Геодезия – жердің немесе оның жекелеген



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата15.11.2022
өлшемі2,09 Mb.
#50219
түріПрезентация
  1   2


Презентация
´
Тақырыбы: Геодезия ғылымының дамуы
´
Орындаған: Шолпанкулова Нұрбақыт
´
Тобы: Кадастр. 8 топ


Геодезия туралы
жалпы түсінік
Геодезия – жердің немесе оның жекелеген
бөліктерінің пішіні мен көлемін, жерді карталар
мен пландарға түсіру, сол сияқты адамның
инженерлік қызметінің сан алуан міндеттерін
атқару мақсатында жер бетін өлшеу əдістерін
зерттейтін ғылым.


Геодезия 
ғылымының
даму тарихы
´
Геодезия – жер туралы өте ежелгі 
ғылымдардың бірі. Адамзаттың
бағзы заманда жер бетінде 
қашықтық пен ауданды өлшеудегі 
ашқан заңдылықтары геометрия 
мен геодезияның ғылым ретінде 
дүниеге келуіне негіз болды. Грек 
тілінен аударғанда «геодезия» сөзі 
«жерді бөлу» деген мағынаны 
білдіреді. Қазіргі заманғы 
геодезияның жерді бөлу мағынасы 
шеңберінен əлде қашан шыққаны 
түсінікті.


Геодезияның дамуына қысқа очерк
´
Ежелгі Египетте геодезияның пайда болуы мен дамуына ерекше 
қолайлы жағдайлар туды. Онда Ніл өзені алқабындағы егін 
шаруашылығы өте ерте заманда-ақ пайда болып, кең дамыған еді. 
Астық өнімінің мол болуы құнарлы тұнбалардың шөгуімен байланысты 
болатын. Ол кезде əр жыл сайын Ніл өзенінің су тасқыны жер 
танаптарын шайып кетіп отырды. Египеттіктерге бұл жерлерді қайта-
қайта қалпына келтіріп отыруға тура келді. Əрине, бұл жағдай жер 
танаптарын межелеп бөлу, жерге өлшеулер жүргізу кезінде тəжірибе 
жинақтауға алып келеді, сөйтіп «жерді өлшеу» (геометрия) жəне «жерді 
бөлу» (геодезия) саласындағы теориялық білімнің тез дамуына септігін 
тигізді. Біздің заманымызға дейінгі XІV-XІІ ғасырларда Қытайда «бүкіл 
жерді» зерттеу мақсатында геодезиялық жұмыстар жүргізілді: бұл 
жүмыстар жер танаптарын өлшеуіш тізбектер мен өлшеу 
шеберліктерінің болғандығын көрсетті.Геодезия атам заманғы 
(антикалық) Грецияда жоғары дамыған болатын, онда геодезия 
теориялық жағынан негізделді. Оған бізге жеткен Александриялық
Геронның «Диоптрия туралы» жəне «Ауданды өлшеу» атты кітаптары 
дəлел бола алады. Бұл кітаптарда геодезиялық жұмыстар мен 
геодезиялық құралдардың сипаттамалары келтірілген. Грек ғалымы 
Эратосфен (б.з.д. 274–194 жылдар) Египетте жердің көлемін анықтады. 
Ол жер шарының радиусы шамамен алты мың километр екенін 
анықтап берді.


Геодезия бірсыпыра дербес ғылыми жəне 
ғылыми-техникалық пəндерге бөлінеді:
´
1. Жоғарғы геодезия – жердің жəне планеталардың фигуралары мен көлемдерін 
зерттеу, сондай-ақ геодезиялық негізгі тірек жүйелерін құру жөніндегі міндеттерді 
шешеді.
´
2. Геодезия немесе топография жер бетінің біршама шағын учаскелерін түсірумен 
байланысты мəселелерді зерттейді.
´
3. Артография жер бетінің едəуір территорияларының кескіндерін əр түрлі мақсаттағы 
карталар түрінде жасау əдістері мен процестерін, оларды жасау жəне көбейту 
технологиясын зерттейді.
´
4. Аэрофототопография жердің карталары мен пландарын фотосуреттер жəне 
ə
уеден түсірген фотосуреттер бойынша жасаудың əдістерін талдаумен айналысады.
´
5. Теңіз геодезиясы мұхиттар мен теңіздер түбінің табиғи қорларын барлау мен картаға 
түсіруге байланысты арнайы өлшеу əдістерін талдап жасайды.
´
6. Қолданбалы геодезия іздеулер, құрылыстар мен инженерлік ғимараттарды салу 
жəне пайдалану, жабдықтарды монтаждау, сонымен қатар еліміздің табиғат 
байлықтарын пайдалану кезінде атқарылатын геодезиялық жүмыстардың əдістерін 
зерттеумен айналысады.


Жоғарғы геодезия міндеттерін шешу əдістерін егжей-тегжейлі 
зерттеу үстінде одан жеке пəндер болып геодезиялық
астрономия, геодезиялық гравиметрия жəне ғарыш 
геодезиясы бөлінеді.
Геодезиялық астрономия –
геодезиялық тірек жүйелері 
үшін аспан шырақтарын 
бақылау негізінде 
координаталық бастапқы 
мəліметтерді анықтап беру 
мəселелерімен 
айналысады.
Геодезиялық гравиметрия –
жер бетінің жекелеген 
нүктелерінің ауырлық күшін 
арнайы аспаптармен 
өлшеу арқылы жердің
фигурасын зерттеумен 
шұғылданады.
Ғарыштық геодезия – Жердің
жасанды серіктерінің
көмегімен жер беті 
нүктелерінің геометриялық
арақатынастарын зерттейді.


Геодезия мен 
топография пəнінің
негізгі ғылыми-
техникалык 
міндеттеріне мына 
төмендегідей
жүмыстар жатады:
а) жер бетіндегі жекелеген нүктелердің орындарын 
таңдап алынған координаталар жүйесінде анықтау;
б) əр түрлі инженерлік ғимараттарды жобалау жəне 
салу кезінде сонымен қатар ауыл шаруашылығы 
өндірісінде, жер бетінің жəне қойнауының табиғат 
байлықтарын пайдалануда қажет болатын түрі, 
сипаты, дəлдігі жағынан алуан түрлі өлшеулерді жер 
бетінде немесе жер астында атқару;
г) еліміздің қорғаныс мұқтаждығын геодезиялық
мəліметтермен қамтамасыз ету.


Геодезияның басқа ғылыммен 
байланысы
1. Математика геодезияны əр түрлі 
геодезиялық есептердің
аналитикалық түсіндірмелерінің
тəсілдерімен, сондай-ақ өлшеу 
нəтижелерін өңдеудің
талдауларымен, əдістерімен 
қаруландырады.
2. Физика геодезияны 
электроникамен жəне 
электротехникамен қатар 
оптикалық, оптикалық-
механикалық жəне электронды-
оптикалық аспаптар мен 
жүйелердің жобалау есептерінің
негіздерімен толықтырады.
3. Астрономия геодезияны 
геодезиялық тірек жүйелерін 
дамыту үшін бастапқы 
мəліметтермен қамтамасыз 
етеді.
4. Автоматика, телемеханика 
жəне радио-электроника 
салаларындағы ғылым мен 
техника жетістіктерінің негізінде 
аса жаңа геодезиялық аспаптар 
құрастырылады.
5. Географияны білу жер бедерін 
құрайтын ландшафт 
элементтерін, жер бетінің табиғи 
жамылғыларын жəне адам 
қызметінің нəтижелерін дұрыс 
түсіндіруді қамтамасыз етеді.
6. Геология мен геоморфология 
жер бедерінің пішіндерін және 
олардың өзгеру заңдылықтарын 
танып білуде көмекке келеді.
7. Гравиметрияның заңдары мен 
аспаптары жердің фигурасын 
зерттеуде маңызды рөл атқарады.


ҚР геодезиялық
қызметтің
ұйымдастыру 
формалары
´
Геодезиялық жұмыстар далалық жəне 
ғылыми өңдеу жұмыстары болып 
бөлінеді. Далалық жұмыстардың ең
басты мазмұны өлшеу процесі болып 
табылады, ал ғылыми өндеу жұмыстары 
есептеу жəне графикалық
процестерден тұрады.Өлшеу 
процесіне пландар мен карталар 
жасау үшін немесе арнайы 
мақсаттар, мысалы, трассалар 
жүргізу, барлау траншеялары мен 
құрылыстарын бөлу үшін жүргізілетін 
жер бетіндегі өлшеулер жатады.


Топографиялық-геодезиялық өлшеулер 
мынадай элементтерді қамтиды:
Горизанталь 
және 
вертикаль 
бұрыштар
Еңкіш
Горизанталь 
және 
вертикаль 
қашықтықтар


Топографиялық-геодезиялық өлшеулерді
мынандай аспаптармен өлшейді:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет