Гауһар Əлімбек көркем шығармалар арқылы тіл үйретуге арналған Қазақ тілі алматы 2014



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата15.03.2017
өлшемі440,59 Kb.
#9595
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

107
Осыны айтқан  ол есікті сарт жапты. 
Мен қатты қапаландым. Көшеге атып шығып, дүкеннің терезесін 
таспен быт-шыт еткім келді. Бірақ осы сəтте дəмді тағамның исі 
есімді алып, ашуым бірден сап тыйылды. 
Тəтті иіс көрші дəмханадан шығады. Ол жақта ас бұршақты 
пудинг пен таба нанды пештен алса керек. Өзімнің екі пенсімді 
қайдағы бір қасық тосапқа жұмсап қойсам, дəмхананың есігін қалай 
ашар едім. Бір сəтте ойланбастан дəмханаға кірдім де өзіме кешкі  
тамақ сатып алдым: Жарты пенске бір майлы таба нан, ас бұршақты 
пудингтің  бір тілімін жəне жарты пенске шыжғырылған ақтүйнек 
сатып алдым. Бірден-ақ тағамға бас салғым келмеп еді, бірақ мен 
зұлымдардың бар екенін естіген едім. Сонан да өз тағамымды 
қырыққабаттың жапырағына орап, сол жерде бəрін де, бір түйір 
ұнтағын да қалдырмастан соғып алдым. 
Қарным əбден тойды деп айта алмаймын. Мен үш есе көп ас 
жей алар едім, дегенмен ішіме ел қонғандай болды. Ойым қайтадан 
кішкентай Поллиге орала берді. Қазір қалай екен? Ол менімен сөйлесе 
алмады, бірақ менің жылағаным оған ұнамайтынын байқайтынмын. 
Миссис Берк мені сабаған кезде кіп-кішкентай Полли мені мойным-
нан құшақтап, елжірей сүйетін. 
Қиналғаным сонша үйге қайтқым келіп кетті. Немесе көршілердің 
бірі кішкене Поллидің не болғанын, біздің  үйдің не істеп жатқанын 
айтып бергенше көше жағалап  жүре тұрғым келді. 
Əбден қараңғы түскен жəне Смитфилд базарынан  басталатын  
жолда маған  жүргіншілер аз кездесті. Мен жан-жағыма қарап, 
өте сақ жүріп келемін. Əкем немесе миссис Беркке ұқсаған біреу 
көрінсе, қалтарысқа тығыла қаламын. Бірақ текке қорыққан екенмін
сөйтіп мен Тернмилл көшесінің жартысын жүріп өттім. Кенет шолақ 
көшеге таяп  қалған  кезде достарымның біріне кездестім. Ол ме-
нен үш-төрт жас үлкен Джерри Пеп деген бала. Айтпақшы, мен оған 
емес, ол маған соқтықты. Ол көшені кесе тура маған қарай жүгіріп, 
мені көргеніне қуанғандай, құшақтай алды. 
– Джим! Жан досым! – деп айқайлады ол. – Қайда бара жатырсың! 
–   Өзім де білмеймін, Джерри, – деп жауап бердім.  –   Үйге ба-
рып, не болғанын көрейін деп едім... 
–  Сен үйге бармап па едің? Қашып кеткеннен кейін таңертеңнен 
бері болған жоқсың ба?  
–  Иə, мен күні бойы далада болдым. Біздің үйде не болып жатыр,  

108
Джерри? Сен түстен кейін кішкентай Поллиді көрген жоқсың ба? 
Пеп менің сұрағыма жауап берген жоқ. 
–  Егер сен үйде болмасаң онда тезірек жет! – деді  ол менің 
жағамнан ұстаған  бойы біздің үйге қарай  итере бастады.  – Жүр,  
жүр енді. 
Джерридің бұл қылығы маған күмəнді  көрінді.  
– Мен үйге қалаған кезімде барамын, – деп жол үстіне отыра 
кеттім. – Мені итермелеп керегі жоқ, Пеп. 
–   Мен бе сені итерген? Ойлап тапқанын қара. Мен несіне сені 
итер мекпін? Сен өзің ғой үйге бара жатырмын деген. Саған қызмет 
ететіндей сен кім едің! 
–   Қайдағы қызмет, Джерри? 
–  Қандай дейді? Қандай  екені белгілі  емес пе. Ана жақта сені 
іздеп, ұлардай шулап жатыр. Əкең де, шешең де, кішкентай Полли 
де,  тіпті тыңдаудың өзі аянышты. Сенсіз кешкі асқа  да отырғылары 
жоқ, ал саған үп-үлкен ақтүйнегі бар ет пудингі əзір тұр. Мен былай 
ойлаймын: олар анда дүрлігіп, өздерінің сүйікті Джиммиін  іздеп 
жатса, ол көшеде сенделіп, үйге қайтуға қорқып жүр. Барайын да, 
оған еш қорқудың керегі жоқ деп айтайын. Міне келгенім осылай. 
Ал сен көшеде тырайып жатып, мені өтірік айтады деп ойлайсың. 
Мен Джерридің бетіне тура қарадым. Газ шамның жарығымен 
оның жүзі адал көрінді де мен күмəндануды қойдым. Дегенмен 
оның əңгімесі мүлдем қисынсыз-ақ. Бəрі мені ойлап, жылап жатыр 
ма? Бəрі де мен туралы ет жүрегі елжіреп айтып жатқаны ма? Ет 
пудингі менсіз суып қалғаны ма? Ұялғанымды сезіндім, тіпті көзіме 
жас оралды.
–  Джерри, сен осы шын айтып тұрсың ба? –  деп орнымнан атып 
тұрдым. 
–   Шын екеніне сенімдісің бе? Егер сен шын айтпасаң, маған 
қа лай тиетінін білесің ғой. Шешемнің мені қалай сабап, шашымнан  
қалай жұлатынын  білесің ғой. 
–   Шын айтпай не болыпты. Бүкіл үй өртеніп жатқандай бəрі 
ұлардай шулап жатыр. Ал бəрінен де əкең көп егілуде. Егер маған  
сенбесең, көшеге барып көрші. Əкеңнің даусы Уинкшиптің үйінің  
жанынан естіледі. Ол қайғыдан асылуға əзір. 
–   Ал Полли ше? Ол қалай? Сау ма? Мен оны басқыштан құлатып 
алғанда бір жерін сындырып алған жоқ па? Мұрнын қанатып алмап 
па? Басы ісіп кеткен жоқ па?  

109
–   Сенің қорқатының сол екен ғой! –  деді көңілденген Джерри.  
–  Жə, болар, Полли сап-сау. Көтеріп алғанда ол жын қысқандай 
тоқтаусыз күлген. Оны көтеріп алып, дəрігерге əкеткен...
–   Қалайша? Неге дəрігерге апарады, Джерри? Сен еш жерін ау-
ырт қан жоқ деп едің ғой. 
–  Мен дəрігерге деп айттым ба? –  Пеп менен ұялғанынан бетін 
бұрып.
–  Айттың, айттың, Пеп. Сен оны дəрігерге алып кетті дедің. 
–   Ал мен неге алып кеткенін айтқан жоқпын ғой. Оны көтеріп 
алған да сақылдап күлді деп қана айттым. Оның қатты күлгені сон-
ша, ол ауырып  қалмады ма деп қорқып, оны дəрігерге алып кетті. 
Мұны естігеннен кейін əбден сабама түсіп, кеудемді  шаттық кер-
неген мен қуана секіріп, біздің көшеге қарай  жүгіре жөнелдім. Джер-
ри көңілдене сөйлеп, жанымда келе жатыр. Тұйық көшеге бірнеше 
қадам қалған кезде өзім талай ойнап жүрген бір бала жүгіріп келіп, 
менің қолымнан шап берді. 
–   Ұстадық! Ұстадық! –  деп айқай салды ол.  –  Бөліп аламыз 
ғой, Джерри? Бөліп алатынымыз шын емес пе? 
–  Жоқ! –  деп айқайлады Джерри, менің екінші қолымнан ұстай 
беріп. 
–  Сенімен бөліспеймін. Мұның əкесі үйге келгеннен бері осыны 
іздеп жүрмін. Оны бірінші ұстаған мен. 
–  Ал мен саған бөліп аламыз деймін!  –  деп басқа бала да қо-
лым ды қатты қыса түсіп. –  Мен сендерді кездескенге дейін аңдып 
жүрдім. Менсіз сен оны үйіне алып бара алмас едің. Бос сөздің керегі 
не, апарайық оны. 
–  Кет əрі! Джемс Бализет не деді? Кім мұны бірінші болып ұстап 
алып, үйге əкелсе, соған шиллинг тиесілі. Ал екінші туралы ештеңе 
де айтқан жоқ. 
–  Жə, жə, үндеме! –  деді басқа бала. Ол Джерриден əлді бола-
тын.  
Жүр, жүр енді, бұл маған айтылған сөздер. – Сенімен бөлісіп жат -
паймын. Қолына түссең болды,  сені əкең сілейтіп салады, Джимми. 
Қорыққанымнан есім шыққан мен олардың қолынан сытылып 
шығып, тас көшеге жата қалып: «үйге қарай бір  қадам басқанша 
өлгенім артық!» деп, айқайға бастым. Жалаң аяқ болған соң қатты 
тебе алмасам да,  өз жауларыма берілмей тырмысып жатырмын. 
Екі бала да ызадан жарылардай. Жексұрын сатқын Джерри ашу-

110
дан аппақ қудай болып кеткен. Оның қорқақ екенін  бəрі де білетін,  
бірақ қазір ол батыл болып жанығып тұр. Ол өзінің қарсыласына 
қарай бұрылып,  жұдырығын оның тұмсығына қонжитты. Соққыдан 
есеңгіреген бала бір сəт оған селт етпестен  қарап,  үнсіз  ғана мұрнын 
үйкелеп тұр. Содан кейін кенет бір аттап Джерриге тап беріп,  оны 
жерге жығып салып,  бар күшімен төмпештеп берсін. 
Менің  жауымның мына қырсыққа ұшырағаны жаныма жаққаны 
сонша, басыма төнген  қауіпті  де ұмытып, төбелестің қызығына 
бірер минөт қарап қалыппын. Дегенмен басыма бір ой сап ете 
қалды: «Олар төбелесіп жатқанда менің құтылуым керек». Мен сол 
сəтте атып тұрдым да, жұлдыздай зымырап қаша жөнелдім, ал менің 
қарсыластарым көшенің лас шаңына аунап, бірін-бірі төмпештеп 
жатты.
10-15-Б.
                                         
Сөздік
қауіптен қашып бара 
жатқанымды
избегая  опасности
бұрылыс
поворот 
қалтарыс
закоулок
базар алаңы
рыночная площадь
ашу
гнев, злоба
тырнағы осып түскен
порезал (поцарапал) ногтём
шайнап тастаған саусағын 
көрсетеді
показывает искусанный палец
сүйектері сынған шығар
наверное поломались кости
жаны ашыған дауыспен
жалеющим голосом
жүргінші прохожий, 
путник
тəтті иіс
сладкий запах
қырыққабат
капуста
шыжғырылған
топленый  
көше жағалап жүре тұрғым 
келді
хотел пройтись по улице

111
үйге қарай итере бастады
начал толкать домой
қорқу
бояться            
күмəндану сомневаться
ұялу
стесняться
қуана секіріп
прыгая от радости
бөліп аламыз 
разделим, поделимся
сатқын предатель
жауларыма берілмей тырмысып 
жатырмын
старалось не сдаваться врагам
құтылу
избавиться, освободиться
жыртық
порванный, рваный
жамау
латать
батпақ
грязь, лужа
оны қолымнан түсіріп алдым 
его уронил
өз жағдайымды ойластыра бас-
тадым
начал думал о себе (о своем по-
ложении)
қайыршы
нищий
қайту
возвращаться
 
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС
ШОЛАҚ
  Қысқа, ұзын емес, келте. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 
10-т. 247-бет. 
СƏКІ
 зат. Жату не отыру үшін, тақтайдан биіктеу етіп жасаған орын, 
нар. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 8-т. 229-бет. 
САБАСЫНА ТҮСТІ (КЕЛДІ).
 Ақылы орнына түсті, ашуы тарқады. 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 8-т. 81-бет.  
ДУДЫРА
 ет. Үрпию, додалану, қобырау. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігі. 3-т. 182-бет.  
САБАЛАҚ
 сын. Ұйпалақталған, түте-түте, үрпиген, жұлмаланған. 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 8-т. 85-бет. 
КƏЗЗАП
 ар. зат. Жұғымсыз, сұм, сұрқия, қу, ала аяқ. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 4-т. 520-бет. 
ҰЛАРДАЙ:
 ұлардай шулап. Улап-шулап дүрлікті; дауыс қосып 
жылады.  Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 9-т. 473-бет.  

112
ДҮРЛІК
 ет. Қорқып я шошынып қатты абыржу. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 3-т. 217-бет.  
СІЛЕЙТ
 ет. Құлату, сұлату. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 8-т. 509-
бет. 
ҚОНЖИТ
 ет. 2. Оңдырмай ұру, салып қалу. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігі. 6-т. 320-бет.   
КЕРНЕ
 ет.  Шаттық кернеді. Кеудесі қуанышқа толды. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 4-т. 637-бет.  
ТӨМПЕШТЕ
 ет. Үсті-үстіне ұру, соғу, қойғылау. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 9-т. 236-бет.   
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ  СӨЗДІК
ҚҰСТАЙ ҰШТЫ
 Жүрісіне көз ілеспеді, зымырады. 
ҚҰЛАҚ ТҮРДІ  (САЛДЫ, ТОСТЫ, ТІКТІ, ҚОЙДЫ)
 Көңіл қойып 
тыңдады, зейін қойды, елеңдеді, тыңдады, құлағына құйып алды. 
ҚАС ДҰШПАН (ЖАУ)
 Барып тұрған жау, ата жау.
САБАСЫНА КЕЛДІ (ТҮСТІ )
 Ашу, ызасы басылып, саябыр қалыпқа 
келді.
КӨЗІНЕ ІЛМЕДІ
  Елемеді, өзіне теңгермеді.
САП БАСЫЛДЫ (ТЫЙЫЛДЫ, БОЛДЫ)
  Тез тыйылды, қоя қойды, 
таусылды.  
ҒАЙЫП БОЛДЫ // КӨЗДЕН ҒАЙЫП БОЛДЫ
 Жоқ болды, үшті-
күйлі жоғалды. 
АППАҚ ҚУДАЙ (ҚУДАЙ БОЛДЫ)
 Боп-боз, жуған шүберектей, 
жүзінде бір тамшы қаны жоқ.  
ҰЛАРДАЙ ШУЛАДЫ
 Қым-қуыт боп жылады; зар еңіреді.     
ІШІНЕ ЕЛ ҚОНДЫ
 Ас ішіп жүрек жалғады, тамақ ішіп, жыланының 
басы қайтты.                                  
ЕТ ЖҮРЕГІ ЕЛЖІРЕДІ
  Уайымдады, қайғырды.
САП ЕТЕ ҚАЛДЫ ( ТҮСТІ)
  Ойға түсе кетті,  кенеттен тап болды. 
СІЛЕЙТІП САЛДЫ
  Таяққа жықты.
ШАП БЕРДІ
 Тарпа бас салып, тұра ұмтылды.
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.  Кеңесбаев І.К. 
Алматы, «Ғылым» баспасы, 1977ж.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Миссис Уинкшип Джиммиге не үшін айқайлады?

113
2. Миссис Берк қуып жетпес үшін Джимми қалай қарай қашты?
3. Джиммидің шашы қандай?
4. Джиммидің кеудешесі неден көрінбейді?
5. Джиммиге кім садақа берді?
6. Джимми  неге тосап сатып алмады?
7. Ол неге көше жағалап жүре тұрғысы келді?
8. Джерри Пеп Джиммиді неге алдады?
9. Джерри Пеп Джиммиді қайтіп алдады?
9. Джерри Пеп кіммен төбелесті?
ТАПСЫРМА
1.  Əңгімені оқып, мазмұндаңыз.
2. Əңгімені үнтаспадан (аудиокассета) тыңдаңыз.
3.  Əңгімеден төмендегі сұрақтарға  қатысты деректерді табыңыз.
1. Джимми өгей шешесінен не үшін қашып кетті?
2. Джимми жүргінші берген екі пенске не сатып алмақ болды?
3. Джимми дəмханадан кешкі тамаққа не сатып алды?
4.  Синонимдерді табыңыз.
 
(ас, дəм, əдейі, қысқа, келте, қарт, егде, мосқал, кексе, біле тұра, жорта, 
тағам, кісі,  ауқат, жолаушы, тəтті, татымды, перзент, рахмет, сəби, нəресте, 
бөбек, рас, титтей, қаршадай, кішкене, бөпе, ұлан) 
ҮЛГІ: 
Қауіп, қатер.
Ыза, ашу.
Бала, ...............................................................................................................
Тамақ, ............................................................................................................
Жүргінші, ......................................................................................................
Адам, .............................................................................................................
Алғыс, ...........................................................................................................
Қасақана, .......................................................................................................
Кəрі, ...............................................................................................................
Дəмді, ............................................................................................................
Кішкентай, ....................................................................................................
Шолақ, ...........................................................................................................
Шын, ..............................................................................................................
8–1151

114
5.  Антонимдерді тауып жазыңыз.
Үлгі:
үлкен    –  кіші
тыныш – 
мұнда   – 
жабық  – 
қатты   –
жыртық  – 
дұрыс  – 
қараңғы  – 
алғыс  – 
тəтті  – 
көп  – 
өтірік  – 
адал – 
қатты – 
жау – 
Қажет сөздер:   арам, аз, бүтін, дос,  ашық, у-шу, жарық,  кіші, ащы, 
шын, теріс, қарғыс, жай, жаман, онда.
6. Əңгімеден омонимді тауып жазыңыз. 
Үлгі:  Ашық, бос, жабық, ... 
АШЫҚ І – ІV
Ашық І
 сын. аузы, есігі, төбесі немесе үсті жоқ, жабылмаған.
Ашық  ІІ
 зат. поэт. Ғашық.
Ашық ІІІ
 ет. тамақтан тарығу, аштық күйге ұшырау, қарны ашу.
Ашық ІV
  сын. жайдары, көңілді, тұйық емес.

115
Джеймс ГРИНВУД  
ӨГЕЙ БАЛА
повесть 
Астана, 2002. -144 бет.
                                                                                          
Орыс тілінен аударған:  Ризабек Əдуов
МЕН ҮРІП ҮЙРЕНДІМ. ЖАҢА ТАНЫСТАР
Мен тағы да келген жағыма қарай жүгіре жөнелдім, сөйтіп Смит-
филдке, бүгінгі күннің басым көпшілігін өткізген базардың тұсына 
қарай қайта келдім. Соңымнан қуған ешкім де жоқ, ал базарда мен 
кеткен жарты сағаттан бұрынғыдан да қараңғы əрі тып-тыныш екен. 
Енді мен үйге қайтудың ессіздік екенін білдім. Джерри Пеппен, оның 
жолдасымен сөйлескеннен кейін əкем де, миссис Берк те маған қатты 
ашулы екеніне көзім жетті. Əкем менің сыбағамды беруге асыққаны 
сонша мені ұстап əкелгенге бүтіндей бір шиллинг бермек болыпты. 
Бұл ол үшін көп ақша: бір шиллингке ол өзіне үш саптыаяқ сыра 
сатып алар еді. Ал үйге оралмайтын болсам, не істеуім керек? Мен 
қайда ұйықтаймын?
Бұған дейін мен қашанда кереуетте ұйықтайтынмын. Өте ыңғай-
сыз болатын, бірақ кереуеттің аты кереует қой. Ал енді ше? Сон-
да осы отырған жерімде ұйықтамақпын ба? Солай болса ше? Мен 
жақсылап тойып алдым, ал түн онша салқын емес. Бір түн жатып 
шығуға болады. Осы жерде бұрышта бүрісіп, ұйықтаймын. Күн 
қазір ерте шығады, содан кейін...
Содан кейін... иə, содан кейін не істеймін? Ұйқыға кетер алдын-
да қандай жұмыспен айналысуды ойластыруым керек, ал ертең таң-
ертеңнен бастап, өзіме жұмыс іздеуім керек. Қандай жұмысты қолға 
алсам екен? Əрине, үруді. Ертең бір базарға барамын да бір зат тасу-
шыны тауып алып, оған өз қызметімді ұсынамын. Ал менің даусым 
соншалықты сыңғырлауық болмаса қайтем? Айқайлап көру керек.
Əлі кеш емес, бар-жоғы сағат онға кетті. Мен шошқа қатарының 
ортасына шығып, сол жерде жаттыға бастадым.
Тегі қандай гүл мен жеміс сатпақпын? Гүл ішіндегі ең өтімдісі 
сарыбас гүл, қазір оны көптеп алып жатыр.

116
–  Сарыбас гүл! Иісі ғажап сарыбас гүл!
Даусым өзіме қатты шыққандай болғанымен нағыз зат тасушы-
лар дікіндей зор емес. «Б-ас-гүл» деп, соза түскен дұрыс. Тағы да 
айқайлап көрейін.
– Сары-бас гүл, жаңа үзілген, иісі керемет сарыбас  гүл.
Мұным біршама жақсы шықты. Мен қараңғы қатарларды аралап, 
15 минөттей əрлі-берлі жүріп, сарыбасгүлді айқайлап сатып жүр-
дім. Гүл толы себет тасып жүрген қиялымдағы есекке «өк-өк» деп 
айқайлап қойып, майда тиын қожасына иіліп сəлем беріп қоямын. 
Сарыбасгүлді сатуды əжептəуір үйреніп алған соң, енді қойбүлдірген 
сатуға кірістім. Сөйтсем, қойбүлдіргенді айқайлап өткізу тіпті қиын 
емес.
– Тəтті қойбүлдірген, қаны тамып тұрған қойбүлдірген, қойбүл-
дірген алыңыздар! – деп, даусымды қалай құбылтсам да, мəнерлеп 
айта алар емеспін. Талай рет қайталағаннан кейін барып, əйтеуір 
қойбүлдірген турасында жар салуды əжептəуір үйренгендей бол-
дым. Осы кезде қойманың бұрышына екі баланың тығылғанын 
байқап қалған едім. Маған ол екеуі Джерри Пеп пен оның қарсыласы 
сияқты көрінді. Мен оларға қарай бұрылған кезде екеуінің біреуі 
тығылған жерінен атып шығып, менің шашыма жармаса түсті.
– Тəтті қойбүлдірген! Піскен қойбүлдірген! – деп мені мазақтай 
айқайлап, əр сөзін айтқан сайын шашымнан жұлқып қояды. – Несіне 
айқай саласың? Баяғыда төсекте ұйықтап жатудың орнына базарда 
шу көтеруге қандай қақың бар? Ə?
Ол ашуланған полицейдің даусы мен қимылына салып тұр. Мені 
шашымнан жұлғанда жанымды көзіме көрсетсе де, оған бұрылған 
кезде қуанып кеттім. Бұл Джерри Пеп те емес, оның қарсыласы да 
емес, басқа балалар. Ендеше олар мені үйге қарай сүйремейді.
– Естисің бе, бала, –  деп əзілін жалғастырды менің «полицейім», 
–  қазір үйіңе тай, əйтпесе полицияға апарып тапсырамын.
– Үйіңізге өзіңіз тартыңыз! – деп жауап беріп, оның қолынан 
босанбақшы болдым. – Маған несіне жабыса қалдыңыз?
–  Біз үйге-ақ бара жатырмыз, – деп жауап берді жолдасының 
қы зы ғына мəз болған бала. – Біз театрда болдық, енді үйге бара жа-
тырмыз.
Содан кейін серігіне қарап, былай деп қосты:
– Шынында да кетейік, Моулди. Біз бұлай түн асқанша Вестмин-
стрге жете алмаймыз.

117
Мен əкеммен бірге бірнеше рет Ковентгарденде болғанмын жəне 
бұл базар Вестминстрдің өзінде не жанында екенін білетінмін. Бірақ 
оған қалай баратынын білмейтін едім, содан балалардан сұрап алуды 
ұйғардым.
– Вестминстрдің қай жерінде тұрасыңдар? – деп сұрадым соңғы 
сөйлеген баладан.
– Əрине, ең жақсы жерінде, –  деп жауап берді ол.
– Ал Ковентгарденге дейін сендерден жақын ба?
–  Ковенгарден театрына дейін бе? – деп сұрады Моулди. – Біздің 
арбамызбен екі минөттік жер, біз Рипстон екеуміз онда өзімізге 
қашанда ложа аламыз. Шын ғой, Рипстон?
– Жə, жетер бос мылжыңдауың, – деп тоқтатты оны Рипстон. – 
Біз шынында да Ковенгтарден базарынан да, театрынан да жақын 
тұрамыз. Дельфте тұрамыз. Ал, бала, сен ше?
«Мен қайда тұрсам да бəрібір емес пе? –  деп ойладым. Ковент-
гарденде осы Смитфилдтегідей қолайлы түнемелік жай тауып ала 
алмаймын ба. Егер осы балалармен бірге кетсем, олар маған жол 
көрсетер, сөйтіп мен ертең орнымда боламын ғой».
– Жүріңдер, –  дедім мен, кеш болып кетті.
– Ал сен қайда барасың? – деп таңырқай сұрады Моулди.
– Мен сендермен барамын, – дедім  батыл үнмен. 
–  Ал біз Дельфке барамыз.
– Ендеше мен де сол жаққа.
– Ал сен «Дарбазада» тұрасың ба?
– Қай «Дарбаза»? Сіз Дельф деген жоқсыз ба?
–  Иə, Дарбаза ма? Дельф пе – бəрібір ғой.
–  Ай, мен мұны білген жоқпын. Білуім де мүмкін емес: мен ол 
жақта ешқашан болған емеспін.
–  Ешқашан болған жоқпын?! Сен сол жақта тұрамын дедің ғой.
–  Жоқ, мен ешқайда да тұрмаймын, менің ешқандай үйім жоқ.
–  Ал бұл дегенің ештеңе де емес! – деп айқайлап жіберді Моул-
ди. –  Əр адамның үйі бар. Ал сенің бұрынғы үйің қайда?
– Менің үйім бе?
Осы бейтаныс балаларға өзімнің жайымды айтқым келмеп еді, 
олар желімше жабысып алып, сұрақтың астына алған соң өзімнің 
үйсіз қаңғып жүргенімді айттым. Десе де, сырыңды оларға айтуға 
қорықпаса да болады. Олар өз бетімен өмір сүріп жүргендер, менің 
де бір жерге тоқтауыма жəне жұмыс табуыма көмектесіп қалар, сірə.

118
– Ал мен бəрін айтып берсем, сендер мені ұстап бермеуге уəде 
етесіңдер ме? – деп сұрадым.
Олар мұндай ұсақтыққа бармайтындарын айтып, маған салта-
натты түрде ант етті.
– Міне, көріп тұрсыңдар, мен үйімде əкеммен бірге тұрып, бүгін-
гі түнге дейін сонда қонып келдім.
– Ал сен қашып кеттің ғой. Сөйтіп енді үйге қайтқың келмей ме?
– Ешқашан да қайтпаймын. Маған қайта оралуға болмайды! – 
дедім мен сенімді түрде.
– Түсінемін, –  деді Моулди. – Сонда сен нені жымқырып кеттің?
–  Жымқырғаны қалай?
–  Иə, жымқырдың. Сені ұстап алды ма? Əлде сен оңай қашып 
кеттің ба?
– Ұстағаны қалай? Мен ештеңе де ұрлаған жоқпын. Ол жақта 
мені сабаған соң қаштым.
Балалар сенімсіз түрде бір-біріне қарады.
– Сонда сен сабағаны үшін ғана қашып кеттің бе? – деп сұрады 
Рипстон.
–  Сол үшін ғана ма? Егер сендерді де сондай соққыға жыққанда 
«сол үшін ғана ма» демес едіңдер.
–  Ал ол жерде саған тамақ беріп, жағдай жасап па еді?
– Тамақ берген.
–  Сонда сенің ақ сейсепті нағыз көрпе-төсегің мен жастығың 
бол ды  ма?
–  Əрине.
– Қалай, ə? Оның үстіне «əрине» дейді! – деп айқайлап жіберді 
Рипстон. – Сонда сен бəрін де: дайын тамақты, салулы төсекті тас-
тап, сабағаны үшін ғана қашып кеткеніңе бізді сенеді дейсің бе?! 
Сен нағыз өтірікшісің.
–  Немесе нағыз кещенің өзі! – деді батыл үнмен Моулди.
– Сенгілерің келмесе, сенбей-ақ қойыңдар, – дедім мен. Тек мен 
сендерге бар шынымды айттым.
– Мүмкін солай да болар! – деп ескертті Рипстон. – Дүниеде 
та лай нəрселер болып жатады. Бірақ мен саған мынаны айтайын: 
жақсы үй мен дəмді тағамды ұрып-соққаны үшін ғана тастап кеткен 
адамды үй-күйсіз қалдырған дұрыс. Мұны қадірлей білсін.
– Мені таңертеңнен кешке дейін біреу сабасын, бірақ жақсы бас-
пана берсе болғаны, –  деді Моулди.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет