Глоссарий Орындаған: 3-топ Протеза



Дата31.12.2021
өлшемі12,77 Kb.
#23040

Глоссарий

Орындаған:3-топ

Протеза – айтылуда кірме сөздердің басына басы артық дыбыстардың (р, л, с) алдынан келіп қосылуы. Мысалы: ырас, ылай, ылайық, ыстанса, ыстақан, үрөл, ұру, ұрұқсат, үстел, орыс, ірең т.б.

Эпентеза – заңсыз қатар тұрған екі дауыссыздың арасына қысаңдардың бірінің келіп қосылып айтылуы. Мысалы: тырактор, литір, тырамбай, метір, сентәбір т.б. Ал түбір сөзге қосымша жалғанғанда 4 арасына басы артық дыбыстың қосылуы тілде дәнекер дыбыс немесе қыстырма дыбыс деп аталады. Мысалы: бала-с-ы, әке-с-і т.б.

Эпитеза – сөз соңында қысаңдардың бірінің қосылып айтылуы. Мысалы, дискі, киоскі, киоскиі, танкі т.б.

Редукция – сөз ішінде қысаң дауыстылардың сандық, сапалық жағынан әлсіреп, көмескі айтылуы. Редукция екі түрге бөлінеді: жартылай және толық редукция.

Элизия – бір бунақпен (ырғақпен) айтылған екі сөздің арасында қатар келген екі дауыстының біреуінің түсіп қалуы. Мысалы, қара ала – қарала, сары ала – сарала, жиырма алты – жиырмалты, Сарыағаш – Сарағаш, Молда Ахмет – Молдахмет, өліара - өлара, Сарыарқа - Сарарқа т.б.

Диэреза – екі сөз аралығында кездескен екі дауыстының бірі түсіп қалатыны сияқты, кейде дәл сондай қатар келген екі дауыссыз дыбыстың бірі түсіп қалады. Мысалы, бұл+ның – бұның, ол+ған – оған, қалмады – қамады, бұл жақ – бұжақ, сол+мен – сомен т.б.

Апокопа – кірме сөздердің соңында тіліміздің заңдылығына сай келмейтін екі дауыссыздың тіркесі тұра қалса, бірінің түсіріп айтылуы. Тіліміздің заңдылығы бойынша – сөз соңында тек қана үнді мен қатаң қатар келе алады. Мысалы, жент, бұлт, сарт, тарс т.б. Кірме сөздер – дост – дос, бахт – бақ, тахт – тақ т.б.

Синкопа – сөйлеу барысында сөз ішіндегі (сөз ортасындағы) жеке бір дыбыс қана емес, бір не екі буынның түсіп қалуы. Мысалы, алып бар – апар, алып кел – апкел - әкел, солай етіп - сөйтіп, араластыр – арластыр, нағылет - нәлет т.б.

Метатеза – сөз ішіндегі қатар келген екі дауыссыздың орындарының алмастырылуы. Мысалы, қапқан – қақпан, тепкі – текпі, шапқы – шақпы, түпкір – түкпір, әпкел - әкпел, өкпе - өпке, сепкіл – секпіл, әпке - әкпе, айлану – айналу т.б

Орфоэпия (грекше: orfos – дұрыс + epo – сөйлеу) – сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы. Мысалы, өлең - өлөң айдын көл – айдыңгөл, көкөніс – көгөнүс, шекара – шегара, қонбады – қомбады т.б. Қазақ тіліндегі орфоэпиялық норма туралы алғаш пікір айтып, еңбек жазған ғалым – М.Балақаев болатын. Бұл мәселеде біршама жүйелі зерттеулер жүргізген – Р.Сыздықова.

Орфография (грекше: orfos – дұрыс + grapho - жазамын) – дұрыс жазуды қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы. Орфография бірнеше принциптерге сүйенеді: 1)Морфологиялық принцип – сөздің морфологиялық құрамын ескеріп, морфемалар құрамында болатын дыбыс алмасуларын елемей, бастапқы қалпын сақтап жазу. Мысалы, жанбады, жазшы т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет