Гшһңр Ц£ңсиі о л ж й з й л й р ы н 0й іы иийлі



жүктеу 10.48 Mb.
Pdf просмотр
бет10/14
Дата25.12.2016
өлшемі10.48 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

с ә и д и л
 
мурсәлин уа садиқин.
(Түсінігі:  Аплаһым,  пайғамбарымыздың  қүрметіне  жаман 
сездерден  тый  мені.  Білім  нүрымен  нүрландыр.  Аплаһым, 
маған рахым есіктерін аш, ризықтандыр.Т.Қ.)
ісЗ 
з
 ій'^ч/1 ®й<-5і 
і<-3 
6<-)' !Й і{4^ 
Ш
"й і/е с 
^ ”^С 
^  Іц-*^;^ іц ^ ііі^   *<13  Іс5 щ
Уа қул рабби 
з и д н и
 
ғилмән лә иләһә иллаллаһ ахад сомад 
лә  иләһә  иллаллаһ  иманән  уасиқан  лә  иләһә  иллаллаһ 
халисән  мухлисән лә  иләһә иллаллаһ бирахматикә  иә әрхамар 
рахимин.
(Түсінігі:  Айт:  Аллаһым,  менің  білімімді  арттыра  гөр. 
Аллаһтан  басқа  еш  тәңір  жоқ.  Сен  жалғыз,  Мүңсыз.  Аллаһтан 
басқа  еш  Қүдай  жоқ.  Толығынан  иман  бер.  Аллаһтан  басқа  еш 
тәңір жоқ.  Сен  шыншыл,  әділсің.  Аллаһтан  басқа еш тәңір жоқ. 
Мейірім  саған  тән.  Бір  өзіңнің  мейіріміңмен,  рахметіңмен 
ерекше. Т:Қ.)
(_і 
з
 
І(/йРсЗі 
з
 й/А .? і /1-» 
3   з
 
й!
і
 *сЯ 
л
 -^с? 'йЛ/і^ іэц£ _х/с 
з
 йі/сс-К^ (С
^

Аллаһуммә  инни  әсәлукә әлғәфурә  уал ғәфиәти  фид дини 
уад  дуниә  уал  әхирәт  бирахматикә  иә  әрхамар  рахимин  уа 
соллаллаһу  ғәлә  хайр  халқ  сайидинә  Мухаммад  уа  әлиһи  уа 
сахбиһи әжмәғин.
(Түсінігі:  Аллаһым,  сенен  дінде  және  дүниеде  кешірім 
сүраймын.  Жаратылыстың  қайырлысына  Мүхаммад  ғалейһи 
солату уа сәләм және оның сахабаларына игілік еткейсің. Т.Қ .)
Жүмбақ
Бір жапырақ еті жоқ, бір үрттам қаны жоқ,
Белгілі жаны жоқ сөйлеген  не нәрсе?
Бір жапырақ еті жоқ,  бір үрттам қаны жоқ,
Белгілі жаны жоқ сөйлеген не нәрсе?
Не керектің бәрі өзінен табылған не нәрсе? 
Жансыз, денесіз дем алып түрған не нәрсе?
Ч
Жан емес, адам емес,  періште емес,
Адам баласына тағлим берген  не нәрсе?
Жан емес, адам емес, періште емес.
Уахиға ие болған не нәрсе?
Өзі өлдіде өлгендегі себебімен,
Екінші өлікті тірілтеді не нәрсе?
Адам баласы білемін  деп талап қылса, 
Білмейтүғын нәрсесі болмайды.
Жалғыз-ақ жете білуіне көнбейтүғын  не нәрсе?
Адам баласы не нәрсені үйренемін деп,
Талап қылса үйренуге көнеді.
Жалғыз -ақ үйренуге көнбейтүғын не нәрсе?
Бір айырылып кеткен соң қайта қосуға, 
Көнбейтүғын не нәрсе?
Адамға алыс болғанда не алыс?
156

Адамға жақын болғанда не жақын?
Түзетуге көнбейтұғын не нәрсе?
Бір екі жолдас бар тізе қосып тұрғанда,
Дүниенің түбін түсіреді, тауды орнынан
көшіреді.
Екеуін бірінен-бірін айырып,
Ешкімнің жолдас қылып алуына,
Көнбейтұғын не нәрсе?
Біріне-бірі қарасып көзін тайдырмастан,
Өмір өткізген не нәрсе?
Бірін-бірі қойысып шаршамастан,
Талмастан өмір өткізген не нәрсе?
Екеу-екеу бас қосқанның бірінен-бірі айрылмақ,
Өмірінде қосағын жазбастан,
Айдай ғапамға анық белгіленген,
Айрылмай өтетүғын не нәрсе?
Үш нәрседе сенім жоқ,
Тұрған орнында тұрадау деп ойлауға
жарамайды,
Бұл үшеуі не нәрсе?
Шыққан орнына қайта сыймайтұғын не нәрсе? 
Үш арсыз бар, үш дауасыз бар, үш қадірсіз бар.
Бұлар не нәрсе?
Үш нәрсені қылу жарамайды,
Ол үш нәрсе не нәрсе?
Адамның  жете  білуіне  көнбейтүғын  нәрсе
Құдайдың заты,
Қандай екендігі, қайда тұратұғындығы.
Үйренуге көнбейтүғын нәрсе зеректік.
Бір  айырылған  соң  қайта  қосуға  көнбейтұғын
нәрсе бастық жігіттік.
157

Адамға алыстың алысы өткен өмір,
Жақынның жақыны өлім.
Түзетуге көнбейтұғын нәрсе бұзылған үй.
Екі жолдас жан мен дене.
Бірінен-бірі  кезін  айырма  қарасып  тұрған  көкпен
жер.
Бірін-бірі түйісіп өмір өткізген  күндізбен түн.
Бірінен-бірі  айырылмай  өмір  өткізген  ақбоз  ат, 
көкбоз ат.
Екі жолдың қолға түсіп бермейтүғын нәрсе 
сабыр.
Күн тимей су тимей  кісіні бұлғайтұғын нәрсе
ашу.
Осы тұрған орнында тұрадау деп,
Сенбейтін  нәрселеріміздің  бірі  жан,  бірі  дәулет,
бірі сыр.
Екі нәрсеге ие болуымыз керек,
Бірі қолыңдағы барың, бірі түбкі сырың.
Шыққан орнына қайта сыймайтұғын үш нәрсе, 
Бірі мылтықтан атылған оқ,
Бірі жәйін балық, бірі ауыздан шыққан сөз.
Үш  нәрсе тұрған  орнында тұрып,  тұрған  орнына 
сыйымсыз;
Бірі  өлген  өлік,  бірі  от  басындағы  көл,  бірі  бой 
жеткен қыз.
Үш арсыз; бірі ұйқы, бірі тамақ, бірі күлкі.
Үш  қадірсіз;  бірі  жігіттік,  бірі  денсаулық,  бірі 
жалқау қатын.
Үш дауасыздың бірі мінез, бірі кәрілік, бірі өлім.
158

Құдай Тәбарак уа Тағала бізге ақылды не үшін берген?
Әр  нәрсені  ақылға  билет,  ақылға  сиса  ұста,  ақылға 
симаса,  ұнамаса  таста  деп  сол  үшін  берген.  Қылуға 
жарамайтұғын үш  нәрсе;  бірі  кісі  өлтіру,  бірі  кісі  көңілін  ренжіту, 
бірі өз қолынан салған өзі бұзу алдынғы екеуінен бұл жаман. Уә 
хуббу махаббат әннас ләһу махаббат  тағала деген.
Тарихи мұғжизалар (асхабул-фил)
Бұл  оқиға  нақты  зерттелмеген.  Оны  араб,  сурия,  грек 
тілдеріндегі  зерттеулерден  алып,  көптеген  ғалымдардың  пікірін 
салыстырып  көрсеттік.  Мәселеге  байланысты  сүре  -  «Фил 
сүресі»  -деп  аталады.  Бірінші  аяттағы  «Асхабул  фил»  -деген 
есімнен  алынған.  Құрандағы  барлық  114  сүре  «Меккелік», 
«Мединелік»  деп  бөлінеді.  Мекелік сүрелер,  Хазірет  Мұхаммед 
пайғамбар  Меккеде  болған  кезінде  түскен,  ал,  Мединелік 
сүрелер  Мединеде  болғанда  түскен  сүрелер.  «Фил»  сүресінің 
Алладан  түскен  тарихына  қарасақ,  Меккелік  екені  анықталған. 
Мәшһүр 
Жүсіп 
Көпейүлының 
аңыз 
өлеңдері 
немесе 
риуаяттарындағы  «Абыраһа  мен  Мұтылаб»  туралы  өлеңі 
Құранның 30-шы  парасындағы  105-ші  «Фил»  сүресінің тафсирі. 
Абыраһа  мен  Мұтылаб  туралы  аңызды  Құранда  баяндаудың 
себебі, ол болған оқиға. Сондықтан басқадай тарихи кітаптарда 
да  көп  жазылады.  Мұндағы  мақсат  -   адам  бапасы  Алланың
құдіретті күшін көрсін, содан сабақ алсын деген ұғым.
Абыраһа  мен  Мұтталиб  жайындағы  оқиғаға  тарихи 
шолу.  Мұсылман  тарихшыларынан:  Ибн  Хишам,  Табери,  Ибн 
Халдунның еңбектерінде  бір шешіммен жазылған.  Оқиға былай 
басталады:  һітуег 
(Иемен)  королі  Тубан  Әсед  Әбу  Қариб 
Мединеге  барады.  Онда  иаһудилердің  насихатын  тыңдап, 
иаһуди дінін  қабылдайды.  Ол  Мединедегі  еврейлердің  Қурайза 
ұрпақтарынан  екі  дін  адамын  алып  Иеменге  қайтып  оралады. 
Өзімен  бірге  келген  дін  адамдарының  көмегімен  иаһудилікті 
жая бастайды. Осыған орай Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы:
«Жаһутке (жөйтке) Зунас патша болды ғалып,
Халқымен Жаһут дінін қабыл алып».-деп келтіреді. 
Мұндағы  «Жаһут»  сөзі  -   еврей,  «Жаһут  діні»  -  еврей  діні 
деген  ұғымды  білдіреді.  Кене  түркі  тілінде  «Жаһут»  сезі  көп 
қолданылады.  Сондықтан  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы  осылай
159

айтуы  мүмкін.  Қазіргі  уақытта  бүл  сөзді  дінтанушы  Мүртаза 
Жүнісұлы  Бұлытай  «Ата-баба  діні?  Түркілер  неге  мұсылман 
болды?»  атты  еңбегінде  «иаһудилік  жөһит  діні»-деп  жазған. 
Мәшһүр Жүсіп  Көпейұлының келесі  айтқаны Зунууас патша.
Ол  туралы  ибн  Хишам  былай  дейді:  Иемен  королі  Тубан 
Әсед  Әбу  Қарибтің  баласы  Зунууас  әкесінің  елімінен  кейін 
патша  болып  сайланады.  Ол  Арабстанның  оңтүстігіндегі 
«Нәжран» - деген Христиан  тайпасын жою үшін  шабуыл жасап, 
оларды  жөһит  дінін  қабылдауға  мәжбүр  етеді.  Ибн  Хишам 
Нәжран  тайпасының  Хазірет  Исаға 
(ғ.с.) 
келген  Христиан 
дінінің әлі бұзыла қоймаған ағымында болғанын ескертеді.
Зунууас  Нәжран  елін  басып  алғаннан  кейін  жөһитлікті 
күшпен  қабылдауларын  талап  етеді.  Халықтың  көбісі  қарсы 
шығады.  Сондықтан  Зунууас  көп  адамды  от -'жағып,  соған 
лақтыртып  өлтіреді.  Қалғанын  қылышпен  бастарын  алдырады. 
Орта  есеппен  20.000  -дай  кісі  өлтіріледі.  Мұны  Мәшһүр  Жүсіп
Көпейұлы:
Хабранидің дініне кірмеген  Насраниді 
Санақпен (Санейық) күйдіреді отқа салып.
Араб 
тілінде 
Христиан 
дегенді 
-  
«Насара», 
ал, 
Христиандық  дегенді  -  «Насрани»  -дейді.  Қатты  жапа  шеккен 
Нәжран  елінің  бір  азаматы  елден  қашып  шығып,  Хабашстан 
Патшасы  Нәжашиден  көмек  сұрайды.  Екінші  риуаятта 
Рим 
патшасы  Қаисеріден  көмек  сұрайды.  Барған  жерінде  елінің 
қатты  қиналғанын  айтып,  әскери  көмек  көрсетуін  білдіреді. 
Бірінші 
риуаяттағы 
Нәжрандық 
христиан 
азаматының 
Хабашстан  патшасы  Нәжашиден  көмек  сұрағанын  Мәшһүр 
Жүсіп Көпейұлы былай келтіреді:
Хабыстың патшасына жазды нама:
Насранидің дініне ерді һама.
Жаһутлардың Насраниді күйдіргенін,
Қағазбен (аз һар)  ызғар етіп білдірді оңа (оны). 
Деп айтты: Дін жөнінен жәбір көрдік,
Тұрады, ажыратыңыз жәрдем беріп.
Екінші  риуаятта  Рим  патшасынан  Хабашстан  патшасы 
Нәжаши  теңіз  әскерін  жіберуін  сұрайды.  Соңында  Хабашстан 
патшасы Ұйрат деген  мыңбасының әміріне 20.000 әскерді  беріп 
Иеменге  аттандырады.  Сол  жорықта  Зунууас  патша  өлтіріліп,
160

Жөһит  елі  жойылып,  Иемен  Хабашстанның  әміріне  бағынады. 
Бұп жорықты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы былайша баяндаған:
Нэжаши патша қайратланды мұны естіп, 
Қысасын әпермекке көңілі кетіп.
Жетпіс мың  атты әскерді жібер -дейді,
Оларға екі адамды басшы етіп.
Бұл  оқиға  Ислам  тарихында  маңызды  орын  алады. 
Христиандар  алғаш  рет  340  жылы  Иеменді  басып  алады. 
Содан  378-ші жылға дейін өз үкімдерін жүргізуді жалғастырады. 
Сол  уақытта  Христиан 
миссионерлері  Иеменге  көп  келеді. 
Солардың  ішінен  Файмиун  деген  Христиан  Нәжран  халқын 
пұтқа табынудан құтқарып, христиан дінін уағыздайды. Аяғында 
Нәжрандықтар христиандықты толық  қабылдай бастайды.  Сол
тұста Нәжран елін  үш адам басқарып түрды.
Біріншісі  -   Нәжран  тайпасының  сырт  елдермен  қарым-
қатынасы мен әскер күшін басқарды.
Екіншісі  -   елдің  ішкі  саясатын,  ал,  үшіншісі  -   дін  істерін 
басқарды.  Арабстанның  оңтүстігінде  Нәжран  елі  мекендеген 
өлке  маңызды 
орындардың  бірі  болды.  Сауда  мен  өндіріс 
орталықтарының  біріне  айналды.  Қытайдан  келетін  жібек,  тері, 
қару-жарақ  сияқтылар  Иеменде  көп  еді.  Осыған  байланысты 
Зунууас  тек  қана  дін  жөнінде  емес,  экономикалық,  саяси 
мақсатта  Нәжранды  бағындырмақ  болады.  Сириялық тарихшы 
ғалым  Нәжрандықтардың  шет  елдермен  қарым-қатынасы  мен 
әскер күшін басқарушысы туралы былай деп жазды:
«Зунууас  ол  адамның  екі  қызын  өлтіріп,  әйелін  алып 
кетеді.  Кейін  әйелін  де  өлтіреді.  Одан  кейін  құдыққа  (орға)  от 
жағып, 
ішіне  ерлерді,  әйелдерді,  балапарды,  кәрілерді, 
поптарды  бірінен  кейін  бірін  күйдіріп  өлтіреді.  Шамамен  40.000 
дейін  адамды  өлтіртеді.  Бұл  оқиға  б.з.  523 жылы  қазан  айында
бол ад ы.
Хабашстан  Иеменге  525  ж.  ауыр  соққы  жасап  Зунууастың 
һүмиар  әмірлігін  жойып  жібереді.  Бұл  деректі  Иеменнің  Хусни 
Гурап 
деген 
ауданында 
жүргізілген 
археологиялық 
қазбалардың  нәтижесінде  осы  оқиғаға  байланысты  көріністер
жазылып, суреттелген тақтайшалардан анықтаған.
VI 
ғасырда 
жазылған 
христиандардың 
әртүрлі 
кітаптарында  Зунууастың  христиандарға  жасаған  зұлымдығы 
турапы  (Зер-жақты  зерттеліп,  жазылған.  Бұл  оқиғаны  араб
іб і

тілінде  «Асхабу-Ухуд»  -  деп  атайды.  Осыған  баиланысты 
жазғандардан, сол дәуірде өмір сүргендері де болған.
Олардың 
кітаптары 
мыналар: 
Ргокоріуиз, 
Созтоз 
Iпсісоріеизйз  (бұл  кітаптың  авторы  Нәжашидің  бұйрығымен 
ВаІІатуизтың  (Батламиус)  грек  тіліндегі  кітабын  Сурия  тіліне 
аударған),  .Лоһаппез  Маіаіа.  Бұлардан  кейін  осы  оқиғаға  орай 
жазылған  ^оһаппез  о(  Ерһезиз  (585  ж.)  атты  кітапта  Нәжран 
христиандарының өлтірілуі жайлы  және  Зітеоп  мен  Оегсііа АЬЬоІ 
уоп
 СаЬиІаға жазған хатының көшірмесі берілген.  Поп Зітеоп бұл 
оқиғаны өз көзімен көрген Иемендіктерден  риуаят еткен.
Хат  «Христиан  шаһидтерінің  (шәит)  өмірі)»  атты  кітапта 
1881  ж.  1890  ж.  Жарық  көрген.  Бұлардан  басқа  да  көптеген 
деректер  бар.  Олардың  бастылары  Раігіагсһ  Оіопизізиз, 
2асһагіа  оТ  Мііііепе  сурия  тілінде  жазылған  еңбектер  бар.  Яқуб 
Суружидің  «Нәжран  христиандары»  атты  еңбегі.  Еггеһа 
(Есіезза) 
Риіизтің  «Нәжран  христиандарының  өлімі»  деген 
шығармасы.  Суриани  тілінде  жазылған  кітаптың  бірі  ағылшын 
тіліне  (Воок оТ Іһе Н ітуагііез)  аударылған.
Шығыстанушы  ҒіІЬідің  АгаЬіап  Нідіапсіа  атты  кітабында 
Нәжрандықтардың  қазасы  болған  орынды  білетінін  айтқан. 
Нәжран  елінің  сеніміне  орай  құбыласы  болған.  Хабашстан 
христиандары  Нәжран  елін  билеп  алғаннан  кейін  Қағба тәрізді 
құрылыс  салып,  Меккедегі  Муғаззам  Қағбаның  орнына  Құбыла 
ретінде  ауыстырмақ  болған.  Себебі Абраһаның:  «Иемен  бүкіл 
әлем  халқының  назарында  қасиетті  орын»  -  деп  қабылданады 
деген  арманы  болған.  Абыраһаның 
бұл  мақсатын  Мәшһүр 
Жүсіп  Көпейұлы төмендегідей суреттеген.
Ойланды, Абыраһа қиял жетіп:
«Бір үйді салдырайын пана етіп.
Бұл халықты тауап қыл! -  деп әмір етейін. 
Қағбаға бармасынлар мұнан өтіп!»
Мұны айтып, жанға ойлады көп талазар,
Бірнеше ұсталарды келтілрділар 
Ділда мен жауһардан зейнет беріп,
Нақыштың бәрін салды дүниеде бар.
Артықша сұлу етті зейнет беріп,
Тахсын ғып таңданады әркім көріп.
Халқына пәрмен етіп, жар шақыртты:
«Бұл үйді тауап қыл, - деп -  әр жыл келіп!
162

Ғарыз етіп  Нажашыға білдірділар:
Бір үйді сіздің үшін (асладым) істедім жар.
Әр жылы халықтың бәрі тауап қылар,
Мүнден 
(мүнан) 
соң 
Қағбаны 
қажы
қылмайдылар!
(Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы.  Шығармалары,  1-том,  35 б.). 
Хабашстан  -   Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы  шығармаларында
«Хабыс»-деп берілген (1  том, 33 б).
Хабаш  әскерінің  Иеменге  шабуылын тарихшылар әр түрде 
суреттеген.  Мысалы,  Хафыз  ибн  Оерген  орданы  екі  қолбасшы 
басқарды.  Біреуі -  Ариат,  екіншісі  -  Абыраһа  болған  дейді.  Ап, 
Мұхаммед  бин  Исхах  әскерді  басқарған 
Ариат,  Абыраһа 
әскерлермен  бірге  болған  дейді.  Бірде  Ариат  пен  Абыраһа 
келісе  алмай  Абыраһа  Ариатты  өлтіреді.  Осыдан  бастап
Абыраһа Иеменде әкім болады.
Гректің,  Сурияның тарихшылары:  Иеменді  басып алғаннан
кейін  Хабашстан  ордасына  қарсы  шыққан  Иемендіктер 
қатарынан  өлтірілді.  Иеменнің  ЗитіоТіазһуаһ  (  Езутрһаеиз) 
есімді әкімі Хабашиларға бағынып,  салық төлеп тұратын болып 
келіседі. 
Салықтың  мұндай  түрін  арабша  «Жизиа»-  деп
атайды.
Бұл  тұста  Хабашстанда  өз  араларында  келіспейтін 
тайпалар  да  болған-ды.  Жалпы  халықтың  көбі  бағынатын 
Абыраһа  басқарған  ордаға,  бөлшектеніп  жүрген  барлық 
тайпалар 
қосылады. 
Сонымен 
Абыраһа 
патша 
болып 
сайланады.  Ол  Хабашстанның  Аисіиііз  портында  тұратың  грек
саудагерінің құлы болған.
Ақылды  және  пысықтығымен  Иеменге  әмірлік  жүргізген
Хабаш  (Хабыс)  ордасын  басқарады.  Грек  тарихшылары
Абыраһаның  есімін  А Ьгатіз,  Сурия  тарихшылары  АЬгаһат
дейді.  «Абыраһа»  -  деу  хабашша  айтылуы.  Өйткені  арабша
Ибраһим деп атайды.
Абыраһа 
Иемендегі  әмірлігін  орнықтырғаннан 
кеиін 
Хабашстанға  әкімгерлік  көрсетіп,  Византияға  да  қарсы  жоспар 
жасай 
бастайды. 
Оның 
мақсаты 
мұнымен 
шектелмей, 
Арабстанда христиандықты жаю, арабтардың шығыс елдер мен 
Византия  арасындағы  сауда  айналымын  өз  қолына  алу  еді. 
Сонымен  қатар  Иран  сасани  салтанаты  мен  Византия 
арасындағы  келіспеушілікті  пайдаланып,  Византияның  шығыс
163

өлдермөн  сауда  жасайтын 
жолдарын  жауып, 
өздөрінің
маңызды жөрді мөкөндөгөнін көрсөтөді.
Абыраһа  Иеменнің астанасы Санғада үлкен кілисе (шіркеу) 
салдырады.  Араб тарихшылары  мұны  «әл-калис, әл-кулеис, әл- 
күллеис»  -  деп  атайды.  Бұл  грек  тіліндегі  «әклиса»  сәзінен 
арабшаға өткен үлгісі.  Грек тіліндегі осы  сөз урду тіліне  «кілісе» 
түрінде кірген.
Мұхаммед  бин  Исхахтың  риуаятында:  хабаш  патшасы 
«арабтардың  Меккеге  қажыға  баруының  орнына,  өзінің  салған 
шіркеуіне  тауап  етіп,  қажылыққа  келсе,  құлшылығы  қабыл 
болады»  -  деп  үгіт  таратады.  Сол  уақытта  Ислам  діні 
келмегенімен  арабтар  Меккедегі  қағбаға  барып,  қажылық  қып 
ондағы  пұттпрға  табынған.  Сондықтан  христиандар  Иеменде 
үкім  жүргізуінен  бастап,  жаңадан  қағба  салып,  Верге  барлық 
араб  елдерінің 
Құбыласы 
етуді 
мақсат  етеді. 
Соның 
нәтижесінде Нәжранда Қағба салдырады.
Ибн  Касирдің  риуаятында  Абыраһаның  жасаған  өзгерісін 
ашық  жариялағанын  жазған.  Арабтарды  қыспаққа  алу, 
дәрежесін  төмендету  және  Қағбаны  құлату.  Мұхаммед  бин 
Исхахтың  риуаятында  Абыраһаның  ниетін  ашық  айтқанына 
арабтар  ашуланып,  Абыраһа  салдырған  шіркеудің  ішіндегі 
әшекейін  бұзып,  арамдап  кетеді.  Ибн  Кәсирдің  айтуында 
Құрайыш  жастары  шіркеудің  ішін  өртеп  жіберген.  Бұл  оқиғаны 
Мәшһүр Жүсіп  Көпейұлы былайша баяндаған:
Бір араб Нәуфіл атты (атлы) Ләмінге барды, 
Көңіліне әрбір қиялды ойға кетіп.
Ол үйдің есігіне бардылар тез,
Күзетші адамына ұшырады кез: 
!
- Тауап қылам үшбу үйде жалғыз өзім,
Бір түн отырсам» - деп айттылар сөз.
Баршасы шығып күтті тілін апып,
Ол араб үй ішінде жалғыз қалып.
Нақыштың бәрін бұзып талам етті,
Кәрінбей ез жұртына жетті барып.
Абыраһа  Құрайыштарға  қарсы  шабуылға  шығу  үшін, 
шіркеудің ішіндегі  нақыштарды  бұзып,  арамдатқан езі болуы да 
мүмкін.  Себебі  Меккені  ОергенОлу үшін  бір сыгггау табу керек-ті. 
Екінші  мақсаты  Құрайыштарды  бағындырып  алса,  басқа  араб 
тайпаларын  ОергенОлу  жеңіл  болатын.  Абыраһа  570  жылы
164

60.000  әскер,  13  пілмен  (кейбір  риуаятта  9  піл)  Меккеге  қарай 
жолға  шығады.  Мұны  естіген  Иеменнің  бұрынғы  Зүнәфәр  атты 
басшысы  арабтардан  қол  жиып,  жолын  күтеді. 
Бірақ, 
Абыраһаның  әскерінің  көптігінен  жеңіліп,  тұтқындалады.  Мұны 
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы былай жазады:
Он адамға бірлерден даярланды,
Ләміннен жеті жүз ер және барды.
Арабтан бірнеше мың 
Оерг 
болып,
Абыраһаның әскерінің жолын алды.
Ұрысты екі лашкер (әскер) қарсы тұрып, 
Майданға баһадүрлар тегіс шығып.
Ақыры арабтарға (ғарабларға) шәкіт беріп, 
Ұстады екі адамын пенде қылып.
Бұлардан  кейін  Арабстанның  Хасым  елінің  билеушісі 
Нуфайл  бин  Хабиб Хасами  өзінің  қабиласын  (тайпасын)  жиып, 
Абыраһаға  қарсы  шығады.  Олар  да  жеңіліп  тұтқындалады. 
Мәшһүр Жүсіп Көпейүлы бұл соғысты былайша айтқан: 
Хасымның сарқардасы Нәуфіл еді,
Атыраптың баршасына хабар берді.
Арабтан бір ташпа (тайпа) лашкер болып, 
Алдына Абыраһаның қарсы келді.
Бұл соғыс қатты болды хадден өтіп,
Арабтарды Абыраһа жеңді күші жетіп.
Ол келген адамдардың көбін қырды,
Ұстады Нәуфілді һәм әсер етіп.
Соңғы  жолдағы  «әсер»  деген  сөз  «тұтқын»  деген
мағынада.  Бұдан кейін былай жалғасады.
Тайпының манзылына барды және,
Хапқының қарсы шығып бәрі һама.
Хисапсыз көп 
дүниені  Оерге қылды,
Бергенін қабыл қылып тимеді аңа (оны).
Бірінші  жолдағы  «тайпы»  сөзі  Меккеге  жақын  орналасқан 
Тайыф  қапасы.  Сол  Тайыф  қаласының  тұрғындары  Бәни 
Сақиф  тайпасы  Абыраһадан  Оерг  құтылу,  өздері  табынатын 
Латтың  мүсінін  қорғап  қалу үшін,  тайпаны  басқаратын  Мәсутқа 
барады.  Оны  Абыраһаға  жіберіп,  Қағбадағы  құдайлары  (сол 
тұста Қағбаның ішінде үш жүзден аса пұт болған) Латқа тимесе, 
жолбасшы болып көмектесетіндерін білдіреді.
165

Олар  осы  мақсатпен  бар  байлығын  Абыраһаның  алдына 
жайып  салып,  Әбу  Рағал  есміді  адамды  қолбасшы  қып  ертіп 
жібереді.  Олар  Меккеге  үш  шақырым  әл-Мұғаммис  (немесе  әл- 
Мұаммас)  деген  жерге  жеткенде  Әбу  Рағал  өледі.  (Оның  өлімі 
жайлы  ешбіл  риуаят  жоқ).  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлының
риуаятында бұл жер былай аталған.
Онан (Анден) соң ол жайлардан көшіп кетті, 
«Махмыс» - деп, ат қойылған жайға жетті.
Мұхаммед 
бин 
Исхахтың 
риуаятында 
Абыраһаның 
әскерлерінің  біразы  Меккеге  апдын-ала  барып,  маңайындағы 
түйелерді  айдап  алып  кетеді.  Түйелердің  200  Хазірет 
Мұхаммедтің  (с.ғ.у.)  атасы  Абдулмұтталибтікі  болған.  Мұны 
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы былай риуаят еткен.
Көп еді Мұтылабтың дүние малы,  -г 
Екі жүз дападағы түйелері.
Меккеден шауып алған малдарменен 
Хабыстар кетіп еді алып (әні) оны.
Осы  жерде  Абыраһа  Меккеге  елші  жібереді.  Ондағы 
айтқаны: 
«егер 
қарсылық 
көрсетсеңдер 
мал-жандарыңа 
тимеймін.  Бізбен  кездескілерің  келсе,  Меккенің  басшысын 
жіберіңдер» 
дейді. 
Ол 
уақытта 
Меккенің 
басшысы 
Абдулмұтталиб 
еді. 
Елші 
Абыраһаның 
айтқандарын 
Абдулмұтталибке  жеткізеді.  Сонда  Абдулмұтталиб:  «Біздің 
Абыраһамен  соғысатын  күшіміз  жоқ.  Бұл  Алланың  үйі.  Егер  ол 
қаласа өзі қорғайды» - дейді.
Елші:  «Менімен  бірге  Абыраһзға  барыңыз»  -  дейді.  Ол 
қарсы  келмей  Абыраһаға  бірге  барады.  Абдулмұттапиб 
келбетті  адам  болған.  Оны  Абыраһа  алғаш  көргенде  қатты 
әсерленеді.  Ол  пілдегі  тағынан  түсіп  Абдулмұтталибтің  қасына 
келіп,  не  сұрайтынын  білмек  болады.  Абдулмұтталиб  «сенің 
адамдарың  алып  кеткен  түйелерімді  қайтар»  -  дейді.  Мұны 
естіген  Абыраһы:  «сені  алғаш  көргенде  қатты  әсерлендім.  Ал, 
мына  сөзіңді  естігенде,  дәрежең  темендеді.  Біз  аталарыңның 
діни  орталығы  болған  үйді  құлатуға  келдік.  Сен  болсаң  оны 
ойламай өзіңнің түйелеріңді сұрап тұрсың» - дейді.
Абдулмұтталиб:  «Мен  тек  түйелердің  ғана  иесімін,  соны 
ғана  сұрай  аламын.  Бұл  үйдің  Раббы  бар.  Ол  өзі  сақтайды»  - 
деп  тіл  қатады.  Абыраһа:  «Ол  Қағбаны  менің  қолымнан  алып 
қала  алмайды»  деп  мақтанады.  Абдулмұтталиб  болса:  «Бұл
ібб

екеуіңнің  ортларыңдағы  мәселе»  -  деп  жауап  береді.  Сосын
Абыраһа оның түйелерін қайтарып береді.
Ибн  Аббастың  риуаяты  бұдан  басқашалау.  Абд  бин 
Хумаид,  Ибнул  Мунзир,  Ибн  Мәрдуиа,  Хаким,  Әбу  Нуаим, 
Бәихаки  сынды  ғалымдар  Ибн  Аббастың  былайша  риуаят 
еткенін  айтады.  Абыраһа  әс-Сафаға  жеткенде  (Арафат  пен 
Тайыф  тауы  арасындағы,  қажылықта  ақ  киім  киетін  орынға 
жақын  жер)  Абдулмұтталиб  қарсы  алып,  «Осы  жерге  дейін 
келуіңізге  қажет  жоқ  еді.  Қалаған  бірдеңеңіз  болса,  хабар 
жіберсеңіз біз өзіміз апарып беретін едік»  дейді. Абыраһа:  «Бұл 
үйдің  өте  мықты  екенін  естідім.  Соның  мықтылығын  көруге
келдім». 
_  
_   .
Сонда  Абдулмұтталиб  «Ол  Алланың  үиі. 
Бүгінге  деиін
оған  ешкім  қол  тигізе  апмаған»  дегенде,  Абыраһа  «Мен  оны
құлатпайынша  кері  қайтпаймын»  -  деп  жауап  береді.
Абдулмұттапиб  «Бізден  не  сұрасаңыз  да  береміз,  артқа
қайтыңыз!»  -деп  басу  айтады.  Абыраһа  оған  қарамай
әскрлерімен бірге Қағбаға қарай жүріп кетеді.
Мәшһүр Жүсіп  Көпейүлының  риуаяты  осы  екінші  риуаятқа
сәйкес келеді.  Мысалы:
Суретін Мұтылабтың патша көріп,
Көрісті тағынан тұрып өзі келіп.
Қасынан орын беріп отырғызды,
Артықша бір махаббат көңіліне еніп.
Патшаның Мұтылабқа көңілі кетті,
Суреті, қияпаты ақылын ертті.
«Қағбаны бұзба»! — деп сұрар болса,
атиһам берейін деп қиял етті.
Сұрады сауал етіп Мұтылабтан:
- Мағлұм ет:  не жұмысқа келедүр сен». 
Көңіліңде қайсы түрлі жұмысың болса 
Баршасы атиһам етіп бередүр мен (иерг). 
Мұтылаь патша айтты қылып азһар (ызғар),
Екі жүз түйелерім келіп дүрлар.
Әмір етіп өз түйемді қайтып берсең,
Келмекте осы түрлі Мәди Ғамбар.
Абыраһа Мұтылабтан мұны есітті,
Ауыз (әуез) ғып, ашуланып, қаһар етті.
Деп айтты:
167

I
Әуелі сен келгеніңде
Көңіліме бурымыңнан шаттық жетті.
Сөзіңнен үмітсіздік көрдім сенің,
Мәди ғам келгеніңде:  «Түйем!» - дедің.
Өзіңе үшбу жумыс алашақ па еді,
Меккелік Қүрайыштың кетасы едің.
Үстіңе әсер тартып келіп түрсам,
Меккені бүзбалыққа талап қылсам.
Қағбаны сұрағалы келгендүр деп,
«Келдің -  деп, - не жұмысқа?» - сауап сұрасам. 
Ғарыз етіп тіленбестен менен мұны,
Түйеңді талап қылдың үшбу күні.
Суретің болып көрінсе де,
Сөзіңнің үмітсіздік болды түрі.
Екі  риуаяттан 
шығатын  қорытынды  біреу-ақ.  Меккедегі 
және  маңайындағы  тайпалардың  бәрі  жиналса  да  60  мың 
әскермен  келген  Абыраһаның  қолынан  Қағыбаны  алып  қалу 
мүскін  еместігі  анық.  Себебі,  Құрайыштар  Ахзаб  соғысында 
Иаһудилер  мен  Мүшрикгерден  (дінге  сенбейтін,  Аплаға  серік 
қосқандар)  қол жинағанның өзінде  12.000 әскер  әзер жинаған. 
Сондықтан  олар 
60.000  кісілік 
ордаға  қалай  қарсы  шыға 
алсын.
Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Гуианигарлық серия серия I'уманитирпых паүк 31 (574. 25) Семей облысы, павлодар уезіне
transactions -> Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрліп
transactions -> Б. Бурамбаева терісі бағалы аңдарды
transactions -> Бижан бижан Ж.Қ. Павлодар, 2015
transactions -> К14 Л. К. Казангапова
transactions -> Оқулық қазақ тілді аудиторияға ағылшын тілін өз бе тінше үйренуге, тілдік курстарға жэне жоғары оқу орындары
transactions -> Казақ тілі терминдерінің салалық гылыми түсіндірме создіктерінің топтамасы Қазақстан
transactions -> Г. Ж. Жапекова архапкалык, мэаенпет
transactions -> Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н
transactions -> С. Меңлібаева, А. Ж. Мұратбек, Қ.Қ. Жолдасова «Проекциялық сызба» бөлімі бойынша семестрлік жұмыстарды орындауға арналған оқу құралы Адматы 2003


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет