Глоссарий академиялық күнтізбе



Pdf көрінісі
бет19/22
Дата19.02.2023
өлшемі403,13 Kb.
#69181
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Сыртқы саясат – мемлекеттің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген саясаты. 
Теократия – діни билік те, азаматтар билігі де бір адамының қолында болатын 
мемлекеттік басқарудың түрі. Мысалға, Мұхаммед пайғамбарды келтіруге болады. Қазір 
жоққа тән. Тек ирандық аятолла Хомейнидің және одан кейінгі басшылықты оған қосуға 
болады. 
Терроризм – саяси себептермен жеке адамдарды, кӛпшілікті қорқыту, жазалау 
мақсаттарындағы қылмыстық әрекет. Ол жеке адамдарға, ұйымдарға, мемлекеттік 
институттарға немесе оның ӛкілдеріне қарсы бағытталуы мүмкін. Мысалы, жеке 
адамдарға қарсы Ресейде патша үкіметі кезінде халықшылдардың “қастандық” бағыты 
террорлық әрекеттер жасады. Ал жаппай кӛпшілікке қарсы мұндай саясатты Израйль 
басып алған араб жерлерінде жүргізуде. 
Тиран – 1) Ежелгі Грецияда, Ежелгі Италияда ӛкіметті күшпен басып алған адам; 2) 
жендет, рақымсыз, қатал, мейірімсіз билеу-ші; 3) қысымшы, езуші адам. 
Толеранттық – басқалардың пікіріне, сеніміне, тәртібіне шыдамдылық кӛрсету, 
саясатта алуан пікірлікті, оппозицияны кең мағынасында жұмыс істеуіне мүмкіндік 
беруді, олардың ой-пікірлеріне түсіністікпен қарауды білдіреді. 
Тоталитаризм – әрбір азаматтың, қоғам ӛмірінің барлық саласы мемлекет тарапынан 
толық бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылыстың түрі. Онда бір партия, 
идеология үстемдік етеді. Мұндай тәртіпте ӛндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат 
құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке ӛмірі және т.б. тегіс бақыланады. 
Азаматтардың, конституциялық ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, жазалау, 
қуғын-сүргін күшейеді, террорлық-полициялық бақылау орнайды. 
Тұлға – қоғамдық ӛмірдің нақтылы-тарихи жағдайы қалыптастырған, саналы іс-
әрекет ете алатын, ӛзінің жүріс-тұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас 
жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адам. 
Узурпация – ӛкімет билігін заңсыз басып алу немесе басқаның құқығын иемдену. 
Ультиматум – 1) саясатта жазалау шаралары қолданылады деп қорқыту арқылы 
қойылатын талап; 2) халықаралық құқықта бір мемлекеттің екінші мемлекетке белгілі бір 
мерзімге нақтылы ұсыныстарды міндеттеген үзілді-кесілді талабы. Егер ол талап 
орындалмаса, дипломатиялық қатынастар үзіледі. Қарулы күш, экономикалық блокада 
жасалуы және т.с.с. шаралар қолданылуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет