Геология пәнінен



Дата07.01.2022
өлшемі17,25 Kb.
#17016

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Геология пәнінен

Байғараев Мұхит С1511-10ж

Межелік бақылау сұрақтары




  1. Күн. Күн жүйесі

  2. Фиксизм

Күн жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер, Қызылжұлдыз, Есекқырған, Қоңырқай, Уран және Нептун ), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі. Күннен ең алыс орналасқан планетаға дейінгі орташа қашықтық шамамен 40 а.б. немесе 6 млрд. км-ге тең.

Күн – Күн жүйесіндегі орталық дене болып саналады, оның массасы Күн жүйесіндегі барлық денелердің жиынтық массасынан 750 есе артық. Сондықтан Күн жүйесінің массалар орталығы Күн қойнауында орналасқан. Барлық 9 үлкен планета Күнді айнала, дөңгелек дерлік орбита бойымен, бір бағытта қозғалады. Олардың орбиталарының бір-біріне қатысты көлбеулігі өте аз. Планеталардың Күннен қашықтығы белгілі бір заңдылыққа бағынған, яғни көршілес орбиталардың ара қашықтығы Күннен алыстаған сайын арта түседі. Планеталар қозғалысының физикалық қасиеттеріне байланысты Күн жүйесінің үйлесімді екі топқа бөлінуі ғарыштық денелердің кездейсоқ жиынтық емес екендігін көрсетеді. Барлық кіші планеталар да үлкен планеталар қозғалған бағытта Күнді айнала қозғалады, бірақ олардың орбиталары едәуір созылыңқы және эклиптика жазықтығына көлбеу орналасады. Кометалардың көпшілігі параболаға жақын өте созылыңқы орбита бойымен қозғалады. Айналу периоды миллиондаған жылға жетеді. Мұндай комета орбиталарының эклиптика жазықтығына көлбеулігі алуан түрлі, олар Күнді айнала тура және кері бағытта да қозғалады. Күн жүйесінің қүрамында: 9 планета,42 планета-серіктері, 50 мыңнан астам ұсақ астероидтар (планетоидтар), жүздеген кометалар және толып жатқан метеориттер мен метеорлар бар екендігі белгілі (II. 1-сурет).

Планеталардын орбиталық жазықтықтары (Плутон орбитасынан басқасы) Күннің экваториальдық жазықтығымен сәйкес бір жазықтықта орналасқан деуге болады. Олардың (Уран мен Шолпаннан басқасы) Күнді айналу бағыты Күннің өз осінен айналу бағытымен сәйкес (сағат стрелкасына қарсы бағытта) келеді.

Планеталар (грекше “адасқандар”) Күннен алыс-жакындығына қарай ішкі (жер тектес) және сыртқы (алып) планеталар больш екі топқа бөлінеді.

Жер тектес планеталар (Меркурий, Шолпан, Жер және Марс) алып планеталармен салыстырғанда көлемі жағынан кіші, тығыздығы жоғары, атмосферасының массасы аз және өз осінен айналу жылдамдығы төмен болып кездеседі.

Алып планеталар (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон) жалпы көлемі мен массасының өте үлкендігі-мен,тығыздығының төмендігі-мен және өз осінен айналу жылдамдығыныа жоғарылығымен сипатталады. Бұлардың ішінде Плутонньщ орны ерекше. Бұл планета Күннен ең қашық орналасқан планета болып саналады. Әзірге өте нашар зерттелген. 1978 ж. Плутонның серігі бар екендігі анықталды. Юпитер, Сатурн, Уран секілді алып планеталардың серіктері өте көп. Олар метеориттік заттардан құралған сақиналар түрінде байқалады. Мысалы, Юпитер планетасының 15_серігі Юпитермен бірге өзіндік планеталар жүйесін құрайды деуге болады.

2.Геотектоникалық зерттеулер бағыты 2ге бөлінеді: фиксизим және мобилизм.

Фиксизмұзақ уақыттар бойына геология ғылымындағы басты парадигма рөлін атқарған геотектоникалық зерттеулер бағыты. Фиксизмнің негізгі қағидасы кез- келген геологиялық нысандар көлбеу бағытта жылжымаған , өздерінің қазіргі орнында ұдайы сақталған, Олар тек қана кезінде төмен қарай ойысу нəтижесінде түзілген.



Фиксизм (лат. fixus— берік, өзгермейтін, бекіген) - Жер бетіндегі континенттер орнының тұрақты екені және тік бағытталған тектоникалық қозғалыстардың шешуші рөлі туралы түсінікке негізделген тектоникалық ғылыми болжамдар тобы. Мобилизмге қарағанда фиксизмде материктердің горизонталь бағытта айтарлықтай қозғалуы теріске шығарылады. XX ғасырдың 60-жылдарына дейін фиксизм тектоникедағы жетекші бағыт болды (француз ғалымы Эли де Бомон, австриялық ғалым Э. Зюсс, орыс ғалымы В. В. Белоусов және т.б.)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет