Газет 1935 жылғы шілдеден бастап шығады



жүктеу 5.35 Mb.
Pdf просмотр
бет4/5
Дата30.12.2016
өлшемі5.35 Mb.
1   2   3   4   5

М.  СӘРСЕНҒАЛИЕВА.

Жас  көшбасшының

Жас  көшбасшының

Жас  көшбасшының

Жас  көшбасшының

Жас  көшбасшының

жеңісі!

жеңісі!


жеңісі!

жеңісі!


жеңісі!

дағы  барлық  аймақтағы  мектеп-

терден  оқушылар  іріктеу  турынан

өтеді. Жүз елу баланың арасынан

оза  шауып,  ең  жақсы  нәтиже

көрсеткендердің  ішінде  Рақым

Бектемісұлы  да  Алматы  қаласы-

на 


жолдама 

алды. 


Олар

түсірілімге  дейін  балалар  психо-

логтары  мен  телебағдарлама  са-

рапшыларымен  арнайы  тренинг-

терге қатысты. Апталық ойын же-

ңімпазы  бола  отырып,  ол  айлық

ойында жүлделі ІІ орынды иеленді.

Маусымдық 

кезеңненХабар

агенттігінің  арнайы  дайындаған

сертификатына  ие  болды.  Жоба-

ның  мәні  мен  ауқымын  ескеріп,

аудандық білім бөлімі  мен мектеп

ұжымының  ұстаздары  өз  қолдау-

ларын көрсетті. Ата-ананың арма-

нын, ұстаздардың үмітін, достары-

ның сенімін ақтап келген Рақымға

«жарайсың,  жас  көшбасшы!»

дейміз.  Рақымның  бұл  жеңісі  –

бәріміздің ортақ жеңісіміз.



Тамаша  ЕЛШИНБЕКОВА,

А.  С.  Пушкин  атындағы  орта

мектептің  әдіскері,  Гуманитар-

лық  ғылым  магистрі.

Аудандық  ішкі  саясат  бөлімі.

4

12 наурыз 2015

Шепсіз

майдан


(Жалғасы.  Басы  өткен

сандарда).

Соңғысы  Люкенвальдте  ,дивер-

сантарды  парашюттен  секіруге

үйреткен  нұсқаушы  болатын.  Ол

өзінің оқушыларына көңілі толмай

қалды. Парашюттен секірер кезде

әрқайсысын  зорлап  түсіргендей

болды.  Бухарестке  қайтып  орал-

ған  Граве  мен  Гамке  келіп  тұрған

алғашқы  шифровканы  о қыды.

Онда: « Екі топта аман-есен Сар-

қасқа  аумағында  бірікті.  Жерге

түсу  бары-сында  үлкен  рацияның

қабылдағышы істен шыққан. Келесі

байланыс 25 мамырда.  Иранов»

деген хабар бар екен.  Гамке Бер-

линдегі  шефына  хабар  жеткізген-

ше асықты.  Десант түсірудің нәти-

жесін 

хабарлағанмен,теңіз



үстіндегі  бейбіт  кемелерге  шабу-

ыл  жасауға  ұлықсат  бергенін  жа-

сырып  қалды.

Сарқасқаға түскен екі топ адам-

дарын түгендеп, келмеген бір ада-

мын күтіп айналасына барлау жа-

сап,  өздеріне  алып  жүруге  артық

болатын басы артық заттарын жа-

сырып,сол жердегі моланы қажетті

кезде жиналатын, не шартты белгі

қалдыратын  базаға  айналдырып

бір  жеті  жатты.  Топтағы  ұяң,  ең

жас жігіт-келмеді. Ақыры Ағаев 11

мамыр  күні  алғашқы  әрекетке

көшті.Алдымен  жоғалған  жігіттің

өлі-тірісін  білмекші,  содан  соң

Жем,  Сағыз,  Қайнардың  бойла-

рындағы  Алатау  мен  Иман қара,

Қойқара  таулы  қыраттарындағы

қашқындар  болса  өздеріне  қосып

алмақшы.  Олар  алдымен  жолау-

шылап  келе  жатқан  бір  топ  шал-

дарға кездесті. Одан соң фермаға

келіп  қой  саудалады.  Келесі  күні

сәскеде  диверсантар  сойған  қой-

ларын  жеуге  жайғаса  бастағанда

әр  жерде  андыздап  келе  жатырғ-

ан  қарулы  аттыларды  көргенде,

олардың  шын  келісін  енді  түсінді.

« Бар бәле бригадирден келді.Көзін

құрту  керек!»-деген  ой,  Ағаевқа

сап  ете  қалды.  Жатыңдар!  Аты-

сқа  әзірленіңдер!.  Алғашқы  мыл-

тық  дыбысынан  кейін-ақ  аттылар

тасаға  түсіп  кетті.  Екі  жақ  біраз

атысты.  Қызыл  әскерлер  атысты

то қтатып,  о қ  шығармай  жатыр.

Ағаев  та  орынсыз  атуды  тоқтат-

ты.

Бұл  кезде,  о қ  жетер-жетпес



жерде  қолында  қаруы  жо қ

жергілікті  бір  адам  бір  бүйірден

көрініп  келе  жатты.  Ағаев  бір

қолын  көтеріп, «атпаңдар»-  деп

белгі  берді.  Бұл  адам  отрядтың

арнаулы  тапсырмасымен  келе

жатырған  Байшыған  болатын.

Түн  қараңғысын  пайдаланып,

диверсанттар  чекистерден  құты-

лып  кетті.  Ағаев  тура  фермаға

тартты.  Қуғыншыларға  өздері  ту-

ралы  хабарды  жеткізген  Байжан

Атағожиев  екенін  сезеді  де,  аны-

ғын  біліп  оның  көзін  құртуды  ой-

лады.  Ең  алдымен  Байжанды

құртпақ болған ол, өзі келген Бай-

шығанға  да  күдікпен  қарап: «Сен

шал  енді  ешқайда  бармайсың,

жазаң  өлім  ғана»  деп  қаруын  ке-

зенді.  Байшыған  да  жанұшыра

жалма-жан: «Інішек  мені  өлтірген-

нен саған пайда жоқ, аз күн болса

да өмір сүрейін, қастарыңда жүріп

жол бастайын, мен осы төңіректің

жер  жағдайын  бес  саусағымдай

білемін,  тірі  тышқанға  кездестір-

мей  қауыпты  жерден  алып  шыға

аламын»-дегені.  Бұл  ұсыныс

Ағаевты  ойлантып  тастады.  Он-

сыз  да  асығып  тұрған  топ  же-

текшісі, «Қажетсіз  жерде  ата  са-

лармын!»  деген  оймен:  Жақсы

бізбен бірге жүріп жол бастайсың.

Бағытымыз  Жем  бойын  жағалап

барып  Алатауға  шығамыз.  Ескер-

темін,  тісіңнен  шықпасын!,  Алды-

мен  фермаға  тарт!»-деп  желкесі-

не  мылтықтың  аузын  тақаған  күйі

шалды  алдарына  салып  жүріп

кетті.


Іңір  қараңғысы  таусыла  баста-

ғанда, қашқындар демдерін зорға

алып фермаға жетті. Кешкі шайға

енді  отырған  Байжанның  үйіне

Ағаев  баса  көктеп  кіріп  келді.  Әп

дегеннен  қыспаққа  алып,  тығы-

рыққа  тіреп,  шынын  айтқызуға

тырысқанмен,  бұрын  ақгвардия-

шылармен шайқасқан, өмір көрген,

жауынгер,әрі  елге  сыйлы  брига-

дир,  оған  оңайлықпен  берілмеді.

Тартатын  куәсі  жоқ,  құр  жалаға

көнбеген  бригадирді, « сенімен

тәжікелесіп  тұруға  уақытым  жоқ,

бізбен  бірге  жүресін»-деп  оны

күшпен,  артына  қолын  байлап

алып кетті.

Ағаев  қапелімде бұндай ұйым-

дасқан қуғын бола қояр деп ойла-

мап  еді.  Жергілікті  жердегілерден

қолдау таппады. Бұларға құшағын

жайып  отырған  ешкімді  көре  ал-

мады.  Кеңес  үкіметіне  қарсы

кімдерді көтермек, өлмелі шалдар

мен  өмірі  қару  ұстап  көрмеген

қатын-қалаш пен бала шағаны ма?

Енді  не  істемек  керек.  Кеңеске

қарсы көтеріліс ұйымдастырамын

деген  бәдік  ойы  су  сепкендей  ба-

сылды.  Табылса  қатарыма  қашқ-

ындарды іздеп қосып алайын. Әй,

ондайлар маған қайдан табылсын.

Маған көрінетін қашқындар мили-

цияға да көрінбей ме? Жан сауға-

лап жүрген сорлылар, өмірі қараға

жолар  ма.  Ағаев  торығып  қолын

бір сілтеді. Бар амалы тез    Ала-

таудың қатпарына кіріп алып, бой

тасалап,  одан  соң  астыртын

бүлдіру-  диверсиялық  әрекетке

кірісу еді. Басты мақсат ең алды-

мен  тәулігіне 1500 тонна  беріп

тұрған  Гурьев-Орск  мұнай  құбы-

рын жару. Гурьев-Қандағаш темір

жолын  істен  шығару,  мұнайлы

аудандарға  дендеп  еніп,Доссор,

Мақат,  Жақсымай  ұңғыларын  жа-

рып 


құм 

қаптыру 


болды.

Жергілікті жерді жақсы білетін Бай-

шыған  мен  Байжанды  осы  мақса-

тқа  пайдаланғысы  келді.Қанша

сілкілесе де олар өз дегендерінен

қайтпай,  әртүрлі  айла  тәсілді  жа-

сай берді. Фермадан шыққан түні

қараңғыны  пайдаланып  қашып

кеткен  Бастаубаев  пен  Қалиевтің

жоқ екенін білген Ағаев жындануға

шақ қалды. Жемнің басына қарай

өрлегендегі  сол  жағалаудың  су

жырған  борлы  қабағына  жақын,

Қаражар  деген  Байғанин  ауданы-

мен  шекаралас  жерде  «Барлығы

сенің кесірің!»-деп  Атағожиев Бай-

жанды  атып  тастады.  Диверсант-

тардың  барлығының  документ-

терін, ақшаларын сыпырып алды.

Енді  жанталасқан  жорық  бас-

талды.  Күндіз  аз  қозғалып,  түнде

жұлдыздарды бағдарлап, картаны

пайдалана  отырып  солтүстік  ба-

тысқа қарай жүріп отырды. Сенімді

адамдардан  күзет  қойылды.  Бай-

шығанды  қашып  кетпесін  деп  киі-

зге  орап,  бастарына  жастанып

жататын болды. Ол сонда да түнде

өз  белгісін  қалдырып  отырды,

адамды  шаршататын  ауыр  жол-

дармен жүргізіп, жиі демал-дырды.

Ағаев  барлауға  шығып  келгенше,

жігіттердің осы қалайларын үгіттеп

қашырып  отырды.  Фермадан  шы-

қаннан  соң  үшінші  түн  дегенде

олардың бесеуі қашып кетті. Олар

Құлақшиге  келген  Байғанин

аудандық ішкі істер бөлімінің опе-

ративтік  тобына  берілді.  Опера-

тивтік  топ  солардың  берген

мәліметі  бойынша  Ағаевтың  ізін

кесіп,  алға  ұмтылды.

Келесі түні екі жігіт қашып кетті.

Диверсанттар  құрамында  бес

адам  қалды.  Енді  олар  көзсіз  ба-

тылдыққа  барудан  айнып  қалды.

Айнала  торуылдың  өздеріне  жа-

қын қалғанын іштері сезуде. Шар-

май бастаған оперативтік топ, №3

мұнай  айдау  станциясының  бас-

тығы  ВиниаминАлексеевич  Пахо-

менконың әскерилендірілген күзет

бөлімімен бірігіп күшейтілген күзет

режимінде  тұр.  Ағаев  ерте  ме,

кеш  пе  бұндасоқпай  кетпейді-деп

Шармай хабар күтіп отыр. Жылой

ауданының  ішкі  істер  бөлімінің

бөлім  бастығы  Т.Декеев  бастаған

екіншітоп,  төңіректі  сүзіп  із  кесті.

Үшіншінің  Алатау  жағындағы

мұнай  құбырының  қасындағы

Тасқұдық аулының қариясы өзінің

азғантай  малын  жайып  кешкісін

оралғанда  өзгеше  жаңалық  ала

келді.  Ол  өрістен  қызыл  әскер

формасын  киген  екі  солдатты

көріпті.  Олар  өздерінің  Ағаевтан

қашып  шыққанын,  ауыл  елді  са-

ғынғанын,  барайын  десе  үй  маң-

дарында жүрген милициядан қор-

қатындарын,  мүмкін  болса  бізді

осы  жерден  тұтқындап  алып  кет-

се екен деген тілегін айтты. Біздің

ешкімге  зиянымыз  жо қ,  ешкімге

жаманшылық  жасамаймыз-  деп

қосып  қойды.  Бұны  айтқан  осы

арадағы  Ораз  деген  қарияның

Сәтмағамбет  деген  баласы  бола-

тын.

Бұл  хабарды  естіген  опера-



тивтік  топ  жоспар  құра  бастады.

Пікір екі жарылды.  Топ басшыла-

ры: олар бізді әдейі, алдап шақы-

рып  отыр,  тосқауылда  тұрғанда-

ры-  көп  болып  барсақ  жусатып

қырып  салады,  аз  болып  барсақ

бізді  қарусыздандырып,  біздің

күшімізді білуге тыры-сады- десе,

бағанағы  шал  бастаған  ауыл

адамдары ; Біреуі осы аранікі бол-

са, оның әке-шешесі бар ғой, онда

солдаттарды қауып қатерге ұрын-

дырмай-ақ  анасы  Айғананы  жібе-

рейік,  «Балам-ау, қай-дасың?-деп

зарлап  барған  анасына  қол  көте-

ре қоймас, айтқандары рас болса

сол  жерге  қаруын  тастап  келер.

Жақын  жерден  қарап  тұрайық-

деді. Шынында бұл ақылға сиым-

ды  еді.Ақыры  барлы-ғы  осы  тоқ-

тамға  келді.  Айтқандай  олар  еш

қарсылықсыз    беріліп,  бар  шын-

дықты айтып берді. Қолға түскен-

дердің бірі Батыс Қазақстан облы-

сы,  Ілбішін,  кейінірек  Чапаев,қ-

азіргі  Ақжайық  ауданының  Мұқа-

таев деген қазағы болатын. Екіншісі

қой  баққан  шалдан  хабар  айтып

жіберген,  осы  өңірдің  тумасы,  со-

ғысқа дейін байланыс қызыметін-

де  жұмыс  жасаған  Сәтпағамбет

Оразов  екен.

Бұлардың айтуынша екі топ бо-

лып 15 адам түскенін, оларда қан-

дай  құрал  жабдықтар  бар  екенін,

азық-түлік  қорын,  сондай-ақ  Сар-

қасқадағы базада не қалғанын ай-

тып  берді.  Қолға  түскендердің

бастауымен жедел топ айлы түнде

Сарқасқадағы молаға тыққан азық

-  түлік  пен  қару-жарақты  тауып

алды.  Онда;  2миномет, 9 авто-

мат, 25граната, 10 пистолет, 9

винтовка, 20 мың  патрон, 7000

сом  ақша  т.б  азық-түлік,те-

мекі,ішімдік  сияқты  бірталай  зат-

тар бар екен.

Мезгіл үшінші аптаға таялып ба-

рады.  Із кесушілер шешуші сәттің

жақындағанын біліп келеді. Екі об-

лыстың, оның ішінде үш ауданның

( Ж ы л ой , Қ ы з ы л қ о ғ а , Б а й ғ а н и н )

қауыпсіздік  қызметі,  оперативтік

штабы,  партия  –кеңес  орындары

бақылауда  ұстап,  ондаған  жедел

топтар  жортуылда  жүр.  Олардың

ортасында жергілікті орындардың

шабармандары  естіп  білгендерін

ат құрғатпай хабарлап отыр. Шар-

майдың  басшылығымен  қарулы

топ  Ағаевтың  алдын  күтіп,  Байға-

ниндік топ ізінен қалмай тақымдап,

Жылойлықтар  темір  жолға  жібер-

мей  бүйірден  орап  келеді.  Жан-

жағын  қысқан  оперативтік  топты

Ағаев  та  сезіп,  біресе  Алатауға

қарай,  біресе  темір  жол  желісіне

жете  алмай  жанұшырып  келеді.

Қазір оның қасында бес адам бар.

Олар; өзіне орынбасар қылып ал-

ған  Бисеналиев  пен  Баташов,  аға

радист  Зәкіров  пен  адьютант

Дінішов  сосын  қалдырмай  алып

келе  жатырған  колхозшы  Байшы-

ған  ақсақал.

20  мамыр.  Күн  шайдай  ашық.

Үшіншіден    шыққан  ұшақ  көз  же-

тер жерді барлап келеді. Әр жер-

де  жайылған  мал,  жалғыз  жарым

ағаш үй, малда жүрген атты жаяу

кісілер  көрінеді.  Бәрі  өз  орнында

сияқты.  Қүлақшидің  тұсындағы

шатқалда  екі  ат  пен  бір  түйе  тұр.

Иелері  көрінбейді.  Бұл  енді  күдік

туғыза бастады. Ұшақтың ішіндегі

Сапаров : Міне!  Мыналар  бейта-

ныс  малдар!-деді  саусағын  шо-

шайтып.  Ұшақ  бұл  малдардың

үстінен  төмендеп  ұшып  өтіп,  неф-

текачкаға  қайтып  кетті.  Шатқал-

дың терістік бетіне тығылып отыр-

ған  Ағаев  ұшақтың  тегін  келме-

генін бірден білді. Жедел сытылып

кетуге жинақтала бастады. Ұшақ-

тан  берген  хабарға  байланысты

оперативтік  топ  қолайлы  жерге

тез  жайғасып  алды.  Биіктен  дүрбі

салған Ағаев ұш жақты қоршауда

қалғанын білді. Арт жағынан шаң-

дары шұбатыла он шақты атты ан-

дыздап  келеді.  Алыста  болса  да

қапталдан шоғырланған қара-құра

көбейіп келеді.  Енді бой тасалай-

тын жер де қалмады.

Жақын  келген  оперативтік  топ-

тың  жетекшісі  дауыс  жетер  жер-

ден олардың  қоршауда  қалғанын,

қаруларын тастап берілулерін та-

лап  етті.  Диверсанттар  атыс  бас-

тамаса,  бірінші  болып  оқ  атпауға

берілген  бұйрық  болса  да,  жас

сарбаздардың  бірі  шыдамай  іле

қол гранатасын жыраға лақтырып

кеп жібергені. Ол тіпті сақыйнасын

да  жұлмапты.  Дереу  Ағаев  оның

қатесін  түзеп,  гранатаны  бар

пәрменімен кері лақтырды. Аброй

болғанда,  оперативтік  топтың  ар-

тына асып түсіп, жарылған грана-

та ешкімге зақым келтіре алмады.

Жау  жағынан  ұзын  очередпен  ав-

томаттан  оқ  атылды.  Біреуі  ура-

лап  ұшып  тұрып  қол  пулеметін

сақылдатып  қоя  берді.  Тасадан

асықпай  көздеген  чекист  оны

мұрттай ұшырды.  Жарты сағатта

бәрі  бітті.  Басын  сирек  ақселеу

шалған  кұм  төбеде  қанға  боялған

бес өлік жатты. Чекистердің ішінен

Үшіншінің 

әскерилендірілген

күзетінің жауынгері жеңіл жарақат

алды.

«Кейіннен  осы  қиын  -қыстау



сәтті  еске  алған  Байшыған  ақса-

қал  болса:  Жау  жағы  әуедегі  жер

бауырлай ұшқан кездейсоқ ұшақ-

ты көруі мұң екен, өздеріне тықыр

таянғанын  сезе  қойып,  мені  сол

бойда үйреншікті киізіме орап тас-

тады.  Бірақ  ілкі  сәттердегі  апыр-

топыр  қозғалыс,  қобалжу  кезінде

біреуінің  аяғы  тиіп  кетсе  керек,

мен ылдиға қарай домалап кеттім

де,  тарқатылған  киіз  құрсаудан

босанып  та  үлгердім.  Ұшып  тұра

айналаға  көз  салсам,  алғашқы

минутта-ақ  алымды  жігіттерінің

бірінен айрылған Ағаев екінші қару-

ласын қол пулеметімен өлік жаны-

на  қалдыра  сап,  өздері  сай  бой-

лап  қашып  барады  екен.  Мен  де

келесі  сайда  жайылып  жүрген

көліктерді көре сап тұра жүгірдім.

Мұнымды  байқап  қалған  Ағаев:

«Әй  шал,  қайда  қашып  бара-

сың?»-деген  күйі  автоматын  ма-

ған  қарай  кезей  қалсын.  Сол  кез-

де аузыма қалай түскенін қайдам,

әйтуір 


«Сіздерге 

тездетіп


қөліктерді  жеткізейін  деп...»  ал-

дамшы  сөздің  түсе  кеткені  бар

емес  пе?

Бұнымды  шындыққа  жорыған

ол: «Е,  дұрыс  боп-ты,  біз  жүре

берейік,  сен  артымыздан  қуып

жетерсін»-деп  одан  әрмен  қаша

берді.  Ал  мен  болсам  тақымыма

марқұм  Атағожиевтың  торы  аты

түскен  бойда  мұнай  айдау  құбы-

рына қарай шоқыта жөнелдім.  Осы

уақытта  өз  еркімен  берілмеген

бөгде мінезділер де түп-түгел жер

жастанып үлгерген еді»-дейді екен.

Оперативтік  топ  жер  жастанған

жау агенттерінің қасына жиналды.

УНКГБ Оперативтік тобының  бас-

шысы  Лопатко  екі  қолымен  ішін

басып,аяқтарын  бауырына  жинап

алған,фуражкесі  алысқа  домалап

кеткен  қою  қара  шашты  капитан-

ның  жанына  келіп,  далалық  сум-

кесін иығынан сыпырды.Ол Ағаев-

тың  далалық  сумкесінен  біршама

дәптердің  бетіне  жазылған

күнделігін  суырып  алды.  Орыс

тілінде,  кей  жерлерінде  қазақша

қысқаша ескерту жасаған ұқыпты

да  анық  жазуларды  көз  жүгіртіп

қарап түрған ол, Шармайға басын

бұрып,  оған  өзінің  тұспалдарын

айтып  жатты.   Шармай  да  оған

сене  алмай  басын  шайқап  қояды.

5

12 наурыз 2015

Дегенмен  Лопатконың  айтқаны

шындыққа айналды. Зерттеп қара-

ғанда  чекистерге  таптыр-майтын

нағыз  құнды  документтер  осы

болды.  Осы  аса  құпия  мәлімет-

терді  Бухарестен  ұшып  шығарда

Гамкеге неге тапсырмағаны олар-

ды таң қалдырды. Бұл аса құнды

документтер  шектеулі  адамдар-

дың қолында кеңес қарсы барлау

қызыметіне көп пайдасы тиді. Се-

бебі Ағаевтың өз қолымен жазыл-

ған,  фашистік  барлау  қызыметіне

тартылған  агенттердің  аты

жөндері  мен  туған  жылдары,

тұрғылықты  мекендері,  қандай

мақсатқа дайындалғаны жөніндегі

мәліметтер бар болып  шықты. Көп

ұзамай  Ағаев  деген  атпен  жүрген

кім  екені  де  анықталды.  Ол  Жы-

лой  ауданының  тумасы,  соғысқа

дейін аграном болып жасаған. Бес

ағайынды.  Солардың  ортаншысы

Әмірхан өзіндік пікірі бар, тура ай-

татын,  мінезі  тік,ұлтжанды,  кеңес

үкіметінің  конфескелеу,  ұжымда-

стыру  шараларының  нәтижесінде

болған ашаршылық , қазақ зиялы-

ларының  жойылуы  мен  ұлтқа  жа-

сал-ған  геноцидті  көзімен  көрген

ол,  оған  қарсыласудың  жолы  осы

деп тауып, ойланбай от басты.

Германияның  отарлау  мен

дүние  жүзіне  үстемдік  ету  саяса-

тын  елеместен  ол  қауыпты  де

аранда-тушылық жолға түсті. Сол

үшін  оның  азабын  ағайындары

мен туыстары тартты. Жаман  аты

қалды.

Бұл  авантюралық  әрекеттердің



соңғы  беттерін  әлі  жаппай  қоя

тұралық.  Ұсталған  аранда-тушы-

лардың  арасында  Махмудов  де-

ген радист бар екен. Ол үлкен ра-

цияның  кодын,  құпия  белгілерін,

байланыс  таблицасын  білетін  бо-

лып  шықты.  Және  де  радиохабар

Махмудовтын  қолтаңбасымен  бе-

рілуге  тиіс  болды.  Ағаевтың  Бер-

линдегі  радиоорталықпен  байла-

нысатын уақыты да жақындап қал-

ған-ды.  Махмудов  байланыс  жа-

сауға келісті. Белгіленген күні Бер-

лин  байланысқа  шақырылды.  Та-

ныс  толқында  Берлин  ап-айқын

шыға  келді.  Эфирге : «Барлығы

сәтті  болды.  Қабылдағышты

түзедік.  Уәде  бойынша  қонақтар-

ды  күтемін.  Иранов.»  деген  шиф-

ровқа  кетті.  Жиырма  минуттен

кейін  жауап  келді. «Қонақтарды

жібереміз. 20-43 шаршыда от жа-

ғыңдар»  Оперативтік  топ  қонақ-

тарды  күтуге  дайындық  жасады.

Десант  тобы  Аққұмсағыз  бойына

тасталатын  болғандықтан  Байға-

нин  ауданынан,  ішінде  Құрмания-

зов  Арық  бар,  екінші  шолғыншы

топ Жарқамыстан шұғыл аттанып

кетті. Аудандық ішкі істер бөлімінің

бастығы  Саржалин: « Жау  десан-

тымен  кездесіп  қалсаңыздар,

қолға тірілей түсіруге тырысыңыз-

дар,  олардың  үнпарақтарын

оқымаңдар  және  ешкімге  тарат-

пай  жинап  алып,  қапқа  салып

әкеліп  тапсырыңыздар»  деп

бұйрық  берді.  Жарқамыстан  ерте

шыққан топ кештетіп Баршақұмға

жетті.


Д ә л   б е л г і лен г ен   у а қ ы т ы н д а

Сағыз өзенінің сол жағында Тер-

ісаққан  сайына  жақын  ашық  да-

лалықта түн қараңғысында борт

щамдары жарқыраған ұшақ пай-

да  болды.  Үйілген  тезектер  мен

қамыс-қурай  белгіленген  шар-

ш ы д а   л а п   е т і п ,   ұ ш а қ қ а   б е л г і

берді.  Ағаевтардың  негізгі  күші

келеді  деп  күткен  чекистер  ав-

томаттары  мен  винтовкаларын

қысып  ұстап,  окопта  отыр.  Бел-

гіленген  шаршыға  секірген  үш

парашютшінің екеуі дәл жарыққа

келіп  түсті.  Чекистер  олардың

есін жиғызбастан тұтқынға алды.

Кейіндеп  түскен  үшіншісі  қарак-

өлеңкеге қарай ығысып кетті де,

қанша  күткенмен  жанып  тұрған

жарыққа,  айқайлап  шақырғанға

келмей  қойды.  Қараңғыда  іздеу

нәтиже  бермеген  соң  таң  атқан

соң  іздеуге  келісіп,  түнді  окопта

өткізіп,  келгендерден  алғашқы

жауап алды. Олар «Алаш» отря-

дына тікелей қатнасы жо қ екенін,

тек  олармен  байланыс  жасап,

қандай  шаруа  бітіргенін  орта-

лыққа  хабарлау  үшін  жіберілген

бақылаушы топ екендіктерін жа-

сырмай  айтты.  Бұлар  Бухарес-

тегі «Габель Вилласына», Ағаев-

тың  тобына  келіп  кеткен  үшеу

е к ен.   С о н д а ғ ы   т о п т ы ң   ә р б і р

мүшесіне зерделеп қараған шикіл

сары қазір жоқ болып отыр.

Гелен  өзінің  авантюристік  са-

я с а т ы н   ж ү з е г е   а с ы р у   ү ш і н

Ағаевқа  үйіп-төгіп  уәде  берген-

мен,  оның  жүзеге  асырылуына

өзінің  қаншалықты  сенімді  болғ-

анын кім білсін, әйтуір осы жолы

диверсанттардың  іс-әрекеттерін

б а қ ы л а у   ү ш і н   и н с п е к т о р л а р

жібергені анық еді. Бұлар нұсқау

б ой ы нш а   т ү с к ен   е к і   т о п т ы ң

түгендігін, алдарына қойған мақ-

с а т т а р ы н ы ң  

о р ы н д а л у ы н,

жергілікті  тұрғұндардың  оларға

көзқарасын  орталыққа  хабар-

лауға  тиіс  болды.  Үштіктің  бас-

шысы  секпіл  бет  шикіл  сары.

Белгіленген аумаққа жақындаған-

нан-  ақ  ол  жан-жағын  жіті  бақы-

лап келеді. От көрінді. Бірақ ай-

н а л а с ы н д а   а д а м   к ө р і н б е й д і .

Неге?  Екі адам сигнал бойынша

секіріп  кетті,  сәл  кідіріп  ол  да

қ а р а ң ғ ы л ы қ қ а   б а с п ен   с ү ң г и

ж ө не л д і .  

П а р а ш ю т т і ң  

ж і б і

иығынан  тартып  бойы  тіктелген-



де  дәл  астында  жанған  от  шар-

шыны көрді. Жанған оттан басқа

жан көрінбейді. Бізді кімдер, қай

жерде  күтіп  отыр?-деген  ой  оны

күдікке  жетелеп,  парашюттің  бір

жақ бауына салмақ сала барын-

ша оттан қашықтай бастады. Не

болса да сенімді болу үшін олар-

мен  жарықта   ұшырасуды  жөн

көрді.  Ол  жерге  жетпей  ақ  мән-

жайға  түсіне  қойды.  Түскен  бой-

да парашюттің бауларын пышақ-

пен қыйып, оны жинап жасырма-

стан,  жылыстап  қаша  жөнелді.

Түн  түндігін  түріп  рауандап

таң  да  атты.  Мамырдың  майда

самал  желі  еседі.  Жедел  топ

а з а н н а н   а т қ а   қ о н д ы .   А й н а л а

т о л ы қ   ж а р ы қ   б о л ы п ,   к ү н н і ң

қызыл  шапағы  жоғала  бастаған-

да шақырымға жетпейтін жерден

бауы шұбатылған қара көк аспан

түстес  жібек  парашют  табылды.

Одан басқа бір-де бір белгі жо қ.

Із  кесу  басталды.  Күн  көтеріле

ысып бастады. Жедел топ айна-

ла  ауыл,  құдық  маңына  шауып,

елді  хабарландырып,  сай-сала-

н ы ,   қ ұ м   б ү й р а т т а р д а н   с ү з і п

кетті.  Әрі  бері  топпен  жүрген

Арық  асықпай  құм  жағалап,  сай

сағалап жалғыз келеді. Жағалай-

ж а ғ а л а й   т а л м а   т ү с т е   М ой ы н -

дықияққа  жақындады.  Ирелең-

деп   жүргенше ,  құмнан   шығып

тіке пунктке тартып кеткісі келіп,

бір  жақ  тізгінін  тартып,  тебіне

бергені сол еді, биік құм төбеден

түскен  ізді  көріп  қалды.  Із  құм

ішінен  шығып ,  батысты  бетке

алып барады.  Іздің құмнан шық-

қан жеріне келіп ат тізгінін тартқ-

ан  кезде  оның  жаяу  адамның  ізі

екенін,  ауыр  керзі  етіктің  құмға

батқан  табан  табын  байқады.

Арық аттан түсіп оның белін бо-

сатып,тұсап  отқа  жіберді.  Өзі

ж а я у   б и і к   қ ұ м   т ө б е г е   ш ы ғ ы п ,

жан-жағын  байқады.  Құмдағы

к е л г ен   і з д і ң ,   б а ғ ы т т а н   а у м а й

А қ қ ұ м ды   ж е д е л   к е с і п   ө т к ен і

белгілі болды. Адымын салысты-

рып  көріп  еді,  адымы  асығып

бара  жатқан  адамның-  адымы.

Өкшесі  құмға  терең  батып,етік

басының  салмақпен  серпкені,

кең  адымы  соны  меңзегендей.

Ол  осыдан    екі  сағат  шамасын-

да өткен сияқты. Бұдан екі сағат

бұрын  шағыл  бастарында  жел

құм  суырып  тұрған.  Одан  бұрын

өтсе биік басындағы ізді құм ба-

сар  еді.  Арық  қашқынның  ізіне

дәл  түскенін  сезді.  Құм  үстінен

оның  кеткен  бағытын  туралап

тағы  қарап  алды.  Қашқынның

бағыты батыс, енді бір 25  шақы-

рым  жүрсе  темір  жолға  жетеді.

Онда ол құтылады. Қазір ол ша-

мамен осы арадан 6-7 шақырым

жерде  кетіп  барады  –ау  деп  ой-

лады.


Қ ұ т ы д а ғ ы   с у д а н   б і р   ж ұ т т ы .

Мойынға асынған мылтығын түзе-

п,фуражкесін басып қойды. Аты-

на келіп тартпасын тартып, «Нар

тәуекел!»-деп  атқа  қонған  ол,

кейде шо қытып, кейде құлан те-

кірекпен  қуғынды  бастап  кетті.

С ү т   п і с і р і м   у а қ ы т т а   ж а з ы қ қ а

ш ығ ы п   а л д ы .   А л д а ғ ы   б е л д ен

асса мұнай айдау құбырын кесіп

ө т е д і .   О с ы   б а ғ ы т т а н   а у м а с а

ұштасып  қалмас  деймісін.  Бел-

ден  шыға  алдында  кетіп  бара

жатырған  жаяуды  көзі  шалды.

Жайбарақат  кетіп  бара  жатырғ-

ан жаяу бір кезде жын қаққандай

тұра қашты. Көрді. Үстіндегі жүк

болатын  нәрсенің  бәрін  тастап

бара  жатыр.

Линияның  бойында  жатырған,

мұнай  құбырын  алмастырған-

дағы  диаметрі  метрлік  трубаға

қ а р а й   қ а ш қ ы н   ж а н   ұ ш ы р а

жүгіруде.  Арық  та  атына  қамшы

басты.  Ара  қашықтық  қысқара

бастады.  Дегенмен ол жетем де-

генше жерде жатырған трубаның

ішіне інге кірген балпақтай қойып

кетті.  Екі  басы  ашық  труба  оған

пана бола алмайтын. Ішінен қара-

тып атылған бір оқ оның шаруа-

сын  бітіре  салатын.  Сонда  да

суға  кеткен  тал  қармайдының

кебі. Арық қанша « шық!» деп ай-

қайласа  да  шықпады.  Атынан

т ү с і п ,   қ а р у ы н   к е з ен і п   а у з ы н а

еңкейе  бергенде  қашқын  екінші

басынан шыға қашты. Арық аты-

н а   м і не   қ у д ы .   Қ а ш қ ы н н ы ң

жүгірісі ерен. Құйын болып ұшып

барады.  Атты  ал  кеп  сабала!

Шаршаған  ат  қамшы  ұрған  сай-

ын  құйрығын  көтеріп  тастап  то-

ң қ ы л д а - д ы   д а   қ а л д ы .   Қ ұ д а й

ұрсын!  Айрылдым  ау  енді-  дей

б е р г ен д е   а р а с ы   ұ з а й   б е р г ен

адам мұрттай ұшты. Құлаған же-

рінен тұрмай қалды. Тебіне-тебі-

не ,   к ө т е р і п   со қ п а   ж о р т а қ п ен

жетті-ау  әйтуір.  Келсе  қашқын-

ның  жаны  шығып  кетіпті.  Арық

адам  баласының  жанкештілігіне

таң  қалды.  Енді  бір  сәтте  көз

жазып қалса айрылғандай еді.

Көп  күнгі  дүрбелең  мен  айна-

ла  шауып   сабылудың   нүктесі

қойылып ,  ел  орнына  отырып,

жедел  топтар  тарап  кетті.  Жем

бойына  кешігіп  жеткен  жеткен

көктем  мамырдың  мамырлаған

ақша бұлттарынан нәр алып, көк

қаулап,  алқызыл  қызғалдақтар

жайнап  қоя  берді.  Ұлы  жеңісті

тойлауға бір жыл қалған еді.

Сөз  соңы

Сол  жолғы  диверсанттарды

қ а р ус ы з д а н ды р у ғ а   қ а т н а с қ а н

Бисен мен Арық жауынгерлік ор-

ден «Қызыл жұлдызбен» наград-

т а л ғ а н   б о л а т ы н.   О л а р ды ң   д а

өмірден өтіп кеткеніне біраз жыл

болды.  Бұны  кейінгі  ұрпақ  біле

бермейді.  Тіпті  оның  тұсында

өмір сүрген азаматардың өзі  бұл

жайды ұмытып бара жатыр. Айта

берсек  Ағаевтың  диверсиялық

тобының  Байғанин  ауданының

а у м а ғ ы н д а  

ә р е к е т  

е т к ен і

жөнінде күні бүгінге дейін баспа-

сөзде  жария  етілмеді.  Бұны  біз

б і л і п   т ұ р ы п   ж а з б а с а қ   к е й і н г і

ұ р п а қ қ а   қ и я н а т   б о л а р   е д і .

Бүгінде бұл уақыйғаға 70 жыл то-

лып  отыр.

Бұл да бір ескеретін жағдай.

Бұдан бірнеше жыл бұрын брига-

дир Байжанның басына арнайы ба-

рып  зиярат  еткенмін.

Бұрын Жылой ауданының оқушы-

лары қамқорлық жасап, жыл сайын

келіп тұрған екен, мен барғанда ба-

сына  тұрғызылған  там  көптен

күтімсіз  қалыпты.  Алғашқы  басына

қойған ағаш белгі қабырдың алдыңғы

жағына  сүйеулі  тұр.  Қай  кезде,

қалай, неден екенін білмедім, айна-

ласындағы  жер  өртеніпті.  Жалын

ағаш белгінің төменгі жағын шалған-

мен, белгі жанбай аман қалыпты. Жер

жидек  айналасында  қып-қызыл  бо-

лып жайнап тұр. Жемнің жайпақтау

жағасында ақ борлы қабаттан үңгіп

салған жер мешіт таяқ тастам жер-

де. Оған да уақыт өз ізін салған. Қор-

ғалмағандық-тан  құлауға  шақ  тұр.

Қарсы  бетінен  Қаратөбе  көрінеді.

Білетін  ақсақалдар  бұл  төбені  «пір

Бекеттің  әкесі  Жаналы  жаз  жайла-

ған»  дейді. Бекеттің 12 жасында оған

осы  жерде  аруақ  қонып,  әулиелік

дарыған екен. Сол кезде де,тіпті қаз-

ірде де сол төбенің төңірегіндегі ма-

лға  ит-құс  жоламай,  еш  жоғалмай

түгел жүреді екен. Осы жерде Мем-

лекеттік  силықтың  иегері, «Казақ

ССР-ының  ауыл  шаруашылығына

еңбегі сіңген қызметкері» майталман

шопан Жартыбаев Марқабайдың қой

қоздатқан  жұрты  жатыр.  Осылар-

дың  бәрі  ұмытылмай  ұрпақтан-

ұрпаққа  жеткізіліп  жатса,  жастар

одан  тәлім  алса,  туған  өлке  тари-

хын біліп, мақтан тұтса қандай ғани-

бет.




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет