Глоссарий академиялық күнтізбе


Адам – жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, саяси-қоғамдық  қатынастардың негізгі субъектісі мен объектісі.  Адам құқықтары



Pdf көрінісі
бет4/22
Дата19.02.2023
өлшемі403,13 Kb.
#69181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Адамжер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, саяси-қоғамдық 
қатынастардың негізгі субъектісі мен объектісі. 
Адам құқықтары – белгілі бір игілік алуда, ӛмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар 
мен мемлекет арасындағы ережелердің ӛзара қатынастары, кепілдіктері. Олар, негізінен
1948 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған “Адам құқығының жалпыға бірдей 
Декларациясында” кӛрсетілген. 
Азаматтық қоғам – жеке тұлғаның емін- еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның 
күйі. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың ӛздері тудырған қауымдастықтар 
(қоғамдық,кәсіби, шығармашылық ұйамдар, ассоцияциялар және т.б.) азаматтардың 
ӛндірістік және жеке ӛмірі, әдет-ғұрыптары, салттары кіреді. Бұл қоғамда мемлекеттің 
жеке адам ӛміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде 
танылғантережелерге сай құқықтары сақталады. 
Анархизм – жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-
саяси ағым. Оны жақтаушылар күштеу арқылы еріксіз кӛндіретін оргондарды 


азаматтардың еркін ассоциацияларымен (құрама одақтармен) алмастырғылары келеді. 
Оның алғашқы идеялары Платонның еңбектерінде кездеседі. Орта ғасырда утопистердің, 
жаңа дәуірде ұсақ буржуазия (У.Годвин, М. Штирнер, П.Прудон), орыс және халықаралық 
революциялық қозғалыстың идеологтарының (М. Бакунин, П. Кропоткин) ілімдерінде кең 
тараған. Қазіргі кезде бұл ағымның саяси ӛмірде әсері шамалы. 
Анархия – 1) мемлекеттік биліксіз әр түрлі қауымдастықтар, бірлестіктер, одақтар 
арқылы ӛзін-ӛзі басқаратын қоғам құруға тырысушылық; 2) үйреншікті ӛмірде 
тәртіпсіздікті, жӛнсіздікті, заңсыздықты, басшылықтың жоқтығын білдіреді. 
Аристократия – 1) пұрсатты, бай, ерекше құқықтар мен жеңілдікткрге ие ақсүйектер 
тобы; 2) ақсүйектер әулеті, билік жүргізетін мемлекеттік басқарудың түрі. Мысалы, 
мұндай мемлекеттік билік Ежелгі Гректерде болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет