Гендік инженериядан қауіп бар ма?



Дата22.05.2023
өлшемі13,38 Kb.
#96245


Гендік инженериядан қауіп бар ма?
Жаһандану заманында гендік инженерия жетістіктерін өнеркәсіптік көлемде жануарлар мен адамның антибиотиктерін, витаминдерін, гормондарын синтездейтін микроорганизмдердің жаңа штамдарын шығаруға пайдаланып жүргені баршамызға мәлім. Егер гендік инженериядан қауіп бар ма?-деп маған сауал қояр болса, менің жауабым төмендегідей болар еді:
Гендік инженерияның денсаулық сақтау саласында тұқым қуалайтын ауруларды емдеуде ерекше рөл атқаратынын бұқаралық ақпарат құралдарынан естіген едім. Оған дәлел: бактериялық клеткалардан вирусты емдеуге қолданылатын интерферон және өсу гормондарын алуға қол жеткізді. Сонымен қатар, бұрын инсулин жануарлардың ұйқы безінен өте қымбатқа түсетін жолымен алынса, гендік инженерияның көмегімен қант диабеті ауруын емдеуге қолданылатын инсулин гормонын алудың арзан жолы табылды. Бұл, гендік инженерияның сәулелі тұстары болса, көлеңкелі тұстары да баршылық. Мәселен, өсімдіктер селекциясын алып қаралық.
Гендік модифицияланған өнімдерді өндіріп, қалтамыз көтереді, арзан деп қуанамыз. Алайда, сырты жылтыр болғанмен, ішіне терең үңіле бермейміз. Мәселен, биотехнология арқылы ас өндіруді Қытай мықтап қолға алған. 9,2 миллион шаршы шақырым жерде екі миллиардтай халқымен нығыздалып отырған Қытайдың, әрине, кең алқапқа егіс салып, жағасын жайлауға жіберіп жатуға мүмкіндігі жоқ. Сол себепті де, химиялық тыңайтқыштар мен пестицидтерді шектен тыс пайдаланып, жылдам өсіп шығатын, тез пісетін және ұзақ сақталатын өсімдіктер өсіру жолын пайдаланды. Ал, біз қазір Қытайдың өнімдерін қалта көтереді деп пайдаланып жүргеніміз жасырын емес.
Ғылымның осы түрінің арқасында бүгін адам баласы азық-түлік, жеміс-жидек пен көкөністер тұтына отырып, түрлі жан-жануарлар мен жәндіктердің генін сіңіруде. Мәселен, оңайлықпен езіле қоймайтын қып- қызыл тастай қызанақ жеп отырып, ағзасына акуланың азу тісінің гені еніп жатқанын байқай бермейді. Сол секілді, құрт тұмсығын батыра алмайтын, қап-қатты, әдемі алмамен бірге шаянның, ал бір түйірі бір келіге дейін баратын картоппен бірге доңыздың генін ағзаға сіңіреді. 
Бір түйірі қызанақтай шиелерге тағы да сол доңыздың гені, ал жүгеріге жәндіктер залалын тигізбеуі үшін жыланның уынан алынған белсенді ген енгізілетін көрінеді. 
Түсінікті тілмен айтқанда, мәселен, акуланың азу тісінің бір генін алып, қызанақ жасушасының ішіндегі ДНК-ның бір бөлігімен алмастырып жібереді. Осылайша қызанақ ДНК- сы өзгеріп, мүлдем басқа өсімдік өсіп шыға келеді. Жоғары да келтірген мысалдар, гендік инженерияның, модификацияның адам ағзасына келтірер зиянды тұстары екенін байқаған боларсыз.
Қорытындылай келсем,  бүгінде жер бетінде күн сайын 20 мың адам аштықтан қырылып жатыр дейді статистика. Жантүршігерлік осы жағдайды ойлағанда, гендік инженерия әрине, қажет-ақ деп ойлайсың. Зиянды тұстарын оқығаның да, әлде қажет емес пе? деген ойдың жетегінде тұңғиыққа батып кетесің...




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет