Гшһңр Ц£ңсиі о л ж й з й л й р ы н 0й іы иийлі


Мүхаммед  б.  Исхахтың  риуаяты



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата25.12.2016
өлшемі10,48 Mb.
#406
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Мүхаммед 
б. 
Исхахтың 
риуаяты. 
Абдулмұттапиб 
Абраһамен  кездескен  соң  Құрайыштарға  барып,  балапарын, 
туыс-туғанын жиып, тауға  тығылса,  Оерг қалатындарын айтады. 
Құрайыштың  үлкендері  Харем  Шәрифке  барып,  Қағбаның 
есігіндегі  шынжырлардан  үстап. 
Оерг  қалуларын  Алладан 
тілейді.  Сол уақыттта Қағбаның ішінде  360 пұт бар еді.
Бірақ,  мұндай  қысылтаяң  уақытта  Құрайыштар  пұттарды 
ұмытып,  Аллаға  сыйына  бастайды.  Олардың  дұғаларында 
өздерінің  пұттарының  аты  аталмай,  тек  Алланың  ғана  аты 
аталады.  Ибн Хишамның жазған Сиарында (Пайғамбар тарихы) 
Абдулмутталибтың  мына бір дұғасы берілген:
«Құл  өз үйін сақтауда,
Сен де өз үйіңді сақта.
Олардың амандығы сенің қолыңда.
Егер оларды тәрк етіп,
Қыбыламызды өзімен езін  қалдырсаң,
Өз еркің езіңде, бұл саған ғана тән!»
168

Ибн 
Шәриф 
Абдулмутталибтің 
Алладан 
тілеген
дұғасының  басқа бір үлгісін жазған:
«Иә Рабб! Олардан 
Оерг 
қалу үшін,
Сенен басқа ешкімнен үміт етпеймін.
Иә Рабб!- олардың қолынан үйіңді сақта,
Бұл үйдің дұшпаны сенің дұшпаның.
Өз жеріңді харабтан (соғыс) сақтай гөр!» 
Абдулмуттапибтің дұғасын  Мәшһүр Жүсіп  Көпейұлы былай
баяндаған (1-том, 2003 ж.  Павлодар, 40-бет).
Мұтылаб Қағбада жалғыз қапып,
Жабысып қалқасынан қайтты налып.
Алланың даргаһына мінажат қып,
Ай тұрды үшбу сөзді аузына алып.
Деп айтты:
Жә, Құдай-ау, ахидана,
Әуелден махсусы еді бұл үй саңа.
Өз үйін сақтамаққа әлі келмес,
Жаратқан мақұлығыңның бәрі һама.
Абыраһа  көп әскермен апып пілді,
Қағбаны бұзбалыққа талап қылды.
Жабуздар жабылмаса, 
Оерг 
сақта,
Өз мүлкің баршаға ләм, бәрі күллі!
Құрайыштың  үлкендері  Абдулмутталибпен  бірге  дұға 
жасап  болғаннан  кейін  тауға  шығады.  Меккелікгердің  бәрі 
«Абыраһа  не  істер  екен?»-  деп  тауда  тамашапап  тұрады. 
Абыраһа  Меккеге  жақындап  келіп,  Қағбаға  қарай 
қозғапа 
Перген  кезде,  Махмұт  есімді  ең  үлкен  пілі  жата  кетеді. 
Абыраһаның  қолбасшылары  «пілді  жүргіземіз»-  деп  ұрып- 
соғып,  жаралап  тастайды. 
Пілді  оңтүстікке,  солтүстікке, 
шығысқа  бұрса,  тұра  жөнеледі,  ал,  батысқа,  Меккеге  қарай 
бұрса,  атгап  баспай,  жата  кетеді.  Дәл сол уақытта теңіз жақтан 
топ-тобымен  сан  мыңдаған  құстар  ұшып  келіп,  тұмсығындағы, 
аяғындағы 
тастарды  Абраһаның  әскерлеріне  жаңбырдай 
жаудырады.  Тас  тигеннің  денесі  тесіліп,  шіри  бастайды. 
Мұхаммед  б.  Исхах  пен  Икрима  «бұл  өте  қатерлі  ауру  және
араб өлкесіне ең алғаш келген кезі» дейді.
Ибн Аббастың  риуаятында:  «Тас  кімге тисе,  оның денесі
қышынып,  терісі  жарылып,  тілініп,  еті  сүйегінен  ыдырай
бастайды».  Ибн  Аббастың  басқа  бір  риуаятында  «Еті  езіліп,
169

қанмен бірге ағып, сүйектері  шығып  қалды»- деген.  Абыраһа да 
осындай халге түсті.  Оның денесі  парша-парша  болып  бөлініп, 
әр  паршадан  ірің аққан.  Осы сэтте Абыраһаның әскерлері  быт- 
шыт  болып  бөлініп,  Иеменге  қарай  қаша  бастайды.  Жолда 
қарсы  шығып,  жеңіліс  үстінде  түтқындалып,  жол  көрсетуші 
ретінде  еріп  келген  Нуфәил  б.  Хабибтен  кері  қайтуға  да  жол 
көрсетуін сүрайды.  Сонда ол,  көмектеспейтінін айтып:
«Апла сізді қудалаған сәтте,  қашатын жер таба алмассыз!
Абыраһа қазаға ұшырады, оған жеңіс болмас!»
Абыраһаның жер  қайысқан  әскерлері  әр жерде  шашылып 
өліп  жатты.  Бұл  оқиғаны  Ата  б.  Иәсар  былай  риуаят  етеді: 
«Әскерлердің  бәрі  бір уақытта  өлген жоқ.  Жартысы  сол жерде 
өлді.  Абыраһа  Хасым  тайпасының  мекенінде  өлген».  Алла 
Хабашыиларды 
осылай  ғана  жазалап  қоймай,  Иемендегі 
басқармасын 
қолдарынан 
алды. 
Піл 
оқиғасынан 
кейін 
хабашилардың  беті  қайтып,  күші  әлсіреп  қапды.  Бұдан  кейін 
Иемендікгер  әрекет  ете  бастайды.  Иеменнің  бұрынғы  бастығы 
Зайф  б.  Зиазын  Иран  шахынан  әскери  көмек  сұрайды.  Иран 
шахы  алты  кемемен  мың  әскер  береді.  Сонымен  Иемендіктер 
Хабаши  мемлекетін қайта тұрмастай етіп қиратады.
Піл оқиғасы  (бұл апат  араб тарихында  «Піл оқиғасы»  -деп 
аталады). 
Мүздалифа 
мен 
Мина  тауының  арасындағы 
Мұхассаб  сайындағы  «Муассаб»-  деген  ойпатта  болған.  Салих 
Муслим  мен  Әбу Дәуіттің риуаятында -  Имам Жағфардың әкесі 
Мұхаммад  Бакірден,  ол,  Жәбірден  Расул-Алланың  Уәда 
қажылығы 
турасында 
мыиадай 
әрекетін 
риуаят 
еткен: 
«Муздалифадан  Минаға  қарай  жүргенде  Алланың  елшісі
жүрісін жы лдам датты ».
Имам  Нәбәуи  бұл туралы  былай дейді:  «Ол жерде Асхабы 
Фил  (Піл  иелері)  оқиғасы  болған.  Сондықтан  Сүннет  жолын 
(Пайғамбардың салған  жолы)  ұстанған  ерге  бұ жерден  жылдам 
өтуі  керек».  Муаттада  (ең  үлкен  алты  хадис  кітабының  бірі) 
Иман  Малик  Расул  Алланың  мына  хадисін  риуаят  еткен: 
«муздалифада  тұру  керек.  Бірақ,  Муассаб  ойпатында  аялдауға 
болмайды».  Нуфәил б.  Хабибтің өз көзімен  көріп,  аитқанын  Ибн
Исхах риуаят еткен:
«Ей, 
адамдар! 
Шіркін, 
көрсеңдер 
ғой, 
көрмегендерге өкінішті!
Муассаб ойпатында біз не көрдік?
170

Құстарды көргенде Аллаға шүкір еттім,
Бірақ,  сол  сәтге,  «тастар  мағанда  жауады»-деп 
қорықтым.
жүргендей
Тіпті,  менде қарызы бардай көрінді».
Бұл  оқиғаның 
маңыздылығы  сондай  үлкен-ді.  Барлық 
араб  халқына  әйгілі  еді.  Осы  орайда  көптеген  аңыз  өлеңдер 
жазылған.  Араб  халқы  Алланың  құдіреті  мен  мұғжизасын 
көздерімен  көргені  өлеңдерінен  түсінікгі.  Олар  өздері  сыйынған 
пұттардың  еш  бірінің  атын  атамаған.  Мысалы,  Абдулла  б.
«Алпыс
Ад
Апла
Қаис
«Тұрыңдар!  Раббымызға құлшылық қылыңдар. 
Мекке мен Мина тауларының арасындағы, 
Байтулланың бұрыштарынан сипаңдар.
Әлемнің иесінен көмек келгенде,
Ол, патшаның әскерлерінің  кейбіреулері құлап,
Жартысы таспен ұрылып Оерг.»
Бұл  оқиға  турасында  риуаят  еткендер  өте  көп.  Оқиғаның 
болғандығы,  шындық  екенін  дәлелдеу  үшін,  ең  бастыларын 
таңдап апдық.  Мәселен, Үмми Хани мен Зубәир б. Аууам Расул 
Алланың  хадисін  риуаят  етіп,  бізге  жеткізген.  «Құрайыштар 
осыдан  кейін  он  жыл  (кейбір  риуаятта  жеті  жыл)  Аплаға 
сйынған».  Хазірет  Пайғамбардың  бұл  хадисінен  шығатын
тұста
түрлі
Ханидің  осы  риуаятын  Имам  Бұхари,  Тәбәрани,  Хаким,  Ибн 
Мәрдуиә,  Ибн  Әсәкирлер  сынды  тарихшы,  хадисші  ғалымдар 
риуаят  еткен.  Зубәир  б.  Аууамның  айтқанын  Тәбәрани,  Ибн 
Мәрдуиә,  Ибн  Әсәкирлер жеткізген.  Бұл  хадисті  Хатиб  Бағдади 
тарих кітабында жазса, Саид б.  Мусәилаб жеке риуаят еткен.
Оқиға  болған  жылды  «Піл  жылы»  -деп  атаған.  Сол  жылы 
Алланың  елшісі  Хазірет  Пайғамбар  Мұхаммед  (с.ғ.у.)  дүниеге 
келген.  Хадисші,  тарихшы  ғалымдар  «Піл  оқиғасы»  Мүхаррем 
айында  болғанын,  Расул  Алланың  Рәбиғул-Әууәл  айында 
туғанын дәлелдейді.  Көпшілігінің көзқарасы  Расул Апланың піл 
оқиғасынан  елу  күннен  кейін  дүниеге  келгенін  қолдайды.  Расул
171

I
Алланың  дүниеге  келгенін  Мәшһүр Жүсіп  Кепеиүлы  да  риуаят
еткен: 
,; -ч 


«Сол жылы Расул-қүда  дүниеге енді,
Әуелгі  мом жазасы үшбу ер-ді.
Бүл пілдің оқиғасы аят бірлан,
Бір Қүда Хабысына хабар берді».
Тарихи шолуға байланысты сөзімізді дәйектесек, осы 
орайда «Фил» сүресі түскен.  Сүреде тек қана «Асхабы Филге» 
(Піл иелері) Алладан азап келгені баяндалған.  Оқиға өте бертін 
болған, тіпті,  Меккедегі әрбір балаға дейін, барлық араб халқы 
білген.
Абыраһадан  Қағбаны  ешбір  тәңір,  пүт  қорғай  алмағанын, 
оны тек бір Алла  сақтап  қалғанына  көздері жетті.  Қүрайыштың 
үлкендері  тек  Апладан  тілеген  және 
қатты  әсер  еткені 
соншалық,  бірнеше  жыл  Аллаға  сыйынған.  Сондықтан  «Фил» 
сүресінде  Піл  иелерінің (Асхабы Фил)  көрген  азабын суреттеп, 
Қүрайыштарға,  барлық  араб  еліне,  жалпы  адамзатқа  пүтқа 
табынуды  қойып,  Хазірет  Мұхаммедтің  дағуатына  (дінге 
шақырды)  мойынсұнуды  бұйырады.  Мұнымен  қатар,  Хақ 
Тағаланың  бұйрығына,  заңына  қарсы  шыққандарға,  піл  иелерін 
жоқ  қылғаны  тәрізді,  Алладан  азап  келсе,  оларды  да  жойып
жіберетіні ескертілген.
Адамзат өмірінде мұндай оқиғалар  көптеп кездеседі.  Бірақ
жұрттың  көбі  толық  сене 
алмайды. 
Мысалы, 
Хазірет 
Мұхаммедтің  (с.ғ.у.)  пайғамбарлығына  алғашқыда 
ешкім 
сенбеген.  Он  жылдай  уақытта  бар-жоғы  он  үш  Оерг  болған. 
Сондықтан  барлық 
пайғамбарларға  өздеріне  тән  қасиет 
Оерген.
Сол  пайғамбарлар  қасиетімен  мұғжиза  (керемет)  керсету 
арқылы,  дінді  уағыздаған.  Осы  оқиғаны,  көптеген  ғалымдар 
нақгы  дәллелдермен  халыққа  жеткізген.  Бәрінің  мақсаты- 
«Әркім  хикаядан  сабақ  алып,  ғайб  әлемге  сенуге  иманын 
орнықтыру».  Мысалы,  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейүлы  хикаяның
соңында өз ниетін білдірген:
Мен-дағы зікір ойладым мұның бәрін,
Білсін деп хикаясын әркім оның.
Расулдің жасы шарпы қырыққа келіп,
Айтайын пайғамбарлық келгенлерін.
Алладан жәрдем тілеп, һәм ғинаят,
172

Үшініш ракін сидан ойладым хат.
Шаһитке оқиғасын айтпағыммен 
Расулдің рухы бәкір болған мүшат.
Оқиғаға  байланысты  Фил  сүресі  түсуі  айтпай-ақ  түсінікті. 
Бүл барлық адамзатқа ескерту болмақ.
Мүса пайғамбар туралы
Бір  күні  хазірет  Мүса  ғәләйһи  сәләм  Қүдай  Тағала  бірлан 
раз  айтушы  бара  түрған  жолында  мүмин  пенделерінің 
ардашларын  көрді дейді.  Әғлә ғәлиинғә үжмаққа жоғары шығып 
бара  жатқанлар  екен.  Іштерінде  бір  жан  арық,  дәғиф 
нашарлықтан үша  алмай  әр жерге  бір жығылып ғажизда  нашар 
дәрменділікларыны көріп, жаны ашып, Тәңірі Тәбарак уа Тағала 
халіден  сауал  алды.  Өзге  жанлар  ішінде  мүндайын  неден 
нашар хал болған деп.  Онда ол  мүминнің жаны жауап берді  иә, 
Мүса  кәлимуллаһ  мен  пақыр  мұхтаж едім,  дүние  лайықтың  еш 
бір  шайз  артымда  қалмаған  еді,  бір  балам  ғана  бар  еді.  Оның 
пақырлығы  өлік  пенден  жүз  хасса  зияда  дүр.  Ғүмырында  бүтін 
жаңа  киім  киіп  көргені  жоқ,  қарны  тола  ас  аузына  тиіп  көргені
жоқ. 

.
Ешбір  маған  садақа  хайір  ихсан  қылғышның  (қылушының) 
жоқлығынан  өзге  жанлар  ішінде  дәғиф  уа  нәхиф  мен  дейді. 
Хазірет  Мұса  ғәләйһи  сәләм  мұны  көріп,  ділі  күйіп,  бұл  өлікнің 
баласын  сұрастырып тапты.  Бір  кәлләфазға  қызметші  екен,  бір 
аулақ  жерге  шақырып  алып,  атаң  үшін  неге  Қүдайы  ас 
бермейсің балам? Атаң сондай  нашар дәғиф екен десе, баласы 
атасын  қарғап  сөге  бастапты.  Атам  болмай  кетсін,  аты  өшсін 
бізді  осындай  мұхтаж  қалдырып  кеткен.  Оның  несін  ата  дейін, 
өлі оған бермек түгіл, тірі өзімнің ішпек-жемегім  еш  нәрсем жоқ, 
қарным  аш,  ішім  жалаңаш,  бір  ауқатымды  өткізе  алмаи
жүрдеймін деді.
Хазірет Мұса айттьг. — Балам, титтей дәнеме таба алмасаң
аяқ-табақны  жуған  жуынды  судың  сауабы  атама  болсын  деп, 
«Бисмиллаһ  рахман  рахим»-деп  ағар суға төксең соның сауабы 
һәм  атаңа  тисе  ғажаб  емес  деген  соң,  бала  жаһли  келіп  ол 
сауабы  атама  болсын  деп,  қолында  жуып  тұрған  аяқ-табақтың 
жуындысын  ағар  суға  төгіп  жіберді.  Қүданың  қүдіреті  сол  суда 
бір  құр  бақа  тамағы  құрғап,  тағам  таба  алмай  ашығып  жатыр
173

екен,  сол  жуынды  судан  қорек  алып,  көп  алғыс  берген  екен.
Соның сауабы атасының рухына уасл болыпты.
Күндердің  бір  күні  хазірет  Мұса  ғәләйһи  сәләм  тұр  тағына
бара  жатса  баяғы  ардашларны  және  көріпті.  Қараса  мұның 
атасы  шат  уа  харм  барша  аруақтардың  алдына  түсіп,  ойнап- 
күліп  тарахлап  бара  жатыпты.  Хазірет  Мұсаны  көріп,  құлдық 
қылып  көп  алғыс  өтініп  балама  сәлем  айттың.  Менің 
уақытымды  хош  қылдың,  Аллаһ Тағала оның һәм  уақытын  хош
қылсын депті.
Хазірет  Мұса  ғалейһи  сәләм  түр  тағынан  қайтып  мазкур 
шаһарға  келіп,  кәлләфазлардікінен  баланы  ақтарып  қарап 
табалмайды.  Әркімнен  сұрастырса,  ол  бай  болып,  дегендері 
болып  қымбат  тондар  киіп,  б..  аттар  мініп,  бір  шаһардың 
алдына  түскен  екен.  Келіп  жолығып  шалдын  нақыш  қылса 
айтыпты,  сіз  кеткен  соң  өзімнің  қызмет  қылып  жүрген  қожайын 
байымның  жалғыз  надрат  жиһан  бір  қызы  бар  еді.  Сол  қызын 
қалың малсыз  маған ғақыд  қылды.  Содан  кейін  көп  ұзамай  бай 
дүниеден өтті,  қанша мап-мүлкі маған мирас қалды.
Құдайға  шүкір  бұл  күнде  осы  шаһардың  алдыңғы 
қатардағы  дәулетті  шен  шектелу  байларының  бірі  болдым. 
Сіздің айтқан  насихатыңызға ғамал  қылып,  аяқ-табақның жуған 
жуынды  судың  сауабы  атама  болсын  деп,  ағар  суға  төккеннен 
мұнша  дәулетке,  байлыққа  жеттім  деп  хазірет  Мұса  ғәләйһи 
сәләмға  көп  шүкірліктер  ойлады  дейді.  «Өлі  жібімей  тірі 
байымайды»  — дегеннің  асылы  мұнан  шыққан  екен.  Қиссадан 
қисса  мұнан  екі  пайда  табылды:  Бірі  -   өлікке  һәр  не  сауаб 
боларлық іс  қылса,  пайдасы тірі  адамның өзіне  болып, дүниеге 
молаяды  екен.  Бірі -  аяқ-табақның жуынды  суын  «Бисмиллаһ»
-  деп  ағар  суға  төксе  мұсылман  перілерге  тағам  болып,  хисаб 
сауаблары хасил болар екен.
Дін тарихы (екінші әңгіме)
Хазірет  Әбу  Қасим  Қашри  әиәм  шабабінда  ғылым  тахсил 
қылмақ  үшін  анасынан  ижазат  талап  қылған  екен.  Анасы 
ижазат  бермеген  екен.  Жоқ,  ана  ижазат  бер.  Егер  ижазат 
бермесең  өлсем  өлемін.  Болмаса  ғылым  тахсил  қылмай  үйде 
отыра  апмаймын  деген  соң,  анасы  нағлаж  ижазат берген  екен. 
Сөйтсе  де  баласын  қимай  ұзатып  шығарып,  жол  басында
174

артынан 
телміріп 
қарап 
қалған 
екен. 
Сонан 
баласы 
жолдастарымен  бірге  ілесіп,  анасымен  уадағласып  жолға  түсіп 
кеткеннен  кейін,  анасы  екі  көзі  баласында  болып  шаһарға 
қайтарға  тағаты  болмай  иә,  Раббім,  пәк  пәруардігер,  егер 
баламды бүл жолдан  қайтармасаң, үйге  һәм  бармаймын, тағам
һәм ішпеймін деп жол үстінде отырып қалған екен.
Шейх  Әбул  Қасим  Қашри  шаһардан  ұзап  кеткен  соң,  бір
жайға түсіп баул  қылса өзіден  бе,  ихтиәр хикмет  Құдаһім,  баулі 
киімлеріне  шашырап  тонларына  малус  қылған  екен.  Мұнан 
тансих  болып,  әй  жаранлар  менің  бұл  сапарымда  хайір 
болмады,  мен  қайтамын  деп жолдастары  қоймаса  һәм  болмай 
қайтып  кеткен  екен.  Келсе  анасы  ұзатып  салған  жерінде 
отырыпты,  қайран  қалып,  иә,  ана  бұл  уақытқа  шейін  жол 
басында  неме  қылып  отырсыз  десе,  бапам,  Құдайға  мен 
сондай  уағда  қылдым,  егер  баламды  қайтарып  бермесең  үйге 
һәм  бармаймын, тағам  һәм татпаймын деп едім.  Шүкір  Құдайға 
мінажатым  зая  кеткен  жоқ  сені  қайтарып  берді  дегенде, 
әлһамду  лилләһ  шүкір,  Құдайға  шүкір  көп  мехнатқа  үшырамай 
қайтқаныма.  Мұндай  жақсы  болар  ма  деп,  анасының  алдына
түсіп үйіне қарай аяңдай берген екен.
Сонда  анасы  дұға  қылған  екен.  Балам,  мені  сыилап
қайттың, Аллаһ Тағапа сені ғылымнан бей хабар қалдырмасын, 
ғылым  хал,  ғылым  қал  кәшф  уа  керемет  баршасы  саған  езі 
келіп орнасын деген екен.  Аллаһ Тағала анасының сол дұғасын 
қабыл қылып, хазірет Хызыр ғәләйһи сәләмға әмір қылған екен. 
Бар құлым Әбул  Қасим  Қашриға тағлим  бер, ғылым хал, ғылым 
қал кәшф уа  кереметні  асанлақ илен  білдір деген  екен.  Хазірет 
Хызыр  ғәләйһи  сәләм  хазірет  Имам  Ағзам  рахматуллаһтің 
емірінде  елу жыл  молла  патша  сыртында  болып  ғылым  тақсил
қылған екен.
Хазірет  Имам Ағзам дүниеден  өткеннен  кеиін,  жиырма оес 
жыл және аруах шарифлардын ғылым тахсил қылған екен.  Осы 
ғылымны  хикмет  иләһі  азалды  Әбул  Қасим  Қашриға  тағлим 
бермек үшін  оқытқан  екен.  Хызыр  ғәләйһи  сәләм  келіп  тағлим 
берген  соң,  молда  болмасқа  немене  аз  заманда  ғылым  хал, 
ғылым  қал  кәшф  уа  кәрәмат  сахбі  алып  мың  кітап  тасниғ 
қылған  екен.  Төрт  кәламаллаһ  жазып  шығарған  би  қанун
тажуид.
175

Мухаммед Пайғамбардың Пайғамбарлығының
мүғжизасы
Пайғамбардың пайғамбарлық қасиеті
Бірінші нүкте.
Әлемнің  иесі  әлбетте  білгендігінен  жасайды,  хикметпен 
өзгертеді.  Әр  нәрсенің хикметін,  мақсатын,  пайдасын  қалауына 
қарай  бағындырады.  Өзі  жасағанын  біледі,  білгендіктен 
сөйлейді.  Сол  мақсатпен  ақыл  көзі  ашық,  ой  -   санасы,  пікірі 
ояумен  сөйлеседі.  Адамзат  ішінен  кәміл  адаммен  пікір 
алысады.  Ахпағы ұлы,  адам баласының бесте  бірі оған ұйыған, 
әлемнің  жартысы  оның  үкімін  мойындаған.  Мың  төрт  жүз  жыл 
ол  әкелген  нұрмен  нұрланып,  күнде  бес  рет  онымен  бірге 
Мауланың  хүзырында  табысады.  Сондықтан  Мұхаммед  (с.ғ.у) 
мен тілдеседі, бұйрығын жібереді, елші қылады және қылған.
Екінші  нүкте.
Пайғамбардың  ең  үлкен  мүғжизасы  -   Қүран  Кәрім.  Одан 
кейін  Пайғамбар  болуы.  Мыңдаған  әр  түрлі  пікірдегі  адамдар 
оның пайғамбарлығын қабылдаған.
Расул-акрамның  мұғжизалары  сансыз  көп  және  әр  түрлі. 
Оның  пайғамбарлығы  жалпыға  бірдей.  Адамзаттың,  жын- 
шайтанның  да  пайғамбары  болған.  Сондықтан  әр  түрлі 
жаратылысқа  қатысты  жеке-жеке  кереметтері  болған.  Бұл 
қасиет  басқа  пайғамбарларда  болмаған.  Мысалы,  Мусаның 
мүғжизасы  -   оның  таяғы  «Асаи-ы  Мсуада».  Исаға  берілген 
мұғжиза  -   өлген  адамды  тірілтетіндей  дәрежеде  адам  емдей 
апуы.  Мұхаммед  Пайғамбардың  мұғжизаларының  бәрін  айту 
мүмкін 
емес. 
«Мұхаккикі 
Асфия» 
атаулы 
ғалымдар, 
Пайғамбардың 
пайғамбарлығын 
дәлелдейтін 
кереметтер 
жинағын баяндайтын бірнеше том кітап жазған.
Хазірет  Ахмадианың  (Мұхаммедтің)  пайғамбарлығының 
дәлелі екі топқа бөлінеді.
Біріншісі: 
«Ирхасат»- Пайғамбарлық келуден  бұрын және 
хазірет  Мұхаммед  дүниеге  келген  уақытта  болған  мұғжизалар,
оқиғалар.
Екіншісі: 
Пайғамбарлық  келгеннен  басталған  немесе 
басқадай  барлық  мұғжизалары.  Бұл  екінші  бөлімі,  өз  ішінен 
екіге бөлінеді.
176

а) 
Пайғамбарлығының 
шындық 
екенін 
керсететін
кереметтер; 
.
ә)  Пайғамбарлық  келгеннен  бастап  өмірінің соңына дейінгі
уақытта болған мұғжизалар;
Тұлғасында,  жаратылысында,  бет  әлпетінде,  ахлағында,
адамгершілік 
кәмілдігінде 
пайғамбарлығын 
көрсететін
дәлелдер.  Жаратылыс  атаулының  ішінде  пайғамбарларға
қатысты мұғжизалар.
Бұлардың  алғашқысы  мағнауи,  рухани,  және  Құранға
байланысты.  Келесісі  материалдық,  көріністер.  Бұның  өзі  екіге 
бөлінеді.  Біреуі  Пайғамбарлық  уақытында  дінді  уағыздалған 
сәтте  қарсы  келушілер  мен  кәпірлердің  бетін  қайтару, 
мұсылмандардың  иманын  қуаттандырып,  сенімін  арттыру  үшін
берілген мұғжизалар.
Олар 
«шаққы 
қамар» 
айды  бөлуі,  саусақтарының
арасынан  су  ағызуы,  аз  тағамнан  көп  адамның  тойып
тамақтануы,  жан-жануарға,  ағаш  пен  тасқа  тіл  бітіп  сөйлеуі,
Болашақта болатын оқиғаларды болжап айтуы.
Жанабы  Алланың  ілімімен,  үйретуімен  хабар  берген,
айтқан жаңалықтары айтқанындай болған.
Тарихи оқиғаларды  қай уақытта, не себепте
болатынын 
алдын ала болжап айтуына түсіндірмелер
Бірінші  түсіндірме: 
Пайғамбардың  іс 
қарым-қатынасы  оның  әділдігіне  және  пайғамбарлығына  куәлік
етеді.  Барлық  әрекеті  адамдық  қасиеттен  жоғары  болуы  да 
мүмкін  емес.  Себебі  Аллаһ  оны  адамдармен  бірдеи  етіп 
жаратқан.  Егер  жаратылысы  адамнан  жоғары  болса,  ю- 
әрекетімен,  ахлағымен,  қарым-қатынасымен  дәріс  беруі,  имам 
болуы  мүмкін  емес  еді.  Тек  қана  пайғамбарлығын  дәлелдеу
үшін,  қарсылық көрсеткендерге керемет көрсеткен.
Мүндағы  мұғжизаға  байланысты  ең  маңызды  мәселе:  ол -  
адамдардың  бәрін  жаппай  сендіру  иманға  келтіру  емес. 
Оларды  тек  қана  жаңа  дін  Ислам,  оның  кітабы  Қүран  Кәрім
және  пайғамбарлықтың  келгеніне  сендіру  болған.  Ал,  егер 
барлық  адамды  иман  еткізу  үшін  керемет  көрсетсе  онда  бұл 
дүние  емтихан,  сынақ  алаңы  болудан  тыс  қалады.  Кемірмен
177

I
алмас бір дәрежеде,  Әбу Жаһил мен Әбу Бәкір бір сапта тұрған 
болар  еді.  Қаншама  адам,  осы  Пайғамбардың  әр  түрлі 
мұғжизаларын,  пайғамбарлық дәлелдерін көріп иман еткен.
Кейбірлеулері  Пайғамбардың  бір  кәламына  бола  немесе 
жүзін  көріп-ақ  иман  еткен.  Мүдаккик,  Мүтафаккик  ғалымдарды 
иман еткізген мыңдаған расулдік дәлелдері сахих риуаяттармен 
берілсе  де  кейбір  бәдбахт  бір  топ  адам  адасқандықтың 
жолында  кетіп  барады.  Мұны  көрген  көкірегі  ояу  ұлы 
бабаларымыз жанашырлық пен жырлаған.
Екінші  түсіндірме:  Хазірет  Пайғамбар  біз  тәрізді  ол  да 
адам  баласы.  Адамдық  қасиетімен  адам  сияқты  әрекет  етеді. 
Әрі  Расул.  Расулдік  міндеті  бойынша  Алланың  аудармашысы,
Елшісі.  Пайғамбарлығы уахиға бағынады.
Уахи екі түрге бөлікеді:
Біріншісі:  «Уахи  Сарихи»  деп  аталады.  Әрі  сөзі,  әрі 
мағынасы  уахи  болған  хабарлар.  Мысалы  Құран  аяттары  және 
хұдси  хадистер.  Бұл  жерде  Пайғамбар  тек  аудармашы, 
жеткізуші болған. Өз ойынан бір нәрсе қосуға құқығы болмаған.
Екіншісі:  «Уахи  Зымми»  деп  аталады.  Сөзі  аз  мағынасы 
терең ой,  пікір.  Бұл -  уахиға,  илхамға бағынады.  Пайғамбардың 
түсіндіріп  айтуымен,  баяндап жеткізумен  орындалған уахи.  Осы 
орайда уахи мен илхам сөзін түсіндірген жөн.
Уахи мен илхамды ажырататын ерекшіліктер.
Бірінші:  Уахи  періште  арқылы  келеді.  Илхам  періштесіз 
ке леді. 
• 
*
Екінші  айырмашылығы  Уахи  көлеңкесіз,  таза,  айрықша 
тікелей  періште арқылы беріледі.  Ал,  Илхам  келеңкелі,  әр түрлі 
түске  боялып  келеді.  Жалпыға  бірдей.  Періштеге  «келетін 
илхам,  адамға  берілетін  илхам»  -  деп  бөлінеді.  Мысапы  емші, 
бақсыларға берілген аян тәрізді.
Кейбір  уақытта  бір  бұйрық  немесе  үкім,  оқиғалар  шешімі 
жалпылай  топтасып  келеді.  Сол  сәтте  үкімнің  мағынасын 
өзгертпей,  түсінікті  қылып,  өз  сөзімен  адамдарға  жеткізіп 
отырған. 
і
Мәселен  бір  рет  Сахабалар  Пайғамбармен  бірге  отырған 
кезде  гүрілдеген  дауыс  естіледі.  Сонда  хазірет  Пайғамбар: 
«Бұл дауыс жетпіс жылдан  бері  Жаһаннамның  түбіне домалап 
түсіп  бара  жатқан  тас.  Сол  жаңа  ғана  түбіне  жетті.  Бұл  оның 
дауысы» - дейді. 
.  ; 
^
178

Бір  сағат  уақыттан  кейін  Пайғамбар  мынадаи  жауап 
айтады:  «Жетпіс жасқа  келген  бір мунафиқ (екі жүзді) өлді.  Сол 
адам  Жаһаннамға  кетті»  -  деп  түсіндіреді.  Сондықтан  кейбір 
хадистердің  тура  айтылған  мағынасына  емес,  оның  астарлы
мағынасына қарау керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет