Гесс заңы және оның салдары



бет1/11
Дата25.02.2022
өлшемі82,35 Kb.
#26397
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
  1. Гесс заңы және оның салдары


Реакция өнімдерінің ішкі энергиясы реакцияға түскен заттардың ішкі энергиясынан өзгеше болатындықтан, химиялық процестер кезінде жүйенің ішкі энергиясы өзгереді. Химиялық реакциялар кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі жылуды сіңіру немесе бөлу және жұмыс істелудің нәтижесінде болады. Әдетте жұмыстың шамасы аз болғандықтан, ол еленбейді. Реакция нәтижесінде бөлінетін жылуды тәжірибе арқылы калориметр деп

аталатын аспаппен өлшеуге болады. Реакция нәтижесінде бөлінетін немесе реакция жүру үшін берілетін жылу реакцияның жылу эффектісі деп аталады.

Реакцияның жылу эффектісін зерттейтін физикалық химияның саласын термохимия деп атайды. Термохимия еру процесі кезіндегі де жылу эффектілерін қарастырады.

Жылу эффектісінің шамасы бастапқы заттар мен реакция өнімдерінің агрегаттық күйіне байланысты болады. Мысалы, сутектің жануы нәтижесінде газ күйіндегі және сұйық күйдегі өнімдер алынуы мүмкін. Осыған орай реакцияның жылу эффектілері әртүрлі болады:



Н2(г) + 1/2О2 = Н2О(с) + 285851 Дж/моль

Н2(г) + 1/2О2. = НгО(г) + 241835 Дж/моль





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет