Гуманитарные



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі312,92 Kb.
#7782

ГУМАНИТАРНЫЕ 

НАУКИ                                                   



ISSN 1561-4212. 

«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 1, 2015.                                                                       

 

124


ÃÓÌ ÀÍ È ÒÀ ÐÍ Û Å

Í ÀÓÊ È

 

 



УДК.811.512.122 

 

Ж.Д. Адильбаева 

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті,  

Өскемен қаласы 

 

АЙТЫС ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Шешендік  сөз  –  ғибраттылық  мәні,  өнегелі  ой-тұжырымы  бар,  айрықша  тапқырлық 



танытатын  нақыл  сөз.  Нақышты  нақыл  сөздің  басқа  cөздерден  айырмасы  -  көбінесе 

дауласу үстінде, билік, шешім айтылған кезде немесе екі кісі тілдесіп, сөз қағысқан кезде 

туған. Мұндай шешендік сөзге нәр беретін, оның өзегі болатын тауып айтылатын ұтымды 

өткір жауап, қағытпа сөз. 

Қазақтың  ертедегі  шешендік  сөзін  зерттеушілер  С.  Сейфуллин,  Ә.  Мәметова,  Б. 

Адамбаев,  Б.  Ақмұқанова  т.б.  бұл  құбылыстың  түрлері  мен  мазмұндарын,  стильдік-

композициялық  құрылымын  жан-жақты  зерттей  келе  қарапайым  шешендік  сөздер,  үлгі-

өнеге,  нақыл  сөздер,  шешендік  айтыстар  деп  тарамдайды.  Шешендік  сөздердің  қазақ 

қауымының  саяси-әлеуметтік,  шаруашылық  және  мәдени  өмірінде  алатын  ерекшелігін 

ғалым С. Исаев былай көрсетеді: «Байтақ жерде көшіп-қонып жүрсе де, быт-шыт болып 

өз  беттерінше  шашырап  кетпей,  қазақ  деген  ел  болып,  талай  жаудың  бетін  қайтарып, 

өшіп барып қайта жанып келгенде, сол қоғамды ірітіп жібермей, тұтастығын сақтап, телі 

мен  тентегін  тиып,  тарих  көшіне  ілесіп,  шаруашылық  қам-қарекетінде  еңбегі  мен 

зейнетінің  мән-мағынасын  пысықтап,  қоғамдық-елдік  тірлігінде  ішкі  және  сыртқы 

саясатының  бағыты  мен  бағдарын  белгілеп,  әлеуметтік  орны  мен  жүріс-тұрысын,  өзара 

қарым-қатынасын,  құқығын,  мәдени  өмірінде  өнерпаздық  өрісін  айқындап,  ұлысты 

ұйыстырып  келген  ұйтқы  да  сөз  құдіреті,  сөздің  қамал  бұзар  күші,  бал  тамған  тәттілігі,  

үп еткен желден де үзіліп кетер нәзіктігі, жүрек лүпілін де, қан қысымын да айна қатесіз 

белгілеп  отыратын  сезімталдығы  емес  пе?!  Міне,  біз  бұдан  артық  сөз  өнеріне  кең  түрде 

берілген ой толғауын көре алмадық. 

Шешендік  сөздер  мен  айтыстың  арасында  желідей  тартылған  байланыстың  бар  екені 

ежелден белгілі. Шешендік сөздерін мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, 

шешендік  дау  деп  үш  салаға  топтайды.  Бұл  орайда  өзінің  құрылыс  бітімі  жағынан 

айтысқа тонның ішкі бауындай жақын тұратыны - шешендік дау. 

Фольклорист  Б.  Адамбаев:  «Шешендік  дау  ұзын  сүре  айтыс  немесе  төрелік-билік  сөз 

болуы  шарт  емес.  Шешендер  айтыс-дауда  ұзақ  сөзбен  ұтпайды,  бір  ауыз  тапқыр  оймен 

ұтады. Шешендік дау дегеніміз - айтыс үстінде тауып айтылған сол бір ауыз ұтымды сөз. 

Ол  -  кейде  толғау,  кейде  төрелік,  тіпті  кіріспе  сөз  де  бола  береді»,  -  дейді.  Шешендік 

сөздерде де, айтыс өлеңдерінде де «сауалына жауабы» дегендей импровизаторлық (суырып 

салмалық), алғырлық, тапқырлық алғашқы орында тұрады. Бірақ та жеңіске жетудің тәсілі 

екеуінде екі түрлі. Айтыс өлеңдері талас-тартыс, түйдек-түйдегімен ағытылатын ұзақ сүре 

дәлел,  бұлтартпас  уәжге  құрылса,  шешендік  сөз  парасатты  ойға,  ұтқыр  шешімге,  тапқыр 

логикаға құрылады. Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешу - айтысқа да, шешендік сөзге де тән 

қасиет.  Шешендік  даулар  болсын,  ақындық  төкпе  өлең  болсын,  халықтың  алдында 

қоғамдағы келеңсіз көріністерді ашып айтады. Дау да, айтыс та диалог түрінде көпшіліктің 


ISSN 1561-4212. 

«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 1, 2015.                                                                         ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ 

 

125


алдында  өтеді.  Халық  от  ауызды  орақ  тілді  шешендерін  қадірлеп,  елдің  мұң-мұқтажын 

жоқтайтын ақындарын аялаған. Айтыс өлеңдеріндегі шешендік сөздерді ақындардың ұзақ 

сүре  айтысында  да,  қағысуларынан  да,  айтқыштықтарынан  да  көреміз.  Айтыс  ақындары 

тілінің  шешендігімен  бірге,  халықтың  мұң-мұқтажын,  тұрмысын,  қуанышын,  қайғысын 

жырлау  басты  нысана  болған.  Мысалы,  хан-сұлтандардың  құрқылтайы,  байлар  мен 

билердің байғызы болған Құланаян Құлмамбетті Жамбыл: 

Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, 

Ел бірлігін сақтаған татулықты айт, 

Қарынбайдай сараңдар толып жатыр, 

Оны мақтап сарнамай жөңіне қайт, -  

деп  халықтың  ойын  айтып,  суырыпсалма  шешендігімен  жеңіп  кетеді.  Немесе  Сүйінбай 

мен Тезек төренің қақтығысында: 

Ассалаумағалейкум, Тезек төре! 

Елде жылқы қоймаған кезеп төре. 

Күндіз-түні жегенің ұрлық еті 

Ақыретке барасың не деп төре? - 

деп төкпе шешендігімен аузын ашырмайды. 

Айтыстың  классикалық  үлгісі  «Біржан-Сарадан»  алтын  мен  күміспен  нақышталған 

мінсіз  сұлу  сөз  бедерімен  бірге,  шешендік  сөздерді,  ұтқыр  да,  ұтымды  жауаптарды 

көреміз.  Біржанның  жеңуі  туралы  ел  аузында  (Семей  облысы  жерінде)  мына  бір  аңыз 

әңгіме  туындаған.  Айтыстан  қайтып  келе  жатып  Біржан  жолай  Абайға  соғып,  болған 

оқиғаны баяндапты. Сонда Біржан сөзін қалт жібермей тыңдаған зейінді Абай Біржанды 

Сараның үш жерден сүріндіргенін айтқан екен. Бірінші, «Хауа анаға бұрын барған Адам 

атаны» айтқан жерінде; екінші, мақтаған барлық ұлықтардың  «Бараққа пар келмейтінін» 

айтқанда;  үшінші,  Абайды  Серікбайға  қарсы  қойған  тұста.  Осының  үшеуін  де  құптай 

отырып,  Жиенқұлды  тілге  тиек  етуі,  Біржанның  жеңгендігі  емес  екендігін  айтады.  Енді 

айтыстан үзінді келтіре кетсек, Біржан сал: 

Найманның болады екен қызы надан, 

Үлгісіз қандай халық түрі жаман. 

Ағаға іні келер біздің елде, 

Көр боп па сұрасуға есен-аман. 

Ақын Сара: 

Ей, Біржан, кімге дәрі амандығың, 

Сөз білсең, бұ да сенің жамандығың. 

«Қиссасұл Әнбиеден» естімеп пе ең? 

Жоқ па еді есіткенің мұны да ақымақ. 

Хауаға бұрын барған Адам ата. 

Халық  ұғымында  жасы  үлкенге  жасы  кіші  сәлем  беру  керек  деп  жоғарыдағы  өлең 

жолдарын  айтқан  Біржан  сал  өз  сөзінен  оңбай  сүрініп,  тұра  алмайтын  болып,  «сөзден 

оқыс  құлап»  жеңіліп  қала  жаздайды.  Ал  ақын  Сара  Біржан  салдың  бұл  айғайына  онша 

саспайды.  Әдептілігі  мен  ізеттілігін  сақтай  отырып,  «Орта  жүзді  әнмен  қырған»  сері 

ақынға ұтымды да орынды жауап береді.  

Немесе Біржан сал: 

Шыныбай асып еді бір шағында, 

Жан жетпес ер Қазыкем аруағына, 

Жамантай, Құсбек, Шыңғыс, Сартай төрем, 

Ілінген талай найман қармағына. 

 


ГУМАНИТАРНЫЕ 

НАУКИ                                                   



ISSN 1561-4212. 

«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 1, 2015.                                                                       

 

126


Ақын Сара: 

Ей, Біржан, шыдамаймын қылығыңа, 

Мақтанба Құсбек, Сартай ұлығыңа. 

Үстіне Жамантайды сомдап қоссаң, 

Барақтың пар келмейді сынығына. 

Біржан  сөз  етіп  отырған  қасқа  менен  жайсаңдары  -  Қарқаралы  округінің  адамдары, 

яғни  арғын  жақтан  мадақталатын  Құнанбай,  Құсбек,  Шыңғыс,  Жамантай,  Сартай  -  сол 

кезде өмір сүрген XIX ғасыр өкілдері. Ал ақын Сара арғынның игі жақсылары, тіпті оның 

үстіне Жамантайды сомдап қоссаң да – барлығы бір Барақтың сынығына да тең келмейді 

деп  жоққа  шығарады.  1846  жылдар  шамасында  Барақ  Аягөз  округіне  аға  сұлтан  болып 

сайланады.  Бірақ  Солтабай  төре  баласын  өзінен  бұрынғы  «хандармен»  салыстыра 

отырып, кішіпейіл, әділ, асқан батыр, қолы шебер, өнерпаз адам ретінде суреттейді. Төрт 

арыс найманды сөзімен де, ісімен де «ашса алақанында, жұмса жұдырығында»  дегендей 

билейді. Осы жерде Сара Біржан салды екінші рет сүріндіреді. 

Немесе ақын Сара:  

Ел тартпас Серікбайдың жарлығына,   

Құт болды бас қадірі барлығынан  

Келесі игі жақсының бірі – Серікбай. Сара оны наймандағы құрметті, ел иесі ретінде 

Абаймен (Ыбыраймен) теңестіре сөйледі. Серікбай Арғын, Найман, Керей, Уақтың сөзін 

ұстап, кесімді билік айтатын адам болғанын тарихи деректерден оқып білеміз. Осы жерде 

Біржан  салдың  сұрағына  уәжді  жауаптар  айтып,  ақын  Сара  оны  үшінші  рет  сөзден 

мүдіртеді.  

Міне, көріп отырғанымыздай, ақын Сара ұтқыр да ұтымды ойлы жауаптарымен Біржан 

салды бірнеше рет сөзден тосылдырады. Жалпы айтыстарда ақындардың ата тегі, байлығы, 

кедейлігі,  атақты  адамдары  мақталып  та,  датталып  та  жатады.  Тіпті  бас  мінеуге  де  ба-

рысқан.  Тілге  тиек  ететін  тағы  бір  жайт  ұзатылатын  қыздың  баратын  адамының  нашар 

болуы, яғни ақсақ, таз, бүкір және т.б. кемшіліктері болуы мүмкін. Бұл да жеңіске жетудің 

бір  амалы.  Айтыстан  көріп  отырғанымыздай,  ақындық,  әншілік  жарысында Сара  Біржан-

нан  кем  түсіп отырған  жоқ. Тіпті  кейбір тұста Сараның  сөзі  басымдау болып отыр.  Бірақ 

Сара жеңіледі. Неге? Біржан жеңді. Біржан сал ақындығымен, әншілігімен, шешендігімен 

емес,  шеберлік  тәсілін  асыру  арқылы  жеңіп  кетеді.  Сараның  сырына  қанық  Біржан  оны 

«ұрымтал», «жанды» жерінен дәл ұстайды. Сараның жеңілуіне себеп болған елінің игі жақ-

сылары. Бұны Біржан жақсы түсініп, сөзінің соңында: «Обал тұрған орында сауап та бар, 

Жиенқұл  тең  емес  қой  бұл  байғұсқа»,  -  деп  Сараның  басына  азаттық  сұрайды.  Сонымен, 

«Біржан-Сара айтысынан» шешендікпен, бірлікпен, тапқырлықпен «өткірдің жүзі, кестенің 

бізі өрнегін салған» сөз бедерлерін көреміз. Бұл - айтыстан келтірілген бірер ғана мысал. 

Келесі  қарастыратынымыз  Тезек  төренің  айтыстары.  Жетісудің  жартысын  билеген, 

Тезек  төре  Ресей  патшасы  алдында  қызмет  етіп,  шен-шекпенге  ие  болған,  полковник 

деген әскери атақ берілген. Бірақ оның елге жасаған зорлық-зомбылығы шектен шығып, 

жұрттың тыныштығын алған. Соған қарсы Сүйінбай, Түбек, Бақтыбай, Қарқабат сияқты 

ақындар айтысқа шақырған. Мысалы, Бақтыбай ақын Тезек төрені әрі мақтап, әрі даттап, 

ажуалай отырып, бүкіл кемшіліктерін бетіне тіліп айтып, мойындатып, жол алып кетеді. 

Үйдің  сыртында  бақсыдай  сарнап  өлең  айтып  тұрған  Бақтыбайдың  басын  кесіп  алып 

келіңдер  деп  жұмсаған  төренің  екі  жендетіне:  «Төреге  тілім  тиген  жоқ,  мақтадым. 

Жазықсызбын,  басымды  неге  алады?  Менің  басымды  төре  алмайды,  құдай  алады»,- 

дейді.  Олар Бақтыбайды жетектеп Тезек төреге алып келеді. Басын алам деп шүйліккен 

Тезек төреге төрде отырған  Қожбамбет би сөзге араласып: «Сексендегі шалменен, құдай 


ISSN 1561-4212. 

«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 1, 2015.                                                                         ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ 

 

127


қосса, он сегіздегі қыз құрдас. Қырықтағы әйелмен нәсілі болса он бестегі ұл құрдас. 

Асылдың басын асыл алмақ емес, 

Нәсілдің құны сұралмай қалмақ емес. 

Бақтыбайдың  жасы  құрдас  болмағанымен,  сөзі  құрдас  шығар.  Алдыңызға  келген 

пақырдың, бас салып басын алдыруыңыз лайықты болар ма екен? Бұл баланы тоқтаусыз 

сөйлетіңіз,  кем  болса  басын  аларсыз,  тең  болса  ашуыңызды  қайтып  аларсыз»,-  дейді. 

Тезек  төре  сөйлеуге  рұқсат  береді.  Бақтыбай  ақын  Тезек  төрені  ұзақ  мақтайды.  Ал 

Дәнекер сұлуды мақтауға келгенде, тағы да Қожбамбет би сөзге араласып: «Сен бала да 

болсаң  Ескелді  бидің  тұқымысың.  Өтірікті  айтпа,  шындықты  айт.  Өтірік  сөз  құлаққа 

жұқпайды, арнасы жоқ жерден су ақпайды. Кейбір ақын қорқып өтірік мақтайды. Өтірік 

айтпай шындықты айт әрқашан, құдай сақтайды. Өмір шындыққа тоқтайды»,- дейді. 

Бұнда,  біріншіден,  «бас  кеспек  болса  да,  тіл  кеспек  жоқ»  деп  шындықты  айту. 

Бақтыбайдың  Тезек  төреге  «сен  байлықтан  үдедің,  мен  жоқтықтан  жүдедім»  деген 

сөздері де – шындықты шебер айта білудің үлгісі. Екіншіден, Тезек төрені әрі мақтай, әрі 

даттай  отырып  оның  кемшіліктерін  айту,  яғни  елге  жасаған  зұлымдығын,  озбырлығын 

сынап  халық  -  уық,  хан  -  шаңырақ,  уықты  алса  шаңырақ  құлайды,  сен  халқыңмен  хан 



болып  отырсың  деп  халықтың  қамын  жеуге  шақырады.  Ал  Қожбамбет  өзінің 

ілімділігімен,  көргенділігімен,  батылдығымен,  әділ-сыни  айтқыштығымен  айтыстағы 

уақиға  барысында  төрелік  айтып  отырады.  Үшеуі  де  сөз  өнерінде  бір-бірінен  кем 

түспейді. 

Сондай-ақ  ақындардың  айтысына  төрелік  айтқан  ақынның  сөзі  де  шешендік  дауда 

билік  айтқан  бидің  кесімінен  кем  түсіп  жатқан  жоқ.  Нұриламен  ақындардың  айтысына 

Жамбылдың төрелігінен үзінді келтірсек: 

Жамбыл сөзін бастаса, бастап айтар, 



Түйіп түгел, соңына тастап айтар! 

Бақ берген маңдайына бас бармақтай, 

Жүлде алады әр жерде жүйрік байтал. 

Бағы жанса байталдың бағасы зор. 

Адасқанын Үмбеттің байқады ол. 

Бұл жердегі айтыстың кезегінен, 

Нұрилаға беретін теңеуім сол. 

Жүйрік озды жүйріктен құлаштаған, 

Көрген жұрт көз мөрімен растаған. 

Кәрі демей, жас демей айтысатын, 

Сүйінбайдан соңғыға мирас қалған, - 

дей  отырып,  өзі  де  қатарынан  бірнеше  ақындарды  жеңген  Нұриланы  айтысқа  шақырып 

былай дейді: 

Аршын сөздің арысын ақтар бері, 

Сөліменен, маңызды дәміменен. 

Тамаша үшін осындай бас қосқанда,  

Сөкет болмас айтысқан кәріменен. 

Бұл өлең жолдарында тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіп, бас бармақтай бақ 

бер  (бармақтай  бақ  бер),  жүлде  алады  жүйрік  байтал  (байтал  шауып  бәйге  алмас), 

бағы  жану,  байталдың  бағасы  зор, құлаштаған жүйрік,  көз  мөрі,  сөліменен,  дәміменен 

аршын  сөз  т.б.  сөз  тізбектері  астарлы  мағынада  келіп,  өлеңнің  көркемдік  бояуын 

қалыңдатып  тұр.  Жамбыл  ақын  тапқырлықпен,  білімділікпен,  шешендікпен  сөз 

тізбектерін шебер қиюластырып төрелік айтқан. 

Сонымен, шешендік - көп көріп, білумен, айтыс дауларға түсіп табанда тауып айтатын 



ГУМАНИТАРНЫЕ 

НАУКИ                                                   



ISSN 1561-4212. 

«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 1, 2015.                                                                       

 

128


тапқырлықпен,  шаршы  топта  сөйлейтін  батылдықпен,  сөз  сайысында  саспайтын 

сабырлықпен жетілетін өнер. Шешендік сөздер - әдеби тіліміздің сөздік қоры, сарқылмас 

көзі.  Ал  айтыс  өлеңдеріндегі  шешендік  сөздер  ойға  орамды,  көңілге  қонымды,  дәлелді, 

уәжді  сөз  тізбектері  болумен  бірге,  айтыстың әдеби-эстетикалық  мәнін  күшейтіп,  әдеби 

тіліміздің  қалыптасуына,  қоғамдық  қызметінің  артуына  себепкер  болған,  сондай-ақ 

шешендік  сөздердің  қолданылуы,  біріншіден,  ақындардың  қара  сөзден  қаймақ  алған 

ділмар  шешендігін  көрсетсе,  екіншіден,  тіліміздің  сөз  мәйегін  көрсетіп,  үшіншіден, 

қарсыласын жеңу мақсатында өлең жолдарына келтірілген.  

 

Получено 16.02.2015 



 

 

 



ОӘЖ 811.512. 122 

 

Б.Ш. Мешімбаева, Г.Т. Есімжанова  

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Өскемен қ. 

 

КӘСІБИ ОРЫС ТІЛІН ҚҰРЫЛЫС МАМАНДЫҚТАРЫНА СӘЙКЕС 



МӘТІНДЕР НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ 

  

Жоғары  оқу  орындарының  қазақ  тілінде  оқитын  студенттеріне  типтік      бағдарламаға 



сәйкес кәсіби орыс тілін оқыту енгізілген.   

Кәсіби орыс тілінің ең басты мақсаты - болашақ маман иесінің ғылыми-кәсіби тілінің 

тәжірибелік дағдысын қалыптастыру, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту.  

Құрылыс  мамандығы  өте  күрделі,  инженерлік,  техникалық,  шығармашылық  сияқты 

бірнеше  саланың  жиынтығынан  құралады.  Жұмыс  барысында  кәсібіне  байланысты 

әртүрлі әлеуметтік қызметтерді де атқарады. Мысалы: салынатын құрылысқа байланыс-

ты  құжаттарды  даярлап,  тендерлерге  қатысу;  жобаларды  ұсынып,  оларды  қорғай  білу; 

құрылыс нысандарын тиімді жарнамалау. Сонымен қатар ғылыми-техникалық материал-

дарды  оқып,  оларды  талдап,  қажетті  ақпараттарды  сараптап,    ғылыми  стильде  мақала 

жазу,  баяндама  жасау,  есеп    бере  білуі  талап  етіледі.  Осыған  орай  болашақ  маман  өз 

кәсібі    бойынша  ғылыми  стильдегі  сөздік  қоры  бай,  жетілген,  қарым-қатынас  жасау 

үлгілерін  меңгерген  болса  ғана,  ойын  нақты  жеткізіп,  қойылған  мақсатын  орындай  ала-

тыны  анық.  Бұл  мақсатты  жүзеге  асыруда  мәтін  тіл  үйретудің  негізгі    бірлігі  болып 

саналады.   

Жалпы  мәтін  студент  тілін  дамытуға  ерекше  үлес  қосатын  басты  лингвистикалық 

бірлік  болғандықтан,  оның  теориясының  қалыптасуы  60-жылдардан  бастап  маңызды 

лингвистикалық  ұғым  ретінде  жан-жақты  зерттеле  бастады.  Ғалым-әдіскер  Мотина  Е.И. 

«Учебный  текст  по  специальности  как  особая  коммуникативная  единица»  деген  мақа-

ласында:  «...к  чтению  собственно-научных  текстов,  которыми  они  активно  пользуются 

при овладении своей специальностью, можно обучить не только необходимой лексике и 

грамматике,  но  и  определенным  коммуникативным  навыкам,  т.е.  развить  не  только  их 

языковую  способность,  но  и  языковую  активность  и  шире  –  коммуникативную  компе-

тентность» деп, мәтіннің тілдік қатынастағы рөлін баса айта кетеді [1,43].  

Ғалымдардың  пікірлерін  саралай  келе,  мәтін  тілді  қатысымдық  бағытта  үйретуде 

басты рөл атқаратындығын, тілді байланыстырып үйретудің негізгі құралы болатындығы 

нақтыланады. 

Мәселен,  техникалық  жоғары  оқу  орнының  сәулет-құрылыс  факультетінің 


ISSN 1561-4212. 

«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 1, 2015.                                                                         ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ 

 

129


«Құрылыс», «Құрылыс материалдары, құрылымдар мен бұйымдарды өндіру»  маманды-

ғында оқитын студенттерге орыс тілінде «Необычные каркасные дома», «Строительство 

уникальных  зданий  и  сооружений»,  «Своеобразные  сооружения  города  Астаны», 

«Строительные  материалы  и  их  классификация»,  «Технология  бетона»,  «Технология  

производства  сухих  строительных  смесей»,  «Огнестойкость»,  «Теплоизоляционные 

материалы»  т.б  тақырыбындағы  мәтіндер  берілсе,  ал  «Ағаш  және  ағаш  бұйымдарын 

өңдеу  технологиясы»  мамандығында  оқитын  студенттерге  «История  строительства 

деревянных  домов»,  «Изготовление  композиционных  материалов  из  мягких  отходов 

древесины»,  «Общие  понятия  об  основах  резания  древесины»,  «Виды  деревообрабаты-

вающих  станков»,  «Пороки  древесины»,  «Продукты  переработки  древесины»  атты 

лексикалық  мәтіндер  сабақтың  грамматикалық  тақырыбына  қатысты  таңдалып, 

сұрыпталып ұсынылады. Мұнда мәтін негізгі нысан немесе танымдық әрекеттің нәтижесі 

болып  табылады.  Оқыту  үрдісінде  студенттер  жалпы  ғылыми  лексикамен  қатар, 

кәсіптеріне  байланысты  лексиканы,  оның  ішінде  арнайы  кәсіби  терминдерді  меңгере 

отырып,  өздеріне  тиісті  ақпаратты  қабылдайды  және  кәсіптеріне  байланысты  тақырып 

көлемінде сөйлесуге дағдыланады, мамандықтары бойынша мәтіндерді оқып үйренеді.  

Мәтіндердің  өздерінің  мамандықтарына  байланысты  болғаны  студенттердің  мәтінді 

оқуға  деген  мотивациясына  әсерін  тигізеді.  Мотивация  -  тіл  үйрету  үрдісінің  мақсатын 

жүзеге  асыруға  көмектесетін,  адамды  әрекетке  бағыттайтын,  қажетін  өтеуге  талпынды-

ратын  маңызды  факторлардың  бірі.  Мотивация  мақсат  қоюға  талаптандыратын  түрткі 

болғаннан  кейін,  жұмыс  орындау  алдында  студенттерге  мәтіннен  жаңа  ақпарат 

алатындықтарын,  орыс  тілінде  осы  тақырып  төңірегінде  пікір  алмасуға,  сөйлесуге, 

мамандықтарына байланысты терминологиямен танысып, сөз қоры кеңейетіндігі туралы 

айтып жеткізу қажет.  

Сонымен  қатар  халық  ұрпағын  өзіне  дейінгі  қоғамда  қолы  жеткен  тәрбиелік  жақсы 

дәстүрлерді  жинақтап, пайдалана  отырып  тәрбиелеуді  мақсат  еткен.  Әрбір  қоғам  өзінен 

бұрынғы аға буынның ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес. 

Осыған  орай,  кәсіби  орыс  тілін  оқытуда  берілетін  оқу  мәтіндері  кездейсоқ  алынбай, 

мамандыққа  сәйкес  іріктеліп,  мазмұны  қызығушылық  тудыратындай,  белгілі  бір 

танымдық құндылығы бар тәрбиемен ұштасқан болуы шарт. 

 Сондықтан кәсіби орыс тілі сабағында берілетін мәтіндер сәулет-құрылыс саласының 

ең    көрнекті  өкілдері  туралы,  олардың  өмір  жолы,  қолданған  әдістері,  қалдырған 

мұралары,  өзіндік  ерекшеліктері  болашақ  құрылысшы  мамандығына  деген  құрмет, 

мақтаныш  сезімін  тәрбиелейтін,  аға  буынның  тәжірибесінен  үлгі  алуға  үйрететін 

мәтіндер болуы тиіс.  

Кәсіби  орыс  тілін  нәтижелі  меңгерту  үшін,  мәтінмен  жұмыс  істеу  барысында  тіл 

дамыту  жұмыстарының  барлық  түрлері  (оқылым,  жазылым,  тыңдалым,  айтылым, 

тілдесім)  қамтылып,  байланыстырып  сөйлеуге,  пікірталасқа  қатысуға,  мақала  жазу 

негіздерін үйретеді.   

Кәсіптеріне байланысты мәтіндерді студенттерге оқуға ұсынар алдында мәтін тілінің 

жазылу  күрделілігін  ескеру  керек.  Бұл  жөнінен  ғалым-әдіскер  Г.А.  Мкртчян:  «Текст  по 

специальности  должен  быть  доступным  в  языковом  отношении,  так  как  внимание 

читающего  сосредотачивается  на  содержании  текста  только  тогда,  когда  его  языковая 

сторона  не  вызывает  затруднении»  дейді  [2,15].  Себебі  мәтін  сөйлемі  тілдік  жағынан 

күрделі  болса,  студенттерге  мәтін  мазмұнын  түсінуге  қиындық  туғызатындығы 

байқалды.  Тым  ұзақ  сөйлемдерді  студент  оқи  отырып,  сөйлемнің  аяғына  жеткенше 

мазмұнын  ұмытып  қалуы  мүмкін.  Сондықтан  да  мәтін  сөйлемдерінің  құрылымы 

қарапайым,  нақты,  қабылдауға  жеңіл  болуы  тиіс.  Оқытуға  ұсынылған  кәсіптеріне 



ГУМАНИТАРНЫЕ 

НАУКИ                                                   



ISSN 1561-4212. 

«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 1, 2015.                                                                       

 

130


байланысты 

материалдар 

ғылыми-техникалық 

журналдардан, 

баспалардан, 

оқу 


құралдарынан  алынатындықтан,  студенттердің  тілді  меңгеру  деңгейлеріне  байланысты 

мәтін бейімделіп берілуі тиіс. Ол үшін лексикалық және грамматикалық материалдардың 

ішіндегі қиындық туғызатын артық ақпараттарды қысқарту қажет.  

Бейімдеу барысында мәтіндердегі жаңа сөздерді, терминдерді, мысалы,  актуальный – 

современный;  аргумент  –  обоснование,  довод;  дифференциация  –  разделение,  разграни-

чение; фундаментальный – основной, главный; инновация – нововведение; интеграция – 

объединение  синонимдері  арқылы  алмастыру  тәжірибеде  кең  таралған.  Бірақ,  кейде 

синонимдерді  қолдану  мамандықтарына  байланысты

 

мәтін  мазмұнының  өзгеруіне 



әкелетіндігін  есте  сақтаған  дұрыс.  Осыған  орай,  мәтінді  бейімдеу  барысында  орыс 

тіліндегі  сөздердің  көпмағыналы  екендігін  ескере  отырып,    сөздердің  контекст  ішінде 

қарастырылуы  бірінші  шарт  және  кәсіби  мәтіндерді  оқытуда  көп  жағдайда  сөздерді 

синонимдермен  ауыстырудың  орнына,  логикалық  жүйесін,  мазмұнын  өзгертпей 

қысқартулар жүргізу тиімді болып саналады. 

Болашақта  студент  өзінің  тікелей  кәсібіне  байланысты  лексикасымен  қатар  арнайы 

шағын  кәсіби  терминдермен  жиі  кездесетіндігі  мәлім.  Терминдер  кәсіби  қызметте 

маңызды  құрал  болып  саналады,  өйткені  олар  кез  келген  мамандықтың  нақты  теориясы 

мен  әдістемесінің  сипаттамасын  анықтап  отырады.    Осыған  сәйкес  студент  кәсіби  орыс 

тілінің  теориясын,  ғылыми  стилін  жақсы  меңгергенімен,  өзінің  кәсіби  терминологиясын 

игермеген  жағдайда,  болашақ  маман  білім  нәтижесін  көрмейді.  Кәсіптік  жетістікке  қол 

жеткізу  көбінде  сол  кәсіпке  байланысты  терминдер  жүйесін  жетік  меңгеруіне  де 

байланысты.  Осы  орайда  студенттердің  мамандықтары    бойынша  ғылыми  стильдегі 

сөздік қорларын жетілдіру мақсатында сала бойынша терминологиялық сөздікпен жұмыс 

істеуге  дағдыландырудың  маңызы  зор.  Бірақ  сөздікпен  жүргізілетін  жұмыстар  мәтінді 

оқу алдында өткізілуі қажет.  

Оқыту барысында жоғарыда көрсетілген мәтіндер түрлері олардың құрамындағы жаңа 

лексиканың санына, студенттердің  алдына қойған мақсатына, тіл дамыту жұмыстарының 

түріне, білім деңгейлеріне байланысты беріледі.  

Қорытындылай  келе,  қызығушылық  тұғызатын,  мамандықтарына  сәйкес  сұрыпталып 

алынған  мәтіндер  негізінде,  оқылым  әрекетінің  көмегімен  студенттердің  кәсіби  орыс 

тілін дамытуға болады.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер 



 

1.

  Мотина  Е.И.  Учебный  текст  по  специальности  как  особая  коммуникативная  единица.  - 



«Руский язык за рубежом». - 1978. - № 1. – 43 с. 

2.

  Мкртчян Г.А. Адаптация текста по специальности. - «Русский язык». – 1990. - № 9. - 



с. 15-19. 

3.

  Мұқамбетқалиева  М.  Оқу  мәтіндері  арқылы  қазақ  тілін  үйрету  әдістемесі,  п.ғ.к. 



дисс. - Алматы, 2001. 

 

Получено 12.02.2015  



 

 

 



 

 

 



 

 

 



ISSN 1561-4212. 

«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 1, 2015.                                                                         ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ 



 

131


 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет