Геометрия



Дата29.03.2023
өлшемі4,72 Kb.
#77098
түріСабақ

Сабақ тақырыбы: Шеңбер, дөңгелек, олардың элементтері мен бөліктері

геометрия

Сабақ тақырыбы:



Шеңбер, дөңгелек, олардың элементтері мен бөліктері 
7.1.1.31 нүктелердің геометриялық орнының анықтамасын білу;
7.1.1.28 шеңбер мен дөңгелектің және олардың элементтерінің (центр, радиус, диаметр, хорда) анықтамаларын білу;
7.1.1.29 центрлік бұрыштың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану;
7.1.1.30 шеңбер диаметрі мен хордасының перпендикулярлығы туралы теоремаларды дәлелдеу және қолдану;

Бүгінгі сабақта:

Анықтама.

Анықтама.

Берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелерден тұратын геометриялық фигура шеңбер деп аталады. Берілген нүктені шеңбердің центрі деп атайды. Шеңбердің кез келген нүктесін оның центрімен қосатын кесінді радиус деп аталады.

О нүктесі – шеңбердің центрі,


АО – радиусы.
Белгіленуі: R немесе r.
(O, R) – центрі О нүктесі болатын,
радиусы R-ге тең шеңбер.

Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесіндіні хорда деп аталады. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорданы диаметр деп атайды. Диаметр – ең үлкен хорда. Шеңбердің центрі диаметрдің ортасында жатады.

CD, AB, EF – хордалар,


AB – диаметр, AB=2R.

Шеңбердің бөлігі доға деп аталады. Доғаны «» белгісімен белгілейді. Шеңбердің кез келген екі нүктесі оны екі доғаға бөледі. Екі радиустың арасындағы бұрыш центрлік бұрыш деп аталады.


  • АОВ бұрышы – центрлік бұрыш. АВ доғасының градустық өлшемі АОВ центрлік бұрышының градустық өлшеміне тең.

  • Жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігін дөңгелек деп атайды

Бірлескен жұмыс

1. Шеңбердің радиусы 2,5 см-ге тең. Шеңбер хордасы 6 см- ге тең болуы мүмкін бе?

Шешуі: D =2 R =2*2,5=5см


d = 5 см, хорда 6 см болуы мүмкін емес

2. Шеңбердің АВ хордасы АО радиусына тең. АОВ бұрышы неге тең?



Шешуі: АОВ үшбұрышы дұрыс үшбұрыш, олай болса, АОВ бұрышы 600-қа тең.

Жеке жұмыс

1. Радиусты диаметр арқылы өрнекте. Диаметрді радиус арқылы өрнекте.

Шешуі: D =2 R; R = D/2


Жеке жұмыс №2. Артығын тап, негізде.


  • Центр

  • Радиус

  • Доға

  • Диаметр

  • Ұзындығы

  • Хорда

  • Көлем

  • Циркуль

  • Транспортир

  • Градус

  • Сызу

Жауабы: Көлем, себебі шеңбер де, дөңгелек те жазықтықтың фигуралары. Жазықтық фигураларының көлемі болмайды.


НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет