Гос экзамен Тарих



бет4/8
Дата25.04.2022
өлшемі1.04 Mb.
#32221
1   2   3   4   5   6   7   8
Абылай ханның саяси көз қарастарының негізгі идеясы – тәуелсіз, күшті, бір орталықтан басқаратын қазақ мемлекетін қалыптастыру болған.

XVІІІ ғ. орта кезінен бастап Абылай қазақ елінің ерікті, іргелі біртұтас ел болуын, ата қонысына жайғасып, бейбіт еңбек етуін қалады. Ол елді отырықшылыққа көшіруді, Үш жүздің басын қосуды, туған Отанын жаудан қорғауды мақсат етті. Абылай хандық құрған кезде ханның жанында Кеңес болған. Оған барлық жүздердің өкілдері қатысып, маңызды мәселелерді қарайтын және де бүкілқазақтық Құрылтай шақырылып, соғыс пен бітім, қоныс пен жайылым, дау мен дамай, басқа халықтармен арадағы сауда мен дипломатиялық қарым – қатынас мәселелері қарастырылып отырды. Абылай хан мемлекеттің, қазақ халқының жағдайын шұғыл түзеді. Абылай кезеңі тарихта ең бір елеулі кезең болды. Жау қуылды, халық өз жерінде емін – еркін тұрмыс құрды, бірлікке, ұйымшылдыққа негізделген хандық билігі құрылды. Солай бола тұрса да Абылай хан көзі тірісінде Қазақ елінің мемлекетінің тұрақты болуының тарихи жағдайын жасап үлгермеді. 1781 жылы Абылай хан дүние салғаннан кейін еліміздің тұтастығы ыдырап, Қазақстан тәуелсіздігінен айырыла бастады.

Абылай қазақ әскерлерін ұйымдастырып, жауға қарсы көтеріп, басын біріктіріп, негізгі әскери күшті жинап көрші мемлекеттерге қазақ хандығы біртұтас ел екенін көрсетті. Абылай сұлтан бұл кезде қазақтарды біртіндеп жоңғар шабуылдарынан құтқарып, елдің тыныштығын, халықтың тұтастығын, мемлекеттің егемендігін, тәуелсіздігін сақтап қалуды мақсат еткен. Бұл мақсатты іске асыру барысында ол Ресей империясының 1740 ж. Орынборда (тамыздың 28-і) сұлтан Абылай «верным добрым и послушным … и подданным быть …» деп Ресей империясының өкіметіне, кейін Қытай мемлекетінің бодандығын қабылдауға мәжбүр болды. Тарихшы – ғалым Н. Мұхаметқанұлы «XҮІІІ ғасырдағы Чин патшалығы мен қазақтардың қарым-қатынасы» атты мақаласында былай деп жазады: «1755 ж. Орта жүз ханы Абылай Чин хандығының елшілерін күтіп алған кезде, оларға Чин хандығына бағынышты болу ниетін білдірді: «Ұлы мәртебелі патшаның орталық ойпатты билеп отырғанын бұрыннан естуші едім, арада асқар тау, алып өзендер көп, жер шалғай болғандықтан тарту-таралғы апара алмадық. Міне, бүгін патшаның құдіреті шалғайды шарлап, Ілені сапырып, Лама дінін көркейтті. Қазақтар мен жоңғарларға тыныштық орнатылды деп қуанып отыр. Мен шын ниетіммен мәртебелі патшаға қараймын». Ал бұл туралы А.Левшин былай деп жазады: «Жауын сұсымен де, күшімен де сескендіре отыра, ол өз қалауымен біресе Ресейдің, біресе Қытайдың бодандығын қабылдауға мәжбүр болғанымен шын мәнінде ешкімге де бой ұсынбаған тәуелсіз басшы болды».


  1. Абылай ханның өмірі мен қызметі

Абылай хан — қазақ ханы , ұлы мемлекет қайраткері, дипломат және қолбасшы болған тұлға. Шын есімі Әбілмансұр. 1711-1781 өмір сүрген жылдары. Абылай ханның әскери қайраткерлігі, қолбасшылық қабілеті 1730 ж - 1740 жылдардағы шайқастарда ерекше байқалған. 1738-1741 жылдары Абылай хан бастаған қазақ әскерлері жоңғар басқыншыларына бірнеше рет соққы берді. Абылай хан жақсы саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан шаршаған елінің есін жиғызу үшін дипломатиялық жолдарды да дұрыс пайдаланған.

1771 жылы Әбілмәмбет хан қайтыс болды. Қалыптасқан дәстүрлер бойынша Орта жүздің ханы Әбілмәмбеттің інілерінің бірі немесе үлкен ұлы Әбілпейыз сайлану тиіс болатын. Бірақ басты старшындардың, сұлтандардың және Әбілпейіздің қалауымен үш жүздің басшылары Түркістанда Абылайды хан сайлауға келісті. Абылай хан жалғыз орта жүздің ғана емес жәнеде бүкіл қазақ ордасының ұлы ханы . Аңыз-жырлар, Тарихи деректерде Абылайдың үш жүздің басшысы ретінде ардақталғанын көрсетеді.

Абылай хан Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің саяси жағдайына саясат жүргізген. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға біріге бастағанда мұсылман елдерінің басын біріктіруге ұмтылдырған.

Абылай ханның саяси көз қарастарының негізгі идеясы – тәуелсіз, күшті, бір орталықтан басқаратын қазақ мемлекетін қалыптастыру болған.

Хан Абылай – Қазақстанның аумақтық тұтастығын қалпына келтіре алған көрнекті мемлекеттік қайраткер. Ол ел билеген кезде мемлекетте айтарлықтай өзгертулерді жүзеге асырды. Хан Абылай (1771-1781) – барша қазақ даласында беделі талассыз болған соңғы қазақ ханы.

Жас ұрпақ Абылай хан арманының жемісі – қазіргі Қазақстанның жетістіктерін мақтан тұтуы керек, ішкі келісім мен бейбітшілікті сақтау жолында қыхмет етуі керек.

Абылай Ұлы жүз бен Кіші жүз хандарымен, сұлтандарымен, беделді ел ағаларымен үнемі ынтымақта болып, қажет уақытта күш біріктіріп, жалпыұлттық мүддені бірге қорғаған. Аймақтық, ру-тайпалық жіктелушілікке, алауыздыққа жол бермеген.

Абылай хан – үш жүздің қолдауымен Қазақ хандығының ханы атанған Көркем-Уәли сұлтанның ұлы, Қанышер Абылайдың немересі, Барақ ханның ұрпағы.

Абылай (Әбілмансұр) хан (1711-1781) – Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш. Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек [1, 880. б].

Ал Абылай ханның жас кезіндегі «Сабалақ» аталуын профессор З. Тайшыбай өз еңбегінде ойын басқаша білдіреді:

«Абылай жас кезінде жетім қалып, нағашысы Қайып ханның немере, шөбере туыс ағалары Сәмеке ханның, Болат хан мен Әбілмәмбет сұлтанның ордасында өскен. Хандар әулетінде ақсүйек дәстүрінде тәрбиеленген, білім алған, соғыс өнеріне ерте машықтанған. Аңыз-әпсаналарда айтылатын «Сабалақ» лақабы оған қайратты, ержүрек, амал-айлалы батырлығы үшін қарсыластары тарапынан берілген. «Сабалах», яғни, моңғол тілінде сабаушы, жауынгер, батыр дегенді білдіреді. Киімі жыртық, көрбала, қолбала болғаны үшін емес.

Жетім қалып, «Ораз аталықтың тәрбиесінде болуы» – Аралдың Мұса ханы 1712 жылы қаза болғанда оның Сәтемір деген ұлын Оразалы деген аталық (ханның құлы) жасырып, аман сақтап қалыпты» деген аңызға [«История Казахстана в русских источниках ХҮІ-ХХ веков», ІІІ том. Алматы 2005, С. 104.] ұқсас, ауыз әдебиетіндегі ежелгі ұйқастыра дәріптеу, айтулы тұлғалар төңірегіндегі мифтік әсірелеудің тағы бір мысалы. «Әбілмансұр» деген есім Абылайға қатысты жазба деректерде кездеспейді, бұл да аңыздарға кейін қосылған – арабша «жеңімпаз» дегенді білдіретін лақап. Шын мәнінде толық аты-жөні – «Абылай-Мұхаммед Баһадүр сұлтан» [2, 20. б].


  1. Ішкі Ресейден орыс және басқа еуропалық тұрғындарды қазақ жеріне қоныстандыру ісі, экспедициялық зерттеу жұмыстарының жүргізілуі. Қоныс аударушыларға жасалған қолдау

Егер XIX ғасырдың ортасына дейін Қазақстанға көбінесе Ресейден әскери топ пен казактар ғана қоныс аударып келсе, ғасырдың екінші жартысынан бастап жағдай түбегейлі өзгерді. Ресей шаруаларын қазақ даласына бұрын-соңды болып көрмеген кең көлемде жаппай қоныс аудару ісі мемлекеттік тұрғыда қолға алынды. Мұның бірқатар себептері болды. Біріншіден, 1861 жылы Ресейде шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды. Шаруалар басыбайлы тәуелділіктен құтылды. Бірақ олар жаппай жерсіз қалды немесе ұлтарақтай шағын жерге ғана ие болды. Мұның өзі шаруалардың толқуын туғызды. Патша үкіметі шаруалар бүліншілігінің өрши түсуін болдырмау үшін оларды Қазақстан мен Сібір аумағына жаппай қоныс аударту шараларын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады. Екіншіден, Ресей империясы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін қалыптастыруды мақсат етті. Үшіншіден, патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы қазақтарды егіншілікпен айналысатын отырықшы өмір салтына көшіруді ойлады. Өйткені ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар еді. Төртіншіден, патша үкіметінің жергілікті халықты христиан дініне енгізу және орыстандыру жөнінде арам пиғылы да болатын. Бесіншіден, қоныс аударушы шаруалар Қазақстанды орыс империясының сарқылмас мол астығы бар алып қоймасына айналдыруы тиіс деп үміттенді. Өлкені казактар арқылы отарлау экономикалық тұрғыдан ойдағыдай онды нәтиже бермеді. Әскери қызметте жүрген казактар өлкедегі әскери гарнизондар мен шенеуніктер тобының өзін де азық-түлікпен жартымды қамтамасыз ете алған жоқ.

Оның үстіне Ресейдің жерсіз шаруаларын жаңа жерде емін-еркін тамаша өмір сүруге болады екен деген хабарлары мен хаттары ол жақта қалғандарды еліктіре елеңдетті. Мұның өзі орыс шаруаларын одан сайын жаппай қоныс аударуға қызықтыра түсті. 1866 жылы Батыс Сібір бас басқармасы шаруалардың Қазақстан аумағына өз беттерінше қоныс аударуына рұқсат етті. Алғашқы қоныс аударушылар Сібірдің әр түрлі қалаларындағы мещандар және Тобыл губерниясындағы Қорған және Есіл округтарындағы шаруалар болды. Олар Көкшетау округының аумағындағы Саумалкөл деген жерге келіп орналасты. Қоныс аударушылардың бір бөлігі казак станицаларына жайғасты. XIX ғасырдың 70-80-жылдарында олар жергілікті қазақтардың жерлерін жалға алып, өз беттерінше орналаса бастады.

Қазақстанға қоныс аударғысы келген орыс шаруалары, әдетте, ең алдымен жер көріп қайтушыларды (ходоқтарды) жіберді. Олар өздеріне қолайлы деген жерлерді таңдап, қазақтардан жалға алды, жыртып, тұқым септі.

Жердің құнарлы екеніне көздерін жеткізген олар ұзақ мерзімді жалға алу жөнінде келісімшарттар жасасты, өздерінің жерлестерін неғұрлым тезірек жетуге шақырып, жанталаса әрекет етті. Орыстардың елді мекендері пайда бола бастады. Кейін ол жерлер өзінің бұрынғы иелерінен тартып алынып, қоныс аударып келген орыс шаруаларының иелігіне заңдастырылып берілді. Мұндай жағдайда облыстық отаршылдық билік әрқашан орыс шаруаларының жағында болды.

Шаруаларды ішкі Ресейден Қазақстанға қоныс аудару жөнінде алғаш рет бастама көтерушілердің бірі Жетісудың әскери губернаторы Г.А. Колпаковский еді. 1868 жылы оның тікелей басшылығымен «Жетісуга шаруалардың қоныс аударуы туралы уақытша Ережелер» жасалды. Онда қоныс аударушы шаруаларға бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтар беру көзделді. Шаруалардың әрбір ер азаматына 30 десятинадан жер телімі

бөлінді. Олар барлық алым-салық түрлерін төлеу мен міндетті борыштарды атқарудан он бес жыл бойы босатылатын болды. Қоныс аударушы шаруаларға пайыздық өсімсіз қарыз берілді. 80-жылдардың ортасына қарай Жетісуда жер тапшылығы сезіле бастады. Сондықтан жер телімдерінің мөлшерін 10 десятинаға кемітуге, әр түрлі жеңілдіктер беру мерзімін 5 жылға дейін қысқартуға тура келді. 1889 жылы «Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы туралы Ереже» бекітілді. Онда олардың қоныс аударуына Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік мүлік министрлігінің рұқсаты міндетті түрде қажет болды. Ондай рұқсат патша үкіметіне «сенімді» және «елге еңбегі сіңген» құрметті адамдарға ғана берілетіні алдын ала арнайы көрсетілді. Бірақ қатардағы шаруалар бұл ережеге қараған жоқ. Олар өз еріктерімен жаппай қоныс аударуын тоқтатпады. Шаруалардың Қазақ даласына қоныс аударуы 1891 жылдың көктемінен бастап ресми түрде тоқтатылды. Бірақ қоныс аударушылардың тасқынын тоқтату өте қиын болды. Оның үстіне, Ресейде құрғақшылық салдарынан астық шықпай қалды. Елде ашаршылық басталды. Сөйтіп шаруалардың Қазақстан аумағына өз еріктерімен қоныс аударуы одан әрі күшейе түсті



  1. 1905-1907 жж. революцияның Қазақстандағы қоғамдық-саяси дамуға ықпалы

1905—1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды. 1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға

тыйым салды. Автор қуғын-сүргін көрді. Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды.

Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл мен Семейде жұмысшылардың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен Далалық өлке орталығы Омбы қаласында да халық наразылық шеруіне шықты. Қазақстанда жұмысшылардың өре көтерілуі мен ереуілдері темір жол бекеттерінде ерекше орын алды. Алайда олардың патша үкіметіне қарсы қарулы қақтығыстары бола қойған жоқ. Өйткені жұмысшы табының қатары әлі аз еді. Саяси жағынан пісіп жетілмеген, көтеріліске әзірленбеген болатын. Жұмысшы табы енді ғана қалыптасып келе жатқан-ды. Оның үстіне, шет аймақтың ұлттық ерекшелігі де тежеуші әсерін тигізбей тұра алмады. Патшалық самодержавие мұнда еуропалық ұлт өкілдерінің ат төбеліндей аз жұмысшылары мен жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ жұмысшылары арасына от тастап, оларды бір-біріне қарсы қоюға тырысып бақты.

Бұл кезенде патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейіп, барған сайын асқына түсті. Мұны мынадан айқын көруге болатын еді. Біріншіден, қазақтардың жерлерін қоныс аударушы орыс шаруаларының және қазақтардың қорын жаппай тартып алу одан әрі жүріп жатты. Патшаның 1904 жылғы жарлығы бойынша бұрынғы Сібір шекара шебіндегі ені он шақырымдық бейтарап алқап казак әскерлерінің «мәңгілік» пайдалануына берілді. Патша үкіметінің осы және басқа да озбырлық әрекеттері салдарынан дала тұрғындары жаппай жерсіз қала бастады. Мәселен, XX ғасырдың бас кезінде бір ғана Семей облысының өзінде 147 мыңға жуық қазақ жерсіз қалды. Сондықтан да жерсіз қазақтар жерді Сібір қазақтарынан, император әулетінің Алтай таулы округіндегі меншікті аумағынан, Томск, Тобыл губернияларындағы орыс шаруаларынан, сондай-ақ Қытай империясының әкімшіліктерінен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Екіншіден, өлке аумағынан мал өнімдері шикізаты, минералдық ресурстарды көптеп тасып әкету күшейді. Кеніштерді, шахталарды, зауыттар мен фабрикаларды болмашы арзан бағаға сатып алған шетелдік кәсіпкерлер елдің табиғи қазба байлығын тасып әкетуде алдарына жан салмады. Үшіншіден, жұмысшыларды, соның ішінде әсіресе қазақтарды қанау әлдеқайда қатыгездік сипат алды. Қазақтардың жалақысы көрер көзге төмендетілді,

олар мамандық деңгейі төмен, ең ауыр қара жұмыстарда істеді. Орыс жұмысшыларымен салыстырғанда тұрғын үй жағдайлары да адам төзгісіз еді.

Төртіншіден, патша үкіметі қазақ өлкесінде православие дінін уағыздаушы миссионерлерді қаптатып жіберді.

Жергілікті халықтың тарапынан әлдебір келеңсіз әрекеттердің жасалып кету мүмкіндігінің алдын алу үшін 1906 жылғы 6 қаңтардан бастап патшаның арнайы жарлығы бойынша Ақмола және Семей облыстарының бүкіл аумағында әскери төтенше жағдай жарияланды. Патша үкіметі бұл аймаққа қосымша әскери күш жеткізді. Жұмысшы қозғалысының жетекшілерін қамауға алу, жер аудару, кәсіпорындағы жұмысынан босату шаралары басталды.

1905—1907 жылдары жұмысшылардың бірқатар толқулары болып өтті. Жұмысшылар алғашқыда жоғары жақтағы аймақтық бастықтардың атына



арыз айтып, шағым түсіріп көрді. Мәселен, 1902 жылы мыс кеніштері мен Екібастұз көмір кенінің 150 жұмысшысы Дала генерал-губернаторының атына арыз-шағымдар жолдады. Жұмысшылардың кәсіпорындарды тастап, қашып кетуі де аз болған жоқ. Кейінірек жұмысшылар наразылығының бұйрыққа бағынбау және ереуіл сияқты түрлеріне көше бастады. 1904 жылы Зайсан уезіндегі Надеждинск кен қазу орнында жұмысшылардың ереуілі болып өтті. Оған Мейірхан Кемалов басшылық етті. 1905 жылы Қазақстандағы темір жол жұмысшылары Бүкілресейлік саяси ереуілге қатысты. Жұмысшылар тез арада саяси кепілдіктер мен бостандықтар берілуін, Құрылтай жиналысын шақыруды талап етті. 1905 жылғы 15 қарашада Қарқаралы қаласында жұмысшылар мен шаруалардың, солдаттардың, сондай-ақ енді қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары өкілдерінің саяси шеруі болып өтті. Шеруді ұйымдастырушылардың бірі Жақып Ақбаев Семей түрмесіне қамалды.

  1. ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстан аумағында патша үкіметі жүзеге асырған қоныстандыру саясатының келеңсіз салдары

Патша үкіметінің ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанда жүзеге асырған әкімшілік реформалары қазақ елінің саяси тәуелсіздігін біржола жойғанымен, бұл реформалар көп ұзамай-ақ патшалық әкімшіліктің қазақ қоғамының ішкі өміріне тереңдеп еніп, оны игеріп алып кетуге әлі де болса әлсіз екендігін көрсетіп берді. Мұны жақсы түсінген патшалық әкімшілік ХІХ ғасырдың 60-жылдарының орта тұсынан бастап Қазақстанды отарлаудың "ең сенімді" жолына түсті. Ол Орталық Ресейден орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аударту еді. Патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты бірнеше кезең арқылы жүзеге асырылды. Қазақстан тарихнамасында бұл қоныс аудару саясаты үш кезең бойынша бөліп қарастырылады. І кезең ХІХ ғасырдың 70-80 жылдар аралығын қамтиды, ол 1889 жылғы 13 шілдедегі жарлық шыққанға дейін созылды. ІІ кезең ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан 1905 жылға дейінгі уақыт аралығын қамтиды. ІІІ кезең 1906 жылдан 1916 жылдар аралығын қамтиды. Қазақстанға орыс және украин шаруаларын қоныстандыру ХІХ ғасырдың 70-жылдарының соңы 80-жылдардан бастап қарқынды жүргізілді. Қоныс аударудың алғашқы кезеңі өз еркімен қоныс аударған шаруалар қозғалысымен анықталып, патша үкіметі өз еркімен қоныс аударғандар жағдайын реттеу мақсатына бірқатар жеке заң-актілермен, нұсқаулар қабылдады. Онда көзделген мақсат – қоныс аударуды үкімет өз қадағалауына алып, оған көмек көрсету болды. Оған алдын ала дайындық шаралары жасалды. Мәселен, Жетісу облысы әскери губернаторы Колпаковский бастамасы бойынша Жетісуға шаруалардың қоныс аударуы туралы "Уақытша ереже" әзірленді. Бұл құжат 1868 жылдан бастап 1883 жылға дейін күшін сақтады. "Уақытша ереже" бойынша орыс қоныс аударушыларына (ерлерге) 30 десятина жер беру, 15 жылға алым-салық және түрлі міндеткерліктерден босату, 100 сом мөлшерінде көмек беру және басқа жеңілдіктер анықталып, көрсетілді. Қоныс аударған шаруалар жағдайына қатысты оларға жасалатын жеңілдіктер туралы жаңа ережелер ХІХ ғасырдың 80-жылдарынан дайындалды. Оларда да жаңа келіп қоныс тебушілер үшін берілетін жеңілдіктер сақталды, тек жер мөлшері аздап төмендеді. Айталық, 1886 жылғы дайындалған: "Түркістан генерал-губернаторын басқару туралы Ереже" бойынша 10 десятина (ерлерге) жер беру, қоныс аударушыларды алым-салық және міндеткерліктен 5 жылға дейін босату, кейінгі жылдары алымды тек жартылай төлеу жеңілдіктері сақталды. Арнайы ереже 1889 жылғы 13 шілдеде қабылданды. Онда қоныс аудару тек Ішкі істер министрлігі және Мемлекеттік мүлік министрлігі арқылы алдын ала шешілуі қажет делінген. Тиісті үлестік мөлшері жергілікті өкімет құзырына берілді. Мұнда үлкен астар жатқаны ешқандай құпия емес-ті. "Ережеде" шаруалардың қоныс аударып, тұрақтайтын аудандары нақты анықталып көрсетіледі: Жетісу, Ақмола және Семей облыстарының территориясына орыс-украин шаруалары көптеп қоныстануы белгіленді. Ата-мекенінен қоныс аударған шаруаларға қажетінше жерді үлестіру кеңінен жүргізілді. Тек 1885 жылды қоса алғанда, Ақмола облысы қазақтары жерінен 251779 десятина мөлшерінде тартып алынды. Онда 10 940 ер адамы бар 24 қоныс аударушылар бөлімшесі (учаскелері) құрылған еді. Семей облысы бойынша 33 064 десятина егістік жер жергілікті тұрғындар иелігінен алынды. Жетісу облысынан 12 жылда (1868-1880 жж.) 3324 отбасы қоныс аударған, оның 2099 селолық құрылымға біріксе, 1225 отбасы қалаларда тұрақтанды. 1889 жылғы Заң күші Торғай және Орал облыстарына да таралды. Заң қоныс аудару мәселесін үкімет құзырында қалдырды, қоныс аударушылар үшін арнайы рұқсат алуы қажет болды. Түйіндеп айтсақ, патша өкіметі орыс шаруаларының еркінше қоныс аударуын қадағалап, реттеуді көздеді. Алайда шаруалардың өз еркінше қоныс аударуы ретсіз қозғалыс болып қала берді. Патша үкіметі өзінің қоныс аудару саясатын қарқынды жүргізуді көздеп, 1892-93 жж. Ұлы Сібір темір жол құрылысын бастады. Қазақтар жерін экономикалық игеру мақсатында "артық", "бос" жатқан жерді анықтайтын түрлі экспедиция құрылып, жедел жұмысқа кіріскен еді. Комиссиялар алдында қойылған талап біреу – барынша көп мөлшерде қазақтар жерінен "бос", "артық" деген жерді анықтау арқылы қоныстанушылар "қорын" толықтыру болды. Сондай-ақ, жергілікті әкімшілік басқару жүйесін қалыптастыруға үлкен назар аударылды. Нәтижесінде ХІХ ғасыр соңына қоныс аударушылар басқармасының орталықтандырылған біртұтас жүйесі құрылды. Транссібір темір жолы қазақ жерінің Солтүстік өлкесі арқылы жүргізілді. Ақмола облысы әкімшілігіне қараған осы өңірде құрылған 5 уездің 3 уезінен 160 мың келімсек орыс-украин шаруаларын қоныстандыру үшін 2241503 десятина жер бөлінді. Мұнда, экономист Ф.А.Щербина басшылығымен "қоныстанушылар қорын" жасау үшін арнайы статистикалық экспедиция жасақталды. Арнайы экспедиция 1896-1902 жылдарда Ақмола, Торғай және Семей облыстарының 12 уезін қамтып, қазақтардың мал шаруашылығына қажетті пайдаланатын "нормасын" "187 десятина жер 24 мал басына жеткілікті" – деп анықтады. Зерттелген 8 уездің жергілікті қазақтарға тиесілі жер мөлшері – 51 %, қалған 49 % жері "қоныс аударушылар қорында" қалды. Экспедиция жұмысы нәтижесімен қанағаттанбаған патшалық әкімшілік қазақтар пайдалануындағы жер "нормасын" азайтып, "артық" деген жерді қосымша анықтау арқылы жоғарыда аталған уездер бойынша "қоныстанушылар қорын" 63% дейін көбейтті. Қоныс аударушылар қатары жылма-жыл артып, олар тұрақтанған жерлерде мыңдаған қоныстар пайда болды. Қазақстанның солтүстік, батыс және шығысында жаңа келіп қоныстанған орыс және украин шаруаларымен қоса, орыс-казак станицалары салынды. Мәселен, Ақмола, Торғай және Орал облыстарында

тұрғын қазақтармен салыстырғанда, келімсек орыс-казактар және орыс, украин шаруалар есебінен жалпы халық саныөсті. 1897 жылғы жалпы ресейлік халық санағы бойынша, тек бір Ақмола облысында орыс тұрғындарының көрсеткіші 33 % жеткен. Қазақстанның оңтүстігінде 14 мыңдай орыс, украин және әскери адам қоныстанды. ХІХ ғасырдың 80-жылдарында мұнда 5 уезд және 80-нен астам елді мекендер пайда болды. Патшалық үкіметтің жедел қарқында жүргізген қоныс аудару саясаты нәтижесінде келімсек орыс, украин шаруаларына ең шұрайлы жайылымдық, егістік, су көздеріне бай, орманды жерлер берілді. Тұрғылықты қазақтар болса, сусыз, малға тиімсіз аймақтарға зорлықпен, түрлі амал-айламен қоныстарынан көтеріле көшуге мәжбүр болды. Қоныс аудару салдарынан жергілікті тұрғын саны азайып, демографиялық ахуал күрделене түсті. Қазақтар сан жағынан 1897 ж. санақ бойынша 87 %-ке дейін азайды. Келімсек орыс және украиндардың саны 532,7 мыңға, татарлар – 55,4 мыңға, өзбектер – 73,5 мыңға, ұйғырлар – 56 мыңға артқан. Бұл сандық көрсеткіштер жаңа ХХ ғасырда ұлғая түсті. Патша үкіметі 1901 жылы Жарлық шығарды, онда жеке адамдарға қазыналық жерлерден үлестік жер бөліп беруге рұқсат етілді. Қазақтар жері қазыналық деп есептелді және 1867-68 жылдар реформасына сәйкес мемлекеттік меншік болып жарияланған болатын. 1904 жылы қоныс аудару басқармасы құрылып, оған орталық Ресейден шаруаларды қоныс аударту ісін қадағалау толығымен жүктелген еді. 1904 жылы 6 маусымда шыққан енді бір заңда "село тұрғындары мен мещан-егіншілердің өз еркімен қоныс аударуы туралы" делінген. Бұл аталған заңдық күші бар құжаттардың барлығы қазақ халқын өз ата-қонысы болған туған жерден ығыстырылуға, тұрмыс ауыртпалығын бастан кешуге, мәжбүрлікке душар етті. XІX ғасырдың соңында Қазақстанға орыс шаруаларымен қатар ұйғырлар мен дүнгендер де қоныс аударды. Өйткені 1871-1881 жылға дейін Іле аймағы патшалық Ресейдің қол астында болды. 1881 жылы 12 ақпанда Қытай мен Ресей арасында "Петербург шартына" қол қойылды. Шарттағы 17 статьяның алғашқылары келісімнің мәнін жан-жақты ашып көрсетті. Мысалы, шарттың 3-бабында: "Іле аймағының тұрғындарына Қытай қол астындағы мекендерінде қалу немесе Ресей жерлеріне көшіп, Ресей азаматтығын қабылдау ұсынылады"-деп қарастырылған. Ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісуға қоныстандыру арқылы патша үкіметінің көздеген мақсаты – оны жергілікті халықтың ұлт-азаттық көтерілісіне қарсы қолшоқпар ретінде пайдалануды көздеді. Бұл мәселе бойынша арнайы комиссия құрылып, қоныс аударғандарды Шелек және Іле өзенінің аралығында орналастыру туралы шешім қабылданды. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы 1881-1883 жылдар аралығында жүзеге асырылып, 1884 жылдың басында 9572 ұйғыр отбасы қоныс аударды, оның 24628 ер адам болса, ал 20745 әйелдер болды, барлығы 45373 адам еді. Сонымен қатар, Қазақстанға барлығы 5055 дүнген қоныс аударды. Қоныстанушылардан жаңадан 5 болыс: Жаркент, Ақсу-Чарын (қазіргі Ұйғыр ауданы), Малыбай (Шелек ауданында), Қорам



  1. Қазақстанды толық егемендігінен айыруға әкелген оның аумағындағы тарихи үрдістердің барысына сараптама жасаңыз.

Кеңес қоғамының дамуы жайлы идеялық-саяси күрес

1920 жылдары КСРО-да социалистік құрылыс мәселелері жөнінде терең идеялық-саяси күрес өріс алды. Бұл күрестегі басты мәселе - КСРО-дағы социалистік құрылыстың үлгісі жөнінде еді. Ол уақытқа дейін социализмнің екі үлгісі: бірі коммунизмге «секіріп өту» мүмкіндігі болған, шаруаларға одан әрі қысым жасау, күш қолдану мен террорға сүйенген әскери-коммунистік демократияны дамыту; екіншісі - өндірушілердің материалдық ынтасын арттыру қағидасына, тауар-ақша қатынастарын жан-жақты дамыту идеясына негізделген ЖЭС-тік үлгісі болған еді. Большевизм басшыларының қай-қайсысы болмасын индустрияландыруды, ауыл шаруашылығын кооперациялау мен мәдени революцияны жүзеге асырудың қажеттігіне еш күмән келтірмеді. Алайда олар социализм құрылысының қарқыны мен әдістері, пролетариат диктатурасының кеңес қоғамындағы әр түрлі таптар мен топтарға деген көзқарасы жөнінде әр қилы түсінікте болды. Бұл уақытта Лениннің өзінде де бұл мәселені шешуде қандай да бір аяқталған, жүйеге келтірілген ұстаным болған жоқ.

Осындай жағдайда саяси өмірде біртіндеп мемлекет аппаратын алмастыра бастаған коммунистік партияның үстемдігі мен авторитарлық биліктің күшею тенденциясы өсе түсті. Қазақстанда автономияның жариялануы сөз жүзінде қалып, республика өзін-өзі іс жүзінде толық басқаруға қол жеткізе алмады. Өнеркәсіп орындары, темір жолдар, республиканың халық шаруашылығына қатысы бар нәрселердің бәрі Мәскеудің тікелей басқаруында болды. Демократияға жат сайлау заңдары қазақтардың басшылық қызметтердегі санын шектеп отырды. 1920 жылы қазақтар барлық өнеркәсіп жұмысшыларының бар-жоғы 17%-ын құрады. Бірінші облыстық партия конференциясының 163 делегатының тек 19-ы ғана қазақ болса, 1922 жылы Қазақстан партия ұйымдарындағы қазақтардың жалпы саны бар-жоғы 6,3%-ға ғана жетті.

1920 жылы жергілікті халықтар коммунистерінің саяси хал-ахуалды ортаазиялық республикаларды бірыңғай Түркістан АКСР-іне біріктіру жолымен өзгерту, түркі халықтарының Коммунистік партиясын құру әрекеті орталық өкімет орындарының араласуымен сәтсіз аяқталды. Партияның өлкелік комитеті таратылып, реформаның Т. Рысқұлов бастаған бастамашылары партиялық және мемлекеттік қызметтерден кетуге мәжбүр болды. Өздерінің «қателіктерін» ресми түрде мойындаған соң тек екі жылдан кейін ғана олар республика басшылығына қайтып оралды.

Сталинизм

Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнығуы. 1928 жылдан Кеңес өкіметінің басшылығына келген И.Сталин 1929 жылды «ұлы бетбұрыс» жылы деп атады. 30-жылдардың басында сталиндік аппарат «миды шаюдың» неше түрлі әдістеріне кірісе бастады. Бұл мақсат үшін радио, газеттер, өнердің кез келген түрі белсенді түрде пайдаланылды. Барлық жерде еліктеуге болатын өзіндік «шамшырақтар» жасала бастады. Мысалы, жастарды Қиыр Шығысқа аттандыруда комсомол мүшесі Хетагурованың бастамасы, шахталардағы еңбек өнімділігін арттыруда Алексей Стахановтың т.б. есімі шебер пайдаланылды. «Ми шаюдың» шектен шыққан түрі қаза тапқан оралдық пионер Павлик Морозовтың есімін пайдалану болды. Идеологиялық қызметкерлердің қолымен өгей әкесін ұстап берген Павлик Морозовтың жалған бейнесі жасалды. Бұл жағдайда сталиндік насихат адамдарды сөз жеткізу мен ұстап беруге ашық итермеледі, оларды жалған қырағылыққа шақырды. Болуы мүмкін әр түрлі жаулардың тіміскі әрекеттерінен сақтандыруға шақырған плакаттар барлық жерде ілулі тұрды. Әркімнің жеке өміріндегі кез келген факті немесе абайсызда айтылған сөз жұмысшылар, студенттер мен оқушылардың жалпы жиналыстарының басты талқылайтын мәселесіне айналды. Елде адамдардың бір-біріне деген сенімсіздігінің, қорқыныш пен қорғансыздықтың ауыр жағдайы орнады.

БК(б)П ОК-нің 1923 жылғы маусымда өткен мәжілісінен кейін ұлттық идеялардың көріністерін неғұрлым қатаң қуғындау орын ала бастады. Ұлт зиялыларының өкілдері ұлтшылдық басмашылармен байланыс, Кеңес өкіметін құлатуға ұмтылғаны үшін айыпталды. Олар қуғын-сүргінге ұшырады. 1922 жылы басшылық қызметтегі «Алаш» партиясының барлық бұрынғы мүшелері орындарынан қуылып, ал 1924 жылы бірқатар қазақ коммунистері республикадан Орталыққа шақыртылып алынды.

Өлкедегі коммунистік күштерді бір партиялық ұйымға топтастыру шаралары жүзеге асырылды. 1924 жылы коммунистік партия қатарына республикадан 7 944 адам, оның ішінде 2000 қазақ мүшелікке өтті. 1925 жылы 1 желтоқсанда өткен РКП(б) Бүкілодақтық V конференциясынан кейін ауыл коммунистерінің қатары толығып, жергілікті партия ұйымдары қалыптаса бастады. Республиканың партия ұйымы 1932 жылы толық қалыптасып, өлкедегі шешуші күшке айналды. Алайда партия қатарына жалған белсенділер көбірек еніп, бюрократизм, көсемге табынушылық, жалған ақпарат берушілік, жағымпаздық дәстүр мен партия өктемдігі орнықты.

Өлкеде жастар қозғалысы да өріс ала бастады. Ғани Мұратбаев, Мирасбек Телепов, Федор Рузаев т.б. жалынды жастардың есімдері республикаға кеңінен танылды. Кәсіподақтар мен әйелдер арасындағы жұмыс та жолға қойылды. Кәсіподақтар сауатсыздықты жою, сенбіліктер ұйымдастыру, еңбекшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту ісіне белсене араласты. Қазақ әйелдері арасынан шыққан белсенділер Н. Құлжанова, Н. Арықова, А. Оразбаева, Ш. Иманбаевалардың есімдері бүкіл Қазақстан жұртшылығына әйгілі болды.

Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайдың күрделілігі сол дәуір оқиғалары: В. И. Лениннің ізбасарлары - И. Сталин мен Л. Троцкий және басқалардың арасындағы билік, саяси көсемдік үшін тайталаспен ерекшеленді. Сонымен қатар бұл қайғылы оқиғалар: аштық пен жаппай қуғын-сүргін, тоталитарлық таңбасын мәңгі иемденген режимнің жазықсыз адамдарды қуғындауы мен күштеп жер аударуы еді. Жүйенің тоталитарлық табиғаты жүргізілген саяси қуғын-сүргінде өз көрінісін тапты.

Халықтың есінде 30 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргінде ешбір жазықсыз миллиондаған адамдардың өмірін әкеткен сталинизмнің «ұлы бетбұрыс» кезеңі мәңгі бақи қалды. Көлемі жөнінен теңдесі жоқ бұл қылмыстардың негізін Ресейдегі Қазан революциясы мен Азамат соғысы қалады. 1930 жылдары Кеңес елінде социалистік қатынастар қалыптасып, сталиндік жүйе толық орнықты.

Қазақстанда республика жұртшылығына қысым жасау саясаты, әсіресе 1925 жылы қыркүйекте БК(б)П Қазақ өлкелік партия Комитетінің бірінші хатшылығына Ф. И. Голощекиннің келуімен қатаң сипат ала бастады.

Өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған Н.Ежовтың кезінде жергілікті мамандарды қудалау күшейе түсті.

20-жылдардың соңында жағдайдың шиеленісуі мен адамдардың бір-біріне деген жаппай сенімсіздігі басталды. Орталықтағы және ұлттық республикалардағы «троцкийшіл-зиновьевтік оппозициямен» және «оңшыл оппортунистермен» күрестің өсуі ұлт-азаттық қозғалыстың өкілдеріне қарсы қуғын-сүргін ұйымдастыру түрінде көрінді. 1928 жылдың соңында «буржуазияшыл ұлтшылдар» атанған «Алашорданың» бұрынғы қайраткерлерінің бәрі тұтқындалды. «Алаш» партиясының өкілдерін қылмыстық қудалау мақсатында кез келген айла-шарғы, құралдар пайдаланылды. Баспасөзде олардың атын қаралайтын мақалалар жарияланып, тікелей арандату әрекеттері жасалды, олардың отбасы мүшелері тұтқындалды. Мысалы, «Алашорда» мүшелеріне қарсы сот процесін бастау үшін 1922 жылы Шу жазығында өткен, ұмытылып кеткен Қаратай Әубәкіровтің ісі пайдаланылды. Бұл кезеңде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділевтер атылып, қалғандары әр түрлі мерзімге түрмеге жабылды. Олардың кейбіреулері (М. Дулатов т. б.) лагерьлерде қаза тапты, қалғандары (А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев т. б.) жазасын өтегенімен, 1937 жылы «Алашорданың» қызметіне араласқаны үшін қайта айыпталып, 1937-1938 жылдары атылды. Ұлттық зиялылар өкілдерінің құрамында М. Тынышбаев, X. Досмүхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ж. Ақбаев т. б. бар басқа бір тобы (40-тай адам) 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалды. Көп ұзамай олардың 15-і (М. Тынышбаев, Ж. Ақбаев, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Қ. Кемеңгеров т. б.) Ресейдің орталық қаратопырақты облысына жер аударылды. Олардың барлығы дерлік 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырады.



  1. Патша үкіметінің Қазақстандағы қоныстандыру саясаты: мақсаты, барысы, нәтижелері

XIX ғасырдың 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Ол

реформалар Қазақстанды шаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуға берік негіз қалады. Орыс шаруаларын шикі Ресейден қоныс аудару көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды.

Егер XIX ғасырдың ортасына дейін Қазақстанға көбінесе Ресейден әскери топ пен казактар ғана қоныс аударып келсе, ғасырдың екінші жартысынан бастап жағдай түбегейлі өзгерді. Ресей шаруаларын қазақ даласына бұрын-соңды болып көрмеген кең көлемде жаппай қоныс аудару ісі мемлекеттік тұрғыда қолға алынды.

Мұның бірқатар себептері болды. Біріншіден, 1861 жылы Ресейде шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды. Шаруалар басыбайлы тәуелділіктен құтылды. Бірақ олар жаппай жерсіз қалды немесе ұлтарақтай шағын жерге ғана ие болды. Мұның өзі шаруалардың толқуын туғызды. Патша үкіметі шаруалар бүліншілігінің өрши түсуін болдырмау үшін оларды Қазақстан мен Сібір аумағына жаппай қоныс аударту шараларын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады. Екіншіден, Ресей империясы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін қалыптастыруды мақсат етті. Үшіншіден, патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы қазақтарды егіншілікпен айналысатын отырықшы өмір салтына көшіруді ойлады. Өйткені ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар еді. Төртіншіден, патша үкіметінің жергілікті халықты христиан дініне енгізу және

орыстандыру жөнінде арам пиғылы да болатын. Бесіншіден, қоныс аударушы шаруалар Қазақстанды орыс империясының сарқылмас мол астығы бар алып қоймасына айналдыруы тиіс деп үміттенді. Өлкені казактар арқылы отарлау экономикалық тұрғыдан ойдағыдай онды нәтиже бермеді. Әскери қызметте жүрген казактар өлкедегі әскери гарнизондар мен шенеуніктер тобының өзін де азық-түлікпен жартымды қамтамасыз ете алған жоқ.

Оның үстіне Ресейдің жерсіз шаруаларын жаңа жерде емін-еркін тамаша өмір сүруге болады екен деген хабарлары мен хаттары ол жақта қалғандарды еліктіре елеңдетті. Мұның өзі орыс шаруаларын одан сайын жаппай қоныс аударуға қызықтыра түсті.

Шаруалардың жаппай қоныс аудара бастауы

1866 жылы Батыс Сібір бас басқармасы шаруалардың Қазақстан аумағына өз беттерінше қоныс аударуына рұқсат етті. Алғашқы қоныс аударушылар Сібірдің әр түрлі қалаларындағы мещандар және Тобыл губерниясындағы Қорған және Есіл округтарындағы шаруалар болды. Олар Көкшетау округының аумағындағы Саумалкөл деген жерге келіп орналасты. Қоныс аударушылардың бір бөлігі казак станицаларына жайғасты. XIX ғасырдың 70-80-жылдарында олар жергілікті қазақтардың жерлерін жалға алып, өз беттерінше орналаса бастады.

Шаруаларды Қазақстан аумағына қоныс аудару себептері

Егер XIX ғасырдың ортасына дейін Қазақстанға көбінесе Ресейден әскери топ пен казактар ғана қоныс аударып келсе, ғасырдың екінші жартысынан бастап жағдай түбегейлі өзгерді. Ресей шаруаларын қазақ даласына бұрын-соңды болып көрмеген кең көлемде жаппай қоныс аудару ісі мемлекеттік тұрғыда қолға алынды.

Мұның бірқатар себептері болды. Біріншіден, 1861 жылы Ресейде шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды. Шаруалар басыбайлы тәуелділіктен құтылды. Бірақ олар жаппай жерсіз қалды немесе ұлтарақтай шағын жерге ғана ие болды. Мұның өзі шаруалардың толқуын туғызды. Патша үкіметі шаруалар бүліншілігінің өрши түсуін болдырмау үшін оларды Қазақстан мен Сібір аумағына жаппай қоныс аударту шараларын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады. Екіншіден, Ресей империясы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін қалыптастыруды мақсат етті. Үшіншіден, патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы қазақтарды егіншілікпен айналысатын отырықшы өмір салтына көшіруді ойлады. Өйткені ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар еді. Төртіншіден, патша үкіметінің жергілікті халықты христиан дініне енгізу және орыстандыру жөнінде арам пиғылы да болатын. Бесіншіден, қоныс аударушы шаруалар Қазақстанды орыс империясының сарқылмас мол астығы бар алып қоймасына айналдыруы тиіс деп үміттенді. Өлкені казактар арқылы отарлау экономикалық тұрғыдан ойдағыдай онды нәтиже бермеді. Әскери қызметте жүрген казактар өлкедегі әскери гарнизондар мен шенеуніктер тобының өзін де азық-түлікпен жартымды қамтамасыз ете алған жоқ.

Оның үстіне Ресейдің жерсіз шаруаларын жаңа жерде емін-еркін тамаша өмір сүруге болады екен деген хабарлары мен хаттары ол жақта қалғандарды еліктіре елеңдетті. Мұның өзі орыс шаруаларын одан сайын жаппай қоныс аударуға қызықтыра түсті.

Шаруалардың жаппай қоныс аудара бастауы

1866 жылы Батыс Сібір бас басқармасы шаруалардың Қазақстан аумағына өз беттерінше қоныс аударуына рұқсат етті. Алғашқы қоныс аударушылар Сібірдің әр түрлі қалаларындағы мещандар және Тобыл губерниясындағы Қорған және Есіл округтарындағы шаруалар болды. Олар Көкшетау округының аумағындағы Саумалкөл деген жерге келіп орналасты. Қоныс аударушылардың бір бөлігі казак станицаларына жайғасты. XIX ғасырдың 70-80-жылдарында олар жергілікті қазақтардың жерлерін жалға алып, өз беттерінше орналаса бастады.

Қазақстанға қоныс аударғысы келген орыс шаруалары, әдетте, ең алдымен жер көріп қайтушыларды (ходоқтарды) жіберді. Олар өздеріне қолайлы деген жерлерді таңдап, қазақтардан жалға алды, жыртып, тұқым септі. Жердің құнарлы екеніне көздерін жеткізген олар ұзақ мерзімді жалға алу жөнінде келісімшарттар жасасты, өздерінің жерлестерін неғұрлым тезірек жетуге шақырып, жанталаса әрекет етті. Орыстардың елді мекендері пайда бола бастады. Кейін ол жерлер өзінің бұрынғы иелерінен тартып алынып, қоныс аударып келген орыс шаруаларының иелігіне заңдастырылып берілді. Мұндай жағдайда облыстық отаршылдық билік әрқашан орыс шаруаларының жағында болды.

Шаруаларды ішкі Ресейден Қазақстанға қоныс аудару жөнінде алғаш рет бастама көтерушілердің бірі Жетісудың әскери губернаторы Г.А. Колпаковский еді. 1868 жылы оның тікелей басшылығымен «Жетісуга шаруалардың қоныс аударуы туралы уақытша Ережелер» жасалды. Онда қоныс аударушы шаруаларға бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтар беру көзделді. Шаруалардың әрбір ер азаматына 30 десятинадан жер телімі бөлінді. Олар барлық алым-салық түрлерін төлеу мен міндетті борыштарды атқарудан он бес жыл бойы босатылатын болды. Қоныс аударушы шаруаларға пайыздық өсімсіз қарыз берілді. 80-жылдардың ортасына қарай Жетісуда жер тапшылығы сезіле бастады. Сондықтан жер телімдерінің мөлшерін 10 десятинаға кемітуге, әр түрлі жеңілдіктер беру мерзімін 5 жылға дейін қысқартуға тура келд



  1. ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері: көшпелі шаруашылықтағы өзгерістер, егіншілік, өнеркәсіп, сауданың дамуы

Қазақстан аумағы көне заманнан көшпелілер тұрағы болған. Ол күрделі тарихи, саяси және этникалық процестер аренасы болды. Ең дәуірлік оқиға – шаруашылықтағы өзгерістер, қоғамдық және саяси ұйымдағы өзгерістер ХІХ ғасырда ғана туды. Қазақ халқы өзінің мыңжылдық тарихында көптеген күрделі оқиғаларды басынан кешті, саяси әлеуметтік, экономикалық даму сатысын өтті. Қазақстан үшін ХІХ ғасырдың ерекшелігі – оның алдындағы дәуірден – қазақ халқының қоғамдық саяси мәртебесінде болды. Бұл енді құлдықтағы халық еді. Қазақтар ХІХ ғасырда шаруашылық салада, әлеуметтік қатынастарда қиындықтар көрді, сонымен бірге, бұл – ұлттық тәуелсіздігін ауыр түрде басынан өткізген халық еді.

ХІХ ғасырда Россия империясының қазақ жерлерін жайпауы аяқталды. Бұл Қазақстан тарихындағы күрделі де қарама қайшылыққа толы процесс болды. Ол өз бойына қазақ мемлекеттігінің негізгі атрибуттарының жойылуын сыйғызды: хан билігінің институтын таратты, Игельстром 1785-86 жж реформасына сай және “Сібір қырғыздарының уставы” 1822 ж., “орынбор қырғыздарының уставы” 1824 ж., би соттарын жалпы империялық ресей сотымен алмастыру, ресей әскери сотының рөлін күшейту, қазақ даласында алым-салық жинауды ресей үкіметінің құзырына көшіру, қазақ жерін әскери отарлау, орыс казактарының, патшаның отарлау саясатындағы негізгі тірек ретінде нығаюы, жаңа казак әскерлерін – Сібір, Орынбор, Жетісу; жаңа қалалар мен бекіністер салу, қазақ қоғамының құқықтарын шектеу; хан, сұлтан, билерді ресей әкімшілігінің төменгі буындағы шенеуліктерге айналдыру.

Қазақстанның ХІХ ғасырдың тарихы қазақ халқы үшін қайғылы болған оқиғаларға толы.

Дәстүрлік шаруашылық құрылымы Қазақстанның табиғи жағдайы оның негізгі материалдық өндірісін, шаруашылық құрылымын, қазақтардың көшпелі қоғамының экономикалық потенциалы анықтайды.

Қазақстанның ХІХ ғасырдағы әлеуметтік экономикалық дамуы

Қазақстан аумағы көне заманнан көшпелілер тұрағы болған. Ол күрделі тарихи, саяси және этникалық процестер аренасы болды. Ең дәуірлік оқиға – шаруашылықтағы өзгерістер, қоғамдық және саяси ұйымдағы өзгерістер ХІХ ғасырда ғана туды. Қазақ халқы өзінің мыңжылдық тарихында көптеген күрделі оқиғаларды басынан кешті, саяси әлеуметтік, экономикалық даму сатысын өтті. Қазақстан үшін ХІХ ғасырдың ерекшелігі – оның алдындағы дәуірден – қазақ халқының қоғамдық саяси мәртебесінде болды. Бұл енді құлдықтағы халық еді. Қазақтар ХІХ ғасырда шаруашылық салада, әлеуметтік қатынастарда қиындықтар көрді, сонымен бірге, бұл – ұлттық тәуелсіздігін ауыр түрде басынан өткізген халық еді.

ХІХ ғасырда Россия империясының қазақ жерлерін жайпауы аяқталды. Бұл Қазақстан тарихындағы күрделі де қарама қайшылыққа толы процесс болды. Ол өз бойына қазақ мемлекеттігінің негізгі атрибуттарының жойылуын сыйғызды: хан билігінің институтын таратты, Игельстром 1785-86 жж реформасына сай және “Сібір қырғыздарының уставы” 1822 ж., “орынбор қырғыздарының уставы” 1824 ж., би соттарын жалпы империялық ресей сотымен алмастыру, ресей әскери сотының рөлін күшейту, қазақ даласында алым-салық жинауды ресей үкіметінің құзырына көшіру, қазақ жерін әскери отарлау, орыс казактарының, патшаның отарлау саясатындағы негізгі тірек ретінде нығаюы, жаңа казак әскерлерін – Сібір, Орынбор, Жетісу; жаңа қалалар мен бекіністер салу, қазақ қоғамының құқықтарын шектеу; хан, сұлтан, билерді ресей әкімшілігінің төменгі буындағы шенеуліктерге айналдыру.

Қазақстанның ХІХ ғасырдың тарихы қазақ халқы үшін қайғылы болған оқиғаларға толы.

Дәстүрлік шаруашылық құрылымы Қазақстанның табиғи жағдайы оның негізгі материалдық өндірісін, шаруашылық құрылымын, қазақтардың көшпелі қоғамының экономикалық потенциалы анықтайды.

Көшпелі қазақтар шаруашылығы әлеуметтік экономикалық қатынастарға тығыз байланысты. Негізгі роль – қазақ халқының тіршілігінде – көшпелі мал шаруашылығы.

Көшпелі шаруашылық малды жыл бойы аяқ астынан жайылуға негізделген. Мал азығының жеткіліксіздігі жайылымның өнімсіздігімен су ресурстарының жеткіліксіздігі малды жыл бойы әр жерлерге көшіріп отырып бағуды қажет етті. Ол үшін әрине өте көп аумақ керек болатын.

Номадтардың мал жайылымына пайдаланған аумақтары, өз ерекшеліктеріне ғана пайдаланды. Мысалы, қыстау, жайлау, күзеу, көктеу. Қара малды бағу үшін қардың қалыңдығы қыста 10-12 см аспау керек, бұл солтүстік шекараға сәйкес. Сондықтан қыстау негізінде оңтүстік Қазақстан аймағында орналасты.

Жаз жайылымдар солтүстік және таулы аймақтарды. Жазғы жайылымды таңдаудың негізгі шарты - су көздерінің болуы. Олар көш жолы бойында малды сумен қамтамасыз ете алатын болуы қажет. Күзгі, көктемгі жайылымдар осы жазғы және қыстау арасындағы байланыс буыны ролін атқарған.

Көшпелі қазақтар қатаң реттелген маршрут болған, яғни тұрақты қыстақтары және жаз кезінде белгіленген жайлауларға көшіп отырған. Орташа алғанда көшу радиусы 50-100 шақырым, кейде 1000 км- 2000 км дейін жеткен.

Жануарлар құрамы тұрақты болған: қой, ешкі, жылқы, түйе және қарамал. Бұл жануарлар дала жағдайына бейімделген.

Жылқы өсіруді қазақтар бірнеше мақсатта пайдаланған: ет-май, сүт, көлік ретінде, қара күш ретінде, қазақ жылқысы еңбекқор, қара жұмысқа шыдамды, жергілікті жердің табиғатына бейім, алыс көштерге жарамды. Жылқы өсірудің көшпелі қазақтар өміріндегі мәні туралы Қасым хан ХҮІ ғасырдың басында былай деген: “Біз – дала тұрғындары; бізге сирек, бай заттар жоқ ең басты байлығымыз – жылқы, еті мен терісі бізге тамақ пен киім, ал оның сүті- қымыз ең асыл сусын; жерімізде бау-бақша жоқ, біздің ойын сауық құратын жеріміз – мал табыны, үйір үйір жылқы, біз осы үйірлерден ләззәт аламыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. http://testent.ru/publ/studenty/kazakhstan_tarikhy/aza_stanny_khikh_asyrda_y_leumettik_ehkonomikaly_damuy/38-1-0-1236 – қолданылған сайт.



Қазақстанда жаңа әкімшілік-территориялық басқару жүйесінің ендірілуі және оған қазақтардың қарсылығы Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Өйткені, ол әкімшілік құрылыс, жер қатынастары, сот құрылысы, халыққа білім беру, дін мәселесі сияқты қазақ қоғамының шешуші салаларының бәрін қамтыған болатын. Қазақстанға әкімшілік басқару жүйесін енгізудегі патша үкіметінің алдына қойған басты мақсаты аймақтағы отаршылдық саясатын күшейту болды. Осыған орай, 1867 жылы 11 шілдеде патша жарлығымен империя құрамында Түркістан генерал-губернаторлығы құрылса, ал 1868 жылы Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтары құрылды. Реформаның ең басты және негізгі міндеті – "қазақ даласын Ресейдің басқа бөліктерімен бірте-бірте қосып жіберу" үшін Ресейге бағынышты халықтарды бір басқару жүйесінің құрамына біріктіру. Сөйтіп, жергілікті ақсүйектерді биліктен ысырып тастап, ру басшыларын әлсіретіп, ойға алған іс-шараларды оңтайлы жолмен оңай әрі тез жүзеге асырып отыру. Жалпы алғанда, реформалар патшалық үкіметтің қазақ даласының жергілікті тұрғындарын және аймақтық табиғат байлықтарын еркін пайдалану үшін орыс капиталына анағұрлым тиімді жағдай қалыптастыру әрекетінен туған еді. Экономикалық шаралар негізінде қазақтардың қыстауы мен жайлаулық жерлерін мемлекет меншігіне кесіп, казак әскери бөлімдері мен орыс шаруаларын орналастыру үшін "артық" жер мөлшерін анықтау ісіне экспедициялар жабдықталды. Мұның өзі қазақ жерін пайдалануынан алып, барша қазақтың жерін Ресейдің мемлекеттік меншігі деп жария ету арқылы Қазақстанның империя отарына айналғандығын дүниеге паш ету болды. Патша үкіметінің 1886 жылғы Түркістан туралы ережесі және 1891 жылғы Далалық облыстарды басқару туралы Ережесі сол орыс билігін одан ары нығайтып, қазақ даласындағы отарлық езгі мен қанаудың күшеюін тереңдете түсті. 1867-1868 жж. реформа арқылы патша өкіметі қазақ даласын толық отарлауға тырысты. Сондықтан да Қазақстан аумағы облыстарға бөлініп, ал облыстар әкімшілік орталықтарына, қазақ даласымен байланыссыз жататын әр түрлі генерал-губернаторлықтарға бөлшектенеді. Мысалы, Торғай мен Орал облыстары – Орынбор; Ақмола және Семей облыстары – Батыс Сібір; Жетісу мен Сырдария – Түркістан генерал-губернаторлықтарының құрамына кірді. Бұрынғы ішкі Бөкей хандығының аумағы уақытша Торғай облыстық басқармасына бағынышты болып қалғанымен, ол ұзаққа созылмай, 1872 жылдан бастап Астрахань губерниясының құрамына кірді. Ал Маңғыстау түбегінің аумағы 1870 ж. қазақтардың көтерілісіне байланысты Кавказ әскери округының билігіне өтті. Бұлай бөлшектеулер мен басқаруға өзгерістердің енуінің өзіндік себептері болды. Бұл туралы профессор Б. Сүлейменов: "Патшалық үкіметтің ойынша, Қазақстан жерін түрлі генерал-губернаторлықтар мен әскери округтарға бөлшектеу, қазақ халқының ұлттық бірлігінің қалыптасу жолына кедергі болып, қазақ халқын отарлық езгіде ұстауды жеңілдетуі тиіс еді" - дейді. 1867-1868 жж. реформалардағы басты бағыттардың бірі Қазақстанда күшті әскери-бюрократиялық аппарат құру болды. Ол аппарат әр түрлі жеңілдіктерге: анағұрлым жоғары еңбекақы, екі есе төлем, қызметтен босаған кездегі жоғарғы зейнетақыға қызығатын чиновниктерден құралды. Зерттеуші ғалым К.А. Жиреншин өз еңбегінде: "Отаршылық әкімшілік аппараты қазақ даласының жағдайынан бейхабар, білімі таяз адамдардан, ең бастысы, өз қызметін өміріндегі өтпелі кезең деп санап, сол уақыт ішінде тез ауқаттанып алуды көздеген офицерлерден жасақталған болатын: Генерал-губернаторлықтардың басты басқару аппаратын генерал-губернатор, оның кеңсесі және тапсырма орындаушы чиновниктер құрды. Генерал-губернаторлар әскери және азаматтық билікті толығымен өз қолдарына жұмылдырды, сонымен қатар қазақ даласындағы әкімшілік құрылысының принципі – жаңа отаршылық реформа бойынша билікті толығымен әскери ведомствоның қолына беру болды" - деп, патшалық үкіметтің құйтырқы саясатының табиғатын айқын да ашық көрсетіп береді. Бұл тұстағы генерал-губернаторлардың билік шараларын іске асыратын басқару жүйесі мынадай үш бөлікке бөлінді: облыстық басқармалар, уездік басқармалар және жергілікті басқармалар. Облыстық әкімшіліктің басқарма басшылығында әскери және азаматтық билік ететін әскери-губернатор тұрды.

  1. Патша үкіметінің миграциялық саясатының көшпенді өркениетке тигізген әсері

Миграция (лат. migratio — көші-қон, қоныс аудару) — адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі. Миграциялық саясат дегеніміз – бұл тұрғын халықтың миграциялануына алып келетін әлеуметтік мінез-құлықтың, әрекеттің бір түрі немесе элементі болып табылатын миграциялық қозғалысқа ықпал ету.

XIX ғасырдың 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Ол реформалар Қазақстанды шаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуға берік негіз қалады. Орыс шаруаларын шикі Ресейден қоныс аудару көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды. Егер XIX ғасырдың ортасына дейін Қазақстанға көбінесе Ресейден әскери топ пен казактар ғана қоныс аударып келсе, ғасырдың екінші жартысынан бастап жағдай түбегейлі өзгерді. Ресей шаруаларын қазақ даласына бұрын-соңды болып көрмеген кең көлемде жаппай қоныс аудару ісі мемлекеттік тұрғыда қолға алынды.

Мұның бірқатар себептері болды. Біріншіден, 1861 жылы Ресейде шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды. Шаруалар басыбайлы тәуелділіктен құтылды. Бірақ олар жаппай жерсіз қалды немесе ұлтарақтай шағын жерге ғана ие болды. Мұның өзі шаруалардың толқуын туғызды. Патша үкіметі шаруалар бүліншілігінің өрши түсуін болдырмау үшін оларды Қазақстан мен Сібір аумағына жаппай қоныс аударту шараларын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады. Екіншіден, Ресей империясы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін қалыптастыруды мақсат етті. Үшіншіден, патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы қазақтарды егіншілікпен айналысатын отырықшы өмір салтына көшіруді ойлады. Өйткені ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар еді. Төртіншіден, патша үкіметінің жергілікті халықты христиан дініне енгізу және орыстандыру жөнінде арам пиғылы да болатын. Бесіншіден, қоныс аударушы шаруалар Қазақстанды орыс империясының сарқылмас мол астығы бар алып қоймасына айналдыруы тиіс деп үміттенді. Өлкені казактар арқылы отарлау экономикалық тұрғыдан ойдағыдай онды нәтиже бермеді. Әскери қызметте жүрген казактар өлкедегі әскери гарнизондар мен шенеуніктер тобының өзін де азық-түлікпен жартымды қамтамасыз ете алған жоқ.

Оның үстіне Ресейдің жерсіз шаруаларын жаңа жерде емін-еркін тамаша өмір сүруге болады екен деген хабарлары мен хаттары ол жақта қалғандарды еліктіре елеңдетті. Мұның өзі орыс шаруаларын одан сайын жаппай қоныс аударуға қызықтыра түсті.



  1. ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басындағы патша үкіметінің аграрлық саясаты –  Қазақстандағы революциялық бас көтерулердің негізгі алғы шарттарының бірі болғандығын дәлелдеңіз.

Аграрлық саясат — ауыл шаруашылығы мен бүкіл аграрлық-өнеркәсіпітк комплексті әлеуметтік экономикалық тұрғыда ұдайы дамытуды қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы.Аграрлық саясаттың басты артықшылықтарынң бірі - әрбір одақтас республикалардың өндіргіш күштері дамуының ерекшеліктері мен өзгешеліктерін, олардың еліміздің халық шаруашылығының бірыңғай АӨК-тің құрамдас бөлігі ретінде қоғамдық еңбек бөлінісіндегі алатын орнын белгілеу.[1]

Қазақ халқының занды құқығын мүлде елеп-ескермеудің бір белгісі қоныс аударушы шаруалар санының одан әрі арта түсуі болды. Бұл ретте жергілікті халықтың өкілдерімен алдын ала кеңесу, ақылдасу деген атымен болған жоқ. 1906 жылы Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпин шаруаларды Ресейдің азиялық бөлігіне жаппай қоныс аудару туралы шешім қабылдады. Шаруалар қауымын ыдырату, оларды Қазақстанға қоныс аудару жөніндегі реформа Столыпиннің аграрлық реформасы деп аталды.

Бұл реформаның көздеген негізгі бағыты қоныс аударушы шаруалар қозғалысының кеңінен етек алуын қамтамасыз ету болатын. Шаруалардың шығысқа карай атап айтқанда, Қазақстан аумағына қоныстануға құқық берілді. Ал олардың бұрынғы жерлеріне қайтып оралуына елеулі түрде шек қойылды. Шаруаларды жер телімдерімен қамтамасыз ету қазақтардан тартып алынған жерлердің есебінен құрылған отаршылдық қоныс аудару қорынан жүзеге асырылды.

Жергілікті қоныс аудару мекемелері шаруаларға хутор салу үшін 45 десятинадан, егін егуге 15 десятинадан жер бөліп беруге міндеттелінді. Жер бөлумен айналысатын мекемелерге жергілікті халықтың жерін тартып алып, олардың жеріне келімсек шаруаларды орналастыруына рұқсат етілді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қазақтардың егін суару құрылыстары да тартып алынды.

Шаруаларға ең құнарлы жерлерді іздеп тауып, көріп келетін адамдарды кедергісіз жіберіп тұру құқығы берілді. Шаруалардың темір жолмен жүруге де жеңілдіктері болды. Оның үстіне, патша үкіметі шаруалардың Қазақ жеріне емін-еркін қоныс аударуын кеңінен насихаттады. Мәселен, 1907 жылы Ресейдің орталық губернияларындағы шаруалар арасында осы тақырыпқа арналған 6,5 миллион дана кітапша мен парақша таратылған. Оларда үкімет шаруаларды Ресейдін азиялық бөлігіне неғұрлым көбірек қоныс аударуға шақырды. Ол басылымдарда Қазақстан мен Сібір аумағында қалай ыңғайлы орналасуға болатыны жөнінде практикалық ұсыныстар мен кеңестер берілді.

1917 жылға қарай жергілікті байырғы халықтың пайдалануындағы 45 миллион десятина жер тартып алынды. Бұл кезде Қазақстанға қоныс аударған шаруалардың жалпы саны 1,5 миллионға жуықтап қалған болатын.



  1. Қазақстандағы Ресей империясы саясатының жер мәселесіндегі отаршылдық сипаты

1867-1868 жылдардағы реформаның жалпы алғанда отаршылдық сипаты басым болды. Ол реформалар Қазақстанды Ресейге қосып алу үрдісінің толық аяқталғанын көрсетті. Қазақстанның кең-байтақ жері Ресейдің мемлекеттік меншігіне өтті. Патша үкіметі бұдан былай қазақтардың жерін кез келген сылтаумен оп-оңай тартып ала беретін болды. Мұның ақыры дала тұрғындарының ежелгі атамекен жерлерінен айырылып қалуына, сөйтіп қайдағы бір құнарсыз және тұзы бетіне шығып жатқан сортаң жерлерге ығыстырылуына жеткізді. Құнарлы жерлер ішкі Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруалары мен қазақтарға, шенеуніктерге берілді. Патша үкіметінің Қазақстанның табиғи бай ресурстарын оңды-солды емін-еркін пайдалануы бұл өлкені Ресей экономикасының қосалқы арзан шикізат көзіне айналдырды.

Болыстардың сайланып қойылуы Қазақстанның бүкіл аумағын руаралық кескілескен қақтығыстар сахнасына айналдырып жіберді. Сайлауда шар салушының дауысын сатып алу кеңінен етек алды. Болашақ болыстар өз қандастарының қамын жеуден қалды. Олар ендігі жерде орыс үкіметінің аузына қарап, жалтаңдаудан көз ашпады, қайтсем солардың қаһарлы қолшоқпары болсам екен деп армандады.

Сұлтан тобын басқару жүйесінің орта және жоғары буынынан толық ығыстырып шығару қазақ халқын құқық атаулыдан жұрдай тобырға айналдырды. Отаршыл Ресей қазақ мемлекеттілігінің ең соңғы қалдықтарын да жойды. Қазақтарға болыс және ауыл старшыны деген ең төменгі дәрежедегі қызметтер ғана тиді. Олардың уезд бастығы, әскери губернатор, генерал-губернатор сияқты жоғары лауазымды әкімшілік қызметтерге барар жолы заң жүзінде біржола жабылды.

Жаңа міндетті борыштар мен алым-салық түрлерінің еселеп енгізілуі қазақтардың материалдық жағдайын нашарлатып жіберді. Түтін салығы бұрынғы 1 сом 50 тиыннан 3 сомға бір-ақ көтерілді. Болыстарды, ауыл старшындарын, сондай-ақ олардың толып жатқан шабармандарын ұстауға жұмсалатын қаржы да халықтан жыл сайын қосымша жинап алынды. Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы халық харадж (егіннен алынған өнімнің оннан бір бөлігі), зекет (тауар құнының қырықтан бір бөлігі) төлеп тұруға міндетті болды. Әр түрлі қажеттерге жұмсау үшін қара шығын деп аталатын қосымша салыққа салынды. Бұдан түскен қаржы жол салуға, оны жөндеуге, көпір, мешіт, мектеп, аурухана салуға жұмсалды. Патша үкіметі Қазақстаннан орасан зор мөлшерде қаржы жинап алумен болды. Оның бір бөлігі отаршыл әкімшілік пен әскери күштерді ұстауға жұмсалды, енді бір бөлігі орталыққа жіберіліп отырды.

Патша үкіметі қазақтардың ежелгі дәстүрлі қоғамын күйретті. Болыстар мен уездер құру кезінде рулық ерекшеліктер ескерілмеді. Дәстүрлі билер сотының құқықтары елеулі түрде қысқартылды.

Реформалар Батыс Сібір аумағында ежелден бері тұратын қазақтардың жағдайына да келеңсіз әсерін тигізбей қала алмады. 1880 жылғы 22 қазанда Тобыл және Томск губернияларының қазақтарын Құлынды даласына көшіру қолға алынды. Ол жақта қазақтар үшін 1 миллион десятина құнарсыз жер бөлінді. Құлынды қазақтарына үй басы 6 сом мөлшерінде түтін салығы салынды. Бұл отырықшы орыс шаруалары төлейтін салық мөлшеріне тең болып шықты.[1]



  1. ХХ ғ. басындағы патша үкіметінің Қазақстанға қоныстандыру саясаты: қажеттілігі, даму барысы және нәтижелері

Қазақстанның көп ұлтты құрамы өлкені үнемі әрі жүйелі түрде отарлау саясаты нәтижесінде қалыптасты. Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің келіп қоныстануы патшалық билік тұсында басталып, кейіннен кеңестік жүйе тұсында жалғасын тапты. Қоныстану түрлі жағдайларға байланысты мемлекет тарапынан қолдау арқылы ұйымдасқан түрде немесе шашыранды, өз күштерімен жүйесіз түрде, қоныс аударушылардың өз еркімен немесе оларды зорлап жер аудару арқылы жүргізді. Қазақстанның көп ұлтты құрамы жер аударылған кулактармен, сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған және тарихи мекенінен қуылған халықтармен, тың және тыңайған жерлерді игеруге келгендермен, одақтық ведомствоаралық биліктің ұйғаруымен және басқа келушілермен толығып отырды.

Қазақстан жеріне басқа этникалық топтардың алғаш келіп қоныстануы XVI ғасырдан бастау алды. Бұған дейін де Алтын Орда мен Орыс мемлекетінің арасында болып тұрған екі жақты барыс-келістердің болғаны белгілі. Ал орыс-казактық отарлау Украинадан, Ресейдегі басыбайлылық қанаудан қашқан шаруалардың казак еркін жұртына қосылып, Жайық пен Ертіс өңіріне келуінен басталады. Бұл басыбайлылық құлдықтан қашқан «еркін адамдар» (казактар мен татарлар) жаңа жерлерді игеру мақсатында келіп, біртіндеп дербес қауым ретінде қалыптаса бастайды.

Славяндық және түркілік тегі аралас казактар I Петр тұсында XVIII ғасырдан бастап орыс мемлекетіне түпкілікті бағынды. Осы кезден бастап казактар Ресейдің геосаяси стратегиясын жүзеге асыруға белсене қатысады.

Жергілікті халықтардан тартып алынған ұлан-байтақ жер иеліктерін, балық аулайтын сулы-нулы өңірді, тұз және басқа кәсіпшілікті уысында ұстай отырып, әр түрлі артықшылықтарға ие болған казактар империя шебіндегі патшалық тәртіптің сенімді тірегі болды. Тарихтың қатал шындығы казактардың қаналған халықтың ұлт-азаттық қозғалыстарын аяусыз басып-жаншитын патшалықтың екпінді күшіне айналғандығын айғақтайды.

Қазақстан аумағында құрылған Орал, Орынбор, Сібір және Жетісу шептерінің казактарына Оралдың, Солтүстік Қазақстанның, Ертістің және Жетісудың ең құнарлы, шұрайлы жерлері бөлініп берілді. Қазақтар осы аймақтағы қыстауларынан, жайылымдық, шабындық алқаптарынан айырылды.

Ермақтың Сібір хандығын жаулап алуы қазақ жеріне шаруа, саудагер, кәсіпкерлердің ағылуына жол ашты. Қазақстанға жалпы саны 200 мыңдай казактар келіп қоныстанды.

Казактық отарлаудан кейінгі әскери-әкімшілік отарлау кезінде тірек пункттері есебінде әскери қоныстар бой көтерді. Бұл қоныстар әскери шептерге ұласты. Бастапқы кезде әскери қоныстар Орал, Ертіс сияқты өзен арналарын қамтыды. Осындай қозғалыстың үдере жүргізілгендіғін қала бекіністерінің тез өскендігі дәлелдейді. Мәселен, бекініс есебінде 1640 жылы Гурьев қалашығы, 1613 жылы Орал бекінісінің, 1716 жылы Омбы қаласының, 1718 жылы Семей, 1720 жылы Өскемен, 1752 жылы Петропавл қалаларының, 1735 жылы Орынбордың негізі салынды. Осылайша XVIII ғасырдың орта тұсына қарай әскери бекіністердің ұзын дәлізі қалыптасты. Содан кейін де өлкенің ішкі аудандарында тұрақты әскери бекініс құрылыстары жүргізілді. Орта және Ұлы жүз аумағындағы XIX ғасырдың бірінші жартысында ашылған округтік приказдардың орталығы есебіндегі бекіністерге әскери адамдармен қатар қоныс аударушы казактар мен шаруалардың келуі үздіксіз жүріп жатты. XIX ғасырдың ортасына дейін әскери әкімшілік отарлау кезінде 100 мыңдай адам қоныс аударып келді.

Сібір әскерінің қолбасшысы, генерал Шпрингер 1763 жылы казактардың тұз шығару, отын тасу, пошта жүргізу, баржаларға жүк тиеп-түсіру, мал бағу, жер жырту, қол диірмен тарту, қамалдар құрылысын жүргізу және оны жөндеу сияқты барлық жұмыстарды атқаратындығын айта келіп, Сібір казактарының санын және төлемақысын көбейтуді ұсынады. Олар кейбір жағдайда орыс шаруаларынан, яғни қолдан жасалған казактармен толықтырылып отырды («Выписные казаки»). Казактар мен шаруалардың көші-қон саясаты алғашында басып алынған мол аумақта берік табан тіреу мақсатын көздеді. Ал бұл міндетті тек казак қоныстары арқылы ғана толық орындау мүмкін емес еді. Сондықтан Ресей империясының әкімшілік билігін нығайту мақсатында шаруалардың қоныс аударуына кең жол ашылды.



  1. ХІХ-ХХ ғғ. басында орыс зиялыларының қазақтардың тарихы, мәдениеті мен тұрмысын зерттеуге қосқан үлесі

Қазақстанның тарихы мен географиясын, этнографиясын және мәдениетін зерттеуде Ресей ғалымдарының сіңірген еңбегі зор болды. Ресей зиялы қауымының Қазақстан аумағына саяси себептермен жер аударылып келген өкілдері көптеген ғылыми еңбектер жазып қалдырды. Олар, әрине, әр түрлі кәсіп пен мамандық иелері — ақын-жазушылар, тарихшылар, географтар, әскери қызметкерлер мен дәрігерлер болатын. Сонымен қатар олар қазақ өлкесін отарлау саясатына ғылыми тұрғыдан негіздеуге де ішінара қызмет етті.

Қазақстанды зерттеушілердің басым көпшілігі Орынборға, Омбыға, Ташкентке — Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан өлкелерінің әкімшілік орталықтарына шоғырланды. 1830 жылы «Отечественные записки» журналында орыс офицері Б.С. Броневскийдің «Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар» атты жұмысы жарияланды. Онда Солтүстік-шығыс Қазақстан қазақтарының тарихынан, өмірі мен тұрмыс-тіршілігінен егжей-тегжейлі құнды деректер берілген. Белгілі тарихшы А .И. Левшин (1799— 1879) «Қырғыз-қазақ, немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» деген үш бөлімнен тұратын зерттеу еңбегін жазды. Осы бірегей әрі іргелі еңбегі үшін ол «Қазақ тарихының Геродоты» деген атаққа лайықты ие болды. Автор өз зерттеуінде қазақ өлкесінің тарихы мен этнографиясы және географиясы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер келтіреді.

Семенов-Тян-Шанский(1827—1914) де Қазақстанды зерттеуші ірі ғалымдардың бірі болды. Ол Алтай мен Жетісудың және Қазақстанның оңтүстік өңірін зерттеуге қатысты. Ғалым «Ресей. Толық географиялық сипаттамасы» атты көп томдық серияның «Қырғыз өлкесі» және «Түркістан өлкесі» деген іргелі екі томын әзірлеуге белсене қатысты. Оларда Қазақстанның географиясы ғана емес, сонымен қатар қазақтардың тарихы, тұрмыс-тіршілігі, сауда-саттығы және шаруашылық қызметінің түрлері туралы егжей-тегжейлі мәліметтер келтірілген.

Белгілі ғалым әрі Батыс Сібірдің әкімшілік қызметкері В.В. Велъяминов-Зернов XVI—XVIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихын мұқият зерттеді. Ол «Қасымов патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу», «Кырғыз-қайсақтар туралы тарихи деректер» деген еңбектер жазды.

Торғай облысының мал дәрігері А.И. Добросмыслов қыруар мол дерек көздері негізінде «Торғай облысы. Тарихи очерк» атты үш томдық іргелі еңбек жазып қалдырды. Онда Кіші жүздегі қазақ хандықтарының тарихы мен саяси оқиғалар егжей-тегжейлі толық сипатталған. Автор XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар барысын және қалай жүргізілгенін толық баяндаған.

Торғай облысының әскери губернаторы Л.Ф. Баллюзек «Кіші қырғыз Ордасындағы орын алған, қазір де ішінара орын алып келе жатқан халықтық әдет-ғұрыптар» деген атпен қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарының жинағын құрастырып, басып шығарды. Баллюзек Қазақстанда қызмет еткен кезінде орыс шенеуніктеріне қазақтың билері мен сұлтандарынан дәстүрлі әдет-ғұрып құқықтары туралы материалдар жинастыру жөнінде тапсырма беретін. Ол сондағы жиналған материалдарды өндеп, кітап етіп шығарды.

XIX ғасырдың орта кезінде M M. Красовский «Сібір қырғыздарының аймағы» атты үш томдық еңбек жазды. Онда Қазақстанның Солтүстік-шығыс аймағындағы қазақтардың өмірінен көптеген егжей-тегжейлі тарихи-статистикалық, географиялық және этнографиялық мәліметтер келтірілген. Аса көрнекті орыс ғалымы, тарихшы әрі этнограф Н.Н Аристов «Түркі тайпаларының этностық құрамы туралы жазбалар», «Үлкен орда қырғыз-қазақтарының және қырғыздардың этностық құрамын анықтау тәжірибесі» сияқты тағы басқа да теңдесі жоқ тарихи-этнографиялық еңбектер жазып қалдырды.


  1. Бірінші орыс революциясы (1905-1907 жж.) қазақ халқының саяси санасының өсуіне ықпал еткендігін дәлелдеңіз.

1905—1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды.[1] 1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды. Автор қуғын-сүргін көрді. Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды.

Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл мен Семейде жұмысшылардың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен Далалық өлке орталығы Омбы қаласында да халық наразылық шеруіне шықты.

Қазақстанда жұмысшылардың өре көтерілуі мен ереуілдері темір жол бекеттерінде ерекше орын алды. Алайда олардың патша үкіметіне қарсы қарулы қақтығыстары бола қойған жоқ. Өйткені жұмысшы табының қатары әлі аз еді. Саяси жағынан пісіп жетілмеген, көтеріліске әзірленбеген болатын. Жұмысшы табы енді ғана қалыптасып келе жатқан-ды. Оның үстіне, шет аймақтың ұлттық ерекшелігі де тежеуші әсерін тигізбей тұра алмады. Патшалық самодержавие мұнда еуропалық ұлт өкілдерінің ат төбеліндей аз жұмысшылары мен жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ жұмысшылары арасына от тастап, оларды бір-біріне қарсы қоюға тырысып бақты.

Бұл кезенде патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейіп, барған сайын асқына түсті. Мұны мынадан айқын көруге болатын еді. Біріншіден, қазақтардың жерлерін қоныс аударушы орыс шаруаларының және қазақтардың қорын жаппай тартып алу одан әрі жүріп жатты. Патшаның 1904 жылғы жарлығы бойынша бұрынғы Сібір шекара шебіндегі ені он шақырымдық бейтарап алқап казак әскерлерінің «мәңгілік» пайдалануына берілді. Патша үкіметінің осы және басқа да озбырлық әрекеттері салдарынан дала тұрғындары жаппай жерсіз қала бастады. Мәселен, XX ғасырдың бас кезінде бір ғана Семей облысының өзінде 147 мыңға жуық қазақ жерсіз қалды. Сондықтан да жерсіз қазақтар жерді Сібір қазақтарынан, император әулетінің Алтай таулы округіндегі меншікті аумағынан, Томск, Тобыл губернияларындағы орыс шаруаларынан, сондай-ақ Қытай империясының әкімшіліктерінен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Екіншіден, өлке аумағынан мал өнімдері шикізаты, минералдық ресурстарды көптеп тасып әкету күшейді. Кеніштерді, шахталарды, зауыттар мен фабрикаларды болмашы арзан бағаға сатып алған шетелдік кәсіпкерлер елдің табиғи қазба байлығын тасып әкетуде алдарына жан салмады. Үшіншіден, жұмысшыларды, соның ішінде әсіресе қазақтарды қанау әлдеқайда қатыгездік сипат алды. Қазақтардың жалақысы көрер көзге төмендетілді, олар мамандық деңгейі төмен, ең ауыр қара жұмыстарда істеді. Орыс жұмысшыларымен салыстырғанда тұрғын үй жағдайлары да адам төзгісіз еді. Төртіншіден, патша үкіметі қазақ өлкесінде православие дінін уағыздаушы миссионерлерді қаптатып жіберді.



Жергілікті халықтың тарапынан әлдебір келеңсіз әрекеттердің жасалып кету мүмкіндігінің алдын алу үшін 1906 жылғы 6 қаңтардан бастап патшаның арнайы жарлығы бойынша Ақмола және Семей облыстарының бүкіл аумағында әскери төтенше жағдай жарияланды. Патша үкіметі бұл аймаққа қосымша әскери күш жеткізді. Жұмысшы қозғалысының жетекшілерін қамауға алу, жер аудару, кәсіпорындағы жұмысынан босату шаралары басталды.[1]

  1. Ш. Уәлихановтың, Ы. Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың ағартушылық қызметі

Шоқан ғылымның көптеген салаларында өшпес мұра қалдырды. Шоқан тарихшы, географ, этнограф, фольклорист болды. Ол тек ғана қазақ халқының ғана емес, бүкіл түрік тектес шығыс халықтардың тарихын, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін зерттеуге ат салысты. Шоқан өз еңбектерінде барлық ғылым мен мәдениеттің жан-жақты дамуына кедергі келтіретін ислам дінінің реакциялық сипатын қатты сынады.

ХІХ ғ.60-жылдарындағы Ресейде қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың, орыс педагогикасының озық идеялары Шоқанның ағартушылық көзқарасына тікелей ықпал етті. Шоқан арнайы педагогикалық еңбектер жазбаса да, оның қоғамдық және ғылыми еңбектері ағартушылық сиптта болды. Ол білімі мен мәдениеті озық елдерден үлгі -өнеге алуға, әсіресе, орыстың ғылымын, мәдениетінен үйренуге шақырды. Ол өз елінің оқу-ағартушы мен ғылымын дамыту үшін күресті. Қазақ халқының мәдениет пен экономика саласында артта қалуына қатты қынжыла да қинала ой жіберіп, халық бұқарасын сол азаптан арылту жолында талмастан үлкен жұмыс жүргізді. Ш.Уәлихановтың оыс-қазақ мәдени-педагогикалық байланысының тарихындағы өшбес еңбегі сол — ол орыстың озат білімі мен ғылымын таратушы, насихаттаушы болды, артта қалушылық пен надандыққа қарсы күресті. Шоқан Уәлиханов ағарту мәселесінде орыстың революциялық-демократиялық педагогикасының бағытына жақын болды. Оның ойынша, мектептер ұйымдастыруда тәрбие мен білімнің халықтығы қағидасына сүйену қажет. Тілмаштар мен билеп-төстеуші чиновниктер әзірлейтін мектептердің орнына еуропалық ғылым мен гуманизмді таратушы болатын мектептер мен тәрбие жүйесінің ұйымдастыруды арман етті. Шоқан қазақтар арасында орыс білімін, оның ғылымы мен өнерін таратудың тиімді шаралары үшін күресті. Ол Қазақстанда «нағыз шынайы білімдер» ұясы болатындай мектеп түрлерін ұйымдастыруды талап етті. «Тек ақиқат білім ғана күдіктерден құтылуға жәрдем етіп, өмірмен материалдық әл-ауқатты бағалауға үйретеді», — деді ол. Халықтық тәрбиенің жаңа жүйесін ойластыра отырып, Шоқан ең алдымен жас өспірімдерді ғылым мен техниканың табыстарымен, дүние жүзі мәдениетінің бай қазынасымен таныстыра алатындай діннен бөлген дүниежүзілік білімдерді енгізуді жақтады. Қазақтар мен Орта Азия халықтарының артта қалуының басты себебі – Ш.Уәлихановтың пікірінше, монархиялық тәртіп пен ислам діні. Шоқан Уәлиханов орыс ғылымы мен педагогикасындағы халықтық және ұлттық қағиданы негізге ала отырып, қазақ ағартушыларының ішінен бірінші болып, өз елінің табиғатын, тарихын, өмірі мен мәдениетін зерттеуге баға жетпес үлес қосты. Шоқан еңбегінің тағы бір өзіндік өзгешелігі — өз елін орыс жұртшылығына таныстырып, екі халықты жақындастыруға тырысты. Сол халықтардың достығының, бауырластығының және өзара толық түсінушілігінің дамуына жағдай жасауды ойлады. Шоқан Уәлихановқа орыс педагогикасының революциялық-демократиялық бағытының әсерінің салдарынан, ол қазақ балалары үшін мектептер ұйымдастырғанда оқыту мен тәрбиенің халықтық қағидасын басшылыққа алудың қажеттілігін ескертті. Бірақ Шоқан Уәлиханов басқа да ағартушылар сияқты қоғамдық құбылыстарды материалистік тұрғыдан түсіндіруге дейін көтеріле алмады. Оның түсіндіруінше, тек ғана ағарту ісін «шын мәніндегі білімді» тарату, мәдениетті арттыру құралдары арқылы қазақ даласында әлеуметтік прогреске және демократиялық өзгерістерге жетуге болады деді. Шоқан Уәлихановтың көзқарасының қателігі оның дінге қатысында байқалды. Ол дінді жан-жақты сынай отырып, қоғамдық кемшіліктердің негізгі себебі ислам діні деп түсіндірді, шын мәнінде оның себептері қоғамның экономикалық факторларында, материалдық өмір жағдайларында жатқандығын түсінбеді.

Қорыта келгенде, Ресейдің алдыңғы қатарлы зиялыларының Ш.Уәлихановтың ғалым-ағартушы, қоғам қайраткері ретінде көзқарасының қалыптасуына әсері зор болды. Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің дамуында ерекше із қалдырды.

Ыбырай Алтынсариннің қызметі. Балаларды оқыту әдістері жағынан Ыбырай-белгілі өзіндік жүйе-әдісі бар педагог. Ол қазақтың тұңғыш прогресшіл педагогикасын, халықтың мектептерін негіздеуші. Ыбырай Алтынсарин өзіне Ян Амос Коменский, Ушинский, Толстой, Бунаков, Паульсон сияқты данқты педагогтарды ұстаз тұтады. Қазақ ақындарына оқу, тәлім-тәрбие, мәдениет мәселелерін Ыбырайдай арнайы сөз еткен ешкім болған жоқ. Ақынның шығармаларында өнер, еңбек, кәсіп, адамгершілік идея, отырықшылыққа байланысты тұрмыс жаңалықтары көтерілді. 1861 жылы Торғайдан мектеп ашуға рұхсат алып жолға шығады. Бұл мектеп 1861 жылы ашылады. Ыбырай – оқытушылық ағартушылық жұмыстың қоғамдық мәнін тереңнен түсінген адам. Соның ішінде жаңа үлгідегі мектептер ашады. Балаларды тәрбиелеу ісіне ерекше мән беруі. Торғай облыстық мектептерінің испекторы болады. Мектептің шаруашылық жағдайына аса көңіл бөледі. Жақсы мұғалімді дүниедегі ең қымбат адам санайды. Оқу құралы – «Қазақ хрестоматиясын» жазып, 1879 жылы Орынборда баспадан шығарады. Оның қазақ мәдениеті тарихындағы орны ерекше болды. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырай дың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мән-маңызы зор болды.

Ыбырай орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп оқуында, әсіресе, ана тіліне үйретуде К.Д.Ушинскийдің ойларына жүгінді. Қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазды. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, тех-ны игеруге шақырады («Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар»). Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады («Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап. Надандықтың белгісі – Еш ақылға жарымас»). Оқу, білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде, оның өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді («Ата-енең қартайса, Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу»). Жастарды өнер-білім, тех-ны игеруге үндеу ақынның «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады. Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке — тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес. Ыбырай – оқытушылық ағартушылық жұмыстың қоғамдық мәнін

Абай Құнанбаевтың ағартушылық қызметі.

1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазды. Мұның алғашқысы ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті түрінде жазылған. Бүкіл өлең бойына Абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып, адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы — ғылым болуы керектігін түсіндіреді. Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады. Атап айтқанда, ол былай деп айтты: «Балаларды ата-аналарынан алып, мектепке беру керек, олардың біразын мамандықтың бір түрін, біразын басқа мамандықтарды игеруге бағыттау керек. Мектептерді көбейту қажет, оларда тіпті қыздар да оқитын болсын». Ұлы ақын өз шығармаларында халықты ғылыммен белсене айналысуға үндеді. Әркімді өзінің өткен әр күніне міндетті түрде есеп беріп отыруға, келер ұрпақты парасаттылыққа шақырды. Абайдың пікірінше, адам болу үшін оның бойынан үш түрлі фактор табылуы тиіс. Біріншіден, баланың шыққан тегі жаксы болуы керек, екіншіден, оның әлеуметтік жағдайы немесе қоршаған ортасы жағымды болуы шарт, ушіншіден, балаға адамгершілік тұрғысында тәрбие берілуі қажет. Абай парақор билеушілерді, ашкөз судьяларды, надан молдаларды әшкерелеп отырды. Халықтың игілігіне жету жолындағы бұл қырсықты ғылым мен білім аркылы ғана жоюға болады деп есептеді. Ол жастарға үздіксіз еңбек етіп, білім алуды міндет етіп қойды. Білім алуға жұмылған еңбек әрқашанда жемісті және ізгілікті болатынын қадап айтты. Қараңғылықтан шығар, елді өркениетке жеткізер жалғыз жол — оқу-білім екенін көзі қарақты жастарға түсіндірді.



  1. Ш. Уәлихановтың Қазақ тарихы мен мәдениетіне байланысты ғылыми еңбектерінің маңызы

Қазақ халқының ұлттық мақтанышы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов — бірнеше ғылым саласында еңбек етіп, олардың әрқайсысында айқын із қалдырған ғалым. Ол әсіресе шығыс тіл білімі, тарихы және этнографиясы жөніндегі ғылыми еңбектеріне байланысты өшпес даңққа бөленеді. Ш.Ш. Уәлиханов не-бары 30 жылға жетпейтін уақыт өмір сүрді. Бірақ осы қысқа өмірінің өзінде саяхатшы ғалым артына мол ғылыми мұра қалдырды. Шоқанның өшпес мұрасы бүгінгі отандық тарих пен басқа қоғамдық ғылымдар саласын терең зерттеу мен насихаттау ісінде орны бөлек. Шоқан Уәлиханов Батыс Сібір генерал-губернаторының қарамағына жұмысқа қалғанда, қызмет бабы барысында оған бірден-ақ қазақ өлкесінің жер-жерімен жақынырақ танысып, ғылыми зерттеулер жүргізуіне қолайлы жағдай туды. 1853-1854 жылдары Шоқан төтенше тапсырмалармен Сарыарқаға барған кезде Нұра, Сарысу өзендерінің бойындағы архитектуралық ескерткіштермен танысады. Қапал бекінісіне барғанда Ұлы жүз қазақтарының жазба деректерін жазып алады.

Шоқанның қазақ халқының түп-тегі туралы ойларының да теориялық- методологиялық маңызы зор. Көшпелі жұрттың, әсіресе жазу-сызуы ерте кезден тасқа қашалып жазылған тайпалардың тарихын айқындар басты көз қазақ халқының шығу тегі, түп-тамырының асыл діңгектері болып табылады. Жалпы, олардың кейбір үзінділері өркениетті елдердің жылнамаларындағы деректермен астасып жатыр деп атап көрсетті ол. Жазба ескерткіштердің хабарларына баса мән бере отырып ұлы ғалым халықтың ауыз әдебиетіндегі деректердің аса маңыздылығын атап көрсетеді, жазба дереккөздермен салғастырғанда бұлардың нақтылығы айқындала түседі деп ой қорытқан.

Қазақ шежірелерінің тарихи мәліметтерін сын көзқарас тұрғысынан тексеру, нақты ғылыми тәсілдермен шындыққа сәйкес келетін ақиқатын анықтау, қажетінше ғылыми айналымға енгізу – мемлекет, ұлт және мәдениет тарихын деректік тұрғыда зерттеуді жаңа деңгейге көтеретін келелі мәселе. Шежіренің негізгі мақсаты – тарихи білім жүйесінде сақталатын дәстүрлі мәдени құндылықтар мен дәстүрлі қоғамның рухани-әлеуметтік, идеологиялық-саяси сабақтастығын қаматамасыз ету. Осының барлығы ұлттық мәдениеттің тұғыры болғандықтан, оны тұрақты қоғамдық институтқа айналдыру мақсатында шежіре түсінігінің дәстүрі төңірегіне киелілік сипат ұғымы, ерекше қасиеттеушілік берілгені де байқалады. Халықтың фольклорлық мұрасында сақталған «жеті атасын білген ер – жеті елдің қамын жер» дейтіндей әлеуметтік формулалар — осының бір даналық айғағы

Ш. Уәлиханов қазақтың әрбір текті ақсақалы өз руының шежіресін анық біледі деп айтқан [1, 149-б.]. Шоқан жазған шежірелік шығармалардың ең әйгілісі – «Абылай», «Қырғыз рулары», «Ұлы жүз туралы», «Ұлы жүздің аңыз-әпсаналары», «XVIII ғ. батырлар жыры», т. б. Бұл еңбектерде Шоқан тек қазақ емес, сондай-ақ жалпы түрік-моңғол жұртының тарихи жәдігерлері туралы көп ізденген: яғни, олардың шығу тегі, тарихи деректері, мәдени ерекшеліктері, тәңірлік түсініктері, бақсылық дәстүрі, ру құрылымы, халық күнтізбесі, хандары, космогониясы, наным-сенім жүйесі, қазақ ортасындағы мұсылмандық құқық, шежірешілер, қария сөз, аңыздардың мазмұны, атақты адамдары, рухани құндылықтары, т. б. көптеген мәселелердің барлығының басын қайырып, зейін қойып, тиянақты ізденген

Cонымен, Шоқан жазбаларындағы тарихи дерек ретіндегі қазақтың түп-тамырын айғақтайтын шежірелік шығармаларының орны ерекше. Қорыта келгенде Шоқан Уәлиханов бізге аса бағалы ғылыми мұра қалдырды, олар Қазақстан, Орта және Орталық Азия халықтары тарихының, этнографиясының күрделі ғылыми проблемаларын шешуге көмектескен бай мұра деп айтуға болады.


  1. Ы. Алтынсариннің ағартушы-педагог ретіндегі рөлі

Балаларды оқыту әдістері жағынан Ыбырай-белгілі өзіндік жүйе-әдісі бар педагог. Ол қазақтың тұңғыш прогресшіл педагогикасын, халықтың мектептерін негіздеуші. Ыбырай Алтынсарин өзіне Ян Амос Коменский, Ушинский, Толстой, Бунаков, Паульсон сияқты данқты педагогтарды ұстаз тұтады. Қазақ ақындарына оқу, тәлім-тәрбие, мәдениет мәселелерін Ыбырайдай арнайы сөз еткен ешкім болған жоқ. Ақынның шығармаларында өнер, еңбек, кәсіп, адамгершілік идея, отырықшылыққа байланысты тұрмыс жаңалықтары көтерілді. 1861 жылы Торғайдан мектеп ашуға рұхсат алып жолға шығады. Бұл мектеп тереңнен түсінген адам. Соның ішінде жаңа үлгідегі мектептер ашады. Балаларды тәрбиелеу ісіне ерекше мән беруі. Торғай облыстық мектептерінің испекторы болады. Мектептің шаруашылық жағдайына аса көңіл бөледі. Жақсы мұғалімді дүниедегі ең қымбат адам санайды. Оқу құралы – «Қазақ хрестоматиясын» жазып, 1879 жылы Орынборда баспадан шығарады. Оның қазақ мәдениеті тарихындағы орны ерекше болды. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырай дың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мән-маңызы зор болды.

Бір аллаға сыйынып Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! – деген өлеңінде білім алуға үндесе, екінші жағынан , өмірдің бір қызығы тек байлықта деп ұғатын, оқу, өнер, ғылым – білімге мін бермейтін кертартпа көзқарасқа соққы береді. Өмірде сарқылмас мол байлық – білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей – жалықпай еңбектенудің керектігін түсіндіреді. Өнерді үйрен, үйрен де жирен деп санаған халқымыз ұл қыздарының оң қолынан өнер тамған шебер болуына да мән берген.

Ы.Алтынсарин өзінің төл туындыларында тәрбиелік , нақыл – насихаттық мәніне ерекше көңіл аударып отырды. Сол арқылы жас буынды адамгершілік пен ізгілікке, еңбек пен зейінділікке, өнер – білімге баулуды көздейді. Ол ел жұртқа қажет білім мен өнерді игерудің төте жолы тұрақты мектептер арқылы жүзеге асады деп санады. Ы. Алтынсарин қызметінде балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысы ерекше орын алады. Мектептегі оқыту мен тәрбие процесін жүргізуші мұғалім деп таниды.Ы.Алтынсарин надандықтың зиянын, ғалымның қоғамдық маңызын түсіндіреді. Бұл әсіресе «Талаптың пайдасы» т. б. әңгімелерімен көрінеді.


  1. Ы. Алтынсариннің алғашқы қазақ мектептерін ашуға сіңірген еңбегін

көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог, ғалым-этнограф, ақын, прозашы, қазақ жазба әдебиеті мен қазақ әліпбиінің негізін қалаушы, орыс жазу таңбалары негізінде қазақ әліпбиін құрастырушы — Ыбырай Алтынсаринның өмірі мен шығармашылық қызметі қазақ халқының тарихындағы жарқын беттердің бірі болып табылады.

1860 жылы Орынбор облыстық басқармасы Алтынсаринның үзбей жазған өтініштерін қанағаттандырып, қазақ балалары үшін бастауыш мектепті ашуға рұқсат берді. Шалғай қалада мектеп ашу қиын болды (қаражат, мектеп ғимараты және оқу құралдары болған жоқ). Облыстық басқарма мен жергілікті болыстар осы маңызды іске суық қарады. Патша өкіметінің өзі де халықтың сауатын ашуды, ағарту жұмыстарын жасауды мақсат етпеген еді, оған тек тілді білетін іс жүргізушілер ғана керек болды. Алайда қиыншылықтар Алтынсаринге кедергі бола алмады. Оның үстіне, Ыбырай Алтынсарин 1861 жылы Торғай мектебіне мұғалім қызметіне атанған тұңғыш қазақ еді. Осы қуанышымен және өзінің ағартушылық идеяларымен рухы көтерілген Ыбырай Алтынсарин ауылдарды аралап, елге зайырлы білімнің маңыздылығын түсінідіріп отырды. Жергілікті тұрғындардан қаражат жинап, өзінің жеке жинақ ақшаларын салып, Алтынсарин мектеп ғимаратының құрылысына кірісті. Құрылысқа дайындалған кезінде қамалдың комендантында аудармашы болып қызмет істеп жүріп, Алтынасарин ауылдардан балалар әкелды, өз үйінде оларды орыс тіліне оқытты. 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің салтанатты ашылуы өтті. Қазақ даласында оны «Қара шаңырақ», «Алғашқы қарлығаш» деп атады. Ыбырай Алтынсарин өзінің алғашқы «Кел, балалар, оқылық!" атты өлеңін жазды. Бұл өлең досы Н. И. Ильминскийге арналған мұрағат хатында жазылған және осы күнге дейін сақталған.

1879 жылы Қостанай қаласы облыс орталығы болып құрылғаннан кейін мектеп үшін тастан ғимарат салу мәселесі шешілді. Мектеп ғимаратының құрылысы 1882 жылы басталды, ал 1884 жылы Троицк орыс-қазақ мектебі жаңа тас ғимаратқа көшіріліп, «Қостанай екі сыныптық орыс-қазақ училищесі» деп атала басталды. Жабылу шегінде тұрған мектептің жаңа ғимаратқа көшірілуі — Ыбырай Алтынсаринның тікелей еңбегі.

Ыбырай Алтынсарин өзінің педагогикалық қызметінде оқушылардың тәрбие мәселесіне ғана емес, еңбек білімінің мәселелеріне де үлкен назар аударып отырған, сондықтан ол Торғайда қолөнер училищесін ашты, кейін ол Яковлев училищесі деп аталды.

Ол басынан бастап облыстың уездік қалаларының барлығында бір-бірден орталық училищеден ашуды көздеген еді. Торғай облысы аумағындағы ауылдарды аралап жүріп, халықтан қаражат жинады. Илецк, Николаев, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-екі сыныптық орыс-қазақ училищеден ашты. Бұл оқу шаңырақтарын мұғалімдермен қамтып, шәкірттермен толтырды.

Мектептерді ашпас бұрын Алтынсарин елді мекендердің аумақтық орналасуын, халықтың жиілігін алдын-ала зерттеп отырды, содан кейін ғана мектептерді ашуға кірісті. Қазақстан жерінде әйелдерді оқыту ісінің басталуы да Алтынсаринның есімімен байланысты. Бұл маңызды бастаманы іске асыру кезінде де ол патша өкіметі тарапынан жасалған кедергілерге тап болды. Ырғызда қазақ қыздарына арналған интернаты бар арнайы мектеп ашылғанда оның қуанышында шек болған жоқ. Уездік, болыстық, ауыл мектептерінің ашылуымен бірге Алтынсариннің басты еңбектерінің бірі — 1883 жылы Орск қаласында тұңғыш қазақ Мұғалімдер мектебінің ашылуы. Онда қазақ мектептері үшін мұғалімдер даярланды. 1887 жылы 10 желтоқсанда көрнекті ұстаз Қостанай уезінде Обаған бір сыныптық болыс мектебінде жеке алғашқы сабақтарын берді.

Обағандағы болыстық мектеп Бұл мектеп кейіннен орыс-қазақ училищесі болып өзгертілді және 1940 жылы 7 шілдеде 2 курс құрамымен Меңдіқара қазақ педагогикалық училищесі ашылды. 1949 жылы училищеге қазақ халқының ұлы перзенті, оның негізін қалаушы - Ыбырай Алтынсариннің есімі берілді. 25 жыл өткеннен соң училище Рудный қаласына көшірілді, ал 1992 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі болып ауыстырды.

Алтынсарин жастардың, бүкіл қазақ халқының сүйікті адамы болды. «Біз, яғни көшпенділер үшін Ы.Алтынсаринның өзі де және оның шығармалары да өте қымбат. Мұны Ресейдің алғашқы зайырлы әдебиетінің маңызын білетіндер түсіне алады. Біз Алтынсаринның тұлғасынан бүкіл халықтың рухы, ойы, пейілі, мінезі және түм өмірінің бейнесіне айналған қаһарманды көруге дайынбыз». Ыбырай Алтынсаринның тағдыры — одан кейін өмір сүргендер мен сүріп жатқандар үшін өнегелі мысал болады.



  1. Ы. Алтынсариннің еңбек тәрбиесіне арналған шығармалары

Ы.Алтынсарин педагогикасының мұраларының негізгі идеяларының бірі – адамның өзара қарым – қатынасы, жастарды еңбекке баулу. Ы. Алтынсариннің ұлттық эстетикалық тәрбие проблемаларын қозғайтын арнайы еңбектерін жазып қалдырмағаны белгілі, бірақ Ы. Алтынсариннің ұлттық – эстетикалық тәрбиеге қатысты оның педагогикалық қызметінен көрініс тапты. Сонымен Ыбырай өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ халқының жаңа буынын тәрбиелеп, олардың озық мәдениетті елдерден үлгі ала отырып, білімді де саналы азамат болып жетілуіне айтарлықтай үлкен үлес қосты. Және болашақ ұрпақтың ақыл ойы мен жеке тұлғаны қалыптастыруда адамгершілік , эстетикалық еңбек дағдылары мен қасиетін тәрбиелеудің негізі болып есептеледі. Жеке тұлғаны оқу мен өнерге , мәдениетке, адамгершілікке тәрбиелеуде Ы.Алтынсарин аса бағалы, бай қор – қазақ фольклорына ерекше назар аударды.

Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы –еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар.Мысалы Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш, Бай баласы мен жарлы баласы, Қыпшақ Сейтқұл, т.б. Жазушының бір топ әңгімелері адамгершілік тәрбие мәселесіне жазылған. Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына небір асыл қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және үміттенеді. Бұл тақырыпта да жазған Ыбырай шығармалары бар. Мысалы Асыл шөп, Бақша ағаштары, Таза бұлақ т.б. Әр әңгімесінде тәрбиенің ізі жатыр. Оны түсініп оқыған адам ғана ұлы ұстаздың шебер тәрбиеші екеніне көзі жетеді.

Ақылды бай туралы әңгіме

Ақымақ дос

Алтын – айдар

Алтын шеттеуік

Асыл шөп

Аурудан - аяған күштірек

Әдеп

Әділдік


Әке мен бала

Әлім кісі

Бай мен жарлы баласы

Байұлы


Бақша ағаштары

Баланың айласы

Білгеннің пайдасы

Бір уыс мақта

Данышпан қазы

Дүние қалай етсең табылады?

Дүниеде жамандық неден?

Жаман жолдас

Жамандыққа жақсылық

Жәнібек батыр

Жиренше шешен

Жомарт


Ізбасты

Киіз үй мен ағаш үй

Қанағат

Қарағылыш

Қарға мен құрт

Қарға мен сауысқан

Қарлығаш

Қыпшақ Сейітқұл

Лұқпан әкім

Малды пайдаға жарату

Мейірімді бала

Мұжық пен жасауыл

Мұңсыз адам

Надандық


  1. Ы. Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» еңбегінің қазақ қоғамында алатын орны

Ы.Алтынсаринның-Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған. "Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады. Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді. Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету. Алтынсарин мектепті тәмамдаған соң үш жылға таяу Орынбор шекаралық комиссиясы тағайындаған қыпшақтардың ұзын әскери старшыны атасы Балғожа Жаңбыршыұлына тілмаштық қызмет атқарады. Кейін, 1859 ж тамыздың 1-ші жұлдызынан бастап Орынбор облыстық басқармасында кіші тілмаш қызметіне болады. 1960 ж облыстық басқарма оған Орынбор бекінісінде қазақ балаларын оқытатын бастауыш мектеп ашуды жүктейді, әрі өзі сол мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі болып тағайындалады. 1864 ж қаңтардың 8-ші жұлдызында көп халық жиналып, мектеп салтанатты түрде ашылады. 14 бала мектепке жазылады. Халықтан жиналған қаржы есебінен , мектеп жанынан интернат ашылады. Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі осылайша басталған еді. Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы сынды аса жауапты қызметте болды, оның ҚАЗАҚ ХРЕСТОМАТИЯСЫ мен ҚАЗАҚТАРҒА ОРЫС ТІЛІН ҮЙРЕТУДІҢ БАСТАПҚЫ ҚҰРАЛЫ тәрізді кітаптары бүкіл қазақ жеріндегі орыс-қазақ мектептеріндегі оқу құралына айналған.

  1. Ұлы ақын Абайдың қара сөздері жастарға қандай тәрбие беретіндігіне мысал келтіріңіз.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]

Абайдың ұстаздық идеяларының ең мол жері – оның әйгілі қарасөздері. Ақынның педагогтік идеялары қарасөздерінің өне бойын алып жатыр. Олардың жазылу мақсаты да айқын. Бірінші сөзінде айтқандай, есейген кезде түйгендерін, өткен өмірмен байланыстыра, ақын 5 түрлі жол таңдайды – ел бағу, мал бағу, ғылым және бала бағу. Дана Абай поэзиясы қуатымен қатар «ақ қағазбен сияны ермек қып», қараңғы халық санасын оятып, көкірегіне дарытатындай ағартушылық идеяларын қарасөзбен тізіп берген.

Адам дамуы екі қажеттіліктің: «тән құмары мен жан құмарының» қалай іске асатынына тікелей тәуелді. Жан құмарын қанағаттандыру дегеніміз – білімге сусындау болса, оның өзі шәкірттің жас шамасына қарай өзгеретінін ақын 7-ші сөзінде тап басып айтады: бала кездегі «ол немене, бұл немене» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететін құмарымызды, ер жеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екенбіз? Бұл сұрақ – бүгінгі педагогикадағы көкейкесті проблема. Осыдан-ақ қазіргі балабақша мен бастауыш мектептің шәкірттерінің сұрампаздығының азаюынан басталады. Жоғары сыныптардағы білімді түсіну төмендеп, даму тежеліп қалды, міне осыдан олардың әрі қарай ғылым таңдай алмайтыны көрініп тұр емес пе?

Абай 7-ші қарасөзінде «жан- құмарлығын» бала кезде күшті болатынын, ал адам есейе келе, сол қасиеттен азайып, тіпті ада болатынына қынжылады. Туа бітетін адамға тән ерекше дүние тануға деген ынтазарлықтың болатынын Абай: «Қайта бала күнінде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз» ,- деп сипаттайды.Осы ойлардың бүгінгі ұстаздарға қажеттілігі: шәкірттердің бойында болатын білімге деген «жан құмарлығын» өмір бойы жоғалпай,жанған шырақтай мазданып ұстап тұрудың басты мақсат етудің тиімділігін көрсетуінде.Әр сабақ шәкірттердің көзін ашып, ойын ортаға салып бөлісетіндей, пікір айтып таластыратындай деңгейде өтуі тиіс. Сонда ғана білім адам бойына дұрыс дамиды дейді ұлы Абай.

«Жан қуаты деген қуат – бек көп нәрсе» дей келе ұлы ұстаз оның ішінен ерекше екі түріне тоқталады. «Біреуі … не көрдің, есіттің, әрнешік білдің, соны тездікпен ұғып, ұққандықпен түрмай арты қайдан шығады, алды қайда барады, сол екі жағына да ақылды жіберіп қармаққа тез қозғап жібереді. Егер бұл болмаса, көп білуге уақ оңды пайда да бермейді». Педагогикалық тұрғыдан алғанда, оқу үрдісінде керекті білімді бақылап, қабылдап, ұғып қана қоймай, оның алды-артын бірге ойластырып, жүйелі түрде түсініп отырса ғана білім тиянақты, тиімді болатынын дәл нұсқап тұр.

«Жан қуатының» екінші түрі жаңалықты қабылдау барысында ұқсағандарды тексеріп отыру қажеттілігімен байланыстыра қойылады. Бұл педагогикадағы таным үрдістеріндегі басты заңдылықтармен үндес келеді.

Ақынның 32-ші сөзі, түгелімен білім- ғылым үйренбекке талап қылушыларға арналып,оның 6 шарты тайға таңба басқандай етіп берілген: «әуелі білім-ғылым табылса,ондай мұндай іске жаратар едім деп… іздемекке керек»-бұл оқытудың басты мақсатының қазіргі күнгі қағидасымен сайма-сай келсе, әрі қарай айтылатын»… Білім-ғылымның өзіне тән құмар,ынтық болып бір ғана мектептің өзін дәулет білсең көңілде бір рахат пайда болады… білмегенді тағы да сондай білсем деген құмарлық пайда болады». Осы ойлардың өзінен-ақ қазіргі ғылыми педагогикадағы оқытудың дидактикалық заңдылықтары мен ұстанымдардың біразы айқын көрінеді. Оқушының белсенді таным-қызметінің қалыптасуы үшін онда саналы ынта болуы, оның қызығуға тәуелділігі, игерген білім шәкіртті қуанышқа бөлейтіндігі, оның өзі тағы да жаңа білімге жетелейтіні,қызыға,құмарта оқыған оқу – адам жадында ұзақ қалатыны ап-айқын айтылып тұр.

31-ші сөзінде келтірілген естіген нәрсені ұмытпастықтың 4 түрлі себебіне зер салсақ, оқытудың қазіргі дидактикалық заңдылықтары мен ұстанымдарымен тікелей байланысын байқаймыз. Шәкірттің сабақ кезеңіндегі білімділігі мен саналылығы алдымен оның «көкірегінде оянатынын», ал оқығанды жүйеге келтіріп есте сақтау үшін «ынтамен ұғу керек» екендігін, «көңілге бекіту» үшін естігенді бірнеше «қайтара ойланып» оқу қажеттігіне ерекше тоқталады.Білімді игерудің бұл сатылары іске асуы үшін адам ойын «кеселді нәрселер» бөлмеуі шарт. Ұстаз шәкірттің бүкіл ақыл-ойын, ынтасын оқуға тартады.

Абайдың қай сөзін алсаңызда ақынның өз тұсындағы емес бүгінгі күннің шындығына дәл келеді, айтқандары қазіргі күннің өзін көріп тұрғандай өсиет сөз ретінде өріле түседі.



  1. Абайдың оқу-білім туралы ойларының тәрбиелік мәні

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]

Қазақ поэзиясының кемеңгер ақыны- ұлы Абай атамыздың жақұт жырлары мен ғибратқа толы қара сөздері – күллі әдебиет тарихында бұрын-соңды болмаған соны құбылыс. Ақын өлеңдерінің қай-қайсысын алып қарасақ та, олардың барлығы адам баласын ойландырмай қоймайтын өсиет-өнеге толы. Сондықтан да Абай өлеңдерінде тәрбиелік арналар аса мол деп сеніммен айта аламыз.

Әсіресе, ақын шығармашылығындағы қоғамдық, әлеуметтік, саяси тақырыпқа жазылған бірқатар өлеңдерден барша халықты адамдық асыл қасиеттерге үндейтін ізгілікті ойларды көптеп кездестіреміз. Оған алдымен, ақын ұраны іспеттес «Ғылым таппай мақтанба!» өлеңі дәлел. Ондағы:

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге» ,- деген жолдардың өзінде қаншама тәлім-тәрбие жатыр?! Абай атамыз адам болам дегендерді өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, мал шашпақ тәрізді қасиеттерден аулақ болуға шақырса, талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды бес қасиетті бойға сіңіруге үндейді. Сонымен қатар, «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» шығармасында да ақын ер-азаматтарға «кімді сүйсең де, шын көңілмен сүй, талапты болып, әр түрлі өнер, жақсы қылықты бойға сіңір, бір-біріңмен тату бол, біреуді сыртынан ғайбаттама» деп ақыл айтады. Ойшыл ақынның берер өнегесі мүнымен тоқтап қалмайды. «Әуелде бір суық мұз- ақыл зерек» өлеңінде:

«Тоқтаулылық, қалыпты шыдамдылық,

Бұл қайраттан шығады білсең керек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста

Сонда толық боласың елден ерек» ,-деп, өзгелерден жоғары тұру үшін ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстау керектігін ескертеді. Расымен де, осы үш қасиетті бойына тоғыстыра білгендер кез-келген қиындыққа тайсалмай төтеп берері анық. Осылайша, ақын әрбір адам бойынан табылуы тиіс рухани құндылықтарды тізбектей келе, гуманизм идеясын асқақтата түседі.

Сонымен, Абай өлеңдерін талдай келе, онда тәрбиелік арналардың қайнар көзі жатқандығына көз жеткіземіз. Ұлы ақынның әрбір айтқан сөзі -есті адам үшін өсиет-өнегенің таптырмас үлгісі. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, таңырқа!» демекші, өмірге азық боларлық асыл ойлардың Абай жырларында тұнып тұрғаны баршаға мәлім.


  1. Абайдың философиялық көзқарастарының қазақ қоғамындағы маңызы

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]

Отырардан шыққан және Шығыстың екінші ұстазы атанған алғашкы кәсіпқой фи¬лософ, ғұлама ғалым Әл-Фараби философияның Абайдың дүниеге деген көзқарасын калыптастырып, дамытты. Абайдың рухани, даналық мұрасы терең мағыналы философиялық идеяларға толы: ол күллі Шығыста философияның негізгі мәні болып табылатын жетілген адамды өзекті және басты проблема етіп қарастырып, соған айрықша көңіл бөледі, адамгершілік туралы ілімді дамыта отырып, адамды адамгершілік, кісілік тұрғысынан жетілдіру принциптерін ашып, ұлттық эстетика мәселелерін алға тартады,адамдың шексіз танымның мүмкіндіктерін байқап, надандықпен күресін бағалап, білім мен ғылымның олардың әлеуметтік өміріндегі рөлін анықтап, адамтануды жүйелі қарастырады. Даналықтың өлшемі бола білген философ –ақынның рухани мұрасы шын мәнісінде қазақ халқының зерделі ойы мен өмірінің энциклопедиясы секілді


  1. Абайдың білім, ғылым туралы өлеңдерінің тәрбиелік мәні

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]

Абайдың қай өлеңін, қай қара сөзін алсақ та, астарлы ойы мен идеясынан адамгершілікке тән асыл қасиеттерді (ар, ұят, намыс, иман, ақыл, білім, ғылым және т.б.) бойына дарыта алмаған ел-жұртын сынағанда оны жек көру тұр¬ғы¬сынан емес, керісінше адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды аңғар-тады. Бұл ақынның көпшіліктің іс-қы¬лы¬ғына көңілі толмаған шарасыз күйін байқатады. Адал еңбек, маң-дай тер¬мен емес, байларды аңду, оның малы¬на сұғанақтықпен көзін қада¬ған кемші¬лікті сынға алады. Қазақы тірші¬ліктегі қай¬шылықты өмір көшін, сол кез¬дегі әлеу¬меттік жағдайды сынап, мінейді. Одан арылудың жолы ғылым, білімде екенін ескертіп, ел назарын соған аударады.Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді», көңіл көзі қарақты, ойлы адамдарға үміт артып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тар¬туға ұмтылды. Жастардың өнімді ең¬бек етіп, ғылым мен білімге талпынуы, алға қойған мақсатқа жетуде табан¬дылық көрсетуі, міне осындай асыл қасиет¬терді уағыздау Абайдың бүкіл шығар-маларының негізгі идеялық-тақырыптық үзілмес жүйесінің бірі болды.

Абай тәрбиелік бағыттағы өлең¬дерінде адамның негізгі эстети¬калық болмысының бастау көзі ғылымды игеруде жатыр, соның пайдасын білуге негізделген дегенді меңзейді. Себе¬бі көкірегі ашық, танымы терең ада쬬ның қабылдауы да жан-жақты, әр нәр¬сеге көңіл бөлгіш, байқағыш, ой түй¬гіш бол¬а¬тыны анық. Абай өз өлең¬дерінде бала тәрбиесінен бастап тұтас ұлт¬тың, халықтың санасына ықпал ету мақ¬¬сатындағы ойларын ортаға салды. Оның тәрбиелік бағыттағы ойлары кең ауқым¬дағы ағартушылық идеяларға ұласты. Бұл тұрғыда Абай ұлттың бір ғана белгілі тобының тілек-мүд¬десі¬не орай идеялық мақсат ұстанған жоқ, тұтас ұлттың, ха¬лықтың болаша¬ғы туралы, күнделікті мұң-мұқтажы, қажетті іс-әрекеті туралы ой қозғады. Халықтың бірде-бір тобын жекелеп алып қарамай, тұтас сөз қылды. Яғни Абай өз халқының бойындағы жаман мінез-құлықты, еңбексіздікті, ғылым¬нан мақрұмдықты сынады. Ол халқын еңбек етуге, ғылымды меңгеру¬ге, адам¬гершілікті болуға үндеді.Абай өзінің өлеңдерінде ерекше мән берген тәрбиелік ойларын қара сөз¬дерінде де жалғастырып, дамыта түседі. Эстетикалық әсері мол өлең өрнегі¬мен жеткізуге тырысқан өнегелік тұжырым¬дарын ақын қара сөздерінде қарапайым тілмен түсіндіріп, халық санасына ықпал етуді көздейді.Қара сөздерінде Абай қазақ халқының ұлттық мінезіндегі, дүниетанымы мен көзқарастарындағы келеңсіз мінез-құлықтық сипаттар мен тар мағынада ғана ұғынылатын ұғым-түсініктерді сын¬ға ала отырып, олардың мақал-мәтел¬дердегі мәнін ашуды мақсат етеді.



  1. Абай мұрасының әлемдік мәдениеттегі маңызы

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]

«Қара сөздер» атты философиялық шығармасында, Абай әрбір сөзімен ұлттық сананы қалыптастыруға, ел мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге ұмтылды. Өркениетті елдердің қатарына қосылудың бірден бір жолын білім мен ғылымды игеруден көрді және ел бірлігі ұлт тұтастығының кепілі деп таныды. Осы орайда, мемлекет басшысы өз мақаласында, Абайды рухани өміріміздің темірқазығы ретінде қабылдауға шақырып, мол мұрасының елдің дамуына тигізер пайдасы зор екендігіне аса мән беріп және ақын сөздерінің бүгінгі заманда да көкейкестілігіне жұртшылықтың көңілін аударады.

Абай философия тарихында әділетті қоғам орнату идеясын көтерген тұлғалардың бірі саналады. Демек, Абай шығармалары елдік мұратты асқақтатып, ұлт бірлігін нығайтатын, мемлекетті сыйлаудың, билік жүргізетіндерге қойылатын талап-шарттардың мән-маңызын түсіндіретін темірқазық болуы тиіс. «Бас басына би болған өңшең қиқым, мінеки кетірді ғой елдің сиқын» деп ашына айтқан кемеңгер тұлға, мемлекетті билеу формасының озық үлгісі ретінде меритократиялық құрылымға ерекше мән береді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, «Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірігуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық болуы тиіс». Абай жырлап өткен бабалар арманы мен өсиетін бүгінгі ұрпақ, тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі және болашақтағы даму жолында абыроймен іске асыра алатынына сеніміміз мол. Себебі қазіргі заманғы қазақ жастарының бойынан талап пен жігерді, білім мен іскерлікті, ұлттық намыс пен қайсарлықты көреміз. Мемлекет басшысының жарияланған мақаласы тарихи датаны әлемдік деңгейде ақыл-парасатпен атап өтуге бағыт-бағдар беретін, өз сәтінде жарық көрген бағалы еңбек деп санаймыз.


  1. Бірінші жалпы қазақ съезінің тарихи маңызы

Бірінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлының төрағалығымен, А.Байтұрсынұлының, Ә.Көтібаровтың, М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті. Бірінші жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне Қатысты төмендегідей 14 мәселе қойылды:

1. Мемлекеттік құрылыс. 2. Қазақ автономиясы. 3. Жер мәселесі. 4. Халық милициясы. 5. Земство. 6. Оқу мәселесі. 7. Сот мәселесі. 8. Дін мәселесі. 9. Әйел мәселесі. 10. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы. 11. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі. 12. Қазақ саяси партиясы. 13. Жетісу оқиғасы. 14. Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне және Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу.

Сиез қабылданған қаулы бойынша Ресей «демократиялық федеративтік республика болып, қазақ облыстары қоныс, ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» болды. Делегаттар жер туралы мәселені аса ұкыптылықпен талқылап, 14 тармақтан тұратын шешім қабылдады. Онда: «Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін» деп көрсетіліп, бұрын қазақтардың пайдасынан алынып қойған жерлерді кері қайтару талап етілді. Делегаттар «жер туралы қазақ өз алдына заң жобасын жасасын» деген ұсыныс білдіріп, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының болашақ депутаттарына жиналыста бұл мәселені талқылап, оған депутаттыққа кандидат етіп 81 адамнан тұратын тізімді бекітті. Олардың ішінде Ә.Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Айдархан Тұрлыбаев, А.Сейітов, М.Дулатов, А.Бірімжанов, С.Қадырбаев, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, Мұхаметжан Тынышбаев, Ы.Жайнақов, С.Аманжолов, М.Шоқай, Ә.Кенесарин, Қ.Қожықов, Ғ.Оразаев, Б.Құлманов, У.Танашев секілді белгілі қазақ зиялылары болды. Сондай-ақ, депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылғандардың арасында Г.Н. Потанин, В.Чайкин, Т.Нарботабеков, Ә.Диваев сияқты басқа ұлт өкілдері де бар еді.[1]

Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сиез шешімімен Ақмоладан А.Тұрлыбаев, Семейден Ә.Сәтбаев, Торғайдан Ә.Байғарин, Оралдан Досмұхамедұлы, Бөкей ордасынан У.Танашев, Жетісудан Б.Мәметов, Сырдариядан М.Шоқай, Ферғанадан Ғ.Оразаев сайланды. Бірінші жалпықазақ сиезі қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуы тиіс деп есептеп, бұл партия бағдарламасының жобасын Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Сиездің шешімі бойынша, құрылатын партия парламенттік негізде демократиялык ұстанымдарды басшылыққа алған, қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғауды мақсат тұтқан саяси партия болуы тиіс еді. Сиез жұмысы барысында бір топ делегат партия құру ісіне байланысты сөйлеген Бөкейханұлынан ресейлік кадет партиясына қатынасын ашық мәлімдеуді талап етті. Соған байланысты болашақ партия басшысы кадет партиясынан шығатынын мөлімдеді. Сиез өз қаулыларында «осы күнгі тұрақты әскер орнына халық милициясы құрылсын» деп, ұлттық әскер жасақтауды, «көшпелі елдерде отырықшылардікі секілді тоқтаусыз болыстық земство ашылсын» деп, земстволық басқару жүйесінің қазақ тұрмысына бейімделген түрін ұйымдастыруды, «қазақтың народный сотын» жойып, оның орнына «қазақ тұрмысына лайық сот - айрықша сот» құруды жақтап шықты. Сиездің оқу-ағарту ісі, әйел теңдігі және дін мәселелері бойынша қабылданған шешімдері қазақ зиялыларының бұл қоғамдық мәселелерді түсініп, шешуде өз заманындағы қоғамдық ойдың алдыңғы қатарында тұрғандығын айғақтайды. Оқу-ағарту ісіне байланысты «бастауыш білім жалпыға міндетті болсын, бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде жүрсін, мектеп оқулықтары және мерзімді басылым «Қазақ» газеті емлесімен жазылсын» деп көрсетіп, ал әйел теңдігі жөнінде «әйелдер саяси құқықта ерлермен тең, ерге шығу еркі әйелдің өзінде болсын, қалыңмал жойылсын, 16-ға толмаған қызға құда түсу болмасын, неке қиярда әйел мен еркекті беттестіріп, ризалықтары ескеріліп отырсын» деп қаулы етті. Сиез Жетісу облысында туындап отырған жағдайды талқылап, Ресей ішкі істер министрі атына: «Жетісудағы қазақ-қырғызды атып-жаншып жатқан мұжықтардың және соғыстан қайтқан солдаттың қолынан қару-жарағын жиып алып, халықты тыныштандырсаңыз екен», - деген мазмұндағы жеделхат жолдады. Сонымен бірге Жетісу облысындагы ашаршылықтан қырылып жатқан қазақ-қырғызға «алаш баласының жәрдем беруін» өтініп үндеу тастады. Киев қаласында тамыз айында өтуі тиіс федералшылар сиезіне Бөкейханды, Досмұхамедұлын және Танашевты жіберу жөнінде шешім қабылданды. Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына С. Кенжеұлы баратын болып белгіленді. Сиездің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қабылданған қарарлар кейінірек, 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарияланған «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасында басшылыққа алынды.



  1. ІІ Мемлекеттік Думада мұсылман фракциясынан Б. Қаратаевтың сөйлеген сөзінің маңызы

Екінші Мемлекеттік Дума– Ресей империясындағы мемлекеттік басқарудың 2-рет сайланған конституциялық-монархиялық бағыттағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы. 1907 жылы 20 ақпаннан 3 маусымға дейін жұмыс жасаған 103 күн ішінде 2 рет сессия ашып, 53 мәжіліс өткізді. Қазақ халқынан Думаға сайлау 1905 жылы 11 желтоқсандағы сайлау заңы бойынша жүргізілді. Қазақ халқынан депутаттыққа Оралдан Б.Қаратаев, сайланды.

Бақытжан Бейсәліұлы Қаратаев (1860, Қаратөбе ауданы, Ақбақай ауылы — 26 тамыз 1934, Ақтөбе қаласы) - қоғам қайраткері, заңгер, ағартушы-демократ.

ІІ думадағы кең талқыланған айтулы мәселе аграрлық болды.

Жер мәселесінің қазақ депуттарын жанайқайға салатындай жөні бар, қазақ жерін тартып алу мен қатар ол жерлерді басқа ұлт өкілдеріне тегін беруі қазақ жанашырларының жанына қатты батты. Тек қана тоғыз жылдың өзінде 1893-1901 жылдары 1,5 млн десятина жер тартып алынған. Осы мәселеге байланысты Дума отырысында қазақ депутаттары арасынан Орал облысынан сайланған Б.Қаратаев сөз сөйлеп, қазақтардың жері ашық түрде отарланып жатыр, халықтың ең басты күнкөрісі жермен байланысты сондықтанда жер мәселесі шұғыл шешетін сұрақ екендігін алға тартты, оған осы өңірдің орыс өкілдері атынан сайланған Космодемьян¬скийде қосылды.

. Дума мәжілісінде сөйлеген депутат Б.Қаратаев. «130 000 помещиктің мүддесін қорғау үмітін» үкімет жерсіз орыс шаруаларына егіншілікке жарамды қазақ жерлерін тартып әперіп отырғандығын айтып, осы жағдайға байланысты зиялы орыс қауымынан қолдау күтетіндігін білдірді. Дума отырысында А. Бірімжанов сөз сөйлеп, қазақ елінің жерге байланысты шешілмей жатқан көп мәселелері бар екенін айтып, аграрлық мәселе бойынша құрылған комиссияның құрамына қазақ депутаттарынан өкіл енгізуді ұсынды.


  1. Қазақтардың Ресейдің І – ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы

Мемлекеттік Дума және қазақтар. Ресейдегі азаттық қозғалыстың өрлеу барысында қазақ қоғамына да жеткен тарихи жаңалықтардың бірі 1905 жылы 6 тамызда шыққан манифест бойынша қазақ еліне де Мемлекеттік Думаға депутат сайлау құқығының берілуі еді. Ұлт зиялылары Мемлекеттік Дума мінберін империяның Қазақстандағы саясатына, әсіресе, жер мәселесін тура шешуге ықпал жасау құралы ретінде бағалап, оның жұмысына үміт артып, депутат сайлау науқаны мен Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына белсене араласты.

I Мемлекеттік Дума (1906 жылы 27 сәуір- 8 шілде) жұмысына қазақ елінің атынан тоғыз депутат қатысты. Оның ішінде 4 миллиондық қазақ халқынан 5 депутат: Орал облысынан — Алпысбай Қалменов (титулды кеңесші), Торғай облысынан — Ахмет Бірімжанов (сот тергеушісі), Семей облысынан — Әлихан Бөкейханов(экономист), Бөкей Ордасынан-Б. Құлманов (титулды кеңесші)және Ақмола облысынан –Ш.Қосшығұлов(молда) сайланды. Орыс халқы 4 депутат сайлады.Дума отырысында А. Бірімжанов сөз сөйлеп, қазақ елінің жерге байланысты шешілмей жатқан көп мәселелері бар екенін айтып, аграрлық мәселе бойынша құрылған комиссияның құрамына қазақ депутаттарынан өкіл енгізуді ұсынды. Қазақ депутаттары, сондай-ақ мұсылмандар фракциясы тарапынан аграрлық мәселеге байланысты даярланған тұжырымдаманы жазуға қатынасып, үкімет орындарына қазақ жеріне көшіп келгендерді орналастырумен айналысатын комиссиялардың заңсыз әрекеттеріне тыйым салу жөнінде сұрау салды.

Бар болғаны 73 күн жұмыс жасап үкімет шешімімен таратылған I Думаның 182 депутаты наразылық танытып Выборг (Финляндия) Манифестіне қол қойды. Олардың арасында Ә. Бөкейханов та бар еді.

Өз жұмысын 1907 жылы 20 ақпанда бастаған екінші Мемлекеттік Думаға Қазақстаннан 14 депутат сайланды. Соның ішінде қазақ халқынан 7 депутат: Орал облысынан заңгер Б. Қаратаев, Жетісу облысынан инженер М. Тынышпаев, Сырдария облысынан титулды кеңесші Б. Құлманов және Семей облысынан малшы Т. Нұрекенов, Торғай облысынан- сот тергеушісі А.Бірімжанов, Ақмола облысынан малшы Ш.Қосшығұлов және Сырдария облысынан малшы Т.Аллабергенов сайланды. Бұл аталған кісілердің ішінде үшеуінің жоғары білімі болды. Бұл Думаға орыс халқынан 7 депутат сайланды.

Дума жұмысында қызу пікір тартысын тудырған тағы да аграрлық және қоныс аудару мәселесі болып шықты. Жергілікті халықтардың құқығы мен мүддесі ескерусіз қалғандығы айтылып, ешқандай да даярлықсыз жүргізіліп жатқан қоныс аудару саясаты өткір сынға алынды. Дума мәжілісінде сөйлеген депутат Б.Қаратаев. «130 000 помещиктің мүддесін қорғау үмітін» үкімет жерсіз орыс шаруаларына егіншілікке жарамды қазақ жерлерін тартып әперіп отырғандығын айтып, осы жағдайға байланысты зиялы орыс қауымынан қолдау күтетіндігін білдірді. Дума құрамында жер мәселесіне байланысты қазақ халқына жанашырлықпен қараған Волков 2-ші, Скалозубов, Дзюбинский, Виноградов, Мақсұдов, Жағыпаров сияқты депутаттар бар еді. Мәселен, Орынборлық депутат Т.И.Седелъников басқа сібірлік депутаттардың ұйымдастыруымен Ақмола, Семей облыстарындағы жергілікті халықтың жер тапшылығын көріп отырғандығын баяндаған 53 депутаттың қолы қойылған Мәлімдеме Дума төрағасына тапсырылды.

Дегенмен Дума мүшелерінің талап-тілегіне қарамастан билік орындары тарапынан отарлау үдерісіне белгілі бір шектеу қоя алатындай құжат қабылданған жоқ. Ал 1907 жылы 3 маусымда үкімет қабылдаған заңда «көшпелі бұратаналар сайлауға қатыса алмайды» деп көрсетілді. III және IV Думаларға қазақ қоғамынан депутаттар сайланбады. Қазақ зиялыларының жаңадан қалыптаса бастаған орыс парламентіне артқан үміті ақталған жоқ. Сонымен бірге Дума жұмысына тікелей және мұсылман фракциясы арқылы қатынаса жүріп ұлт зиялылары саяси тәжірибе жинады, көздеген мұратқа жету үшін ауыр да ұзақ жолдан жүріп өту қажеттігін түсінді.



  1. Ұлт зиялылары: қалыптасуы, қоғамдық қызметі (Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов,)

Қазақ халқының ұлттық-демократиялық қозғалысының жұрт кеңінен таныған көшбасшысы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов болды. Ол 1870 жылы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысына қарасты №7 ауылда дүниеге келді. Әлихан білімді, бостандық пен әділдікті жоғары бағалаған ортада өсті. Оның дүниеге көзқарасын қалыптастырып, дамыта түсуінде қазақтың халық ауыз әдебиетінің орасан зор ықпалы болды. Ал саяси көзқарасын қалыптастыруына Ұлы француз революциясының биік мақсат-мұраттары зор ықпал етті. 1890 жылы ол Омбы техникалық училищесін, 1894 жылы Санкт-Петербург Императорлық Орман шаруашылығы институтының экономикалық факультетін бітірді. Оқуды аяқтаған сон ол Омбы орман шаруашылығы училищесінде, Омбы қоныс аударушылар басқармасында біраз уақыт педагогтық, ғылыми және әкімшілік қызметтер атқарды.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде Ә. Бөкейханов әуелі Тобыл губерниясын зерттейтін, кейін Ф. Щербинаның статистикалық экспедициясының жұмысына белсене қатысты. Осы кезеңде ол қазақ елінің экономикалық жай-күйін, шаруашылығын, этнографиясын, тұрмыс-салтын, материалдық және рухани мәдениетін зерттеді. 1903 жылы Петербургте «Ресей. Өлкеміздің толық географиялық сипаттамасы» деген ортақ атпен осы басылымның он сегізінші томы жарық көрді. Оның авторларының бірі Алаш қозғалысы көшбасшысы Ә. Бөкейханов еді.

1905 жылы Әлихан Бөкейханов Ресейдің земство және қала кайраткерлерінің Мәскеуде өткен съезіне делегат болып қатысты. Сол съездің биік мінберінен сөз сөйлеген ол өз халқының мүддесін, соның ішінде қазақ тілінің мәртебесін қорғап, былай деп мәлімдеді: «Мен Оралдан Алтайға, Сібір темір жолы желісінен Омбыға дейін... созылып жатқан орасан зор аумақта тұратын қырғыз деген халықтың өкілімін... Бізде... қырғыз тілінде оқытатын мектептерге қысым жасалады... шаруалар бастықтары (олардың басым көпшілігі бұрынғы ротмистрлер) әкімшілік және құқықтық істі қарау кезінде қырғыз тілін қолдануға мүлде жол бермейді. Қырғыздар ана тілінің еркін қолданыста болуына өте мұқтаж...» Ә. Бөкейханов халықтың біртуар перзенті, қазақ ұлт-азаттық қозғалысының шын мәніндегі көсеміне айналды. Омбы жандарм басқармасы бастығының мойындағанындай, ол «барлық митингілер мен петициялардың және үкіметке қарсы үгіттердің ұйытқысы, даладағы... қазақтардың барлық мәдени-саяси қозғалысының көшбасшысы және жетекшісі» болды.

1905 жылы Ә. Бөкейханов Ресей конституциялық демократтар (кадет) партиясына мүшелікке қабылданды. Осы жылы Қарқаралыда орыс отаршылдығына қарсы өткен қозғалысқа басшылық жасап, петиция ұйымдастырды. Ресейдің I Мемлекеттік Думасына Семей облысынан депутат болып сайланады. 1905—1907 жылдары кадеттердің «Степной пионер», «Степной край», «Иртыш», «Омич», «Голос» атты газеттеріне белсенді түрде мақалалар жазып тұрды. Ә. Бөкейханов ғылыми жұмыспен де белсене айналысты. Мәселен, ол Орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің жұмысына қатысты. Ол екі тілге бірдей жетік еді, қазақша да, орысша да еркін жазды. Оның қаламынан көптеген тарихи және этнографиялық туындылар, атап айтқанда, «Қырғыздар» («қазақтар» - авт.), «Сұлтан Кенесары Қасымовтың тарихына қатысты материалдар», «Қарқаралы уезіндегі қырғыздардың рулық құрылымы», Абай қазасына арналған «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» атты қазанамалық мақаласы, тағы басқа зерттеулері жарық көрді.


Халел Досмұхамедов — Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы1917 жылы ІІ жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі — Ұлт кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер — халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық қаражат жинау ісіне күш салды. Уақытша үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі нығайған тұста, Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленинмен, Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. Большевиктер Кеңес өкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етсе, олар Алашордаға ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік, от жүргізу, өз әскері болу), қазақтар шоғырланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, әр жерде кеңес органдары тұтқындаған алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді өткір қоя білді.

Халел қажырлы қоғам қайраткері болумен қатар, ағартушы, ғалым, дәрігер екендігін де есте ұстауға тиістіміз. Ұлы Қазан төңкерісіне дейін қазақтар арасында арнаулы білімі бар 20 ғана дәрігер даярланды. Халел 1913-1920 жылдары Темір уезінде учаскелік дәрігер қызметін атқара жүріп, оба ауруын жою ісіне қатысады. Ауруға сапалы медициналық көмек беретін ешкімнің болмағанына, сүзектен, суық тиюден, мерезден, обадан, тырысқақтан, қарасан, қызылша, безгек, туберкулез т.б. аурулардан халық жаппай қырылып жатқан кезде, осынау үркердей топтың қарлығаштың қанатымен су сепкендей болмашы іс-әрекетінің өзі біраз адамдардың өмірін арашалап қалды. Сол бір үркердей топтың ішінде қазақтың Ибн-Синасы (Европаша Авиценна), ғұлама ғалымы, сан қырлы дарын иесі, Халел Досмұхамедұлының болуы, әрине, үлкен тағылым алар мақтаныш! Қазақ халқы алдындағы перзенттік парызына өмірінің соңғы сәтіне дейін адал болған Халел Досмұхамедовұлы – халқымыздың тарихы мен мәдени өмірінде өзіндік із қалдырған біртуар перзенттердің бірі. Күні кешеге дейін бүгінгі ұрпақ оны «Алашорданың» көрнекті қайраткерлерінің бірі ретінде ғана білген болса, оның ғылыми-ағартушылық, педагогикалық мұрасы жеткілікті зерттелмеді. Кезінде жеке адамға табыну мен заңсыздықтың құрбаны болған Халел Досмұхамедұлы өз өмірінің ішінде артына орасан зор сарқылмас мұра қалдырды. Бүгінгі жазылып отырған мақала арқылы , қайтпас та, қажымас қайраткер, дара да, дана тұлға, әмбебап энциклопедистің ғылыми мұрасын жан-жақты зерттеп, кеңінен насихаттап, сол мұраның асылдарын халқымыздың рухани мүддесіне жарайды деген сенімдеміз. Халел Досмұхамедов ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократиялық бағыттағы зиялыларының көрнекті өкілдерінің бірі. Ол – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, ағартушы – педагог Қазақстанда және Түркістанда ғылым мен білім беру, денсаулық сақтау ісін талантты ұйымдастырушы болды. ХХ-ғасырдың 30-шы жылдардың екінші жартысынан бастап, валюнтаристік шешімдердің, қоғамдық және партия өмірі саласында өрескел жіберілген қателіктердің, әкімшілік-әміршілдік басқару әдісінің күшеюі, қазақ халқына қарсы бағытталған ауыр қылмыс түрінде байқалған және жеке адамға табынудың шектен шыққан өрескел көрінісінің кезеңі басталғанын тарихи құжаттар дәлелдейді. Белгілі ғалым, академик–жазушы Зейнолла Қабдоловтың сөзімен айтқанда, шын мәнінде халқымыздың ояну дәуірі туғызған алыптардың қатарында жарық жұлдыздар шоғыры секілді Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқаев есімдерімен қатар Халел Досмұхамедов есімінің аталуы бұл өмірге сирек келетін дарын иесі, әмбебап ғалым Халел бабамызға берілген әділ баға болып табылады. Халел Досмұхамедұлы Атырау облысы Қызылқоға өңірі, әсіресе Исатай мен Махамбеттей сынды қол бастаған батырларды пана еткен, Мұрат сынды ел мұңын жырлаған жыраулар шыққан, қазақ әдебиеті мен өнерінің талай-талай өкілдері өскен Тайсойған жерінде он тоғызыншы ғасырдың аяғында дүниеге келіп, сол заманның, сол қоғамның ең таңдаулы өкілдері ғана оқитын жоғары оқу орны Санкт-Петербургтегі Императорлық әскери–медициналық академияны алтын медальмен бітіру-бұл таңғажайып қабілеттің, табиғат сыйлаған ерекше дарынның белгісі емес пе? Студенттік жылдары Санкт-Петербургте жас Халел Досмұхамедовтың ағартушылық дүниетанымының қалыптасуына ерекше әсер еткен әлемге аты белгілі ғұлама ғалымдар академияның алғашқы ұстаздары: ғұлама физиолог-психолог, ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты, академик Иван Петрович Павлов, көрнекті шығыстанушы, академик Василий Васильевич Радлов, қазақ лингвистикалық мектебінің негізін салушы, Ресей ғылым академиясының мүше – корреспонденті, профессор Бодуэн де Куртунэ.

  1. Ұлт зиялылары: қалыптасуы, қоғамдық қызметі (М. Тынышбаев, Ш.Құдайбердіұлы)

Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі белгілі қоғам қайраткері, педагог, тарихшы Мұхаметжан Тынышбаев (1879—1937) болды. Ол 1879 жылы Жетісу облысына қарасты Лепсі уезінің Садыр болысында дүниеге келген. 1900 жылы Верный гимназиясын алтын медальмен тәмамдаған. 1906 жылы Санкт-Петербург транспорт инженерлері институтын бітірген. 1905 жылдың аяғында Оралда өткен Қазақстанның бес облысының съезіне қатысады. Институтта оқып жүрген кезінің өзінде-ақ қазақ халқының ұлттық мүддесін патша әкімшілігінің озбырлығынан қорғаған мақалалар жазады. 1907 жылы II Мемлекеттік Думаға Жетісу губерниясынан депутат болып сайланады. Думада Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағыт ұстанған М. Тынышбаев бар өмірін туған халқының азаттығы үшін арнады, осы жолда құрбан болды. Мұхамеджан Тынышбаев – қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алашорда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері. М.Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы, Лепсі уезі, Мақаншы-Садыр болысының Ешкіөлмес тауының маңайында, өз шжіресінде Жылан Тау деп көрсеткен мекенде (қазіргі Қабанбай ауылы) дүниеге келген. Кішкентайынан оқуға деген құлшынысының арқасында ол он жасында Верныйдағы ерлер гимназиясының екі жылдық дайындық сыныбына оқуға түседі. Еңбекқор бала сабақты үздік оқып, өнегелі тәртібімен көзге түскен. Мұхамеджан жыл сайын сыныптан сыныпқа І дәрежелі марапатпен көшіп отырған. Осы гимназияны ол алтын медальмен тәмәмдайды. Гимназияда оқып жүргенде Мұхамеджан өзінің ізденімпаздығымен, жан-жақтылығымен ерекшеленіп, 1899 жылы Верный қаласында өткен А.С.Пушкиннің 100 жылдық мерейтойында баяндама жасады. Гимназия директоры Жетісу облысының әскери губернаторына Мұхамеджанды «тамаша шәкірт қана емес, нағыз талант иесі» екендігін мәлімдеп, жоғары оқу орнында білім алуына арнайы стипендия тағайындауын өтінеді. 1900 жылы Тынышбаев Санкт-Петербург қаласындағы Императорлық жол қатынасы институтына түсіп, 1906 жылы аталмыш оқу орнын бітіріп шыққан. Мұхамеджан студент кезінде ақ қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, баспасөз беттерінде орталық билікті сынайтын мақалалар жазып, патша үкіметінің жүргізіп отырған саясатына қарсы үгіт-насихат жүргізді. Ол патша үкіметіне оппозициядағы партиялардың ұйымдастырған іс-шараларына атсалыса араласты. 1905 жылғы революциялық қозғалыстарға белсенді түрде қатысқан және Жетісу қазақтарының арасында тұңғыш рет азаттық пен бостандық идеясын насихаттап, таратқан «Сын отечества», «Радикал» және «Руский Туркестан» газеттерінің тілшісі Морозовтың басшылығымен, журналист В.Жаботинскиймен Мұхамеджан бірігіп 1905 жылы автономияшыл- федералшылдардың одағын құрды. Тынышбаевтың «Руский Туркестан» газетінде «Қазақтар және азаттық қозғалысы» атты баяндамасының қолжазбасы одақтың құрылтайында тәркіленіп, айып салынды. 1905-1906 жылдары Мұхамеджанды Верныйда тұтқындауға астыртын бұйрық берілген. Тынышбаев 1905 жылы қарашада өткен автономияшылар одағы ұйымының ұйымдастыруымен өткен съезге қатысып, баяндама жасайды. Онда ол «Қазақтардың жер мәселесі – сөзсіз аса маңызды… Үкіметтің нені көздеп отырғаны түсінікті: біріншіден, қазақтарды дербес ұлт ретінде жою және бүкіл өлкені орыстандыру; екіншіден, қазақтарды … қауқарсыз тобырға айналдыру; үшіншіден, … ежелгі атақонысынан айыру … қандай қанқұйлы, зымиян мақсат?!» – деп өткір сөйледі. Осы кезден бастап ол қоғамдық- саяси өмірге белсене араласа бастайды. (Ескендірұлы М. «Алаш орда» министрлері.- Алматы, 2008.- 42 б.). Институтты бітірген соң Мұхамеджан инженер-маман ретінде Орта Азия темір жолы құрлысына қызметке жіберілді. 1907 жылы ол ІІ Мемлекеттік Думаға Жетісу облысынан депутат болып сайланды және онда аграрлық комиссия құрамында қызмет етті. Дума таратылған соң Мұхамджан Орта Азия темір жолы құрлысына айрықша өкілетті нұсқаушы-инженер болып тағайындалып, Әмудария өзені арқылы өтетін көпірді салуға қатысты. 1911 жылы ол Урсатьевск – Әндіжан темір жолы құрлысының бастығы әрі бас инженері болып тағайындалды. Ал, 1914 жылы Мұхамеджан Арыс-Әулиеата темір жолы құрлысының бас инженері қызметін атқарды. М.Тынышбаев 1916 жылы 26 маусым жарлығына қарсы шыққан халық көтерлісінің салдарын күні бұрын болжап, көтерлісшілерді сабырлылыққа шақырды. Патша үкіметінің жергілікті билік орындарынан көтерліске шыққан қазақтар мен қырғыздарды жазалауда жасаған озбырлығын әшекерлеуде белсенділік танытты. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен соң ол Уақытша үкіметтің Жетісу облыстық комиссарының орынбасары болып тағайындалды. Тынышбаев Алаш қозғалысына белсене араласты. Ол Түркістан өлкесі орталық атқару комитеттері өкілдерінің съезіне қатысты. Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі ретінде Мұхамеджан Жетісу облысындағы 1916 жылы Қытайға ауып кеткен қырғыз босқындарына көмек көрсетуді ұйымдастырды. Тынышбаев І Жалпықазақ съезіне қатысып, онда Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Ол Түркістан өлкесінде жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің билікті өз қолына алу жолындағы әрекетіне қарсылық танытты. Осы жылдары Мұхамеджан Түрістан өлкесі мұсылмандарының төртінші съезіне қатысып, онда құрылған Түркістан автономиясының Уақытша үкіметінің Төрағасы және Ішкі істер министрі болып сайланды. Екінші Жалпықазақ съезінде Тынышбаев Алашорда үкіметі құрамына сайланды. Мұхамеджан алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге қазақ елі дербестігін қалпына келтіруге, елдің амандығын сақтауға күш салды. Ол осы мақсатта Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасов, Р.Мәрсеков, У.Танашев секілді Алашорда үкіметі мүшелерімен бірге Уақытша Сібір үкіметімен, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы мүшелері комитетімен және Колчак үкіметімен келіссөздер жүргізуге қатысты. Мұхамеджан Жетісу аймағындағы қазақтарды ашаршылықтан, әр түрлі апаттардан құтқару үшін материалдық көмек те ұйымдастырды. 1920 жылы 1 қазанда Ташкент қаласында ашылған Қазақ халық ағарту интитутына Тынышбаев қызметке орналасып, осы оқу орнының аяғынан тік тұрып кетуіне көп еңбек сіңірді. Институт үшін Тынышбаев ел арасынан қаржылай көмек жинауды ұйымдастырды және осы оқу орнында білім алу үшін Сырдария мен Жетісу облыстарынан қазақ жастарын жинастырды. Тынышбаев халық ағарту институтында математика, физика, химия, түркі халықтары тарихы пәндерінен дәріс оқыды. Сонымен қатар ол ғылыми жұмыспен де белсене айналысты.

Шәкәрім Құдайбердіұлы  – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.

Алашорда үкіметі құрылып, қазақ жерінде саяси өзгерістер шұғыл жүзеге аса бастаған шақта Шәкәрім Құдайбердіұлы облыстық соттың мүшелілігіне сайланды, Семей уездік земствосының мүшелігіне лайықталды. Қыруар саяси-әлеуметтік, ұйымдастырушылық қызметтер атқара жүріп өлеңдерін, мақалаларын «Сарыарқа» газетінде жариялауды да ұмытпайды. 1917 жылғы желтоқсанда Орынборда өткен екінші жалпықазақ съезіне арнайы шақырылған. Шәкәрім Алашорда үкіметінің қазысы, яғни биі болып сайланған.




  1. ХХ ғасыр басындағы қазақ ағартушылары: А.Байтұрсынов, М. Дулатов

Әлихан Бөкейханов өзінің төңірегіне қазақтың алдыңғы қатарлы зиялы қауымының ең таңдаулы бөлігін топтастыра білді. Оның сенімді серіктерінің бірі белгілі ақын, аса көрнекті ғалым, түрколог, публицист, педагог, аудармашы әрі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов (1873—1937) болды. Ол Торғай облысындағы Торғай уезінің Сарытүбек деген жерінде дүниеге келген. Ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады, кейіннен Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқиды. 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіреді. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінің мектептері мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады. А. Байтұрсынов өзінің халықпен кездесулері кезінде патша үкіметінің отаршылдық саясатының мәнін әшкереледі. Ол Қарқаралы петициясының мәтінін жазып, құрастыруға барынша белсене қатысты. 1913—1918 жылдары «Қазақ» газетінде редактор болып, халық өмірінің көкейтесті мәселелерін көтереді, елді өнер-білімге үндейді. А. Байтұрсынов Алаш қозғалысы тұсында күрестің алғы шебінде болады. Кеңес өкіметі кезінде ол қазақ халқының сауатын ашып, ағарту жолына біржола түседі. Көптеген өлең-жырларында халықтың арман-тілегін, мұң-мұқтажын жырлады, халықты өнер-білімге, мәдениетке шақырды. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын сынады, ел-жұртты миссионерлердің жүгенсіз қылығынан сақтандырды. Оның өмірі өз халқына адал қызмет етудің, ел-жұртының мәдениеті мен әдет-ғұрпына, тарихына деген сүйіспеншіліктің айқын үлгісі. Ол өзінің бір мақаласында былай деп жазды: «Менің мақсат-мұратым - қазақ халқының материалдық жағдайын жақсарту, мүмкін болғанынша мәдениетін көтеру. Мен осы мақсатты қамтамасыз ететін үкіметті қолдауға әрқашан әзірмін».

Ә. Бөкейхановтың сенімді серіктерінің және ұлт-азаттық қозғалысына белсенді қатысушылардың бірі Міржақып Дулатов (1885— 1935) болды. Ол Торғай облысы Торғай уезінің Қызылбел атырабында дүниеге келген. Алғашқы білімді ауыл мектебінен алған. Торғайдағы екі сыныптық мектепте оқыған. 1904 жылы Омбыға барып, онда Ә. Бөкейханов және А. Байтұрсыновпен кездеседі, саяси қызметке белсене араласа бастайды. Патша отаршылдығына ашық қарсы шығып, жер мәселесін көтереді. Қазақтардан жерді тартып алуға, мұсылмандықты қудалауға тыйым салуды талап етеді.

1909 жылы «Оян, қазақ!» атты жыр жинағы жарық көреді. М. Дулатовтың бұл кітабын замандастары «Ұлттық манифест» деп атады. Автор қазақ халқының ауыр жағдайын поэтикалық түрде суреттей келіп, одан қалай шығудың жолын ұсынады. Ол қазақ даласында жаппай мешіттер мен медреселер ашуды, жастарға ислам рухында тәрбие беруді жақтады. Семей округтық сотының прокуроры былай деп жазды: «Оян, қазақ!» кітапшасы өзінің мазмұны жағынан қырғыз (қазақ. — авт.) жастарына арналған үндеумен тең, ол мемлекеттің қазіргі қоғамдық құрылысын құлатуға шақырады».

М. Дулатов Қарқаралы петициясының жобасын әзірлеуге, Алаш қозғалысына білек сыбана қатысты. Қажырлы қайраткер өзінің бүкіл өмірін туған халқына қызмет етуге арнады.



  1. ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі. «Қазақ» газеті, «Айқап» журналы

Қазақ газеті - 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. №1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.

1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы - «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.

«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы - А.Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М.Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы, М.Шоқай, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш,Р.Мәрсеков, Ж.Тілеулин, Ғ.Мұсағалиев, М.Жұмабаев, Х.Болғанбаев, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, А.Мәметов,С.Дөнентайұлы, Х.Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.

XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.

“Айқап” журналының алғашқы саны Троицк қаласында 1911 жылдың қаңтарында жарық көрді. Оның шығарушысы, демократ ақын, жазушы Мұхаметжан Сералин болды. Ол журналды алғаш жұрттан қарызға ақша алып, пайда серіктікке пай жинай жүріп шығарды. Біраз уақыттан соң журнал өз қаржысымен шыға бастады, оған жәрдемдесуші- лерде табылды. Дегенмен қаржының тапшылығынан ол алғашқы жылы айына бір реттен, кейде шағын көлемді болып жарық көрді.

Жәрдемшілер көбейіп және қаржыға ие болғаннан кейін, яғни 1912 жылдан бастап журнал айына екі реттен, 12-24 бет көлемде шықты. Проыуссор Қ. Бекқожиннің дәлелдеу- інше “Айқаптың”тиражы 1000 дана болған. Жалпы, журналдың 5 жыл ішінде 89 саны жарық көрген.

“Айқаптың” алғашқы санындағы “Қызмет иесі санындағы мырзаларға” деген мақалада: Журнал шығарудағы мақсат атақ шығару, білім сату емес, халыққа қызмет ету болды… “Айқап” әр материялдың мазмұны мен тақырыбына жете көңіл бөліп отырды. Бірінші бетіне елдің ішкі өмірінде болған жаңалықтар, ресми хабарлар, екінші, үшінші беттерінде “Ашық хат” деген айдарымен оқырмандар хаттарын жариялаған. Проблемалық мақалалар (жер туралы, сьезд, сайлау т.б. тақырыптар) бойынша 4-6 беттеріне орналасқан. “Фельетон ”, “Хабарлар” бойынша айдарымен материялдар журналдың орта тұсынан орын алған. Ал шетел жаңалықтарынан, көңіл айтулар мен басқармадан ускертулерді, жаңа кітап туралы рецензияларды журналдың соңғы беттерінен оқуға болатын.

“Айқаптың”, “Өлең-жыр”, “Фульетон”, “Фабаршыларымыздан”, “Ашық хат”, “Бас-қармадан жауап” деп алған тұрақты айдарлардың болуы оның жұмысындағы ұқыптылық- ты, жүйуліліктш танытады. Журналдың безендіру мәселесшне де жете көңіл бөлгенін жоғарыдағы айдарлар бойынша жарияланған материялдардан айқын аңғаруға болады.

“Айқап” өз кезі үшін үздік журнал болды. Оның әр санын жұрт асыға күтті. Оған Қазақстанның барлық облысынан және Астрахань губерниясына қосылған Бөкей орталық- тарымен мен Кавказ округіне қарайтын Маңғыстау, Атырау, Оралдан үзбей хат келіп тұрды. Әсіресе, Ақтөбеден, Қотанайдан, Қыдылжардан, Торғайдан, Көкшетаудан, Қарқа-ралыдан, Семейден, Аягөзден, Қапалдан, Шиелден, Қызылордадан, Жамбылдан, Шымкенттен, Зайсаннан мақала жиі жарияланды.

Журналдың бетіне кейде “Одан-бұдан”, “Уақиғалар”, “Мұсылмандар түсінуіне тиіс- ті мәселелер” деген айдарлар бойынша да материял жарық көрді. Кейін оларды алмастыр- ған “Хабаршыларымыздан ”, “Хабарлар ” айдарлары журналдың соңғы кезіне дейін тұрақты шығып тұрды.

“Айқаптың”, хатшысы болып 1911-1912 жылдары Әкірам Ғалимов, 1913-1914 жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров істеді. Қызметкер, тілші, автор болып Жиһанша Сейдалын, Спандияр Көбеев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Малин, Сәбит Дөнентаев, Бақытжан Қаратаев, Молдағали Жолдыбаев, Бекмырза Бекжанов, Нұралдин Айтмұқанов, Есенғали Хасаболатов, т.б. қатысты.


  1. «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының халықтың ой-өрісін көтеруге тиізген ықпалы

“Айқап” журналы ағарту ісі мен мәдениеттің жаршысы болды. “Айқап” нөмірден-нөмірге жер мәселесіне зор көңіл бөліп отырды. “Айқап” журналының қазақ фольклорын зерттеудегі, абайтануды қалыптастырудағы, орыс және дүниежүзі классикалық әдебиетінің рухани мұрасын насихаттауда атқарған рөлі зор.

“Қазақ” газеті өз беттерінде халық ағарту, кітап шығару мәселелеріне басымдық берді. Бұл эволюцияда А. Байтұрсыновтың ғылыми-педагогикалық ізденістері ерекше рөл атқарды, соның арқасында ұлт қазақ әліпбиін алды, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі, этимологиясы, сөз өнері теориясы мен мәдениет тарихы дамытылды. “Қазақ” газетінің беттерінде аграрлық проблеманың Ә. Бөкейханов бастаған көрнекті білгірлері отаршылдықтың мәнін, қазақ шаруаларының құнарлы жерлерін алып қою арқылы қоныс аудару қоры құрылуының, шаруалардың жерсіз қалуы үрдісінің мәнін ашып көрсетті. “Қазақ” газеті мұсылман діні мәселесі бойынша ғылыми негізделген тактика ұстанды. Ол қазақ халқының артта қалған бөлігінің діншіл екеніне, Алланы және оның “жердегі өкілдері” молдаларды шын жүректен қадірлейтініне көңіл бөлді. “Қазақ” газеті беттеріндегі жарияланымдардың едәуір бөлігі тіл мен әдебиет, этнография, мәдениет пен тәрбие, педагогика мәселелеріне, рыногтық жағдайларға бейімдей отырып, халық санасын жетілдіруге арналды. Газет өзінің нысаналы жарияланымдары арқылы ұлттың тарихи санасын қалаптастырды, Абай сияқты аса көрнекті тұлғалардың өмірі мен қызметі үлгісімен ұлттық мақтанышқа тәрбиелеу міндеттерін белгіледі, Абай даналығы деңгейіне көтерілуге, өз халқының қамын ойластыруға, оның дәстүрлерінен, гуманистік принциптерінен таймауға шақырды. Газет демократиялық, тәуелсіз мемлекет орнату үшін бірінші кезекте ана тілі мен әдебиетін білу, кәсібилік ұлттық экономиканың бай болуы қажет екенін дәлелдеді. А. Байтұрсынов былай деп атап айтты: “басқалардан қалып қоймау үшін біз сауатты, бай және күшті болуға тиіспіз. Саутты болу үшін оқу керек. Бай болу үшін кәсібилік керек. Мығым болу үшін бірлік керек. Осы бағытта жұмыс істеу керек”. Газетке қатысып тұрған бүкіл авторлар ұжымының А. Байтұрсынов бағдарламасына толық қосылғанын атап өткен жөн. “Қазақ” шын мәнінде бүкілресейлік газет болды. Ол халықаралық жағдайға жүйелі түрде талдау жасап, ондағы Ресейдің рөлін анықтап отырды, елдегі және шетелдегі демографиялық жағдайды ашып көрсетіп, бүкіл түрік дүниесінің, мұсылмандар қозғалысының тағдырын қадағалады. Газет Мемлекеттік Думаның жұмысына, оның мінберінен қазақ халқының мүдделерін қорғау мәселелеріне ерекше мүдделілік танытты. “Қазақ” газеті қазақ халқы тарихының бетбұрысты кезеңінде шығарылды. Ол тұжырымдылығымен, жоғары көсемсөзділігімен, қазақ әдеби тілінің мағыналылығымен, өз халқының көкейтесті мүдделеріне адал қызмет етуімен ерекшеленді. Демократиялық қазақ баспасөзі революция, Мемлекеттік Дума, оның мұсылман фракциясы, мұсылман съездері туралы, империяның ішкі және сыртқы саясаты, соның ішінде оның отаршылдық саясаты туралы жазды. Ол шет аймақтардың ғасырлар бойындағы ұйқыдан оянып жатқан халықтарының мүдделерін көрсетті, өркениетті дүниежүзілік қоғам жүйесіндегі оның болашағы туралы армандарға берілді.



  1. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Соғысқа дейінгі тұста Ресейде жаңа өнеркәсіп салалары жедел қарқынмен дамыды. Өнеркәсіп орындары ел экономикасының дамуына үлес қосумен қатар, соғыс қажеттілігіне орай ірі мемлекеттік тапсырмаларды да атқарды. Өнеркәсіп өндірісінің ішінде металлургия өндірісі үлкен жетістіктерге жетті. Әйткенмен, Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери-өнеркәсіптік әлеуеті төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді. Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасының құлдырауына әкеліп соқты. Ауыл шаруашылығы өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ол құнарлы, егіншілік шаруашылығын жетік меңгерген аудандарда жақсы дамыды. Соғыс егін шаруашылығына да елеулі өзгерістер енгізді. Ең алдымен, ауыл шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғайды.

Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына әкеліп соқты. Оған сан және сапа жағынан үлкен зардап келтірді. Ұсақ мал көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Байырғы халықтың басым көпшілігі тұратын жерлерде жылқы, түйе, ірі қара мал саны кеміді.

Мал санының қысқаруы, ең алдымен, қазақ халқының армия қажеттері үшін мәжбүрлеу тәртібімен ет беруге міндетті болғандығынан орын алды. Сан миллиондық армияның өсе түскен қажеттерін қанағаттандыру мүмкін емес еді. Өйткені қазақ шаруашылығында мал саны жылдан-жылға азая берді. Сондай-ақ соғыс жылдарындағы мал санының қысқаруына ауық-ауық өткізіліп тұратын реквизиция да әсер етті. Осы жылдарда Түркістан өлкесінен 300 мың пұт ет, 70 мың жылқы, 13 мың түйе әкетілді. 1914 жылдың ішінде Жетісудан ғана 34 миллион сомның малы мен мал өнімдері тасылып әкетілді. Қазақ шаруашылықтарында малды реквизициялау және жылқы малын есепсіз пайдалануға байланысты мал санының қысқаруы село мен ауылда шаруашылықты қалыпты жүргізуге кері әсер етті. Жылқы малы әсіресе солтүстік облыстарда азайып кетті. Соғыс жылдарында армияны жабдықтау үшін мол мөлшерде азық-түлік даярлау, мал және ет өнімдері бағасының өсуіне әкеліп соқты. Осыған байланысты бұл кезеңде өлкеде анағұрлым арзан ет беретін сала - шошқа шаруашылығы жедел дами бастады. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған соң, Қазақстан өнеркәсібі де соғыс қажеттері үшін жұмыс істеді. Өлкедегі кен өнеркәсібінің маңызды салаларының бірі Успен және Сасық-Қарасу кеніштерінен темір кенін өндіру арта түсті.

Салықтардың жоғарылығынан, қатынас жолдарының қашықтығынан, құрал-жабдықтардың жетіспеуі салдарынан және басқа себептерден алтын кеніштерінің саны қысқарды. Түсті металлдарға деген қажеттіліктердің артуы және олардың бағасының күрт өсуі соғыс жылдарында түсті металлургияның, әсіресе, Риддер және Сокольский кеніштерінің дамуына түрткі болды.

Селолар, қалалар мен ауылдар еңбекшілері жағдайының нашарлауы 1914 жылдың өзінде-ақ Қарағанды, Екібастұз шахталарында, Орынбор, Ташкент жәнеТранссібір теміржолдары жұмысшылары арасында бас көтерулермен ереуілдерге алып келді. Тіпті, соғыс жылдарында Қазақстанда халық бой көтеруінің бірі “әйелдер бүлігі” дейтіндер болды, оларды өкімет орындары үкіметке қарсылық деп қарады. Шаруалар көтерілістері Қазақстанның солтүстік аудандарында қамтыды. Мәселен, 1916 жылы 21 наурызда Торғай облысы Ақтөбе уезінің Ақбұлақ селосында 30 адам болатын солдат әйелдерінің тобыры көпестер - Незвановтың, Пряткиннің дүкендерін қиратады. Халық бұқарасының мұндай бой көрсетулерінің толқыны Қазақстанның басқа да аймақтарында орын алды. 1916 жылдың орта шеніне қарай жұмысшылардың үкіметке ашынуы үдей түсті. Нәтижесінде бұл жағдайлар қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысына зор ықпал жасады.

1916 жылы 25 маусымда патшаның Қазақстан, Орта Азия, Сібір тұрғындарынан 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмысына алу туралы жарлығы шығады. Бұл жарлық 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына себеп болды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты. Халық ашу-ызасының алғашқы соққыларына тылдағы жұмыстарға алынатындардың тізімін тікелей жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшындары және патша әкімшілігінің басқа да төменг ібилік иелері ұшырады. Іс жүзінде тізімдер жасау жүйесі жаппай парақорлық пен бұрмалаушылыққа жол ашқан болатын. Оның үстіне патшалық өкімет орындары лауазымды адамдарды, болыстарды, село және ауыл басқарушыларын, байырғы тұрғындардан шыққан төменгі шенді полицейлерді, имамдарды, молдалар мен мүдәристерді, ұсақ кредит мекемелеріндег іесепшілермен бухгалтерлерді, жоғарғы және орта оқу орындарындағы оқушыларды, үкіметтік мекемелердің шенеуніктерін, дворян және құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын адамдарды әскерге алудан босатты. Стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласып, оның ірі ошақтары (Жетісу мен Торғайда) пайда болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды. Бұл көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пе нтәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды.

Қазақстанның әртүрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат ала бастады: Жетісуда (басшылары: Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қанаев, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар және т.б.) және Торғайда (басшылары - Әбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин және басқалар) оның ірі ошақтары пайда болды.

Б.Әшекеев басшылығымен орын алған Жетісудағы ұлт-азаттық көтеріліс басылып-жаншылады. 7 қыркүйекте Верный қаласында Верный әскери гарнизонының соты болып, көтеріліс басшыларының бірі Б.Әшекеевті өлім жазасына кесіп, дарға асу туралы үкім шығарды. Соттың үкімін облыстың әскери губернаторы Фольбаум нақ сол күні бекітіп, үкім бір күннен соң, яғни 1916 жылғы 9 қыркүйекте Верныйдың жанындағы Боралдай деген жерде орындалады. Сотсыз және тергеусіз атылғандарды есептемегенде, сот үкімімен Түркістан өлкесінде 1917 ж. 1 ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстарға, 129 адам түрмеге жабылуға кесілді.

көтерілістің ірі ошақтарының бірі - Торғай өңірі болды. Көтерілісшілер саны 50 мыңға жетеді.

Амангелді Иманов көтерілісшілердің сардарбегі болып тағайындалады.



1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайларында көтерілістің жалпы жұрт таныған басшылары Ә.Жанбосынов, А.Иманов, Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов, Б.Әшекеев, О.Шолақов, А.Жүнісов, С.Қанаев көтерілісшілердің саяси көсемдері Т.Бокин, Т.Рысқұлов, С.Меңдешев, Ә.Жангелдин, Б.Алманов және басқалар кезінде Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Жанқожа Нұрмұхамедов, Кенесары Қасымов және басқалар жүргізген тәуелсіздік жолындағы күреске халықты көтерді. К.Қасымов басшылық еткен ұлт-азаттық қозғалыстан кейін 1916 жылғы көтеріліс бірінші рет кең-байтақ өлкенің барлық аймақтарын әр түрлі дәрежеде қамтып, бүкілқазақтық сипат алған көтеріліс болды. 1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі өлкенің бірқатар аудандарында (негізінен, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында) оған қазақтармен қатар қырғыз, ұйғыр, өзбек және басқа да халықтар өкілдерінің де қатысуы болды. Қазақстан мен Орталық Азиядағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тұтас алғанда Ресей империясындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды. Ол Ресейдегі әскери-отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтып, шығыстың отар халықтарының импералистік езгіге қарсы XX ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі болды.

  1. Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалы

Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды.

Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. “Қазақ” газеті 9 наурыздағы санында: "…Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Руссия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш" - деп жар салды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың ролі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды. Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастауы болды. Көктен іздегендері жерден табылғандай болған халық Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр екендіктерін білдіріп, империяның түпкір-түпкірінен құттықтау жеделхаттар жөнелте бастады. Қызылжар қаласы мен уезінің мұсылмандары қалалық мешітте жұма-намаз күні бүкіл халыққа шаттық әкелген Уақытша үкімет мүшелеріне ұзақ өмір беріп, бақытты етуін Алладан өтініп, жаңа үкіметке адал қызмет етуге серт берді. Ресей тарихында бірінші рет діни нанымдық, нәсілдік кемсітушілік жойылды деп, ұлттар теңдігін қағаз жүзінде болса да жария еткен бұл акт бұрынғы бұратана атанған езгідегі елдердің орыстармен терезесін тең сезінуіне жол ашты. Қазақ халқының Ақпан төңкерісін зор қуанышпен қарсы алуының мәні де осында болатын. Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: “Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді”, - деп түсіндіреді. Халықтың Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуіне оның 1916 жылғы 25 маусым жарлығының күшін жойып, енді бұратаналарды қара жұмысқа алуды тоқтатуын, ал 7 наурызда 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты шаралары да ықпал етті. Бұл жөнінде М.Дулатов: “Сары әскер” қарсылық қылған елдерге лек-легімен аттанып, қазақ-қырғыз даласын қызыл қанға бояуға кірісіп еді. Он айға жетпей патша өкіметі құламаса, Ресейдегі ұлы төңкеріс болмаса, не болар еді”, - деп жазды. Самодержавияның құлатылғаны жайлы хабар жер-жерлерге жетісімен түрлі әлеуметтік топтардың, саяси партиялардың өкілдері жоғарыдан нұсқау күтпей-ақ, өздерінің қоғамдық ұйымдары арқылы жергілікті басқару органдарын құруды қолға ала бастайды. Қоғамдық негіздегі құрылған мұндай жергілікті басқару органдары: азаматтық атқару комитеті, біріккен қоғамдық құрама (коалициялық) атқару комитеті деген сияқты атауларға ие болды. 1917 жылдың 5 наурызына дейін Қазақстанда да қоғамдық негіздегі атқару комитеттері құрыла бастады. Мәселен, 3 наурызда Көкшетауда, 4 наурызда Қызылжарда, 5 наурызда Семейде біріккен қоғамдық ұйымдардың атқару комитеттері құрылды. Бұл ұйымдарға түрлі әлеуметтік топтар мен саяси партиялар мүшелікке ұмтылды. Бұл халықтың демократиялық басқару дәстүріне құлшына араласқанын аңғартады. Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Уақытша үкімет билік орындарын құру туралы 5 наурызда арнайы қаулы жариялады. Осыған байланысты жергілікті басқаруда, ел өмірін жаңа мазмұнда ұйымдастыруда өзгерістер бола бастайды. Наурыз және сәуір айлары ішінде ескі әскери губернаторлық, уездік, болыстық және ауылнайлық басқару жүйелері жойылып, келмеске кетті. Олардың орнына Уақытша үкіметтің облыстық және уездік комиссарлық басқару жүйесі, сонымен бірге облыстық, уездік, болыстық және ауылдық деңгейде азаматтық комитеттер және олардың атқару орындары қалыптаса бастайды. Мамыр мен маусым айларында бұларға қосымша облыстық азық-түлік комитеті, жер комитеті және басқа осы сияқты басқару орындары құрылады.

  1. 1917-1920 жж. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар («Алаш», «Үш жүз»)

«Алаш» партиясының құрылуы

Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынып, оған мынадай негіз келтірді: «Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса бағдарламасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды».

1917 жылғы 21—26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шуро-и-Исламға» сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық федеративтік парламенттік республикаға құрылмақ...».

Съездің соңғы күні жаңа қалыптаса бастаған партияның басшысы Ә.Бөкейханов ресейлік Кадеттер партиясына мүшеліктен шығатынын және оның себептерін мәлімдеді. Партияның ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұспа-тұс келді. «Қазақ» газеті өзінің бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ» басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» деп қою туралы жеделхаттар жіберілді.

Алаш партиясының облыстык ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастады. Ә.Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен қазанның 12—20 аралығында партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде, кейін Омбыда, ал карашаның 10-на қарай Орынборда ашылды. Семей облыстық партия комитетінің төрағасы болып Халел Ғаббасов, Омбы обкомының төрағасы болып Айдархан Тұрлыбаев, ал Торғай обкомының төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Партияның арнайы съезін шақырып, баскару орындарын сайлауға, жарғысы мен бағдарламасын бекітуге қолайлы жағдайдың болмауынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат есебінде тіркелген топ партияның басқарушы ұйытқысы саналды.

1905 жылы басталған Алаш қозғалысы 1917 жылы қайта Алаш партиясы болып жалғастырылды. Партияның негізгі бағыты — реформистік жолмен қазақ елін жаңа белестерге көтеру. Алаштықтардың мақсаты қазақ халқын отарлық негізден азат ету, автономиялық ұлттық мемлекет құру. " Қазақтарға, жаңарған Ресей азаматтарына" деген мәлімдеде Ә. Бөкейханов былай деді: " ... Ресейдің барлық халықтары үшін бостандықтың, теңдіктің және туысқандықтың күні туды. Жаңа қоғам мен жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтар ұйымдасуы керек. Жаңа қоғамды қолдайтын барлық ұлттармен байланыса жұмыс істеу қажет...

Үндеу авторының, алдағы атқарылар негізгі үш саласы бойынша басты мақсат—міндеттерді айқындағандығын аңғару қиын емес. Олар:

1. Саяси әрекетте бірінші орында жалпыресейлік проблемалар, әсіресе үкімет туралы және мемлекеттік құрылыс мәселелері тұра керек.

2. Көшпелі және отырықшы халықтардың мүдделерін есепке алып, аграрлы мәселелердің жиынтығын ешбір кешіктірмей саяси күрестің күн тәртібіне қою.

3. Құрылтай жиналысына тиянақты дайындықтар жүргізу бұрыңғы қорғалықтық пен бас июшшіліктен құтылу жолында халықтың бірлігін нығайту қажеттілігі. 1917 жылы 28 наурызда " Речь" газетінде Ә. Бөкейханов " Заңсыз тартып алынған жерлерді қазақтарға дереу қайтарып беруді" талап етті.

«Үш жүз» партиясы

1917 жылы қарашада Мұқан Әйтпенов және Шаймерден Әлжанов бастаған бір топ Омбы зиялылары «Үш жүз» аталатын саяси партия құрағандарын мәлім етті. Бұл партияның өмірге келуі қазақ зиялылар тобының білімі мен саяси мәдениеті түрғысынан біркелкі емес, сондай-ақ түрлі саяси ұстанымда екенінің айғағы. Келесі жылдың басына қарай бұл саяси ұйымдағы басшылық Көлбай Тоғысовтың қолына көшеді. Өздерін саяси партия ретінде жариялаған алғашқы күннен бастап-ақ үшжүздіктер Алаш партиясына қарсы ұстанымда болды. Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлау науқанына дербес тізіммен түсіп, сайлауда бірде-бір өкілін өткізе алмады. Үшжүздіктердің қазақ қоғамы арасында беделінің жоқтығы басшылығында ел мойындаған саяси тұлғаның болмауына, сондай-ақ партияның халықты соңына ерте аларлық нақты бағдарлама ұсына алмауына байланысты еді. «Үш жүз» қазақ арасындағы мұсылмандықты қолдайтындығын және қорғайтындығын айта отырып, сонымен бірге атеистік ұстанымдағы большевиктермен қоян-қолтық жұмыс істеуге күш салды. Өз ретінде большевиктер үшжүздіктерді Алаш партиясының беделін түсіру мақсатында пайдалануға тырысты. Өзін социалистік ұстанымдағы партия санаған «Үш жүздің» қызметінде үйлесімсіз қайшылықтар көп еді, сондықтан да оның қызметі ұзаққа созылған жоқ. 1917 жылы құрылған саяси ұйымдардың бірі «Ислам жолындағылар кеңесі» («Шуро-и-Ислам») болды. Орталығы Ташкент қаласында құрылған бұл ұйымның қызметі жалпы Түркістан өңіріне ықпалды болды, сондай-ақ оның басшылығында Мұстафа Шоқай, Сералы Лапин болды.

XX ғасыр басындағы қазақ мәдениетінің аса маңызды, ерекше құбылстарыны бірі еуропалық деңгейде, көбінесе Ресейде білім алып, ағарған қазақтардың әлсіздеу, бірақ бастамшыл және беделді тобының пайда болуы еді. Қазақ санасы оянып, интеллегенцияның пайда болған уақыты. Патша үкіметі қазақ халқының жалпы мәдени деңгейінің өсуіне мүдделі болған жоқ, керісінше, қараңғылықта үстау оған тиімдірек көрінді. Сонымен бірге отаршыл әкімшілік ресейлік оқу орындарынан бірлі-жарым орынды қазақ жастарына бөлуге мәжбүр болды. Мұндай қадамға бара отырып, ол жыл сайын өсе түскен басқару жүйесінің жергілікті ұлттан шыққан мамандарға мұқтаждығын канағаттандыруды көздеді. Осы мақсатта генерал-губернаторлык кеңселері жанынан қазақ студенттеріне жылына 3-4 стипендия белгіленіп отырды. Міне, осы белгіленген стипендияға және қазақ ауқатты топтарының өз еркімен жәрдемге жиған қаржысына сүйеніп қазақ жастары Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Орынбор, Омбы, Варшава сияқты қалалардағы оқу орындарында түрлі мамандыктар бойынша білім алды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ жастары үшін ірі білім орталығы міндетін Санкт-Петербург қаласы атқарды. Империяның саяси өмірінің де астанасы болған бұл қалада осы мезгілде Ә. Бөкейханов (Орман шаруашылығы институты), Мұхамеджан Тынышпаев (Темір жол көлігі институты), Х.Досмұхамедов, С.Асфендияров (Дәрігерлік академиясы), Б.Қаратаев, Ж.Досмұхамедов, М.Шоқай (Санкт-Петербург университеті) сиякты ұлт-азаттық қозғалысында өшпес із қалдырған қайраткерлер білім алды. Қазақ жастары, сондай-ақ Стамбұл, Каир университеттерінде де оқыды.

Сайлау науқанына араласқан қазақ зиялылары отарлық тәуелділіктегі қазақ халкының мүддесі тұрғысынан қоғамдык үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, депутат сайлап, оған аманат тапсыру ісіне мұрындық болатын саяси ұйымның қажеттігін айқын аңғарды. Қазақ зиялылары тарапынан жалпыұлттық саяси партия құру әрекеті 1913 жылы тағы да бой көрсетті. М. Сералин бастаған «Айқап» журналы төңірегіне топтасқан зиялылар ең өзекті қоғамдық мәселелерді талқылап, белгілі бір бағдарламалық тұжырымдарға келу үшін Жалпықазақ съезін шақыру жөнінде бастама көтерді. Бірақ қазақ даласында орнаған катаң әскери-отарлық тәртіппен есептесу қажеттігін айтқан Ә.Бөкейханов бастаған топ мұндай әрекеттерге көшуге үзілді-кесілді қарсы шықты.

Ұзақ дайындықтан кейін шілденің -28-де Орынборда өткен Жалпықазақ съезінде партия құру, бағдарлама жасау және Құрылтай жиналысына сайлауға дайындалу туралы шешім қабылданып, қазанның 5-де партия қазақтардың аңызға айналған ата-бабасының атымен «Алаш» деген атау алды. Алаш партиясының ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшылары – Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Х.Ғаббасов басқарды. Алаш партиясының орталығы Семей қаласы болды. Партияның баспа органы "Қазақ" газеті Орынборда шығатын.

"Алаш" партиясының бағдарламасы жобасы.

І. Мемлекеттік қалпы.

ІІ. Жергілікті бостандық.

ІІІ. Негізгі. Құқық.

IV. Дін ісі.

V. Билік және сот.

VI. Ел қорғау.

VII. Салық мәселесі.

VIII.Жұмысшылар.

IX.Ғылым-білім үйрету.

X. Жер мәселесі.

ХХ ғасырдағы басындағы қазақтардың ұлт-азаттық қозғалыс өзінің даму барысында қазақтың ұлттық мемлекеті Алашорда үкіметін құруға алып келген еді, қозғалыстың негізгі өзегі – қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, эволюциялық-конституциялық жолмен автономиялық ұлттық мемлекет құру еді.

«Үш жүз» партиясы. Қазақ «Үш жүз» социалистік партиясы большевиктерге ниеттес бағыт ұстап, Алаш партиясына елеулі қарсылас болды. Партияның негізін 1917 жылдың 17 ұарашасында Мұқан Айтпенов құрды. Оның орынбасары – К.Тоғысов, хатшысы Ы.Көбеков болды. Партияның баспа органы – аттас «Үш жүз» газеті, оның редакторы К.Тоғысов болды. Әлеуметтік негізі бойынша ол ұсақ буржуазиялық ұйым болатын.

1917 жылдың көктемі мен жазында Қазақ өлкесінде жұмысшы және революцияшыл-демократиялық жастардың ұйымдары мен саяси партиялар құрыла бастады. Сол кезеңде Верныйда «Мұсылман жұмысшыларының одағы», Түркістанда «Мұсылман еңбекшілер одағы» құрылды. Зиялы қауымды, оқушы жастар мен мұғалімдерді біріктірген астам қоғамдық ұйымдар құрылды. Олардың арасында Сәкен Сейфулиннің басшылығымен Ақмолада "Жас қазақ" ұйымы, Меркеде Тұрар Рысқұлов ұйымдастырған "Қазақ жастарының революциялық одағы", Спасск зауытында "Жас жүрек", Петропавлда "Талап", Семейде "Жанар" ұйымдары белсенді қызмет атқарды.


  1. 1917 жылдың шілдедегі Жалпықазақ съезі және оның Алаш партиясын құру туралы шешімі. Партияның бағдарламасы

XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Б.Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты.

М.Сералин бастаған «Айқап» журналы төңірегіне шоғырланған қазақ зиялылары ең өзекті қоғамдық мәселелерді талқылып, белгілі бір бағдарламалық тұжырымдарға келу үшін жалпықазақ съезін шақыру жөнінде бастама көтерді. Сонымен, жалпықазақ кеңесін шақырып, онда ұлт өміріне қатысты өзекті мәселелерді қарау, соған сай саяси партия құру ісін қолға алуға қажетті алғышарттар тек ақпан революциясынан кейін қалыптасты [1]. Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды .

Съездің күн тәртібіне енгізуге ұсынылған мәселелердің бірі – «қазақ саяси партиясын жасау мәселесі» болды. Бұл мәселелерге байланысты бюро жасаған тұжырым мынау еді: Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Қазақ мақсаттарын теріп, бағдарлама жасап, сол мақсаттарға жету шарасын қарастырып қазақ партиясын қалай жасау, қандай жол құру, оны осы жалпықазақ съезінде кеңесуіміз керек. Саяси партия құруға байланысты айтылған бұл тұжырымның мынадай мәні бар. Біріншіден, ол тарихи деректермен толық таныс емес қайсібір авторлардың «Алаш» партиясы шілдедегі жалпықазақ съезіне дейін-ақ қалыптаса бастады деген пікірін біржола жоққа шығарды. 1917 жылғы жалпықазақ съезіне дейін қалыптасып дамыған «Алаш» партиясы емес, кейін алаштық атанған ұлттық интеллигенция басқарған ұлт-азаттық қозғалыс болатын. Ал бұл қозғалыстың бастаушы ұйытқысының саяси партияға бірігуі бірінші жалпықазақ съезінен басталғаны тарихи факті.

Ә.Бөкейханов «бұл болып тұрған заман Алаштың азаматына зор жүк. Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт-махаббат жолына түсті. Кейінгі үрім-бұтақ не алғыс, не қарғыс бере-бере жүретін алдымызда зор шарттар бар! Осыны аңғар, жұртым қазақ!» деп көрсетіп, бюроның атынан депутаттыққа кандидат деген 43 адамның атын атап, халықтың талқысына ұсынды. Олардың арасында Ж.Ақбаев, А.Бірімжанов, Х.Досмұхамедов, Р.Мәрсеков сияқты белгілі қайраткерлерден бастап А.Кенжин, С.Сабатаев, М.Төлебаев сияқты саясатқа енді араласа бастаған жастар; Уақытша үкімет комиссарлары мен мұғалімдер, дәрігерлер мен шығармашылық интеллигенция өкілдері бар еді. Сонымен, тұңғыш жалпықазақ съезі 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында өтті. Съезд жұмысына Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан мәселелер қойылып, олардың арасында мемлекет билеу түрі, қазақ автономиясы, қазақ облыстарындағы жер жағдайы, әскер құру, земство, әйел теңдігі және басқа мәселелер бар еді.

Сөйтіп, бірінші жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы шешім қабылдағанымен, күзге дейін, яғни Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқаны қызғанға дейін ол партияның түрлі деңгейдегі ұйымдарын құру ісімен ешкімде айналыса қоймады.

«Алаш» партиясының облыстық ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастайды. Мәселен, Ә.Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен қазан айының шамамен 12-20 жұлдызы аралығында партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде, сонан соң Омбыда, ал қарашаның 10-на қарай Орынборда ашылады. Қорыта келгенде, Алаш - Қазақ елінің мемлекет құру тәжірибесі мен мемлекетшілдік мүддесінің үзілмеген арқауы. Алаш- Қазақстанның «Мәңгі ел» ел мұратын саясат пен руханият тұрғысынан айқындаған, айшықтаған кезең атауы. Ұлт зиялыларының қажырлы еңбегі кеңестік мемлекеттік мекеменің негізін қалады. Кешегі Алаш идеясы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік алғаннан кейін бұрын тыйым салынған – Алаш қозғалысы тақырыбы қазіргі таңда отандық тарихымыздың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қайта зерттелуде. Алаш зиялыларының өмірі мен ісін мұқият зерттеп, олардың жетістіктерін бағалап, қателіктерінен сабақ алу, даналығын бағамдап, олар ашқан ақиқатты пайымдау қажет.



  1. Алаш зиялыларының ұлт бостандығы жолындағы мақсат-міндеттері

Алаш зиялыларының саяси және рухани күресіндегі негізгі мақсат, орасан міндет, ол ұлтымызды ұйыстыру, сол арқылы елдігімізді айқындау десек, онда осындай ұланғайыр сауапты істің аясында ана тілімізді сақтау мәселесі тұрды. Алаш қайраткерлерінің қай-қайсы да тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш сияқты аса ірі қозғалыстың рухани тінінде қазақ тілі мәселесі ерекше орынға ие болды

«Қазақ» газетінің 1917 жылғы қарашаның 21-інде 251 санында Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімдеріне сәйкес Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Елдес Ғұмаров, Е. Тұрмұхамедов, Ғ.Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов дайындаған партия бағдарламасының жобасы он баптан тұрады. Олардың ең маңыздылары мыналар:

І. Мемлекеттік қалпы. Россия демократическая, федеративная республика болу. Демократия мағынасы мемлекетті жұрт билеуі. Федерация мағынасы – құрдас мемлекеттер. Федеративный республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болды. Әр мемлекет өз тізгінін өзі алып жүреді. Осы бапты қазіргі саяси терминдермен түсіндірсек, Алаш партиясы мемлкеттік құрылыс мәселесіне Россияның терезесі тең (құрдас) мемлекеттердің федеративтік одағы болуын, оған мүше болған әрбір субъект (құрдас мемлекеттер) өзінің егемендік құқы бар (іргесі бөлек) болуымен бірге жалпы федеративтік одақ мүдделерін қорғауда «ынтымағы бір» болуын талап етті.

ІІ. Жергілікті бостандық. Қазақ жүрген облыстардың бәрі байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия федерациясының бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлес болу, реті келсе бірден-ақ өз алдына жеке болу. Алаш партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап жұрт тартқан айту жағына бастайды. Алаш партиясы бағдарламасының осы бабында екі түбірлі мақсат айқындалған: бірінші – Россия Федеративтік мемлекетінің құрамдас бөлігі болуға тиіс қазақ автономиясы бүкіл қазақ халқы мекендеген жерге иелік етеді және тең құқықты федерация мүшесі ретінде оған нұқсан келген жағдайда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болып бөлініп шығады. Екінші — өзінің нақтылы саяси қызметінде Алаш партиясы жалпы адамзаттық игіліктерді басшылыққа алып, әділдікке жақ, зорлыққа қарсы болады.

ІІІ. Негізгі. Құқық. Россия республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Жиналыс жасауға, қауым ашуға жария сөйлерге, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік: хұқмет қызметкерлері, иесінен рұқсатсыз һәм кім табалдырығын аттаушылық, сот сұрамай, билік айтылмай, тұтқын қылмаушылық, қылмысты болған адам судья бар жерде 24-сағат ішінде, судьясыз жерде бір жетіден қалмай судьяға тапсырылып жабу. Кісі хатын ашқанға айып, оқығанға жаза болу.

IV. Дін ісі. Дін ісі мемлекет ісінен бөлек болады. Дін біткенге тең құқық. Дін жоюға ерік. Кіру-шығу жағына бостандық. Муфтилік қазақта өз алдына болады. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер молдада болу, жесір дауы сотта қаралады.

V. Билік және сот. Әр жұртқа билік пен сот тұрмыс ыңғайына қарай болуы. Би және судья жергілікті жұрттың тілін білу керек. Аралас жерде соттың тергеу-тексеруі мен үкімі жергілікті жұрттың тілін білу керек. Аралас жерде соттың тергеуі – тексеруі мен үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылуы. Би мен судья орнынан тергеусіз түспеу. Билік және сот жүзінде жұрт біткен тең болады; құдайдан соңғы күшті би мен судья болып, кімде болса, олардың үкіметіне мойын ұсынады. Айтылған үкім тез орнына келуі керек. Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен қаралады. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болады. Присяжный қазақтан алады. Қырдағы ауыл, болыс ішінде билік пен сот жұрт қалаған ереже жолымен атқарылады.

VI. Ел қорғау. Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмауы тиіс. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету керек. Әскер табына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндеттерін қазақ атты милиция түрінде атқару.

VII. Салық мәселесі. Салық мал-ауқат, табысқа қарай, байға-байша, кедейге-кедейше әділ жолмен таратылуы керек.

VIII.Жұмысшылар. Жұмысшылар закон панасында болуы керек. Қазақ жерінде завод-фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. Алаш партиясы жұмысшылар турасында социал демократтардың меньшевик табының бағдарламасын жақтайды.

IX.Ғылым-білім үйрету. Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық және ақылсыз болады. Жұртқа жалпы оқу жайылуы. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқуы; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуы; оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы; үкімет оқу ісіне кіріспеу; мұғалімдер, профессорлар өзара сайлау мен қойылуы, ел ішінде кітапханалар ашылуы керек.

X. Жер мәселесі. Төтенше жиналыс негізгі заң жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілкті жұртқа берілсін деуі; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеуі, бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайтуы; қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитеттер кесуі, сыбаға өлшеу – норма жерлердің топырағы мен шаруалық түріне қарай жасалуы; сыбағадан артылған жер земство қолында болуы тиіс; Артық тұрған жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға кесіліп берілуі. Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілуі жерді қазақ үйі басына иленбей ауыл-аймақ туысқан табына меншіктеп алу, өзара әділдік жолымен пайдалануы керек. Жер заңында жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалануы керек. Пайдасынан артық жер сатылмай, земствоға алыну. Жердің кені, астығы, байлығы қазынаныкі болып, билігі земство қолында болу. Аса зор ағаш, өзендер мемлекеттік болып, аз ағаш және көл байлықтары земство мүлкіне саналуы керек. Міне, осы Алаш партиясының тарихи бағдарламасының мәтіні осылай еді. Көлемі жағынан шағын, мазмұны жағынан терең осы бағдарлама жобасы 1917 жылғы қараша айының ортасында өткен Құрылтай съезінде өткен сайлауда Алаш партиясының үлкен табысқа жетуін қамтамасыз етті.



  1. Алаш зиялыларының ағартушылық қызметі

XX ғасырдың басыңдағы Алаш арыстарының саяси және ағарту жолындағы қызметтері туралы көптеген құжаттар Омбы, Орынбор мұрағаттарында сақталған. Сол кездегі тарих Алаш зиялылары есімімен байланысты. Алаш зиялыларын репрессияға ұшыратып, жасаған әрекеттерін бәрін халыққа жеткізбей жасырған.

Алаш зиялыларының негізгі мәселесінің бірі – білім беру болды. Алаш партиясы ұсынған бағдарлама 10 тараудан тұрды, оның тоғызыншы тарауында: әр адамға оқуға, білім алуға рұқсат берілсін, кіші дәрежелі мектепті аяқтаған соң жоғары дәрежелі мектептерге оқуға түсуге әзірлейтін әр түрлі мектептер ашылсын, университеттердің және басқа да оқу орындарына өзін-өзі басқаруына мүмкіндік берілсін; гимназия, реалды училище секілді орта дәрежелі мектептер көбейтілсін делінген. Қазақ балаларына басқа тілдермен бірге міндетті түрде қазақ тілі де оқытылсын, кіші дәрежелі мектептерде оқу тегін болсын. Қазақ балаларына сабақ ана тілінде жүрсін; қазақтар ішінде мұғалімдер мектебі көп болсын. Білім беру саласында қазақ тілінде оқыту мәселелері кеңінен қарастырылған.

Ірі елді мекендерде – Көкшетау, Ақмола, Атбасар станицаларында алғашқы мектептер XIX ғасырдың орта шеңінде ашылды. 60-шы жылдар қарсаңында Көкшетауда екі мектеп жұмыс істеді. XIX ғасырдың соңында мұнда тағы бір мектеп – қыздар мектебі іске кірісті. 1850 жылы іргесі қаланған Щучинск станицасында 70-шы жылдары бастауыш мектеп болған.

Атбасарда 1914 жылы екі 4 сыныптық училище (оның бірі – орыс-қазақ училищесі), әйелдер мектебі, татар мектебі болды.

Ақмолада бұл уақытта 3 жалпы білім беретін училище (бірі әйелдер училищесі), ауыл шаруашылығы мектебі, реалдық училище, медіресе жұмыс істеді.

Училище мұқтаждығына жылына мемлекеттік қазына мекемесінен 280 және «қалалық қордан» – жергілікті бюджеттен 1049 сом жұмсалып отырған.

1917 жылғы революия кезіңде төңкерісшілер, жұмысшыларға зауыт-фабрика, орыс шаруаларына жер беруге шешті. Ал, қазақ халқының ең басты мәселесі оқу болды. Осыған байланысты қазақ жерінде оқу орындары ашыла бастады. Мәселен, 1918 жылдары Алашорданың өтінішімен Омбыда мұғалімдерге педагогикалық курс ашылды. Оның алғашқы директоры Мағжан Жұмабаев болды. Артынан осы оқу орны 1920 жылдары Қызылжарға көшті.

1914 жылы Ақмола облыстың 743 оқу орнында 49309 оқушы, соның ішінде Ақмола, Көкшетау және Атбасар уездерінің бастауыш мектептерінде 13225 бала оқыды.

20-шы жылдардың басыңда сауатсыз адамдарды және мектебі жоқ ауылдарды анықтайтын санақ жүргізілді. Көкшетауда, Атбасарда, Ақмолада мұғалімдердің үш айлық курстары ашылды, олар 1926 жылға дейін жұмыс істеп тұрды. Курстарда Омск, Тары қалаларынан келген оқытушылар дәріс берді. Мұнда біртұтас еңбек мектебі, педагогикалық психология және гигиена, оқу-жазуды және есеп шығаруды үйрету әдістері, сөздің психофизиологиясы туралы дәрістер жүргізілді.

1921 жылы 10 мамырда Көкшетау қаласында педагогикалық курстар өткен, осы курс бойынша Омбы қаласыңдағы тарихи мұрағатта құжаттар табылды. Бұл құжатта «В Омский губотнаробраз. Настоящим сообщаю, что выехать в город Омск согласно откомандирования в распоряжение губотнаробразов не могу, так как местными властями (Уотнаробразов, Уревкома) задержан для работы на Кокчетавских пед. курсах. Преподаватель Кокчетавского пед. курсов Ст.Логинов. 21 мая 1921 года. Кокчетав. № 8832» – деп көрсетілген.

XX ғасырдың басында қазақ ағартушыларының қатарын Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, А.Тұрлыбаев, Е.Итбаев, Ш.Қосшығұлов, Х.Болғанбай, т.б. толықтырды.

Сонымен қатар, 1918 жылдары Ташкентте қазақ балаларын оқыту мақсатында педагогикалық курстар ашылған. Ташкенттегі педагогикалық курстың мұғалімдерінің бірі Х. Болғанбай болды.

Болғанбай Хайретдин Әбдірахманұлы – 1894 жылы Ақмола облысы, Ақмола уезінде, (кейін – Нұра, одан соң – Қорғалжын ауданы) туып, 1937 жылы 21 қарашада Ташкентте жазықсыз атылған тұлға. Ол – журналист, қоғам қайраткері, әдебиетші.

Х.Болғанбай – ұлттық ағарту ісіне де өлшеусіз үлес қосқан азамат. Ол Қызылжарда, Ақмолада, Ташкентте оқушыларға сабақ беріп, оқу-білім саласын ұйымдастырып, А.Байтұрсынұлы бастаған ағарту ісін дамытты.

Жаз айларында 1913 жылы Торғай облысы, Ақтөбе уезі, Бөрте болысында ауқаттыларға жалданып, бала оқытады. 1915 жылы оқу маусымы біткенде Түркістан қаласында болады. Сол жылы күзде медресе үйі әскери лазеретке (I дүние жүзілік соғыс салдары) айналғанда, оқуын үзіп «Қазақ» газетіндегі жарнамаға (мұғалім қажеттілігі айтылған) иек артып, Ақмола гүбернесі, Атбасар уезіне келеді. Мұнда Кеңтүбек болысы Мәтенұлының балаларын оқытып, 1916 жылдың мамырына дейін тұрады. Мамыр айында Орынборға қайта барып, бір зиялылардың кеңесімен Шиеліге келіп, әйгілі Қалжан Қоныратбайұлының отбасы мұғалімі болып орналысып, оның інілері мен ауыл балаларын оқытады.

ХХ ғасырдың басында педагогикалық курстардың, училищілердің қызметі туралы Омбы тарих мұрағатында байқалды. Осы мәселе бойынша құжаттарды толығырақ келтірсек:

«Господину инспектору народных училищ Акмолинской области. Распоряжением моим от 16 августа 1902 года за №605 окончивший курс в Омском городском пятиклассным училище Мусульманбек Сеитов назначен учителем Эскеневскую аульную школу, Петропавловского уезда. подпись: Директор Алекторов».

«Господину инспектору народных училищ Акмолинской области. Распоряжением моим от 16 августа 1902 года за №610 окончивший курс в Устькаменогорском городском училище Павел Псарев назначен учителем Таспикетовской аульной школы, Атбасарского уезда. подпись: Директор Алекторов».

«Господину инспектору народных училищ Акмолинской области. Распоряжением моим от 10 августа 1902 года за №554 имеющий звание учителя начальных народных училищ, с правом преподавания в двухклассных училищах, Антон Герасимов назначен с 15 августа учителем в Кызыл-Агачскую аульную школу Кокчетавского уезда. Подпись: Директор Алекторов (Омский исторический архив ф.1, оп.1, д.1, л.60)».

Алекторов Александр Ефимович (1861-1918 жж) – орыс ориенталисті, миссионер. Қазақ тарихын, мәдениетін, этнографиясы мен ауыз әдебиеті үлгерін зерттеуші. Орынбор педагогикалық институтын бітірген. 1882 жылы Торғайға келгеннен бастап, халық ағарту саласында, Ақмола, Семей, Гурьев (қазіргі Атырау) облыстарында халық училищелерінің директоры, инспекторы бола жүріп, қазақ халқының тарихы, тұрмыс-салты, ауыз әдебиеті, тілі жөнінде көптеген зерттеу, жинау жұмыстарын жүргізген.

Осы мұрағаттық құжаттар бойынша Ақмола облысы, Петропавл, Атбасар, Кокчетав уездері бойынша мұғалімдер жеткіліксіз екенің анықтаймыз.

1920 жылдары ҰҚК (КГБ) мәліметіне қарағанда, Болғанбай Хайретдин Ақмола халық ағарту бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған.

Х.Болғанбай 1924-1928 жылдары Петропавлда губерниялық халық ағарту бөлімі меңгерушісінің орынбасары, педтехникум мен кеңес партия мектебінің (совпартшкола) мұғалімі, кеңес партия мектебі оқу бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарады.

1923 жылы Көкшетау уезінің өзінде ғана 1-ші баспалдақтағы (бастауыш) 107 орыс мектебі, 40-қа жуық ауылдық «қырғыз» (қазақ) мектебі, үш татар, үш неміс мектебі болды. Сондай-ақ қазақ балаларына арналған орыс тілінде оқытатын ауылдық уездік бастауыш мектеп жұмыс істеді.

20-шы жылдардың соныңда сауатсыздықпен күрес етек алды, сауаттандыру үйірмелері көптеп ұйымдастырылды.

Ағартушылық кезең шамамен XIX 60-ж. XX 30-ж.на дейін жетпіс жылға жуық созылады. Ал, мұны бір-бірімен байланыстағы үш бөлік құрайды: 1. Бастапқы Ағартушылық (1860-1890); 2. Негізгі Ағартушылық немесе Алаштағы (1890-1920); 3. Инерциялы Ағартушылық (1920-1929).



  1. М. Тынышбаевтың қоғамдық-саяси және ғылыми қызметі

Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда бұрынғы Жетісу облысы Лепсі уезі, Мақаншы-Садыр болысындағы Жыланды тауының баурайында Әлдекеұлы Тынышбайдың отбасында дүниеге келген. 1890 жылы 14 тамызда Верный қаласындағы Ерлер гимназиясына оқуға қабылданған. 1900 жылы гимназияны үздік аяқтап, император І Александр атындағы Жол қатынасы инженерлері корпусы институтының студенті атанады. 1900–1906 жж. Санкт-Петербургтағы Жол қатынасы инженерлері корпусы институтының студентi болып жүрген кезінде түрлi тарихи жағдайлардың куәсi болды. Бұл жылдарда (1900–1906 жж.) монархиялық билiкке қарсы саяси, әлеуметтiк-экономикалық талаптағы наразылықтардың, халық толқуларының жандануымен ерекшеленедi. Осы көрiнiстердiң барлығы жас студентке өз дәрежесiнде әсер етiп, оны толғандырған қалың ойдың жауабының табылуына, бiртiндеп қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптаса бастауына жол ашты. Студент шағында баспасөз беттерiнде отарлық билiктi аяусыз сынайтын уытты мақалалар жазып, ел iшiнде үкiметке қарсы үгiт-насихат жұмыстарын жүргiзумен айналысты. Сонымен бiрге патша билiгiне оппозициядағы орыстың түрлi партияларына (конституциялық-демократиялық және социалист-революционерлер партиялары), түрiкшiл және мұсылмандық қозғалыстарға да қатысады. Оның осы кезде жазылған атақты «Қырғыздар және азаттық қозғалыс» деген баяндама-мақаласы империя жандармериясының соңына тыңшы қоюына әкелді. 1907 жылы Жетісу облысының мұсылман халқы атынан ІІ Мемлекеттік Думаға сайлануы, оның сол кезеңде-ақ халық алдындағы беделі мен сенімге ие болғанын көрсетеді. М. Тынышбаевтың елге адал қызмет етудегі келесі қызметі — 1916–1917 жылдардың еншiсiне жатады. 1916 жылғы 25 маусым жарлығына қарсы шыққан халық көтерiлiсiнiң салдарын (Жетiсу облысындағы қазақ-қырғызға жасалған қанды қырғын, халықтың босқындыққа ұшырап, бұрынғы жұпыны күйлерiнен де айрылуы және т. б.) күнi бұрын-ақ болжап, көтерiлiстi болдырмауға тырысты. М. Тынышбаев күшi басым империялық билiкке қарсы шығудың, қарусыз халыққа тек қайғы-қасiрет әкелетiнiн алдын-ала түсiнiп, елдi сабырға шақырған «Қазақ» газетi төңiрегiндегi зиялылармен бiр пiкiрде болды. Кейiн осы көтерiлiстiң зардабын жою iсiмен айналысты. Ақпан төңкерісіне дейін Мұхаметжан өзінің темір жол инженері мамандығы бойынша Орта Азияда, Жетісу облысында біраз жыл қызмет етеді. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен өзге қазақ зиялылары сияқты ол да үлкен үміт күткен еді. Сондықтан да ол бұл кезде бел шеше қызмет етіп, қоғамдық-саяси қайраткер ретінде тез танылады. Ол 1917 жылдың ақпанында дүниеге келген Уақытша Үкiметтiң Түркiстан Комитетi құрамына мүше болып, халықтың трагедиясын шешуге барынша атсалысты. М. Тынышбаевтың қоғамдық-саяси қызметiнiң келесi бiр өте маңызды кезеңi — Алашорда үкiметi тарихынан табылады. 1917 жылдың соңына таман Ресейдегі биліктің дағдарысы мен анархияға ұшырауы Алаш зиялыларының ұлттық автономия мәселесін көтеруіне ықпал етеді. Бiрақ басталып кеткен азамат соғысы бұл шешiмнiң орындалуына қолайлы жағдай туғыза қойған жоқ. Соған қарамастан, Алашорда үкіметі бұрынғы империя метрополиясы мен отар аймақтарында пайда болған түрлі саяси билік құрылымдарымен келіссөздер жүргізіп, қазақ мүддесін қозғауға ұмтылды. М. Тынышбаев белсенді мүшесі болған ұлт автономиясының көсемдері, ең алдымен халықтың амандығын, бүтiндiгiн сақтауға тырысты. 1917 жылы қазан айында Томск қаласында өткен Жалпысібір съезіне өзге алаш қайраткерлерімен бірге қатысып, Сібір кеңесінің құрамына енгізіледі. Сол жылы желтоқсанда өткен Жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметінің мүшелігіне сайланып, кейін Алашорда үкіметінің төрағасының орынбасары ретінде көптеген заң актілеріне қол қояды. 1911-1918 жылдары теміржолдың Урсатьев-Әндіжан бөлімшесінде бастық, бас инженер қызметтерін атқарды. Одан кейін Жетісу теміржол бөлімшесінің Арыс-Әулиеата құрылысын басқарды. 1917 жылы шілдеде өткен Жал¬пықазақ съезінде Жетісу облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады. 1917 жылғы желтоқсан айында жарияланған Алаш автономиясы үкіметінің он бес мүшесінің бірі болады, «Алаш автономиясы аумағындағы уақытша жер пайдалану туралы Ереженің» жобасын қабылдауға қатысады. 1918 жылы бүкілтүркістандық ІV мұсылмандар съезіне қатысып, онда жарияланған Түркістан («Қоқан») автономиясының премьер-министрі болып сайланады. 1919 жылы Бүкілодақтық Атқару комитеті бүрынғы алашордалықтарға кешірім жариялағаннан кейін, ол Түркістан өлкесінің Семей халық ағарту комиссариатында жауапты қызметтер атқарады. 1924 жылдан бастап қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУде оқытушы болды. М. Тынышбаев қатарлы зиялылар кеңестiк билiктiң қайшылыққа толы қуғын-сүргiн саясаты жылдарында, ел мүддесіне адалдықтарынан титтей де жаңылған жоқ. Мұхамеджан Тынышбаев инженерлік кәсібін жалғастырып, ағартушылық және зерттеушілік жұмыстармен қоса айналысты. Ташкент қаласында орналасқан Қазақ Халық Ағарту институтында түркі-моңғол тарихынан дәріс оқып, физика, математика пәндерінен сабақ берумен айналысады. Fылыми еңбектерi арасында қазақ халқының этникалық және саяси тарихына арналған зерттеулері — «Қырғыз-қазақ руларының шежіресі», «Қырғыз-қазақтардың шығу тегі», «Қазақ хандығының құрылуы», «Қырғыз-қазақтар 17–18 ғасырларда», «Ақтабан шұбырынды» және т. б. көкейкестілігімен маңызы зор саналады [5]. Бұл еңбектердің тарихи-ғылыми құндылығын бүгінгі тәуелсіз еліміздің тарихи шежіресінен кездестіруге болар еді. Мұхамеджан Тынышбаев кәсiби қызметiнде Жетiсу жол құрылысы, Қызылорда, Алматы қалалары сәулет-ғимарат нысандарын жобалау және салу, «Түркiстан-Сiбiр» темiр жолын тұрғызу тәрізді ірі техникалық туындыларын қалдырып үлгерді. Әсіресе тұңғыш қазақ инженерінің атақты «Түркiстан-Сiбiр» темiр жолын салудағы еңбегi өлшеусiз [6]. Қазақстанның көлік және коммуникация әлеуетін қалыптастыруда Мұхамеджан Тынышбаевтың көшбасшы екенін бүгінгі ұрпақ ұмытпағаны ләзім. Кеңес үкіметі Алаш зиялыларының іс-әрекеттерін жіті назарда ұстап, 1937–1938 жылдары жаппай жазалауға ұшыратты. М. Тынышбаев 1930 жылдың 3 тамызында кеңес билігі тарапынан саяси қуғындауға түсті[7]. Ол бес жылға сотталып, Воронежге бес жылға жер аударылады.1933-1937 жылдары ол айдауда жүргенінде Москва-Донбас темір жол құрылысында жұмыс істейді. М. Тынышбаев ауырып, елге оралғанымен 1937 жылы қараша айында қайта тұтқындалады да, 1937 жылы Ташкент түрмесінде «Халық жауы» деген желеумен атылады. 1959 жылдың 29-қыркүйегінде Мұхаметжан Тынышбаев Қазақ КСР-сы Жоғарғы сотының, кейін 1970 жылы КСРО прокуратурасы мен Түркістан әскери округының прокурорының шешімімен ақталып шықты. Мұхамеджан Тынышбаевқа қатысты тарихи құжаттар мен деректер елімізде, ТМД елдері қалаларының (Мәскеу, Петербург, Самара, Уфа, Том, Қазан, Ташкент, Қоқанд, Ашғабад және т. б.) мұрағат қорларында және алыс шетелдерде түрлі ресми-қоғамдық мекемелер мен жеке коллекционерлердің қорларына шоғырланған.

  1. Ш. Құдайбердіұлы – ақын, философ, тарихшы, қоғам қайраткері

Шәкәрім Құдайбердіұлы – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды. Алашорда үкіметі құрылып, қазақ жерінде саяси өзгерістер шұғыл жүзеге аса бастаған шақта Шәкәрім Құдайбердіұлы облыстық соттың мүшелілігіне сайланды, Семей уездік земствосының мүшелігіне лайықталды. Қыруар саяси-әлеуметтік, ұйымдастырушылық қызметтер атқара жүріп өлеңдерін, мақалаларын «Сарыарқа» газетінде жариялауды да ұмытпайды. 1917 жылғы желтоқсанда Орынборда өткен екінші жалпықазақ съезіне арнайы шақырылған. Шәкәрім Алашорда үкіметінің қазысы, яғни биі болып сайланған.

Ол орыс, Батыс әдебиетінің тамаша үлгілерін қазақ оқырмандарына таныстырды. Лев Толстойдың шығармаларын аса жоғары бағалап, өз халқын дүние жүзілік озат мәдениетін игеруге тақырлы. Өзін ғұмыр бойы Толстойдың шәкіртімін деп санады. Онымен хат жазысып тұрды. Көтеріліске шыққан халық пен жергілікті билік өкілдерін татуластыруға, қантөгісті болдырмауға тырысқан ол жазалаушылар атқан оққа ұшып, денесі айдаладағы құдыққа тасталды. «Халық жауы» ретінде айыпталып, шығармаларын оқуға тиым салды. 1988 жылы ақын есімі толық ақталды.[ Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирик. өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. Ақын әрдайым халықтан қол үзбейді. Оның әшкерелейтіні де халық басындағы кемшілік, мақтан тұтары да халықтың қазынасы. Қандай әлеуметтік кеселді болсын ол уақыт ағымынан туған, міндетті түрде түзетуге болатын кемшілік деп біледі. Өзінің осы бағыттағы өлеңдерінде ақын сол көзеңдегі қоғамдық психологияны дәлме-дәл бере біледі. Халық ойына қозғау салу бағытындағы ақынның арқалайтын жүгін де салмақтай отырады. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік ең алдымен ақынның жанарына шалынса керек. Ақынның азаматтық сергек үні әсіресе 1917 жылғы төңкeрістер көзінде айқын естілді. Патша тақтан құлатылған сәтте «Бостандық таңы атты», «Бостандық туы жарқырап» деп қуана өлең жазды. Бір қарағанда ұран іспетті көрінетін бұл өлеңдерде жалаң қуаныш, лепірген сезім ғана емес, ақынның лирикасына тән терең философиялық ой бар. Ә дегеннен-ақ, ақын мына болып отырған жаңалықтан өзінше ой түйеді. Қуана тұрып, ол халқының бұдан былайғы өміріне ой жібереді. Ендігі заман еңбек адамынікі болу керектігін айтады.



  1. Ә. Бөкейхановтың Алаш автономиясын құрудағы рөлі

Қазақ халқының ұлттық-демократиялық қозғалысының жұрт кеңінен таныған көшбасшысы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов болды. Ол 1870 жылы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысына қарасты №7 ауылда дүниеге келді. Әлихан білімді, бостандық пен әділдікті жоғары бағалаған ортада өсті. Оның дүниеге көзқарасын қалыптастырып, дамыта түсуінде қазақтың халық ауыз әдебиетінің орасан зор ықпалы болды. Ал саяси көзқарасын қалыптастыруына Ұлы француз революциясының биік мақсат-мұраттары зор ықпал етті. 1890 жылы ол Омбы техникалық училищесін, 1894 жылы Санкт-Петербург Императорлық Орман шаруашылығы институтының экономикалық факультетін бітірді. Оқуды аяқтаған сон ол Омбы орман шаруашылығы училищесінде, Омбы қоныс аударушылар басқармасында біраз уақыт педагогтық, ғылыми және әкімшілік қызметтер атқарды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде Ә. Бөкейханов әуелі Тобыл губерниясын зерттейтін, кейін Ф. Щербинаның статистикалық экспедициясының жұмысына белсене қатысты. Осы кезеңде ол қазақ елінің экономикалық жай-күйін, шаруашылығын, этнографиясын, тұрмыс-салтын, материалдық және рухани мәдениетін зерттеді. 1903 жылы Петербургте «Ресей. Өлкеміздің толық географиялық сипаттамасы» деген ортақ атпен осы басылымның он сегізінші томы жарық көрді. Оның авторларының бірі Алаш қозғалысы көшбасшысы Ә. Бөкейханов еді. 1905 жылы Әлихан Бөкейханов Ресейдің земство және қала кайраткерлерінің Мәскеуде өткен съезіне делегат болып қатысты. Сол съездің биік мінберінен сөз сөйлеген ол өз халқының мүддесін, соның ішінде қазақ тілінің мәртебесін қорғап, былай деп мәлімдеді: «Мен Оралдан Алтайға, Сібір темір жолы желісінен Омбыға дейін... созылып жатқан орасан зор аумақта тұратын қырғыз деген халықтың өкілімін... Бізде... қырғыз тілінде оқытатын мектептерге қысым жасалады... шаруалар бастықтары (олардың басым көпшілігі бұрынғы ротмистрлер) әкімшілік және құқықтық істі қарау кезінде қырғыз тілін қолдануға мүлде жол бермейді. Қырғыздар ана тілінің еркін қолданыста болуына өте мұқтаж...» Ә. Бөкейханов халықтың біртуар перзенті, қазақ ұлт-азаттық қозғалысының шын мәніндегі көсеміне айналды. Омбы жандарм басқармасы бастығының мойындағанындай, ол «барлық митингілер мен петициялардың және үкіметке қарсы үгіттердің ұйытқысы, даладағы... қазақтардың барлық мәдени-саяси қозғалысының көшбасшысы және жетекшісі» болды. 1905 жылы Ә. Бөкейханов Ресей конституциялық демократтар (кадет) партиясына мүшелікке қабылданды. Осы жылы Қарқаралыда орыс отаршылдығына қарсы өткен қозғалысқа басшылық жасап, петиция ұйымдастырды. Ресейдің I Мемлекеттік Думасына Семей облысынан депутат болып сайланады. 1905—1907 жылдары кадеттердің «Степной пионер», «Степной край», «Иртыш», «Омич», «Голос» атты газеттеріне белсенді түрде мақалалар жазып тұрды. Ә. Бөкейханов ғылыми жұмыспен де белсене айналысты. Мәселен, ол Орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің жұмысына қатысты. Ол екі тілге бірдей жетік еді, қазақша да, орысша да еркін жазды. Оның қаламынан көптеген тарихи және этнографиялық туындылар, атап айтқанда, «Қырғыздар» («қазақтар» - авт.), «Сұлтан Кенесары Қасымовтың тарихына қатысты материалдар», «Қарқаралы уезіндегі қырғыздардың рулық құрылымы», Абай қазасына арналған «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» атты қазанамалық мақаласы, тағы басқа зерттеулері жарық көрді.

Ә. Бөкейханның қуғын-сүргін кезеңінен 2 жыл алдындағы мен ату жазасының күніндегісі.

1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейхан қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады.

Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейхан Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 71 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі.

1989 жылы мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.

Сөз соңында, ғалым, Ә.Бөкейхан XX ғасырдың алғашқы жартысында қазақ эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыдан зерттеген ғалымдарымыздың бірі болды. Ол қарастырған негізгі аспектілер: эпостың тарихилығы, қазақ фольклорының түрлері, шығу мезгілі, жыршы мен оның шеберлігі, қоғамдық ой-сананың жырда көрініс табуы, бейнелер, олардың атқарған идеялық қызметі, үлгінің көркемдік ерекшеліктері т.с.с.- әлі де қазақ фольклортану ғылымында өз маңызын жойған жоқ, және сол дәуірдің жетістігі болып саналатыны сөзсіз.



  1. Х. Досмұхамедовтың қоғамдық-саяси және ғылыми қызметі

ХХ ғасырдың басындағы бодандықтың бұғауындағы бейқам халықты өркениеттің өріне сүйреген көсемдердің көзге шалынар басты қасиеті – олардың қай-қайсысы болсын жан-жақты «сегіз-қырлы, бір-сырлы» тұлғалар болатын. Халел Досмұхамедовтың cаяси күрескер, жалынды патриот, әрі ғалым, әрі киелі өнер иесі және өз мамандықтарының білгірі болуы – кейінгі толқын жастарға үлкен өнеге. Халелдің Ақпан және Ұлы Қазан төңкерістері тұсындағы қызметіне айғақ боларлықтай аз да болса дәйектемелер бар. Соның бірі, 1917 жылы Орынбор қаласында жалпы қазақ-қырғыз съезінің болғандығы, оған Халелдің қатысқандығы туралы «Қазақ» газеті сол жылдың 14 қараша күнгі санында айта келіп, мұнда Торғай облыстық комитетінің құрылғандығын, оған бар болғаны 14 адам мүше екендігін хабарлайды.

Халел қажырлы қоғам қайраткері болумен қатар, ағартушы, ғалым, дәрігер екендігін де есте ұстауға тиістіміз. Қазақ халқы алдындағы перзенттік парызына өмірінің соңғы сәтіне дейін адал болған Халел Досмұхамедовұлы – халқымыздың тарихы мен мәдени өмірінде өзіндік із қалдырған біртуар перзенттердің бірі. Күні кешеге дейін бүгінгі ұрпақ оны «Алашорданың» көрнекті қайраткерлерінің бірі ретінде ғана білген болса, оның ғылыми-ағартушылық, педагогикалық мұрасы жеткілікті зерттелмеді. Кезінде жеке адамға табыну мен заңсыздықтың құрбаны болған Халел Досмұхамедұлы өз өмірінің ішінде артына орасан зор сарқылмас мұра қалдырды. Бүгінгі жазылып отырған мақала арқылы , қайтпас та, қажымас қайраткер, дара да, дана тұлға, әмбебап энциклопедистің ғылыми мұрасын жан-жақты зерттеп, кеңінен насихаттап, сол мұраның асылдарын халқымыздың рухани мүддесіне жарайды деген сенімдеміз. Халел Досмұхамедов ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократиялық бағыттағы зиялыларының көрнекті өкілдерінің бірі. Ол – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, ағартушы – педагог Қазақстанда және Түркістанда ғылым мен білім беру, денсаулық сақтау ісін талантты ұйымдастырушы болды. ХХ-ғасырдың 30-шы жылдардың екінші жартысынан бастап, валюнтаристік шешімдердің, қоғамдық және партия өмірі саласында өрескел жіберілген қателіктердің, әкімшілік-әміршілдік басқару әдісінің күшеюі, қазақ халқына қарсы бағытталған ауыр қылмыс түрінде байқалған және жеке адамға табынудың шектен шыққан өрескел көрінісінің кезеңі басталғанын тарихи құжаттар дәлелдейді. Халел Досмұхамедовтың табиғи дарынының ғұлама ғалым ретінде бай мүмкіншіліктерінің жан-жақты дамыған кезеңі – кеңестік кезеңде болатынды.



  1. А. Байтұрсынұлы – «Қазақ» газетінің редакторы, тіл білімінің негізін салушы ғалым, ақын

Ахмет Байтұрсынұлы (15.1.1872, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8.12.1937, Алматы қаласы) – қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. 1913–1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә. Бөкейханов, М. Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсыновты бекітті.Ол 1920 ж. тамызда құрылған Қазақ АКСР-і үкіметінің құрамына еніп, 1920–1921 жылы Қазақ АКСР-і халық ағарту комиссары қызметінде болды. 1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922–1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Байтұрсынұлы түрлі мемлекеттік қызметке ат салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылық-ұстаздық жұмысынан да қол үзбеген. 1921–1925 жылы Орынбордағы, 1926–1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді.Тұтас буынның төл басы болған Байтұрсыновтың алғашқы кітабы – «Қырық мысал» 1909 жылы жарық көрді. Ол бұл еңбегінде Ресей отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді.қынның азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері «Маса» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді (1911). «Масаның» негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды.Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Ол Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде (Орынбор, 1924), құрылтайында (Баку, 1926) араб жазуындағы әліпбидің қажеттілігін, құндылығын жан-жақты тұжырыммен дәлелдеген ғылыми баяндама жасады. Бұл әліпби ұлттық жазудың қалыптасуындағы ірі мәдени жетістік болып табылады. Ол халыққа ғылым-білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей, білім беру ісін жолға қоюға күш салды. Байтұрсыновтың «Оқу құралы» (1912) – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Бұл әліппе оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға дейін бірнеше рет қайта басылды. «Оқу құралы» қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады. «Тіл – құрал» – қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды.

  1. Қазақ мәдениетінде үлкен орын алатын «Айқап» журналының басты тақырыптары

Ұзақ уақыт күш-жігер жұмсап, аянбай еңбектенуінің арқасында М. Сералин 1910 жылдың аяғында журнал шығаруға рұқсат алды.

“Оқиғалар” айдарынан көрініп отырғанындай, жер-жерден Ташкент, Верный, Шымкент, Әулиеата, Орал, Қостанай, Торғай, Ақтөбе, Маңғыстау, Бөкей Ордасы, Омбы, Қапал, Семей, Аягөз және басқа жерлерден хабарлар түсіп тұрған.

“Бізге не істеу керек?” деп аталған мақаласында “Айқап” өз бағдарламасын былай деп белгілеген:

“1. Отырықшылыққа көшу, қалалар тұрғызу, жерден қол үзбеу.

2. Мектептер мен медреселер ашу, білімді әрі мәдениетті болу.

3. Дін істерін өз қолына алу, өз мүфтиін сайлау.

4. Мемлекеттік Думаның мінберінен халық мүдделерін қорғау және оларды үкіметке жеткізе алатын депутаттардың болуы.

5. Петербургте тұрақты өкілдік болуы.”

“Айқап” нөмірден-нөмірге жер мәселесіне зор көңіл бөліп отырды. Бұл түсінікті де. Патша өкіметі орыс және украин шаруаларын қоныс аудару қозғалысының қарқынын ұлғайту мақсатына қазақтардың құнарлы жерлерін күштеп тартып алу жолымен “қоныс аудару қорын” құрды. “Айқап” жетекшілері мұндай жағдайда көшпелілер мен жартылай көшпелілердің отырықшылануы, “тұрғылықты ауылдық елді мекендер” салу, егіншілік негізінде қазақ шаруаларының тұрмыс-салтын өзгерту қажет деп саналды. “Айқап” журналы ағарту ісі мен мәдениеттің жаршысы болды. М. Сералин “біздің ғасырымыз-ғылымның ғасыры” деп санады. Ол Ш. Марджанидің, Ы.Алтынсариннің ізбасары болды. Жәдидшілдіктің, жаңа әдіспен дауыстап оқытудың атасы И. Гаспринскийді өзінің ұстазы және тәләмгері деп білді. Сонымен бірге М. Сералин “Айқап” беттерінде мұсылмандардың қасиетті кітабының мазмұнын ыңғайлы, түсінікті нысанда баяндауға тырысқан авторлардың мақалаларын жариялап отырды.

“Айқап” журналының қазақ фольклорын зерттеудегі, абайтануды қалыптастырудағы, орыс және дүниежүзі классикалық әдебиетінің рухани мұрасын насихаттауда атқарған рөлі зор. Сонымен бірге журнал беттерінде кейде жаңа әдіспен оқытуға түрік-татар көзқарасын уағыздайтын жарияланымдар басылып отырды. М. Ж. Көбеевтың, Д. Қашқынбайұлының және басқалардың мақалаларында діншілдік және шариғатқа бейімдік сарыны болды. “Айқап” беттерінде түркі-татар тілінде жаңа әдіспен оқытуға артықшылық берген, А. Байтұрсыновтың қазақ жазуы саласындағы реформаторлық ізденістеріне қарсы шыққан авторлар ұйымдастырылған түрде жарияланып отырды.



  1. «Қазақ» газеті – Алаш идеясының үні болғандығын дәлелдеңіз.

«Қазақ» газеті – Алаш идеясының үні болғандығын дәлелдеңіз. тут крч про казак газети расскажем, тип керек болды итд и дальше импровизвция. Қазақ газеті — 1913—1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. № 1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.

1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы — «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл — қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, „Қазақ“ газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.

«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы — Ахмет Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М. Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлы, М. Шоқай, М. Тынышбайұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ғ. Қараш, Р. Мәрсеков, Ж. Тілеулин, Ғ. Мұсағалиев, М. Жұмабаев, Х. Болғанбаев, Х. Ғаббасов, Ж. Ақпаев, Ж. Сейдалин, С. Торайғыров, А. Мәметов, С. Дөнентайұлы, Х. Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.

XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.

1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы — «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл — қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, „Қазақ“ газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.


  1. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліске қатысты қазақ зиялыларының саяси көзқарастарындағы ортақтық пен өзгешеліктерді талдаңыз.

Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді.

Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет