Гаммалау әдісімен шифрлау



бет1/5
Дата01.11.2022
өлшемі89 Kb.
#46723
  1   2   3   4   5

Гаммалау әдісімен шифрлау
Бұл әдісте шифрланатын мәтіннің символдары гамма деп аталатын арнаулы тізбектің символдарымен қосылады. Кейде белгілі бір заң бойынша ашық деректер үстіне шифрдың гаммасы беттестіріледі. Сондықтан бұл әдіс гаммалау деп аталады, ал шифрдың гаммасы – белгілі бір алгоритм бойынша ашық деректерді шифрлауға және шифрланған деректерді ашуға арналып жасалған жалған-кездейсоқ тізбек.
Гаммалау арқылы шифрлаудың мәні мынада: жалған-кездейсоқ сандар бергішінің көмегімен шифрдың гаммасын генерациялау және алынған гамманы, бастапқы мәтінге қайтадан кері аударуға болатындай етіп (мысалы, екі модулі бойынша қосу опрациясын пайдалану арқылы) беттестіру.
Мына жағдайды атап өтуіміз керек. Шифрлау алдында ашық деректерді, ұзындығы бірдей, әдетте 64 биттен, Тблоктарға бөледі. Шифрдың гамасы осыған ұқсас, ұзындығы Гш блоктарынан тұратын тізбектер түрінде құрылады. Шифрлау теңдеуі мына түрдегі болады: Тш =Гш +Т;
Шифрлауды ашу процесі шифр гаммасын қайтадан генерациялау және осы гамманы шифрланған деректер үстіне салудан тұрады. Шифрлауды ашу теңдеуінің түрі мынадай болады: Т0 =Гш -Тш ;
Осындай әдіспен алынған шифрмәтін, ашуға қиындық тудырады, өйткені оның кілті айнымалы шама. Шифр гаммасы әр шифрланған блок үшін кездейсоқ түрде өзгеріп тұруы қажет. Егер гамма периоды барлық шифрланған мәтін ұзындығынан көп болса және шифрды бұзушыға бастапқы мәтіннің ешқандай бөлігі белгілі болмаса, онда мұндай шифрды тек кілттің барлық варианттарын түгел тікелей таңдау арқылы ғана шешуге болады. Бұл жағдайда шифрдың криптографиялық беріктілігі кілт ұзындығымен анықталады.
Жалғанкездейсоқ сандар генераторы ретінде сызықты конгруэнтті генераторды қолдануға болады.
Бірақ сонымен қатар жалғанкездейсоқ сан жабық кілт болып табылатындықтан, тізбекті жүйеге кіріктірілген генератор арқылы генерациялап, оны файл арқылы басқа каналмен жіберуге болады. Сонда шифрды кері шифрлағанда басқа каналмен алынған шифр кілтімен сондай шифрлау программасын қолданып ашуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет