Глоссарий құндылық



Дата28.09.2022
өлшемі18,7 Kb.
#40688

ГЛОССАРИЙ


Құндылық – көпшілік адамдар мақұлдайтын және ортақтасатын жақсылық, әділетттілік, патриотизм деп бағалайтын жеке тұлға үшін қоғамдық-мәнді әлеуметтік бірлік, қоғам, тұтас материалдық, әлеуметтік объектілер. Ол барлық адамдарға эталон, идеал болып қызмет етеді, оларды құруға педгогикалық үдеріс бағытталған.
Адам – абсолютті құндылық, жоғары субстанция, «барлық танымның өлшемі». Біздің мемлекетіміздің ең жоғары құндылығы – адам, оның өмірі, құқығы және бостан-дығы. Қазргі жағдайда адам дамуы зерттеу объектісі ретінде ғана емес, алдымен, аса маңызды мәдени үлгілер жасаушы және өзінің ынтасымен шығармашылыққа ұмтылушы, шығармашылық және таным субъектісі ретінде ұсынылады.
Отбасы – болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын қоғамның бастауыш құрылым бірлігі, баланың алғашқы ұжымы, оның табиғи даму ортасы. Екі адамның некелесуіне қарап отбасы құрылды деп қарау қате пікір, бала дүниеге келген күннен бастап отбасы құрылады.
Отан, туған өлке – тағдыр берген, ата-бабасынан қалған, өз халқының мәдени, рухани мұрасымен, оның өткен тарихымен байланыстыратын әр адамның теңдесіз, бірегей туған жері.
Денсаулық, салауатты өмір салты – бақытты, үбірлі өмірдің міндетті шарты; өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарау адамның ішкі табиғи қажеттілігі болуы тиіс. Елбасының «Қазақстан – 2030» Қазақстан халқына Жолдауында – денсаулық республиканың стратегиялық дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі болып танылады.
Еңбек – адам болмысының негізі, «адам өмірінің мәңгілік табиғи шарты». Рухтанған, саналы, шығармашылық еңбек – адамның табиғи қасиетінің анағұрлым табиғи көрінісі.
Білім – әрбір жеке тұлғаның және әлеуметтік прогрестің дамуына қажетті шарт. Оқудың нәтижесі – білім. Білімнің тәрбиелік мәні жеке бастың қамында емес, мақсатқа жетудің құралы.
Мәдени мұра – барлық адамзаттың және әр халықтың рухани және материалдық өмір саласындағы орасан зор байлығы. Нағыз мәдениет өзіне мәңгі бақи шындықты, мейрімділікті және әсемдікті біріктіреді.
Тіл – адамдардың негізгі қарым-қатынас құралы, аса маңызды әлеуметтік-мәдени құндылықтардың бірі.
Достық – өзара сыйластық қарым-қатынастағы дербес, еркін таңдау. Достық адалдық және өзара көмек беруді ғана емес, сонымен қатар, ішкі үйлесімділікті, ашық-жарқындықты, сенімді және махаббатты айғақтайды. Біз досымызды alter ego (басқаша Мен) деп атауымыздың мәні бекер емес.
Интеллект – негізінде әртүрлі сападағы ақпараттарды өңдеуді және оған саналы баға беруді қамтамасыз ететін саналы да саналы емес те үдерістер негізіндегі қабілеттің біршама берік құрылымы.
Тұжырымдама (латынша concertio) – ол белгілі бір затты немесе құбылысты баяндау жүйесі, оның құрылымында басшылыққа алған идеяны айқындау және оны түсінуге ықпал ететін дәлелдеме.
Тұжырымдамалық көзқарас – зерттеу негізінде жатқан бастапқы негізгі тірек идея мен теориялық ережелердің жиынтығы.
Модельдеу – мәнді моделдік көрсетуде барабар және тұтас айқындауға мүмкіндік беретін танымдық әдіс және практикалық қызмет, тәрбие үдерісінің заңдылығы, қызмет үрдісінің және даму үдерісі, қазіргі және болашақ жағдай туралы жаңа ақпараттар алу мен оларды тәрбие үдерісінде қолданудың аса маңызды сапасы мен компоненттері. Тәрбие үдерісін моделдеудің техникалық моделдеуден анағұрылым мәнді үлгідегі ерекшелігі бар.
Парадигма – ғылымда белгілі бір тарихи кезеңде үстемдік ететін проблемаларды қою және оларды шешу, зерттеу әдістері, бастапқы тұжырымдамалық жоба. Болашақ жаңарудың бағыты мен сипатын анықтайтын жетекші тұжырымдамалық идея.
Педагог – тәрбие ісіндегі шешуші тұлға. Қоғамның бұл маңызды әлеуметтік рөлінің ықпалында педагогке әрқашан көтеріңкі талап қойылады. Бүгін терең білімді, гуманист-интелигент, жастардың сенімді және шын досы, нағыз кәсіби маман қажет. Мектеп, балалар ішкі еркіндігі бай, жаңаша ойлайтын, адамға жақсылық жасауға бейім, алдымен, баланы жоғары құндылық, бірегей жеке тұлға ретінде қарайтын педагогты қажетсінеді.
Педагог-тәрбиеші – үдеріс ауқымында маңызсыз, жалаң «тәрбиелік» ақпараттармен шектеліп қалмай, білім мен тәжірибенің қайнар көзіндей, бірегей жігерленген түпкілікті субъект болуы керек.
Тәрбие технологиясы – нақты тәрбиелік нәтижеге жетуде белгілі бір қабілетті және бірізділікті жүзеге асыратын операциялардың жиынтығы.
Толеранттылық – сезгіштіктің олардың қайталанушы әсерлер нәтижесінің төмендеуі салдарынан фрустаторлар мен стрессорларға психологиялық тұрақтылық, төзімділік, шыдамдылық.
Әлеуметтік құзыреттілік – бұл жеткілікті мөлшердегі дағды, оның көмегімен жеке тұлға күнделікті өмірде өзінің алдындағы міндеттерді бірдей үлгіде орындай алады.
Әлеуметтік белсенділік – адамның әлеуметтік қарым-қатынас жағ-дайындағы іс-әрекетті жүзеге асыратын дайындығы.
Өзіндік сана-сезім – әлеуметтік қарым-қатынасына, сұранысына, мотивіне, мәніне тән индивидтің өзі туралы сезіну және уайымдау жүйе-сінде пайда болатын жоғарғы сана.
Көзқарас – ол білім беретін мекемелер ұстазының немесе басшысының педаго-гикалық қызметтеріндегі белігілі бір өзара байланысты түсіну, идеялар мен тәсілдер жиынтығын қолдануға ниеттенген іс-әрекеттерін жүзеге асыруда алатын бағыты.
Қағидакез келген теорияның, ілімнің, ғылымның, дүниетаным-ның, теориялық бағдарламаның бастапқы негізі; жүйелі объектілерді тану және қайта құру бойынша қызметттің негізгі ережесі.
Тәрбие қағидасы – тәрбиешілер міндетті түрде сақтайтын, тәрбиені ұйымдасытру-дың аса маңызды ережелері, бастапқы ережесі.
Өзін-өзі тәрбиелеу – субъективтік мақсатта жеке тұлғаның мүдде-сінде мақсатты түрде құрылатын және оның қасиеті мен қабілетінің дамуын саналы басқаратын үдеріс.
Өзін-өзі басқару – оқушылардың және студенттердің шығармашылық потенциалын ашуға, олардың өзін-өзі табысты көрсетуге мүмкіндік беретін өзін-өзі ұйымдастырудың тәсілі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет