Глоссарий академиялық күнтізбе



Pdf көрінісі
бет14/22
Дата19.02.2023
өлшемі403,13 Kb.
#69181
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Охлократия – қоғамдық ӛмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді 
басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр билігі. 
Ӛркениеттілік – 1) қоғамның, адамзаттың материалдық және рухани даму деңгейі; 2) 
мәдениеттің синонимі; 3) Л. Морган, Ф. Энгельстердің кӛрсетуінше, қоғам дамуында 
варварлықтан кейінгі сатысы. 
Пакт – халықаралық келісім. 
Парадигма – жасалатын ӛзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық 
құбылыстың үлгісі, бейнесі. Сонымен қатар ӛз пікірін, кӛзқарасын салыстырып, дәлелдеу 
үшін тарихтан алынған мысал ретінде де қолданылады. 
Парламент – жоғары сайланбалы ӛкілдік және заң шығаратын орган. Әр елде ол әр 
түрлі аталады. Мысалы, АҚШ-та, Филиппинде, Латын Америкасының кӛптеген елдерінде 
оны Конгресс, Польша мен Финляндияда – Сейм, Иран мен Туркияда – Мәжіліс, 
Германияда – Федералдық жиналыс, Израильде – Кнессет, Норвегияда – Стортинг, 
Ұлыбританияда – Парламент, Швецияда – Риксдаг, Францияда – Ұлттық жиналыс дейді. 
Парламенттік республика – конституция бойынша жоғарғы билік иесі парламент 
болып саналатын мемлекеттік құрылыстың түрін айтады. Мұнда үкіметті парламент 
қалыптастырады, сондықтан оған тәуелді болады. Парламент бюджетті бекітеді, салықты 
белгілейді, соттарды құрады, халықаралық келісім-шарттарды қабылдайды, соғыс аша 
алады, әскерлерді қамтамасыз етеді және т.с.с. айналысады. Кӛптеген елдің парламенті екі 
(жоғары және тӛменгі) палатадан тұрады. 
Президент – 1) республикалық басқару орын алған елдердегі белгілі бір мерзімге 
сайланған мемлекет басшысы; 2) сайлап қойылатын басшы, қоғамдық, ғылыми 
мекемелердің, корпарация, компания және т.б. тӛрағасы. 
Пресс-конференция – белгілі бір мәселені баяндап, түсіндіру үшін мемлекет саяси 
және қоғам қайраткерлерінің баспасӛз ӛкілдерімен кездесуі. 
Революция – қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымындағы 
түбегейлі сапалы тӛңкеріс. Оның біртіндеп, ақырын дамитын эволюциядан және ішінара 
ӛзгерістер жасайтын реформадан айырмасы зор. Ол кӛпшілік күштерді қозғалысқа 
келтіріп, революциялық ситуацияны тудыратын объективтік ӛзгерістер нәтижесінде пайда 
болады. Оның қозғаушы күшіне үстемдік етіп отырған қоғамдық құрылысты құлатып
одан жоғары прогресті құрылысты орнатқысы келген таптар, әлеуметтік топтар жатады. 
Революциялық қозғалыстың субъектісіне және оның алға қойған мақсатына байланысты 
революцияны буржуазиялық, буржуазиялық-демократиялық, ұлтазаттық және т.с.с. етіп 
бӛледі. Революция қоғамның дамуын орасан зор жеделдетеді. 
Резиденция – мемлекет немесе үкімет басшысының, ірі әкімшілік қызметті атқарушы 
адамның тұрақты тұратын орны. Онда жоғары деңгейдегі саяси қайраткерлер кездесіп, 
маңызды шешімдер қабылданады. Ол жазғы, қысқы, қаладағы, қаланың сыртындағы және 
т.с.с. болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет