Газет 1932 жылғЫ 12 СӘуірден шығады газет аптасына 2 рет шығады



жүктеу 10.8 Mb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата15.03.2017
өлшемі10.8 Mb.
1   2   3   4

Дастан МЫРЗАБЕКҰЛЫ.

ТАРИХЫҢА ТАБЫН 

СЕН, ТӘҢІРІҢДЕЙ...

Тіліміздің мәртебесін арттыру жолындағы 

келелі  істер  ширек  ғасырдай  уақыттан  бері 

жал ғасып келеді. Ана тілімізді сақтау, сақтау 

ғана  емес  ардақтау-азаматтық  парыз.  Тілің 

жо ғалса,  ұлттық  рухың  да  жоғалады,  яғни 

Ел  басы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, біз 

өзіміздің  ұлттық  ойлау  жүйемізді,  тарихи 

танымымызды,  рухани  мәдениетімізді  ба-

рын    ша терең дамыта отырып, барлық салада 

рухани тәуелсіздікке жетуіміз керек.

Тіл-халықтың  тағдыры,  дүниетанымы, 

салт-дәстүрі.  Қазақстан  Республикасының 

мем   лекеттік  тілі-қазақ  тілі.  Ол  елдің  бүкіл 

ау мағында қоғамдық қатынастардың барлық 

сала сында  қолданылатын  мемлекеттік  бас-

қару, заң шығару, сот ісін және іс қағаздарын 

жүр  гізу тілі. Мемлекеттік органдарда іс жүр-

гізу ді  толық  мемлекеттік  тілге  көшірудің 

үл  кен  стратегиялық  маңызы  бар.  Өйткені, 

қоғамдық  өмірдің  қай  саласы  болмасын 

мемлекеттік  органдар  арқылы  басқарылады. 

Сондықтан  басқару  тетігіндегі  тілдік  ахуал 

әр  салаға  тура  ықпал  етеді  десек,  асыра 

айтқандық  емес.  Сол  себепті  жергілікті  ат -

қару  құрылымдарындағы  мемлекеттік  тіл-

ді  орнықтыру  жұмысын  түпкілікті  әрі 

нәтижелі  етіп  жүргізуге  баса  көңіл  бө-

лінсе,  онда  нәтижеге  қол  жеткізілетіні 

анық.  Соның  ең  бастысы-қажетті  кадрлық 

әлеуетті  қалыптастыру,  мемлекеттік  тілде 

іс-жүргізудің материалдық-техникалық база-

сын  жасау  сияқты  маңызды  іс-шаралар дың 

тиісінше  қамтылғаны.  Қазақстан  Рес пуб-

ликасындағы  Тіл  туралы  Қазақстан  Рес -

публикасы ның  Заңын,  Қазақстан  Рес пуб-

ликасы  Президентінің  “Тілдерді  қолдану 

мен  дамытудың  2001-2010  жылдарға  ар-

нал ған  мемлекеттік  бағдарламасы  туралы” 

2001  жылғы  7  ақпандағы  №550  Жарлығына 

сай,  Қазақстан  Республикасының  Ішкі  іс-

тер Министрі, облыстық ішкі істер де пар

  

та-


менттері  және  аудандық  ішкі  істер  бөлім-

дері  мен  бөлімшелері  іс  қағаздарын  жүр-

гізуді  кезең-кезеңімен  мемлекеттік  тілге 

көшіру  кестесіне  сәйкес  Қармақшы  АІІб 

мемлекеттік  тілге  толықтай  көшірілді.  Кіріс 

және  шығыс  құжаттары  қазақ  тілінде  тір-

келіп  жолданады.  Қазіргі  уақытта  жалпы 

13908  кіріс  құжаты  тіркеліп  тұрса,  оның 

13880  мемлекеттік  тілде  тіркеліп  тұр.  Жұ-

мыс  жоспарлары,  семинарлық  сабақтар, 

же  дел  кеңес  хаттамалары  мемлекеттік  тіл-

де  жүз еге  асырылады.  Іс  қағаздары  қазақ 

ті лін де  жүргізіліп,  дұрыс  толтырылуы  қа-

дағалануда.  Мысалы,  қазақ  тілінде  барлық 

іс-құжаттар,  қылмыстық,  әкімшілік  істер, 

сот  сараптама  қаулылары,  сонымен  қатар 

жергілікті  мемлекеттік  органдармен  қазақ 

тілінде  хат-хабар  алмасу  жолға  қойылды. 

Соны мен қатар, тек қана орыс тілінде түскен 

іс тер  ғана  сол  тілде  тіркеліп,  қаралады.  Ту-

ған  тіліміздің  биік  мәртебесі  үшін  тер  төгу-

азаматтық  парызымыз.  Өйткені,  тіл-  ха лық -

тың  жаны,  ары,  абыройы.  “Тілдерді  қол-

дану  мен  дамытудың  2011-2020  жылдарға 

ар налған  мемлекеттік  бағдарламасының” 

шығуы  ана  тілімізді  ардақтаудың  алтын  қа-

зығы.  Олай  болса,  құдіретті  домбыраның 

үніндей қазақ тілі түрі басқа болса да тілегі 

бір,  жүзі  басқа  болса  да  жүрегі  бір  барша 

қазақстандықтардың ортақ тілі болғандықтан 

қолдану  аясын  одан  әрі  дамыту  әрбір 

азаматтың негізгі міндеті деп білемін.



З.ТІЛЕУБЕК,

АІІб-нің ӘПБ Ювеналды полиция 

тобының мектеп инспекторы, полиция 

капитаны.

Туған тілге-к

ең тыныс

ТІЛ МӘРТЕБЕСІ 



 ЕЛ МӘРТЕБЕСІ



Қазақтың Тоғым ханы бір шайқаста елі 

мен жерін қорғау жолында тоғыз ұлымен 

бірге мерт болған

Дубай!  Оны  “Бір  қала-бір  ел” 

деп  атаса  да  болады.  Біріккен  араб 

әмірліктерінің  құрамындағы  Дубай  Таяу 

Шығыстағы  ең  ірі  сауда,  финанс  және 

туристік  орталықтардың  бірі.  Мұнда 

келіп- кетіп жатқан шетелдік адамдардың 

қисабы  жоқ.  Олардың  саны  бір  жылда 

шамамен 7 млн. адамға жуықтайды деген 

дерек бар.

Елдің  өткеніне  қысқаша  шолу 

жасасақ, ондағылардың кәнігі кәсібі-інжу 

өндіріп, соны саудаға шығарумен күнкөріс 

еткендіктеріне көз жеткіземіз. Алайда ол 

тірлік  ұзаққа  созылмапты.  Жапонияда 

жасанды інжу өндірісі басталысымен- ақ 

әлгі кәсіп түрі тоқырауға ұшырап, ондағы 

арабтар  басқа  пайда  көзін  іздестіре 

бастаған  көрінеді.  Көп  ұзамай  оның  да 

жолы табылыпты. Ол-мұнай өндірісі еді. 

Арабтардың  “Мұнайы  бардың-  Құдайы 

бар” дейтіні де содан болар.

Бүгінгі  таңда  Дубай  реэкспортер  ел. 

Бұл жағынан ол Гонконг пен Сингапурдан 

кейін  үшінші  орында  тұр.  Осындай  

орасан  зор  сауда-  саттықпен  Дубай  күн 

санап гүлденіп, көркейе түсуде. Дубайдың 

панорамасы  көз  жауын  аларлықтай 

керемет  деседі.  Жақында  Нұрай,  Арай 

есімді  екі  немерем  ата-анасымен  бірге 

сонда  бес  күндік  туристік  сапармен 

болып қайтқан еді. Бүлдіршіндердің әкесі 

Ғалымжан Қалдыбекұлы былайша әңгіме 

шертті:


-Сәбилерімнің қандай әсерде болғаны 

мен  үшін  жұмбақ.  Ол  қалада  бұрын  да 

бірнеше  рет  болғаныммен,  әр  сапардан 

ерекше  әсермен  оралатыным  әлі  күнге 

дейін есімде. Сталагмит кескіндемесімен 

тұрғызылған көк тіреген көрікті ғимарат 

Бурдж  Халифаның  өзі  не  тұрады!  Ол 

әлемдегі  ең  зәулім  құрылыс.  Биіктігі 

828  метр,  163  қабаттан  тұрады.  Ұзын 

саны  58  лифт  онда  келгендерді  жоғары-

төмен  шығарып-түсіріп,  үздіксіз  қызмет 

атқарады. 

Көп  адам  жиналатын  сол  сәулетті 

ғимарат  жанында  атқылаған  су  ағынын 

150  метр  биіктіккке  дейін  жеткізетін 

саз  әуенді  фонтан  орналасқан.  Ол  да 

дүниедегі  теңдессіз  фонтан  саналады. 

Сауда, 


ойын-сауық 

орталығында 

орналасқан  аквариум да ғажайып сәулет 

өнерінің бірі.

Дубайда  туристерді  таң  қалдырып, 

таңдай  қақтыратын  көріністер  аз  емес. 

Ол қала ең ыстық ендікте орналаса тұрса 

да,  Ski  Dubai  деп  аталатын  жабық  тау 

шаңғысы курорты жұмыс істейді. Орасан 

зор құрылыстың жалпы көлемі 22,5 мың 

шаршы метр. Алаң эквиваленті үш футбол 

алаңына  тең.  Оның  аумақты  алаңы  жыл 

бойына  жасанды  қар  жамылып  жатыр. 

Құдды жердегі жұмақ десе де болғандай.

Метрополитен,  су  үсті  трамвайы 

мен  монорельсті  трамвай  жолдары, 

теңіз  порттары  Дубайдың  өндірістік- 

техникалық әлеуетін айғақтай түсетіндей 

керемет жетістіктер.

Жасанды  пальма  аралдары  қаншама! 

Бұрын  шөлстан  болған  жер  гүлстанға 

айналғандай.  Дубай  таңғажайыптарын 

сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оны 

көзбен көру керек!-деп әңгімесін аяқтады 

Ғалымжан. 

Немерелерім  Нұрай  мен  Арай 

Дубайдан 

оралысымен-ақ 

олармен 

жүздесуге  асықтым.  “Алты  жасар 

бала  алыс  сапардан  келсе,  алпыстағы 

шал  сәлем  береді”  деген  ата-баба 

салты  бар  емес  пе?  Қолдарын  қысып, 

беттерінен  сүйдім.  “Көрер  қызықтарың 

таусылмасын!” деп ақ батамды бердім. 

-Дубайдың  климаты  тым  ыстық 

деуші еді. Ол сәбилердің жүріп-тұруына 

қолайсыздықтар туғызған жоқ па?

-Жәдді,  дәлу  айлары  (желтоқсан, 

қаңтар)  ең  қолайлы  маусым.  Ондағы 

орташа 

температура 



+19 

градус  


шамасында болады. Кәдімгі жаздағыдай,-

деп жатты балалардың ата-аналары. 

Ертегідей  Дубай  елінің  таң-тамаша 

қызықтары балғын сәбилердің жүрегінде 

ұзақ сақталары сөзсіз...

Рашид ЖАРЫЛҚАСЫНОВ.  

ДУБАЙ 


ТАҢҒАЖАЙЫПТАРЫ

Әлем айшықтары

Туристердің көзімен

Қармақшы  аудандық  сотында  2014 

жылдың  12  айында  130  қылмыстық  іс  145 

адамға қатысты түсіп, оның 123 қылмыстық 

ісі  138  адамға  қатысты  аяқталса, 

азаматтардан  771  талап  арыз  түсіп,  оның 

730 талап арызы бойынша іс қозғалып, 732 

ісі аяқталды. 

Сонымен  қатар,  өткен  жылы    646 

әкімшілік  іс  түсіп,  597  іс    598-адамға 

қатысты қаралды. 

Аудандық сотта 2013 жылдың 12 айында 

128    қылмыстық  іс  150  адамға  қатысты 

түсіп, оның 125 қылмыстық ісі 147 адамға 

қатысты  аяқталса,  азаматтардан  521  талап 

арыз түсіп, оның 447 талап арызы бойынша 

іс  қозғалып,  437  іс  аяқталған.  Сондай-ақ, 

748  әкімшілік  іс  түсіп,  642  іс  643  адамға 

қатысты қаралып, аяқталды. 

Аталған  мерзімді  салыстыра  қарағанда 

аяқталған азаматтық істер бойынша істердің 

қаралу  көрсеткіші  биыл  295  іске  көбейсе, 

әкімшілік  істер  өткен  жылдан  45  іске, 

қылмыстық  істер  бойынша  2  іске  азайып 

отыр. 

Ал,  енді  аудандық  сотта  қаралған 



қылмыстық істерге келер болсақ, аудандық 

соттың  өндірісінде  2014  жылдың  12 

айында  130    қылмыстық  іс  145  адамға 

қатысты  келіп  түсіп,      1  қылмыстық  іс, 

4  адамға  қатысты    соттылығы  бойынша 

жолданды. 4 қылмыстық іс 4 адам бойынша  

сотталушыларды  іздеу  жариялау  бойынша 

жолданып,  сотқа  дейінгі  жеңілдетілген 

өндіріс  хаттамасымен  4  қылмыстық  іс  4 

адамға  қатысты  ҚІЖК-нің  325-бабына 

сәйкес  прокурорға  кері  қайтарылды. 

Қаралып,  аяқталған  қылмыстық  істердің 

38  қылмыстық  ісі  45  адамқа  қатысты  

үкім  шығып,  оның  ішінде  9  адам  бас 

бостандығынан  айыру  жазасына  кесілді.  

3  адамға  қатысты    айыппұл  салынып,  19 

адамға қатысты шектеу жазасы қолданылды, 

14 адамға қатысты шартты жаза белгіленген. 

Ал, 76 іс 81 адамға қатысты қылмыстық 

іс қысқартылған. 

Сонымен  қатар,  аудандық  сотта 

Медиация  туралы  заңды  қолданған  істерге 

тоқтала  кетер  болсақ,  2014  жылдың  12 

айында  «Медиация  туралы»  Заңының 

тәртібімен  шешу  мақсатында  кәсіпқой 

емес медиатор көмегімен 16 қылмыстық іс 

қаралып,  өндірістен  қысқартылса,  12  айда 

аяқталған  123  қылмыстық  істің  ішінде 

аудио-бейне жазба қондырғысы арқылы 101 

қылмыстық іс қаралып, қазіргі таңда ол  82 

пайызды  құрап отыр.

Сондай-ақ,  онша  ауыр  емес,  орташа, 

ауыр санаттағы қылмыстық істер бойынша 

жаза тағайындау тәжірибесі бойынша  2014 

жылы  онша  ауыр  емес    санатта  11  іс  11 

адам бойынша 2 адамға айыппұл, 4 адамға 

бас  бостандығынан  шектеу,    1  адамға  бас 

бостандығынан  айыру  жазалары  және    4 

адамға  қатысты  шартты  жаза  қолданылса, 

орта  дәрежелі  санатта  19  іс  22  адам 

бойынша  1  адамға  қатысты    айыппұл,  14 

адамға бас бостандығынан шектеу, 1 адамға 

бас бостандығынан айыру жазалары және 6 

адамға қатысты шартты жаза қолданылған. 

Жоғарғы  сатыда  қылмыстық  істерді  қарау 

тәжірибесі аясында  2014 жылдың 12 айында 

облыстық  апелляциялық  сот  алқасында  

қаралған  істер  бойынша    апелляциялық 

сатыда 5 іс  қаралып, 1 іс  өзгертіліп, 4 үкім 

өзгеріссіз қалдырылды. 

Аудандық  сотта  қаралған  азаматтық 

істер  жайлы айтар болсақ, 2014 жылы жеке 

және  заңды  тұлғалардан  түрлі  нысанда 

771  талап  арыз  түсіп,    730  талап  арыз 

бойынша  азаматтық  іс  қозғалды,  оның 

нақты  аяқталғаны  732-іс.  4  арыз  өндіріске 

қабылдаудан  бас  тартылса,  35  талап  арыз 

бойынша іс құжаттар кері қайтарылды. 

Аудандық сотта аудио-бейне жазбалары 

бойынша  қаралған  732  азаматтық    істің 

ішінен 74 сот бұйрығын алып тастағанда 658 

істің 538 ісі аудио-бейне жазба қондырғысы 

арқылы    қаралып,  қазіргі  таңда  ол    81  %  

құрап отыр.

БААТЖ бағдарламасының «арыздардың 

тіркелгендігі  туралы  212  талон  беріліп, 

қазіргі таңда 100 % құраса, құпия кілт 195 

адамға берілген.

Ал,  енді  әкімшілік  істер  бойынша 

мәліметке  келсек,  2014  жылдың  12 

айында  аудандық  сотта  646  әкімшілік  іс 

түсіп,  ӘҚБтК-нің  34  әкімшілік  ісі    кері 

қайтарылды.  597  әкімшілік  іс  598    адамға 

қатысты  қаралып,  478    әкімшілік  іс 

бойынша әкімшілік жаза қолданылды, яғни 

22 әкімшілік іс бойынша ескерту, 198 құқық 

бұзушыға  айыппұл,  148  құқық  бұзушыға 

қатысты  әкімшілік  қамау  түріндегі  жаза 

қолданылып, 110 құқық бұзушыға қатысты 

көлік  жүргізу  құқықтарынан  айырылды. 

Ал,  қысқартылған  әкімшілік  істер  жайына 

тоқталар болсақ,  120 әкімшілік іс өндірістен 

қысқартылып,  оның  ішінде    9  әкімшілік 

іс  67  бабымен,  1  іс  68  бабымен,  32  іс  69 

бабымен  70  құқық  бұзушы  71-1  бабымен, 

580  бабымен 6  құқық бұзушыға     қатысты 

әкімшілік істер өндірістен қысқартылды.

Жоғарғы  сатыда  істердің    қаралу 

тәжірибесі  бойынша  2014  жылдың  12 

айында  апелляциялық  сот  алқасына 

шағыммен  5 әкімшілік іс жолданып, оның 

4 әкімшілік ісі бойынша қаулысы өзгеріссіз, 

құқық  бұзушылардың    апелляциялық  ша-

ғым   дары    қанағаттандырусыз  қалд ырылса,  

1  әкімшілік  іс  прокурордың  на ра зылы-

ғымен    апелляциялық  сот  алқасында    сот 

қаулысының күші жойылды.

2014  жылдың  12  айында  қаралған  597  

әкімшілік  істің  405  іс  аудио-бейне  жазба 

қондырғысы арқылы қаралып, қазіргі таңда 

қарау көрсеткіші 67,83 % құрап отыр.

2014-2013  жылдың  12  айындағы 

әкімшілік  істер  бойынша  597  әкімшілік 

істің  48 іске жеке қаулы, ал 2013 жылдың 

12 айында қаралған 642 әкімшілік істің  45- 

іске жеке қаулы қабылданған.

Қармақшы  аудандық  сотының  судь-

ялары мен сот қызметкерлері арасында бұ-

қара лық  ақпарат  құралдарына  мақалалар 

жариялау,  насихаттау  жұмыстарын  жүргізу 

мақсатында  жұмыс  жоспары  жасалып 

бекітілген.  Аудандық  соттың  жасалған 

жоспарына  сәйкес  2014  жылдың  12  айына  

40-қа  жуық  мақала  аудандық,  облыстық, 

республикалық  басылым беттерінде жарық 

көрді. 


Қ.АБДУЛЛАЕВ, 

аудандық соттың төрағасы.

АУДАНДЫҚ СОТ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Отан қорғау - абыройлы міндет

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТЕН 

ЖАЛТАРҒАНДАР ЖАЗАЛАНАДЫ

Отанды  қорғау,  Отан  алдындағы  әскери  міндетін  өтеу 

әрбір азаматтың абыройлы борышы.

Солай  бола  тұра  қол-аяғы  балғадай,  дені  сау  әскер 

жасындағы кейбір азаматтардың Отан алдындағы борышын 

өтеуден қашқақтайтыны жасырын емес.

Осыған орай, аудан тұрғындарының және әскер қатарына 

шақырылушылар мен әскери міндеттілердің назарына 2015 

жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының 

Қылмыстық  Кодексіне  енгізілген  өзгерістер  мен  толық-

тырулар өз күшіне енгенін жеткіземін.

Өзгерістерге  байланысты  “Әскери  қызметтен  босатуға 

заңды негіздер болмаған кезде осы қызметке шақырылудан 

жалтару-бір  мың  айлық  есептік  көрсеткішке  дейінгі 

мөлшерде  айыппұл  салуға,  не  сол  мөлшерде  түзеу 

жұмыстарын бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан 

шектеуге, не сол мерзімге бас-бостандығына айыруға жаза-

ланады”.


Сонымен  қатар,  “Өзінің  денсаулығына  зиян  келтіру 

арқылы,  аурумын  деп  өтірік  сылтаурату  жолымен,  жалған 

құжат  жасап  немесе  өзге  де  алдау  арқылы  жасалған  дәл 

сондай  іс-әрекет  -  үш  мың  айлық  есептік  көрсеткішке 

дейінгі  мөлшерде  айыппұл  салуға,  не  сол  мөлшерде 

түзеу  жұмыстарына  немесе    үш  жылға  дейінгі  мерзімге 

бас  бостандығынан  шектеуге,  болмаса  сол  мерзімге  бас 

бостандығынан айыруға жазаланады”.

Ал,  егер  әскерге  шақырылушы  тергеп-тексеру  органы 

істі сотқа бергенге дейін әскерге шақыру пунктіне өз еркімен 

келсе, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Осыған  байланысты,  әскерге  шақыру  кезінде  әскерге 

шақырылушы  әскери  қызметтен  жалтарған  жағдайда  осы 

бап  бойынша  қылмыстық  жауапкершілікке  тартылатын 

болады.

                                                    Н. БЕРДІБЕКОВ,

аудандық қорғаныс

      істері жөніндегі бөлім бастығы, майор.

Әбекеңнің 

балалық 

шағы 


өзінің  кіндік  қаны  тамған  “Ақжар” 

ауылында  өтті.  Жазмыштан  озмыш 

жоқ,  басқа  түскенді  қабырғасы 

қайыса 


көтеру-ерлікпен 

пара-


пар.  Әкеден  ерте  қалды,  анасы 

Тәти  шешеміз  әкенің  жоқтығын 

балаларына  сездірмеді.  Бала  да 

болса Әбдірасыл мен Мүтал алдына 

алып,  мәпелеп,  айналайын,-деп 

маңдайынан иіскеп, емірене сүйетін 

әкеңнің  жоқ  екенін  білдірмей  ерте 

есейді, ерте қатайды. Бұл сол кездің, 

сол  кездегі  елде  соғыс  қасіреті  бел 

алған  кезеңдердің  балаларына  тән 

құбылыс болғаны тосын жағдай емес 

екені белгілі.

Әбдірасыл  №26  қазақ  орта 

мектебін  1957  жылы  бітіргеннен 

кейін  ә  дегеннен  алып-ұшып  алыс 

қалаға  үлкен  оқу  орындарына 

бара  алмады.  Отбасы  жағдайының 

көтермейтініне  анық  көзі  жеткен  ол 

Қарағанды қаласындағы техникалық 

училищеге 

түсіп, 

оны 


1959 

жылы  дәнекерлеуші  мамандығы 

бойынша  бітіріп,  өзінің  туған  жері 

Қармақшыға  оралып,  аудандағы 

сол  кездегі  іргелі  мекеме  саналатын 

“Казсельхозтехника”  мекемесінде 

өз  мамандығы  бойынша  жұмыс 

жасады.


  Әбекең  ол  кезде  шаршауды 

білмейтін.  Оның  өмір  жолын 

зерделеп  қарар  болсақ  бәрін 

төменнен  бастағаны  көрініп-ақ 

тұр  емес  пе?  Ең  қуаныштысы 

анасы  Тәти  шешеміз  еш  уақытта 

бір  Алланы  аузынан  тастамай, 

ұлының  кез  келген  талабына  ақ 

батасын  беруден  шаршаған  емес. 

Сөйтіп,  Әбекең  Көкшетау  облысы 

Шучинск қаласындағы бухгалтерлік 

курсқа  барып,  оқуға  түсіп,  оны 

1962  жылы  бітіріп  шығып,  өзінің 

алғашқы  жұмысын  осы  аудандағы 

“Қармақшы” 

қой 


кеңшарында 

бухгалтер  болып  бастап,  1963 

жылы аудандағы ірі сауда орталығы 

аудандық 

тұтынушылар 

одағы 


басқармасында 

есепші 


болып 

жұмысын  одан  әрі  жалғастырды. 

“Болар  бала  он  бесінде  баспын 

дер”  деген  ұлағатты  нақылдың 

қазақ  жадында  жатталып  келе 

жатқанына  да  талай  ғасыр  өткен 

болар.  Бүгін  еккен  талшыбықты 

дұрыстап  күтіп  мәпелесең,  ол-

ертеңгі  мәуелі  бәйтерек.  Бұл-

өмірде  дәлелденген  шындық.  Адам 

баласы  да  сол  талшыбық  секілді 

күтсең,  тәрбиелесең  таудай  болып 

өсіп,  туған  елінің  тұлғалы  азаматы 

болып  шығады.  Жан-жағымызға 

көз  жіберіп,  үңіліп,  зерделеп 

қарайықшы,  тіпті  қасыңда  күнде 

бірге  жүрген  пенденің  де  жүріп 

өткен  жолына  сәл  тереңірек  үңіліп 

көз  жіберіп  көріңізші.  Әрбірінің  әр 

қилы өсу жолдары бар екені-өмірдің 

өзі  дәлелдеген  шындық  демей,  не 

дейміз.


Мен  өзім  “Ленин”  кеңшарында 

туып, сол жердегі №29 орта мектепті 

бітіріп, 

отбасыма 

байланысты 

жоғары  оқу  орнына  бірден  бара 

алмай,  сол  ауылда  механизатор 

болып  жұмыс  жасап  жүрген 

уақытымда  бізге  көршілес  үйге 

Әбдірасыл,  анасы  Тәти,  жұбайы 

Тазагүл 2-3 баласымен көшіп келіп, 

қоныстанғаны  -  әлі  күнге  есімде. 

Бұл  менің  шамалауымда  1965 

жылдар  болуы  керек.  Мен  Әбекең 

мен  Тазагүл  жеңгемізді  жарты 

ғасырдан  бері  бері  білемін  десем 

және  осы  күнгі  азамат  болып  түрлі 

салада жұмыс жасап жүрген олардан 

тараған балаларының барлығы менің 

көз алдымда өмірге келіп, ержеткені 

жасырын емес.

Сол  кездерде  Әбекең  –  бар 

болғаны  25  жастағы  жас  жігіт, 

Тазагүл жеңгеміз болса – уылжыған 

жас  келіншек.  Тазагүл  жеңгеміз  өте 

қарапайым,  ашулануды,  шаршауды, 

адам 

жатырқауды, 



алалауды 

білмейтін,  өте  қонақжай  кісі  екенін 

сол  кездің  өзінде  байқайтын  едім. 

Анам  марқұм  осындай  Тазагүлдей 

келінім  болса,-  деп  көп  айтып 

отыратыны  да  есімде  қалыпты. 

Сол  уақыттардың,  сол  кезеңдердің 

“Ленин” кеңшарындағы елге белгілі 

ақсақалдары, шежіре, сөз шеберлері, 

ақын,  жыраулары,  күйшілері  мен 

әншілерінің  басы  түгел  кезеңі 

болған  уақыт  екен  ғой,  жарықтық,-

деп  таңданбасқа  амалым  жоқ. 

Себебі,  Әбекеңнің үйінде олар жиі-

жиі  бас  қосатын.  Мен  көрші  інісі 

болғандықтан сол кісілердің қолына 

су  құйып,  талай  тамақтарын  турап 

беріп,  қызмет  жасап  едім.  Әсіресе, 

атақты  шежірші,  әрі  жырау,  ақын 

Үбісұлтан  ақсақал  әңгіме  айтқанда 

ол кісінің әңгімесін бір адам бөлмей, 

отырған  бөлмеде  шыбын  ызыңы 

естілетін  тыныштық  орнайтынына 

таң қалатын едім. Әбекең мен Тазагүл 

жеңгемнен  тараған  балалар    түгел 

дерлік  сол  ауылда  дүниеге  келді. 

Олардың  барлық  жастық,  барлық 

өмірге  құштар  нағыз  өмір  сүруді 

үйренген  кезеңдері  сол  ауылда  өтті 

десем артық айтқандық болмас еді. 

Кейін  Ә.Қойшыбаев  бақылау-

тексеру  басқармасында  ұзақ  жыл 

жемісті қызмет жасады.

Бірде 


Алматы 

қаласынан, 

жайсыз,  тосын  бір  хабарға  сәйкес 

жолымыз  бірге  түсті.  Қоғам  және 

мемлекет  қайраткері,  Әбекеңнің 

өмірлік  ұстазы,  кезінде  сонау 

Мәскеу  қаласындағы  Тимирязов 

академиясының  түлегі,  Әбекеңнің 

туған  жездесі  Спанов  Кәмидің 

туған  інісі,  кезінде  Республиканың 

Көкшетау 

облысында 

бірнеше 

аудандарды  басқарып,  кейіннен  сол 

Көкшетау  облыстық  Кеңесі  атқару 

комитеті төрағасының 1-орынбасары, 

Қазақ  ССР  Министрлер  Кеңесінің 

Ауыл 


шаруашылық 

бөлімін 


басқарған,  одан  кейін  Қазақ  ССР 

Ауыл  шаруашылығы  министрінің 

бірінші  орынбасары  болып  ұзақ 

жылдар  жұмыс  жасап,  Қарағанды 

облыстық 

партия 


комитетінің 

2-хатшысы,  “Васхнилдің”  бірінші 

орынбасары, 

ғалым, 


Қазақ 

ауылшаруашылық 

экономикасы 

институтының  директоры  болып 

жемісті  жұмыс  жасап,  Одақтық 

дәрежедегі  зейнеткерлікке  шыққан 

Әбдуәли 

Спановтың 

қазасына 

байланысты  болған  еді.  Әбдірасыл 

ағаның  көптен  бері  екі  аяғын  тік 

басып  жүре  алмайтын  науқасқа 

шалдыққанына  біраз  уақыт  бола 

тұрса да мен Әбекеңмен хабарласқан 

кезімде  қайткен  күнде  де  ол  кісінің 

қазасына  баратыны  жөнінде  айта 

келіп,  жүретін  уақытын  шұғыл 

белгілеп,  сол  уақытта  Әбекеңнің 

баласы  Алматты  машина  руліне 

отырғызып, жүріп кеткен едік. 

Біз  межеленген  уақыттан  ерте, 

түнімен  жүріп  отырып  Алматы 

қаласына  жеттік.  Бүкіл  өзінің 

саналы  ғұмырын  Қазақстанның 

өсіп-өркендеуіне жұмсаған, алғашқы 

Республикада  тың  игерушілердің 

алдыңғы  сапынан  орын  алатын 

Әбдуәли 


Спановтың 

қазасына 

Қазақстан 

Республикасының 

жер-жерінен 

келген 


еңбектес 

достары,  әріптестері  ақ  жауып, 

арулап 

шығарып 


салғанының 

Әбекең  екеуіміз  куәсы  болып  едік. 

Әбдуәли  Спанов  ағамызға  берілген 

қонағасында сыйымдылығы 500 кісі 

болатын  дәмханада  отыруға  орын 

болмады.  Бірнеше  Одаққа  белгілі, 

қоғам,  мемлекет  қайраткері  сол 

Тимирязов  академиясында  бірге 

оқыған  достары,  әсіресі,  Еркін 

Нұржанұлы  Әуелбековтің  жары 

Күлше апай құрақ ұшып, өзі жүгіріп, 

қызмет  жасап  жүруі  Әбдуали 

Спановқа  деген  шын  достықтың, 

шын  жанашырлықтың  белгісі  деп 

түсінген  едім.  Әбекеңнің  науқасы 

өзіне қанша батқанымен, сол ағасына 

деген,  ұстазына  деген  ықыласының 

өте  жоғары  екенін  бірге  болған  сол 

сапарымда байқап едім. 

Бір әңгімені бір әңгіме қозғайды 

демекші,  Қармақшы  ауданы  үшін 

өзіндік  қолтаңбасы  бар,  көп  уақыт 

Қармақшы  аудандық  ардагерлер 

кеңесін басқарған Нұржігіт Нақыпов  

ағамыз осы аудандағы №2 Қармақшы  

ауданының  “Құрметті  азаматы” 

атағын  алған  қадірменді  ағамыз 

Болатбек Сүлейменов жөнінде әңгіме 

айтып еді. Нұржігіт ағай осы Жосалы 

кентінде Бөкең тұратын үйге жақын 

жерде бірге тұрғанын, Бөкеңнің әкесі 

ел  сыйлаған  Сүлеймен  ақсақалдың 

көзінің тірі уақыты екенін, ол кісі өте 

ірі,  денелі,  салмағы  ауыр,  екі  аяғын 

басып жүре алмайтын болғанын айта 

келіп,  Болатбек  сол  кісінің  Жосалы 

кентінің қайбір түкпірінде болмасын 

арнаулы Сүлекең ақсақал шақырыла 

қалса,  Бөкең  әкесін  өзі  арқалап, 

сол  жерге  жеткізіп,  ол  кісі  қашан 

қайтамыз  дегенше  күтіп  отырып, 

қайтадан  арқалап  алып  қайтатынын 

Нұрекеңнің  жыр  қылып  айтқанын 

жас  кезімде  естіп,  осы  ұлағатты 

әңгіме  менің  мәңгі  есімде  қалғаны 

жасырын емес. Міне, мен Әбдірасыл 

ағаның  баласы  Алматбектің  де 

бойынан осындай қасиеттерді көріп, 

әкені  құрметтеуге,  қастерлеуге, 

сыйлауға  байланысты  жасалған 

көпке  үлгі  боларлық  адамилық 

қызметі,  -деп  түсіндім.  Менің  бұл 

өз  көзіммен  көрген  1-2  күндік 

қана  сәттерім.  Ал,  Алматбек  әкесі 

Әбдірасыл  үшін  Әбекең  ауырған 

жылдарлан бергі әкесіне жасап келе 

жатқан  балалық  борышының,  әке 

алдындағы парызының өтеуі демеске 

амалымыз  жоқ.  Сондықтан  болар 

Әбекең  науқастың  азабын  көптен 

тарқанымен  әлі  ширақ,  әңгімесі 

нық екені, осы Алматбек пен үйдегі 

келіннің  ата-анаға,  әкеге  деген 

шын  ілтипаты  мен  ықыласы  деп 

білемін.  Ал,  Әбекеңнің  де  қаншама 

уақыт  бойы  отырып  қалғанымен 

балаларының  әкесін  құрметтеп, 

әлдилеуі  Әбекеңнің  өмірін  ұзартып, 

көрер  қызығының  мол  болуына 

ықпал еткенін көзіміз көрді. Әбекең 

әңгіме  арасында  өзінің  өмір  жолын 

бастаған 

уақыттарында 

елге 


танымал  ағалары-Аяған  Cералиевті, 

Нұржігіт 

Нақыповты, 

Әбен 


Ниетбаевты,  Қаратай  Қуаңбаевты, 

Іляс  Мырзақұловты  үнемі  айтып 

отырушы еді, жарықтық. 

Әсіресе,  “Қызылқұм”  сауда 

мекемесін  басқарған  шақтарын, 

шопандарға  жасаған  мемлекеттің 

қамқорлығын  қайта-қайта  айтып, 

есіне  алып  отыратын.  “Жаңақала” 

кеңшары  халқының  қалыптасқан 

тәрбиесіне  тәнті  болып  отыратын  

еді, марқұм ағамыз Әбекең.




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет