Геологиялық бөлім



Дата15.11.2022
өлшемі44,47 Kb.
#50316

Кіріспе

Геологиялық бөлім


С.Нұржанов кен орында алғашқы қабатты гидравликалық жару 2005 жылы жүргізілді. 2000 жылдың басында өндіруші ұңғылар бойынша қосымша мұнай өндіру көлемі – 139433 тоннаны құрады. 2005 жылы 51 ұңғыда жүргізілді, оның ішінде 3-еуі ығыстыру ұңғылары. Қабатты гидравликалық жару жүргізілген соң ұңғының қабылдағыштығы 3-4 есе артты.
Гидравликалық жару процесі дегеніміз қабат жыныстарын жоғары қысымды сұйық көмегімен бұза отырып, жарықшақтар тудыру. Гидравликалық жару процесінің барысында мынадай талаптар орындалуы қажет:
- сызат, жарықшақ пайда болуы;
- пайда болған жарықшақты ашық түрінде ұстап тұру;
- жарық сұйығын келтіру;
- қабат өнімділігін арттыру.
Қабаттағы жарықшақ қабатқа жоғары қысымды су айдау барысында пайда болады. Сұйық жылдамдығы жоғары болуы қажет, қабаттың сіңіру жылдамдығына қарағанда. Жыныста ішкі кернеу пайда болғанша, сұйық қысымы өседі. Ішкі кернеуге байланысты пайда болған жарықшақты ашық түрде ұстап тұру қажет. Жарықшақ пайда болған мезеттен бастап, сұйыққа міндетті түрде құм қосылуы қажет. Себебі құм жарылыстан кейін қысым азайған кезде жарықшақты ашық түрде ұстап тұруы үшін қажет.
Гидравликалық жарудан кейін, ұңғымадан флюидті шығармас бұрын, ұңғымадағы сұйық қалдығын кетіру қажет. Сұйықты кетіру қолданылған сұйық түріне, қабат қысымына, қабаттың салыстырмалы өткізгіштігіне байланысты болып келеді. Сұйықты кетірудің маңызы зор, себебі қалған сұйық сұйықтардың жиналу жолында кедергі көрсетуі мүмкін.
Қабатты гидравликалық жару – шыңыраудың түп аймақтық зонасына әсер ететін тиімді құралдардың бірі болып табылады. Бұл тәсіл мұнай және газ кенорындардың өнімділігін жоғарлату үшін шыңырауды игеруге және қабат суын оқшаулау кезінде және т.б. ығыстыру шыңырауының жұтқыштық қасиетін жоғарлату үшін қолданылады.
Қабатты гидравликалық жару процесі түп аймақтық зонаның жыныстарына шыңырауға ығыстырылатын сұйықтың жоғарлатылған қысымымен жасанды және кеңейтілген жарықшықтар туғызумен қорытындыланады. Қабат жыныстарында қысымды жоғарлату кезінде жаңа жарықшақ түзіледі немесе өзінің жарықшақтары ашылады немесе кеңейеді. Бұл жарықшақ жүйесінің барлығы қабаттың өнімді бөлігінен жойылған шыңыраумен байланыстырады. Қысым төмендеген соң жарықшақтың бітеліп қалмауын болдырмас үшін оған шыңырауға ығыстырылатын сұйыққа қосып ірі түйіршікті құмды енгізеді. Жарықшақ радиусы бірнеше ондаған метрге жетуі мүмкін. Қабатты гидравликалық жару нәтижесінде тәсілдің гидродинамикалық тиімділігі және шыңырау дебитінің максимальды көбеюін келесі бойынша бағалауға болады.
Қабатты жару кезінде қабатта сүзілетін сұйықтан жарықшақтың түзілу механизмі келесідей: шыңырауда сорапты агрегаттармен туындайтын қысыммен жару сұйығы бірінші кезекте үлкен өткізгішті зонада сүзіледі. Мұнда вертикаль бойынша қабаттар арасында туындайтын қысымдар айырмашылығы өткізгішті қабатта өткізгіштігі аз немесе мүлдем өткізбейтін қабатқа қарағанда жоғары болады. Нәтижесінде өткізгіш қабат жабынында және табанында кейбір күштер әсер етіп, жоғары жатқан жыныстар деформацияға ұшырайды және қабаттар шекарасында горизонтальды жарықшақтар түзіледі.
Жару процесінің үлкен дәрежесі сұйықтың физикалық қасиетіне, оның ішінде оның тұтқырлығына байланысты. Ол сүзілетін болу үшін жару қысымы аз болғаны жөн.
Қабатты жару кезінде қолданылатын сұйықтың тұтқырлығын жоғарлату және оның сүзгіштігін төмендету оған тиісті қоспалар енгізу арқылы жүзеге асырылады. Қабатты жару кезінде қолданылатын көмірсутекті сұйықтарға арналған қоюландырғыштарға органикалық қышқыл тұздары, жоғары молекулярлы және коллоидты мұнай қосылыстары (мысалы, мұнай гудроны және мұнай өңдеудің басқа қалдықтары) жатады.
Едәуір тұтқырлыққа және жоғары құм ілестіретін қабілеттілікке карбонатты коллекторды жару кезінде қолданылатын кейбір мұнайлар, керосин-қышқылды және мұнай-қышқылды эмульсиялар және су-мұнай эмульсиялары ие. Бұл сұйықтар мұнай шыңырауларында қабатты жару кезінде жару сұйықтары және құмтасығыш-сұйықтар ретінде қолданылады.
Су ығыстыру шыңырауларында қабатты жару үшін көмірсутекті негіздегі жару сұйықтары және сұйық-құмтасығыштар пайдалану судың көмірсутекпен қоспа түзілуі кесірінен жыныс өткізгіштігінің нашарлауына әкеліп соғуы мүмкін. Су ығыстыру шыңырауларының қабаттарында бұл құбылысты болдырмас үшін қоюландырылған сұйықпен жарады. Қоюландыру үшін сульфид-спиртті борда (ССБ) және суда жақсы еритін басқа целлюлозалар пайдаланылады.
Жарықшақты толтыруға арналған құм келесі талаптарға жауап беруі тиіс: 1) берік құм жастықшасын түзіп және қысым кезінде бұзылмауы қажет; 2) сыртқы қысым әсерінен жоғары өткізгіштігін сақтау қажет.
Бұл талаптарға ірі түйіршікті, жақсы оралған және гранулометриялық құрамы бойынша біркелкі, жоғары механикалық беріктікке ие құмдар қанағаттандырады. Ең көп қолданылатыны түйіршік өлшемі 0,5-1,0мм таза кварцты құмдар.
Қабатты гидравликалық жаруға арналған жабдықтар кешеніне кіретіндер: сорапты агрегаттар, құмараластыру қондырғылары, жару сұйықтарын тасымалдауға арналған автоцистерналар, шыңырау сағасының арматурасы, пакерлер, якорлар, және басқа қосымша жабдықтар.
Оның ішінде сумен жару үшін келесі жабдықтар пайдалануы мүмкін:
· Тіреуі бар пакерлер: ПМ; ОПМ.
· Тіреусіз пакерлер: ПШ; ПС; ПГ.
· Сорапты қондырғылар (агрегаттар): УН1-630-700А; НА-105-1; 2АН-500; АНА-105; 3АН-500 және 4АН-700.
· Құмараластыру қондырғылары: АПС-10; 4ПА; УСП-50 ( 9 т. құмға дейін).
· Манифольд блогы: 1БМ-700; 1БМ-700С; ММ-1050.
· Саға арматурасы: 2АУ-700; 2АУ-700СУ.
· Автоцистерналар: АЦН-8С-5337; АЦН-14С-65101; АЦ9-5337; АТК-8-65101 және сиымдылықтар (6¸21) м3.
Сорапты қондырғылар (агрегаттар) 2АН-500, 3АН-500 және 4АН-700 жұмысшы сұйықтарды: жару сұйығы, құмтасығыш пен үрлеу сұйығын айдауға арналған .

2.7.3.1 сурет. Құмараластырғыш агрегат ЗПА


1 - сорап 4ПС; 2 - қозғалтқыш ГАЗ-51; 3 - араластырғыш қондырғы; 4 - көлбеу бағыттағыш; 5 - құмға арналған қазан; 6 - қабылдағыш құбыр; 7 - жіберу құбыры; 8 - автомобиль КРАЗ-257.
Сорапты қондырғының типі мен саны оның техникалық сипаттамасы, өңделетін қабат параметрлері бойынша анықтайды: қабаты, қалыңдығы, өткізгіштігі, табиғи жарылғыштық дәрежесі және т.б. Мұндағы маңызды жағдай – қажетті қондырғыны максимальды қысқарту, ол шыңырау сағасының түйінін, процесті басқаруды жеңілдетеді және жұмыс құнын төмендетеді.
Құм араластыру қондырғысы УСП-50 құмды тасымалдауға, құм-сұйықты қоспаны дайындауға және қабатты жару кезінде, және де суқұмарынды перфорация кезінде сұйықты сорапты қондырғы қабылдауына беруге арналған. Ол КрАЗ-257Б1А автомобиль шассиіне орнатылған және тиеу бункерінен және жұмысшы шнектен, манифольдтан, басқару постынан, шнек пен араластырғышты басқару гидрожүйесінен тұрады.

УСП-50 қондырғысының техникалық сипаттамасы


Максимальды беру, м3/мин 3,6
Беру, т/мин 0,3
Бункер сыйымдылығы, м3 6,83
Қысымы, МПа 0,2
Қабатты сумен жару жабдықтарын таңдау кезінде қажет: технологиялық сызбаны – сұйық қысымы мен шығынын анықтау; сұйық орта мен толтырғышты саны мен типін анықтау.
Қабатты жаруға арналған сұйық қабатқа жіберер алдында дайындалады. Сұйықты дайындау жүйесіне: құмтасығыш, мұнай немесе жанармайы бар сиымдылық, араластырғыш аппарат – блендер кіреді. Ұңғыма басына жеткізуімен құм таудап алынған сұйықпен блендер көмегімен араластырылады.
Қабатты гидравликалық жарудың негізгі жабдықтары: автоцистерналар, сорапты қондырғылар, жоғары қысымды қамтамасыз ететін, манифольд, шлейф, ұңғыма сағасының жабдықтары НКТ, пакер, якорь.
Қазіргі уақытта қолданылатын автоцистерналар: ППЦ-23-5524П, АЦН-11-257, ЦР-7АП. Осы автоцистерналар көмегімен 3 түрлі сұйық – жару, құмтасығыш, буферлі ұңғыма басына жеткізіледі. Осы аталған автоцистерналардың ішіндегі ППЦ-23-5524П қолайлы болып табылады, себебі оның көлемі басқа автоцистернаға қарағанда үлкен болып келеді. Енді осы автоцистернаның техникалық сипаттамасын қарастырайық:
- Цистерна сиымдылығы, м3 ........................................... 23
- Цистерна сорабының айдау мөлшері, л ...................... 37,5
- Қысымы, МПа ................................................................ 0,98
Цистерна КрАз 257 автомобилінде орналасқан. Цистернадан басқа бұл жерде транмиссиясы бар сорап блогы, манифольд сорып алу жүйесі және басқа жабдықтар бар. Сорап ішінде ортадан тепкіш өзі соратын сораптар қолданылады.

Технико-технологиялық бөлім

Есеп бөлім

Қортынды


Әдебиеттер тізімі

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет