Географиялық кабинет және алаңды жабдықтау



Дата31.12.2021
өлшемі179,63 Kb.
#22683

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті


СӨЖ

Тақырыбы: Географиялық кабинет және алаңды жабдықтау

Орындаған:Байғараев Мұхит

Қабылдаған: Тұрданова Малика

Тобы: С1511-10ж


Шымкент 2021ж

1.   Географиялық  кабинеттің жабдықталуы.
2.   Географиялық кабинетке қойылатын талаптар.
3.   Географиялық  алаң жасау жолдары.

Оқу құралдарын толық пайдалануда, оларды іріктеп алуда белгілі бір шарт болуы қажет. Оқыту құралдарын оқу процесінде толық пайдалану үшін, еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру принциптеріне сүйеніп жасайды. 


1.    Оқыту құралдарының мазмұны диалектикалық мүмкіндіктері жағынан астарласып жатуы керек.
2.    Құралдарды оқу процесінде тез пайдалану керек.
Бұл шарттар тек кабинеттік жүйе жағдайында ғана іске асады.
География кабинеттері мынандай талаптарға сай келуі керек:
1.    География кабинеті арнайы мебельдермен, жұмыс істеуге қажет тетіктермен, техникалық құралдармен, жұмыс және тәжірибе жасайтын столдармен  (стол, басқару пульті, графопроектор үшін керек тумбадан құрастырылған) жабдықталуы керек.
2.    Кабинет оқытудың арнаулы құралдарымен - аспаптар, модельдер, коллекциялар, гербарийлер, макеттер, карталар, суреттер, кестелер, диафильмдер, диапозитивтер,  графопроектор үшін транспоранттар, кинофрагменттермен қамтамасыз етілуі тиіс.
Кабинетте жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу – көрнекі құралдар және оқу жабдықтарының үлгі тізіміне сәйкес оқытудың арнаулы құралдарымен жабдықталады.
3.    Кабинетте ішкі және халықаралық өмірді баяндайтын:
А. Географияның халық шаруашылығы проблемаларын маңызы, «география  және экономика»
Б.   Шәкірттерді оқу жұмысының тәсілдеріне баулуды ұйымдастыратын «Білім алып үйрен», «Бүгін сабақта».
В.  Өз өлкеңді оқып үйрену мақсатында қойылатын экспозициялық материалдар болады.
4.    Кабинетте қоғамдық-саяси анықтамалар, ғылыми-бұқаралық әдебиеттер, оқулықтар, ғылыми-әдістемелік құралдар болады.
А. Кабинетте оқушылардың практикалық және жеке бастарының жұмыстарының жақсы үлгілері, олимпиада тапсырмаларының топтамалары  және басқалары сақталады.
5.    География кабинетіндегі оқыту құралдары:
А. Олардың түрлері (карталар, картиналар, кестелер, модельдер, оқытудың техникалық құралдары).
Б. Курстар бойынша жүйеленіп қойылған  қолда бар құрал-жабдықтардың картотекасы оқыту құралдарын оқу процесінде тез қолдануға мүмкіндік береді.
6.    Кабинетте жеке топ болып және жаппай дербес оқыту жұмысын ұйымдастыру үшін қажет үлестірме материалдар, оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексеру үшін қажет карточка-тапсырмалар. Мысалы, журнал материалдары, алдын-ала тапсырмалар даярланған, атластар, минералдар мен тау жыныстарының коллекциялары, гербарийлер, т.б. болады.
7.    География кабинеттері санитарлық-гигиеналық шарттарға, эстетикалық және техникалық талаптарға сай келуі керек.
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ  АЛАҢ.
Географиялық алаң - география кабинетінің бір саласы болып табылады. Онда көптеген бақылау, тексеру жұмыстарын жүргізуге болады.
Дүниежүзінің көптеген өркениетті елдеріндегі мектептерде 30-ға жуық құралдары бар географиялық алаңдар бар.  Алаңды жасау үшін алдымен метеорологиялық үйшік тұрғызу керек. Оны ағаштан құрастырып, ішіне барометр, гигрометр, термометр орналастырады. Термометрдің төменгі ұшы жер бетінен 2 м биіктікте болуы керек. Метеоүйшіктің есігі міндетті түрде солтүстік жаққа ашылуы тиіс, себебі температураны есептеп жатқан кезде күн сәулесі үйшіктің ішіне тікелей түсетін болса, термометр ауаның температурасын емес шыны түтіктің күн сәулесі қыздырған температурасын көрсетеді. Жауын-шашын мөлшерін өлшегіш географиялық алаңға жер бетіне жаңбыр, қар бұршақ түрінде түскен қарды жел үрлеп кетпеуі үшін жан-жағына қоршау орнатылады. Жаңбыр жауған соң шелектегі судың мөлшерін өлшейді. Соған қарап, егер жаңбыр суы топыраққа сіңіп немесе буланып кетпесе, жауын – шашын мөлшерін өлшегіш құралдардың жоғарғы бөлігі жер бетінен 2 м. биіктікте болу керек.
Флюгер желдің бағытын өлшейді. Флюгердің бағдаршасы кіндікте еркін айналып, үшкір ұшы желге қарама – қарсы тұруы керек. Егер жел  солтүстік-батыстан тұрса: солтүстік-батыс желі, егер оңтүстік – шығыстан тұрса: оңтүстік-шығыс желі деп аталады. Флюгер негізінен 10 м биіктікте орналастырылады. Флюгер орнатылған 10 метрлік бағананы төменнен жоғары қарай 1 метрін ақ, 1 метрін қара бояумен кезек бояп, өлшеуіш бағана жасайды. Бағанаға қарап оқушылар сол маңайда тұрған үйлердің, ағаштардың тағы басқа заттардың биіктіктерін салыстырып өлшей алады. Бұл оқушылардың көзбен өлшеуін дамытады. 
Полярлық жұлдызды табу оңай болу үшін, географиялық алаңға полярлық жұлдызды көрсеткішті орнату керек. Географиялық координатты көрсету үшін, алаңға төрт бағана орнатып, биіктігі 1,5 – 2 м бағаналардың ортасын сыммен қосып меридиан және параллель жасау қажет. Тиісті бағанаға ортасын сыммен қосып төрт бұрышты темірді бекітіп, соған мектептің  географиялық бойлығы мен ендігін жазып қояды. Күннің горизонттан биіктігін анықтау мақсатында гномон немесе күн сағатын алаңға орнатуға болады.
Оқушыларға кез келген жердің ауданы мен өлшеуді үйрету үшін, алаңға ағаштан квадрат және куб пішінінде фигуралар және сонымен қатар, жер бедерінің көптеген жасанды пішіндерін жасауына болады. Мысалы, төбе, шығанақ, түбек, тау, су қоймасы, сарқырама т.б. Алаңда оқушылар отырып тапсырма орындайтын орындық және үстел болғаны дұрыс. 
Алаңдағы барлық заттар негізінен ақ түсті бояумен боялады, алаңның өлшемі шамамен 10х10 м болады, мүмкіндігі болғанша жан – жағында ешқандай кедергісі жоқ, тегіс, жазық жерге орналастыру керек. Дүниежүзілік стандарт бойынша географиялық алаңның көлемі 26х26 м. 
2  Географиялық кабинет. Географиялық алаң.
2.1. Географиялық кабинеттің географияны оқытуда алатын орны
Кабинет – бұл құрамына жиһаз, оқу құрал-жабдықтары, экпозициялық материалдар, оқу-әдістемелік комлектісі бар бар күрделі жүйе. Қазіргі заманға лайықты географиялық кабинет оқушылардың  «география» пәніне деген қызығушылығын арттыруға, оқу процесін жаңашалауда, оның тиімділігін арттыруда орны ерекше болу керек. Қазіргі заманғы география кабинетінде мынадай жабдықтар болуы керек:
Кабинет барлық талаптарға сай болуы үшін мына құрал-жабдықтар болу керек:
-оқулықтар, оқу-әдістемелік кітаптар, анықтама, географиялық сөздік, ғылыми және жаңа оқулықтар, әдеби кітаптар;
-дидактикалық материалдар (оқушылардың өзіндік және практикалық жұмыстарын тиімді жүргізу мақсатында);
-география курстары бойынша тематикалық (пәнаралық) материалдар;
-Қазақстан Республикасындағы баллдық системаға сәйкес анықтама материалдар, практикалық жұмыстар, контур карталармен жұмыс істеу, дәптер жүргізуге арналған баға кретерийлері;
- дәптер жүргізуге, практикалық, сарамандық жұмыстар, контур карталармен істелінетін жұмыстар, реферат жазу және қорғау, тағы да басқа оқушылардың өзіндік жұмыстарына қойылатын талаптар;
-олимпиада, жарыстар өтізуге арналған материалдар;
-сыныптан тыс жүргізілетін тапсырмаларға арналған материалдар (мейрам, географиялық кеш, КТК, ойындар, үйірме программалары, географиялық апталықтар, т.б.);
-өлкетану зерттеу жұмыстары, туристік экскурсиялар жоспарлары.
Кабинетте мына талап бойынша документация болуы шарт:
1. Кабинет паспорты (кабинеттің көлемі, жиһазбен жабдықталуы, қараңғылау мүмкіндігі, экран (егер бар болса), таблица, карточка, картина, карта салатын суырмалар.
2. Кабинеттегі құрал-жабдықтардың рұқсат қағазы.
3. Оқу жылына арналған кабинет жоспарлары.
4. Кабинеттің жұмыс істеу графигі.
5. Техника қауіпсіздік шаралары жайлы анықтама.
Жоғарыда көрсетілген материалдар және көрнекіліктер стендтер мен сөрелерде сақталынады, оларды тақырып бойынша бөлуге болады:
-оқушылар бұрышы («Оқуды үйрен», «Бүгінгі сабақта» тақырыптары бойыншы оқушыға жәрдем);
-«Экологиялық білім беру», «Экологиялық проблемалар» немесе «экология және табиғат» бұрыштары;
-географиялық газеттер,журналдар;
-өлкетану бұрышы
Бұл бұрышта келесі материалдар болуы мүмкін:
-өз облысының карталары (физикалық, экономикалық);
-өз облысының әлеуметтік-экономикалық обьектілері көрсетілген картосхемасы,;
-Өлкетану бойынша ғылыми, анықтамалық әдебиеттер, әдістемелер, мақалалар, БАҚ беттеріндегі жаңалықтар;
-фотоматериалдар, өз өлкесінің табиғат ерекшеліктері, тарихи-архитектуралық ескерткіштері суреті;
-Табиғи қорықтар,өлкедегі өнеркәсіп орындарына жасалған экскурсия материалдары;
- жергілікті жердің өсімдік гербарийлері, табиғи жыныстардың комлекті,;
-оқушылардың өзіндік жұмыстары (рефераттар, проект, анықтамалар, ғылыми зерттеу жұмыстары, суреттер, сұрақтар, ойындар);
-күнтізбе және ауа-райы
Кабинет дуалдарында көп қолданысқа ие карталар тұруына болады: Дүние жүзінің физикалық, әлеуметтік-экономикалық, Қазақстан Республикасының физикалық және экономикалық, дүние жүзінің саяси карталары.
Сонымен қатар, география кабинеті оқу-тәрбиелік процессте кино көруге, видеофильмдер, слайд, компакт-дискілер қолдануға қолайлы болып, жағдай жасалынуы керек. Кино көруге мүмкіндігінше толық немесе жартылай қараңғылау әдісі де болуы керек.
Кабинетке баға берерде мына кретерийлер бойынша қаралады:
1.    Кабинет құжаттамасы.
-Паспорты
-оқу жылына арналған жұмыстардың жоспары
-жұмыс істеу уақыты
-Кабинетте бар құралдардың паспорты
-санитарлық гигиеналық талаптар және техника қауіпсіздік ережелері сақталынуы тиіс.
2. Кабинет жабдықталуы:
-Эстетикалық жағынан
- мәліметтер базасы
- экспозиция материалдарының ауысуы, жаңаруы, қазіргі заманға сай болуы
3. Оқу-тәрбие процесі бойынша:
-мәліметтік-техникалық базасының болуы
-оқу-тәрбие кезеңдерінде бар құрал-жабдықтың қолданылуы
- дидактикалық-көрнекілік материалдар
-өзін-өзі оқыту бойынша жүргізілген жұмыстар
4. кабинет ерекшеліктері (басқа кабинеттермен салыстырғанда, белгілі-бір уақыт аралығындағы өзгерістер).
5. кабинет бағасы (тексеру қорытындысы бойынша)
2.2 Географиялық кабинет жабдықталуы, қойылатын талаптар
Оқу құралдарын толық пайдалануда, оларды іріктеп алуда белгілі шарт болуы қажет. Оқыту құралдарын оқу процесінде толық пайдалану үшін, еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру принциптеріне сүйеніп жасайды. 
1.    оқыту құралдарын мазмұны диалектикалық мүмкіндіктері жағынан астарласып жатуы керек. 
2.    құралдарды оқыту процесінде тест пайдалану керек.
Бұл шарттар тек кабинеттік жүйе жағдайында ғана іске асады. 
География кабинеттері мынадай талаптарға сай келуі керек:
1.    География кабинеті арнайы модельдер мен жұмыс істеуге қажет тетіктермен, техникалық құралдармен, жұмыс және тәжірибе жасайтын столдар мен (стол, басқару пульті, графопроектор үшін керек тумбадан құрастырылған) жабдықталуы керек. 
2.    Кабинет оқытудың арнаулы құралдарымен – аспаптар, модельдер, коллекциялар, гербарийлер, макеттер, карталар, суреттер, кестелер, диафильмдер, диапозитивтер, кинофрагменттермен, видеофильмдермен, слайдтармен қамтамасыз етілуі тиіс. Кабинете жалпы білім беретін мектептерге арналған оқү-көрнекі құралдар және оқу жабдықтарының үлгі-тізіміне сәйкес оқытудың арнаулы құралдарымен жабдықталады
3.    Кабинетте ішкі және халықаралық өмірді баяндайтын:
А. Географияның халық шаруашылығы проблемаларын маңызы, «география және экономика»
Б. Шәкірттерді оқу жұмысының тәсілдеріне баулуды ұйымдастыратын «Білім алып үйрен», «Бүгін сабақта».
В. Өз өлкеңді оқып-үйрену мақсатында қойылатын экспозициялық материалдар болады. 
4. Кабинетте қоғамдық-саясианықтамалар, ғылыми-бұқаралық әдебиеттер, оқулықтар, ғылыми-әдістемелік құралдар болады. 
А. Кабинетте  оқушылардың практикалық және жеке бастарының жұмыстарының жақсы үлгілері, олимпиада тапсырмаларының топтамалары және басқалары сақталады.
5.    География кабинетіндегі оқыту құралдары:
А. Олардың түрлері (карталар, картиналар, кестелер, модельдер, оқытудың техникалық құралдары ).
Б. Курстар бойынша жүйеленіп қойылған қолда бар құрал-жабдықтардың картотекасы оқыту құралдарын оқу процесінде тез қолдануға мүмкіндік береді. 
6. Кабинете жеке топ болып және жаппай дербес оқыту жұмысын ұйымдастыру үшін қажет үлестірме материалдар, оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексеру үшін қажет карточка-тапсырмалар. Мысалы,журнал материалдары, алдын-ала тапсырмалар даярланған, атластар, минералдар мен тау жыныстарының коллекциялары, гербарийлер, тағы да басқа болады. 
7.    География кабинеттері санитарлық-гигиеналық шарттарға, эстетикалық және техникалық талаптарға сай келуі керек.
Қазіргі  таңда  жалпы орта білім беру  мақсаты  өзгерді. Жаңа  үрдістік іс- әрекеттерге негізделген  мазмұнымен  қатар оқыту  нәтижелеріне  де талап қойылған  білім берудің  жаңа концепциялары, стандарттары  жасалуда. 
Барлық педагогикалық  жүйе құрамы  бөліктерінде“инновациялық”,  “жаңалық тану” үрдісі  іске асуы  үшін  төмендегідей  жұмыстар  істелуі  тиіс. Біріншіден , өсіп келе жатқан  ұрпақтын білім  алуын  жаңа бағытқа  салу үшін  оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен  жаңа әдіс – тәсілдерден қолдану. Екіншіден, жалпы білім беретін мектептегі  оқу жүйесінің  мазмұнына  өзгерістер  енгізу. Үшіншіден, оқушылардың  ойлау қаблеті жаңалықтарды  тез қабылдауды  қалыптастыру және ол жаңалықтарды  өмірде қолдана  білуге  үйрету. Бірақ  оқыту  технологиясын енгізу  оқытудың  дәстүрлі  әдістерін  алмастыру  емес, қатарластырып қолдану, себебі ол да  пәннің әдістемелік  құрамдас бөлігі болып табылады. 
“Технология” термині  шетел  әдістемесінен алынған. “Технология  - оқушы  мен  ұстазға  бірдей  қолайлы  жағдай  тудырушы  оқу  процесін ұйымдастыру  және  жүргізу, бірлескен педагогикалық  әрекетті  жобалаудың жан-жақты ойластырылған  үлгісі”. Педагогикалық  технология-практикада  іске  асырылатын  педагогикалық жүйенің  жобасы . Ал, педагогикалық  жүйе дегеніміз- белгілі бір қабілеті  бар  дара  тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталған  педагогикалық  әсерді  ұйымдастыруға қажет  құралдар, әдістер мен тәсілдердің  өзара байланысқан  бірлігі.  
Географияны  оқыту әдістемесінде  оқыту технологиясын  қолданудың едеуір  тәжірбиесі  жинақталған. Оның ішінде ең танымалы оқыту  технологияларының бірі –оқу жұмысы әрекетерін қалыптастыру технологиясы. Оқу жұмысы әрекетерін қалыптастыру технологиясында  ережелер, үлгілер, алгоритмдер  және географиялық обьектілердің жазбалары мен сипаттамаларының жоспары келтіріледі. Бұл технгология бірқатар  география оқулықтарында, әдістемелік  нұсқауларда  жеткілікті  түрде орын алған және көптеген география  мұғалімдері  жұмысында  жақсы игерілген. 
Географияны  оқыту процесінде бұрыннан  бері Шаталовтың тірек – сигналдары  технологиясы (логикалық тірек конспектілері – ЛОК) жеткілікті түрде қолданылып келе жатыр. Географияны  оқытудағы   логикалық  байланыстар  схемасының  ролі  туралы  Н.Н. Баранский  былай деп жазған! «схемалар  басты  және  негізгіні айыруға  үйретеді, логикалық байланыстарды іздеуге, анықтауға  және сабақты  игеруге  оқушыларға  едеуір  көмек береді». Байланыс  схемаларын  мұғалімдер  үнемі пайдалануда.  Жасалынған  тірек  конспектілер, оқушылардың  танымдық  әрекетін  басқаруда  мұғалімдерге көмек береді, оқушылардың  өз бетімен жұмыс істеу қабілетін  дамытады, және де  оқу жұмысы  нәтижелерін  өз бетімен  бақылауды  іске асыруда    тіреу болады. Практикум мұғалімдер бұл технология жақсы меңгерген. Бұл технологияға байланысты бір қатар мақалалар және кітаптар жарық көрді. 
Көптеген  география  оқулықтарына  енгізілген, журнал беттерінде  жарық көрген  оқытушылардың  жұмыс  тәжірибесінен және мақалаларда  жарияланған технологияларының бірі -оқушылардың  оқу  әрекетін  қалыптастыру  технологиясы.  Бұл технологияда   оқу әрекеті  оқушылардың  дәрістегі  белсенділігінің  ерекше бір түрі ретінде  қарастырылады. Олар оқу тапсырмаларын шешу  көмегімен білім алуға  бағытталған. Егер қалыптасқан  әдістеме  мұғалімге не істеу  керек  екенін жазса , оқу  әрекетін  қалыптастыру  технологиясы  оқушы  оқу тапсырмасын қалай шешу керек екеніндігін түсіндіреді. Сабақ алдында  сыныпқа оқу тапсырмалары таратылады, ол сабақ барысында шешіледі де сабақ соңында нәтижесіне тесттің көмегімен    диагностикалық  тексеру жүргізіледі. Оқу  әрекетін  қалыптастыру технологиясы , оқу тапсырмаларының жүйесін  мұғалім қандайда бір курс, тарау немесе тақырып бойынша құрастырады. Өз қызметінің және соған байланысты оқушылар әрекетінің өзара байланысын  ұйымдастыру  жобаларын жасайды және де тест тапсырмаларын дайындайды. Оқу тапсырмалары мен тесттер жүйесін әдістемелік құралдардан (практикум, мектеп түлектерін дайындау сапасын бағалау жинақтары және т.б.) алуға болады. Бұл технологияны қолдану В.П. Сухов, В.Я. Ромм және В.П. Дроновтың оқулықтарында және журналдардың бірқатар мақалаларында жақсы ашылып көрсетілген.
Дифференциалдық оқыту технологиясы да география әдістемесінде жақсы белгілі. Оны қолдану кезінде сынып оқушыларының  типологиялық ерекшеліктері ескіріліп, шартты топтарға бөлінеді. Топтарды жинақтау кезінде, оқушылардың оқуға деген жеке көзқарасы, білімділік деңгейі, пәнді оқуға қызығушылық деңгейі  ескеріледі. Тапсырманы орындау  мазмұны, көлемі, күрделілігі, әдісі мен тәсілдері  бойынша және де оқыту  нәтижелерін диагностикалау  үшін әртүрлі деңгейлестірілген бағдарламалар жасалады. 
География мұғалімдері жұмысы практикасында ойын сабақ әрекеті  технологиясы кеңінен тараған. Бірақ оны іске асыру бір сәтті ғана (эпизод), болады  онда танымдық әрекетті  ұйымдастыру  жүйесі жоқ.Ойынмен оқыту ұзақ дайындық жүргізгенде   ғана оң нәтиже береді. Оқу тапсырмаларында ойынның әрбір позициясы  айқын белгіленген, күрделі жағдайдан шығудың мүмкін болатын әдістемелік тәсілдерді анықталған және нәтижелерді бағалау тәсілдері жоспарланған ойын сценарийі ерекше орын алады. 
Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам  қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр:
•    Білім сапасын арттыру;
•    Әлемдік білім беру кеңістігіне ену;
•    Орта білімді ақпараттандыру;
•    Интернет жүйесін пайдалану;
•    Электрондық оқулықтар; 
•    Қашықтықтан басқару:
Осы міндеттерді шешуде қазіргі жаңашыл мектеп өз алдына мынадай мақсат қойып отыр: “Жаңа ақпараттық технология арқылы білім мазмұнын жаңарту”. Осы  мақсатқа сай бүгінгі мектеп мұғалімі білімділікпен қоса, өзіндік ой-пікірі бар, заман ағымына сай   жеке тұлғаны қалыптастыру, сондай-ақ жас ұрпақты “ақпараттық қоғамға” тәрбиелеу барысында оқу-тәрбие процесінің заман талабына сай әдіс-тәсілдерін таңдай білуі қажет. Қазіргі таңда толық, сапалы, бәсекелестік қабілеттегі білім беруді ұйымдастыруда көптеген оқыту технологиялары жүзеге асырылуда. Солардың бірі – жаңа ақпараттық коммуникативтік технология. Компьютерлер білім беруге кеңінен қолданыла бастағанда “оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары” термині пайда болды. Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы- ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісі, оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуде есептеуіш техника құралдарының ролі мен орны. Мектепте компьютерлік технологияны пайдалану мұғалімге  оқушының оқу пәніне деген танымдық қызығушылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Жаңа ақпараттық технология өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Олар төмендегідей:
•    Жобаның презентациясын жасау мен ұйымдастыру;
•    Ғылыми - көпшілік журналының сайтына кіру;
•    Әлемнің кез-келген еліндегі оқушылар мен еркін араласу;
•    Интернет- олимпиада мен шығармашылық байқауларға қатысу;
Осыдан бірнеше жыл бұрын оқушылар компьютерді қорқып ұстайтын болса, қазіргі уақытта олар информатиканы екінші сыныптан бастап оқуда. Сондай-ақ компьютерді информатика сабағында ғана пайдалану кезеңі артта қалды. Қазіргі уақытта компьютерлік технология барлық мектеп пәндерінде белсенді түрде пайдаланылады. 
Ноосфералық даму кезеңінде география  пәні мұғалімдерінің іс-тәжірибесінде оқытудың дәстүрлі әдістерімен  қатар, белсенді оқыту әдістері, оқытудың инновациялық технологиялары пайдаланылады. Мен өз тәжірибемде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөле отырып, өз алдыма төмендегідей мақсат қоямын;
•    Жаңа ақпараттық технология арқылы білім сапасын арттыру;
•    Қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін баланы ақпараттық қоғамға тәрбиелеу:
Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. География сабағында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Дәстүрлі оқыту жүйесінде мұғалім білім беруші ролін атқарып, оқыту құралы ретінде қызмет атқарады. Ал оқытудың компьютерлік ақпараттық ортасы білімді өздігінен меңгерудің объектісі бола отырып, төмендегідей парадигманы қалыптастырады: Оқушы- оқу ортасы – технология жүйесі. Осы жүйе негізінде оқушы өздігінен білім алады. Оқушының іс-әрекетін тым қатал басқару оның өзіндік ой-пікірі мен өз бетінше жұмыс істеу қабілетінен айырады. География пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияның тиімділігіне тоқталатын болсақ, оны төмендегідей атап өтуге болады:
•    Мәтіндік редакторы- географиялық құжаттарды құру құралы (реферат, таблицалар)
•    Графикалық редактор- шығармашылық сабақтардың жұмысын құру құралы (шартты белгілерді жасау, географиялық план жасау, табиғаттың көрінісі, температураның, жауын- шашынның, желдің графигін сызу)
•    Мультимедиялық редактор-  сабақта табиғи процестерді құру құралы(геологиялық, климаттық).
•    Презентациялық- елдің, объектінің презентациясын жасау.
•    Лазерлік дискідегі географиялық кітапхананы пайдалану (карта, анықтамалық, энциклопедия)
•    Локальдық тестілеу. 
•    Интернет жүйесіне кіру. әлемнің кез- келген жеріне виртуалды саяхат жасау;
География ғылымы бойынша өзінің интернет- қорын құру; тәжірибе алмасу; тікелей эфирде атақты мұғалімдердің сабақтары.
•    Электрондық поштаны пайдалану мүмкіндігі. Географиялық ақпараттар жөнінде ой бөлісу, жаңалықтар алмасу.
•    Білім мазмұнының заман талабына сай болуы.
•    Қажетті білімді толығымен алу.
•    Білімді өздігімен меңгеру.
•    Өзін-өзі бағалау
•    Жалған ақпарат алу қаупінен құтылу
•    Жалған бағадан арылу
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.
ACTIVboard(Promethean компаниясы) - ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.
Активті қалам – дегеніміз не? 
Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.
ACTIVwandуказкасы
Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол" сонмен бірге "сол қолмен" жұмыс жасауға қолайлы құрал.
ACTIVpanelpro
ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз – ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanel-pro ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.
ACTIVslate
Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.
ACTIVtablet
ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік бетерін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.
ACTIVote
ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.
ACTIVote қолдана отырып:
«Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түріндекомпьютердің жадында сақталады. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады
ACTIVstudio программасы
ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа 
ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер
қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.
Флипчарт
Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы   көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер   қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.
« Активті экран » кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.
« Активті экран » бағдарламалық – техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.
Бағдарламалық - техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.
 Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі :
-         Пән бойынша базалық білімді  меңгеру ;
-         Алған білімді жүйелеу ;
-         Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
-         Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
-         Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
Бұл технологияны  оқуматериалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы,  өзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.
Оқушылардың  көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін  20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.
География кабинетінің негізі компьютермен, мнтертақтамен жабдықталудан тұрса, кабинеттің оқушылардың қызығушылығын арттыруында басқа да факторлар улкен роль атқарады. 
1.    Табиғи обьектілер- бұл өсімдіктер гербарийлері, тау жыныстары коллекциясы, табиғатта кездесетін объектілер коллекциясы, тағы да басқа тікелей табиғатпен байланыс жасауға ықпал ететін, табиғатқа бір қадам болса да жақынырақ болуға көмектесетін материалдар. Оқу процесінде олардың алатын орны ерекше деп айтуға болады. Мысалыға, гербарийлерді алсақ, Қазақстанда кездесетін сирек өсімдіктер жайлы болсын. Оқушылар ол өсімдіктер жайлы оқып, айтып қана коймай, оның қандай, қай түсті екенін біліп отырса, ол оны жаттап алып, есте сақтауына көмек болады. Қазыргі мектептерді құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететін компаниялар дайын гербарий, табиғи объектілер коллекциясын турлі деңгейде ұсына алады. 
 
Сурет 1 
Табиғаттағы кварц коллекциясы
2.Географиялық модельдербұл көбінесе бастауыш немесе орта сыныптарда, физикалық географияны өту барысында көп қолдануға тиіс және жәрдемі мол географиялық құралдар болып табылады. Модельдердің ең көп қолданылатыны-қарапайым глобус. Глобусты мектеп оқушыларының білмейтіні, танымайтыны жоқ шығар. Глобус картадан бөлек, жаратылыстану пәнін алғаш өткен күннен бастап, қолдануға болады. 
Глобустан бөлек жер қыртысы моделі, вулкан моделі, жер қыртысы моделі, таулардың пайда болуы моделі, мұхит асты қыртысы, тағы да басқа тақырыптарда болуы мүмкін. Көптеген модельдер, мысалы, вулкан моделін алсақ, ол вулкандар тақырыбын өту кезінде моделі алмалы-салмалы болуынан оқушылар вулканның ішкі процесстерін, лаваның ағу процесін көру арқылы елестете алады. 

Сурет 2 


«Вулкан» модел

Сурет 3


Меутеп глобусы

Географиялық карталар- көбінесе дүниежүзінің физикалық, әлеуметтік-экономикалық географиясы курсында кең қолданысқа ие болады, Қазақстанның физикалық,әлеуметтік-экономикалық географиясын, сонымен бірге, дүние жүзі елдерін өткенде пайдасы зор. Сондықтан, география кабинетінде картаның түрлері көп болуы керек. Масштабы бойынша, дүниежүзілік, материктік, жеке елдер мен аймақтар картасы, Қазақстанның картасы, Оңтүстік Қазақстан облысы картасы өлкетану тақырыптары кезінде қолдануға, болуы тиіс. 



   
Сурет 4
Географиялық картаның түрі
Приборлар-компас, өлшегіш приборлар, географиялық алаңға қажет приборлар, т.б
  
Сурет 5
«Компас» приборы

 
Сурет 6
«Термометр» приборы
Баспа материалдары-көрнекілік және таралымдық болып бөлінеді. Оның ішіне таблицалар, портреттер, бейнесюжеттер, т.б. кіреді. Мысалы, «атериктер мен мұхиттар»таблицасы, «география» таблицасы, т.б.
 
Сурет 6 
«Африка» кестесі 
Бейне-дыбыстық құралдар: бұл компакт-дисілер, видеобейнефильмдер, слайд-альбомдар, фолия және т.б. Бұлар география кабинеті қазіргі заманға сай жабдықталса, сабақты жаңа технологиямен өтуге, оқушыларға қандай тақырып болмасын тереңдетіп түсіндіруге ықпал жасары анық. Мысалы, слайд-альбомдарды оқушылар өздері де өзіндік жұмыс ретінде, практикалық жұмыс ретінде жасай алады. Видеофильмдердің көмегі тіпті зор, мысалыға алсақ, географиялық ашылулар деген тақырыпта фильм көру арқылы оқушылар географтарды да, ғалымдар-зерттеушілерді де, ашылған жердің нақты координаттары мен қазыіргі жағдайы жайлы нақты мәлімет алады. 
Интерактив көрнекілер- бұл жерде көбінесе интерактивті тақтаны қолдану барысында жай баспалық карталарды емес, электронды картаны қолдану басым. Яғни, кез-келген аймақтың қазіргі таңда электронды картасы бар. Тақта арқылы осы карталарды көріп, кез-келген нүктені жакындатып, нақты координаттарын білуге болады. Бұл әрине, оқушылар мен мұғалім үшін пайдасы айтпаса да анық. 
2.3.Географиялық алаң және оның маңызы
Географиялық алаң – география кабинетінің бір саласы болып табылады. Онда көптеген бақылау, тексеру жұмыстарын жүргізуге болады. Дүние жүзінің көптеген өркениетті елдеріндегі мектептерде 30-ға жуық құралдары бар географиялық алаңдар бар. Алаңды жасау үшін алдымен метереологиялық үйшік тұрғызу керек. Оны ағаштан құрастырып, ішіне барометр, гигрометр, термометр орналастырады. Термометрдыі төменгі ұшы жер бетінен 2 метр биіктікте болуы керек. Метеоүйшіктің  есігі міндетті түрде солтүстік жаққа ашылуы тиіс, себебі, температураны есептеп жатқан кезде күн сәулесі үйшіктің тікелей тусетін болса, термометр ауаның температурасын емес, шыны түтіктің күн сәулесі қыздырған температурасын көрсетеді. Жауын-шашын мөлшерін өлшегіш географиялық алаңға жер бетіне жаңбыр, қар, бұршақ түрінде түскен қарды жел үрлеп кетпеуі үшін жан жағына қоршау орнатылады. Жаңбыр жауған соң шелектегі судың мөлшерін өлшейді. Соған қарап, егер жаңбыр суы топыраққа сіңіп немесе буланып кетпесе, жауын-шашын мөлшерін өлшегіш құралдардың жоғарғы бөлігі жер бетінен 2 метр биіктікте болу керек. 
Флюгер желдің бағытын өлшейді. Флюгердің бағдаршасы кіндікте еркін айналып үшкір ұшы желге қарама-қарсы тұруы керек. Егер жел солтүстік-батыстан тұрса: солтүстік-батыс желі, егер оңтүстік-шығыстан тұрса: онда оңтүстік-шығыс желі деп аталады. Флюгер негізінен 10 метр биіктікте орналастырылады. Флюгер орнатылған 10 метрлік бағананы төменнен жоғары қарай 1 метрін ақ, 1 метрін қара бояумен кезек бояп өлшеуіш бағана жасайды. Бағанаға қарап оқушылар сол маңайда тұрған үйлердің, ағаштардың тағы басқа заттардың биіктіктерін салыстырып өлшей алады. Бұл оқушылардың көзбен өлшеуән дамытады. 
Полярлық жұлдызды табу оңай болу үшін, географиялық алаңға полярлық жұлдызды көрсеткішті орнату керек. Географиялық координаты көрсету үшін, алаңға төрт бағана орнатып, биіктігі 1,5-2 метр бағаналардың ортасын сыммен қосып меридиан және параллель жасау қажет. Тиісті бағанаға ортасын сыммен қосып төрт бұрышты темірді бекітіп, соған мектептің географиялық бойлығы мен ендігін жазып қояды. Күннің горизонтттан биіктігін анықтау мақсатында гномон немесе күн сағатын алаңға орнатуға болады. 
Оқушыларға ке-келген жердің ауданы мен өлшеуді үйрені үшін, алаңға ағаштан квадрат және куб пішінінде  фигуралар, сонымен қатар, жер бедерінің көптеген жасанды пішіндерін жасауға болады. Мысалы, төбе, шығанақ, түбек, тау, су қоймасы, сарқырама т.б. алаңда оқушылар отырып тапсырма орындайтын орындық және үстел болғаны дұрыс. 
Алаңдағы барлық заттар негізінен ақ түсті бояумен боялады, алаңның өлшемі шамамен 10/10 метр болады, мүмкіндігі болғанша жан-жағында ешқандай кедергісі жоқ, тегіс, жазық жерге орналастыру керек. Дүниежүзілік стандарт бойынша географиялық алаңның көлемі 26/26 метр.   
Географиялық алаң – бұл географиялық кабинетпен бірге оқушылардың түрлі зерттеулері мен өзіндік жұмістары іске асатын, өзіне сай, зерттеулерге керекті барлық құрал-жабдықтармен толтырылған алаңды айтамыз.Алаңның жалпы көлемі әртүрлі болуы мүмкін. В.Г.Эрдели зерттеулерінде ең ыңғайлы көлем -  21X21м деп көрсетілген. Бірақ, әр мектептің немесе басқа оқу орындарының бос алаңына қарай бұл көлем өзгеріп отыруы да мүмкін,яғни, бұдан кіші алаңда да география алаңын жасау мүмкіншілігі бар.  Ыңғайына орай, географиялық алаңды ашығ алаңқайда, жазық жерде құру тиімді болады. Себебі, ашық жерден оқушылар зерттеулер кезінде көкжиекті де,жұлдыздар, күн көрінісі жеңіл болуы керек.Сонымен қатар, географиялық алаңды мектепке жақын жерге орналастырса, тиімдірек болады. Ол мектеп пен алаңнаң арасында көп уақыт құртпай, зерттеулер жүргізуге және алаңның қауіпсіздігіне көңіл бөлінуі  оңай болуы ушін. 
Ал, алаңды қандай жабдықтармен жабдықтау керек деген сұраққа келсек, ол алаңда қандай зерттеулер және қай сыныптарға жүргізілуімен байланысты. Бастауыш сынып алаңы мен жоғары сыныптар алаңы құрал-жабдықтары әрине әртүрлі болады. 
Мысалы, бастауыш сыныпта көбінесе мұғалім алаңда оқушылардың көзбен алшақтықты дұрыс табуға баулиды. Бұл үшін, алаңды қоршап тұрған тіреуіштерді қолдануға болады. Тіреуіштің бір жағынан жарқын түсті бояумен бір, бес, он деп алшақтықтарды санмен жазып қоямыз, ал, қарама-қарсы жағынан, бір, үш, бес, сегіз, он бес деп алшақтықты белгілеп, бірақ санмен жазбау керек. Осы сабақ кезінде мұғалім бір белгіге барып, мынау қанша деп сурап, оқушылардың дамуына үлес қосады.
Бұл жаттығулар туристік зерттеулерге шыққанда да, тауға, көлге саяхат жасағанда да жалғаса береді. Яғни, балаларға біршама алыста орналасқан су, ағаш немесе тағы басқа затты көрсетіп, көзбен қанша метр шығатынын сұрау арқылы және оны артынша басқан ізбен өлшеп, тексеру арқылы жаттықса болады. 
Бұл жерде әр оқушы өз басқан қадамдарының метрмен қанша болатынын да біліп отырады. 
Осы сияқты жаттығуларды тек бастауышта емес, кейінгі орта сынып оқушыларына да жасатуға болады, ол оқушылардың қызығушылығын арттырады. 
Сонымен қатар, көзбен өлшеу жаттығуларына биіктікті өлшеу де жатады. Ол үшін көбінесе нивелир немесе тік бұрашөлшегішті қолдануға болады. Яғни, географиялық алаңда болсын немесе экскурсияларда болсын, кез-келген биікте тұрған затты осы приборлар арқылы өлшеуге болады. Осы приборларды қолмен де ағаштан жасап, оған бояумен нақты өлшенген сандарды жазып, оны да экскурсия кезінде қолдануға болады.  
Жоғарыда көрсетілген жаттығуларды барынша географиялық алаңда жасауға тырысу керек. Ол үшін алаңда:
Гномон. Оңтүстіктен солтүстікке, батыстан шығысқа жүргізілген. 
Сонымен қатар, географиялық алаңда керекті барлық приборлар болуы керек: флюгер, термометр орнатылған будка, жауын-шашын мөлшерін өлшеуге жағдай, қар қалыңдығын өлшейтін прибор, т.б.
Географиялық алаңда түрлі географиялық обьекттердің қолдан жасалған модельдері, макеттері болуы да шарт. Оқушылардың өздері қолдан гидрографиялық обьектілердің:өзен, көл, бұғаз, модельдерін, сонымен қатар, құм қолдану арқылы, рельеф формаларын, жазықтар, үстірттер, тау, шатқал, т.б. обьектілерді жасауға мүмкіншілік бар болуы тиіс. Осы жаттығулар кезінде өз өлкелерінде бар географиялық обьектілерді жасаудың ролі ерекше, өлкетану жұмыстарына улкен септігін тигізеді. 
Жұмыстарды жүргізу жыл мезгілдеріне де байланысты, жазда модельдер жасау, макеттер жасау, құммен, балшықпен жұмыс істеуге болады. Ал, қыс мезгілінде, қар жамысғысын өлшеу, күн сәулесіне байланысты жұмыстар жүргізуге қолайлы. 
Географиялық алаңда жумыс істеудің белгілі бір ережесі немесе бекітілген жоспары жоқ, ол мұғалім мен оқушылардың ойлау қабілетіне, қиялына да байланысты болады. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет