Глоссарий академиялық күнтізбе



Pdf көрінісі
бет13/22
Дата19.02.2023
өлшемі403,13 Kb.
#69181
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Мораторий – ішкі және сыртқы міндеттемелерді орындауды уақытша тоқтату, үзіліс 
жариялау. 
Нигилизм – жалпы қабылданған заңдық ережелер, қоғамдық саяси ӛмірдің 
тәртіптерін және т.с.с. жоққа шығару. Саясатта оны жақтаушылар қалыптасқан саяси 
қазыналарға, партиялар мен саяси қайраткерлердің іс-әрекетіне қарсы болып
қабылдамайды. 
Нонсенс – қажетсіздік, артық кетушілік. 
Обструкция – белгілі бір шараларға, шешімдерге, заң жобаларына қарсы наразылық 
білдіріп, кедергі жасап, қабылдаттырмауға тырысудың бір түрі. Мысалы, мұндайда 
депутаттардың, делегаттардың бір бӛлігі келіспегендіктен шу кӛтеруі, орнынан айқай 
салуы, тұрып кетуі мүмкін.
Объект – субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті бағытталған зат. 
Саясаттанудың объектісіне саясат әлемі жатады. 
Одақ – жалпы саяси мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан бірлестік. Парламентте 
партиялардың депутаттар тобы қандай болмасын бір заңды қолдау немесе қабылдамау 
үшін блоктар құруы мүмкін. Сайлау науқаны кезінде саяси мақсаттары, кӛзқарастары 
жақын партиялар бірігіп, іс-әрекет жасамақ болып ӛзара келіседі. Экономикалық, әскери 
және т.б. мәселелерді шешу үшін мемлекетаралық одақтар да құрылады. Мысалы, НАТО, 
ОПЕК және т.с.с. 
Олигархия – саяси және экономикалық билік азғантай топтың қолында тұрған 
биліктің түрі немесе сол үстем топтың ӛзі. Ондай билік қаржы саласында да болуы 
мүмкін. Сондықтан қаржы олигархиясы деп те атайды. 


Оппозиция – 1) бір саясатқа, саяси іс-әрекетке, қайраткерге қарсылық ету, кедергі 
жасау; 2) партияның не оның бір бӛлігінің билік етуші элитаға, кӛпшіліктің немесе 
үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы. Демократиялық елдерге парламенттік оппозицияны 
әдеттегі, дұрыс жағдай деп санайды. Олар билеушілерге қарсы тежемелік, тепе-теңдік 
қызмет атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет