Главная передача и дифференциал автомобиля. Устройство



бет1/5
Дата19.04.2022
өлшемі158,78 Kb.
#31486
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Сабақтың тақырыбы: Автомобильдің басты берілісі,дифференциалы және құрылысы

Құрастырған: арнайы пән мұғалімі

С.К.Кубиев

Автомобильдің басты берілісі, дифференциалы және құрылысы

Автомобильдің басты берілісі айналу моментін үлкейтіп беруге және оны жарты осьтерге 90⁰ бұрышпен жеткізуге арналған


Автомобильдің басты берілісінің жұмыс сызбасы 1 - қақпақ; 2 – жетекші валдың тісті тегершігі ;

3 – жетекші тісті тегершік; 4 – жетектегі тісті тегершік; 5 -жетекші (артқы) дөңгелектер;

6 – жарты осьтер;

7 – басты берілістің картері

Басты беріліс

Басты беріліс

  • Басты беріліс: жетекші және жетектегі тісті тегершіктен тұрады.
  • Қозғалтқыштың иінді білігінің айналу моменті ілініс,беріліс қорабы және кардандық берілістер арқылы,әркез іліністе болатын қисық тісті тісті тегершіктің жұбына беріледі.Суретте екі дөңгелек те бірдей бұрыштағы жылдамдықпен айналады.Ал егер автомобиль бұрылған кезде,дөңгелектер әр түрлі жылдамдықпен айналу керек. Егер ойыншық машинаны алсақ,олардың артқы дөңгелектері бір бірімен қатты жалғасқан,оны еденмен сүйресек,онда сіздің еденіңіз сызылып қалғанын көресіз.Ойыншық машинаның әрбір бұрылысында екі дөңгелектің біреуі сүйретіліп артынан қара із қалдырады.Кәдімгі шын автомобильдің бұрылыстағы қалдырған ізіне анықтап көз салсақ,ішкі дөңгелекке қарағанда сыртқы дөңгелектен бұрылыстың орталығына дейінгі ара қашықтық едәуір үлкен болады. Егер әрбір дөңгелек бірдей айналса,онда автомобильдің бұрылуы мүмкін болмас еді.Бұдан түйетініміз,ойыншыққа қарағанда шын автомобильде бұрылу кезінде дөңгелектер асфальтта ешқандай із қалдырмайды.Мұндай механизмді дифференциал деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет