Газбен пісіру және кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасының негіздері



бет1/9
Дата21.01.2022
өлшемі52,5 Kb.
#24159
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Газбен пісіру және кесу кезіндегі қауіпсіздік

техникасының негіздері.

Газ жалынымен өңдеу жұмыстарына, ондағы жабдықтарды күтіп-баптауға және техникалық ацетилин өндіруге 18 жасқа толған, медициналық тексеруден өткен, еңбек қауіпсіздігі туралы хабардар және ол туралы білімі тексерілген адам жіберіледі.

Пісіру, кесу, дәнекерлеу жұмысына кірісушілер қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік техникасы туралы, оның ішінде бұл процесс кезінде пайда болатын зиянды факторлары, сақтану шаралары, қорғанудың жеке құралдары мен жеке бас гигиенасы туралы нұсқаулар алуы тиіс. Жүргізілген нұсқаулар арнаулы журналға тіркелуі керек.

Нұсқау жүргізуді қайталау, қауіпсіздік техникасы мен өндірістің санитарлық нормалары туралы білімін тексеру, кем дегенде тоқсан сайын бір рет жүргізіледі. Ол туралы журналда және жұмысшының жеке кітапшасында белгі болады. Жаңадан жұмысқа қабылданатын адамдар да жоғарыдағыдай нұсқауларды алуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет