Газет 1934 жылѓы 1 ќазаннан шыѓады



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата10.01.2017
өлшемі2,74 Mb.
#1582
  1   2   3   4   5   6

Газет  1934 жылѓы  

1 ќазаннан  шыѓады

Аќсу аудандыќ ќоѓамдыќ - саяси газет

ДОСТЫЌ, БІРЛІК, ЫНТЫМАЌ!

№16 (9701)



18 сәуір


жұма


2014  жыл.

БАЃАСЫ  КЕЛIСIМДI  

АуылдА 

Облыста 

ауданда

қазақстан халық ассамблеясының XXI сессиясы өтті



Өзара 

алауыздық 

пен 

жан-жаққа 

тартқан 

берекесіздік  талай  елдің  тағдырын  құрдымға 

жіберген.  тіршілік  тезіне  тӨтеп  бере  алмай,  жер 

бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.

біз Өзгенің қателігінен, Өткеннің тағылымынан 

сабақ ала білуге тиіспіз. 

елдің  болашағын  барша  халықпен  бірге 

жасаңыздар!

н.Ә.назарбаев.

қауырт шақтағы 

қарбалас

Егін 


шаруашылығында 

суды  көп  қажет  ететін 

тиімділігі  төмен  дақылдар 

көлемін 


қысқарту, 

олар-


ды  көкөніспен,  майлы  және 

азықтық  өнімдермен  алмас-

тыру  жолына  бет  бұру  ке-

рек  деді    Елбасы  Қазақстан 

халқына  Жолдауында.  Қар 

кетіп  жер  ашылғанын  пай-

даланып  «Көктемнің  бір  күні 

– бір жылға азық» - деген ба-

балар сөзін жадында ұстаған 

дала  диқандары  көктемгі 

егіс  науқанын  қауырт  бастап 

кетті.  Биыл  ауа  –  райыда 

қолайлы  болып  қар  астынан 

еріп, жерге жақсы сіңді. Күзде 

жерге  сіңірген  1650  га  күздік 

бидай  жерге  көрік  беріп  тұр. 

Ауылшаруашығы  бөлімінің  7 

сәуірдегі мәліметіне сүйенсек, 

жыртылуға  тиісті  19410  га 

жердің  қазіргі  таңда  16600 

га  жер  жыртылып,  15790  га 

жер  тегістелді.  Жаздық  дәнді 

дақылдар  себу  басталып, 

бүгінгі  10000  га  жаздық  арпа 

себілсе,  жаздық  бидай  себу 

қолға алынуда.



тұрғын үй кешені 

салынады

Бүгінгі  тәуелсіз  Қазақстан  –  талантты, 

жігерлі,  өз  мақсатынан  таймайтын,  арманға 

бай  және  оны  бар  күш-қайратымен  жүзеге 

асыра алатын жастардың мекені.  Аудандағы  

жастардың  ресурстық  орталығы  мен  «Жас 

Отан»  жастар  қанатының  мүшелері  «Жа-

Жастар- таза ауыл 

үшін

сыл ел» қозғалысының жұмысына белсене араласуда. Аудан әкімінің  елді 

мекендерді  көгалдандыру,  тазалық    айлығын  жүзеге  асыруда  жастар  қызу 

қолдау көрсетіп, белсенділік танытуда. Соның дәлелі ретінде   2014 жылдың  

9 сәуірі   күні Қызылағаш ауылында  «Жас Отан» жастар қанатының және 

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағының бастамасымен «Таза  сәрсенбі» ая-

сында    қоршаған  ортаны  қорғап,  ауылды  көркейту  мақсатында  орталық 

саябақта  500 түп көшет отырғызылды. Сенбілікке  ауыл ардагерлері, партия 

белсенділері, тұрғындар  барлығы  500-ге жуық   адам  қатысты. Көшелер 

тазаланып, қоқыстар шығарылды.  Шараның басты мақсаты – жастар ара-

сында  отансүйгіштік,  экологиялық  және  эстетикалық  тәрбиені  насихаттау, 

жасақшылардың жұмысқа деген ынтасы мен талпынысын қалыптастыру бо-

лып табылды.  

                                                                      



 З.КесіКбАевА, 

аудандық партия филиалының  есеп  және  

 статистика  бөлімінің меңгерушісі.

Елбасы 


Нұрсұлтан 

НАЗАР-


БАЕВ  халыққа  арнаған  Жолдау-

ында  жыл  сайын  елімізде  кем  де-

генде  6  млн.  шаршы  метр  жаңа 

үй  пайдалануға  берілуі  керектігін 

тапсырғандығы  белгілі.  Аталмыш 

тапсырмағасәйкес,  тұрғын  үй  салу 

ісіне  жаңа  серпін  беріліп,  баспана 

кешенін  салудың  қарқыны  артатын 

болады. Осыған орай, облыс әкімдігі 

мен "Қазақстан Тұрғын үй - Құрылыс 

Корпорациясы" 

АҚ 


арасында 

мемлекеттік  "Қолжетімді  баспана  - 

2020"  бағдарламасын  бірігіп  жүзеге 

асыру  жөніндегі  меморандумға 

қол  қойылды.  Әлеуметтік  маңызы 

зор  құжатқа  облыс  әкімі  Аңсар 

МҰСАХАНОВ пен "Қазақстан Тұрғын 

үй  -  Құрылыс  Корпорациясы"АҚ 

басқарма  төрағасы  Руслан  КЕНЕ-

БАЕВ  қол  қойып,  маңызды  жобаны 

бірлесе  отырып  жүзеге  асырудың 

тиімді жолдарын талқылады.

Былтырғы  жылдың  аяғында  аудан 

әкімінің  тапсырмасымен  аудан  бойын-

ша  қолға  алынған  «Туыңды  туған  жер-

ге  тік»  акциясы  ауданымыздың  барлық 

ауылдарында  жалғасын  табуда.  Сол  игі 

бастаманың бірі Есеболатов ауылындағы 

Есеболатов  атындағы  орта  мектебінде 

болып 


өтті. 

Мектеп 


ұжымының 

ұйымдастыруымен  дастархан  жасалып 

ауылдың  1965  жылғы  ағаларымыздан 

бастап  кешегі  мектеп  түлектеріне  дейін 

қолдарынан  іс  келеді  деген  азаматтар 

шақырылды.  Алғашқы  сөзді  алған  мек-

теп директоры  Ж.Әлімғалиева мектептің 

жетістіктерін  айта  келе  көптің  көмегін 

қажет ететін мектеп мәселелерін алдыға 

қойды.  Алғашқы  сөзді  алған  ауыл  аза-

маты,  ДОСАФ  «Отан»  мекемесінің  ди-

ректоры,  Аудандық  Мәслихат  депутаты 

Ғ.Мұсабаланов  бастаманы  қолдайтынын 

айтып  кейінгі  жастарды  ауызбіршілікке 

шақырды.  Сонымен  алдымен  мектепке 

қор  ашылатын  болды.  1970  жылғылар 

атынан 

М.Маманбаев 



 

мектептің 

алдыңғы  қоршауын  түгел  жасап  береміз 

десе, 1971 – лер атынан Ш.Ақбаев  мек-

теп  алдына  асфальт  төсейміз  десе 

жастар  атынан  Е.Бейсбеков  көркейту 

мақсатында шыршалар отырғызуға уәде 

берді. 1981 – лер атынан Ә.Мұсабаланов 

мектептің  су  құбыры  жүйесін  күрделі 

жөндеуден  өткіземіз  десе,  Б.Тоқашев 

50000  теңге  қаржы  берді.  Басқа  аза-

маттар  да  мектептің  спорт  залының 

едені,  жиһаздары,  т.б  мәселелерді  өз 

үлестеріне  бөліп  алды.  Соңында  17  ма-

мырда қайта бас қосып шешілмей жатқан 

барлық  мәселелер  толық  шешілетініне 

келісіп  қайтты.  Сол  кезде  толық  жазар-

мыз әзірге осы.



е.сымхАнов.

Туыңды ТуғАн жерге ТіК

Елбасымыздың  Қазақстан  халқына 

Жолдауында шағын және орта кәсіпті да-

мыту бағыты бойынша айтқан сөзі қазіргі 

таңда аудан кәсіпкерлері іске асыруда.

Былтырғы  жылы  аудан  орталығы 

Жансүгіров  ауылында  бұрынғы  «Загад-

ка» бала – бақшасы болған ғимаратында 

кәуап  (шашлык)  сататын  кафе  –  бар-

ды  жеке  кәсіпкер  Гұлнар  Тоғанбаева 

ашқан. Бұл жерге ауыл халқы мен келген 

қонақтар  көптеп  келуде.  Мереке  күндері 

мекемелермен және жеке адамдар алдын  

ала  тамаққа  тапсырыс  беру  бойынша 

келіп,  жақсы  дем  алып  көтеріңкі  шаттық 

көңілдерімен тарасады. Үкімет тарапынан 

2013  жылы  2  миллион  теңге  алып,  осы 

кафе – барды ашты. Қазіргі кезде 3 адам-

ды  жұмыспен  қамтып  отыр.  Келешектегі 

жоспары  Жансүгіров  ауылы  аудан 

орталығы болғандықтан, әр жерінен асха-

на ашып, халыққа қызмет көрсетсем деген 

ойы бар. Кәсібінің – нәсібін көріп, бастаған 

ісіне қажырлы еңбек етуіне тілектеспіз.



Қайрат есенғАрАев.                                                    

Кәсібінің - нәсібі

2 бет

аќсу Өњірі

18 сәуір 2014 жыл

   МұғаліМ  беделі

 

Таяудағы 3 жыл ішінде, 2017 жылға дейін орын жеТіспеушілігін 

жойып, қажеТТі жерлерде елдегі барлық мекТепТі екі ауысыммен 

оқыТуға  көшіру  керек.  ҮкімеТ  пен  әкімдер  осы  міндеТТі  орын-

дау  Үшін  бюджеТ  қаражаТының  бөлінуін  қарасТырғаны  жөн. 

Таяудағы  2-3  жылда  дуальдік,  Техникалық  және  кәсіпТік  білім 

берудің ұлТТық жҮйесінің негізін қалыпТасТыру керек. келешекТе 

жасТардың Техникалық білім алуын мемлекеТТік кепілдендіруге 

көшіруді қарасТыру қажеТ. ҮкімеТке 2014 жылғы 1 маусымға дейін 

осы мәселе бойынша нақТы ұсынысТар енгізуді Тапсырамын.

н.ә.назарбаеВ.

ұстаздық  еткен  жалықпас,

Үйретуден  балаға.

абай

адам ұрпағымен мың жасайды

Қашанда 


ізгілікті 

істерге 


жаны  құмар  Күнішева  Ұлтай 

Шаймерденқызын 

еңбекқор, 

білімді  ұстазын  шәкірттері  де, 

әріптестері де бағалайды, құрмет 

тұтады.


Ол 

Барлыбек 

Сырттанов 

атындағы  орта  мектепте  қазақ 

тілі  мен  әдебиеті  пәнінен  сабақ 

бергеніне  де  39  жылдың  жүзі 

болды.  «Ұстаз  шәкіртімен,  ізін 

қуған 


ізбасарларымен-ұстаз», 

десек  ҰБТ-дің  қорытындысы 

әдебиет  пәні  бойынша  100  пай-

ыз  берсе,  қазақ  тілі  83,6  пайыз 

көрсеткішпен  шығып  отыр.  «Да-

рын» байқауында Тұрсын Ерасыл 

10  сыныптың  оқушысы  І  орынды 

иеленсе, КҒА байқауынан Ақанов 

Асылбек  ІІ  орын  алып,  облыстық 

КҒА жоба байқауында «Алғыс хат-

пен» марапатталды.

Күнішева 

Ұлтай 

Шаймерденқызы 



 

озат 


тәжірбиелі 

мұғалім 


ретінде 

Қ.Қ.Бітібаеваның туған күніне орай 

ұйымдастырылған  халықаралық 

ғылыми конференцияға қатысып, 

озат тәжірибе мектебінің жетекшісі 

Қ.Қ.Бітібаеваның  өз  қолынан  «Ма-

рапаттау» қағазын алды.

Шығармашылықпен 

жұмыс 

істейтін 



мұғалімнің 

өлеңдері 

аудандық, 

облыстық 

ба-

спа  беттерінен  жарық  көрді. 



Шәкірттерінің 

жұмыстары 

республикалық  «Мөлдір  бұлақ» 

журналының  «Алғыс  хаттары-

мен»  марапатталды.  Шығарма 

байқауында  осы  «Мөлдір  бұлақ» 

журналынан  бас  жүлдеге  ие 

болған    Елдос  Тоқтарбай  «Ноут-

бук» сыйлығын ұтып алды. Шәкірті 

қазір  ұстазының  жолын  қуып, 

Ақтау  қаласындағы  С.Торайғыров 

атындағы университетінің студенті, 

журналист,  қазақ  тілі  мен  әдебиет 

пәнінің маманы.

Мектепке 

«Жас 


қалам» 

үйірмесіне 

жетекшілік 

етіп, 


оқушыларды 

шығармашылыққа 

жетелеп,  әдебиеттің  құдіретін,  сөз 

өнерінің  асылын  теруге  баулиды. 

7-8  жыл  бойы  мектепте    «Жалпы 

тілдер»  пән  бірлестігінің  жетекшісі 

міндетін 

атқарады. 

Бірлестік 

мүшелер 


отырысы, 

апталық, 

10  күндік,  «Тіл»  мерекесі  өте 

қызғылықты, ауқымды өтуімен бірге 

қазақ тілінің асыл маржанын шәкірт 

санасына терең ұғындырады. 

Жас 

мамандарға 



да 

өз 


тәжірибесін,  мол  білімін  аямай 

үйретуден  жалыққан  емес.  Ұстаз 

еңбегін саралай берсек таусылмас 

мол қазына дерсің.

Үлгілі ұстаз, аяулы ана, мейірімді 

әже,  асыл  жар  ретінде  Арасан 

ауылының  әр  азаматы  құрмет 

тұтады.


асель  акашеВа, 

   сырттанов атындағы орта 

мектептің тәрбие ісі жөніндегі 

орынбасары.

Арасан ауылы. 



біреудің ала жібін аТТама

(немесе мектепте ер 

балаларға тәрбие беру)

мың жылдығыңды ойласаң - ұрпақ Тәрбиеле

«Мың    жылдығыңды    ойласаң    - 

ұрпақ    тәрбиеле»  деген  қазақ  даналығы. 

Елбасымыздың    «Қазақстан-2050»  стра-

тегиясында:    «Қазақстан  -  қазіргі  заманғы 

мемлекет.  Біздің  мемлекетіміз  кемелдікке 

жетті.  Сондықтан  да  бүгінгі  күн  тәртібі 

мемлекеттің  қалыптасуы  кезеңіндегіден 

өзгеше.  Біздің  жастарымыз  оқуға,  жаңа 

ғылым-білімді  игеруге,  жаңа  машықтар 

алуға,  білім  мен  технологияны  күнделікті 

өмірде    шебер  де  тиімді  пайдалануға  тиіс 

деп  атап  көрсетті.    Осыған  орай  ұстаздар 

алдында  Елін, Жерін, Отанын сүйетін,  өз 

елінің мәдениеті мен тарихын білетін ұрпақ 

тәрбиелеу мәселесі күн тәртібінде тұр. Та-

рих қойнауына қарасақ дамудың тура жолы-

на түскен елдің  алдымен тәртіпті де, еңбек 

сүйгіш ұрпақ тәрбиелеуге көп көңіл бөлгені 

байқалады.  Халқымыздың  «Біреудің  ала-

жібін  аттама»  деген  сөзі  әркімді-ақ  ойлан-

дырса керек. Әр қоғамда өзара сыйластық 

пен  тепе-теңдік  болмаса  ол  қоғамның  да-

муына кедергі келтіріледі. Ұлы ғалым,  фи-

лософ Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға ең 

бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз 

берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол ке-

лешекте оның өміріне қауіп әкеледі» - деген 

екен.    Осы  орайда  мектеп  қабырғасында 

оқушыға  тәрбие  берудегі  Қазақстан  тари-

хы  пәнін  оқытатын мұғалімдердің алатын 

орны ерекше болуға тиіс деп ойлаймын. 

Мысалы,  Сақ,  Үйсін,  Ғұн,  Сармат, 

Қаңлы  бірлестіктері,  Түркі  қағанаттары, 

Қыпшақ  хандығы,  Алтын,  Ақ,  Көк  Орда-

лар,  Моғолстан  мемлекеті  мен      Қазақ 

хандығының  өзіндік  саясаты  мен  жіберген 

кемшіліктері болған. Мемлекеттердің  пай-

да  болғанын,  бірақ  жіберген  қателіктердің 

барысында  құлдырау  сатысына  жеткенін 

айта  отырса,  бұдан  ер  балалардың 

дипломатиялық 

және 

экономикалық 



көзқарастары дамуы  һақ. 

Екінші 


мәселе 

еліміздің 

атақты 

тұлғалары  туралы.      Бұл  мәселеде  та-



рихымыз  еш  елдің  тарихынан  кем  емес. 

Бүкіл  әлем  екніші  ұстаз  деп  мойындаған 

Ұлы  ғалым  философ  Әбу  Насыр  әл-Фараби 

сияқты ұлы тұлғалар кейбір елдерде бірегей 

болса  да  біз аузымызды толтыра айта ала-

тын  дәрежедеміз.    Атақты  Солонның  өзімен 

дос  болған,  сол  кездегі  дүркіреген  Лидия 

патшасы  Крезге  сын  айта  білген  философ 

Анақарысты  (Анахарсис)  келтіре  отырып, 

көне заманда даму ошақтарының бірі болған 

грекия  елінің  атақты  данышпаны  мен    біздің 

бабамыздың  есімінің  қатар  аталуына  назар 

аудартуға  болады.  Дәл  осы  Анақарыстың 

«Сен жабайы скифсің»   деген эллиннің сөзіне 

«Менің  қайғым  (өнер-білімі  дамымаған) 

менің елім, ал сен (осындай надандығыңнан) 

еліңнің  қайғысысың»  деген    жауабын  мысал 

ретінде  келтірсе  оқушының  алдында  білімге, 

мәдениетке,  дамуға    деген  қажеттілік  тура-

лы  көзқарас  арта  түседі.    Ғұн  мемлекетінің 

құдіретін асқақтата білген Мөде тәңірқұтының 

жүргізген  сая-сатын  мысал  келтіріп  кету 

тапқырлық болар еді. Қайраткердің астындағы 

тұлпарына,  жанындағы  әйеліне  келгенде 

әскер күшін шығаруға бармай,  елінің шетіндегі 

шаруашылығына  еш  пайдасы    жоқ,  аздаған 

жерге келгенде соғысқа барғанын келтіре от-

ырып,  ер бала бойында елінің мүддесін бас 

пайдасынан  артық  көру  қасиетін  дамытуға 

осындай мысалдар өте пайдалы. 

Мәселен, сақтардың парсы басқыншылығы 

кезінде  Шырақ  малшының  ерлігінен  бастап, 

моңғол  шапқыншылығы  кезіндегі  Бошпан 

батырды,  әсіресе  жоңғар  шапқыншылығы 

кезіндегі  Бөгенбай,  Қабанбай,  Наурыз-

бай,  Бөрібай,  Баян  тағы  басқа  батырларды 

келтіруге болады. Қазақ жауынгер ұлдарының 

1812 жылы Француз басқыншыларына қарсы 

соғысынан            бастап, Ұлы Отан соғысы 

кезіндегі  батырларымызды  мысал  келтіру 

қажет.    Сол  сияқты  Бошпан  батырдың  қолға 

түсіп  қалған  кезінде    монғол  жауынгерінің 

«тізеңді  бүк»  дегенде  «мен  саған  шөк  десе,  

шөге  салатын  түйе  емеспін»  (І.Есенберлин. 

«Алтын  Орда»    тарихи  триологиясы)  деген 

сөзін,  Қайыр  ханның  Шыңғысханға  айтқан 

сөзінен  «Мен  өлсем  Жаратушының  алды-

на  жас,  балғын  күйімде  барам,  ал  сен  біраз 

жыл  өткен  соң    әлсіз  кәрі  шал  күйінде 

барасың»  (И.Калашников.  «Жестокий 

век»  романы)  деген  сөздерін    келтіруге, 

жоңғар 


шапқыншылығы 

кезіндегі 

Бөгенбай  батырдың  халықты  жоңғар 

шапқыншылығы  тығырыққа  тірегендегі 

Қарақұмдағы  құрылтайда  сөйлеген  сөзін 

«Өзге  елде  сұлтан  болғанша,  өз  еліңде 

ұлтан  бол»  деген  сөзін  келтіріп  кетуге 

болады.  Оқушыларды  Отан  қорғаудағы 

ерлікке  шақырудағы    мысалдар  өте  көп. 

Бір  ретте  Ұлы  Отан  соғысында  ерлік 

көрсеткен  Бауыржан  Момышұлының 

бейбіт  өмірдегі  жағдаяттан  мысал 

келтіре  кеткен  жөн.  Бұл  оқушының  са-

налы  іс-әрекет  иесі  және  қоғам  мүшесі 

ретінде  қалыптасуына  ықпал  етуіне  өз 

үлесін  қосады.    Ел  тарихы  айтулы  тұлға 

арқылы  танылады  демекші  қазіргі  кезде 

еліміздің  экономикалық  және  саяси  да-

муы  Елбасының  кемеңгер  саясатының 

арқасы. 


Елбасымыз  халқына  Жолдауында: 

«Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға 

дейінгі  дамуының  жаңа  саяси  бағдарын 

жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның 

ең  дамыған  30  мемлекеттің  қатарына 

қосылуы.  Ол  –  «Мәңгілік  Қазақстан»  жо-

басы,  ел  тарихындағы  біз  аяқ  басатын 

жаңа дәуірдің кемел келбеті. Мәңгілік Ел 

– ата-бабаларымыздың сан мың жылдан 

бергі асыл арманы. Ол арман – тұрмысы 

бақуатты,  түтіні  түзу  ұшқан,  ұрпағы 

ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел 

болу еді. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың 

Перзенті.  Ендеше,  Қазақ  Елінің  Ұлттық 

Идеясы  –  Мәңгілік  Ел!»-    деп  айтқан 

еді.  Сондықтан    жоғарыда  айтылған 

мәселелерді    оқушыға  Қазақстан  тарихы 

пәнін  оқыту  барысында  тақырыпқа  сай, 

үлгі ретінде қолданса  ер бала тәрбиесіне 

зор  ықпал  болары  сөзсіз.    Нәтижесінде 

ер  балалардың    көкейінде    қазақи    ұлы 

тұлғалық  идеалды  қалыптастыруға  бо-

лады.  Сол  идеалға  ұмтылса    еліміздің 

келер  ұрпағы  елін  сүйетін,  еліне  пайда-

сын тигізіп, «Мәңгілік Ел» болып дамуына  

қызмет ететін  ұрпақ болып өсері ақиқат. 

                           

 серік ермекоВ,

сәтбаев атындағы мектеп-

гимназиясының тарих пәнінің 

мұғалімі.

Жансүгіров ауылы.



ұсТазы жақсының - ұсТамы жақсы

шебер ұсТаз

жас маман Тірегі

Қазақта    «Ұстазы      жақсының   

ұстамы  жақсы»    деген  ұлағатты 

сөз  бар.  Көргені   көп   ұстаздан   

тәлім   алсаң   онда   жолыңның  

оңғарылғаны.  Әсіресе,      бұл   

ұжымға   жаңа   келген  жас   ма-

ман  үшін   өте   маңызды.

Тәлімгерлер      жас      маманға   

көмектесіп,      қол      ұшын      беру  , 

жас      маманның      жеке  тұлға  бо-

лып    қалыптасуы    үшін  әрине, 

алдымен  тәлімгердің  өзінің  жеке 

басы  соған  сай  болуы  тиіс.    Өзі 

өзгеге  үлгі  боларлықтай  бо-

луы      яғни,  оның  бойынан 

барлық  адамгершілік  қасиеттер: 

мейірімділік, 

қарапайымдылық, 

әділдік, т.б. табылуы тиіс. Тәлімгер 

мұғалімнің жеке басында, сөз бен 

ісінің арасында алшақтық болмау 

керек.

Педагогтық  қызметтің  жетістігін 



бағалау  да  өте  қиын.  Оның  са-

пасы  сызғышпен  өлшеп,  әрбір 

мысқалына дейін таразыға тарта-

тын дүние емес. 

Соған 

орай, 


 

жуырда 


шәкірттеріне  тәлім  беретін,  жас   

мамандардың    қалыптасуына  

тікелей   әсер   ететін  тәлімгерлердің 

деңгейін  анықтау  мақсатында 

Сәтбаев   атындағы    орта   мек-

теп - гимназиясында  әдістемелік  

кабинетінің    меңгерушісі    Жа-

зира 


Ахмадиеваның 

шебер  


ұйымдастыруымен 

 

«Үздік 



тәлімгер  -  2014»  мектепішілік 

сайысы болып өтті. Бұл жарыстың 

мақсаты 

— 

тәлімгерлердің  



кәсіби  шеберлігі  жоғары,  ғылыми 

-  әдістемелік  мәдениеті  биік, 

шығармашылықпен  жұмыс  жа-

сайтын 


үздік 

тәлімгерлерді 

анықтау. Сында әр   пән   бойынша    

тәлімгерлер      бақтарын  сынады. 

Әрқайсысының  мұғалімдік  еңбек 

өтілі әр түрлі.

Тәлімгерлер жарысы төрт кезеңді 

қамтыды. Алғашқысы "Тәлімгерлер 

тәрбиесі" 

тақырыбында 

әр 

тәлімгер  өзінің  жұмыс  жүйесімен 



таныстырған  болса,  екінші  кезең 

"Пән олимпиадасында аппеляцияға 

беру",  бұл  кезеңде  әр  тәлімгерге 

өз  пәндері  бойынша  сұрақтар 

қойылды. 

Тәлімгерлер 

дұрыс 

деп  тапқан  жауаптарын  айқын 



дәлелдермен 

келтіріп, 

қорғап 

шығармашылықтарын  шыңдаса, 



үшінші  кезең  "Педагогикалық, 

әдістемелік  біліктілік  сыны"  деп 

аталды.  Бұл  кезең  екі  тапсыр-

мадан  тұрды.    Біріншісі,  видео 

көрсетілімге  түсіріліп  дайындаған 

жас  мамандардың  еңбек  жолында 

кездесіп жүрген, қиындық тудырып 

жүрген ситуациялық сұрақтарға жа-

уап  берді.  Екінші  тапсырмада  би-

лет бойынша алынған сұраққа жау-

апты  модель  түрінде  берді.  Айта 

кететін  болсақ,  бұл  сұрақтарда 

дарынды,  үлгерімі  төмен,  қиын 

оқушымен, 

шет 

мемлекеттен 



келген  оқушылармен  жүргізуде 

қолданатын әдіс-тәсілдерін кеңінен 

ашып, 

жауаптарын 



қорғады. 

Тәрбие жұмысында жаңа техноло-

гияларды  пайдалану  арқылы  озық 

тәжірибе  жинақтаған  тәлімгерлер 

бұл  кезеңде  өздерінің  біліктілігін 

паш  етті.  Төртінші  кезең  мұғалім 

әуестігі «Өзіңнен  өзіңді ізде, өзіңе 

өзің  бағын,  өзіңді  өзің  тани  біл», 

-  дегеніндей,  әр  тәлімгер  өзінің 

мектепте  білікті  мұғалім  ,          от-

басында аяулы жар, ардақты ана 

болумен  қатар  бармағынан  бал 

тамған    аспаз,  күміс  көмей  әнші, 

ұлттық  өнерді  жалғастырушы  

ісмер екенін  көрсете   білді.

Қазылар  алқасы  үміткерлердің 

кәсіби 

шеберлігін, 



білімділік 

және  жеке  тұлғалық  сапасын, 

жұмыс  жүйесі  мен  технология-

сын  жан  –  жақты  бақылай  отыра 

оқ бойы озық шыққан ұстаздарды 

анықтады. 

Сайыста 

шығармашылық 

ізденістерін 

ұстаздық 

тәжірибесімен    ұштастырған, 

жан  –  жақты    жоғары  деңгейде 

көрінген  қазақ  тілі   мен  әдебиеті  

пәнінің   мұғалімі Айгүл Заманова 

Бас  жүлдені  қанжығасына   бай-

лады.  Ал  кәсіби  шеберлігін  жан 

–  жақты  таныта  білген,  білімділік 

пен      жеке      тұлғалық      сапасы-

мен    танылған  қазақ  тілі      мен   

әдебиеті   пәнінің   мұғалімі Сал-

танат Қажиева  және  математика   

пәнінің   мұғалімі  Айгүл Хасенова 

бірінші  орынды иеленді. 

Өздерінің 

шығармашылық 

қабілеттерін  көрсетуде  қарсылас-

тарынан  бір  саты  жоғары  болған 

бастауыш      сынып    мұғалімі 

Айнагүл 

Қанаева, 

техноло-

гия      пәнінің    мұғалімі  Анар 

Қосмилианова    екінші      орын-

ды   иеленсе, бастауыш   сынып    

мұғалімі  Қарлығаш Сансызбаева     

мен технология   пәнінің   мұғалімі 

Эльмира  Ақылбекова    үшінші 

тұғырдан көрінді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет