Государственного педагогического



жүктеу 2.28 Mb.
Pdf просмотр
бет14/35
Дата07.04.2017
өлшемі2.28 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35

Әдебиеттер тізімі: 
1.Гумилев Л. Кӛне түріктер. (-Алматы, «Білім», 1994 жыл, - 480 б.) 
2.Қайдаров Ә., Оразов М. Түркітануға кіріспе (-Алматы, «Қазақ университеті», 1992, -248 б.)   
3.Салқынбай Анар. Тіл тарихын зерттеген кемел ғалым (//«Егемен Қазақстан», 18 ақпан, 2012 ж.) 
4.Сүлеймен Мамет. Түркі тарихын түгендеген. (//«Егемен Қазақстан», 18 ақпан, 2012 ж.) 
5.Ахметов Ә. Еуразия кілті: Бесінші ӛркениет табалдырығында. (-Астана, 2011 ж.) 
6.Ысқақов Д. Түркі халықтарына ортақ әдебиет (//«Қазақ әдебиеті», 14.10.2011ж.,№41) 
7.Алдан  Смайыл.  Аттила  –  Еділ  жайлы  шетелдік  барлық  шығармалар  Қазақстанда  басылып, 
сахналарда қойылуы қажет. (//«Егемен Қазақстан», 18 ақпан, 2012ж.) 
8.Ыбыраев Ш. Астана – түркі әлемінің рухани орталығы. («Егемен Қазақстан», 24 ақпан, 2012 ж.) 

 
87 
9.Керімбеков М. Ата тәрбиесі. (Алмастай асыл ойлар), І-ІІ кітап, (-Түркістан қаласы, -1998 ж., -100 б.) 
10.Керімбеков  М.  Шежіре  –  кӛшпенді  ӛркениет  мәдениетінің  куәгері  (эссе  -  шежіре)  (//«Ғылым 
жолы»,  -Тараз қаласы, №6, 2009, 18-29 б.); 
11.Керімбеков  М.  Қайталаудың  кӛркемдік  және  теориялық  ерекшелігі.  Кітап  –  білім  бұлағы 
(анофоралық қайталау) (//«Ғылым жолы», -Тараз қаласы, №2(8), 2010, 22-29 б.); 
12.Керімбеков  М.  М.Әуезовтің  философия  жайлы  ойлары  және  қазақ  ырымдары  мен  тыйымдары 
туралы (//«Ғылым жол», -Тараз қаласы, №4(10), 2010, -66-71б.); 
13.Керімбеков  М.  Мектепте  М.Әуезов  пен  Абай  шығармаларын  жаңа  бағдарламамен  оқыту 
мәселелері (//«Ғылым жолы», -Тараз қаласы, №4 (10), 2010, -121-181 б.).    
   
Аннотация.  В  этой  статье  сказано  об  исследование  каганата,  развития,  о  рождение  и  падение 
древнетюркского  народа,  объемные  вопросы  исторического  происхождение,  давали  знаки 
политической жизни турков, их ней жизни, языку, религий, культуры индивидуального центра Азии 
которые  на  свое  время  делились  на  две  эпохи  –  древней  и  средневековый  а  также  рассмотрение 
географического места. 
Annotation.  In  this  article,  the  study  said  about  kaganate  development,  the  creation  and  fall  of  ancient 
Turkic people, the bulk of the historical origin of the questions, gave signs of political life of the Turks, their 
her life, language, religion and culture of the individual to the center of Asia that time divided into two eras - 
ancient and medieval as well as consideration of the geographical location. 
 
 
 
ӘОЖ 801. 311 
      К 90 
 
ҦЛТТЫҚ ҚҦНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
М. Керімбеков 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Қазақ халқының ұлттық құндылықтары жайлы баспасӛз беттерінде жиі айтылса да, ӛсіп, дамып, 
жетіліп  келе  жатқан  жас  ұрпақ  –  ұлттық  құндылықтарымыз  туралы  кӛбіне  түсіне  бермейді. 
Республикалық  «Егемен  Қазақстан»,  облыстық  «Ақжол»,  тағы  басқа  газеттердің  беттерінен  ұлттық 
құндылықтар  жайлы  шыққан  мақалаларды  оқырмандар  оқыған  сайын  қиналады.  Әрине,  газет 
беттерінде  жарияланған  мақалалардың  бәрі  бірдей  жас  ұрпақтың  кӛңілінен  шыға  бермейді.  Соңғы 
жылдары кӛбіне саяси мақалаға  кӛбірек назар аударуда. Бұл заман ағымына орай жазылған, қазіргі 
қоғамның  жүрек  дүрсілін  білдіретін  замани  ағымның  рухани  байлығын  байқатады.  Қазіргі  заман 
айнасы – саяси мақала болып табылады. 
Жақында  «Егемен  Қазақстан»  газетінде  жарияланған  «Мәртебе  -  мерей»[2]  тақырыбындағы 
профессор  Жұмағали  Ысмағұловтың  саяси  мақаласы  шықты.  Автор  Астанамызда  ӛткен  саммит 
туралы  тарихи  деректерді  әдеби  тілмен  шебер  түсіндіріп,  Президентіміз  Н.Ә.Назарбаевтың 
мәртебесіне  лайықты  ойларын  ортаға  салады:  «Саммит!  Соңғы  жылдары  саяси  ӛмірге  сіңіп  кеткен 
осы  сӛзде  қандай  мағына  бар?  Бұл  сұрақ  саммиттің  бас  кезінде  телеэкран  арқылы  да  қойылды. 
Ағылшын тілінде «Summit» деп жазылатын сӛз орыс сӛздігінде «вершина» деп аударылыпты. Бізше 
«шың»  деген  сӛз  ғой.  Ауыспалы  мағынасы  «предел»,  «верх»  болғанда  да,  біздің  тілімізде  «шегі», 
«жоғарғы  деңгейі»  дегенді  білдірсе  керек.  Қазір  бұл  барлық  елдерде  дәрежелі  топ  ӛкілдерінің  бас 
қосқан  ең  жоғарғы  деңгейдегі  мәжілісі  мағынасында  қолданылып  жүр.  Олай  болғанда,  Еуропаға 
қатысты  басқосудың  біздің  Астанада  ашылып  отырғанын  қалай  түсінген  мақұл?»  -  деп,  мақала 
авторы оның себептерін ӛзінше айқындайды. 
Оны  түсіну  үшін  ой  кӛзіміздің  жанарын  ӛткен  заманға  қарата,  нақтылай  айтқанда,  кешегі 
ғасырдың  екінші  жартысынан  былай  қарайғы  ғаламдық  ӛмір  белестеріне  аударуымыз  керек»  -  деп, 
[2] XX ғасырдың қырқыншы жылдарынан бергі кезеңдегі тарихи қағидаларға байланысты ӛзгермелі 
саясаттың  деректерін  алдымызға  жаяды.  Мақаланы  оқып  отырып,  саммиттің  Орта  Азиядағы 
Қазақстан  Астанасында  не  себепті  ӛткенін  түсінеміз.  Бұл  мақала  авторының  сӛз  шеберлігінен 
туындаған  мәртебе  болса  керек.  Журналистік  қабілет  –  мақала  авторының  тұлғасында  айқындай 
түседі. 

 
88 
Профессор  Жұмағали  Ысмағұловтың  мақаласы  оқырман  кӛңіліне  ой  салып,  түйінді  ойларға 
жетелейді.  Кӛптеген  ғалымдар  ғылыми  мақала  жазуға  тӛселгенімен,  саяси  мақала  жазуға  келгенде 
тайсақтайды.  Саяси  мақаланы  кӛбіне  белгілі,  танымал  философ-ғалымдар  жазып,  қоғамдық  сананы 
дамытудағы  ӛз  ойлары  арқылы  оқырмандардың  саяси  бағыттағы  кӛзқарастарын  дұрыстауға  күш 
салады. 
Кезінде  мәдениет  министрі  болған,  қоғам  және  мәдениет  қайраткері  Ілияс  Омаров  туралы  «І. 
Омаровтың әдеби-сыншылық мұрасы» тақырыбыма (2002)  ғылыми жетекшілік еткен профессор Ж. 
Ысмағұловтың  баспасӛз  беттерінде  жарияланып  жүрген  әрбір  мақаласы  кӛпшілік  назарын  аудара 
түседі. Оның «Даналықтың даңғыл жолында» - деген мақаласында танымал журналист Сапар Байжан 
туралы  айта  отырып,  [2]  кӛңіліңе  ой  салып,  даналықтың  даңғыл  жолына  бағыттайды.  Мақаладағы 
жазушы  туралы  ойлары  оқырманның  кӛңілін  оята  түседі.  Журналист  Сапар  Байжанның  жазушы 
жайлы пікірлері ойға ой қосады. 
«Әр жазушы, - деп жазған ол, - халық алдындағы, тарих алдындағы азаматтық парызын әртүрлі 
жолдармен  ӛтейді.  Біреулер  халқының  ертедегі  ерлік  шежіресін  тәптіштеп  зерттеп,  ой  кӛзімен 
таразылап, халқына, келер ұрпаққа сабақ есебінде ӛз түсінік танымын, тұжырымын айтуға тырысады. 
Біреулер  арғы-бергі  қаһармандар  ішінен  ӛзі  ұнатқан,  пір  тұтқан  бірер-ерен  адамның  ӛмір  жолын 
егжей-тегжейлі зерттеп, соның елеулі бір сипатын, ерлігін, азаматтығын ұрпақтарға үлгі етіп, тарихта 
қалдыруды  мұрат  етеді.  Енді  біреулері  бүгінгі  ӛзі  ӛмір  сүрген  дәуірдің  елеулі  құбылыстарына 
суреткерлік  кӛзбен  зер  сала  үңіледі,  ӛз  замандастарының  ішінен  типтік  қаһармандар  табады  да, 
солардың ӛмірін творчествосына арқау етеді, айналасындағы адамдардың бойындағы ізгі қасиеттерді 
паш етіп мадақтайды, ұнамсыз, келіссіз атаулыны шенеп, мінейді. Сӛйтіп, күнделікті ӛмір ағымына 
жедел  ықпал  етуді,  келер  ұрпаққа  ӛз  дәуірі,  ӛз  замандастары  жайлы  ескерткіш  қалдыруды  мақұл 
кӛреді» - деп, журналистік түйінді ойларын алдыңа тартады. 
Мақалада  1946  жылы  Қазақ  мемлекеттік  университетінің  журналистика  факультетіне  бірге 
келіп,  оқуға  түскені  айтылады.  Атақты  жазушы  М.Әуезовтың  «Қазақ  фольклоры»  мен  Қажым 
Жұмалиевтің  «Әдебиет  теориясынан»  қызықты  дәрістер  бергені  жайлы  деректер  береді.  Сол 
кезеңдегі республикалық деңгейдегі жауапты мемлекеттік, қоғамдық  лауазымдық қайраткерлер мен 
жоғары  атақ,  дәрежелері  бар  ғылыми  қызметкерлер  Тауман  Амандосов,  Тұрсынбек  Кәкішев, 
Темірбек Қожакеев, Әбілфайыз Ыдырысов, т.б. жайлы айтады. Ғылымның даңғыл жолында адаспай 
еңбек  еткен  ақын-жазушы,  сыншы-ғалымдардың  ұлттық  құндылықтарымызды  сақтау,  дамыту, 
үйрету жолындағы еңбектеріне назарымызды ерекше аударады. Ұлттық құндылықтарымызды сақтау, 
дамыту, үйрету – тәрбие мен білім беруден басталады. Оның қалыптасу деңгейі отбасынан, балалар 
бақшасынан,  мектептен,  жоғары  оқу  орындары  мен  колледж,  лицейден  бастау  алады.  Ұлттық 
құндылықтар  жайлы  Жамбыл  облысының  әкімі  Қанат  Бозымбаевтың  «Қызметімнің  бағасын  халық 
беруі тиіс» деген [3] «Ақжол» газетінің редакторы Ғалым Қасабай мырзамен сұхбатында айқындала 
түседі. Газет редакторының: 
-
 
Ұлттық құндылықтарымыз туралы, оны ұл-қыздарымыздың бойына қалай сіңіреміз? – деген 
сұрағына, облыс әкімі парасаттылықпен жауап береді: 
-
 
Біз, дәл қазіргі таңда қазақтың хас батыры Бауыржан  Момышұлының ұлттық тәрбие туралы 
айтқан ойларына әр кезде де бағдар ұстауымыз қажет. Міне, сол Баукеңнің «Ерліктің сан түрі болады. 
Оның  ішінде  бала  тәрбиесін  сүтпен  сіңіру  де  ерлік»  деген  сӛзі  бар.  Біз  бала  тәрбиесін  отбасынан 
басталатын тәрбиемен сіңіруіміз қажет. Қоғамдық ой-сананы қалыптастыру да осы бала тәрбиесінен 
басталады. Ұлттық құндылықтарымызды, ұлттық тәрбие-тәлімді әр баланың бойына бесіктен  сіңіре 
алсақ,  соңыра  талай  қазақ  баласы  сырттан  келер  әр  түрлі  мерездерді,  жат  құбылыстарды  бойына 
жолатпайды. Сонда ғана олар діндегі, ділдегі (менталитетіміздегі – М.К.) – жалпы қоғамдағы болып 
жатқан зиянды құбылыстарға қарсы тұра алатын болады.  
Отбасы  құндылықтары  дегеніміз  осы  –  деп  облыс  әкімі,  тәрбиені  тереңнен,  отбасының 
шаңырағынан бастау керектігін білгірлікпен тілге тиек етеді. Отбасы тәрбиесі арқылы жас ұрпақтың 
білімнің даңғыл жолына адаспай түсуіне бағыт беріп, ұлттық құндылықтарды ана сүті арқылы бойға 
сіңірудің  жолын  айқындайды.  Ата-бабаларымыздың  ежелгі  заманнан  дамып  келе  жатқан  түрік 
халықтарының  кӛне  тәрбие  құралдары  ырымдар  мен  тыйымдар,  мақал-мәтелдер,  жұмбақ, 
жаңылтпаштар, терме, ӛсиет, баталар мен тұрмыс-салт ӛлеңдері арқылы қазақ халқының әдет-ғұрып, 
салт-дәстүрлерін жас ұрпақтың бойына сіңіру – ұлттық құндылықтарымызды арттыра түседі. 
Облыс  әкімі  Қанат  Бозымбаев  мырзаның  айтар  ойы  ұлттық  құндылықтарымызды  ұл-
қыздарымыздың  бойына  отбасы  тәрбиесі  арқылы  сіңіру  аса  маңызды  іс  екенін  ашып  айтады.  Жас 
ұрпақ  бойында  ұлттық  құндылықтарымызды  сақтау,  дамыту,  үйрету  –  тәрбие  мен  білім  беруден 
басталады. Ұлы бабамыз Әл Фараби де тәрбиеге басты назар аударған. 

 
89 
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Жолтай Жұмат мырзаның: «Қуана 
білейік, ағайын!» - деп, замани зиялылар зердесіне арнап жазған мақалада отбасындағы қарттардың 
бала  тәрбиесі  туралы  [4]    ойлары  айтылады.  Мақала  қызықты  да,  тартымды  әрі  кең  кӛлемде 
жазылған.  мақаланың  басты  тірегі  –  ұлттық  құндылықтарымызды  сақтау,  дамыту,  үйрету  –  тәрбие 
мен білімнен бастау алатынын ерекше атайды. Мақала авторы: «Ұлт қайраткерлерін шығару – ұлттың 
ӛз  қолында!  Оны  ешбір  ел  бізге  дайындап,  әкеліп  бермейді.  Не  де  болса  ӛз  ішімізде  ӛсуі  керек, 
қалыптасуы керек. Жақсы  ғалым шығарамыз десек, жас жігітке (ғалымға  М.К.) мүмкіндік туғызып, 
оның  әрбір  адымына  қолдау  жасауымыз  қажет.  Ӛз  саласы  бойынша  барынша  ізденіп,  діттеген 
межесіне  жетуіне  мүмкіндік  беруге  тиіспіз.  Бізде  онан  гӛрі  аяқтан  шалып  жіберу  әдеті  белең  алып 
бара  жатқандай.  Ең  қиыны  –  аяқтан  кім  шалды  деп  іздеу  сала  бастасаңыз,  ешнәрсе  таба  алмайсыз. 
Кӛз алдыңызда алдыңдағының бәрі де сүттен ақ, судан таза. Бәрі де періште. Ал, бірақ... тасада тұрып 
тас атушы кӛп. Кӛрінбейтін жау кӛбейе бастады. Бұл – жақсы үрдіс емес. Ұлт үшін аса қауіпті індет» 
-  деп  ашық  айтады.  Жазушы  Жолтай  Жұматтың  мақаласын  оқып  отырып,  бұдан  он  ғасыр  бұрынғы 
ақындар патшасы атанған, шығыстың ұлы ақыны Рудакидің алтын ӛлеңдері еріксіз ойға түседі: 
Мәртебең ӛссе, құлди сені қуалар, 
Құлдиласаң мәртебе бірге сырғанар. 
Бақ  үшін  жұрт  осылай,  шырмауыққа  шырмалар  –  деген  ӛлең  жолдары  ӛмірде  жолы  болмай 
жүрген  ақын-жазушыларға,  ғалымдарға  арналғандай.  Қазіргі  таңда  классик  ақын-жазушылар 
біртіндеп  азайып  барады.  Елдегі  қалған  аз  қарттардың  жағдайып  біліп,  амандығын  тілеген  автор 
«Қуана білейік, ағайын!» деп, жан дауысын еліне паш еткісі келеді. Қызылордалық жазушы Жолтай 
Жұмат мырза  қазіргі  қарттар  жайлы  ӛнегелі  де,  ӛміршең  ойларға  жетелейді.  Ойға  ой  қосады,  ой  – 
даналыққа жетелейді. Ӛмірде қартты сыйлай білсе – дана, сыйламаса   бала болады. Қарт қайғымен 
ӛмірін  күзетеді,  бала  –  ӛмірін  ойынмен  ӛткізеді.  Даналық  –  қартқа  тән,  басшылық  –  әкімге  тән. 
Қарттан – даналық күтесің, әкімнен – жақсылық күтесің! – деген ой түйіндері еріксіз ойға оралады. 
Ойды  –  ой,  сӛзді  –  сӛз  қозғайды.  Ұлттық  құндылықтарымызды  сақтайтын  да,  дамытатын  да, 
үйрететін де – отбасындағы ақылды қарттар екені даусыз ақиқат. Отбасындағы қарттарға қамқорлық 
жасап, ӛмір шындығына ой жіберткізіп, қазіргі жас ұрпақтар тәрбиесіне бағыттай білу баршамыздың 
міндетіміз. 
Ұлттық құндылықтар жайлы профессор Мырзатай Жолдасбековтың «Бақыт бағалағанның ғана 
басында  тұрады»  -  деген  саяси  мақаласында    [5],  байырғы  Түркі  қағанаты  дәуірінен  бізге  жеткен 
ақыртастағы  (Орхон  жазбаларындағы  –  М.К.)  осыдан  он  үш  ғасыр  бұрын  тасқа  ойып  жазылған 
ұлағатты кеңесіне назарымызды аударады: 
Тәңір жарылқағандықтан, 
Ӛзімнің бақытым бар болғандықтан, 
Қаған отырдым, 
Қаған болып, 
Кедей халықты бай қылдым... 
... Тату елге жақсылық қылдым. 
Тӛрт бұрыштағы халықты 
Бейбіт қылдым, 
Тату қылдым, - деп, түркілік ӛлең жолдарын тілге тиек етеді. 
Мақала авторы: «Жер бетіндегі Біріккен Ұлттар Ұйымынан кейінгі үлкен  құрылым  – 56 елдің 
басын қосқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының үшінші мыңжылдықтағы, XXI 
ғасырдағы  Қазақстанның  тӛрағалығымен  Астана  қаласындағы  1-2  желтоқсанда  ӛткен  саммит 
қорытындысын телеэкраннан кӛріп, қуанышымыз арта түсті. Саммит арқылы Қазақстанды бүкіл әлем 
таныды, қазақ халқының қонақжай екенін білді» - деп, қуанышын паш етеді. 
Тараз  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  ректоры,  тарих  ғылымының  докторы, 
профессор  Асқар  Абдуалының  «Тӛрағалық  –  Қазақстан  үшін  тарихи  мәртебе»  деген  кең  кӛлемде 
жазылған  саяси  мақаласында    [6]    саммиттің  тарихи  мақсаты  мен  міндеттеріне  қысқаша  шолу 
жасайды.  Мақала  авторы:  «Астана  саммиті  еліміздегі  ұлтаралық  татулық  пен  келісімнің  бірегей 
моделін  әлем  жұртшылығына  танытады.  Қазақстан  халқының  бірлігін  нығайтып,  патриотизмін 
арттырады.  Отанымыздың  қауіпсіздігі  мен  тұрақтылығын  қамтамасыз  ете  отырып,  тәуелсіздікті 
нығайта түседі. 
...Бұрын әлем елімізді кӛп мемлекеттердің бірі ретінде ғана білсе, енді 56 мемлекеттің тӛрағасы 
ретінде  таныды.  Осы  орайда  «Би  бол.  Би  болмасаң  би  түсетін  үй  бол»  деген  халық  даналығына 
ерекше мән береді. Мақала  авторының айтар ойы айқын. Қазақстанның даму тарихына да қысқаша 

 
90 
шолу  жасай  отырып,  халқымыздың  ұлттық  құндылықтарын  сақтау,  дамыту,  үйрету  –  тәрбие  мен 
білім негізінен басталатынын ашып айтады. 
Саммит ӛтісімен арада апта ӛткенде Астанадағы Президенттік мәдениет орталығында еліміздің 
Мәдениет  және  Сыртқы  істер  министрліктерінің  ұйымдастыруымен  Түркітілдес  мемлекеттердің 
ынтымақтастық  кеңесін  құру  туралы  келісім  негізінде  құрылған  Түркітілдес  мемлекеттердің 
Ақсақалдар  кеңесінің  бірінші  отырысы  ӛткендігі  жайлы  Ләйла  Еділқызының  «Мақсат  –  рухани 
тамыры  бір  халықтарды  жақындастыру»  туралы  шағын  мақаласында  Түркітілдес  мемлекеттер 
Ақсақалдар  кеңесінің  мүшесі,  ҚР  Президенттік  мәдениет  орталығының  директоры,  профессор 
Мырзатай Жолдасбековтың басқаруымен алқалы жиынның мәжілісі ӛткізілгендігі туралы айтылады. 
Онда М.Жолдасбеков: «Біз енді 15 ғасырдан кейін, 1500 жылдан кейін әртүрлі себеппен атажұртынан 
кӛшіп, жан-жаққа бытырап кеткен Кӛк түріктің ұрпағының қайта басын қосатын заман туды»,  - деп, 
самиттен кейін ӛткізілген  Ақсақалдар кеңесінің маңыздылығына тоқталады. Осы жиында Қазақстан 
Президенті  Н.Ә.  Назарбаевқа  «Құттықтау  хат»  [5]    жолдады.  Онда:  «Әлемге  танымал  беделді 
ұйымның Тӛрағасы әрі шақырушы ел ретінде Қазақстан ӛз атын адамзат тарихына алтын әріптермен 
жазды!  Қазақстанды  бүгінде  әлем  таныды,  атынан  түсіп  сәлем  беретін  халге  жетті.  Тәуелсіздіктің 
елең-алаң  жылдарында  Сіз  кӛтерген  «Еуразия  идеясы»  бүгінде  шын  мәнінде  жүзеге  асты.  Түркі 
дүниесі Ақсақалдар кеңесінің алғашқы отырысы да табыспен ӛтті. Енші алып, түгел түрік тарасқанда 
қазақта  қара  шаңырақ  қалған  жоқ  па»,    деп  Мағжан  ақын  жырлағандай,  Түркі  дүниесі  Ақсақалдар 
кеңесінің бірінші отырысы – осы қара шаңырақта, Қазақ елінде, Президенттік мәдениет орталығында 
ӛтіп отыр. Мұны да жақсы ырымға жорыдық»  - деп қорытынды сӛзінде жақсы ырымның жақсылық 
әкелетініне  сенеді.  «Егемен  Қазақстан»  газетінің  бетінде  «Астана  саммиті  –  жаңа  дәуірдің  басы» 
деген  тақырыппен  республика  қаламгерлерінің  қолдауы    [7]    жарияланып,  баспасӛз  бетінде 
қаламгерлер ӛз ойларын шабытпен шалқыта түсуі де жақсылықтың бастамасы. 
Жақсы ырым – жаңа істің бастамасы. Қазақ халқы  – ежелгі заманнан ырымшыл халық болған. 
Жақсы ырымнан – жақсылық басталады. Тәңірге табынған  халқымыз түркі дүниесінің мақсаты бір, 
ойы  бір,  тілі  мен  ділі  бір  екендігін  байқатты.  Түрік  халықтарына  ортақ  халықтың  тәрбие 
құралдарының  бірі  -  ырымдар  мен  тыйымдар.  Табиғат  пен  мифтің,  діннің  тылсым  күштері  ӛмірге 
ырымдар  мен  тыйымдарды  әкелді.  Жақсы  ырым  адамзаттың  ақыл-ойын  дамытып,  ӛмірдегі  тыйым 
заңдылықтарын  тудырды.  Түркі  тілдес  халықтардың  сан  мыңдаған  ырымдары  ӛмірден  ӛз  орнын 
тауып, халық санасын оятып, ұлттық құндылықтарымызды сақтап, дамыта түсуде. Халықтың ұлттық 
тілі  мен  ділі  (менталитеті),  діні  мен  мәдениеті,  әдебиеті,  саясаты  қатар  дамып,  адамзаттың  бейбіт 
жолмен дамуына зор ықпал етуде. Тілдік қорымыздағы сан мыңдаған ырымдары мен тыйым сӛздері 
арқылы  тіліміз  үнемі  дамып  келеді.  Амал  не,  заман  ӛткен  сайын  қарттар  арасы  сиреп,  ақсақалдар 
азайып барады. Халықтың ежелгі заманғы ұлттық құндылықтарының алғашқы туындылары ырымдар 
мен тыйымдардың дамуына кеңес дәуірінде (1917-1991ж.ж.) кедергілер кӛп жасалынды. Дамып келе 
жатқан  ұлттық  құндылығымызды  отбасында,  балабақшада,  мектепте,  жоғары  оқу  орындарында 
айтуға, үйретуге тыйым салынды. Оны айтқан ұстаздар мен ғалымдар үнемі саяси қысымда болды. 
Кӛне  заманғы  ырымдар  мен  тыйым  сӛздерді  «діни  сӛздер»,  олар  халық  санасын  улайды  дегенді 
сылтау етті. Бабаларымыздың ӛз ұрпағына мирас етіп қалдырған ұлттық құндылықтарымыздың бірі 
ырым-тыйым  сӛздерді  «ырым-жырым»  деп  мазаққа  айналдырып  келді.  Мектеп  басшылары  мен 
ұстаздар,  тәрбиешілер  болса,  ырым-тыйым  сӛздердің  мағынасы  қандай  екеніне  назар  аудармады. 
Қазақ халқының қанына сіңген сан мыңдаған ырым-тыйым сӛздердің бірін білсе, бірін білмеді. Ата-
бабамыздан қалған алмастай асыл сӛздердің білімдік негізін, тәрбиелік және әдеби мәнін, логикалық 
мағынасын  мектепте,  отбасында  түсіндіруге  қиналды.  Жас  ұрпақтарға  ырымдар  мен  тыйымдарды 
ата-аналар, ұстаздар, тәрбиешілер үйретпеді. 
Халыққа  ұлттық  құндылықтарды  түсіндіру  –  баспасӛздің  басты  мақсаты  болуға  тиіс.  Ол  үшін 
қазіргі  баспасӛзде  қазақ  ырымдары  мен  тыйымдарының  әдеби  мәні  жайлы  материалдар  кӛбірек 
жарияланғаны жӛн. Күнделікті теледидар арқылы  халық санасын оятып, ұлттық құндылықтарымыз 
жайлы түсініктер берілсе кӛптік қылмайды. Қазіргі таңда отбасындағы ырымдар мен тыйымдардың 
ежелгі  заманғы  нұсқасын  айта  алатын  ақылды  қарттар  мен  ақсақалдар  саны  санаулы-ақ.  XX 
ғасырдағы Кеңес саясаты кезінде ақыл-ойы уланған халық санасын тазалау оңайға соқпайды. Мектеп 
ұстаздары  мен  отбасындағы  ата-аналар,  құпиясы  кӛп  ырымдар  мен  тыйымдар  жайлы  мағыналы 
түсініктер бере алмай жалтақтайды. Отбасында айтылмаған ырымдар мен тыйымдарды білмеген ұл-
қыздары  түрлі  бәлеге,  ауруға,  ажалға,  апатқа  ұрынып,  бірі  ӛмірден  ерте  кетіп  жатса,  бірі  мүгедек 
болып,  ауруға  ұшырап  жатады.  Оның  құпиясын  біле  алмаған  ата-аналар  қайғының  қара  бұлтын 
басынан кетіре алмай әлек. 

 
91 
Қазіргі  таңдағы  басты  мәселе  –  ұлттық  құндылықтарымызды  сақтау,  дамыту,  үйрету  арқылы 
жас  ұрпақтарға  тәрбие  мен  білім  беру  болып  табылады.  Ӛмірдің  ӛзекті  мәселесі  –  ұлттық 
құндылықтарға жататын ырымдар мен тыйымдар жайлы ғылыми еңбектерді уақыт ӛткізбей даярлап, 
тиісті бағдарламалар жасап, отбасы, балабақша, мектеп, жоғары оқу орындарына қажетті оқулықтар, 
кӛмекші құралдар, әдістемелік нұсқаулар дайындау кезек күттірмейтін мәселе болуға тиіс. 
Тілімізде  қолданыс  тауып  келе  жатқан  сан  мыңдаған  ырым-тыйым  сӛздерді  жинақтау  – 
ғалымдар назарынан да тыс қалып барады. Түркістандағы Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік 
университетіндегі  «Қазақ  әдебиеті»  кафедрасында  1993-2003  жылдары  қызмет  етіп  жүргенімде, 
филология ғылымының докторы, марқұм Жұмабай Әбіловтың маған айтқан ақылы әлі есімде: 
Сіздің  «Ата-ана  тәрбиесі»  (1992)  мен  «Ата  тәрбиесі»  (1998)  тақырыптарындағы  еңбектеріңіз 
зерттеу жұмысына ӛзі сұранып тұр. Ақылымды тыңдасаңыз, қазақ ырымдары мен тыйымдары жайлы 
зерттеу жұмыстарыңызды тоқтатпаңыз. Ол еңбектеріңіз болашақ ұрпақтар үшін аса қажет!  - [8] деп 
айтқан ақылы әлі күнге дейін құлағымнан кетпейді. Кездейсоқ апат талантты да, дарынды ғалымды 
елу  жастан  асқанда,  тіршілікке  қимастан  ажал  тырнағына  іліндірді.  Ӛмір  ӛткен  сайын  қарттық  та 
жақындап, кӛңіліңді алаңдатады. Қарттық жеңсе, ақыл-ой да, даналық та жеңіледі. Ӛмірде денсаулық 
жақсы  болса,  қиындықтың  бәріне  шыдап,  бой  бермей  жеңуге  болады.  Тіршілікте  адам  –  ажалды 
іздемейді,  ажал  –  адамды  іздейді.  Ауру  мен  ажалдан  сақтанбаса,  дені  сау  адамның  ӛзегі  ӛртеніп, 
ӛкінумен ӛмірін босқа ӛткізеді. Ӛмірде ӛкініш – адамды тез қартайтады, күлкі кӛңілін кӛтеріп, ӛмірін 
жасартады. Ӛмірдегі ӛкініш-қайғының тірегі, күлкі – қуаныштың тірегі. 
Қазақ  ырымдары  мен  тыйымдары  сияқты  ұлттық  құндылықтарымызды  сақтап,  жинақтап, 
дамытып,  болашақ  ұрпақтарға  қалдыру  –  ұстаздар  мен  ғалымдардың,  ақын-жазушылардың  басты 
мақсаты болуға тиіс. Амал не, қазақ ырымдары мен тыйымдарының шығу тегі (генезисі) мен әдеби 
жанрының  ерекшеліктері  түбегейлі  зерттеліп  болған  жоқ.  Тілдік  қорымызда  ұмытылмай  айтылып 
келе  жатқан  сан  мыңдаған  ырымдар  мен  тыйымдар  жинақталмай  келеді.  Қазақ  ырымдары  мен 
тыйымдарының,  ұлттық  құндылықтарының  маңыздылығы  жылдан-жылға  артуда.  Мектепте, 
колледж,  лицей,  гимназия  мен  балалар  бақшаларында  қазақ  ырымдары  мен  тыйымдары  туралы 
түсініктер берілмейді. Жоғары оқу орындарынадағы білімгерлердің қазақ ырымдары мен тыйымдары 
жайлы түсініктері аз.  Мектеп ұстаздары мен отбасындағы ата-аналар кеңес  саясатының салдарынан 
әлі  күнге  дейін  есін  жыя  алмай  келеді.  Егемендігімізге  жиырма  жыл  болса  да,  ұлттық 
құндылықтарымыздың маңызыдылығы, ондағы қазақ ырымдары мен тыйымдарының әдеби мәні мен 
мағынасы туралы баспасӛзде, телеэкранда, балалар бақшасында, мектепте, жоғары оқу орындарында 
арнайы  тақырыптар  бойынша  айтыла  бермейді.  Жас  ұрпақтарды  ырым-тыйым  сӛздер  арқылы 
тәрбиелеу  –  ата-бабаларымыздың  аманаты  мен  түрік  тілдес  халықтардың  асыл  мұраты.  Қазақ 
ырымдары мен тыйымдарының әдеби негізі кӛне заманнан басталады. Қазақ халқының сӛздік қорын 
молайтуға  мол  үлес  қосқан  ырымдар  мен  тыйым  сӛздер  болып  табылады.  Ырымдар  мен  тыйым 
сӛздер мақал-мәтел сияқты қазақтың асыл қазынасы мен мұрасы ретінде, ата-бабаларымыз санамызға 
ӛшпестей етіп сіңіріп, ұлттық құндылықтарды ұрпақтарға мәңгі қалдырып кетті. 
Ұлттық құндылықтарымыздың маңыздылығы туралы сенатор Қуаныш Сұлтанов «Ұлт келбеті» 
деген саяси мақаласында, академик Салық Зиманұлы Зиманов жайлы айтады [1]. Мақала авторының 
саяси  кӛрегендігі,  шыншылдығы,  саясаткерлігі,  ұлттық  құндылықтарымыздың  маңыздылығын 
айқындап  кӛрсетуі  –  ұлт  келбетін  де  айқындай  түседі:  «Біз  әлі  күнге  дейін  саяси  науқаншылдыққа 
бейім тұратынымыз белгілі. «Саясат ӛзгерді» деп, кейде барлық мәселелерге саяси билік тұрғысынан 
қарап, ғылыми, мәдени, рухани құндылықтарды да сыпыра салу – жадағайлық, шолақтық, білместік, 
білімсіздік,  нақтырақ  айтсақ  –  тарихи  зердеге  қиянат»  -  деп,  ұлттық  құндылықтарымыздың 
маңыздылығына  ерекше  кӛңіл  аударады.  Халық  санасын  оятудағы  аса  маңызды  ұлттық 
құндылықтарымыз  –  фольклорлық  –  әдеби,  тарихи,  мәдени,  ғылыми,  рухани,  шежірелік,  ӛнердің 
ӛнегелі  құндылықтары  мен  діни  құндылықтарымыз  жылдан-жылға  артып,  дамып  келеді.  Ұлттық 
құндылықтарымыздың  ең  күрделісі  –  фольклорлық  –  әдеби  құндылықтар  ата-бабамыздың  жас 
ұрпақтарға  қалдырған  асыл  мұрасы  болып  табылады.  Кӛне  заманнан  бері  халық  санасынан  ӛшпей, 
ұмытылмай сақталып келе жатқан фольклорлық – әдеби құндылықтарға ырымдар мен тыйым сӛздер, 
мақал-мәтелдер, жаңылтпаш, жұмбақ, тұрмыс – салт ӛлеңдері мен терме, ӛсиет, бата, шежірелер мен 
аңыз,  ертегі,  жыр-дастандар  жатады.  Кеңестік  дәуірде  (1917-1991ж.ж.)  фольклорлық  –  әдеби 
құндылықтарға  жататын  ырымдар  мен  тыйым  сӛздерді  «діни  сӛздерге»  балап,  халық  санасынан 
мүлдем сыпырып тастауды іске асырды. Қазақ халқының ұлттық құндылықтарының маңыздылығын 
осыдан  –  ақ  байқауға  болады.  Ұлттық  құндылықтарымызды,  тілімізді,  ділімізді  халық  санасынан 
сыпырып тастау оңай шаруа емес екендігін «ғасырлар кӛшінің айнасы» айқын кӛрсетуде. «Ғасырлар 
кӛшінің айнасы» - шындықты адам санасы арқылы жас ұрпақтарға жеткізуде. Сан мыңдаған ғасырлар 

 
92 
бойы  адамдар  санасынан  ӛшпей,  ұрпақтан-ұрпаққа  ауысып  келе  жатқан  ата-баба  ӛсиеттері, 
ырымдары  мен  тыйымдары,  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрлері,  рәсімдері,  тұрмыс-салт  ӛлеңдері,  мақал-
мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, терме, бата, жыр, аңыз, хикаят, ертегі, батырлық, ғашықтық дастандары 
негізінде  фольклорлық  –  әдеби  жанрлық  жүйесін  (классификациясын  –  М.К.)  қалыптастырды. 
Жанрлық жіктелудің нәтижесінде фольклорлық – әдеби жанрлық жүйесінің алғашқы бастауларының 
күрделісі – ырымдар мен тыйым сӛздер ӛмірден ӛз орнын тауып, дамып келеді. Дегенмен, ғасырлар 
ӛткен  сайын  қоғамдық  –  саяси  ӛзгерістердің  нәтижесінде  ұлттық  құндылықтарымыздың 
маңыздылығы назардан тыс қалып барады. 
 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет