Газет 1931 жылғы 7 қыркүйектен шығады №33 (7048) 14 тамыз, 2014 жыл. 14 августа 2014 года



жүктеу 1.99 Mb.
Pdf просмотр
бет1/7
Дата15.03.2017
өлшемі1.99 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

Газет 1931 жылғы 7 қыркүйектен шығады

№ 33 (7048)

14 тамыз, 2014 жыл. 14 августа 2014 года.

Ақжайық ауданының қоғамдық-саяси газеті

Общественно-политическая газета Акжаикского района

ЖАЙЫҚ


Факс 92-3-24. Электрондық пошта zhaiktany@mail.ru

www.zhaikpress.kz

қпараттар

 ғыны

А

жарайсыңдар, өрендер!

Бас жүлде – асыланда

Әдіскердің жетістігі



“Хабар”, КТК арналары, BNews.kz, ҚазАқпарат. 

ел ендіктерінде

көшелердегі танымдық шаралар



Өткен сенбіде Чапаевта 

Батыс Қазақстан облыстық 

сотының төрағасы Бек 

Әметовтың қатысуымен 

медиация мәселелеріне 

арналып актив  

жиналысы өтті.

Аудан  әкімі  Нариман  Төреғалиев 

ашып,  жүргізген  бұл  басқосуда  Бек 

Әметұлы  2011  жылы  елімізде  «Ме-

диация туралы» Заң, сондай-ақ биыл 

жаңадан  қылмыстық,  азаматтық, 

әкімшілік  кодекстері  мен  іс  жүргізу 

кодекстері 

қабылданғанын, 

бұл 


заңнамаларды  жұртшылыққа  кеңінен 

түсіндіру 

жұмыстары 

жүргізіліп 

жатқанын баяндады.

Құрамында  қылмыстық  іс  жоқ 

дауларды  сотқа  жеткізбей-ақ  бейбіт 

жолмен  шешу  әлемде  кең  тараған 

үрдіске  айналды.  Мұндай  тәсілге 

жүгінгендердің дауын бейтарап үшінші 

тұлға  қарап,  бітімгерлік  міндетін 

атқарады.  Тәжірибелі  медиаторлар 

бірігіп  арнайы  ұйымдар  құруда.  Ар-

найы құқықтық біліктілікті қажет етпей-

тін жанжалдарды шешуге дағдыланған 

әуесқой  медиаторлар  да  кезде-

седі.  Тізе  берсек,  осындай,  көптеген 

артықшылықтарының  бар  екеніне  көз 

жеткіземіз.  Ең  бастысы  әлеуметтік 

араздықтардың  азаюына,  кішігірім 

қылмыстардың  бейбіт  шешілуіне, 

жастардың тәрбиесіне көмектесер еді. 

Жиналғандарға  медиация  хақында 

осындай  кең  түсінік  берген  ол  ауыл-

елдегі маңдайалды азаматтар медиа-

ция  хақында  жұрт  арасында  насихат 

жүргізуге көмектессе, құба-құп деді.

Бүгінде  ауданда  30-дан  астам  ме-

диатор  бар,  олардың  көбі  ілгері  іс-

терімен көрінуде. Әрине, жаңалықтың 

аты  –  жаңалық,  бірден  бәрі  өрістеп 

кетуі мүмкін емес. Сондықтан оларға 

жәрдем керек, заңды оқып-үйрену де 

барлық тұрғынның дағдысына айнал-

са,  нұр-үстіне  нұр.  Медиатор  Құрман 

Бисеғалиев  өзінің  осы  орайдағы 

толғамдарын ортаға салды.

Актив жиналысында Ақжайық ауда-

ны сотының төрағасы Амирхан Кули-

кешев  болды.  Аталған  тақырыптағы 

жүздесу Тайпақ ауылында да өтті.

Борис МЫРЗАҒАЛИЕВ.

«Жайық таңы».

Суретті түсірген Таңатар 

Талға

Т

ұлы.

Алғабас ауылдық округі аумағында екі күн болған (7-9 

тамызда) дала жануынан 22 елдімекен мен күтірлердің, 

шаруа қожалықтарының 991 га. жерінің құрғақ шөбі жанды. 

Соған қоса Железнов қыстағына электр қуатын апаратын 

желінің 9 бағанасы бүлінді. Биыл осындай өрттердің көбеюі 

шетелден сатып алған көліктерден түсетін ұшқыннан екенін 

тұрғындар айтып жүр. Халық айтса, қалт айтпайды ғой.



Шолпан СЕРІК.

Орал қаласында өткен «Бейбітшілік әлемі» 

Халықаралық Қазақ шығармашылық бірлестігінің 

ұйымдастыруымен «Жұлдызды талант»-«Звездный 

талант» атты ІV Республикалық балалар мен оқушылар 

фестиваліне Тайпақ балалар саз мектебінің оқушысы 

Асылан Төлеуғалиев (жетекшісі Асылан Бейбіт) қатысып, 

зор жетістікпен оралды. Ол домбыра аспабы бойынша Бас 

жүлдені иеленді. Осы үлкен шарада жас ұрпаққа тәрбие 

беру ісіне сіңірген мол еңбегі және өнер саласына қосқан 

үлесі үшін Тайпақ балалар саз мектебінің директоры 

Ғайнижамал Әділова Құрмет грамотасымен марапатталды.



Бейбіт ҚалаУлы.

Ауданымыздың білім саласында республикаға 

мәлім жетістіктеріміз аз емес. Табыс шежіресі 

жалғасуда. Орал қаласында облыстық оқу-әдістемелік 

кабинетінің ұйымдастыруымен кәсіби жоғары білімді, 

шығармашылықпен жұмыс жасайтын кітапхана қоры 

әдіскерін анықтау мақсатында байқау өтті. Бұл шараға 10 

ауданнан әдіскерлер қатысып, өз білімдерін шыңдады. 

Ақжайық ауданының намысын қорғаған білім бөлімінің 

кітапхана қорының әдіскері Гүлниса Әдиетова білім 

басқармасының ІІ дәрежелі дипломымен және бағалы 

сыйлықпен марапатталды.



Әлия СаПаРғалИЕВа,

білім бөлімінің әдіскері.

1997-1999 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер 

арасында Тараз қаласында өткен республикалық II жазғы 

ауыл ойындарында еркін күрестен ауданымыз өкілі Нұрхат 

Тельманұлы 50 кг. салмақ дәрежесінде чемпион атанды. 

Сондай-ақ қазақ күресінен Армат Ғабдолов (46 кг.) ІІ орын, 

Досжан Ізден (65 кг.) таэквондодан ІІІ орын алды. Айта 

кетейік, бұл спорт мерекесіне облысымыздың балауса 

спортшыларының қатарында Ақжайық ауданынан 22 ұл-

қыз қатысты.



Жетіс ҚұРМаН.

9 электр Бағанасы Бүлінді

Алдағы Спорт күніне орай аудандық кітапхананың 

ұйымдастыруымен Чапаев ауылының көшелерінде 

«Шынықсаң, шымыр боларсың!» атты танымдық 

шаралар өткізілді. Оның барысында тұрғындар, көпшілігі 

кітапхананың сыралғы оқырмандары, спорт туралы 

викториналық сұрақтарға ықыласпен жауап беріп, өздері 

сүйіп оқитын саламатты өмір салты, денсаулық, спорт 

туралы әдебиеттерді кітап көрмесінен қалың көпшілікке 

таныстырды. Шара соңында жиналғандар  

флэшмоб биледі.



Қарылғаш ЕСЕНғаЗИЕВа,

кітапханашы-библиографы.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Сарытоғай 

ауылдық округіне қарасты Сарман ауылынан 5000 тонна 

күл-қоқыс шығарылды. Мұның алды сонау Кеңес заманы-

нан бері сүрленіп жатқан еді. Сонымен қатар тұрмыстық 

қатты қалдықтар төгетін алаңды жайластыру жұмысын 

ақтөбелік «Жарасова Гульзира Серикбаевна» ЖК толық 

аяқтап берді. Осындай ауқымды, өнік іс үшін тұрғындардың 

қуанышы шексіз.

Райбек ӘБДІРаХМаН.

кеңес заманынан Бері сүрленген еді

Осы жылы бүгінге дейін аудан шар-

уалары  лизинг  арқылы  12  тракторды 

иеленді.

Айталық,  қазір  аудандағы  819 

дөңгелекті  трактордың  402-і  немесе 

49 пайызы шаруа қожалықтарында бо-

лып  табылады.  Лизинг  бағдарламасы 

басталған  2004  жылдан  бері  бүгінге 

дейін  63  трактор  алынды.  Биылдың 

өзінде  қыр  еңбеккерлері  сондай-

ақ  10  шөптайлағыш,  тағы  басқа, 

жоғарыда  айтылған  12  тракторды 

қосқанда,  барлығы  26  бірлік  «темір-

терсек»  алды.  Жыл  аяғына  дейін 

тағы  6  трактор  алынбақ.  Соңғы  жыл-

дары  шаруа  қожалықтары  соны-

мен  қатар  өз  қаржыларына  31  дана 

трактор  сатып  алды  немесе  оларға 

тиіселі  тракторлардың  23,4  пайызы 

жаңартылды.



Мерей НұРСұлТаН.

«

Т

емір-терсекті» 



жаңартуда

*

  16-28  тамыз  аралығында  Қытайдың  Нанкин 

қаласында  өтетін  жасөспірімдер  арасындағы  жазғы 

олимпиада ойындарында еліміздің Туын боксшы Абылайхан Жүсіпов 

ұстап шығады.

*

 Атығай асуында тас жолда жүріп бара жатқан «Мерседес Е260» ав-

томобилі  отқа  оранғанда,  ұшқын  құрғақ  шөптерге  көшіп,  жалын  сал-

дарынан 100 шаршыметр шалғын өртенді. Жүргізуші көліктен шығып 

үлгерді.

*

  Қызылордалық  бір  топ  жасқа  облыс  әкімі  Қырымбек  Көшербаев 

«Сыр үміті» сыйлығын табыстады. Бұл сыйлық жастардың азаматтық 

және қоғамдық-саяси белсенділігін артыру мақсатында 2010 жылдан 

бастап беріліп келеді.

*

 Көкшетауда 16 жастағы бозбала Қопа көліне шомылу кезінде абай-

сызда резеңке матрастан құлап, суға батып кетті.

*

 Қарағандылық таэквондошылар Душанбеде өткен әлем чемпиона-

тынан 7 медаль алып келді.

*

 Фарфор бұйымдарын жасайтын қытайлық шебер Жун Жынхуа Хы-

тайдын Ганджу Иуйду Өскеменде фарфор бұйымдарын дайындайтын 

шеберлік сыныбын өткізді.

*

 2014 жылдың қаңтар-шілде аралығында елімізде инфляция 4,9%-

ды, шілдеде 0,1 пайызды құрады. Бұл ретте азық-түлік тауарларының 

бағасы  0,2%-ға  төмендеп,  азық-түлікке  жатпайтын  тауарлар  0,3%-ға 

қымбаттады, ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,3%-ға өсті, деп хабар-

лайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі ҚР Статистика агенттігінің 

ресми мәліметтеріне сілтеме жасап.

М

едиация тақырыбына арналды



14 тамыз.  2014 жыл.

2

таңы



ЖАЙЫҚ

www.zhaikpress.kz

№308. 25. VII. 2014г.

Нормативно-правовой  акт  зарегистрирован  №3604  11  августа  2014 

года в департаменте юстиции ЗКО МЮ РК

Об утверждении положения о государственном учреждении «От-

дел ветеринарии Акжаикского района Западно-Казахстанской облас-

ти»


В  соответствии  с  Гражданским  кодексом  Республики  Казахстан 

от  27  декабря  1994  года,  Законом  Республики  Казахстан  от  23  ян-

варя 2001 года «О местном государственном управлении и самоуп-

равлении в Республике Казахстан», Указом Президента Республики 

Казахстан от 29 октября 2012 года №410 «Об утверждении Типового 

положения государственного органа Республики Казахстан» акимат 

района постановляет:

Акимат Акжаикского района

Постановление

1.  Утвердить  прилагаемое  положение  о  государственном  учреж-

дении «Отдел ветеринарии Акжаикского района Западно-Казахстан-

ской области».

2.  Государственному  учреждению  «Отдел  ветеринарии  Акжаикс-

кого района Западно-Казахстанской области» принять необходимые 

меры  вытекающие  из  настоящего  постановления,  в  соответствии  с 

действующим законодательством.

3.  Контроль  за  исполнением  настоящего  постановления  возло-

жить на заместителя акима района А.Абугалиева.

4.  Настоящее  постановление  вводится  в  действие  по  истечении 

десяти календарных дней после дня первого официального опубли-

кования.

аким района Н.ТУРЕГалИЕВ.

№307 25. VII. 2014г.

Нормативно-правовой  акт  зарегистрирован  №3605  11  августа  2014 

года в департаменте юстиции ЗКО МЮ РК

Об утверждении положения о государственном учреждении «Отдел сель-

ского хозяйства Акжаикского района Западно- Казахстанской области»

В  соответствии  с  Гражданским  кодексом  Республики  Казахстан 

от  27  декабря  1994  года,  Законом  Республики  Казахстан  от  23  ян-

варя 2001 года «О местном государственном управлении и самоуп-

равлении в Республике Казахстан», Указом Президента Республики 

Казахстан от 29 октября 2012 года №410 «Об утверждении Типового 

положения государственного органа Республики Казахстан» акимат 

района постановляет:

1.  Утвердить  прилагаемое  положение  о  государственном  учреж-

№307 25. VII. 2014ж.

ҚР  ӘМ  БҚО  Әділет  департаментінде  Нормативтік  құқықтық  акті  2014 

жылғы  11  тамыздағы  нормативтік  құқықтық  кесімдерді  мемлекеттік 

тіркеудің тізілімінде №3605 болып енгізілді.

«Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының ауыл шаруашылығы 

бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы 

ережені бекіту туралы

Қазақстан  Республикасының  1994  жылғы  27  желтоқсандағы 

Азаматтық  кодексіне,  «Қазақстан  Республикасындағы  жергілік-

ті  мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі  басқару  туралы»  Қазақстан 

Республикасының  2001  жылғы  23  қаңтардағы  Заңына,  «Қазақстан 

Республикасы  мемлекеттік  органының  үлгі  ережесін  бекіту  туралы» 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2012  жылғы  29  қазандағы 



Ақжайық ауданының әкімдігі

Қаулы

№410 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі қаулы етеді:

1.  Қоса  беріліп  отырған  «Батыс  Қазақстан  облысы  Ақжайық 

ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі тура-

лы ереже бекітілсін.

2.  «Батыс  Қазақстан  облысы  Ақжайық  ауданының  ауыл 

шаруашылығы 

бөлімі» 


мемлекеттік 

мекемесі 

қолданыстағы 

заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды 

алсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары 



А.Абуғалиевке жүктелсiн.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 

он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

аудан әкімі Н.ТӨРЕғалИЕВ.

Акимат Акжаикского района

Постановление

дении «Отдел сельского хозяйства Акжаикского района Западно-Ка-

захстанской области».

2. Государственному учреждению «Отдел сельского хозяйства Ак-

жаикского района Западно-Казахстанской области»  принять необхо-

димые меры вытекающие из настоящего постановления, в соответс-

твии с действующим законодательством.

3.  Контроль  за  исполнением  настоящего  постановления  возло-

жить на заместителя акима района А.Абугалиева.

4.  Настоящее  постановление  вводится  в  действие  по  истечении 

десяти календарных дней после дня первого официального опубли-

кования.


аким района Н.ТУРЕГалИЕВ.

Осы  жолда  тәуелсіз  жас  мемлекетіміздің 

аршынды 

қадамдары, 

елімізде 

ертеңнің 

қамының  неғұрлым  ерте  дәйектелуі  көңілге 

қуаныш  ұялатады.  Соның  бірі  емес,  біре-

гейі  биыл  жүзеге  асырылды.  Бұл  –  әлемдік 

мәнге  ие  интеграциялық  жоба  –  Еуразиялық 

экономикалық  одақтың  дүниеге  келуі.  Осы 

одақтың  бастапқы  идеясын  осыдан  20  жыл 

бұрын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Мәскеудің 

М.В.Ломоносов атындағы мемлекеттік универси-

тетінде жария етіп, биыл Астанамызда зор абы-

роймен  түйінделгені  қазақстандықтар  үшін  аса 

бір мерей!

Иә,  Қазақстан,  Ресей  және  Беларусь  басшы-

лары,  сарапшыларының  бірнеше  жыл  бойы  то-

лассыз істері нәтижелі тиянақталып, Еуразиялық 

экономикалық  одақтың  құрылуы  уақыттың  өткір 

талабынан  туындады.  «Адам  күні  адаммен» 

дегендей,  елдердің  экономикалық  мүдделері, 

ғасырлар  бойы  келе  жатқан  тату  көршілестікті 

заманға  сай  одан  әрі  нығайту  дамудың  сары 

жолы екені мәлім. Соның тың нышандары бүгінде 

әбден  байқала  бастады  да.  Елімізде  біріккен 

кәсіпорындар көбеюде. Өзара сауда-саттықта ке-

дендік және басқа кедергілер рет-ретімен жойы-

луда.  Немесе,  айталық,  үш  елдің  жоғары,  орта, 

кәсіптік  білім  туралы  дипломдарды  өзара  тану 

туралы  келісімнің  жұмыс  жасауының  өзі  үлкен 

жақсылық қой.

Бәрінен  бұрын  елдер  халқының  достығына 

не  жетсін.  Бізде  бұрыннан-ақ  ғасырлар  тезінен 

өткен  туысқандық,  шаруашылық  және  мәдени 

байланыстар бар. 

Мемлекеттер  қарым-қатысында  іргетастың 

берік  болуы  халықтың  игілігі  молаюы,  бейбіт  те 

тыныш  тірлігіміздің  одан  әрі  қанаттануы  деген 

сөз. Лайым, осыдан жазбасын.

Зүлфия СЕКСЕНғалИЕВа,

аудандық мұрағаттың мұрағатшысы.

И

нтеграциялық 



бірегей жоба

Көкжиектен  үшінші  индустриялық  рево-

люцияның 

құлағы 

қылтиып 

тұр. 

Бұл 

мемлекетаралық қарым-қатысқа, рыноктарға 

қапысыздықты,  экономикалық  ықпалдастық 

өрісін сөзсіз кеңейтуді өте мықты талап 

етуде.

№308. 25. VII. 2014ж.

ҚР  ӘМ  БҚО  Әділет  департаментінде  Нормативтік  құқықтық  акті 

2014 жылғы 11 тамыздағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемле-

кеттік тіркеудің тізілімінде №3604 болып енгізілді.

«Батыс  Қазақстан  облысы  Ақжайық  ауданының  ветеринария 

бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан  Республикасының  1994  жылғы  27  желтоқсандағы 

Азаматтық  кодексіне,  «Қазақстан  Республикасындағы  жергілік-

ті  мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі  басқару  туралы»  Қазақстан 

Республикасының  2001  жылғы  23  қаңтардағы  Заңына,  «Қазақстан 

Республикасы  мемлекеттік  органының  үлгі  ережесін  бекіту  туралы» 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2012  жылғы  29  қазандағы 

Ақжайық ауданының әкімдігі

Қаулы

№410 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі қаулы етеді:

1.  Қоса  беріліп  отырған  «Батыс  Қазақстан  облысы  Ақжайық 

ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже 

бекітілсін.

2.  «Батыс  Қазақстан  облысы  Ақжайық  ауданының  ветеринария 

бөлімі»  мемлекеттік  мекемесі  қолданыстағы  заңнамаларға  сәйкес 

осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары 

А.Абуғалиевке жүктелсiн.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 

он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



аудан әкімі Н.ТӨРЕғалИЕВ.

17 тамыз - Спорт күні

Чапаевта  дүйсенбіде  алдағы  Спорт 

күніне арналған көпшілік алуан шара 3 ки-

лометрге велошерумен басталды. Аудан 

әкімі Нариман Төреғалиев, оның орынба-

сарлары,  мәслихат  хатшысы  Дәулетжан 

Жақсыбаев,  бөлім,  мекемелер  жетек-

шілері  бас  болып  велосипедке  мінген 

бұл  шеруге  қатысушылар  күткендегіден 

көп  болып  шықты,  олардың  арасын-

Д

ене тәрбиесі – 



дәуірдің зор сұранысы

да  сәбилер  де  белгілі 

қашықтыққа  өзіндік  күш 

сынасты.


Жиналғандар 

ал-


дында 

Н.Т.Төреғалиев 

құттықтау  сөз  сөйледі. 

Аудан  спортшыларының, 

дене 

шынықтыру 



ұжымдарының  жетістік-

тері 


елімізге 

белгілі. 

Спорттағы табыс өмірдегі 

бақытқа 


бастайтыны-

нан 


мысал 

жеткілікті. 

Заман  баға  жетпейтін 

байлық  –  денсаулықты 

сақтауда әркімнен өз жауапкершілігін арт-

тыруды  мықты  талап  етіп  отыр.  Демек, 

саламаттылық,  сергектік,  шымырлықты 

әркім серік етуге тиіс,-деді әкім.

Осыдан соң «Жастар» спорт алаңында 

түрлі 


жарыстар 

ұйымдастырылды. 

Айталық,  арқан  тартыста  М.Әуезов 

атындағы  орта  мектептің  мұғалімдері, 

гір  тасын  көтеруден  Қ.Телағысов,  қол 

күресінен 

А.Коняев, 

веложарыстан 

С.Ералиева,  Н.Саркулов,  Г.Измағзом, 

М.Дәрібай, Р.Есенгереев, асық ойынынан 

Д.Бекмағамбетова, «Көңілді сөреден» ау-

рухана ұжымы алда болды. Жүлдегерлер 

«Жігер»  спорт  клубынан  медаль,  кубок-

тармен марапатталды.

Көптеген  ауылда  апта  басынан  бері 

тұрғындар  арасында  алуан  жарыстар 

ұйымдастырылуда.

Бекем БЕКұлы.

Суреттерді түсірген  

Нұрбек ИХСаН.

Ауданымыздың  түлегі,  КСРО-нің 

шаңғыдан (1960 ж.) және велоспорт-

тан (1961 ж.) спорт шебері, ҚР еңбек 

сіңірген 

жаттықтырушысы 

(2009 

ж.),  еліміз  металлургия  саласының 



ардагері  Асқар  Шораев  ҚР  спорт 

қайраткері  атағын  иеленді.  Спорт 

күні қарсаңындағы бұл сүйінші хабар 

ақжайықтықтарды  ерекше  қуанышқа 

бөлеген бір оқиға болып отыр. Биыл 

75  жылдық  мерейтойын  қарсылаған 

ағаның  атына  осы  атағына  байла-

нысты  да  құттықтаулар  жолдануда. 

Айта кетейік, Спорт күні құрметіндегі 

шараларда  А.Шораевтың  спорттағы, 

еңбектегі  жетістіктері,  Елбасымен 

Теміртауда еңбек жолын бір бастаған 

ғұмырдариясы жайында ұл-қыздарға 

арнайы әңгімелер өткізілуде.



Ержан КЕРЕЙ.

А

сқар аға – 



спорт қайраткері

14 тамыз.  2014 жыл.

3

таңы



ЖАЙЫҚ

www.zhaikpress.kz

14 тамыз.  2014 жыл.

3

таңы



ЖАЙЫҚ

www.zhaikpress.kz

(ҚазАқпарат).

Жастардың  оқуына,  еңбегіне  мем-

лекет  қамқорлығының  жарқын  айғағы 

біздің  ауданымыздан  да  молынан  табы-

лады.  Айталық,  нақ  осы  күнге  аудандық 

орталық  аурухана  бойынша  жоғары 

білімді  медицина  қызметкерлері  жөнінде 

күрмеу толық шешімін тауып отыр. «Дип-

ломмен  –  ауылға!»  бағдарламасымен 

келген  5  дәрігер  мен  12  орта  медицина 

қызметкерлеріне,  олардың  арасында 

денсаулық сақтау саласы мамандарынан 

тапшылық көріп келген Есенсай (ауылдық 

округ  орталығы),  Жо-

лап,  Қабыл  және  Биті-

леуге  (ауылдық  округ 

елдімекендері) 

еңбек 


етуге 

келгендерге 

тұрғындардың 

сенімі 


әрине,  зор.  Ауданға 

ақжелеңділердің  осын- 

шама 

легінің 


келуі 

талай 


жылдан 

бері 


болған  емес.  Демек, 

саланың  жаңа  күшпен 

толығуында  қозғалыс 

бар, 


бұл 

тірлік-


тынысымыздың 

алға 


басуына  деген  үмітті 

алаулата түседі.

Аудан  әкімі  Нари-

ман 


Төреғалиевтың 

өткен  сейсенбіде  олар-

ды  қабылдауында  осы 

жайында  кеңінен  баян-

далды.

Есенсай 


дәрігерлік 

амбулатория-

сына  барған  М.Оспанов  атындағы  ме-

дицина  университетінің  түлегі  Райгүл 

Дүйсенғалиева Бөкей ордасы ауданының 

түлегі, Ақжайыққа келін болып табылады. 

Ал басқа мамандардың бәрі – ауданның 

өз  өрендері.  Ақпарат  дәуірінде  орталық 

ауруханаға статист қажет болса, аталған 




Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет