  Тұрғаны өз топырағыңнан ыстық өтіп. 
  Немесе: 
  ... Өмірде ұзақ жасаудың үшін, болғаныменен қайғың қас,  
 
Туған жер сен деп қайғыра алмасам, тағдыр да мені бай 
қылмас. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
88 
   
 
 
 
Бұл - Төлеген Айбергенов. 
  Күдердің бір күнінде салып ажал қармағын 
  Əке ұлан жоғалтса - жоғалтады арманын. 
  Ана қызын жоғалтса - жоғалтады шаттығын,  
  Жігіт жарын жоғалтса - жоғалтады бақытын. 
  Уа, туған жер, көңілдің сенсің бірақ төрінде. 
  Сені мəңгі жоғалтқан - жоғалтады бəрін де! 
   
 
 
 
Бұл - Қадыр Мырзалиев. 
Бұл өлеңдердің қай қайсысы да, атадан балаға мұра болып 
келе  жатқан  ұлы  сезімді  дəріптеу  арқылы  емес,  дəлелдеу 
арқылы, баяндау емес байыптау арқылы жеткізіледі. 
Ана  тақырыбына  жазылған  бірнеше  ақынның  өлеңдерін 
топтап  беру  арқылы  студенттерді  мейірімділікке,  шапағатқа, 
үлкенді сыйлау мен ілтипаттылыққа тəрбиелеуге болады.  
Əрине  талғам  шексіз,  қала  берсе  əр  түрлі.  Бірақ,  жақсы 
өлеңді  студенттерге  жеткізе  білудің  өзі  үлкен  талғампаздықты 
қажет етеді. 
Өлеңнің  тəлім  тəрбиеге  ықпал  зор  екендігі  жайында 
жоғарыда  айта  кеткенбіз.  Ал,  халқының  болмысын,  тарихын, 
табиғатын  ұлттық  мінезін  білу  үшін  өлеңнің  танымдық 
қызметіне тоқтасақ, ол тіпті жоғары дəрежеде деп айта аламыз. 
Мысалы:  
Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген,  
Жөргегімде таныстым мың тілімен. 
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, 
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. 
Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елім, 
Қайта тудым, өмірге қайта келдім. 
Мен мың да бір тірілдім мəңгі өлмеске -  
Айта бергім келеді, айта бергім!  
   
 
 
Бұл - Жұбан Молдағалиев. 
Бабамыздың шоқ басқан табанымен 
Бірдей екен жақсысы жаманымен. 
Бір жаманы - танымсыз көше берген, 
Бір жақсысы - қимаған даланы кең. 
Бір жаманы - кешігіп əліппе ашқан, 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
89 
Бір жақсысы - күйлері көбік шашқан. 
Бір жаманы - қыздарын малға сатып, 
Бір жақсысы - сүйгенін алып қашқан. 
Тату - тəтті көршілер шыр бұзбаған, 
Бірге тоңып суықта, бір мұздаған.  
Бір жаманы - сонда да үй салмаған, 
Бір жақсысы - абақты тұрғызбаған!  
   
 
 
Бұл - Қадыр Мырзалиев  
Сабыры Қаратауға пара-пар-ды, 
Ағыны Қараертіс деп бағаланды.  
Тəлімі - Төле, Қазыбек би, Əйтеке би,  
Тамыры - тектілікпен тараған-ды.  
... Ұрысқан екі руды бетістірген, 
Бір шалдан өніп-өскен тегін айтып. 
... Алты алаш алпыс даумен келсе алдына, 
«Түбі бір қазақпыз» деп тарасыпты. 
... Түбі бір алты арыспыз қандаспыз деп, 
Алты алаш сырт халықпен төс қағысқан. 
   
 
            Бұл - Есенғали Раушанов. 
Авторлар  бұл  өлеңдерінде  халқымыздың  тарихы  мен 
табиғатынан,  ұлттық  мінезі  мен  болмысынан  мұрат  тұтарлық 
жақсылық  пен  сабақ  боларлық  жамандық  атаулыны  қағаберіс 
қалдырмай,  түп  тамырын  дөп  басып  ұстап,  ұлағатты 
тұжырымдар айтады. 
Тағы  бір  айта  кететін  жайт,  ол  студенттерге  өлең  жаттау. 
Сол  арқылы  есте  сақтау  қабілетін  жоғарылататынымыз  белгілі, 
бірақ  сонымен  қатар  өлеңді  жаттау  арқылы,  өлеңге 
қызушылыққа жол ашуға болады. Ол үшін түсінікке ауыр тиетін 
емес, қайта тілге жеңіл, көңілге қонымды өлеңдер болуы керек. 
Алғашында  фабулалық  өлеңдерден  бастаған  жөн,  бара-бара 
күрделендіре түсу қажет деп ойлаймыз. 
Қорыта  келсек,  ұрпақ  тəрбиесі  -  ұлы  парыз  екенін  ертеңін 
ойлаған елдің ешқайсысы да ұмытқан емес. Ал, поэзияның жас 
ұрпаққа  эстетикалық,  патриоттық  танымдық  тəрбие  атқарар 
міндетінің  шексіздігі  талассыз.  Бүгінгі  біздің  сөз  етіп  отырған 
мəселеміз  қазіргі  кезеңдегі  ақындар  поэзиясы.  Бұл,  əрине,  сөз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет