Глоссарий академиялық күнтізбе



Pdf көрінісі
бет21/22
Дата19.02.2023
өлшемі403,13 Kb.
#69181
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Ұлтшылдықұлттық жекешелікке, артықшылыққа, басқа ұлттарға сенбеушілікке 
және бір ұлтты екінші ұлтқа қарсы қоюға бағытталған саясат, идеология, психология және 
әлеуметтік тәжірибе. Ұлтшылдық ХVІІІ ғасырдың аяғында отаршылдық қанау мен 
әлеуметтік теңсіздікке қарсы наразылық ретінде пайда болған. Оның алдын алмаса, кейін 
халықтар арасындағы ӛшпенділікке айналып кетуі мүмкін. 
Фашизм – реакциялық, агрессивтік күштердің террорлық диктатурасы. Ол 1919 
жылы Италияда, содан кейін Германияда пайда болды. Оның ерекшеліктеріне 
жататындар: бір нәсілді екіншіден жоғары қою, мемлекетке барлық басшылықты беру, 
демократиялық құқықтар мен бостандықтарды басып-жаншуда шектен тыс күштеу әдіс-
тәсілдерін пайдалану, қоғамдық және жеке ӛмірді жаппай бақылауға алу және т.с.с. 
Екінші дүниежүзілік соғыс фашизмге күйрете соққы берді. Бірақ кейбір елдерде қазір 
жаңарған фашизм бой кӛрсетуде. 
Федерация – 1) белгілі бір тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың 
бірігіп, одақтық жаңа мемлекетті құруы. Федерация мен оған кіретін субъектілердің 
міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен ретеледі. 
Әрбір субъектінің ӛзінің жоғары билеу органдары болады. Бірақ олар орталық 
институттарға бағынады. Мысалы, Австралия, Австрия, АҚШ, Бельгия, Бразилия
Германия, Канада, Малайзия, Мексика, Нигерия, Ресей және т.т.; 2) жеке қоғам, 
ұйымдардың одағы. 
Фракция – 1) парламентте немесе жергілікті ӛзін-ӛзі басқару органдарында және т.б. 
ӛз партиясының саясатын ұйымшылдықпен ӛткізу үшін біріккен кейбір саяси 
партиялардың мүшелері; 2) партияның жалпы бағытымен келіспегендіктен ӛз алдына 
бӛлек оқшауланған, ӛзіндік бағыты, құрылымы, тәртібі бар, бірақ сол партияның 
қатарынан шықпаған саяси партия мүшелерінің бӛлігі. 
Фундаментализм – мұсылман елдеріндегі қоғамдық ойдың ислам діні негіздерін 
берік сақтау әрекеттері. Қазір ол саясатқа араласу, идеологияға басшылық жасауға 
тырысушылықта байқалады. Мысалы, Иран мемлекетінде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет